Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2 ... страница 13страница 14
КІРІСПЕ

Оқырмандарға ұсынылып отырған «Криминалистикадан электронды оқу құралы» қазіргі заманғы оқу үрдісіне енгізілген кредиттік технология ерекшелігін ескере отырып құрастырылған көрнекі оқу құралы болып табылады.

Оқу құралы Қазақстан Республикасының ММОС-ға сәйкес криминалистиканы оқуға бөлінген кредиттер бойынша жинақталған.

Оқу құралында сабақты өткізу келесі кесте бойынша ұсынылған.

1.Тақырыптың жалпы мазмұны.

2.Тақырып бойынша бақылау сұрақтарының тізімі.

3.Тақырып бойынша өзін-өзі тексеруге арналған тест жинағы.

Оқу бағдарламасына енгізілген тақырыптың жалпы мазмұны криминалистика ғылымының қазіргі заманауи жетістіктерін есепке ала отырып берілген. Оқытушылардың өз қалауы бойынша қарастырылатын тақырып сұрақтардың бір бөлімі дәріс сабақтарында, бір бөлімі лабораториялық сабақтарда қаралады, ал қалған сұрақтар СОӨЖ және СӨЖ-дің көмегімен меңгеріледі, мысалы: трасология тақырыбы бойынша оқытушы дәріс сабағында тек қана жалпы сұрақтарды баяндай алады, СОӨЖ сабақтарында іздерді табу, бекіту, алу мен зерттеудің теориялық ережелері қарастырылады, ал лабораториялық сабақта дактоұнтақтармен, дактопленкалармен, гипсті қалыппен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыруға байланысты тапсырмаларды береді. СӨЖ кезінде «Трасология» бөліміндегі жалпы сұрақтар бойынша тапсырмалар альбомда көрініс табуы қажет, яғни қол, аяқ киім, көлік және бұзу құралдарының іздерін сипаттау.

Сабақтың мақсаты және міндеттері көрсетілген бөлімде лабораториялық сабақтың жүргізу бағыты берілген.

Криминалистік техника бойынша лабораториялық сабақтарда студенттер фотосуретке түсіруді, көрінбейтін қол іздерін айқындауды, қауызды, оқты, құжаттарды және т.б. объектілерді ережеге сәйкес дұрыс қарауды үйреніп, теориялық білім алумен қатар, тәжірибе жүзіндегі дағдыларын қалыптастырулары қажет. Криминалистік тактика сабақтарында тексеру, тінту, жауап алу, тану үшін көрсету, тергеу эксперименті сияқты тергеу әрекеттерін әртүрлі ситуацияда ойын түрінде жүргізіп, процессуалды, тактикалық ережелерді үйренумен қатар тергеу әрекеттерін жүргізудің жалпы барысымен танысады. Криминалистік әдістеме бөлімі бойынша студенттер болжау құруды, тергеуді жоспарлауды үйреніп меңгереді.

Әр тақырып бойынша бақылау сұрақтары мен өзін-өзі тексеруге арналған тест жинағы студенттің сабаққа қаншалықты дайындалып келгенін тексеруге мүмкіндік береді және оларды үй жұмысы ретінде немесе аралық бақылау өткізуде қолдуға болады.

Аудиториялық сабақ барысында есеп шығару мен фабулаларды талқылау студенттердің аналитикалық ойлау дағдысын қалыптастыруда нәтижелі болып табылады. Оқытушы студенттерге тақырыптың мазмұнын теориялық жағынан меңгеруге және тәжірибе жүзінде тергеу құжаттарын құрастыруға көмектесетін әртүрлі мұрағат мәліметтері мен арнайы материалдарды қолдануға міндетті.

Ұсынылған СОӨЖ тақырыптарын оқытушы дәріс, лабораториялық сабақтардың мазмұнына қарай өз қалауынша өзгерте алады. Тақырыптарды қосып немесе арасынан біреуін таңдап орындау тапсырмасы берілуі мүмкін. СОӨЖ міндетті түрде жазбаша нысанда орындалып балл қою арқылы бағаланады. Лабораториялық және СОӨЖ сабақтарының тапсырмаларын орындауға қойылатын бағаның жүйесі оқытушымен анықталады. Ұсынылатын кесте: 50% - 30 балл лабораториялық сабақтарға, 50% - 30 балл СОӨЖ тапсырмаларын орындауға.

