Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2 ... страница 4страница 5
Мазмұны

Кіріспе ...........2-4

I. Грамматиканы бастауыш мектепте оқытудың өзектілігі ..............5-9

II. Сан есімді бастауыш мектепте меңгертудің ерекшеліктері ............10-25

III. Жалғаулармен жұрнақтардың сан есімді өту процесіндегі маңызы ...........26-27

IV. Сан есімді басқа сөз таптарымен байланыстыра
оқытудың жолдары ............28-59

Қорытынды ............60-61

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ............62-63



Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі. Қазіргі таңда қоғамымыздың барлық саласында әлемді стандарттарға сай жаңа технологиялардың енгізілуі ең күшті дамыған елу елдің қатарына жету - өмір талабы. Ондағы мақсат шығарылатын өнімнің сапасын жақсартуға бағытталған. Бұл елімізде өндірілетін өнімнің әлемлік тауар айналымында өз орнын алуға деген ұмтылыстың белгісі. Мұндай үрдістен білім беру саласы да шеттеп қалмауы тиіс. Яғни, мектептегі оқыту үрдісін жаңа әдіс-тәсілдер мен технологиялар арқылы ұйымдастырудың қажеттілігі туды.Оқу-тәрбие үрдісі оқушының білімін арттырып қана қоймай, оның сана - сезімін, ойлау қабілетін, тұлғалық қасиеттерін жан - жақты дамытуға бағытталуға тиіс.

Демек, оқушыға деген көзқарас білім беру саласында түбегейлі өзгеруі қажет екендігін байқатты. Мұндай көзқарас оқушының жеке басының дамуына, тұлға ретін қалыптасуына, әдеби тілде сөйлеуіне, оқытуды демократияландыру мен ізгілендіруге ықпал етті. Сондыктан бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту ісі қазір әдіскер ғалымдардың басты назарында. Осыған байланысты бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу және жазу дағдысындағы мынадай кемшіліктерге назар аудару қажет:



  • Бастауыш кластарда тілді оқытудағы басты максат
    - оның коммуникативтік (карым-қатынас) мүмкіндігін меңгерту
    екені ескерілмей, «заттың атын білдіретін сөздерге», «заттың
    санын білдіретін сөздерге», т.б. оқушылардың сұрақты дұрыс
    қойып, сөйлем ішінен таба білгеніне қанағаттанып жүрміз.

  • Сабақ барысында тілді окытып-үйретудің әр түрлі салалары
    арасында айқын байланыс жоқ. Морфологиялық ұғымдар беру
    жұмыстары кезінде оқушылардың сөздік қорын байыту мақсаты
    ескерілмейді, сөздердің мағыналык бойларына сай оларды
    дұрыс колдану мәселесі үнемі қадағаланбайды. Немесе
    «Сөйлем», «Сөйлем мүшелері» тақырыптарын өткенде
    окушылардың тілідң морфологиялық жүйесінен алған білімдері
    пысықталып, пайдаланылмайды.

  • Календарлық жоспарда оқушылардың білім, білік және дағдысына сай бірте-бірте күрделендіріп өткізудің қалыптасқан әдістемелік жүйесі жоқ.

  • Осы уақытқа дейінгі төртжылдық бастауыш кластарда оқушыларға казақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту барысындағы
    қолдалынып жүрген әдістері де жаңа талап тұрғысынан қайта
    қарап, жаңарту қажет болып жатыр. Дәлірек айтқанда,
    бұрынғы бір бағытта (мұғалім тарапынан) оқыту жүйесін
    өзгертіп, оқушылардың өз беттерінше шығармашылықпен
    жұмыс істеу (ойлану, табу) қабілеттерін дамыту мәселесін басты
    нысан ретінде қараған дұрыс.

  • Болашақта осы мәселелердің барлығына дәйекті көзқараспен қарап дамытуға бар үшті жұмылдырған дұрыс.

Осы іздену жұмысымыз бастауыш мектепте сан есімді өтуге арналып, осы проблемаларды аз да болса шешуге тырыстық. Яғни, бұл тақырыптың өзекті екендігін көрсетеді.

Диплом жұмысының мақсаты Сан есімді оқыту арқылы оқушылардың тілдік қабілеттерін жетілдіру.

