Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Әкімдiктiң

«___»__________ жылғы

№ ________

қаулысына қосымша

Жоба
Қостанай облысында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алудың 2007-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы

Қостанай қаласы, 2007 жыл

МАЗМҰНЫ



  1. Бағдарламаның паспорты




  1. Кiрiспе




  1. Мәселенiң қазiргi жай-күйiн талдау.




  1. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi.




  1. Бағдарламаның негiзгi бағыттары және оны iске асыру тетiгi.




  1. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi.




  1. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже.




  1. Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар.



    1. Бағдарламаның паспорты



Бағдарламаның атауы



Қостанай облысында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алудың 2007-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы

Әзiрлеу үшiн негiздеме

Қазақстан Республикасының “Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және бағып қағусыз қалуын болдырмау туралы”Заңы. Облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 8 шiлдедегi №205 “Қостанай облысында құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күресудiң 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы” шешiмi Қостанай облысы прокуратурасының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы алқа мәжiлiсiнiң қаулысы.

Бағдарламаны әзiрлеушi

“Қостанай облысының бiлiм беру департаментi”мемлекеттік мекемесі


1 - кезеңнiң мақсаты

(2007-2009 жылдар)


2 - кезеңнiң мақсаты

(2010-2011 жылдар)



Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты болдырмау жөнiндегi шаралардың кешендi жүйесiн құру.
Өмiрдiң қиын жағдайларына тап болған, қаңғыбастылық пен әлеуметке жат қылықтарға бейiм балаларды әлеуметтiк бейiмдеу мен оңалтуға себеп болушы, бiлiм беру ортасының әлеуетін дамыту.

1 - кезеңнiң мiндеттерi

(2007 – 2009 жылдар)

2 - кезеңнiң мiндеттерi

(2010-2011 жылдар)



Жергiлiктi билiк мекемелерi мен қоғамдық ұйымдардың жоғары құқықтық және өнегелi мәдениетiн қалыптастырудағы iс әрекетiн келiсе отырып жүргiзiлуiн қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасында олардың тәртiбiнiң шектен шығып кетуiне жол бермеу.

Облыстың құқық қорғау органдары тарапынан қылмыс жасаушы және әкiмшiлiк құқық бұзушы немесе соған бейiм тұратын кәмелетке толмаған балаларды дер кезiнде анықтау, есепке алу және олармен профилакитикалық жұмыс жүргiзу.

Алкоголь iшiмдiгiн, нашақорлық пен токсикоманиямен айналысатын немесе психикаға зор әсерiн тигiзетiн заттарды қолдануға бейiм балаларды анықтау, есепке алу және кейiннен оларды сауықтырып оңалту, кәмелетке толмағандар арасында медициналық профилактикалық жұмыс жүргiзу.

Кәмелетке толмағандардың iсi жөнiндегi облыстық және өңірлік комиссиялары жұмысының маңыздылығы, олардың құқықтарының қорғалуын жетiлдiру.

2009 жылға дейiн Алтынсарин, Аманкелдi, Жанкелдин, Қарабалық, Қарасу, Меңдiқара, Науырзым, Сарыкөл, Таран, Ұзынкөл, Федоров аудандары мен Арқалық қаласында, аудан орталығынан шетте орналасқан ауылдық мектептердің жанынан бос уақыт өткізу орталықтарын ашу, спорт алаңдарын жабдықтау, құрал-саймандарын сатып алу.

Кәмелетке толмағандар мен ата-аналарға құқықтық бiлiм беру.


Қараусыз қалған балалар үшін Әулиекөл, Денисов, Жiтiқара, Қостанай, Қарабалық, Қамысты, Қарасу және Меңдiқара аудандарында пана ашу және Рудный қаласындағы пананы 2010 және 2011 жылдары кенейту.

Әуликөл, Денисов, Жiтiқара, Қамысты аудандарында, аудан орталығынан шетте орналасқан ауылдық мектептердің жанынан бос уақыт өткізу орталықтарын ашу, спорт алаңдарын жабдықтау, құрал-саймандар сатып алу. Қостанай ауданы мен Қостанай қаласында бұл жұмыс жыл сайын Бағдарламаны iске асыру уақытына үзіліссіз жүргiзiледi. Лисаков пен Рудный қалаларында 2007 жылдан 2011 жылға дейін жыл сайын аула клубтарының материалды базасы нығайтылады.

Кәмелетке толмағандарды облыстың мәдени және спорт салаларына белсене араластыру.

Iске асыру мерзiмдерi

(кезеңдерi)


2007 – 2011 жылдары

1 - кезең – 2007-2009 жылдар;

2 - кезең – 2010-2011 жылдар.




Қаржыландыру көздерi мен көлемдерi

Облыстық және аудандар мен қалалардың бюджеттерiнiң қаражаттары.

Болжамдалған қаржыландыру көлемдерi:

барлығы – 226522,8 мың теңге, оның ішінде:

2007 жылы - 64349,5 мың теңге

2008 жылы – 64440,4 мың теңге

2009 жылы – 97732,9 мың теңге;

оның iшiнде облыстық бюджет қаражатынан:

барлығы –2388,0 мың теңге, оның ішінде:

2007 жылы – 745,0 мың теңге

2008 жылы – 896,0 мың теңге

2009 жылы – 747,0 мың теңге;

оның iшiнде аудандар мен қалалар бюджетінің қаражаты:

барлығы – 224134,8 мың теңге, оның ішінде:

2007 жылы - 63604,5 мың теңге

2008 жылы - 63544,4 мың теңге

2009 жылы - 96895,9 мың теңге.



