Перейти на главную страницу
|
| |
|
Рухани мәдениет деңгейі өседі |
|
Әлеуметтік ортаны танып-білу белсенділігі артады
Шығармашылық қабілет деңгейі жоғарылайды
Олай болса, жаңа ғасырдағы мектептің көп қырлы оқу-тәрбие үрдісінде ата-баба қанында бар ерекшеліктерді ескере отырып, халқымыздың бай мұрасымен тәрбиелеу----- өмір талабы.
Өйткені өнегелілік негізі---- ұлт болып қалыптасқан елдің өмір бойы ой елегінен өткізген адамгершілік жиынтығы мен рухани болмыс
2.1.Әлеуметтік педагог және оның ауыл мектептеріндегі қызметіне сипаттама.
Мектеп оқушысының қоршаған ортамен байланыстарының сипаты өзгеруі үшін оқу орындарының барлық түрлері шын мәнінде әлеуметтік және мәдени тәрбие орындары ретінде танылып, оларда әлеуметтік педагогикаға лайықты орын алуы қажет.
Ал енді қоғамға,әрбір оқушы мен оның отбасысына қажет болып отырған әлеуметтік педагог дегеніміз кім, ол қандай болуы керек ?
Әлеуметтік педагог ---- өзінің негізгі жұмыс бағытын оққушылардың сабақтан бос уақытын тиімді пайдалану мәселесімен айналысады. Олар ата-аналармен бірлесе отырып, мектептен тыс көптеген қызықты жұмыстар жүргізе алады. Оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекеттері әлеуметтік педагогтың үлесіне тиеді.
Алдымен әлеуметтік педагог әрбір өскелең жас адамға ақылшы, ұстаз, ұйымдастырушы, психолог, тәрбиеші, үлестіруші-әдіскер, олардыың әлеуметтік құқықтарын қорғаушы болуға тиіс. Әлеуметтік педагог кәсіби психологиялық жағынан дербес жасампаз адамдарға, жоғары оқу орнында алған білімі мен машығы негізінде оқушы жастар мен олардың отбасыларының құқықтарын әлеуметтік жағынан қорғай алатын, жеке адамның әлеуметтік ортада,оқу барысында, еңбек қызметінде және бос уақытында жан-жақты жарасымды дамуының мәселелерін пайымдап, іске асыра алатын әлеуметтік педагогтарға ғана тиесілі. Әлеуметтік педагогтың жұмыс объектілері оқушылар мен ата-аналар ғана емес, сонымен қатар, әртүрлі жастағы адамдар, клубтар, секциялар, топтар және қоғамдық бірлестіктер.Мұндай ортада барлығы өздерін еркін ұстайды, тәуелсіз сезінеді. Сондықтан да бұл ортада жұмыс істеп, оқушының бос уақыттағы тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру қиын да күрделі жұмыс.
Әлбетте, бұл міндеттерді іске асыру үшін әлеуметтік педагогтар мемлекеттік, кооперативтік, мәдениет мекемелері, спорт ұйымдары мен кітапханалар ұйымдарының, балаларды қорғаушы және оларға қамқоршы ұйымдардың, бірлестіктердің т.б. көмегін пайдаланады.
Біліктілігі жоғары маман ретінде әлеуметтік педагогтар, сондай-ақ баланы әлеуметке бейімдеудің жалпы, ауқымды мәселелерімен қатар тиісті мекемелерде балалар тамағына бөлінген қаржының дұрыс жұмсалуын бақылау, интернат типті тәрбие орындарында гуманитарлық көмекте әділ болуы, т.б. сияқты жеке мәселелерді де шешеді.
Қазіргі әлеуметтік педагогтың ең алдымен әлеуметтік педагогика, әлеуметтік психология, педагогикалық социология, жас шамасының психологиясы мен педагогиикасы, акмеология, жастар мәдениеті, отбасын тану, құқық тану, ортаны педагогикаландыру сияқты салалардан арнайы білімі болуы тиіс.