Диплом жұмысының міндеттері:

  1. Сан есімді өту барысында түсіндірудің оңтайлы жолдарын
    анықтау;

  2. Бастауыш сыныпта оқушылардың сан есім туралы білімдерін дұрыс колдану дағдыларын қалыптастыру;

  3. Ғылыми, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау.

Диплом жұмысының нысаны Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту процесі алынды

Диплом жұмысының әдістері. Ғылыми жұмыста баяндау, талдау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу, қорыту әдістері қолданылды.

Диплом жұмысы үш кезеңде жүргізілді. Бірінші кезеңде диплом тақырыбына сай педагогикалык, лингвистикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынды. Осының негізінде диплом жұмысының мақсаты, нысаны анықталды. Бастауыш сыныпта қазак тілі сабағында сан есімді оқыту тапсырмаларын қолданудың міндеттері айқындалды.

Екінші кезеңде Бастауыш сынып казақ тілі сабағында сан есімді оқыту тапсырмаларын қолданудың тиімді жолдары қарастырылды. Сан есімді оқыту тапсырмаларын тиімді Тұрлері анықталып, жүйеге келтірілді.

Диплом жұмысының теориялық маңызы Бастауыш мектепте сан есімді оқыту тапсырмалары аркылы оқытуға байланысты алынған ғылыми кағидалар мен тұжырымдар қазақ тіл



білімі мен қазақ тілін оқыту әдістемесін теориялық тұрғыдан толықтырады.

Диплом жұмысының практикалық маңызы

Диплом жұмысында ұсынылып отырған әдістеме оқушылардың қазақ тілінен алған білімін тереңдетуге және тілдік материалдарды дұрыс игеруіне ықпал етеді.

Диплом жұмысы кіріспеден, төрт тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.




I. Грамматиканы бастауыш мектепте оқытудың өзектілігі.

Қазіргі жаңартылған бағдарлама бойынша окып жатқан бастауыш мектептерде жүргізілген бақылауларымыздың кортындысы мынаны көрсетті: оку бағдарламасында берілетін білім мазмұнын әдістемелік-психофизиологиялық Тұрғыдан негізделгеніне қарамастан, бастауыш класс оқушыларының бәрі бірдей тиісті дағдыларды меңгере аламаған. Олардың бәрі бірдей өз ойын грамматикалық Тұрғыдан сауатты бейнелеп айтып, немесе жазып бере алмайды. Әсіресе қазақ тілінің момрфологиялық жүйесінен берілетін ұғымдарды өз тарапынан іс жүзінде қолдана алмайды. Нақты айтқанда, тілдің морфологиялық заңдылықтарын жете меңгермеуге байланысты бастауыш класс оқушылары жазу не сөйлеу барысында жіберген қателердің жалпы сипаты төмендегідей болып шықты:



  1. Оқушылар сөздерге жалғауларды өз беттерімен дұрыс
    жалғай алмайды. Мысалы: Мәншүкті Кеңес Одағының
    батыры атағын берді. Дидардікі етігі кара. Дәптерге
    қабы жоқ. Ауылда барғанда түйе көрдім. Балдар
    бәріміз ойнадым.

  2. Өз беттерінше сөйлеу және жазу кезінде жұрнақтарды
    дұрыс пайдалану дағдылары калыптаспаған: Иттің
    кішкентай үйі бар (үйшік деудің орнына). Мысық
    айбаттады (айбаттанды, айбат шекті деудің орнына).

  3. Оқытылған морфологиялык ұғымдарды сөйлем күрау
    барысында пайдалана білмейді: Мен айттым Іңкәрға.
    Ойнадық Ерболатпен. Бүгін мектепке барамыз бесте.

  4. Сөз құрамы, біріккен сөздер туралы түсіндірілген
    ұғымдар жазу кезінде ескерілмейді: Таспақа көрдім.
    Қоспекенді (Қосмекенді) адам туралы кина көрдім.
    Ердөстік батыр болған. Мамам шаң солғаш алды.

5. Оқушылар жалпы есім мен жалқы есімді бір-бірімен
ажырата білмейді: Жазда қойлар бақтым. Ауылда
көлдер бар. Оларда балықтар көп. Балдар суға
шомылады. Малдар су ішеді.