Күтiлетiн нәтижелер

Қостанай облысының кәмелетке толмаған жасөспiрiмдерi арасында 2011 жылдың аяғына қарай құқық бұзудың алдын алу жөнiндегi жаңа әлеуметтiк-педагогикалық негiздегi толық жүйе құрылатын болады. Кәмелетке толмағандармен және жаңа материалдық-техникалық базасы негiзiндегi құқық бұзудың алдын алудың тиiмдiлiгiн және әлеуметтiк-педагогикалық процеске қатысушылармен әлеуметтiк серiктестiктi жетiлдiру кешендi iс-шаралары өткiзiлетiн болады.

2. Кіріспе


Қостанай облысында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алудың 2007-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және қараусыз әрі бағусыз қалуға жол бермеу туралы» Заңына, Қостанай облысында құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күресудің 2005 - 2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасына сәйкес және Қостанай облысы прокуратурасы алқа мәжiлiсiнiң 2005 жылғы 20 қаңтардағы қаулысы негiзiнде әзірленген.

Облыстағы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық жағдайлардың орын алулары бұл бағдарламаны әзiрлеудің қажеттілігін көрсетті. 2006 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша 2005 жылдың осындай кезенiмен салыстырғанда қылмыстардың саны 20%-ға азайғанын, кәмелетке толмағандардың үлес салмағы қылмысы 11,3%, республикалық көрсеткiштер бойынша 6% азайғаны байқалады.

Бағдарламаны iске асыру кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу үшiн облыстағы мүдделiк ведомстволардың бағыт –бағдарлы әрекеттерi негiзiнде және әлеуметтiк – педагогикалық ортаның материалдық – техникалық базасын кеңейту, жинақтылық пен нәтижелi, жүйелi, атаулы бағыттылық принциптерiн сақтау арқылы орындалады деп күтілуде.

3. Мәселенің қазіргі жай-күйін талдау

2006 жылғы 10 ай ішінде Қостанай облысында кәмелетке толмағандардың қолымен және олардың қатысуымен 548 қылмыс жасалған, 2005 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 685 қылмыс болған. Сонымен бірге қылмыстың жалпы көрінісі ішіндегі кәмелетке толмағандардың қолымен жасалған қылмыстың үлес салмағы да азайған. Бұрын 20 пайыз болса, қазір жалпы алғанда 12,9 пайыздан 11,3 пайыз болып отыр.

Облыс бойынша жасөспірімдер арасындағы қылмыстың деңгейі аздап болса да төмендегенімен, қазіргі таңда бұл проблема өткір күйінде қалуда. Бұған қылмыстың мына түрлерінің орын алуы дәлел болып отыр: автокөлiктi ұрлау-320 пайыз, кісі тонау-2,6 пайызға, біреудің ақшасын немесе затын тартып алу- 46,1 пайызға өскен.

Балалар мен жасөспірімдердің арасында орын алған қылмысқа жасалған талдауға сараптама мынаны көрсетеді: жалпы орта пен арнайы орта бiлiм беру жүйесiндегi оқушылардың жасаған қылмыстары 56 пайызды құрайды. Алайда мектептер, кәсіптік мектептер мен лицей, колледж оқушыларының тарапынан жасалған қылмыстың саны 307 болса, оның iшiнде 548 қылмысты 777 кәмелетке толмағандар жасаған, 500-і мектеп пен колледж оқушылары.

Қостанай облысының iшкi iстер департаментiнiң кәмелетке толмағандарды уақытша шеттету және оңалту орталығы кәмелетке толмағандардың негізгі контингенті өз бетімен үйлерінен кетіп қалғандар, мектеп-интернаттардан, балалар үйінен қашып кеткендер, қаңғыбастыққа және қайыршылыққа бейімделіп алғандар. Сондықтан да олар психикалық тексеруден өтіп, емделуді қажет етеді.

Кәмелетке толмағандардың өз беттерімен, қараусыз өмір сүруіне итермелейтін себептердің бірі отбасындағы берекесіздік-257 жәйт, қаңғыбастыққа бейім тұру - 183 жәйт, оқуға деген ынтасының төмен болуы- 51 жәйт, ата анасымен, құрбы-құрдастарымен ренжісіп қалу - 29 жәйт.

Көбінесе, балаларының құқық бұзуына ата-аналардың өздері себеп болады. Балаларға бұрын сотталғандар немесе тергеуде жүрген туысқандары кері әсерін тигізеді. Әдетте мұндай балалардың өмір тұрмысы қиын болады, отбасында бірге дұрыс тұра алмайды. Өткен мерзім ішінде қалалық және аудандық соттар арқылы 178 ата-ана алкогольдік ішімдік ішкені және есірткі қабылдағаны үшін, немесе бала тәрбиесінен бас тартқаны үшін ата-аналық құқықтарынан айрылса, 2006 жылғы 9 ай iшiнде 184 адам болған. “Әлеуметтiк жетiм” (бiлiм берудiң интернатты ұйымдарына бөлiнген, ата-аналарының ата-аналық құқығынан айырылған балалар) балалар санының өсуi алаңдатушылық туғызып отыр: 2005 жылы – 132 бала, 2006 жылға 9 ай iшiнде 181 адамға дейін өскен. Кәмелетке толмағандардың қайтара қылмыс жасау саны өсуде (2005 жылғы 9 ай iшiнде – 59 болса, 2006 жылы – 66 адам).

Облыстың әлеуметтік паспорты мынаны көрсетеді:

2028 оқушы (1,6%) кәмелетке толмағандар iсi жөнiндегi орында есепте тұрады;

4536 оқушы (13,3%) тұрмысы төмен отбасыларда тәрбиеленуде.

