Перейти на главную страницу
1.1 Арт-терапияның шығу тарихы, негіздері...........................................................6
1.2 Арт-терапияны әр түрлі бағыттар бойынша қарастыру ...................................7
1.3 Арт-терапиядағы диагностика............................................................................12
1.4 Тұлғааралық конфликт және оның шешу жолдары ........................................27
2 БӨЛІМ. ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ.......................................33
2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері.................................................33
2.2 Зерттелінетін әдістемелердің сипаттамасы мен қолдану аясы.......................33
2.3 Арт-терапиялық тренинг сабақтары және оларды жүргізу жолдары.............35
2.4 Эксперименттік зерттеу барысы........................................................................36
2.5 Зертеу мәліметтерінің математикалық-статистикалық өңделуі.....................39
Казіргі уақытта психотерапияның маңызды салаларының бірі ол арт-терапия болып саналады. Арт-терапия даму үстіндегі психотерапияның әдістердің жаңа түрі болып есептеледі. Қазір Қазақстанда арт-терапия өзінің қалыптасу кезеңінде. Бұл сала Қазақстанда әлі де болса толығымен зерттелмеген деп айтуға толық негіз бар, себебі осы салада елімізде ғылыми жұмысты айтпағанның өзінде бітіру жұмысыда жоқ екендігі дәлел. Сонымен қатар арт-терапия түсінігі біздің елімізде әлі толығымен қалыптаспаған.
Арт-терапиямен айналысу үлкен профессионалды дайындықты, психотерапия аймағында іргелі білімді талап ететін қиын іс-әрекет болып есептеледі. Қазіргі кезде мұндай мамандар жоқтың қасы. Осыған қарамастан арт-терапияны қолдануға деген қызығушылық өте жоғары.
Арт-терапия жөніндегі білімді елімізде дәл қазіргі күнде тек қана психологтарға ғана емес, сонымен қатар педагогтарға, әлеуметтік жұмыскерлерге, қарт адамдар, жасөспірімдер психикалық ауру адамдарға тағы басқа көптеген жерлерде қолдану маңызды және қажет екендігі дәлелденуде.
Алғашқыда арт-терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат ауру немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, кейін келе оның қолданыс шеңбері кеңейді. Бұл дегеніміз арт-терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы ресурстарының мүмкіндігін түсініп ашуғада жағдай жасайды деген сөз. Мұнда адамның шығармашылық әрекетіндегі әсемдігі емес,сол кезеңдегі басынан өткен сезімдерді, қобалжуларды бейне арқылы жеткізу болып табылады. Түс көрген адамның сөзі: мен мұны сезініп тұрмын бірақ қалай айтарымды және бейнелерімді білмеймін. Психоаналитикалық бағыттың негізін салушы З.Фрейд айтқандай бұл барлық уақытта оңай емес.Яғни бұдан шығатын қорытынды толығымен сезімдерді жеткізе білгенде ғана, сол кезде арт-терапия өз мақсатына жетіп, эффективті болары сөзсіз. Осы еңбекте арт-терапия жаттығуларының қазақ және орыс студент топтарындағы агрессия, мазасыздану көрсеткіштерін төмендету тәсілі ретінде қолдандым.
Жұмыстың мақсаты: Арт-терапия жаттығуларының студенттер топтарындағы (қазақ, орыс) агрессия және мазасыздану көрсеткіштерін төмендету тәсілі ретіндегі маңызын зерттеу.
Зерттеу пәні: Студент топтарында арт-терапиялық тренинг жаттығуларын өткізу жағдайлары.
Жұмыстың өзектілігі:Қазіргі таңда психотерапияның маңызды салаларының бірі ол арт-терапия. Алғашқыда арт-терапияны тек ауру немесе сырқат адамдарға жүргізген болса казіргі кезде оның қолданыс аясы кеңеюде, яғни бұл терапия адамның щығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы ресурстарының мүмкіндігін түсініп ашуғада жағдай жасайды.
