Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1



«Қазақстан Республикасы Президентін, Парламент, мәслихаттар депутаттарын сайлау кезiнде сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың және оны пайдалану туралы есеп берудің Ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 7 тамыздағы № 19/222 қаулысына өзгерістер енгізу туралы




"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"  Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының  34-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 15-тармағы 37) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстан Республикасы Президентін, Парламент, мәслихаттар депутаттарын сайлау кезiнде сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың және оны пайдалану туралы есеп берудің Ережесiн бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 7 тамыздағы № 19/222 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 870 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

  1. атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың ережесін бекіту туралы»;

2) қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың ережесі бекітілсін.»;

3) аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентін, Парламент, мәслихаттар депутаттарын сайлау кезiнде сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың және оны пайдалану туралы есеп берудің Ережесiнде:



атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың ережесі»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Сайлау қорының қаражатын пайдалану құқығы тек қана Президенттікке, Парламент Сенаты, мәслихаттары депутаттығына, Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдігіне (бұдан әрі - әкімдікке) кандидатқа немесе партиялық тізімін ұсынған саяси партияға берiледi. Саяси партияның сайлау қоры қаражатын пайдалануға байланысты қаржылық және басқа да құжаттарға қол қою құқығын саяси партияның басшысы немесе партияның алқалық органының шешiмiмен уәкiлеттiк берiлген адам ғана iске асыра алады.»; 

2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Президенттікке, Парламент Сенаты, мәслихаттар депутаттығына, әкімдікке кандидат немесе саяси партия өздерiнің сайлау қорлары қаражатынан:»;  

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Сайлау қорлары қаражатының мақсатты жұмсалуын Президенттікке, Парламент Сенаты, мәслихаттар депутаттығына, әкімдікке кандидат, саяси партия қамтамасыз етеді.»; 

8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Президенттікке, Парламент Сенаты, мәслихаттар депутаттығына, әкімдікке кандидат, саяси партия өзiнің сайлау қорына қаражаттың түсу есебiн, сондай-ақ олардың жұмсалу есебiн жүргiзедi. Есеп түсiмнiң әр түрi бойынша, күнi, теңгедегі сомасы және осы қаражатты аударған нақты жеке және заңды тұлғаның атауы көрсетiле отырып, жүргiзiледi. Шығыстар тiзiлімiнде мыналар жазылады: қаражаттың шотқа келiп түскен күнi, қаражаттың банктен алынған күнi, қаражат сомасы, қаражат жұмсалған іс-шаралар (қағаз сатып алу, баспаханада үгiт материалдарын басу, тарату, жапсыру, көлiк және iссапар шығындарын жабу және т.б.), қаражаттың келiп түскенiн және жұмсалғанын растайтын құжаттар (чек, түбіртек, акт, қолхат және т.б.).»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Арнаулы уақытша шоттар бойынша барлық қаржылық операциялар сайлау алдындағы күнi сағат 18.00-ден бастап тоқтатылады. 



Қайта дауыс беру өткізілген кезде өздеріне қатысты қайта дауыс беру өткізілетін кандидаттардың арнаулы уақытша шоттары бойынша қаржылық операциялар қайта дауыс беру күні тағайындалған күні қайта жаңғыртылады және сайлау күнінің алдындағы күнгі сағат он сегізде тоқтатылады. Сайлау қорына ол құрылған кезден бастап түскен ақшаның жалпы сомасы, осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"   Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен белгіленген шектен аспауға тиіс.

Әкімдікке кандидаттың сайлау қорына құрылған кезден бастап түскен ақшаның жалпы сомасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағидаларына (бұдан әрі – Сайлау қағидалары) сәйкес белгіленген шектерден аспауға тиіс.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Кандидаттың, партиялық тізімін ұсынған саяси партияның "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының  34-бабы 1-8 тармақтарында белгіленген талаптарды, Сайлау қағидаларын және осы Ережені бұзуы – кандидатты немесе партиялық тізімді тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға, ал сайлау өткізілгеннен кейін кандидаттың Президенттікке, Парламент, мәслихаттар депутаты, әкімі ретінде тіркелуіне дейін тиісті аумақ немесе округ бойынша сайлауды жарамсыз деп тануға әкеп соғады.»;

1, 2, 3, 4-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сай жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының персоналды басқару бөлімі осы қаулыны басшылыққа алуы үшін облыстық сайлау комиссияларына жіберсін.