4535 оқушы (3,4%) қолайсыз отбасыларда тәрбиеленуде;

1351 оқушы (1,9%) ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерде тұрады.

Сонымен, балалардың 20,2 пайызы қиын тұрмыстық жағдайға тап болып тұр. Бұл балалар ертеңгі күннің қоғамға жат мүшелері болары анық.

Мемлекеттің қорғауына мұқтаж балаларды уақытша асырап бағу проблемасын уақытша жетімдер панасы шешеді. Олардың негізгі мақсаты балаларға жақсы тұрмыс жағдайын туғызу, тыныс тіршілігіне психологиялық

қолдау көрсету, сондай-ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау. Арқалық қаласы панасының жұмысы көңілге қонарлық, онда балаларды қорғау мамандары мен әлеуметтік педагогтардың басшылығымен сондай кәмелетке толмағандардың ата-аналарын оңалту жөніндегі қызметі тәжірибеленеді: емдеу жұмыстары жүргізіледі, жеке бастарының куәліктері ресімделеді, еңбекке орналастырылады. Отбасындағы жағдай түзелген соң, бала үйіне жіберіледі.

Қазақстан Республикасының «Бала құқығы туралы» Заңында мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқару органдары қызметінің басым жақтары мемлекеттік саясатты балалардың мүдделеріне сай жүзеге асыру арқылы анықталады. Сонымен бірге, қиын жағдайға тап болған балалардың саны бүгінгі күні оларды бейімдеу үшiн облыстың мүмкіндіктерін жүзеге асырудан асып түседі.

Үш панада (Арқалық, Қостанай, Рудный) жоба бойынша 69 орынға лайықталған орында 2006 жылдың басында 78 бала тұрып жатыр. Бүгінгі таңда Әулиекөл, Денисов, Жітіқара, Қостанай, Қарабалық, Қамысты, Қарасу, Меңдіқара аудандарында осындай жетімдер панасын ашу мәселесі өзектi болып тұр және Рудный қаласындағы пананы 2010 және 2011 жылдарда кенейту.

Статистикалық деректер кемшіліктер деп мыналарды атайды:

білім беру, ішкі істер, денсаулық сақтау мекемелерінде түрлі профилактикалық есепте тұрған және «сенімсіз топқа»жататын балалар мен жасөспірімдерді оңалту, заңнама және мораль нормаларымен сәйкес оларды әлеуметтік өмірге бейімдеу жөніндегі жұмыс, өкілетті биліктің және атқарушы биліктің мүдделі мекемелерінің, бизнес секторының, БАҚ кәмелетке толмағандардың әр ауданда және әр қаланың ықшам аудандарында олардың құқығының, денсаулығы мен мүдделерінің сақталуына ықпал ететін іс қимылдарын ведомствоаралық үйлестіру.

Кәмелетке толмағандардың арасында қылмыс деңгейін азайту жөнінде бiлiм беру кеңiстiгiнде заңды тұлға болып табылатын 6 балалар ұйымы, заңда тұлға болып табылмайтын 60 балалар бiрлестiгi жұмысын жалғастыруда. Мемлекеттiк емес ұйымдар мен балалар бiрлестiктерiнде балалар мен жасөспiрiмдерді қамту 58,6% құрайды, 2005 жылға қарағанда 20% жоғары, балалар қозғалыстары мен мемлекеттiк ұйымдарының бiлiм беру жүйесiндегi алға жылжушылығы айғақ болады.

Облыстың бiлiм беру жүйесiнiң бейiмделу мүмкiндiктерiн кенейту мақсатында 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия қызмет iстейдi, 2005 жылы және 2006 жылдың 9 айы iшiнде олармен 6630 бала тексерiлген. Барлық балаларға ақыл-ой және дене мүмкiндiктерi деңгейiне сәйкес оқытудың бағдарламалары белгiленген. Сонымен қатар, 11 коррекция кабинетi және 56 логопедтiк пункт ашылған, олардың көмегiмен 2000 оқушыға түзету көмегi көрсетiлдi.

Облыстың бiлiм беру кеңiстiгiнде осы уақыт iшiнде, оқушылардың адамгершiлiк және салауатты өмiр салты негiзiнде ұластыруға бағытталған 9 лицензиялы авторлық әдiстеме мен бағдарлама iске асырылуда. Оқу жоспарына зиянды әдеттердiн алдын–алудың деңгейлi бағдарламасы бойынша “Өзiн-өзi тану” арнайы курсы енгiзiлген, 8 тәжiрибе алаңы бақыланған. 60-тан астам жалпы бiлiм беретiн мектептер “Денсаулықты нығайтуға мүмкіндік беретін мектептер” ұлттық жүйесiне кiредi.

2004 жылдан бері республикалық трансфертпен облыстың білім беру кеңістігінде 354 әлеуметтік педагог, 82 психолог, 372 мейірбике жұмыс істейді.Бiлiм беру мекемелерiнде қылмыс деңгейін азайту жөнінде 350 денсаулық клубы жұмысын жалғастыруда, облыстың жалпы білім беретін мектептерінде 333 есірткіге қарсы пункт жұмыс істейді, онда тәртібі шектен шыққан балаларға бақылау жасалынады. Есірткіге қарсы бекет қызметкерлерінің құрамына есірткіге тәуелді балалармен профилактикалық жұмыс жүргізу ісі курсынан өткен фельдшерлер, нарколог дәрігерлер, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар, психологтар кіреді.