К Р И М И Н А Л И С ТИ К А

пәні бойынша әдістемелік нұсқау

Қылмыстық статистика мәліметтері куәлік ететіндей, соңғы жылдары жасалған қылмыстар санының едәуір өскендігі байқалады. Бұл қоғамның ізгілік (өнегелі) – саяси ахуалына кері әсер етіп, әлеуметтік-психологиялық қысымын үдетіп, адамдардың өзіне деген қауіпсіздігіне сенімсіздігін ұлғайтады. Пайдакүнемділік пен күштеу бағытындағы қылмыстардың көбеюі және олардың ашылуының төмен көрсеткіште болуы ерекше көңіл алаңдатады (дабыл қақтырады). Жиі кездесетін сыбайлас жемқорлық топтар мен көптеген ұйымдасып жасалған қылмыстардың іс-әрекеттері үлкен айлакерлігімен, ептілігімен сипатталады. Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайына тән жасалынатын қылмыстардың сыр сипаты да өзгеріп, жаңа түрлері пайда болуда. Мұндай қылмысты жасау мен жасыру тәсілдерінің бұрын тергеу тәжірибесіне белгісіз болуы оларды ашудың күрделілігі айқындайды.

Мұндай қылмыстарға, жалпы қылмыстылыққа қарсы күрес қылмысты ашу әдістері мен тиімді тәсілдерін өңдеуге және оны тергеу ісін жүргізуге шебер қолдануға тікелей байланысты. Дәл уақытысында қылмысты ашу және міндетті түрде жазалау қылмыскерлікке қарсы күрестің алдыңғы шебінде қылмысты тергеу мен ашу туралы, айғақтардың пайда болуы мен заңдылығын тексеретін ғылым – криминалистика тұрады.

Ерекше құбылыстардың, фактілердің және қатынастардың пайда болуына, жайы мен даму бағыттарына негізделген заңдылықтар кез келген ғылымның, соның ішінде криминалистиканың да пәні болып табылады.

Қылмыстық оқиға құбылыстарымен, оқиғаларды және басқа да процестермен өзара шартты байланысқан материалдық ақиқат процестің бірі. Қылмыс соншалықты тез жасалғанымен, бір жолғы әрекет болып табылмайды. Қылмыс дегеніміз – күрделі криминалды әрекет және кінәлінің қылмысты жасағанға дейінгі, жасалған кездегі, жасалғаннан кейінгі іс-қимылдарының жүйесі болып табылады. Қылмыстық оқиғаның аумағына енетін басқа да тұлғалардың және жәбірленушінің істері мен әрекеттерін осыған қосуға болады.

Барлық тұлғалардың, алғашқы кезекте талассыз қылмыскердің әрекеттері мен іс-қимылдары қоршаған ортаға әсерін тигізеді. Құралатын дәлелдік мәліметтер арқылы жасалған қылмыстың механизмі жайында, қылмыстық оқиғаның мазмұны туралы белгілі бір тұжырымдама жасалынады.

Криминалистика осылардың бәрін есепке ала отырып, оларды оқып білу негізінде қылмысты зерттеудің, табудың, бекітудің амалы мен тиімді тақырыптарын жасайды. Дәлелдерді, басқа да ақпараттар мен қалдырған іздерді іске айғақ ретінде процессуалды заң негізіне енгізеді. Осыған байланысты криминалистика адамгершілік іс-әрекеттің мүлде қарама-қарсы жақтарын, яғни қылмыскердің қылмыстық іс-әрекетін және тергеу органдарының қылмыстық істерді жүргізу қызметтерін оқытады.

Қылмыскердің қылмыстық іс-әрекеті қылмысты істеу механизмін анықтау үшін, қылмысты толық ашуға бағытталған, оларды табу үшін жасалған тиімді амалдар мен тәсілдерді, оқиға болған жердің шеңберінен асырмай анықтауға, криминалды іс-әрекеттер нәтижесінде жасалған, басқа айғақтарды дәлелдеуге мүмкіндік туғызатын іздердің сипатын терең оқытады.