Оған қоса арт-терапияны қолдану арқылы белгілі-бір ұлтқа тән ерекшеліктердің айырмашылығын анықтауға болады. Енді ғана дамып келе жатқан сала екендігіне қарамастан осы саланы дамытудың маңызы зор болмақ. Келешекте осы салада кызмет етіп Қазақстандағы арт-терапияны дамытуға өз үлесімді қосқым келеді.
Арт-терапияны жүргізу барысында мүшелер саны 15-20 адамнан аспау керек. Одан көп болған жағдайда, қатысушыларға да, сонымен қатар, сол жұмысты жүргізушіге яғни психотерапевке де оңайға соқпайды. Топтың мүшелерінің көп болуы, жұмыс аяқталғасын жасалған жұмыстарға талдау, қорытынды шығару да қиынға соғады.[1, с.217-219].
Арт-терапияны жеке-дара шығармашылық жұмыс жасау үшін бөлме кең және ешқандай кедергілері жоқ, әрі жарық болуы қажет. Топ мүшелері өтіп жатқан арт-терапия жайлы білуіне құқы бар. Жұмыс жасау үшін әр түрлі құралдар қолданады: атап айтсақ, мысалы, соус, түрлі түсті қарандаштар, әр түрлі мөлшердегі щеткалар, губка, суы бар құты, политра, түрлі-түсті қағаздар, қоржын, желім, скотч, қайшы, жіп болмаса арқан және т.б. Кейбір сабақтарда маталар, батпақ, ермексаз, қамыр, ағаш, үлкен композиция жасау үшін табиғи жане басқада химиялық заттарды да пайдалануға болады.
Ал театрленген көрініс үшін грим, свеча, костюмдер, музыкалық аспаптар қажет болуы мүмкін. Ереже бойынша сабақтың тақырыбын психолог (арт-терапия жүргізуші) таңдайды. Дегенмен де оны топпен ақылдаса, кеңесе отырып, талдап, талқылап, таңдап алуға болады. [2, с.33-35].
Арт-терапияның тақырыбын таңдауға және топтастыруға болады. Осы жағдайды ескере отырып, осы салада педагогикалық практикада еңбек сіңірген М.Либманның классификациясы баршаға және бізге танымал:
Алғашқы кезде арт-терапияны ауруханалармен жүйке жүйесіндегі бұзылулары бар ауру емдеушілерді емдейтін эмоциялық бұзылулардың көрінісі бар адамдарға ғана қолданған. Қазіргі кезде арт-терапияның қолданыс аясы едәуір кеңейді және ол өзінің алғашқы психоаналитикалық негізінен алыстауда. Негізінен арт-терапияны қолданғанда ең бастысы жұмыс барысында талантын көрсету емес, спонтанды пайда болған қобалжуларын, қиындықтарын, бұрынғыдан қалғанелестерін суреттеу арқылы жеткізу.
Сонымен қоса, психотерапевтің шығармашылық жұмыс кезінде топ мүшелеріне көмек беруді және қажет жағдайда қолдау да көрсетуі керек. Мұндай топтармен жұмыс жасаушы психолог немесе психотерапевт көптеген сапаларға ие болуы керек. Атап айтатын болсақ, олар, адамгершілік, басқаларға қандай жағдай болмасын көмек қолын соза білу, тұрақтылық, барлық жағдайда түсінушілікпен қарау, сабырлық, кішіпейілділік, төзімдік, адалдық және тағы осы тұлғалық қасиеттер сияқты көптеген жақсы қасиеттерге ие болуы тиіс. [4, с.302].