3. Облыстық сайлау комиссиялары осы қаулыны аудандық (қалалық) сайлау комиссияларының назарына жеткізсін.

4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

Төрағасы Қ. Тұрғанқұлов

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

хатшысы Б. Мелдешов

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

2013 жылғы ...................... № /

қаулысына 1-қосымша
Сайлау қорларының

қаражатын жұмсаудың ережесіне

1-қосымша

Нысан


Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенаты,

мәслихаттары депутаттығына, әкімдігіне кандидаттардың және саяси партиялардың

сайлау қорларына қаражаттың түсуі туралы 
  анықтама
1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенаты, мәслихаттары депутаттарына, әкімдігіне кандидаттың Т.А.Ә. немесе саяси партиялардың толық атауы, қай банк мекемесінде шот ашылған. 

2. Сайлау қорының 20__жылғы ____________ жағдай бойынша жалпы сомасы _______________ теңге.

(анықтаманы толтыру үлгісі)


Түскен 
күні

Сомасы (теңгемен)

Түсім көзі

Түскенін растайтын

құжаттар


10.11

500

Президенттікке, мәслихаттар депутаттығына, әкімдікке кандидаттың жеке қаражаты

(Т.А.Ә., тұрғылықты жері)



Кіріс ордері_____ 
Жеке басын куәландыратын құжат деректері

20.11

1000

Кандидатты ұсынған 
саяси партия 
(орналасқан жері)

Төлем қағазы____ 
№_______________  
қоғамдық бірлестік шотының №, 
банктің орналасқан жері

27.11

100

Азаматтардың ерікті қайырмалдықтары (Т.А.Ә., жеке басын куәландыратын құжат деректері, тұрғылықты жері)

Жарнаны қолма-қол 
ақшамен енгізетіні туралы өтініш, кіріс ордері № _________

28.11

1000000

Ұйымның атауы

(орналасқан жері)


Төлем қағазы _____ 
№ ________________ 
ұйымның шот № ____,

банктің орналасқан жері



29.11

100000

Саяси партиялардың 
жеке қаражаттары

Төлем қағазы _____ 
№ ________________

Саяси партияның шот

№ ________________,

банктің орналасқан жері



Ескертпе : Банк мекемесі тиісті сайлау комиссиясына апта сайын, ал тиісті сайлау комиссиясының сұратуы бойынша жиырма төрт сағаттың ішінде береді.
Қолдар: 
     

Банк мекемесінің басшысы:        /Т.А.Ә./


Бас бухгалтер:                      /Т.А.Ә./

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

2013 жылғы ...................... № /

қаулысына 2-қосымша
Сайлау қорларының

қаражатын жұмсаудың ережесіне

2-қосымша

Нысан


Жарналар белгіленген шекті мөлшерлерден асып кеткен,

кандидат өз кандидатурасын алып тастаған, партиялық тізім қайтарылып 
     алынған немесе кандидатты, партиялық тізімді ұсыну немесе тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайда қаражатты қайтару туралы 
        анықтама
    1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламенті Сенаты, мәслихаттары депутаттығына, әкімдігіне кандидаттың Т.А.Ә., қай банк мекемесінде шот ашылған.

(анықтаманы толтыру үлгісі)



Қаражаттың 
түскен күні 
және сомасы 
(теңгемен)

Түсім көзі

Қаражаттың банкке 
түскендігін 
растайтын құжат 

Қаражаттың 
қайтарылған күні 
және олардың 
қайтарылғандығын 
растайтын құжат

 28.11      300000      

Ерікті қайырмалдық 
Т.А.Ә. (тұрақты
тұрғылықты жері)      

Кіріс ордері _______

201___ж. жеке басын куәландыратын құжаттың деректері



_____________



 28.11      300000      

Республика ұйымы 
(атауы және орналасқан 
жері)

Төлем қағазы ______________№ ______

Шот № ____________,

Банктің атауы және 
орналасқан жері


_____________

29.11      200000  

Саяси партия (орналасқан жері)

Төлем қағазы ______________№ ______

Шот № ____________,

Банктің атауы және 
орналасқан жері


_____________



 29.11    

200000  


  

Саяси партияның жеке қаражаты

Төлем қағазы ______________№ ______

Шот № ____________,

Банктің атауы және 
орналасқан жері


   _______________



Ескертпе:  Банк мекемесі тиісті сайлау комиссиясына енгізілген ақша қаражатының дереу қайтарылуына қарай береді.      

