Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1



Алматы қаласы Әкімдігі, Алматы
Кәсіподақтар Одағы және

Алматының өнеркәсіпшілер мен

жұмыс берушілер Одағы арасындағы

2008 - 2010 жылдарға арналған

Өңірлік келісімді жүзеге асыру

шаралары туралы

-->


Қ А У Л Ы 2008 ж. 15.02 № 86


Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес және Алматы қаласы Әкімдігі, Алматы Кәсіподақтар Одағы және Алматының өнеркәсіпшілер мен жұмыс берушілер Одағы арасындағы 2008 - 2010 жылдарға арналған Өңірлік келісімді жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласы Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Аудан әкімдері, басқармалардың, комитеттердің, департаменттердің басшылары:

Алматы қаласы Әкімдігі, Алматы Кәсіподақтар Одағы және Алматының өнеркәсіпшілер мен жұмыс берушілер Одағы арасындағы 2008 - 2010 жылдарға арналған Өңірлік келісімді басшылыққа алсын және орындасын (1 қосымша).

2. Аудан әкімдері, Алматы қалалық Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті (Л.А.Васильева), Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті (А.Ж.Нұрланов), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (Б.А.Азтаев):

тиісті құрылымдардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың үшжақты келісімді, ұжымдық шарттарды орындауы және меншік түріне, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдарда еңбек заңнамасының сақталуы бойынша қызметін бақылауды және үйлестіруді жүзеге асырсын;

жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асырсын.

3. Аудан әкімдері, басқармалардың, комитеттердің, департаменттердің басшылары Келісімді орындау жөніндегі ақпаратты тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-шы күнінен кешіктірмей, Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне

(А. Ж. Нұрланов) тапсырсын.

4. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті (А.Ж.Нұрланов), Алматы Кәсіподақтар Одағымен

(М.Молдахмет), Алматы өнеркәсіпшілері мен жұмыс берушілері Одағымен

(В.М.Бреусов), Алматы қалалық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментімен (Е.А.Шорманов), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен

(Б.А.Азтаев) бірлесе отырып:

әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын (іс жүргізуді қоса алғанда), оның шешімдерінің жобаларын дайындау және олардың орындалуының мониторингі бойынша үшжақты комиссияның жұмысын қамтамасыз етсін;

жарты жылда бір рет Алматы қаласы Әкімдігі, Алматы Кәсіподақтар Одағы және Алматы өнеркәсіпшілері мен жұмыс берушілері Одағы арасындағы 2008 - 2010 жылдарға арналған Өңірлік келісімнің орындалуы туралы құрама есепті үшжақты комиссияның қарауына ұсынсын.

5. Алматы қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы 01 ақпандағы «Алматы қаласының Әкімі, Алматы Кәсіподақтар Одағы және қалалық өнеркәсіпшілер мен жұмыс берушілер Одағы арасындағы 2005 - 2007 жылдарға арналған үшжақты келісімді жүзеге асыру шаралары туралы» № 1/35 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары М.Мұқашевқа жүктелсін.

Алматы қаласының

әкімі И. Тасмағамбетов

Енгізуші:


Алматы қалалық Жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар

департаментінің директоры А. Нұрланов
Келісілді:
Алматы қаласы әкімінің

бірінші орынбасары М. Мұқашев

Алматы қалалық Экономика

және бюджеттік жоспарлау

департаментінің директоры Л. Васильева
Алматы қаласы әкімі аппараты

заң бөлімінің меңгерушісі Р. Исабаева


Таратылсын: барлық басқармаларға, комитеттерге, департаменттерге.
_______________ №

Алматы қаласы әкімдігінің

қаулысына қосымша









Ө Ң І Р Л І К К Е Л І С І М



-->

Алматы қаласы Әкімдігі, Алматы Кәсіподақтар Одағы және


Алматының өнеркәсіпшілер мен жұмыс берушілер Одағы арасындағы

2008-2010 жылдарға арналған


Әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымды әрі қарай дамыту, халықтыің әл-ауқатын, өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды тиімді іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарын және Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаған жыл сайынғы жолдауларын басшылыққа ала отырып, бұдан әрі Тараптар деп аталатын Алматы қаласы Әкімдігі, Кәсіподақтардың Алматы Одағы және Алматының өнеркәсіпшілері мен жұмыс берушілер Одақтары осы 2008-2010 жылдарға арналған Өңірлік келісімді жасасты.