1.2 Арт-терапияны әр түрлі бағыттар бойынша қарастыру
Жүздеген жылдар бойы өнер адамдар үшін ләззат алу көзі болып келді, ал өнердің көмегімен емдеу салыстырмалы түрде жаңа феномен. Арт-терапия термині (art-terapy тікелей қазақша баламасы «өнермен емдеу» деген мағананы білдіреді) қолданысқа 1938 жылы жоғарыда айтылған Адриан Хилл туберкулезбен ауырған санаториядағылар мен жұмысында алғаш айтқан. Көп кешікпей бұл сөз тіркесі ауруханалармен психикалық денсаулық орталықтарында жүргізілген өнерге қатысты қызметтің барлық түріне қолдана бастады. Бірақ көбнесе бұл анықтаманы өте кең мағынада әрі нақты емес деп санайды. Өнерді сапалы терапиялық мақсаттарда қолданудағы құндылығы, символикалық деңгейде әр түрлі сезімдермен тәжірибе жүргізу арқылы оларға көрініс беру және зерттеу болып табылады. Сиволдарды іске асыруын алғашқы қауымдық адамдардың үңгірдегі суреттерінен дейінгі және кейінгілерден байқауымызға болады. Біздің ертедегі ата-бабаларымыз сиволикалық бейнелерді өздерінің әлемдегі орны мен адамның күнелтуін айыру үшін қолданған. Өнер қоғамдық құрылыспен пайда болған қоғамның көрінісі болып табылады. Біздің дәуірімізде бұл өнердің жаңа стилдерінің пайда болуы моральдік, мәдениеттік құндылықтардың өзгеруінің дәлелдеуіне себеп болды.[5, с.218].
Көптеген мамандар арт-терапияда өздерінің практикаларында психодинамикалық көзқараста Фрейд пен Юнгтың символдық формасында бейсаналы түрде көрінеді дейді. Сонымен қатар, Маргарет Наубургтың ойы бойынша психокоррекциялық топта олардың мүшелеріне оңай өздерінің қиялдарын, қорқыныштарын сөз арқылы емес, сурет арқылы көрсетуге болады. Өзінің ішкі қайғыруының емделуші сурет салу үрдісі арқылы сөзбен айту қабілетін жинақтайды. Көптеген психокорекциялық топтың жетекшілері қатысушылардың шығармашылық көркем суретінің нәтежелерін интерпритацияланбайды, тек қана жабық, тұйық қиялдарын көруге көмектеседі. Осы мақсатпен жетекшілері топта жылы шырайлы ортаны құрайды, осындай ортада қатысушылардың сынауынан сақтайды. Сонымен бірге, жетекшілер қатысушылардың еркін ассоцияциясын бағалауы керек. Ең маңыздысы-қатысушылар ассоцияцияны өз бетімен құрастыруы керек. Ол өзіндік сананың дамуына ықпал етеді. Кейбір терапевтер клиенттердің жасаған ассоцияцияларын өздері интерпретациялайды, содан шыққан қорытындылармен клиентті таныстырады. Мысалы, Бернард Леви айтуы бойынша қатысушылардың шығармашылық өнімді интерпретациялайтын терапевт олардың өздерін терең түсінуге мүмкіндік береді. Осыған мысал ретінде, адам өзін-өзі көру бейнесі арқылы тани алaды. 24 жастағы әйел адам дипрессиядағы, суретті қара түспен салған өзінің 4 жасында және бірнеше балетгік аяқ-киімін қолына ұстап алған. Ол әйелдің ассоцияциясында көңіл бөлген, оның есіне 2 жастағы әпкесі жоғалып кеткенде, осылай тұрғаны және ол сол күні әпкесі қаза болған. [10, с.124-125].
АҚШ-та өнерді терапиялық мақсттарда алғаш қолданғандардың бірі Маргарет Наумбург болды. Бұл саладағы еңбек етуін ол Нью-Иорк штатындағы психотерапиялық институтында мінез-құлқында мәселесі бар балалармен жұмыс жасау арқылы бастаған. Кейіннен Маргарет Наумбург Нью-Иорк штатында арт-терапия саласында мамандар дайындау үшін психоаналитикалық бағдарламаларды жасайды. Маргарет Наумбург жұмыстары психоанализ бағытының психологиядағы негізін салушы З.Фрейдің көзқарастарына негізделген: ондағы алғашқы ойлармен қобалжулар, сандан тыс вербалды емес түрде пайда болады,бейне мен символдар формасында көрініс береді. Арт-терапия терапевпен емделушінің арасындағы символикалық деңгейдегі қарым-қатынастың тәсілі ретінде қолданылады. Көркемдік шығармалардың бейнелерінің барлық түрі бейсаналық процестер қорқыныш,ішкі шиеленістер,балалық шақтағы елестер, естеліктер, түс көру және т.б. көріністер, психотерапевтермен З.Фрейдтің бағдарлар талданады.Ал З.Фрейдтің өзі болса өз емдеу жұмыстарында арт-терапияны қолданбайды, оған болса да, ол өзіні жоғарғы баға беретіндігі қалады. [22, с.178-180].