6. Окушылардың сөздік қорын шағын. Білетін сөздерін өз


орнын тауып колдана алмайды, т.б.

Бұл аталған басты - басты себептердің кай-қайсысы да оку бағдарламалары мен окулықтарға емес, негізінен окыту ісіне қатысты.

Қазіргі оқыту ісі барысында колданылып жүрген негізгі әдістер төмендегідей:


  1. мұғалімнің сөзі;

  2. әңгіме әдісі (кейде мүны сұрақ-жауап әдісі деп те
    атайды);

  3. тілдік фактілерді талдау (байқату, грамматикалық
    талдау);

  4. жаттығулар орындату;

  5. көрнекі құралдарды пайлалану (сызбалар, кестелер,
    суреттер, компьютер, т.б.);

  6. кітаппен жұмыс істеткізу;

  7. топсеруен (әкскурсия).

Жоғарыда атап өткеніміздей, бастауыш класс окушыларына грамматикалық ұғымдарды меңгертуде тусіндіргенді қайталап айтып беруге (реподуктивті) баулу әдісі ойдағыдай нәтиже бермейді. Бү_л әдіске машықтанған оқушылар көбінесе грамматикалық ұғымдарды жаттап, еске сақтауға бейім болады. Ал жаттап алған білім мен дағдының көп уақыт өтпей-ақ үмтылатыны, оқушылардың күнделікті тұрымысында пайдаланбайтыны белгілі. Сондықтан әдіскер-ғалымдар бастауыш кластарда грамматикалық ұғымдарды меңгерту үшін қолайлы әдістемелік жағдайлар жасау қажеттігін көптеп айтып жүр. Мұндай әдістемелік жағдайлардың бірнеше түрі белгілі:

  1. Оқушылардың белсенді ойлау қызметін іске қосу. Бұл
    әдісті «проблемалық әдіс» деп те атайды. Кез келген жаңа
    грамматикалық ұғымды меңгеру барысында оқушылардың
    психо=физиологиялық қабылдау мүмкіндіктеріне карай проблемалық
    жағдай туғызу мұғалімінің шеберлігіне байланысты. Әсіресе берілген
    грамматикалық ұғымды пысықтау үшін орындалатын жаттығулырды
    немесе үлестірмелі қима қағаздарды қызықты әрі түрліше епіп
    пайдалануға болады.

  2. Сөзге немесе сөйлемге қатысты оқушылардың саналы
    лингвистикалық көзкарасын дамыту. Басқаша айтқанда, оқушыларға
    бастауыш кластарға берілетін грамматикалық ұғымдардың бәрі ең
    бсаты мақсатқа - олардың өз ойларын дұрыс, әсерлі баяндай білу
    қабілетін дамыту мақсатында бағындырылуы қажет. Мәселен, балалар
    күнделікті тәжірибесінде өз беттерімен сөйлеу немесе жазу кезінде
    заттын сынын білдіретін сөзді сол заттын атын білдіретін сөздің
    алдына қою керек екенін іштей біліп отырғаны дұрыс. («Жамилада
    қалам қызыл бар» деп емес, «Жамилада қызыл қалам бар» деп).

  3. Өтілген грамматикалық ұғымның айқын және көмескі
    белгілерін маңгерту. Мысалы, «Кім? не? сұрақтарына жауап беретін
    сөздер» тақырыбын өткенде, окушылар бұл сұрактарды нақтылы

заттардың немесе адамдардың атын білдіретін сөздерге дұрыс қояды да, дерексіз атауларға кездескенде шатасып қалады. Мысалы, уақыт, жел, күн, дауыл, т.б. сөздерді заттын атын білдіріп тұр деп ойлайды.. Немесе «Не істеді? неғылды? кайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер» тақырыбын өткенде, «жатыр, отыр, сүрады, жанды, деген сияқты нақтылы қимыл байқалмайтын сөздерге бұ_л сұрақтарды коймайды. Сондықтан грамматикалық ұғымға қатысты осындай дерексіз сөздердің белгілеріне арнайы тоқталып өту қажет.