Жалпы ережелер


Тараптар Келісімді өңірлік деңгейде жалдамалы еңбек қызметкерлері үшін еңбек шарттарын, жұмыспен қамту және әлеуметтік кепілдіктерді анықтау жөнінде тараптардың мазмұны мен міндеттемелерін анықтайтын әлеуметтік әріптестіктің негізгі құжаты деп таниды. Ол құқықтық акт болып табылады және оның қолданылуы Әкімдіктің, Кәсіподақтың және Жұмыс берушілердің барлық құрылымдық бөлімшелеріне қатысты.

Осы Келісімнің Тараптары арасындағы қатынастар қолданыстағы заңдылықтың нормаларын бұлжытпай және мүлтіксіз сақтау, құқығы тең әріптестіктің, өзара түсіністік пен сенімдіктің негізінде құралады.




  1. Экономика және кәсіпкерлікті дамыту саласында

Әкімдіктің міндеттемелері:


1. Отандық өндірісті әрі қарай дамытуға және тұрақтандыруға, бюджетке салықтың және басқа да қаржының келіп түсуін арттыруға бағытталған үкіметтік және өңірлік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету.
2. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда импорталмастырушы және экспорттық-қалыптасқан өнімді шығаруға, сондай-ақ оны іске асыруға инвестицияның тартылуына ықпал ету. Қала аумағында халықаралық көрмелер өткізуде жергілікті тауарөндірушілердің аса мүдделілік таныту мақсатында олардың осы іс-шараларға қатысқан жағдайда оларға тиісті жеңілдіктер ұсыну. Жұмыс берушілермен бірге ISO 9001-2000 халықаралық стандартқа сәйкестігіне өнеркәсіптік кәсіпорындар сапасы жүйесінің сертификация бағдарламасын жүзеге асыру жұмысын жалғастыру.
3. Кәсіподақтармен бірге бюджеттік ұйымдарда және шаруашылық субьектілерде әлеуметтік жәрдемақылардың барлық түрлері, шәкіртақы мен еңбекақылардың уақтылы төленуіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен тиісті кезеңге анықталған инфляция деңгейінен ұжымдық шарттармен белгіленген тәртіпте жұмыс берушілермен жасалған оның индексациясына тұрақты бақылау жүргізу. Бюджет саласындағы қызметкерлердің еңбекақысын заңсыз шектеуге және олардың тарифтік разрядтарын өзгертуге жол бермеу.
4. Жұмыс берушілердің және Кәсіподақтардың келісімінсіз қала аумағында жұмыс істейтін табиғи монополиялардың өнімдері мен қызметтеріне баға мен тарифтерді негізсіз көтеруге жол бермеу, сол үшін олардың жобаларын қарау кезінде Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Басқармасында Келісімнің осы тараптарының өкілеттігін қамтамасыз ету.
5. Кәсіподақтар мен Жұмыс берушілердің өкілдерін Әкімдіктің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары мен Заң жобаларын әзірлеу және қарау жөніндегі, сондай-ақ меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындарда жаңа жұмыс орындарын құруды ынталандыру, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін әзірлеу және кейін де жүзеге асыру комиссияларының, жұмыс топтарының құрамында жұмысқа тарту.

6. Кіші және орта бизнесті дамыту үшін және жаңа өндірістер ашу мен жаңа қызмет түрлерін құру жолымен сұранысқа ие өнімдердің шығарылуын арттыруға қолайлы экономикалық жағдайлар жасау.