Кез келген ғылымның пәні мен өзіндік маңызы осы ғылымға ғана тән ерекшеліктерімен сипатталатын міндеттемелермен анықталады. Криминалистиканың осындай арнаулы міндеттері:


  1. Айғақтарды жете зерттеуде қазіргі кездегі қолданылатын техникалық-криминалистикалық құралдарды жетілдіру және жаңасын ойлап табу;

  2. Сотта істің қаралуына дейінгі зерттеуде тәсілдер мен әдістердің, ұйымдастырушылықтың негізін әбден жетілдіру;

  3. Қылмыстың жекелеген түрлерінен хабардар ететін, оларды тергеуге ұсынатын әдістемелік мінездемелерді өңдеу.

Криминалистика өзінің спецификалық міндеттерін шешуде қылмыстың жекелеген түрлерінен алдын-ала сақтандыратын және тергеу әрекеттерін жетілдіріп, заттай айғақтарды ашуда жіті байқауға, зерттеуге бейімделген осы ғылымның әдістерімен бірге жаратылыстық-техникалық ғылымдарының жетістіктерін қолданады. Дәлелдеу процесіне аталған жаратылыстық және техникалық ғылымдар жетістігі криминалистика арқылы ғана енгізіледі.

Осы пәннің мазмұны мен міндеттері заң ғылымының бір саласы болып табылатын криминалистиканың бір жүйесін айқындайды. Криминалистика жалпы ғылым ретінде, сонымен қатар оқу тәртібі ретінде құрылысы жағынан келесі бөлімдерден тұрады: криминалистиканың теориялық және методологиялық негіздері, криминалистикалық техника, криминалистикалық тактика, қылмыстың жекелеген түрлерін тергеу әдістері.

Криминалистиканың теориялық және методологиялық негіздері осы саланың пайда болуы мен дамуы, пәні мен жүйесі, ғылыми әдістері жайындағы сұрақтарды қамтиды.

Криминалистикалық техника және оған пара-пар криминалистикалық теория заттық айғақтарды жіті байқауға, зерттеуге, жинастыру кезінде қолданылатын әдістер мен техникалық құралдар арқылы көрінетін ғылымның жүйесі. Бұл бөлімге қылмыстық іс материалдарында тіркелетін фотосуреттер, іздер туралы криминалистикалық ілімдер (трасология), атыс қаруларды қолдану және оны криминалистика тұрғысынан зерттеу (баллистика), құжаттарды криминалистикалық зерттеу, адамды сыртқы бейнелері бойынша зерттеу және қылмыстық тіркеу сияқты айғақтарды тауып, оған жете назар аудара зерттеу және техникалық құралдарды қолдануға байланысты тараулар кіреді. Осыдан байқағанымыздай, криминалистикалық техниканың жекелеген бөліктері зерттеу нысанының ерекшелігіне және осы нысандарды зерттеу мақсатында қолданылатын техникалық құралдарға байланысты жіктелінді.

Криминалистикалық тактика айғақтарды жинастыру мен зерттеуге бағытталған жеке процесуалды іс-әрекеттерді жүзеге асыруда қолданылатын рационалдық және тиімді тәсілдер мен жолдарын тергеуде жоспарлы қаралуын сипаттайтын ғылыми жүйе. Осы тергеу тактикасы көздейтін тергеудің өту іс-әрекетін жеңілдетіп, шыққан нәтижесі тиімді болатын әдістер мен тәсілдерді жасап шығарады. Сонымен қатар бұл бөлімде тергеушінің анықтау органдарымен өзара әрекеттері сияқты қоғамдық көмектерді пайдалануға байланысты мәселелер түсіндіріледі.

Криминалистиканың соңғы бөлімі – қылмыстың жекелеген түрлерінен алдын ала сақтандыратын және олардың тергеуге байланысты әдістемелік сипаттамалары мен ғылыми жүйесін қарастыратын қылмысты тергеу әдістемесі. Бұл бөлімде бағдарлама бойынша ұрлық, тонау, қарақшылық, зорлау, кісі өлтіру сияқты ауыр қылмыстарды тергеу әдістемесін оқыту қарастырылады. Сол сияқты оқу құралында жол-көлік оқиғалары, қорқытып талап ету, алаяқтық сияқты кең таратылған қылмыстарды да тексеру қарастырылады.