4. Жаңа меңгерген грамматикалық ұғымды бұрын өтілген ұғымдар жүйесімен байланыстырып отыру. Бұл әдісті берілген білімді жинақтап отыру әдісі деп айтуға болады. Мысалы, «Сөз таптары» окып үйрену барысында негізігі есімдердің төмендегідей сызбасын оқушылардың естеріне салып койған артық емес.

5. Жаңа грамматикалық ұғымды түсіндіру үшін
оқушылардың бұрынғы білімдері мен дағдыларына сүйеніп отыру.

Жаңа тақырыпты меңгертудің өткен сабактардағы мағлұматтарды ұмытпауына, оны жаңа ұғыммен байланыстыра білуіне жағдай туғызады.. Екіншіден, бұрынғы дағды жаңа тақырыпты игеруді жеңілдетеді.

6. Грамматикалық ұғымдарды көрнекі құралдар көмегімен
меңгерту. Бұл әдісте мұғалімнен ерекше шеберлікті талап етеді.
Тақырыптың сипатына байланысты көрнекі құралдар түрлендіріліп
пайдалану қажет. Бастауыш кластарда тілдің морфологиялық жүйесін
оқытуда қолданылатын көрнекі күралдарды (кесте, сызба, әріптер, не
сөздер кассасы, үлістіремелі қима қағаздар және компьютерге
арналған перфокарталар, т.б.) қолданылуы мақсаттарына қарай үш
топқа бөлуге болады:


  1. жаңа тақырыпты түсіндірер кезде балаларға
    тілдегі құбылысты байқатуға, проблемалык
    жағдай туғызуға арналған күралдар;

  2. берілген ұғымды пысықтауға , балалардың іс
    жүзілік дағдыларын дамытуға арналған
    кұралдар;

  3. берілген грамматикалық ұғымдарды
    жинақтауға арналған құралдар, т.б.

Көрнекі құралдар кандай мақсатка арналса да, олардың айқын, әдемі, қолдануға ыңғайлы болғаны дұрыс.

Жалпы окушыларға тілдің грамматикалык жүйесін меңгерту балаларды дерексіз ұғымдар туралы ойлауға баулуды талап етеді. грамматикалық ұғымдар дегеніміз - сөздерге, сөз тіркестеріне, сөйлемдерге, қосымшаларға т.б. қатысты белгілерді дерексіздене отырып жинақтап, жүйелеуі. Сондықтан грамматикалық ұғымдарды, оның ішінде тілдің морфологиялық жүйесін оқыту бастауыш класс оқушыларының психо=физиологиялық мүмкіндіктерін анық білуді қажет етеді. Атап айтқанда, олар:

1. Балалардың қабылдау мүмкіндігінен артық ұғымдарды
түсіндіруге болмайды.


  1. Берілген ұғымды тым қарапайымдандырып, немесе қайта-
    қайта түсіндіріп, оқушылардың белсенді таным қабілетіне кедергі
    жасауға да болмайды. Мұндай жағдайда олардың сабаққа
    қызығушылығы күрт кеміп, белсенділігі төмендейтіндігін психлог
    мамандар ашық айтып жүр.

  2. Берілген материалдардың мазмұнына орай, оқушылардың
    психо=физиологиялық мүмкіндіктеріне байланысты сабактың
    құрылымын, оқыту әдістерін түрлендіріп отыру қажет. Тиімді әдісі
    табылмаса, кез келген қарапайым ұғымның өзін оқушылар ауыр

қабылдайды, тіпті түсінбеуі де мүмкін. Ал қандай да бір күрделі ұғымды оқушыларға ыңғайлы әдісі тауып жеткізуге болады. Көптеген әдіскер-ғалымдардың дәлелдеп көрсеткеніндей, бастауыш клас оқушылдарына грамматикалық ұғымдарды меңгертудің бір жолы ойын әлементтері бар жұмыс түрлерін көп пайдалану. (Мұның нақты мысалдарына сабақ үлгілерін бергенде тоқталамыз.)


II. Сан есімді бастауыш мектепте меңгертудің ерекшеліктері

Қазіргі үздіксіз тасқындаған ақпараттар тасқынынан оқушыларды ұлттық сана-сезімде, төл халқының өзіндік әдет-ғұрпын, мәдениеті мен әдебиетін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелейтін қажетті деректерді оқыту процесіне енгізу әрбір қазақ тілі мұғалімінің міндеті болуы керек. Бұл үшін қазақ тілі сабақтарында оқушыларды сан есімді оқыту арқылы халық педагогикасының алтын қазынасымен, кәусар бұлағымен сусындату қажет.