Бүгінгі таңда ауыл мектептерінде әлеуметтік педагогтардың аса қажеттілігі туындап отырғандығы мәлім. Әлеуметтік педагог ауыл мектепптерінде тек мектеп оқушыларымен ғана емес, білім процесіндегі ересектерге де дағдарыс жағдайынан және қиын ситуациялардан (бақытсыз жағдай, ұжым мен ата-аналармен, әкімшілікпен конфликт, аурулар және т.б.) шығу жолдарын көрсетеді.
Әлеуметтік педагог жұмысындағы жасөспірімдермен жұмысының өзіндік ерекшелігі бар. Біріншіден, ол жасөспірімдермен жұмыста, олардың іс-әрекет мәселелерін нақтылауда оқушының оқу және тәрбие жетістігі мәселесіне ден қояды, жасөспірімдердің өмірсүйгіштік, оптимистік, отансүйгіштік бағытта бола білу, әртүрлі сәтсіздіктерді алдын-ала білу қасиеттерін қалыптастыруға ата-аналармен бірлесе отырып жұыс жүргізеді.
Әлеуметтік педагогтың жұмысының негізгі мақсаты ------ оқушылардың дамуын, тәрбиесін, білім алуын әлеуметтік тұрғыдан қорғау. Әлеуметтік педагогтың негізгі жұмысының басы алға мақсат қоюдан басталады. Өскелең ұрпаққа заман талабына сай тәрбиелеу, тұлғаның бойына жауапкершілікті, өз отанына деген міндет-борышын атқаруға, оның гүлденіп, өркендеуіне атсалысуына үйрету, өз тіліне, өзіне сүйіспеншілігін қалыптастыру, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор көрсету, табиғатты аялауға ықпал ету. Жалпы айтқанда осының бәрі ауыл жасөспірімдерінің өнегелі қасиеттерін қалыптастыру мен азаматтық тәрбиелердің негізінде жүріп отырады.
Б) түзете-дамытып оқытуда сынып оқушылары туралы педагогикаалық көзқарас пен мінез-құлқын қалыптастыруға кеңес беру;
В) түзете-дамытып оқыту сыныптарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда біркелкі талаптарға байланысты жоспар құру;
Г) өткен оқу жылында өткізлген педагогикалық консилиумды мектеп мұғалімдерімен келісе отырып талдау;
Ж) мектеп бітіруші оқушыларға (9-11 сынып) педагогикалық мінездеме беруге байланысты кеңес беру;
2.Оқушылармен жұмыс:
а) мектеп оқушыларының қоршаған ортасының дамуын бақылау, мониторинг жасау;
б) оқушылардың мінез-құлқындағы ерекшелігін диагностикалау;
в) жалпы оқу қабілеті мен дағдыларды диагностикалау;
г) оқушылардың әлеуметтік ортасын диагностикалау (отбасы, қарым-қатынас жасайтын ортасы, қызығушылығы мен қажеттілігі);
ж) оқушыға әлеуметтік психолого-педагоикалық мінездеме құру;
е) оқушыларға жүргізілетін түзету жұмыстарының жолдарын жасау;
3.Отбасымен жұмыс.
А) оқушылардың әлеуметтiк өмірінің жағдайын диагностикалау;
Б) оқушылардың отбасымен зерттеу жұмыстарын талдау;
В) ата-аналар жиналысында, ата-аналарға дәріс тақырыптарын өңдеу;
Г) сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысын талдау, ұсыныс беру;
Ж) оқушылардың мектепке, әлеуметтік ортаға бейімделу процесін мектеп ішінде бақылауға жоспар құру;
Е) ата-аналарға жеке кеңес беруді жүргізу.
Қазан
1.Түзете-дамытып оқыту сыныптарында диагностиканы жүргізу минимумы.
1. Оқушылар мен мұғалімдерге жеке кеңес беру.
1. Оқушылардың әлеуметтік картасын толтыру үшін сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерінің материал жинауына көмек көрсету.