Құқық бұзушылықтың алдын алудағы маңызды бағыттардың бірі оқушылардың мектептен тыс және тұрғылықты жерлерінде бос уақыттарын ұйымдастыру болып табылады. Бұл жерде қоғамға жат қылыққа бейім балаларға ерекше көңіл бөлген жөн. 2006-2007 оқу жылында мектептен тыс ұйымдардың желiсi 61-ден 66 бiрлiкке өскен, бұл мектептен тыс ұйымдардың бос уақыттары мен тұрғылықты жердегi бос уақыттарын қамтуды ұйымдастыруы 26% (2005 жылы) 60,4% дейiн (2006 жыл) өсуiне себеп болған. Алайда мектептен тыс ұйымдардың желісі кәмелетке толмағандардың көрсетілген категориясының мүдделеріне сай келмейді. Қазіргі таңда оның желісі сапалық және сандық тұрғыдан да кеңейтуді қажет етеді. Мысалы 66 мектептен тыс ұйымның 25-і ғана ауылдық жерде істейді, оның ішінде 26 спорт мектебінің 15-і ауылдық жерде орналасқан. Тек қана 2 жас техниктер станциясы жұмыс істейді, жас саяхатшылар станциясы мүлдем жоқ.133 аула клубының 81-і ауылдық жерде жұмыс істейді, олардың 33-і мектептердің жанынан ұйымдастырылған. Аула командаларының жарысы ретіндегі мектептен тыс ұйымдастыру шаралары бұрынғының естелігіндей елес күйінде қалды. Бұрынырақ салынған хоккей корттары мен спорт алаңдары қалпына келтірілмейді, мектеп жанындағы спорт алаңдары аула және аула клубтарының аумақтары жабдықталмаған, спорт алаңдарының жарақталуы көңілден шықпайды, талғамсыз жасалған. Аула клубтарының спорт жөніндегі нұсқаушыларының жетіспеуі, тұрғылықты жерi бойынша меншiктi пәтер кооперативiнiң қоғамдастығы балалар мен жастардың бос уақытын ұйымдастыруға араласпауы аяққа тұсау болып отыр. Жоғарыда аталғандардың негізінде 2009 жылға дейiн Алтынсарин, Аманкелдi, Жанкелдин, Қарабалық, Қарасу, Меңдiқара, Науырзым, Сарыкөл, Таран, Ұзынкөл, Федоров аудандары мен Арқалық қаласында, 2010-2011 жылдары Әулиекөл, Денисов, Жiтiқара, Қамысты аудандарында аудан орталығынан шетте орналасқан ауылдық мектептердің жанынан бос уақыт өткізу орталықтарын ашу, спорт алаңдарын жабдықтау, құрал-саймандар сатып алу жоспарлануда. Лисаков және Рудный қалаларында 2007 және 2011 жылдар аралығында қолданыстағы аула клубтарының материалдық базасы нығайтылады.

Iшкi iстер департаментiнiң қылмыс жасаған балалар туралы беретін ай сайынғы мәліметтері мен мүдделі мекемелердің сол қылмыстың жасалу себебін анықтау жөніндегі қызметінің талдау барысында кеңінен тараған және көкейтесті мәселелер мыналар екенін көрсетті:

білім беру мекемелерінің және бөлiмше, сондай-ақ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі топтардың инспекторлары арасында тиісті деңгейдегі өзара іс әрекеттерінің жоқтығы;

қолайсыз отбасыларында тұратын, тәртібі шектен шығуға шақ тұрған жасөспірімдерді дер кезінде анықтай алмау;

отбасы тәрбиесінде құқық және құқықтық сана мәдениеті деңгейінің төмен болуы, кәмелетке толмағандарға ата-аналар тарапынан қойылатын талаптардың жеткіліксіздігі;

кәмелетке толмағандармен қылмыс жасау фактісі тіркелгенде ғана барып жұмыс істеу;

бірнеше рет қылмыс жасаған, психиатрда есепте тұратын,тәртібі қоғамға жат қылықтарға толы, ата-анасының баласына деген кері ықпалы ұдайы басым орын алған отбасы балаларын оқыту;

қолайсыз отбасыларының көп болуы және олардың ішінен құқық бұзушы балалардың көптеп шығуы.

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және Қостанай облысында балалардың қараусыз және бағып қағусыз қалуын болдырмау үшін жүргізiлетін жұмыстың тиімді болуы үшін, олардың тұрғылықты жерлерінде, әсіресе жылдың жылы мезгілдері мен демалыс уақыттарында бос уақыттарын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлген жөн. Бұл жұмысқа дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдерін, қоғамдық белсенділерді уақытша жұмыс орындарын аша отырып тартқан ұтымды.

Балалармен уақытында профилактикалық жұмыс жүргізу, есепке алу, әлеуметке жат қылықтары бейiм және тәртiбi шектен шыққан жасөспiрiмдердi кейiнгi оңалдыру манызды болып табылады; балалар және жасөспірімдер қылмысының себебiн анықтау мен шеттетуге бағытталған аналитикалық және басқарушылық қызметi, мәселесінде ведомство аралық өзара іс әрекетін үйлестіруді жақсартуға мүмкіндік береді.

Әлеуметтi нық қоғамды қалыптастыру, кеңейген ақпаратты – насихаттық және әлеуметтiк – педагогикалық қызметтi құрметтейтiн заңдылыққа себепшi болады, бiлiм беру ортасының даму мүмкiндiгiн қалыптастыруы, Қостанай облысында кәмелетке толмағандарды бейiмдеу мен оңалдыруға себеп болушы, қанғыбастық пен қоғамға жат қылықтарына, өмiрдiң қиын жағдайларына тап болғандарға маңызды әсер етедi. Сонымен бiрге, облыстың мәдени және спорт өмiрi ортасына тарту арқылы балалардың мектептен тыс бос уақытын ұйымдастыру үшiн және жасөспiрiмнiң тұрғылықты жерi бойынша, материалды – техникалық базасын кенейту болып табылады.

