Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Инспекция) Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі – Агенттік) Алматы облысы және Алматы қаласы шегіндегі тиісті тауар нарықтарында бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу және тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғау саласындағы бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады.

2. Инспекция өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Агенттік туралы ережеге, Алқа қаулыларына және Агенттіктің бұйрықтарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Инспекция мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері, мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері болады.

4. Инспекция азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан немесе Агенттіктің сенімхаты бойынша түседі.

5. Инспекцияның, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, Агенттіктің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

6. Инспекцияның құрылымы мен штат кестесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Агенттіктің штат санының лимиті шегінде Агенттік Төрағасының келісімі бойынша Жауапты хатшы бекітеді.

7. Инспекцияның заңды мекен-жайы: Алматы қаласы, Мәуленов көшесі, 92.

8. Инспекцияның толық атауы - «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.

9. Осы Ереже Инспекцияның құрылтай құжаты болып табылады.

10. Инспекцияның қызметін қаржыландыруды Агенттік республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

11. Инспекцияға кәсіпкерлік субъектілерімен Инспекцияның функцияларына кіретін міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

12. Инспекцияның құрылымы:

тауар нарықтарының мониторингі және талдау бөлімінен;

ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінен;

Инспекцияның Талдықорған қаласында орналасқан Алматы облысы бойынша аумақтық бөлімінен тұрады.

13. Инспекцияның аумақтық бөлімдері – құрылымдық бөлімшелері заңды тұлға болып табылмайды.



2. Инспекцияның негізгі міндеттері мен функциялары
14. Алматы облысы және Алматы қаласы шегіндегі Инспекцияның негізгі міндеттері:

1) адал бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу;

2) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын құқықтық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және тергеу, жолын кесу;

3) экономикалық шоғырлануға бақылау;

4) бәсекелестікті шектейтін нарық субъектілерін монополиясыздандыру болып табылады.

15. Инспекция қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) Алматы облысы және Алматы қаласы шегінде бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

2) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

3) мемлекеттік органдардың бәсекелестікті шектеуге және (немесе) жоюға бағытталған актілерінің, іс-әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) жолын кеседі;

4) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында көзделген бұзушылықтарды қоспағанда, тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың алдын алады және оны жояды;

5) нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдерін және келісілген іс-әрекеттерін, жосықсыз бәсекені болдырмайды және олардың жолын кеседі;

6) Тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу жөніндегі бекітілген әдістемелік ұсынымдарға сәйкес Агенттіктің тапсырмасы бойынша үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерін анықтау, сондай-ақ тауар нарығының жай-күйін, ондағы бәсекелестіктің деңгейін зерделеу мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізеді.

7) тауарларын реттелетін нарықтарда өткізетін нарық субъектілерін қоспағанда, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген монополиялық жоғары (төмен), монопсониялық төмен бағаларды айқындайды;

8) нарық субъектілері мен мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылық фактілері бойынша Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген тәртіппен тергеу жүргізеді;

9) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында көзделген өкілеттігін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, оның ішінде статистика органдарынан, салық және кеден органдарынан, нарық субъектілерінен, сондай-ақ лауазымды және өзге де жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді сұратады және алады;

10) нарық субъектілеріне:

Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтарды және олардың салдарларын жою;

бастапқы жағдайды қалпына келтіру;

Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасына қайшы келетін шарттарды бұзу немесе өзгерту;

егер белгілі бір сатушылармен (өнім берушілермен) не сатып алушылармен шарт жасасудан негізсіз бас тарту не жалтару бұзушылық болып табылса, нарықтың өзге субъектісімен шарт жасасу туралы орындалуға міндетті нұсқамалар шығарады;

11) мемлекеттік органдарға өздері қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы, бұзушылықтарды тоқтату, сондай-ақ өздері жасаған Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасына қайшы келетін келісімдерді бұзу немесе өзгерту туралы орындалуға міндетті нұсқамалар енгізеді;

12) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және әкімшілік жазаларды қолданады;

13) сотқа талап қойып және өтінішпен, оның ішінде нарық субъектісін мәжбүрлеп бөлу немесе оның құрамынан құрылымдық бөлімшелері базасында бір немесе бірнеше заңды тұлғаларды бөліп шығару туралы, бәсекелестікке қарсы келісімдер мен келісілген іс-әрекеттер жасау салдарынан алған монополиялық табысын алып қоюдан босату туралы өтінішхатпен жүгінеді, сондай-ақ соттар Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының қолданылуы мен бұзылуына байланысты істерді қараған кезде процестерге қатысады;

14) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына байланысты қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін құқық қорғау органдарына материалдар жібереді және Агенттікке осы туралы дереу хабарлайды,

15) тауар нарығының жай-күйін, ондағы бәсекелестіктің деңгейін зерделейді және Агенттікке монополистік қызметтің алдын алу, шектеу және жолын кесу туралы ұсыныстар енгізеді;

16) жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу жөнінде қолданылатын шаралар туралы жылдық есепті жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберілетін жиынтық есепке енгізу үшін Агенттікке 15 сәуірден кешіктірмей жібереді;

