Перейти на главную страницу
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттiк университетi
пәнiнен тәжірибелік жұмыстарды орындауға
арналған әдiстемелiк нұсқау
Павлодар
УДС 001.891. (07)
ББК 72 я 7
О 75
С. Торайғыров атындағы ПМУ ғылыми кеңесі ұсынған
т.ғ.к., профессор Сүйіндіков М.М.
Осы әдістемелік нұсқау 050709 «Металлургия» мамандығының ҚР МЖМБС 3.08.335. – 2006, 050724 «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығының ҚР МЖМБС 3.08.350. – 2006, жұмыстық оқу жоспарына және оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылды.
УДС 001.891. (07)
ББК 72 я 7
©Кеңпейлова С.Ж., 2006
©С.Торайғыров атындығы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006
Әдістемелік нұсқау 050709 «Металлургия» мамандығының ҚР МЖМБС 3.08.084 – 2004, 0507024 «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығының ҚР МЖМБС 3.08.099 – 2004 жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес құрастырылған.
Тәжірибелік жұмыстарда зерттеу тақырыптарын анықтау, ақпараттарды талдау, жаңашылдық жіктелімі мен патенттік ізденіс жұмыстар, жаңашылдық прототипін талдау сияқты мәселелердің басы ашылып, оларды меңгеруге әдістемелік нұсқамалар берілген.
Университет студенттерін ғылымға жетелеуге, ғылыми тұрғыдан білім алуға жағдай жасайтын пән бойынша әдістемелік нұсқамалар қазақ тілінде оқып жүрген жастарға бірден-бір көмекші дүние болып саналады деп баспаға ұсынуға әбден болады.
Қазыргі заманғы дамыған өндіріс, қарқынды ұлғайған ақпарат тасқыны, білімнің тез ауысып және жаңаруы жағдайында, өздігімен жасампаз жұмысқа қабілетті, жаңа және прогрессивті нәтижелерді өндіріске енгізе алатын мамандарды дайындау ерекше маңызды үрдіс болып табылады.
Ғылыми танымның негізгі әдістері мен талаптарын, тәжірибелерді жоспарлау, алғышарттарды талдап әрі оларды өндеу реттерін жүйелеп үйрету, ғылыми жұмыстардың нәтижелерін бекітіп, оларды өндіріске енгізу ұсынысын дайындап, ғылыми ұжымда жұмыс ұйымдастыруды оқытып үйрету «Ғылыми зерттеу негіздері» пәнінің негізгі мақсаттары мен мәселелері болып табылады.
Студенттердің өздігімен ғылыми жұмыс жүргізу машықтары мен алған теориялық білімдерін бекіту жүйелеріне үйренуі ғылыми зерттеу жұмыстарының (ҒЗЖ) негізгі мақсаты болып табылады.
ҒЗЖ бастар ладында, студенттер университет кафедраларында ғылыми зерттеулердің маңызы және оларды жүргізу әдістері жөнімен курстық дәрістер тыңдаулары қажет.
Студент ҒЗЖ-ын оқытушының немесе кафедраның ғылыми жетекшілігімен орындайды.
№1 Тәжірибелік жұмыс. Зерттеу тақырыптарын анықтау,
зерттеу тақырыбы бойынша ақпараттарға тандау жүргізу
Жұмыс мақсаты
Зерттеу тақырыптары бойынша ақпараттарға талдау
жүргізу, жинақтау дағдыларын игеру.
орындалады. Ғылыми зерттеулер барысын келесі түрдегі логикалық тізбек арқылы көрсетуге болады:
Ғылыми зерттеу әрқашан барлық нәрсеге сыни тғрғыда назар аударудан басталады. Бұл үшін ең алдымен зерттеу тақырыптарына әдеби шолу жасалынады. Шолу кезеңінде әдебиет көздерінің барлық түрлері қарастырыла бермейді, зерттеу тақырыбы мазмұнымен үндестері қаралуы қажет. Оларға енетіні – түрлі басылымдардағы, жинақтарда жарияланған материалдар, құжат түрлері (ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастырма жұмыстары жайлы есеп, қолжазбалар, өндірістік фирмалар материалдары), арнаулы материалдар.