Аталған мәселелерге көңiл бөле отырып Қазақстан Республикасы мен әлемнiң жетекшi елдерiнiң тәжiрибелерiне сүйене отырып, қоғамның әлеуметтiк жетiлуiнiң көрсеткiшi оның балалар мен қарт адамдарға қарым – қатынасы болып табылады. Сондықтан да, атқарушы үкiметтiң осы Бағдарламадағы берiлген мәселелердi шешуiне салмақты көңiл аударуын талап етедi.

4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты өзара сiңiсушiлiк түрде және сабақтастық мақсаттарына негiзделген :

1- кезең (2007-2009 жылдар) – кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу жөніндегі кешенді шаралар жүйесін құру;

2 - кезең (2010-2011жылдар) - өмiрдiң қиын жағдайларына тап болған, қаңғыбастылық пен әлеуметке жат қылықтарға бейiм балаларды әлеуметтiк бейiмдеу мен оңалтуға себеп болушы, бiлiм беру ортасының әлеуетін дамыту.

Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін бірінші кезеңде мынадай басым міндеттерді шешу көзделіп отыр:

мемлекеттік, құқық қорғау және қоғамдық ұйымдардың жоғары құқықтық, өнегелілік мәдениетін қалыптастырудағы және кәмелетке толмағандардың бойында қоғамға жат қылықты болдырмау жөніндегі қызметін бірлесіп жүргізуді қамтамасыз ету;

облыстың құқық қорғау органдарының қылмыс жасайтын және әкімшілік құқық бұзушы, немесе соны жасауға бейім балаларды дер кезінде анықтап табу, есепке алу, профилактикалық жұмыс жүргізу;

ішімдікке, есірткіге, улы заттарға тәуелді, немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға бейiм кәмелетке толмаған балаларды табу және оларды есепке тұрғызу, оңалту;

кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқығын қорғау жөнінде облыстық және өңірлік комиссия қызметтерiн одан әрі жетiлдiру;

2009 жылға дейiн Алтынсарин, Аманкелдi, Жанкелдин, Қарабалық, Қарасу, Меңдiқара, Науырзым, Сарыкөл, Таран, Ұзынкөл, Федоров аудандары мен Арқалық қаласында, аудан орталығынан шетте орналасқан ауылдық мектептердің жанынан бос уақыт өткізу орталықтарын ашу, спорт алаңдарын жабдықтау, инвентарь сатып алу.

кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарының құқықтық сауатын ашу.

Екінші кезеңде:

Әулиекөл, Денисов, Жітіқара, Қостанай, Қарабалық, Қамысты, Қарасу, Меңдіқара аудандарында жетімдер панасын ашу және Рудный қаласындағы пананы 2010 және 2011 жылға дейін кенейту;



Әуликөл, Денисов, Жiтiқара, Қамысты аудандарында, аудан орталығынан шетте орналасқан ауылдық мектептердің жанынан бос уақыт өткізу орталықтарын ашу, спорт алаңдарын жабдықтау, инвентарь сатып алу. Қостанай ауданы мен Қостанай қаласында бұл жұмыс жыл сайын Бағдарламаны iске асыру уақытында үзіліссіз жүргiзiледi. Лисаков және Рудный қалаларында 2007 жылдан 2011 жылдарда жыл сайын аула клубтарының материалдық базасы нығайтылады;

кәмелетке толмағандарды облыстың мәдени, спорттық өміріне белсенді түрде тарту.

Бұл мiндеттердi орындау кезiнде, бiрiншi кезеңнiң мiндеттерi өзiнiң өзектiлiгiн жоймайды.

5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі


Бағдарлама мынадай бағыттарды көздейді:

емдеу-диагностикалық iс-шаралары;

ақпараттық-насихат жүргізу қызметі (алдын-алу);

әлеуметтік-педагогикалық жұмыс (оңалту және бейiмдеу);

материалдық базаны кеңейту;

оң бағытта өмір сүру машықтарын қалыптастыру.

Бағдарламаны іске асыру тетіктері болып табылады:

атқарушы билік саласы мемлекеттік мекемелерінің кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауын, құқық бұзуын және қараусыз қалуын болдырмауын келісе отырып жасайтын іс-қимылдары;

мемлекеттік мекемелер, шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттiк емес ұйымдар арасындағы әлеуметтік серіктестік;

мүдделі ведомстволардың тиісті ақпарат алмасуы және кәмелетке толмағандардың бос уақытын ұйымдасқан түрімен, емдеу-профилактикалық шаралардың барлық түрімен, оқу және еңбек процесімен қамтуы;

тиісті құқық қорғау және алқалы мемлекеттік органдарында кәмелетке толмағандар тарапынан орын алған құқыққа қайшы қылықтарына, жекелеген ата-аналар мен басқа да тұлғалардың тарапынан кері ықпалын тигізетін, сондай-ақ оларды қылмыстық және қоғамға қарсы әрекетке тарту жәйттеріне байланысты фактілері туралы материалдарды қарау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; кәмелетке толмағандардың қоғамға жат қылықтарын болдырмауға ықпал ететін әлеуметтік ортаның әлеуетін дамыту туралы мәселелерді қарау және заңда қаралған шараларды қабылдау.

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс шаралардың орындалуын бақылауды және үйлестіруді кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия жарты жылда бір рет жүзеге асырады. Бағдарламаны іске асыру барысы жайлы ақпарат жыл сайын облыстық мәслихат сессиясына және облыс әкіміне ұсынылады.





  1. Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері

Облыстық, аудандар және қалалар бюджеттерінің қаржылары.