Кәсіподақтар мен Жұмыс берушілердің міндеттемелері:
7. Бюджеттік ұйымдарда және меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындарда мемлекет пен Алматы қаласының экономикалық даму стратегиясының негізгі бағыттарын түсіндіру және олардың жергілікті орындарда іс жүзінде іске асырылуына мүмкіндік туғызу.
8. Шаруашылық субьектілердің ұжымдық шарттарына өндірістің тиімді және шығарылатын өнім сапасын арттыруға бағытталған міндеттемелерді енгізу. Кәсіптік шеберліктің конкурстарын өткізу және жаппай тәлімгерлікті дамыту.


  1. Еңбек рыногын, еңбек қатынастары мен халықты жұмыспен қамтуды дамыту саласында

Әкімдіктің міндеттемелері:


9. Инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру барысында бар жұмыс орындарының қысқарылуына жол бермеу.
10. Жұмыс берушілермен меншіктің барлық түріндегі шетел жұмысшыларын және мамандарын Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген квотадан тыс негізсіз жұмысқа тартуға жол бермеу.
11. Жұмыс берушілермен және Кәсіподақтармен бірлесіп оқу мен жұмысты қоса алып жүруіне оларға рұқсат беру және материалдық кірісі төмен отбасыларының жасөспірімдерін жұмысқа орналастыруда тұрақты практикалық көмек көрсету.
12. Қала ерекшеліктері мен экономикалық сәйкестілікті есепке алумен нысаналы топтағыларды жұмыспен қамтамасыз ету бойынша нақты шараларды жүзеге асыру және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жүйесін жетілдіру. Кәсіпорын еңбек заңдылығына сәйкес әлеуметтік қорғауды аса мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшін жұмыс орындарын резервтеу жөнінде жыл сайын тапсырма белгілесін.
13. Халықты жұмыспен қамту және ұлттық еңбек рыногын қорғау туралы заңнамаларын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың, Кәсіподақтар бірлестіктері мен Жұмыс берушілердің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.
14. Жұмыс берушілердің қатысуымен жұмыс күшіне сұраныс жөнінде болжамдық мәліметтерді талдау негізінде жоғары, орта және бастапқы кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру.
15. Қоғамдық жұмыстар жүргізу барысында жұмыссыздар үшін уақытша жұмыс орындарын құру. Кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлерін жұмыс уақытында қала аумағын жинау және көріктендіру жұмыстарына жібермеу және олардың негізгі жұмыстарын атқару кезінде алаңдатпау.
Жұмыс берушілердің міндеттемелері:
16. Білікті мамандардың жаңа түрін даярлау мақсатында жоғары және арнайы орта оқу орындарында оқу бағдарламаларын, студенттердің мамандандыру пәндері мен бағдарламаларын әзірлеп, жетілдіруге қатысу.

Шет елдік компаниялар және шет елдің қатысуымен жұмыс істейтін компаниялар міндетті түрде еңбекке орналастыра отырып, қазақстандық мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін көтеруді кеңінен тәжірибеге енгізуі тиіс.