Құжаттар бастапқы және қосалқы болып бөлінеді. Бастапқы құжаттар – ғылыми зерттеулер мен даярламалар нәтижелері, жаңа ғылыми мәлімет деректер немесе белгілі идеялар мен деректердің тұжырым-түйіндері. Қосалқы құжаттар түріне – бастапқы құжаттардың бір немесе бірнеше түрінің аналитикалық және логикалық қайта өңделу тұрпаты жатады.
Бастапқы құжаттар жарияланған басылымдар мен жарияланбайтын түрге бөлінеді. Бастапқы құжат түріне кітаптар мен брошюралар енеді. Олардың ішінде ең маңызды мәнге ие болатындары монографиялар, ғылыми еңбектер жинақтары, оқулықтар енеді. Ақпараттың шұғыл көздері – мерзімді басылымдар: журналдар, газеттер, ғылыми еңбектер жинақтары, институт, университет басылымдары. Олар көбіне-көп мына атаулармен беріледі: «Еңбектер», «Ғалым жазбалары», «Ақпарат айдыны».
Техникалық басылымдардың арнаулы түрлеріне нормативті-техникалық құжаттар «стандарттар, нұсқаулар, типтік ережелер» кіреді. Стандартқа енетіні: ГОСТ «мемлекеттік», ОСТ «салалық», СТП «өндіріс стандарты» және т.б.
Ғылыми зерттеу жумыстарында негізгі мәнге ие болатыны-патенттік құжат. Бастапқы, жарияланбайтын құжаттар – ғылыми-техникалық есептер, диссертация, қолжазбалар, құрастырмалар құжаттары, ғылыми-техникалық конференциялар, семинарлар жайлы мәлімдемелер.
Қосалқы құжаттар мен басылымдар былайша бөлінеді: шолу, анықтамалық, рефератты, библиографиялық журналдар мен жинақтар. Реферативті басылымдарға реферативті журналдар, жинақтар, экспресс-ақпараттар, ақпараттық парақтар жатады. Шолу басылымдарына белгілі бір тақырып көлеміндегі шолу бағытындағы еңбектер, шолу жинағы енеді.
Жаратылыстану және техникалық ғылымдар салаларрында орталықтандырылған жинақтау және өңдеу үрдістерімен, негізгі құжаттармен ВИНИТИ институты айналысады, НИР және ОКР есептерімен, қорғалатын диссертациялармен – ВНТИЦ, нормативті-техникалық құжаттармен – ВНИИКИ айналысвды.
Қосалқы жарияланбайтын құжаттарға тіркеу және ақпараттық
карталар енеді, диссертацияның есептеу карточкалары, қолжазбалар көрсеткіштері, ақпараттық мәселелер бойынша ақпараттарды іздестіруде ерекше мәнге ие болып отырған-интернет жүйесі.
1.1.2 Әдебиеттермен жұмыс, деректік материалдарды іріктеу. Тақырыптың зерттелуінде барлығын ақпаратты басылымдармен танысудан бастаған дұрыс, оның мақсаты – шұгыл ақпараттарға не болу. Аталмыш ізденіс ақпараттың бастапқы көздерін зерделеу үшін қажет, ғылыми еңбектердің (монография, жинақ) қандай деңгейде болатындығын саралауға арналады.
Әдебиеттерді таңдалған тақырып бойынша қарастыру жалпы жұмыстардан бастау алады, таңдалған тақырып бойынша қандай еңбектер барын қарастыра келе, әрі қарай жаңа материалдарды іздестіру басталады. Ғылыми жарияланымдарды тану бірнеше кезеңдерден тұрады:
– туындымен жалпы танысу;
– материалдың орналасын қалпына қарай оқу, тану;
– туындының белгілі бір бөлімін іріктей оқу;
– қызығушылық тудыратын нұстары жазып алу;
– жазылған дүниеге сыни көзқарас, пікір жазу.
Ғылыми мақалалармен жұмыста кез келген деректерді жинауға
болмайды, тек ғылыми деректерді жинаған дұрыс. Ғылыми деректердің өз ерекшеліктері бар: жаңашылдық, дәлдік, объективтілік, нақтылық. Жинақталған іріктелген деректік материал тиянақты тіркеледі, топталады, қарама-қарсы қойылады, салыстырылады, жіктеледі.