Қаржыландырудың болжамдалған көлемдері:

барлығы – 226522,8 мың теңге, оның ішінде:

2007 жылы – 64349,5 мың теңге

2008 жылы – 64440,4 мың теңге

2009 жылы – 97732,9 мың теңге;

олардың ішінде облыстық бюджет қаражаты:

барлығы – 2388,0 мың теңге, оның ішінде:

2007 жылы – 745,0 мың теңге

2008 жылы – 896,0 мың теңге

2009 жылы – 747,0 мың теңге;

аудан және қала бюджетi қаражатынан:

барлығы –224134,8 мың теңге, оның ішінде:

2007 жылы –63604,5 мың теңге

2008 жылы –63544,4 мың теңге

2009 жылы-96895,9 мың теңге.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже

2011 жылдың соңына қарай кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде жаңа әлеуметтік-экономикалық негіздегі тұтас бір жүйе құрылатын болады. Кәмелетке толмағандармен және әлеуметтік-педагогикалық процеске қатысушылармен жаңа материалдық-техникалық база негізіндегі әлеуметтік серіктестік пен құқық бұзушылықтың алдын алу тиімділігін жетілдіру жөнінде іс шаралар кешені өткізілетін болады.

8. Қостанай облысында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алудың өңірлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары


р/с


Іс-шаралар


Аяқтау

нысаны


Жауапты орындаушылар


Орындалу мерзімі

Болжанып отырған шығыстар (мың теңге)

Қаржыландыру көздері




2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл




1

2

3

4

5

6


7

8

9




1.Емдiк-диагностикалық шаралар




1

Алкогольдік ішімдікке, есірткіге және улы заттарға тәуелді кәмелетке толмағандардың толық есебін алуды қамтамасыз ету

Облыс әкiмдiгіне

ақпарат


ОББД,ОДСД

Жыл сайын, қаңтар және шiлде (айдың 1 күнi)










Шығын талап етілмейді




2

Кәмелетке толмағандар арасында облыстың

балаларды қабылдау-тарату бөлімінде,

балалар панасында,

мектеп-интернаттары мен балалар үйлерінде профилактикалық тексеру жүргізу.



Облыс әкiмдiгіне

ақпарат


ОДСД ІІД және ОББД келісе отырып

Дерек бойынша, баланың түскен кезiнен, кесте бойынша










Шығын талап етілмейді




3

Облыстың оқушылары арасында қылмыстың үрдісі мен себептерiне талдау жасау, оның ішінде наркодиспансерде есепте тұратын

Облыс әкiмдiгіне

ақпарат


ОДСД ІІД және ОББД келісе отырып

Жыл сайын, қаңтар, маусым











Шығын талап етілмейді




4

Облыс өңірлері шегінде кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың мониторингін жүргізу

Облыс әкiмдiгіне, прокуратураға, ОББД

ақпарат


ІІД

Ай сайын










Шығын талап етілмейді




5

Білім бөлімдері мен білім беру мекемелерінің назарына орын алған құқық бұзушылық пен қылмыстар туралы жедел ақпаратты жеткізіп отыру, мониторинг өткiзу.


Аудандар мен қалалар әкiмдiктеріне,

бiлiм беру бөлiмдерiне ақпарат




Бiлiм беру бөлiмдерiне, аудандар мен қалалар әкiмдіктеріне ақпарат

Ай сайын










Шығын талап етілмейді




6

Білім бөлімдері мен білім беру ұйымдарының назарына орын алған қылмыстар туралы жедел ақпаратты жеткізіп отыру

Бiлiм беру ұйымдарына ақпарат

Аудандар және қалалардың IIБ

Жыл сайын, жетiсiне бiр рет.










Шығын талап етілмейді




7

Білім бөлімдері мен ұйымдарына оқушылар жасаған қылмыстар туралы жедел ақпаратты жеткізіп отыру

Бiлiм беру ұйымдарына ақпарат

IIД

Тәулік ішінде










Шығын талап етілмейді




8

Оқушылар мен арнайы барлық алдан-алу есебiнде тұрған оқушылардың, сауықтыру және бос еместiгiн, жазғы демалыстарын ұйымдастыру жұмысын жүргiзу.


Облыс әкімінің қаулысы.

ІІД және ОББД нұсқаулы құжаттары




Облыс әкімдiгi,

ІІД, ОББД




Сәуiр-тамыз

Жыл сайын





52677,0


54484,8


57878,7

Аудандар мен қалалар бюджеттері




9

Тәртібі шектен шыққан, қолайсыз отбасылардан шыққан балаларды табуға және оларды iшкi iстер органына есепке тұрғызу

Құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша мектеп кеңесiнiң хаттамасы, тізімдер

Білім беру ұйымдары

Тұрақты










Шығын талап етілмейді




2. Ақпараттық-насихат қызметі
















10

“Балаларды қорғау күні” шеңберінде облыстық наркология диспансерінде Ашық есік күнiн өткізу

Врач-нарколог дәрігерлер мен кездесу

ОДСД

Жыл сайын










Шығын талап етілмейді




11

Ата-аналарды қатыстыра отырып, балалар мен жасөспірімдердің өз отбасыларында жағымды өмір құндылықтарын және құқықтық өнегелілік мәдениетін қалыптастыру мәселесі бойынша конференциялар өткізу

Коференциялар

Білім беру ұйымдары

Жыл сайын

775,9

821,5


880,3

Аудандар мен қалалардың бюджеттерi




12

Білім беру мекемелерінің мүдделі басқарушыларының біліктілігін арттыру курстарының шеңберінде оқушылар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың орын алу мәселелерін талқылау