Ж.Б. Қоянбаев пен Р.М.Қоянбаевтар халық педагогикасының мақсатарына мыналарды жатқызады: « Халық педагогикасының мақсаты бірнеше ғасырға созылған халық тәжірибесіне сүйене отырып, болашақ ұрпақты, өмірге дайындау, өнер-білімге баулу,бүкіл елдің қамын ойлау сияқты ең жоғары адамгершілік, имандылық қасиеттерге тәрбиелеу. ... Халық педагогикасының негізіне халық ауыз әдебиетінің шығармалары, әтнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, халық ойындары, үйелмен тәжірибелері т.б.» жататындығын атап көрсете келе, халық педагогикасының оқушыларды тәрбиелеудегі роліне айрықша тоқталады: « ... халық өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғастыратын жас түлектерді ғасырлар бойы тәрбие әдістері мен тәсілдерін қолданып, өмір тәжірибесі сынынан өткен әдептілік, сыпайылық, адалдық, инабаттылық, іскерлік, мейірімділік, қайырймдылық, еңбек сүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат көрсету сияқты қасиеттерді олардың бойына екті»

Сондықтан қазақ тілін сан есімді оқыту арқылы меңгерту барысында шәкірттердің санасына ұлттық рухты сіңіру, өз халқының өткеніне мақтанышпен қарау сезімдерін ояту керек. Бұл оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінің жетілуіне негіз болады.

Оқушылардың рухани дүниесін ізгілендіруде ,рухани дамытуда сан есімді оқытуда кеңінен қолдануға болады. Себебі, сан есімді оқыту барысында оқушылар өздерін еркін сезінеді, өз ойларын қысылып - қымтырылмай жеткізеді. Мұның өзі оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінің дамуына , рухани жан- дүниесінің толысып жетілуіне зор ықпал етеді.

Демек қазақ тілі сабағында сан есімді оқытуды тиімді қолдана отырып, оқушылардың рухани дүниесін ізгілендіру, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру қажет. Себебі сан есімді оқыту кезінде оқушылар өздерін еркін сезініп, үжымды сыйлауға , өз ой-пікірін дәлелдеуге үйренеді. Сондықтан сан есімді оқыту арқылы қазақ тілін оқыту процесін «... ізгілендірудегі басты мақсат — оқушыларды



ұлттық және адамзаттық қүндылықтар арқылы дамытуға, мәдени дағдыларды игеруге, өзіне және өзгелерге жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға назар аудару »

Ұлттық педагогика негіздерімен оқушыларды оқыту арқылы олардың өз халқын сыйлауға , туған тілін құрметтеуге үйретеді. Бұл оқушылардың бір-бірімен қарым - қатынас кезінде өзара кішіпейілдікпен қарауды, әдеп сақтауды , сыпайы сөйлесуді қалыптастырады, нәтижеде балалардың тіл мәдениеті жетіледі.

Жоғарыда айтылғандар — бастауыш сыныпта қазақ тілін сан есімді меңгертудің басты педагогикалық талаптары . Бұл талаптарды орындауда мұғалім әдістемелік жағынан шебер, қазақ тілінің тілдік құрылысын жете меңгерген, әдеби тілде өз ойын анық, түсінікті жеткізе алатын болуы тиіс

Бастауыш' сыныпта сан есімді меңгерту сабақтары білім беру мазмұны мен оқытылатын білім көлеміне, оқушылардың қазақ тілінен білім мен дағдыларды игертудегі негізгі дидактикалық принциптер мен оқыту әдіс- тәсілдеріне т.б. дидактикалық теорияларды негізге алады.