17. Кадрларды даярлауға шарт жасасқан жоғары және арнайы орта оқу орындарында емтихандық және дипломдық жобаларды қорғау жөніндегі комиссия жұмысына қатысу және бос лауазымдарға жұмысқа орналасу үшін кәсіби даярлықтан өткен түлектерді іріктеу, сондай-ақ жоғары және арнайы орта оқу орындарының студенттері мен түлектеріне өндірістік практика мен стажировкадан өтуге жұмыс орындарын ұсыну.
18. Жұмысқа қабылдау кезінде басқа да бірдей жағдайларда отандық мамандарға артықшылық беру.
19. Жұмыс орындарында еңбегі үшін салыстырмалы түрде марапатталып, тапсырмаларды, міндеттерді, сыйақыларды дұрыс бөліп, қызметі бойынша жоғарылатып әділеттілік факторын қамтамасыз ету.
Кәсіподақтардың міндеттемелері:
20. Өндірістің көлемін, жұмыс орындарының санын арттыруға, жалдамалы қызметкерлерді кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруға, оларға еңбек заңдылығынан тыс қарастырылған жеңілдіктер мен өтемақылар ұсынуға бағытталған міндеттемелерді ұжымдық шарттар мен келісімдерге енгізуде ықпал ету.
21. Кәсіптік одақтардың мүшелері болып табылатын қызметкерлермен еңбек шарттарын бұзу туралы Жұмыс берушілердің ұсыныстарын ұжымдық шартпен қарастырылған тәртіпте осы Кәсіподақтың органының дәлелденген пікірін есепке алумен он күндік мерзімде қарау.
22. Жеке және ұжымдық еңбек дауларын әділетті қарау мақсатында келісімді және татуластырушы комиссиялардың құрамына өздерінің өкілдерін енгізуге қол жеткізу.
23. Кәсіподақ активін еңбек заңнамаларын практикалық қолдану негіздеріне оқытуды ұйымдастыру.


  1. Әлеуметтік-құқықтық кепілдіктерді сақтау, денсаулықты қорғау, жұмысшылардың қауіпсіз еңбек жағдайларын құру және қоршаған ортаны қорғау саласында

Әкімдіктің міндеттемелері:


24. Алматы қаласының жалдамалы қызметкерлерінің және халықтың әлсіз қорғалған бөлігінің әлеуметтік-экономикалық мүдделеріне қатысты мәселелер бойынша қала Әкімдігінің қаулыларын және аудан әкімдерінің шешімдерін талқылау және қабылдау барысында Кәсіподақтар мен Жұмыс берушілердің пікірін есепке алу.

25. Кәсіподақтармен бірлесіп қаланың кәсіпорындарында және ұйымдарында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» және «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңдарымен қызметкерлерге қарастырылған кепілдіктердің сақталуына іс жүзінде бақылауды қамтамасыз ету.


26. Меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларынан қызметкерлерге еңбекақының және қолданыстағы заңнамамен, ұжымдық және еңбек шарттарымен қарастырылған әлеуметтік жәрдемақылардың уақтылы және толық төленуіне қол жеткізу.
27. Уағдаласушы Тараптардың қатысуымен Алматы қаласында кедейшілікті төмендету жөніндегі бағдарламаларда көзделген шараларды нақты жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
Жұмыс берушілердің міндеттемелері:
28. Кәсіподақтармен бірлесіп, ұжымдық шарттарда еңбек ақысының (жалақы) ставкасының жыл сайынғы көтерілетін салалық коэффициентін ескере отырып ең төменгі мөлшерін белгілеу, бірақ бұл өткен жылғы Алматы қаласындағы орташа айлық күнкөріс минимумының 1,5 еселенген шамасынан кем болмауы тиіс, сондай-ақ оларда Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерді сауықтыру, оларды қосымша тамақтандыруды қамтамасыз ету әлеуметтік және медициналық қызмет көрсетуді жақсарту мәселелерін шешуге бағытталған нақты міндеттерді қарастыру.
29. Кәсіптік одақтың мүшесі болып табылатын қызметкерлердің жазбаша өтініші бар болса, олардың еңбек ақысы берілгеннен кейін үш күннің ішінде тиісті кәсіподақтың есебіне оны аударуды жүргізіп кәсіподақ мүшесінің жарнасын аудару арқылы төлеуіне кедергі жасамау.
30. Халықаралық Еңбек Ұйымының Қауымдастықтың еркіндігі және ұйымға құқық беруді қорғау туралы» №87 және «Еңбекшілердің өкілдерінің құқықтарын қорғау және оларға берілетін мүмкіндіктер туралы» конвенцияларына сәйкес қызметкерлердің өкілдеріне кәсіпорындар мен ұйымдарда олардың еркін қызметіне қажетті жағдайлар жасау, еңбек заңнамасына сәйкес кәсіподақтардың құқықтарын сақтау және олармен жалдамалы қызметкерлердің және тұрғындардың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарын әлеуметтік қорғау туралы келісім жүргізу.
31. Белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментінде меншік түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдарда жасалған ұжымдық шарттарды тіркеу.
32. Кәсіподақтар мен олардың еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлардың еңбек туралы және еңбекті қорғау туралы заңнаманы орындау мәселелері бойынша өтініштерін қарау және он күннің ішінде оларға тиянақты жауап беру. Қызметкерлердің денсаулығына немесе өміріне тікелей қауіп төнген жағдайда жұмыстың қандай да болмасын түрлерін тоқтату.
33. Кәсіпорындарды тұрақты дамыту мақсатында, қызметкерлерге лайықты жағдай, лайықты еңбек, лайықты табысты қамтамасыз ете отырып, барлық әлеуметтік әділеттілік акцияларына қатысу.
34. Кәсіпорындардағы жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына мейлінше жоғары деңгейге қол жеткізуді қамтамасыз ету. Кәсіпорындар мен жұмыс орындарында салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, апатты уақтылы ескерту, өндірістік жарақат және кәсіби ауруларды болдырмау жөніндегі шараларды әзірлеу және жүзеге асыру. Ұжымдық шартқа және келісімге енгізілген еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды қаржыландыруды қамтамасыз ету.
35. Ұжымдық шартты жасасу арқылы қызметкерлерді сондай-ақ олардың балаларын жазғы демалыс уақытында сауықтыру және демалысын ұйымдастыру жөнінде жұмысты жүзеге асыру, кәсіподақ комитеттеріне мәдени-бұқаралық жұмыстарды жүргізуге еңбекке жалақы төлеу қорынан бір пайыз мөлшерінде қаржы бөлу. Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлерді олардың медициналық тексеру нәтижесі бойынша кәсіпорын есебінен санаториялық - курорттық емдеу жайын қарастыру.
36. Алматы қаласы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментімен бірлесіп жұмыс беруші бірлестіктеріне кіретін кәсіпорындарда санаториялық - сауықтыру шараларының кешенді жоспарларының бірыңғай (бірізділік) үлгісін әзірлеу.
Кәсіподақтардың міндеттемелері:
37. Кәсіподақтар бар кәсіпорындар мен ұйымдарға ұжымдық шарттарды әзірлеу мен жасасуға Жұмыс берушілердің тарапынан жұмысқа жалдамалы әлеуметтік және құқықтық қорғау, тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, еңбек жалақысын уақтылы төлеу, өндірісте еңбекті қорғау және жағдай жасау, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және басқалар жайында тұрақты консультативтік және құқықтық көмек көрсету.
38. Кәсіподақ мүшелеріне, сондай-ақ қаланың зейнеткерлері мен оқушы жастарына еңбек және зейнеткерлік заңнамасын нақты қолдану мәселелері бойынша тегін заңгерлік көмек беру.
39. Әрбір кәсіподақта және оның құрылымдық бөлімшелерінде сайланатын еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлардың көмегімен еңбектің қауіпсіз және салауатты жағдайларын жасау жөнінде қоғамдық бақылауды жүзеге асыру. Өндірісте болған жарақат алу жағдайларын тексеруге қатысу, оларды болдырмауға арналған шаралар әзірлеу, зардап шеккендерді жөнсіз айыптауға жол бермеу.
40. №2 тізім бойынша зиянды еңбек жағдайында қажетті еңбек өтілі бар кәсіподақ мүшелеріне уақтылы және толығымен жәрдемақы берілуіне тұрақты бақылау орнату.
Барлық уағдаласушы Тараптардың міндеттемелері:
41. Жалдамалы қызметкерлердің және тұрғындардың тұрмысы төмен топтарының әлеуметтік-экономикалық қорғалуын күшейту мақсатында Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына 1995 жылдың 1 қаңтарынан соң еңбек өтілі болмаған, жасы бойынша зейнеткерлікке шығатын өндіріс мүгедектерінің жалақысын қайта есептеу үшін ұсыныс енгізу.
42. Мемлекеттік гендерлік және жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған рухани-адамгершілік, дене шынықтыру тәрбиесі, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу жолымен қаланың бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысу.