Бiлiктiлiкті арттыру курстары



Облыстық БА және МҚДИ, бiлiм бөлiмдерi


Облыстық БА және МҚДИ жұмыс жоспарына отырып


1835,8

1950,4


2079,6

Аудандар мен қалалар бюджеттерi




13

ІІД бірлесе отырып оқушылар арасында құқық бұзушылық мәселелері бойынша бiлiм беру департаментi алқа мәжілістерін өткізу

Алқа мәжілісінің хаттамасы

ОББ Д

ОББД жұмыс жоспарына сәйкес










Шығын талап етілмейді




14

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде жүргізілетін жұмысты БАҚ жариялау (өңірлер шегінде-1 қосымша)

Интервью, мақалалар

Бiлiм беру бөлiмдерi мен ұйымдары

Тоқсан сайын

258,4

267,6


278,5

Аудандар мен қалалардың бюджеттерi




15

Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық және аудандық комиссиялардың хатшылары үшін үйрету семинарларын өткізу

Біліктілігін арттыру курстары семинар түрiнде

МҚҚД және БАӨО МКК


2007 жыл

275,0







Аудандар мен қалалардың бюджеттерi




16

Білім беру бөлімдері мамандарына арналған мектеп жасындағы барлық балалардың жалпы орта білім алуға деген конституциялық құқығын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі мәселелер бойынша облыстық семинарларға қатынасу

Семинарлар

ОББД, аудан,қалалардың бiлiм бөлiмдерi

Жыл сайын

204,4

219,9

237,6

Аудандар мен қалалардың бюджеттері




3. Әлеуметтік-педагогикалық жұмыс
















17

Салауатты өмір салты мәселесі бойынша мүдделі ведомстволармен бірлесе отырып “дөңгелек үстелдер” және конференциялар өткізуге қатынасу

«Дөңгелек үстел», конференциялар


ОДСД


Тұрақты











Шығын талап етілмейді





18

Бос жұмыс орындарын пайдалана отырып, еңбекпен қамту ұйымдарында тіркеуде тұрған кәмелетке толмағандардың жұмысқа орналасуына көмек көрсету

Облыс әкімдiгiне ақпарат

ЖҚҮ және ӘБД, аудандар мен қалалар әкiмдiктерi

Жыл сайын, қаңтарға,

тамызға












Шығын талап етілмейді




19

Облыстық білім беру мекемелерінде психологиялық қызметітұжырымдамасын әзірлеу

Эксперттк кеңестiң хаттамасы, тұжырымдама


ОББД

2007 жыл










Шығын талап етілмейді




20

Мектеп жасындағы балалардың оқумен толық қамтылуын, профилактикалық есептің барлық түрінде тұрған балалардың сабаққа қатынасуына бақылауды қамтамасыз ету.

Облыс әкімдiгiне ақпарат

ОББД

Жыл сайын 1 қаңтарға, 1 тамызға











Шығын талап етілмейді




21

“Заңға құлықты азамат” облыстық онкүндігін өткізу

Онкүндiктi өткiзу туралы ереже, ОББД бұйрығы

ОББД

2007-2010 жылдар










Шығын талап етілмейді





22

Қылмыстық жағдайы ауыр қалалар мен аудандарда кәмелетке толмағандардың істері мен олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың көшпелі отырыстарын өткізу

Облыстық

комиссияның

хаттамалары


Облыс әкiмдiгі

Жыл сайын










Шығын талап етілмейді




23

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларға олардың меншігіне пәтер беру, басқа да үй-жайларды ресімдеу мәселелерін шешу кезінде заңгерлік көмек, ұйымдық қолдау көрсету


Концультациялық пункт туралы ереже,облыс әкiмдiгіне ақпарат

ОББД, ОӘД (келiсiмi бойынша) аудан мен қалалардың әкімдері

2007 жыл










Шығын талап етілмейді




24

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған отбасыларының кәмелетке толмаған мектеп бітіруші балаларына кәсіптік техникалық мектептерден, лицейлерден, облыс аумағындағы колледждерден квоталық орын беруді қарастыру

Облыс әкiмдiгіне ақпарат

ОББД

Жыл сайын










Шығын талап етілмейді




25

Аудан және қалалық iшкi iстер бөлiмi мен халықтарды әлеуметтiк қорғау, бiлiм беру бөлiмдерiнiң қолайсыз отбасыларды тауып, осы отбасыларда тұратын балалардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету

Аудан мен қалалық кәмелетке толмағандардың iсi жөнiндегi комиссияның хаттамалары, бiрлескен жұмыс жоспары

Аудан мен қалалық кәмелетке толмағандардың iсi жөнiндегi комиссиялар

Жыл сайын










Шығын талап етілмейді



4. Материалдық базаны кеңейту


















26

Аудандарда ауылдық мектептердің жанынан бос уақытты өткізу орталықтарын ашу, спорт алаңдарын жабдықтау, инвентарь сатып алу (өңірлер шегінде-1 қөосымша)



Аудандар мен қалалардың бөлімдерінің бұйрығы

Аудандар мен қалалар әкімдері, бiлiм бөлiмдерi

Жыл сайын

3278,0

1500,0

24780,0

Аудандар мен қалалардың бюджеттері





27

Аула клубтарын ашу (өңірлер шегінде – 1 қосымша)



Аудандар мен қалалар әкімдіктерінің қаулыларыы


Аудандар мен қалалар әкімдері, бiлiм беру бөлiмдерiнiң басшылары



Жыл сайын



1740,0

1740,0

8501,0

Аудандар мен қалалардың бюджеттері




28

Лисаков, Рудный қалаларындағы аула клубтарының материалдық базасын нығайту (өңірлер шегінде – 1 қосымша)