17) реттеуші органдарға табиғи монополиялар субъектілерінің немесе қызметін реттелетін нарықтарда жүзеге асыратын нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзуының анықталған белгілері туралы хабарлайды және ақпаратты немесе материалдарды береді және Агенттікке осы туралы дереу хабарлайды;

18) реттеуші органдармен бірлесіп, нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзуының жолын кесу жөнінде бірлескен іс-шаралар жүргізуге қатыса алады;

19) құқық қорғау органдарына монополияға қарсы құқық бұзушылықтардың анықталған фактілері туралы хабарлайды және Агенттікке осы туралы дереу хабарлайды;

20) құқық қорғау органдарының сауал салуы бойынша өз құзыреті шегінде зерттеулер, сараптамалар жүргізеді және Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының мәселелері бойынша қорытындылар береді;

21) құқық қорғау органдарының, оның аумақтық бөлімшелерінің қаулылары мен сауал салуы бойынша өз қызметкерлерін Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу жөніндегі іс жүргізу әрекеттері мен іс-шараларына қатысуы үшін сарапшылар ретінде жібереді;

22) оның өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде өтініш берушілерге қабылданған шешімдер туралы хабарлайды;

23) Алматы облысы және Алматы қаласы аумағында мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарды, акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы тікелей немесе жанама өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарға тиесілі заңды тұлғаларды құруға, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, келісім беру туралы немесе мұндай келісім беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;

24) мемлекеттік көмек беру туралы өтінішхатты қарайды және ол бойынша шешім қабылдайды;

25) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Агенттіктің тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды орындайды.

16. Инспекцияның аумақтық бөлімдері белгілі бір сала аумағында мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) белгілі бір сала аумағы шегінде бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыруға қатысады;

2) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

3) мемлекеттік органдардың бәсекелестікті шектеуге және (немесе) жоюға бағытталған актілерін, іс-әрекеттерін (әрекетсіздігін) айқындайды және Инспекцияға көрсетілген фактілердің жолын кесу үшін тиісті материалдар жібереді;

4) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында көзделген бұзушылықтарды қоспағанда, тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалануды айқындайды және Инспекцияға көрсетілген фактілердің алдын алу және оны жою үшін тиісті материалдар жібереді;

5) нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдерін және келісілген іс-әрекеттерін, жосықсыз бәсекені айқындайды және Инспекцияға көрсетілген фактілердің алдын алу және жолын кесу үшін тиісті материалдар жібереді;

6) Тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу жөніндегі бекітілген әдістемелік ұсынымдарға сәйкес Агенттіктің немесе Инспекцияның тапсырмасы бойынша үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерін анықтау, сондай-ақ тауар нарығының жай-күйін, ондағы бәсекелестіктің деңгейін зерделеу мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізеді;

7) тауарларын реттелетін нарықтарда өткізетін нарық субъектілерін қоспағанда, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген монополиялық жоғары (төмен), монопсониялық төмен бағаларды айқындайды;

8) Агенттіктің және Инспекцияның тапсырмасы бойынша нарық субъектілері мен мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылық фактілері бойынша Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген тәртіппен тергеу жүргізуге қатысады;

9) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында көзделген өкілеттігін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, оның ішінде статистика органдарынан, салық және кеден органдарынан, нарық субъектілерінен, сондай-ақ лауазымды және өзге де жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді сұратады және алады;

10) нарық субъектілеріне:

Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтарды және олардың салдарларын жою;

бастапқы жағдайды қалпына келтіру;

Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасына қайшы келетін шарттарды бұзу немесе өзгерту;

егер белгілі бір сатушылармен (өнім берушілермен) не сатып алушылармен шарт жасасудан негізсіз бас тарту не жалтару бұзушылық болып табылса, нарықтың өзге субъектісімен шарт жасасу туралы орындалуға міндетті нұсқамалар беру туралы Инспекцияға ұсыныстар енгізеді;

11) Инспекцияға мемлекеттік органдарға өздері қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы, бұзушылықтарды тоқтату, сондай-ақ өздері жасаған Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасына қайшы келетін келісімдерді бұзу немесе өзгерту туралы орындалуға міндетті нұсқамалар беру туралы ұсыныстар енгізеді;

12) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазаларды қолдану үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама жасайды және Инспекцияға жібереді;

13) Агенттіктің немесе Инспекцияның сенімхаты бойынша сотқа талап қойып және өтінішпен, оның ішінде нарық субъектісін мәжбүрлеп бөлу немесе оның құрамынан құрылымдық бөлімшелері базасында бір немесе бірнеше заңды тұлғаларды бөліп шығару туралы, бәсекелестікке қарсы келісімдер мен келісілген іс-әрекеттер жасау салдарынан алған монополиялық табысын алып қоюдан босату туралы өтінішхатпен жүгінеді, сондай-ақ соттар Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының қолданылуы мен бұзылуына байланысты істерді қараған кезде процестерге қатысады;

14) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына байланысты қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін құқық қорғау органдарына материалдар жібереді және Агенттік пен Инспекцияға осы туралы дереу хабарлайды,

15) жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу жөнінде қолданылатын шаралар туралы жылдық есепті жыл сайын Инспекцияның жиынтық есебіне енгізу үшін Агенттікке 10 сәуірден кешіктірмей жібереді;

16) реттеуші органдарға табиғи монополиялар субъектілерінің немесе қызметін реттелетін нарықтарда жүзеге асыратын нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзуының анықталған белгілері туралы хабарлайды және ақпаратты немесе материалдарды береді және Агенттік пен Инспекцияға осы туралы дереу хабарлайды;

17) реттеуші органдармен бірлесіп, нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзуының жолын кесу жөнінде бірлескен іс-шаралар жүргізуге қатыса алады;

18) құқық қорғау органдарына тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі туралы талдамалы ақпарат пен мониторинг деректерін ұсынады;

19) Инспекцияның және/немесе Агенттіктің тапсырмасы бойынша құқық қорғау органдарының, оның аумақтық бөлімшелерінің қаулылары мен сауал салуы бойынша өз қызметкерлерін Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу жөніндегі іс жүргізу әрекеттері мен іс-шараларына қатысуы үшін сарапшылар ретінде жібереді;

20) мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен аффилиирленген тұлғаларды құруды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, алдын ала келісу үшін құжаттарды алады және оны Инспекция мен Агенттікке жібереді;

21) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Инспекция мен Агенттіктің тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды орындайды.

3. Инспекцияның қызметін ұйымдастыру
17. Инспекцияны Агенттік Төрағасының келісімі бойынша Жауапты хатшы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Бастық басқарады.

Бастықтың қолданыстағы заңнамаға сәйкес Агенттік Төрағасының келісімі бойынша Жауапты хатшы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бір немесе бірнеше орынбасарлары болады. Орынбасарлар санын штаттық кестені бекіткен кезде Агенттік белгілейді.

Бастық Инспекцияға басшылық жасауды жүзеге асырады және Инспекцияға жүктелген міндеттердің орындалуы үшін, сондай-ақ оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауап береді.

18. Инспекцияның бастығы:

1) Инспекцияның жұмысын ұйымдастырады, Инспекцияның қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады және Агенттіктің Жауапты хатшысы мен Төрағасының алдында Инспекцияға жүктелген міндеттердің уақтылы және сапалы орындалуы үшін, сондай-ақ оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауап береді;

2) Инспекция бастығының орынбасарын, Инспекцияның құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық бөлімдерінің бастықтарын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы, сондай-ақ оларды көтермелеу және жаза қолдану туралы ұсыныстар дайындайды және Агенттіктің басшыларына береді;

3) егер Агенттікте өзгеше белгіленбесе, Агенттік басшыларының келісімі бойынша Инспекция қызметкерлерін, оның ішінде бөлім бастықтарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

4) егер Агенттікте өзгеше белгіленбесе, орынбасар, бөлім бастықтары арасында міндеттерді бөледі;

5) Инспекцияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда өкілдік етеді;

6) заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде:

бұйрықтарға, нұсқамаларға, қаулыларға қол қояды;

Инспекция қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

оның құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

19. Инспекцияның бастығы болмаған уақытта оны орынбасары ауыстырады.

20. Инспекцияның аумақтық бөлімінің бастығы:

1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, бөлімнің қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады және Инспекция бастығының алдында бөлімге жүктелген міндеттердің уақтылы және сапалы орындалуы үшін, сондай-ақ оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауап береді;

2) бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы, сондай-ақ оларды көтермелеу және жаза қолдану туралы ұсыныстар дайындайды және Инспекция бастығына береді;

3) оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзге де шешімдер қабылдайды;

4) бөлім құзыреті шегінде құжаттарға қол қояды.

4. Инспекцияның мүлкі

21. Инспекцияның жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

Инспекцияның мүлкі оған мемлекет берген мүлік, сондай-ақ құны Инспекцияның теңгерімінде көрініс табатын өзге де мүлік есебінен қалыптасады.

22. Инспекцияға бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

23. Инспекцияның өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өздігінен иеліктен айыруға немесе өзге тәсілмен билік етуге, егер заңда өзгеше белгіленбесе, құқығы жоқ.

5. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату
24. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

______________________





«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
132.25kb.

05 09 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) үшінші отырысының хаттамасы 2012 жылғы «20» наурыз №3

Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) (Бұдан әрі Агенттік) отырыс залы

74.11kb.

09 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) басқармасының он алтыншы отырысының хаттамасы

Ткізу орны: Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі Агенттік) отырыс залы

72.97kb.

01 09 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) басқармасы он алтыншы отырысының хаттамасы

Ткізу орны: Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі Агенттік) мәжіліс залы

107.95kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) басқармасының екінші отырысының хаттамасы

Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі – Агенттік) мәжіліс залы

74.58kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) басқармасының тоғызыншы отырысының хаттамасы

Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі – Агенттік) мәжіліс залы

75.57kb.

13 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) басқармасының төртінші отырысының хаттамасы

Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі – Агенттік) мәжіліс залы

70.85kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) басқармасының он төртінші отырысының хаттамасы

Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі – Агенттік) мәжіліс залы

184.04kb.

17 12 2014
1 стр.