Банк мекемесінің басшысы:        /Т.А.Ә./


Бас бухгалтер:                       /Т.А.Ә./

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

2013 жылғы ...................... № /

қаулысына 3-қосымша
«Сайлау қорларының

қаражатын жұмсаудың ережесіне

3-қосымша

Нысан


Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенаты,

мәслихаттары депутаттығына, әкімдігіне кандидаттың және саяси партияның 
       сайлау қоры қаражатының жұмсалуы туралы 


анықтама


  1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенаты, мәслихаттар депутаттығына, әкімдігіне кандидаттың Т.А.Ә., қай банк мекемесінде шот ашылған.

  2. Сайлау қорының қалдығы 201 __ жылғы ______________ жағдай бойынша - 
    ________ теңге.




Күні

Сомасы 
(теңге)

Қаражат жұмсалған 
іс-шаралар

Қаражаттың жұмсалғандығын растайтын құжаттар 
(Төлем қағазының немесе чектің 
берілген күні мен нөмірі)

Ескертпе : Банк мекемесі тиісті сайлау комиссиясына апта сайын, ал тиісті сайлау комиссиясының сұратуы бойынша жиырма төрт сағаттың ішінде береді.


Банк мекемесінің басшысы:        /Т.А.Ә./
Бас бухгалтер:                       /Т.А.Ә./

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

2013 жылғы ...................... № /

қаулысына 4-қосымша
Сайлау қорларының

қаражатын жұмсаудың ережесіне

4-қосымша

Нысан


Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламенті Сенаты, мәслихаттары депутаттығына, әкімдігіне кандидаттың, саяси партиялардың сайлау қорытындылары анықталғаннан кейінгі сайлау қоры қаражатын пайдалануы туралы 

есебі
1. Қорға түскен ақша қаражатының көздері: (анықтамалар қаражаттың түскендігін растайтын құжаттармен қоса беріледі).

  1. Сайлау алдындағы үгіт мақсатында жасалған шығындар: (анықтамалар қаражаттың жұмсалғанын растайтын құжаттармен қоса беріледі). 

  2. Сайлау қоры қаражатының қалдығы 201 __ жылғы ______ жағдай бойынша -______ теңге.

  3. Қалдықтың үштен екісі ________ теңге мөлшерінде республикалық бюджетке аударылды (төлем құжатының № мен күні).

5. Президенттікке, Парламент Сенаты, мәслихаттар депутаттығына, әкімдікке  кандидатқа, саяси партияға қалдықтың үштен бірі ____ теңге сомасында қайтарылды (төлем құжатының № мен күні).
Ескертпе:  Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенаты,  мәслихаттары депутаттығына, әкімдігіне кандидат, саяси партия Орталық сайлау 
комиссиясына сайлау қорытындылары анықталғаннан кейінгі бес күннен 
кешіктірмей, банк растаған жеке шоттың көшірмесімен бірге ұсынады.
Есепті растап қол қоюшылар: 
Банк мекемесінің басшысы:      /Т.А.Ә./         
М.О.

     


Президенттікке, Парламент Сенаты,

мәслихат депутаттығына, әкімдікке кандидат:                    /Т.А.Ә./         


М.О.

Партия жетекшісі немесе

партияның ұжымдық органы

уәкілеттік берген адам:                     /Т.А.Ә./              


Орталық сайлау комиссиясының 

Төрағасы:                     /Т.А.Ә./              



          М.О.



Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жариялау туралы

Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді

32.85kb.

16 12 2014
1 стр.


ҚРӘМ №2952 19. 07. 04ж тіркелді

Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы Қаулы етеді

364.6kb.

14 12 2014
1 стр.


Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы

Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді

75.37kb.

25 12 2014
1 стр.


Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу ережесін бекіту туралы

Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің 150-3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді

36.11kb.

12 10 2014
1 стр.


Әділет Министрлігімен 01. 12. 05 г. №3953 тіркелген Алматы қаласы

Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізу тәртібін нақтылау мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді

228.58kb.

14 12 2014
1 стр.


Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру ережесін бекіту туралы

Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді

44.68kb.

17 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі

«Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында БҰйырамын және Қаулы етеді

81.05kb.

09 10 2014
1 стр.


ҚРӘМ №2456 23. 08. 2003ж тіркелді

Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасы Заңының 76-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді

19.37kb.

12 10 2014
1 стр.