Көру бейнелері көп бөлікте біз түс көру арқылы қобалжыймыз. Түс көруде сезіммен немесе қобалжулар қатысады, одан ойлар –сонымен бірге,түс көру-ең басты орында көру бейнелері. Бақытымызға орай түс көруді суреттегенде қиындықтармен мынадай байланыстар туындайды және олар көбнесе мынадай сөздерді қолданады. Мысалы: «түс көрген адамның сөзі: мен сурет сала аламын,бірақ мен оны қандай сөзбен жеткізе сипаттай алуды білмеймін». [23, с.133].
Арт-терапия әдістемесін негізе ала отырып сендіру, адамның ішкі «мен»-і көру бейнелерінде, әр кезде сол сурет салғанда және мүсін соққанда өз еңбектерінде ойланбастан, яғни ол спонтанды пайда болады. Бірақ З.Фрейд кейіннен мойындағандай, бейсаналылық символдық бейнелерде көрінеді, ол өзі практикада көркемдік шығармада өзінің емдеушілерін оған қызығушылығын тудырмаған. Бірақ психологиядағы аналитикалық теорияның негізін қалаушы К.Юнг болса өзінің емдеушілеріне өзінің түстерін, армандарын және қиялдарын сурет арқылы бейнелеулерін талап еткен. К.Юнгтің идеялары персональды және әмбебаптық символдардың бар болуы және қиялдың күшін терапиялық мақсаттарға қолдану мүмкіндігі бар, қазіргі кезде арт-терапиямен айналысатындарға тереңінен әсер етті. [24, с.98].
Арт-терапиямен айналысатын мамандар тек қана психологтармен және психиатрларға қойылған диагнозды нақтылауға немесе емдеу тәсілін таңдап алуға балалармен немесе стационарлардағы емделіп жатқан үлкендермен жасалған жұмыстардың талдауларына сүйене отырып,көмектескен.Кейінгі мазмұнынан көрінетіндей шығармадағы материалды осылай қолдану проективті тестерде қолданудан айырмашылығы, мысалы, Роршах тесті болмаса, тақырыптық апперцепциялық тесті жүргізгенде тест тапсырушы адам ерікті формада немесе суреттегі дақтар жауап қайтаруы керек. Казіргі кезде арт-терапия мамандары тәжірибе жүзінде мойындалған,тәуелсіз атаққа ие,сонымен бірге жеке тұлғаны зерттеуге және оны емдеу процестеріне өз үлестерін қоса алады. Бірақ, мұнымен бәрі бірдей келісе бермейді. Тағы айта кететін жайт, бұл осы айтылып кеткен амалдың төңірегінде екі бағыт бар. Мына бағытты жақтаушы мамандарға әлеуметтік реабилитация және еңбек тарапиясы саласындағы мамандар. Мысалыға алатын болсақ,осы салада көп еңбек сіңірген Эдит Крамер. Осы бағытты жақтаушылар өнер өзінен-өзі мақсатты іс-әрекетке ие және арт-терапияны суррогат психотерапия ретінде қарастырады. Бұл бағыттағы психотерапевтер өнерде өздерінің терапиялық процедураларынан жоғары қояды және олардың кейбіреулерінен өзінің арсеналынан шығару шығармашылық процестің стимуляциясына бағытталған дейді.Екінші бағыттың жақтаушыларына жоғарыда айтылған мысалы, Маргарет Наумбург жатады. Оның жеке көзқарасы бойынша шығармашылық мақсатқа терапиялық бола түсуге болады деген. Мұндай психотерапевтер дәрігерлік дайындыққа ие болуы керек. Олар бірақ арт-терапияны өзіндік қолдануға да болады. Ол көп бөлігі дәстүрлі психотерапиялық амалға жай ғана қолдану деп санайды. Бірнеше бар айырмашылыққа қарамастан, екі бағытта таңдамалы өнерде тұлғаның интеграцияцы және реинтеграциясының құралы ретінде