2. Ата-аналар мен оқушыларға жеке кеңес беру,
3. Оқушылардың әлеуметтік педагогикалық ерекшелігі жөніндегі мағлұматтарын диагностикалау.
4. Әлеуметтік қызметкер, мұғалім, психолог, әкімшілік органдарының өкілдерімен кеңесе отырып мерекелік шараларды өткізу.
Наурыз
Қазіргі жағдайда мектептің, отбасының және көпшіліктің өзара байланысын жақсартатын әлеуметтік педагогтар даярлаудың ауқымын кеңейту керектігі өте айқын сезілуде. Мұндай категориядағы кәсіби білікті мамандарды дайындауға және қайта даярлауғаерекше көңіл аударуы қажет. Міне, сонда ғана бала тәрбиесіндегі мектеп, отбасы және көпшілік ұйымдардың арасындағы байланысты жақсартатын мамандар саны көбейіп, сапасы артады. Мұны өмір талап етіп отыр.
Күллі адамзат қауымында өткен ақыл-парасат алыптарының ой-кермегін тартып, тіршілік тұңғиықтарын терең толғап ұғынған сайын кемеңгерліктерін ұрпақ тәрбиесіне арнамағандары аз. Сонау көне дүние данышпандары Сократ та, Платон да Аристотель де төрткүл дүниенің тылсым сырларын ата-бабаларымыз Әл Фараби, Әбу Райхан Беруни, Ғаббас Ибн Сейд Әл Жауһари, Жүсіп Баласағұн т.б. мектеп ашып, шымырлай аққан ой құдіретін ұрпақ тәрбиесіне бұрған. Олай болса, ұлы ойшылдардың қол созған мұраттары тікелей адам тәрбиесіне астасып жатыр. Тіпті кешегі өткен Декарт Локк, Ян Амос Коменский, Жан-жак Руссо, Лев Толстой да тәрбие саласына ерекше көңіл бөлген. Қазақ баласының өнегелілік қасиетінің қалыптасуына ең әуелі шоқтығы биік болып көрінетін құдіреттің бірі - халық педагогикасы. Осы тұста қазақ халқының ұрпағына қалдырған аксиомалық ұғымдарды еске түсіреді. «Алып анадан туады» тылсым сыры әлі ашыла қоймаған ұлағатты сөз бар.
Адамдардың мінез-құлығы мен ар-ұжданы негізінен ақыл-парасат және жүрек тәрбиесінен алады екен. Осындай тұжырымды Абай Құнанбаев та құптайды.
Әл Фараби «жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде ғана адам бақытқа жетіп, адамшылық қасиеттерге ие болмақ», - дейді.
Адам мінезін негізінен тәрбиелеп қана жетілдіруге болатынын айтқан ұлы Абай: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады, онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де ақымақшылық», - деп адамның шынайы, саналы өмірін дәріптеген.
Тәрбиелі, өнегелі, адамгершілігі бай адамның бойынан байқалатын ұят пен ар, ізгілік, мейірім, имандылық пен инабат-ұждан ұғымына саяды. Ал, адам табиғатындағы ұждан деген қасиетті сипаттың тербелетін бесігі тек жүрек тәрбиесімен ғана үндесіп жататындығы белгілі.
Абай жүрек қалыптастыратын ұждандық сипатқа ерекше мән берген. Ол адам ғұмырында жүректің орнын алдыңғы қатарға қояды. Тіпті ақылдың тереңдігін күшейтетін де жүрек деп біледі. Сондықтан да ол:
Ақылмен бойлап білген сөз,
Бойыңда жұқпас сырғанар,
Ынталы жүрек сезген сөз
Бар тамырға қуалар ,-
деп адам тәрбиесінің темір қазығын жүрекпен байланыстырып отыр. 14-сөзінде «Тірі адамның жүректен алушы жері бар ма , Біздің қазақтың жүректі кісі дегені – батыр дегені.
… Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларсың --- жүректе жігер, қайрат байлаулылықтың жоқтығынан азады. Білместігімнен қылдым дегеннің көбіне нанбаймын»,---- деп терең нақтылықпен тәрбие тетіктерінің сырын ашып отыр.
Адамдар арасындағы қарым-қатынаста тіршілік, әдеп, инабат үрдісінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни, баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, өздерінің адамдармен қарым-қатынасында оны мүлтіксіз жүзеге асыруында. Өз ата-анасын құрметтейтін, перзенттік парызы үлкен орындалмайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр! Баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауы – адамшылдығының белгісі.
Отан — адамның түп-тұқияны, кіндік қаны тамып, өсіп-өнген жері. Сондықтан адамның Отан анасын ұмытпай, ата-мекенін жаудан қорғап, ата ерлігін сақтау, жалғастыру, туған жерді қастерлеуі ана сүтімен бойымызға дарыған қасиет.
Б.Байрон «Өз елін сүймеген адам ештеңені де сүйе алмайды»,- деген. Адамның өнегелілік қасиетінің қалыптасуы оның өзін-өзі басқаруы мен тұрмыста тәлтіректемей табанынан тік басып, мығым тұра білуі іс-қимыл шеберлігіне байланысты. Адамның осылай саналық қалыптасуындағы шешуші фактор — еңбек болып саналады.
Еңбек адамның шаруашылық мүмкіндігіне кең өріс ашып, оны жүзеге асыруға жігерлендіреді. Философ Жан Мари Гюго «Адам жұмыс істеген уақытта ғана толық адам болады» дейді. Ал, Абай Құнанбаев «Еңбек, қуаныш, жалқаулық—айрылмас азар»,- деп шегелейді. Еңбектің қасиетін жан-жақты адам бойында қалыптастыру - отбасы, ата-ана, ұстаз-тәрбиешілердің міндеті.
Еріншектік, жалқаулық, жатыпішерлер, арсыз арамтамақтар – халық жиіркенішпен қарайтындар, жанбай жатып өшетіндер екендігін ұғындыруымыз керек.
«Әділеттілік—мұсылмандардың барлық ұрпағының ой-пікірі, дүниетанымы, адамгершілік көзқарасының өзегін құрап, қанына сіңген ұғым болып табылады. Мұсылман әдетінде әділеттілік – іргелі және әмбебап ұлы қасиет, халық ұғымында әділдік үшін күрес ----- шынайы адамшылдық өмір үшін күрес деп есептейді. Адамның ең аяулы өнегелі қасиеті --- турашылдығы десек, турашылдық сол әділдіктен нәр алады. Әділдіктің жоқтығынан ел азады. Адамдардың жасампаздық күші сарқылып, биліктің іргесі шайқалады. Сондықтан жасөспірімдер бойына әділдік үшін күресті дарыта алсақ, ертеңге сеніммен қарауға болады» - деген Ш.Құдайбердиевтің сөзі өнегелі қасиеттің өресін кеңейте түседі.
Адалдық – адамгершіліктің аса маңызды талаптарының бірі. Ол жалған сөйлемеу, жалтармау, уәдесінде тұру сияқты қасиетті қамтиды. Баланы адалдыққа тәрбиелеу, адал еңбекке, әдептілікке үйретуден басталады. Бала өз ризық, несібесін өз еңбегімен, яғни адалдықпен тауып жеген адамның ең ардақты, халық алдында құрметті, сыйлы кісі саналатынын түсініп, сондай болуға өзі де талпынатындай үлгі-өнеге көріп, біліп өсуге тиіс. «Адалдық артық, арамдық жаман»деп, күтіп отыруға болмайды. Бала бойында халық рухымен сыйыса алмайтын қасиеттен арылтуды ертеден бастау керек.
Парасат — жеке тұлғаның қадір-қасиетін, кісілік кемелдігін білдіретін жиынтық ұғым. Француз философы Г.Мамбе: «Біздің бойымызға біткен ішіндегі ең маңыздысы және ізгісі парасат»,-- дейді.