  1. Тұрғындарға әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық

және көлік қызметін көрсету саласында

Барлық уағдаласушы тараптардың міндеттемелері:


43. Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері мен оларға теңестірілген адамдарды, сондай-ақ тылдағы жұмыстарға қатысушыларды әлеуметтік қолдау және қорғау жөніндегі жұмысты жалғастыру.
Әкімдіктің міндеттемелері:
44. Қалалық бюджеттің жыл сайын (бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің еңбек жалақысын, міндетті төлемдерін, коммуналдық қызметтерді төлеу және еңбекті қорғау қорын қоса алғанда) білімге, денсаулық сақтауға, мәдениетке, халықты әлеуметтік қорғауға және санитарлық-эпидемиологиялық жұмысты жүргізуге қажетті қаражатты уақтылы бөлінуі бөлігі бойынша орындалуын қамтамасыз ету.
45. Медицинаның ана мен баланы қорғау, бірінші медициналық-әлеуметтік көмек беру және туберкулезбен күресу сияқты басым салаларына жан - жақты көмек көрсету. Жұмыс орындарында ВИЧ/ЖҚТБ таралуына қарсы күресу және оны сауықтыру ісінде ынтымақтасатын мүдделі тараптармен күш жігерді біріктіру.
46. Кепілді тегін медициналық көмек көлемін және тұрғындардың тұрмысы төмен топтарына оған қол жеткізуі мақсатында емдеу-сауықтыру мекемелері жүйесі мен медицина қызметкерлерінің құрамының қысқаруына жол бермеу.
47. 2008-2009 жылдары Әуезов және Жетісу аудандарында тұрақты мекені жоқ адамдар үшін жедел әлеуметтік көмек көрсету пункттерін ашу.
48. Тараптардың пікірлерін ескере отырып тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету тарифтерін және қоғамдық көлікте жол жүру төлемдерін, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, зейнеткерлер, оқушы жастардың және тұрғындардың әлеуметтік жағынан қорғалатын басқа да топтарын жеңілдікпен жол жүруін қамтамасыз ету үшін жолаушылар көлігі кәсіпорындарына бюджеттік дотациялардың мөлшерін белгілеу.
49. Жыл сайын қаланы көріктендіру және көркейту жөніндегі қажетті жұмыс көлемін орындауды қамтамасыз ету.
50. Жолаушылар көлігінің тұрақты қозғалысын қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларын ескертуді қамтамасыз ету үшін жол бедерлерін, көріктендіру мен энергиямен жабдықтау саласы бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу.
51. Мәдениеттің ойын-сауық және театр мекемелерінің жұмыс істеуін, сондай-ақ мәдени-тарихи құндылығы бар қалалық кітапхана қорының сақталуын қамтамасыз ету. Кітапханаларды тарату кезінде одан әрі пайдалануға жарамды кітаптарды есептен шығаруға жол бермеу. Кітаптарды пансионаттарға, балалар үйлеріне, интернаттарға жіберу.

52. Тұрғын үй жағдайын жақсартуға, мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі орындарға мұқтаж азаматтарды қамтамасыз етуге қажетті қаражаттар қарастыру шараларын қолдану.


Әкімдік пен Жұмыс берушілердің міндеттемелері:


53. Әкімдік пен Жұмыс берушілердің қаражаттары есебінен тағам әзірлеу кәсіпорындары, сауда және тамақтандыру салаларының, емдеу-алдын алу және балалар мекемелері қызметкерлерінің, сондай-ақ қаланы сумен жабдықтау жүйесі қызметкерлерінің алдын-ала және жүйелі медициналық тексерілуден өтуін қаматамасыз ету.
54. Ластаушы заттардың бөлініп шығуына, жіберілуіне, олардың арнайы бөлінген орындарға орналастырылуына және көмілуіне қатаң мемлекеттік және ведомстволық бақылау орнату. Автокөліктің техникалық жағдайына және таратылатын жанар-жағар май материалдарының сапасын бақылауды күшейту.
Кәсіподақтардың міндеттемелері:
55. Жұмыс берушілермен бірлесе отырып, кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдық шарттарына жалдамалы қызметкерлерді, сондай-ақ олардың балаларын жазғы каникул кезеңінде сауықтыру жөніндегі міндеттемелерді енгізу.
56. Өздерінің мүше ұйымдарының шығындар сметаларында Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, зейнеткерлер санатындағы еңбек ардагерлеріне, сондай-ақ тұрмысы төмен топтарға жататын кәсіподақ мүшелеріне қайырымдылық көмек көрсетуге арналған қаражаттар қарастыру.
5. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі
Әкімдіктің міндеттемелері
57.Бизнес құрылымдарын олардың әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асырылуы үшін жауапкершіліктерін көтеруге ынталандыру.
58. Еріктілік және икемділік принциптерін сақтау негізінде бизнестің әлеуметтік есеп берушілігіне әкімдіктің араласпау саясатын жүргізу.
Жұмыс берушілердің міндеттемелері:
59. Кәсіподақтармен қатынасты нығайту және атқарушы билік органдарымен және кәсіподақтармен бірлесе отырып, әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу, корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің принциптерін белсенді түрде енгізу.
60. Бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе отырып, бизнестің әлеуметтік инвестициялары бойынша қоғамдық пікір қалыптастыру және әлеуметтік серіктестіктің озық үлгілерін насихаттауды жүзеге асыру.
6. Әлеуметтік серіктестікті жетілдіру саласында.

Келісімнің қолданылуы және оны жүзеге асыру тетігі.
Барлық уағдаласушы Тараптардың міндеттемелері:
61. Осы Келісім уағдаласушы Тараптар оған қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және үш жыл ішінде немесе жаңасын жасасқанға дейін қолданылады. Тараптар әлеуметтік серіктестіктің негізгі құжаты ретінде келісімді таниды және оның барлық шарттарын орындауға міндеттенеді. Келісім Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 278-бабында тұжырымдалған тәртіпке сәйкес Алматы қаласының аумағында жұмыс істейтін басқа да барлық жұмыс берушілер бірлестіктері мен қызметкерлер үшін ашық.
62. Келісім қолданылған кезеңде Тараптардың әрқайсысы басқаларымен келісе отырып, оған толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар енгізуге құқылы. Аталған ұсыныстар әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік және еңбек қатынастары жөніндегі қалалық комиссияның мәжілісінде бір айлық мерзімде қаралуы тиіс. Барлық Тараптар қабылдаған толықтырулар мен өзгерістер қолданыстағы Келісімге қоса тіркеледі және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Алматы қаласы тұрғындарының назарына жеткізіледі.
63. Осы Келісімде тұжырымдалған әлеуметтік-экономикалық сипаттағы ережелер мен міндеттемелер, сондай-ақ серіктестік және әлеуметтік және еңбек қатынастары жөніндегі қалалық комиссияның шешімдері меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдарда ұжымдық шарттар жасасатын кезде Жұмыс берушілер және Кәсіподақтар арқылы ескеріледі.
64. Тараптар жалдамалы қызметкерлерді және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарын әлеуметтік қорғау үшін олармен келіссөздер жүргізу үшін қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарында салалық Кәсіподақтардың құрылымдық бөлімшелерін құруға кедергі жасамайды.
65. Аудандық әкімдіктердің осы Келісімді жүзеге асыру жөніндегі жұмысының тиімділігін бағалау, бұл орайда олардың аудандарындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұжымдық шарттардың болуын ескеру қажет.
66. Келісім сабақтастықпен, толық орындалса, оның қолданылу кезеңінде Кәсіподақтар наразылық акциясын өткізбеуге міндеттенеді, ал Әкімдік және Жұмыс берушілер тұрғындарды жұмыспен қамтуды арттыру және жалдамалы қызметкерлердің құқықтық кепілдіктерін сақтау бойынша онда көрсетілген барлық шараларды жүзеге асыру үшін қажет болғанның барлығын жасайды.
67. Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның шешімдері Алматы қаласының Әкімдігі, Жұмыс берушілер және Кәсіподақтар үшін орындалуы міндетті болып табылады.
68. Тараптардың әрқайсысы Келісімге қол қойылған соң бір айлық мерзімде нақты мерзімдерін және орындалуына жауаптыларды көрсетіп, ол қабылдаған міндеттемелерді жүзеге асыру шараларының жоспарын әзірлейді және Үйлестірушіге ұсынады.