қарастырады. Казіргі уақытта арт-терапия тек қана аурухана бөлімдерінде ғана қолданыста емес,оған қоса психокоррекциялық топтан, онда ол таза түрінде сонымен қоса, көмекші әдістеме ретінде қолданады. Белгілі арт-терапиямен айналысатын мамандардың көп бөліктері Солтүстік Америкада фредистік болмаса юнгтік көзқарасқа сүйенеді. Бірақ көбісі гуманистік психологияның әсерін сезінген және оны дұрыс деп табады, тұлғаның гуманистік теориясы психокоррекциялық топтармен жұмыс кезінде психоаналитикалық теорияға қарағанда көп келісілген түбірін тудырады делінген. Жоғарыда айтылғандай арт-терапияның дамуынан психодиагностикалық бағыттар көп әсер еткен. Ал дамуына үлес қосқан авторлар ең біріншіден арт-терапия терминін ғылымға енгізген: Адриан Хиллдан бастаған жөн болар. Сонымен бірге М.Наумбург, З.Фрейд, К.Юнг, Э.Крамер болып табылады. [25, с.35-39].
Осы арт-терапияның дамуындағы жаңа кезең ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының аяғы мен 70-шы жылдардың басынан басталады. Әсіресе осы жылдардың бас кезінде арт-терапиялық топтардың жұмысының мынадай формасы, топтық интереактивті арт-терапияның бастауы қалана бастады. Мұндай топтық арт-терапияның жұмысының формасы пайда болуына өмірдегі көптеген жағдайлармен шақырылған,олардың қатарында:
- әлеуметтік-саяси, институтциональды және мәдениеттік контекістердің өзгеруі;
- клиенттердің психотерапиялық тілектерінің және қажеттіліктерінің өзгеруімен, эмоциялық-құрылымдық бұзылулары;
- топтық психотерапияның практикада және теориялық тез дамуы және арттерапиялық іс-әрекетке жетудегі біртіндеп ассимиляциялау;
- арт-терапиялық топ жүргізушілерінің кәсіби өсуімен және арттерапиялық білім беру жүйесінің дамуымен;
ХХ ғасырдың екінші жартысында алдынғы кезеңдермен салыстырғанда, техникасының даралануы тым қиын. Айта кететін жайт, арт-терапия психотерапияның саласы ретінде енді ғана дамуда. Казіргі кезде арт-терапия өнерге қатысты барлық қызмет түрлерінде психотерапиялық мақсаттарға қолданылып келеді. Барлық уақытта шығармашылық тұлға, шығармашыл мақсатқа ұмтылады, ал сыртқы жағдайлар оған кедергі жасайды. Арт-терапия кезінде шығармашылық процесс жағымды болса онда арт-терапияда өз мақсатына жетеді. [26, с.108-110].
Арт-терапияның шығу тарихы, негіздері
25 12 2014
4 стр.
Бөлім Қазақстан Республикасында туризм дамуына әсерін тигізетін факторларды талдау
14 12 2014
3 стр.
Жұмыстың мазмұны: Кіріспе бөлім, теориялық бөлім, дамыту жолдарын қарастыру бөлімі, қорытынды, қолданылған әдебиеттер, қосымшалар
25 12 2014
5 стр.
Психология ғылымында қарым-қатынасты қалыптастырудағы психологтың ролі
25 12 2014
4 стр.
Компьютерлік ойындардың агрессивті мінез-құлқына әсер ету факторы ретіндегі проблемаға теориялық талдау
25 12 2014
3 стр.
Р. Т. Бисекенова (1-бөлім, 2-бөлім, 6-бөлім, 7-бөлім, пайдаланған әдебиеттер тізімі, жалпы жинақ, компьютерлік теңшелеу)
16 12 2014
10 стр.
Бөлім Кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқыту барысындағы өз бетімен жұмыс жасауға үйретудің теориялық мәселелері
25 12 2014
5 стр.
25 12 2014
3 стр.