Бұл әдістемелік нұсқау криминалистиканың пәні мен жүйесі, тақырыптық мазмұны сияқты жалпы курс туралы мағлұматтар береді. Бұл курсты оқыту қылмысты ашудың жетілген амалдары мен тәсілдерін пайдалана отырып, оны тергеу жолдары арқылы қылмысқа қарсы күрестің міндеттемелерімен үйлеседі.

Студенттердің криминалистика пәнінің мазмұнымен жете таныс болуы олардың криминалистика курсын жетік меңгеруге көмектеседі. Бұл ең алдымен курс туралы жалпы түсінік беріп, оның пәні мен жүйесі, тақырыптарының мазмұны туралы материалдарды қамтиды. Криминалистика курсын оқу қылмысты ашу мен тексеру барысында қолданылатын әдістерді жетілдіру арқылы қылмыстылыққа қарсы күреспен үндесіп жатады.

Криминалистика курсын оқу нәтижелілігі студенттің оқу материалдарымен жүйелі түрде үнемі жұмыс істеп, лабораториялық, СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларды орындауға белсенді қатысуына байланысты.

Теориялық материалдарды ұғу қиын болғандықтан, оны анықтау органдарының, тергеу және құқық қорғау органдарының іс-тәжірибелерімен байланыстыра отырып оқу керек.

Оқу құралы криминалистикалық техника мен тактика бойынша лабораториялық сабақтарды өткізуді қарастырған.

Криминалистика пәні бойынша СӨЖ тапсырмаларын (альбом) орындауға әдістемелік нұсқау.

Студент СӨЖ тапсырмаларын орындамастан бұрын, криминалистика пәні бойынша ұсынылған сәйкес әдебиеттерді, сондай-ақ қосымша басқа да ғылыми материалдарды оқып зерттеуі қажет.

Ұсынылып отырған тапсырмалар тек қана теориялық білімді талап етіп қана қоймай, сонымен қатар әртүрлі объектілерді (айғақты заттарды, дәлелдерді) іздеп тауып бекіту, алу және зерттеу үшін пайдаланатын криминалистік әдістер мен тәсілдерді, оған қажет техникалық құралдарды тәжірибе жүзінде қолдана алуын талап етеді. Сондықтан да жұмыс барысында тәжірибелік біліктігін арттыру үшін студент бар мүмкіншілігін пайдалануы керек.

Сондай-ақ, фотоаппараттың құрылысын, оның тергеу үстінде қолдану міндеттеріне байланысты тәсілдері мен әдістерін жете меңгеруі қажет.

СӨЖ тапсырмалары қолжазба түрінде мектеп, сурет дәптері немесе стандартты ақ қағазға орындалады.

Берілген тапсырма бойынша фотосуреттер 9х15 немесе 10х15 форматымен дайындалады және сурет шарты бойынша қағаз бетіне жапсырылады. Түсірілген суреттің сапасы, сот-жедел суретінің талабына сай келуі керек.

Тапсырмалар берілген реті бойынша орындалуы керек. Әр жауап алдында тапсырмалар шарты толық түрде көрсетілуі қажет.

СӨЖ тапсырмаларына қойылатын бағада берілген жауаптың толық орындалу мазмұны және оны орындаудың барлық шартын сақтауы ескеріледі.



К Р И М И Н А Л И С ТИ К А

пәні бойынша диплом жазуға әдістемелік нұсқау

Бұл диплом жұмысты жазудағы студенттің алдына қойылатын жалпы міндет пен мақсат, басқа курстық жұмысты жазудағыдай. Бірақ өзіндік ерекшеліктері бар. Диплом жұмысты жазуда, арнайы оқулықтармен ғана шектеліп қоймай, студент өзі тұратын жерде болған қылмыстық істерді оқып, тергеу практикасын пайдалана білуі қажет. Бұл келтірілген сот немесе тергеу тәжірибесі, осы аудандағы, облыстағы аталған қылмыс түрімен күрес жүргізуде қандай нәтижелер берді, курстық жұмыста мысал ретінде жазылуы тиіс.

Диплом жұмысқа пайдалану үшін зерттелген ізденістер тізімі қолданылған әдебиеттерден кейін тіркеледі.