Парасат ұғымын Абай адам болу, толық адам деген сөздермен белгілейді. «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»,- деп тұжырым жасайды.
Адам үшін ең қымбат қазына -- әдебиеттегі, өнердегі тағылым, тәжірбие. Бұларды біз нағыз классикаға бағалаймыз, өйткені бұл құндылықтар адамды даналыққа, өнегеліліке баулиды. Ал даналық, өнегелілік адам үшін өмір өткелдерінен сүріндірмей, жаңылдырмай алып шығатын шырақ, нысана, компас деуге болады.
Өнер -- ой-сезім бірлігі арқылы әлемнің тұтастай көрінісін жасайтын адам әрекетінің бір түрі. Халық өз дүниетанымын, салты мен дәстүрін, ғұмырлық тарихын ең алдымен өнерге сіңірген, сол арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізген. Халқымыздың ғасырлар бойы жинаған асыл, рухани қазыналарын, қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіріп,өнегелілік қасиеттерін қалыптастыруды өнер арқылы тәрбиелеу өзекті мәселелердің бірі.
Қазақ халқының мәдениеті ---- оның ұлттық тарихының өнімді өзегі, құрамдас бөлігі, маңызды саласы. Сондықтан оны игеру, өз алдына ғылым ретінде танып, оқып-үйрену ---- қазақпын дейтін әрбір адамның азаматтық парызы, қасиетті борышы, тұрмыс-тіршілігінің таусылмас талабы, қажеттілігі. Тарихқа шолу жасасақ, ол сонау Орхон-Енисей жазуынан бастап Қорқыт, Әл Фараби, Ж.Баласағұн, Иссауи, Ө. Тілеуқабылұлы т.б. сияқты орта ғасыр ойшылдарының шығармаларынан бастау алады. Олардың іішінде адам баласы қанша өмір сүрсе де, ешбір ескірмейтін, қадір-қасиетін жоғалтпайтын, бүкіл азаматтық мәнге ие болып қалыптасқан құндылықтар, ұрпақты салауаттылдыққа тәрбиелеудегі жоғарыдағы өнегелері өз мәнін жоймайды. Мәселен, Қорқыт жырлары имандылық пен ізеттілік, адамгершілік пен парасаттылыққа меңзейді. Көбінесе біз Қорқытты күйші ретінде білеміз, «өмірде… барсақ та Қорқыттың көрі» деген аңыз кездейсоқтық емес, ол адам баласына айтылған «ескертулер мен пендешілік құрыққа түспеуге меңзейтін болжамдар».
Қорқыт баба --- қазақ даласының ұлы ойшылы, күйшісі. Қобыз өнері – қазақ музыка мәдениеті тарихында ерекше орын алады. Халық «қобыз үнінде адамды қайғы-қасіреттер, қиындықтан, өлімнен құтқарушы құдіретті күш бар» деп ерекше қадірлеп, сеніп, қастерлеп, құрметтеген. Күй - өткен өмірдің тілсіз шежіресі.
Адам жүрегін тебірентетін толғауы тоқсан түрлі күйлер шығарып, әсерлі ән мен сазды күйлер ұрпақтан ұрпаққа тарап, халық жүрегінде мәңгі сақталатынын, жанымен тарап, халық жүрегінде мәңгі сақталатынын жанымен түсінген Қорқыт: «Өлмейтін өмір кілті ---- өнерде» деген. Қорқыттың көтерген мәңгілік құндылығы -өмірсүйгіштік.
Кең байтақ ұлы даланы мекндеген халқымыздың бір тілде сөйлеп, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінің, тіпті мінез-құлықтарының да біркелкі, ұқсас келуі бұрынғы өткен қасиетті Домалақ ана, Айша бибі, Жаған бегім, Нұрбике ханым, Айғаным, Ұлпан, Зере, Ұлжан сынды дана аналарымыздан қалған үлгі-өнеге.