Дидактиканың негізгі заңдылықтарын, оқытудың мазмұны мен әдіс-тәсілдерін, теориялық білім мен практикалық дағдыларды берудегі негізгі принциптерді айқындауда Я.А.Коменский, И.Песталоққи, Ф.Дистервейг, К.Д.Ушинский, А.БайТұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Д.Әлімжанов, Ы. Маманов, Ә.Исабаев, Ж. Қоянбаев, Р. Қоянбаев, Ю.К. Бабанский, Б.П. Есипов, М.А. Данилов, Л.В. Занков, М.Н.Скаткиндердің алатын орны ерекше

Ғалымдардың еңбектерінде дидактиканың негізгі қағидалары мен үстанымдары жан-дақты талданып, мазмұны мен оқыту процесінде алатын орны көрсетілген.

Дидактикада оқыту әрекетінің формалары, оқыту мазмұны мен мақсат-міндеттері бір жүйеге біріктіріледі. Оқушыларға білім мен тәрбие беруде Тұрлі дидактикалық заңдылықтар мен ережелер өзара бірлесіп жұмсалады, ішкі тәртіпке бағындырылады.Сабақта Тұрлі оқыту әдістері мен тәсілдері ретпен жұмсалуы қажеттігін айқындаған дидакт Я.А.Коменский оқытудың нәтижелігі білімдік материалдар тәртіппен берілуі керектігі жөнінде былай пайымдайды: «Білімнің негізі зат пен құбылыстың өз табиғатынан алынсын. Үстаз аз сөйлеп, шәкірт көп үйренетін болсын. Тәртібі жоқ мектеп сусыз диірменге үқсайды. » .

Я.А.Коменскийдің жолын қуып, оның оқыту жөнінде айтқан пікірлерін дамытқан К.Д.Ушинский дидактикалық заңдылықтар басқарылатын жүйеге біріктірілуі қажет деген көзқарас үстанады: «... Тек жүйе ғана бізге өзіміздің білімімізді бақылауымызға толық мүмкіндік береді. Үздік-үздік өзара байланыссыз білім сырты бүтін, ішіндегі заттарын қожайынның өзі таба алмайтын, шашылған қоймаға ұқсайды ».

К.Д.Ушинскийдің педагогикалық еңбектерінде көрнекілік, ғылымилық, оқыту мен тәрбиенің бірізділігі дидактикалық принциптер мен әңгімелесу, талдау, жинақтау, салыстыру, жаттықтыру әдістерін кеңінен пайдаланғаны көрінеді.

Ы.Алтынсарин қазақ мұғалімдеріне оқушыларға тілдік материалдарды үйрету барысында «әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіруде... баланың барлық қабілеттерін жаттықтыру ... және оған өз бетімен жұмыс істету керек »-, деген құнды пікір айтып, оқытуда түсініктілік, көрнекілік, жаттығу, өз бетінше оқыту принциптерін қолданғаны байқалады.

Д. Әлімжанов пен Ы.Маманов қазақ тіліне байланысты таңдалған материалдардың көлемі мен жүйесіне қарай білім беруде, мұғалім беру әдістерінің ең қүнды, ең тиімді Тұрлерін пайдалану керектігін атап көрсете келе, әдістерді пайдалану барысында дидактикалық принциптерге сүйенеді деқ, мынадай дидактикалық принциптерге айрықша тоқталады: ғылыми, жүйелі, қөрнекілік, саналылық пен белсенділік, теорияның практикамен байланысы, жеке оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру принциптері »

Ә. Исабаев мұғалім дидактикалық принциптерді іске асыру түхында негізінен, екі түрлі принциптің: біріншісі, оқушылардың оқу материалдарын саналы түсінуін, оған оқушының белсенді қатысуы, екіншісі, мұғалімнің белсенділігі тұрғысынан сабақты көрнекі құралдармен, жүйелі түсіндіруін орындалатынын байқайтындығын атап көрсете келе, қазақ тілі сабақтары төмендегі принциптер бойынша жүзеге асуы керек дейді: Ғылыми, жүйелі, көрнекілік, теорияны практикамен байланыстыру, түсінуге жеңіл қолайлылық, оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру принциптері

Ғалымдардьщ қазақ тілін оқытуда басщылыққа алынатын негізгі дидактикалық принциптерді айқындауы әдістеме ғылымына қосылған елеулі еңбек болды. Бүгінгі күнге дейін мұғалімдер осы принциптер арқылы қазақ тілі сабағын үйымдастырып, өтуде. Бұл ғалымдардың пікірлерінің қазірге дейін қүнын жоймағанын көрсетеді.