1.1.3 Ғылыми шолу құрылымы. Ғылыми шолу – мәтің белгілі сауалдар бойынша ақпараттың синтезделген мазмұнын құрайды, бастапқы құжаттар негізіне енеді. Ғылыми шолулар мақалалар ретінде журналдарда, басылымдарда, конференция еңбектерінде монографиялар мен ғылыми-зерттеу есептерінде көрініс табады. ГОСТ 7.23 – 96 стандартына сай шолу келесі элементтерді қамтиды:
– реферат;
– кіріспе бөлім;
– аналитиқалық бөлім;
– түйін-тұжырындар;
– нұсқаулар;
– қосымша.
Шолудың кіріспе бөлімінде таңдалган тақырып, оның өзектілігі, шолу тағайындалымы, талданатын кезеңнің уақытша интервалы, қолданылған әдебиеттер тізімі, қарастырылатын сұрақтарға талдау орын алады.
Аналитикалық бөлім талдау мен оның нәтижелерін жинақтау және бағалауға ерекшеленген деректерін нысанға алып, қолданылатын әдіс-амал жиынтығы, зерттеу жағдайы мен әзірлемелері қол жеткізген ғылыми-техникалық деңгей, ұйымдастырушылық-экономикалық акуал, даму тенденциялары орын алады.
№2 Тәжірибелік жұмыс. Жаңашылдық жіктелімі және
Ғылыми-техникалық міндеттерді шешудегі икемді дағды,
машықты игеру.
2.1 Жалпы мәлімет
2.1.1 Жаңашыл мәндегі деректерді жіктеу. Мамандарды тез, әрі
толық жеткізу үшін өнертапқыштардың халықаралық жіктелімі (ӨХЖ) 1954 жылдан бері әрекет етуде. ӨХМ бойынша барлық жаңалықтар сегіз тарауға бөлінеді, олар латын белгілерімен таңбаланады:
А – тұтыну заттары;
В – өндірістік үрдістер;
С – химия және металлургия;
Д – текстиль және қағаз;
Е – құрылыс үрдісі;
F – механика жарықтандыру және жылу;
G – физика;
H – электр жүйесі.
Әр тарау кластарға бөлінеді, олар сандық индексімен және екі мәнді араб санының 01 – ден 99 – ға дейін сандарымен белгіленеді. Мысалы, F тарауы (құрылыс ісі) 5 класқа бөлінеді. Бірінші класс жол құрылысын, темір жол құрылысы мен көпірлер желісін қамтитын, 01 санымен белгіленеді. Екінші класс гидротехникалық құрал-жабдықтарды (02), су жабдығын, канализацияны қамтиды (03). Үшінші класс жер құрылысы (04).
Кластар қосалқы кластарға бөлінеді, оларда латын алфавитінің бас әріптерімен белгіленеді. Мысалы: Е 04 С – құрылыс құрастырмаларының элементтері, құрылыс материалдары. Әр қосалқы класс бөлімшелерге бөлінген, олар рубрика деген атауға ие. Рубрикалар арасынан негізгі түрлері бөлінеді, топтар индексімен таңбаланады, қосалқы класс индексі ретті белгілермен таңбаланады. Мысалы, Е 04С1/СО – блок көрінісіндегі құрылыс элементтері, мекеменің қосалқы жабдықтары үшін қолданылады. Көптеген топтар қосалқы топтарға ажырап, негізгі топтарға бағынған. Қосалқы топтар индексі қосалқы класс индексінен тұрады: Е 04С1/24.
Жана рубрикалардың енуі үш және төрт мәнді сандар белгілерін қолдануға әкелді.Үшінші және төртінші сандар қосалқы топтардың әрі қарай жіктелімін қамтамасыз етеді. Мысалы Е 04 С1/24-1/24 қосалқы тобында мына жүйені аңғартады 1-24 2,1-24 2 және т.б.
Республикалардың бағыныштылық сатысы жолдардың қатыстық қозғалысымен көрініс табады.Қозғалыс шамасы нүктелермен белгіленеді. Бір нүкте қосалқы топтарға да әсер береді. Екі және одан да көп нүктелер осы топтың қосалқы тобында тиісті денгейді байқатады. Мысалы 1/00 тобы – құрылыс элементтері блок көрінісінде мекеменің жекелеген бөліктері ретінде қосалқы топтарға ие:
– 1/04 – қабырғалар мен тірек жабдықтары үшін;
– 1/06 – шектік белгілермен;
– 1/07 – толық жабық жүйелермен.