ОББД есеп

Бiлiм беру бөлiмдері



Жыл сайын



2560,0

2560,2

2560,0

Қалалардың бюджеттері



5. Жағымды өмір сүру дағдыларын қалыптастыру


















29

“Мұрагер” клубының жұмысы

Концерттік бағдарламалар

ОМД

Тоқсан сайын
















30

Мектеп оқушыларының “Жас тұлпар” облыстық ақындар айтысы

Айтыс


ОББД

Жыл сайын


80,0

84,8

90,0

Облыстық бюджеттен




ОМД

100,0

106,0

112,0




31

Қостанай қаласының қабылдау-тарату тәрбиеленушілері үшін ойын-сайыс бағдарламаларын өткізу

Сайысты-ойын бағдарлама

ОМД

Жыл сайын










Шығын талап етілмейді




32

Аз қамтылған және тұрмысы төмен отбасы балалары үшін қайырымдылық шаралары

Қойылымдар, экскурсия, концерт

ОМД

Ай сайын










Шығын талап етілмейді




33

Мотокросс бойынша облыстық жарыс

Жарыс

ОББД

Жыл сайын

185,0

196,0

207,8

Облыстық бюджет




34

Картинг бойынша облыстық жарыс

Жарыс

ОББД

Жыл сайын

160,0

169,6

207,8

Облыстық бюджет




35

Жаяу жүру туризiмiнiң техникасы бойынша облыстық жарыс

Жарыс

ОББД

Жыл сайын

60,0

63,6

67,4

Облыстық бюджет




36

Техникалық шығармашылық бойынша слет және көрме

Слет және көрме

ОББД

Жыл сайын

50,0

53,0

56,2

Облыстық бюджет




37

Авиамоделдi спорт бойынша облыстық жарыс

Жарыс

ОББД

Жыл сайын

50,0

53,0

56,2

Облыстық бюджет




38

Облыстық әскери-патриоттық бiрлестiктер слеты

Слет

ОББД

Екі жылда бір рет




100,0




Облыстық бюджет




39

Өңірлік “Алау”

әскери-патриоттық ойыны



Ойын

ОББД

2007,2009 жылдар

60,0




67,4

Облыстық бюджет




40

Облыстық балалар ұйымдарының слеты

Слет

ОББД

2008 жыл




70,0




Облыстық бюджет







Жинағы










64349,5

64440,4

97732,9

226522,8










Оның ішінде:

























Облыстық бюджет










745,0

896,0

747,0

2388,0




Аудандар мен қалалардың бюджеттерi










63604,5

63544,4

96985,9

224134,8


Аббевиатуралардың ажырату

ОББД

ОМД


ОIIД

IIБ
МҚД және БАӨО МКМ

ОЖҚҮӘБД
ОӘД

ОДСД


“Қостанай облысының бiлiм беру департаментi” мемлекеттiк мекемесi

“Қостанай облысының мәдениет департаментi” мемлекеттiк мекемесi

“Қостанай облысының iшкi iстер департаментi” мемлекеттiк мекемесi

“Қостанай облысының iшкi iстер департаментi” мемлекеттiк мекемесiнiң iшкi iстер бөлiмдерi

“Мемлекеттiк қызметкерлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттырудың өңірлік орталығы” мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны

“Қостанай облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi” мемлекеттiк мекемесi

“Қостанай облысының әдiлет департаментi” мемлекеттiк мекемесi

“Қостанай облысының денсаулық сақтау департаментi” мемлекеттiк мекемесi



Мәселенiң қазiргi жай-күйiн талдау

Заңы. Облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 8 шiлдедегi №205 “Қостанай облысында құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күресудiң 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы” ш

424.8kb.

25 12 2014
1 стр.


Тарау. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар

Білім беру жүйесінің жай-күйін талдау

967.07kb.

25 12 2014
6 стр.


"Қазiргi компаративистиканың интегративті функциялары" атты I халықаралық ғылыми Симпозиум

Сiздерді 2013 жылдың 19 20 сәуiр аралығында өтетін "Қазiргi компаративистиканың интегративті функциялары" атты I халықаралық ғылыми Симпозиумға қатысуға шақырамыз

95.34kb.

15 10 2014
1 стр.


1 Нарық жағдайында акционерлік қоғамның Жай жәнЕ жай емес түрде қалыптасуы мен қызметтері

Коммерциялық банктердегі ресурстарды басқарудың стратегияларын қалыптастыру жолдары

1145.25kb.

15 10 2014
5 стр.


Жай бөлшектерді көбейту Сабақтың мақсаты

Білімділік: Өтілген тақырыптарды қайталау және жүйелеу Жай бөлшектерді қосу, азайту және көбейте білу дағдыларын қалыптастыру. Өздіктерінен есептерді шығара білуге үйрету

87.98kb.

25 12 2014
1 стр.


Пайдаланушы нұСҚаулығЫ

Талдау және статистиканы ашу үшін Есептілік – Талдау және статистика модуліне өту қажет

372.49kb.

09 10 2014
3 стр.


Тақырыбы: Жай бөлшектің негізгі қасиетін пайдаланып, есептер шығару Мақсаты

Мақсаты: Жай бөлшектің негізгі қасиетін қолдануда білім-білік дағдыларын қалыптастыру, білімді бақылау, білімге құштарлықты дамыту, есеп шығаруда туындаған қиындықтарды жеңе білу

62.78kb.

16 12 2014
1 стр.


Диплом жұмысы қазiргi қазақ тiлiндегi бір қҰрамды сөйлемдер
475.92kb.

25 12 2014
3 стр.