Дидактикалық принциптер қоғамның дамуына және қазақ тілі ғылымының жетілуіне, озық тәжірибелі мұғалімдердің тәжірибелеріне қарай үнемі өзгеріп , жетіліп отырылады. Бүгінгі заманға байланысты дидактикалық принциптер оқушылардың логикалық, шығармашылық қабілеттерін жетілдіретін, олардың рухани дүниесін ізгілендіретін, тіл мәдениеті мен сөйлеу әдебін саналы қалыптастыратын, мұғалім мен оқушылардың арасындағы қарым қатынастың гуманизм тұрғысынан жүргізетін оқыту мазмұны мен мақсатын, сабақты ұйымдастыру түрлері мен қолданылатын әдіс-тәсілдерді айқындайды.

Бастауыш сынып сан есімді оқыту процесі төмендегі дидактикалық принциптерді басшылыққа алып жүргізілді:

1. Оқытудың ғылыми принципі бойынша оқушыларға сан есімді оқытуда берілетін білімдік, танымдық материалдар қазақ лингвистикасының қол жеткізген үхтанымдарына сай болуы керек. Оқулықта берілген материалдар ғылыми стильмен оқушыларға түсінікті етіп жазылуы қажет. Бұл үшін оқушыларға игертілетін білімнің дәлдігі, тақырыптар мен терминдердің анық болуы талап етіледі. Сондықтан бастауыш сыныпта қазақ тілін меңгертуде тілдік

материалдар тіл біліміне сүйеніліп сүрыпталды. Бү_л жерде екі талап орындалуы қадағаланды. Біріншісі, сан есімді оқыту арқылы тілдік материалдар білім стандартында белгіленген міндетті деңгейден жоғарылатып берілді, қазақ тілі сабақтары тереңдетіліп оқытылды. Мысалы, бастауыш сынып қазақ тілі оқулығында синонимдер туралы түсінік қалыптастыру барысында синоним сөздердің мағыналық реңктері әр түрлі болатынын, ару, сүлу, ажарлы, көрікті, келбетті, көркем, сүйкімді сөздерінің өзара мағыналас болатынын түсіндіре

келе, ару сөзінің мағыналық дәрежесі басқа сөздерге қарағанда жоғары екендігін жан-жақты мысалдар арқылы үғындыру балалардың білімі оқулық көлемінде қалмауына әсер етіп, шәкірттердің пәнге қызығушылықтарын оятады. Екіншісі, бастауыш мектепте қалыптасқан тілдік білімдері жетілдірілдіОсыған орай оқушылардың сөз таптары мен сөйлем туралы теориялық және практикалық дағдылары мен біліктерін еске түсіріліп отырылды. Әрбір сабақта сан есімді өткен кезеңде уақыт өлшеміне байланысты

бір-екі мысалдар арқылы қайталанды. Бұл оқушылардың тілдік дағдыларын еске түсіруіне көмектесумен қатар оларды сөздерді дұрыс тіркестіруге, сөйлемді нақты құрауға үйретті. Сондықтан мұғалімдерден оқушылардың игерген білімдерін практикада жиі қолдануына жағдай жасауы талап етілді. Бұл балалардың танымдық, білімдік қабілеттерін жетілдіреді.



2. Оқытудың жүйелік принципі дегеніміз оқушыларға сан есімді оқытуда игертілетін білім, дағды және біліктер өзара ішкі тәртіппен бір-бірімен сабақтаса байланысып, тілдік материалдарды белгілі бір ретпен берілуі. Бұл жалпы білім беретін бастауыш мектептерде оқытылатын қазақ тілінен меңгертілетін тілдік материалдардың бір-бірімен тығыз байланыста, бір жүйеге біріктірілгендігін көрсетеді. Қазақ тілін меңгертуде жүйелік принципі, біріншіден, сан есімді оқыту тапсырмалары қазақ тілі оқулығында берілген тақырыптар мен білім мазмұнына сәйкестілігімен, екіншіден, сан есімді оқыту тапсырмаларды орынды қолдануымен, үшіншіден, оқушылардың сөйлеу тілі, шығармашылдық қабілеттерінің біртіндеп дамуына сай етіп құрастырылуымен анықталады.