Қортындыда студент әрбір танысқан іс бойынша тергеу жүргізу кезінде тактикалық дұрыс шешілген мәселені, сондай-ақ тергеушінің техникалық құралдар мен әдіс-тәсілдерді қолдануда кеткен кемшіліктерді көрсетеді.

Диплом жұмысының бірінші бетінде баяндалатын тақырыпқа сәйкес жұмыс жоспары құрылады. Криминалистика пәнінен диплом жұмысын жазуда, студенттердің көпшілігі мазмұны жағынан негізгі тақырыптан әлдеқайда ауытқуы байқалады, осы кемшіліктерді болдырмауға баса назар аударылуы қажет.

Диплом жұмысты жазу барысында міндетті түрде ғылыми деректерге сүйеніп, жұмыстың атауын, қолданылған әдебиеттердің шығарылған баспасын, жылын және бетін нақты көрсетіп жазу керек.

Егер оқулықта баяндалатын мәселе туралы әртүрлі көзқарастар, пікірлер болса, онда студент олардың әрқайсысын дәлел ретінде көрсетін, өзінің қай көзқарасқа қосылатынын не қосылмайтынын білдіреді.

1.Тақырып. Криминалистиканың теориялық және әдістемелік негіздері
Криминалистиканың пәндік түсінігі. Криминалистиканың басқа ғылыми пәндермен байланысы.

Криминалистиканың жүйелі бөлімдері: криминалистиканың теориялық және әдістемелік негіздері, криминалистік техника, криминалистік тактика, жеке қылмыстарды тергеу әдістемесі.



следующая страница>


Кіріспе оқырмандарға ұсынылып отырған «Криминалистикадан электронды оқу құралы» қазіргі заманғы оқу үрдісіне енгізілген кредиттік технология ерекшелігін ескере отырып құрастырылған көрнекі оқу құралы болып табылады

Оқу құралы Қазақстан Республикасының ммос-ға сәйкес криминалистиканы оқуға бөлінген кредиттер бойынша жинақталған

2736.15kb.

25 12 2014
14 стр.


Тарихты оқыту әдістемесі

Жоғары оку орындарының тарих мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік оқу құралы

648.01kb.

23 09 2014
3 стр.


1. Дүйсек, А. К. Жоғары математика: оқу құралы жоғары техникалық оқу орындарының жоғары математика пәнінің қазіргі бағдарламасына сәйкестендіріп жазылған. / А. К. Дүйсек, С. Қ. Қасымбеков
15.75kb.

17 12 2014
1 стр.


Руководство по строительному материаловедению : справочное пособие / Ю. И. Гончаров, М. Ю. Малькова, В. М. Шамшуров и др. М.: Ассоциации строительых вузов, 2008. 232 с.: ил

Айдос Е. Ж., Жоғарғы оқу орындарына түсушілерге арналған математика: оқу құралы / Е. Ж. Айдос. Алматы: Дәуір, 2006. 464 б

291.89kb.

17 12 2014
1 стр.


Калиакперова н. З. Кабдрахманова а. К

Калиакперова Н. З. және осы кафедрасының оқытушысы Кабдрахманова А. К. жасалынды. Оқу құралы биология мамандығы студенттеріне арналған. Оқу құралында қысқаша дәріс тақырыптары, өзі

805.43kb.

29 09 2014
4 стр.


1. Сұрақтарға жауап жаз

Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептердің 5- сынып оқушыларының жас ерекшелігін, қазақ тілін меңгерту дәрежесін, сөздік қорларын ескере отырып, оқулықтағы материалдарды толықтыру

196.93kb.

14 09 2014
1 стр.


«Балаларға Ислам туралы» сериясы Бірқұдайшылық Бірінші оқу жылына арналған оқу құралы Бірінші кітап

Мағынасы: «Мен Аллаһқа Раббы ретінде, Исламға дін ретінде және Мұхаммадқа пайғамбар ретінде разымын!»2

337.6kb.

25 12 2014
1 стр.


«Қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру бойынша дәріс курсы» оқу құралы «Информатика» мамандықтарына және «Қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру» пәнін оқитын арнаулы орта және жоғарғы оқу орны студенттеріне арналған
1171.05kb.

01 10 2014
6 стр.