Қазақ халқы -- рухани зор байлықтың мұрагері. Ежелгі ата-бабаларымыздың күмбірлеген күміс күйі, сыбызғы-сырнайының үні, асқақтата салған әсем әні, ғашықтық жырлары, мақал-мәтел, шешендік сөзі, айтыс өлеңдері сан ғасыр бойы өз ұрпағын «сегіз қырлы, бір сырлы», өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар-ұжданы жоғары, намысқой азамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық. Олай болса, еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде, олардың бойына ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін-жерін, Отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерді қаны мен жанына сіңіруде осы ата-бабаларымыздың салт-дәстүрі басты фактор болып табылады.
«Өткенді жақсы білмейінше келешекке сапар шегу айсыз қараңғыда сүрлеу соқпақ іздеп адасумен пара-пар!»-- деп Л.Н. Толстой айтқандай, ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағылымдарын оқып үйреніп, өнеге тұтпай, жастарды ізгілік пен парасаттылыққа баулу мүмкін емес.
Ата-аналар өсіріп отырған ұл-қыздарын жағымсыз қылықтардан сақтандырып отырған. Сондықтан да баланың бойынан көрінген кейбір кішігірім кемшіліктерді дер кезінде түзеп, ескерту жасап тұрудың маңызы үлкен. Себебі бүгін арзымайтындай болып көрінген кішкентай қателік ертең үлкен бір даулы мәселеге жол ашуы әбден мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайдың алдын алмаса, соңы жақсы нәтижеге алып келмейтіні сөзсіз. Бұл үшін жастардың өмірге көзқарасы өзгеруі тиіс, ал оны өзгертетін бүкіл мемлекеттік деңгейде бір бағытта жүргізілетін, әділетті де тиянақты тәрбиелік жұмыстар мен экономикалық, қоғамдық және саяси жағдайлар. Ауыл жасөспірімдерінің өнегелік қасиеттерін қалыптастыруға қатысты қоғам алдында тұрған ең өзекті мәселенің бірі осы.
Ауыл жасөспірімдерінің өнегелік қасиеттерін қалыптастыру мәселесін ұстаздар қауымына арта салумен бітпейді. Оның нәтижелі болуы ата-аналар мен қоғамдық ортаның тәрбие ісінен шет қалмай, белсене араласуына, адам тәрбиелеудегі жауапкершілікті бірлесе көтеріп, жұмыла іс істеуіне тікелей байланысты. Ол жөнінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заң жобасының 35-бабында: «Ата-аналар балалардың өмірі мен оқуы үшін олардың денсаулықтарын рухани әрі дене қуатының қауіпсіз дамуының адамгершілігі жағынан дұрыс қалыптасуын қамтамасыз етуге міндетті!» делінген.
Ұл мен қызы ата-анасынан сырын, жасырады. «Қыз қылығы ішінде, ұл қылығы сыртында » деуші еді бұрынғылар. Балалар қылығын ішке бүкпей, сыртқа да дабырлатып шығармай, ата-ана дер кезінде бәрін біліп отырса, тәрбие мәселесін де ашық әңгіме түрінде өтіп, оның қыр-сыры, уақыттылығы түсіндірілсе, мүлде басқаша болар еді деп ойлаймын. Бұл орай да ерекше ескере жайт, әрбір ата-ана оқымысты, барлығы ғылым емес болғандықтан, олардың балалары өз ой-парасатынша, өз қабілетінше тәрбиелегені ләзім. Мұндай жағдайда отбасылық дәстүрлердің өнегелілік қасиеттерді қалыптастыруға тигізер әсері өте зор. Ал халқымызда өнегелілік қасиеттерді қалыптастырар отбасылық салт-дәстүрлер өте көп. Әсіресе адамгершілік дәстүрі өзіне сай өзгеше қасиетпен дараланады.