  • Оқытудың көрнекілік принципі бойынша оқушылардың қазақ тілін меңгеру сапасын көтеру, игерген білімдерін жадыда берік сақтау қабілеттерін жетілдіру барысында плакаттар, кеспе қағаздар, муляждар, портреттер пайдаланылады. « Осы сияқты көрнекі құралдарды әрбір сабақта қолданып отыру оқушылардың қазақ тілінен алған білімі мен нақты ойларын дәл, анық етіп пікірлерін пайымдауға септігін тигізеді. Оқушылардың дұрыс сөйлеуін қамтамасыз ете отырып, дәл сөйлеуге, нақты баяндауға баулиды» -, деген Ә.Исабаевтың пікірін негізге ала отырып, қазақ тілі сабағында көрнекі құралдарды барлық тақырыптарға сәйкестендіріліп пайдалану керек. Осыған орай бастауыш сыныпта қазақ тілін сан есімді меңгерту барысында төмендегі талаптар ескерілуге тиіс:

  • а) көрнекі құралдар игерілетін білімнің толық және анық болуын
    қамтамасыз етуі;

  • б) көрнекі құралдардың өтілген тақырыптарға сәйкестендірілуі;

  • в) көрнекі құралдар оқушылардың бақылағыштық және
    ізденімпаздық қабілеттерін жетілдіруі;

  • г) көрнекі құралдар өтілген материалдардың сапалы және терең
    меңгерілуіне септігін тигізуі,

  • д) көрнекі құралдар оқушылардың жас ерекшеліктеріне, психикалық
    қабілеттеріне сай болуы керек.

  • Осы аталған талаптар орындалған кезде ғана оқушылар қазақ тілінің заңдылықтары мен өзіндік ерекшеліктерін сапалы меңгереді.

следующая страница>


Кіріспе I. Грамматиканы бастауыш мектепте оқытудың өзектілігі II. Сан есімді бастауыш мектепте меңгертудің ерекшеліктері III. Жалғаулармен жұрнақтардың сан есімді өту процесіндегі маңызы IV. Сан есімді басқа сөз таптарымен байланыстыра оқытудың жолдары

Яғни, мектептегі оқыту үрдісін жаңа әдіс-тәсілдер мен технологиялар арқылы ұйымдастырудың қажеттілігі туды. Оқу-тәрбие үрдісі оқушының білімін арттырып қана қоймай, оның сана сезім

721.19kb.

25 12 2014
5 стр.


Диплом жұмысы Бастауыш мектепте зат есімді оқыту
769.76kb.

25 12 2014
5 стр.


Бастауыш сыныпта сын есімді оқыту. Жұмыстың жалпы сипаты 1-3 І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім

Бастауыш сыныптарда оқытылатын морфологялық ұғымдардың мазмұны мен олардың өзара сабақтастығы

691.49kb.

15 12 2014
5 стр.


Диплом жұмысы Тақырыбы: «Бастауыш мектеп оқушыларын мәтін құрастыруға дағдыландыру»

«Бастауыш мектепте филология пәндерін оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы

503.41kb.

16 12 2014
4 стр.


Диплом жұмысы тақырыбы: «Бастауыш сыныпта сан есімді оқыту әдістемесі»

Дипломант жұмысын жүйелі жазған. Әрбір тармақшасы өзіндік ойға, пікірге негізделген. Әр тарауда алдына қойған мақсатына толық жеткен. Диплом жұмысы қорғауға дайын, біткен жұмыс

755.86kb.

17 12 2014
5 стр.


Мазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны

Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері

634.27kb.

25 12 2014
4 стр.


Ақпараттық хат Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, психология және педагогика факультеті мен мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру кафедрасы «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша болашақ мамандарды даярлауға бағытталған «Бастауыш мектептегі сабақтардың мультимедиялық жабдықталуы»

53.4kb.

25 12 2014
1 стр.


Кіріспе бөлімі Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың қазіргі жағдайы

Осыған орай білім берудің тұтас жүйесін құру негізгі мәселелердің бірі болып, үздіксіз тәлім тәрбиеден, яғни от басынан бастап, қоғам саранысын өтей алатын жеке тұлғаны қалыптастыр

743.77kb.

17 12 2014
3 стр.