69. Осы Келісімнің орындалуын бақылау әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия арқылы жүзеге асырылады, оның мәжілісі өткізілетін орынды таңдау құқығы беріле отырып, Келісімге қатысушы Тараптардың біреуінің басшысының төрағалық етуімен 6 айда кемінде 1 рет өткізіледі.

70. Келісімнің орындалуының қорытындылары туралы ақпарат «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланады.

2008 ____ жылғы «__25__» қаңтар Алматы қаласында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі үш дана түпнұсқасына қол қойылды. Қол қоюға қатысушылардың әрқайсысында осы үшжақты Келісімнің бір-бір данасы болады.


Осы Келісімге қол қойғандар:


Алматы Алматы «Алматы өнеркәсіпшілер және

қаласының Кәсіподақтар жұмыс берушілер одағы»

Әкімі одағының заңды тұлғалар бірлестігінің

төрағасы директоры



И. Тасмағамбетов М. Молдахмет В. Бреусова
_________________ _______________ ___________________




-->

Алматы қаласы Әкімдігі, Алматы Кәсіподақтар Одағы және

Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес және Алматы қаласы Әкімдігі, Алматы Кәсіподақтар Одағы және Алматының өнеркәсіпшілер мен жұмыс берушілер Одағы арасындағы 2008 2010 жылдарға

186.51kb.

25 12 2014
1 стр.


Баға ұсыныстарын сұрату тәсілі бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарлама. 19. 08. 2009 Алматы қ

«Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің Алматы қаласы, Алмалы ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекем

49.28kb.

12 10 2014
1 стр.


«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
132.25kb.

05 09 2014
1 стр.


«Кернеуі 500, 220 кВ желілерді Қазақстанның Ұэт-на жалғай отырып, 500/220 кв алма ҚС-ны салу» және «Мойнақ гэс-інің қуатын беру» жобалары бойынша қоғамдық тыңдаулар хаттамасы

Жамбыл және Алматы облыстары, Алматы қаласы жұртшылығының, үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ), бақ-тың шақырылған өкілдері, «kegoc» АҚ Атқарушы дирекциясының, «Алматы жэт» филиалының

29.92kb.

18 12 2014
1 стр.


Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесін бекіту туралы

Алматы қаласы мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы VІ сессиясының №45 шешімі. Алматы қалалық әділет департаментінде 2008 жылғы 25 қаңтарда №767 болып тіркелген

420.69kb.

25 12 2014
3 стр.


Транстелеком АҚ: 050000, Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 55 үй, электрондық мекен-жайы

«Транстелеком» Акционерлік қоғамы үшін Алматы-Астана вобж sdh қондырғылары және қамтамасыздандыру бағдарламаларына техникалық қолдау

28.97kb.

25 12 2014
1 стр.


Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары міндетті ісі

Міндетті ісі: Алматы қаласының кәсіпкерлігін және өнеркәсібін дамыту салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша жұмысын үйлестіру

1154.02kb.

08 10 2014
6 стр.


Мақатаев Мұқағали (Мұқаметқали) Сүлейменұлы

Жылғы, Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз аулы – 27 1976ж. Алматы қаласы –ақын

38.73kb.

16 12 2014
1 стр.