Әрбір халықтың өзіне тән, басқа ешқандай ұлтқа немесе мемлекетке үйретуге келдмейтін мұндай дәстүрлер оның тұрмыстық, ұлттық ерекшелігінен, әлеуметтік-қоғамдық психологиясы мен идеясынан келіп шығады және аталған халықтың рухани байлығын белгілеп береді. Ең маңыздысы өнегелі қасиеттерді қалыптастыратын дәстүрлерді жандандырып, күнделікті тұрмыста, отбасында, ұрпақ тәрбиесінде орнымен қолдана білуде.
Шындығында да адамгершілік мінез негіздерінің астарында жалпы адамдық пен ұлттық құндылықтар бірігіп, адамдардың рухани мәдениеттілігін жүзеге асыратыны белгілі. Себебі жеке адамның ойлау қабілетін өсірмей немесе оның рухани дүниесін байытпай тұрып, саяси-экономикалық және мәдени салалардағы міндеттерді орындауға және тәуелсіздік идеологиясын қалыптастыруға болмайды. Қазіргідей нарықтық қатынасқа сатылай өтіп жатқан кезеңде қоғам мен мемлекет өзін таныған отансүйгіштік түсінігі мол, ұлтын сүйетін, қоғамдық еңбегі мен кәсібі, дағдысы, іскерлік негіздері қалыптасқан рухани сау, табиғи мықты, жалпы адамдық және ұлттық мінез-құлық нормаларын іске асыра білетін, рухани жағынан жетілген, өнегелілік қасиеті қалыптасқан, жан-жақты адам тәрбиелеп, кәмелетке жеткізуге өте мүдделі.
Осы жайтты терең түйіп, еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан өткізген халқымыз қыз баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған. Қыз баланың еңбексүйгіш, өнерлі, өнегелі болып өсуіне ерекше мән берген. Қолөнерге икемі жоқ қыздарды «Өз үйінде ою оймаған кісі үйінде тон пішер» деп келеке еткен. Тіпті, шай құю мен төсек жинаудың өзі үлкен сын болған. Осыған байланысты «Қыздың жмған жүгіндей» деген теңеулер текке айтылмаған.
Жоғарыда айтылған міндеттер мен алда тұрған мақсаттар бүгінгі егеменді Қазақстанның ұлт саясатында әлемдік мәдениетті қатар кіріктіре меңгерту арқылы жеке тұлғаның да, белгілі бір топтың да, бүкіл бір халықтың да менталиттетік өресін көтеру үшін қолға алынуда. Сонымен қатар барлық ұлттар мен ұлыстардың мемлекет байлығын жасауға, қазақ мәдениетіне жағымды да озық ықпал ету үшін елімізді мекендеп отырған барлық ұлыстың тең құқықтық, жооғары саналылықпен ат салысуы қажет.
Р. Т. Бисекенова (1-бөлім, 2-бөлім, 6-бөлім, 7-бөлім, пайдаланған әдебиеттер тізімі, жалпы жинақ, компьютерлік теңшелеу)
16 12 2014
10 стр.
Жұмыстың мазмұны: Кіріспе бөлім, теориялық бөлім, дамыту жолдарын қарастыру бөлімі, қорытынды, қолданылған әдебиеттер, қосымшалар
25 12 2014
5 стр.
Зерттеліп отырған жұмыста халқымыздың қолөнерінің бір ғана қырын ала отырып, қазақ қолөнерінің ұлттық ерекшелігімен сол қолөнердің заман ағымымен дамып келе жатқандығы негізгі арқа
12 10 2014
1 стр.
Түркиядағы қазақ диаспорасы тарихнамасының зерттелу деңгейі
14 12 2014
3 стр.
Ауыл мектептеріндегі жасөспірімдердің өнегелілік қасиеттерін қалыптасуы: қазіргі жағдай мәселесі
16 12 2014
6 стр.
Тұтқырлығы жоғары және тез қататын мұнайлар мен мұнай өнімдерін айдаудың негізгі тәсілдері
15 10 2014
4 стр.
16 12 2014
4 стр.
Бастауыш сыныптарда оқытылатын морфологялық ұғымдардың мазмұны мен олардың өзара сабақтастығы
15 12 2014
5 стр.