Осылайша, топтар мен қосалқы топтардың бөлінуі мына принцип бойынша жүзеге асады: жалпыдан-жалқыға.
ӨХМ – мен жұмыс жүйесі алфавитті – заттық көрсеткіштерді қолдануда халықаралық жіктемелер ынғайына да жақын. Патентті ізденіс техникалық шешім денгейін нақтылау үшін өткізіледі, патент иелушінің құқықтарының ауқымы мен оларды жүзеге асыру жағдайлары белең алып, белгілі құрылымның прототипі ретінде көрініс табады. Мақсаттың ынғайына қарай патенттік ізденістің бірнеше түрлері бар: тақырыптық, атаулы, нөмірлік және патенттік ізденіс аналогиялық, жиі туындайтын түрі – тақырыптық ізденіс. Оны жаңалықтар айқындауда, зерттелінетін сұраққа қатысты мәселелерді зерделеуде қажет. Бұндай ақпаратқа деген қажеттілік, мысалы, жаңа техника мен технологияны әлемдік стандартқа сай реттеуде қажет. Қазіргі уақытта жаңа машиналар құрастыруда, қазіргі өндіріс технологиясын жандандыруда, жабдықтарды әзірлеуде ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін пайдаланбай іске асыру мүмкін емес.
Атаулы ізденіс нақты тұлға мен фирманың қорғаныс құжаттарын реттеуге бағытталған. Нумерациялық ізденіс мақсаты көптеген жағдайларды нақтылауға қатысты: оның тақырыптық ретін, басқа құжаттармен байланысын, құқықтық статусын нысанға алады.
Патент – аналогтарды іздестіру патенттерді нақтылаумен жүргізіледі, ізденістің бұл түрі өнертапқыштар мен эксперттер үшін тиімді. Өнертапқыштар қолданысында қарастырылатын мәселе барысында ақпарат жинақталып, ал эксперттер өз мүмкіндік – қажеттіліктерін орындайды. Патентті ізденіс көп жағдайларда көрсеткіштер жүйесіне сүйенеді. Алайда, қорлардағы көп көлемді құжаттарды нақтылауда әр түрлі ақпаратты-ізденіс жүйелері қолданылады. Олар: құжатты деректік, аралас болып бөлінеді. Құжатты жүйелерге енетін мәліметтер құжат мазмұнынан көрініс береді. Құжатты жүйелерге деректер енгізіліп, құжат мазмұнынан көрініс береді. Бұл жағдайда құжат ізденіс үлгісінде сақталынады, мысалы, терминдер сөз тіркестері тізімі ретінде. Құжаттар мазмұнының нақты көрінісі ізденіс бейнесінде ізденіс жүйесіне ене отырып, жүйеде ақпаратты-ізденіс тілі мен мәндік сәйкестік өнімдерін қолданумен анақталады. Фактографиялық жүйелерде сақталынатын деректер құжат мәлімет тұрғысында сақталынады (библиографиялық сипаттау элементтері, сандық параметрлер, формулалар) ізденіс жүргізу алғышарты болып есептелінеді. Аралас жүйелер де – ізденіс жүргізу негізі, құжат мазмұнына талдау жасауға да қатысты. Соңғы жылдары ізденіс жүйелері даму үстінде, онда ізденіс автоматты түрде мәндік өлшемдерге сәйкес жүргізіледі және автоматтандырылған ізденіс жүйелері деп аталынады. Бұндай жүйелерге, мысалы, ізденіс жүйелері, ПЭВМ құрылымдары жатады.
Жаңашылдық жіктелімі мен патентті ізденіс АПУ бойынша жүргізіледі және патентті кітап жаңа жіктегішімен.
Әзірлемені ерекшелендіретін кілтті сөздер бойынша классификатор тарауының ыңғайын тану. АПУ бойынша әзірлеме класын айқындау. Тараулар классификаторлары бойынша топты нақтылап, әзірлеменің қосалды тобы белгілі болады. Нақтыланған класс пен топтарда қызығушылық тудыратын аналогты анықтау.
Жұмысты орындауда міндетті түрде техниканың, қауіпсіздік ережелерін назарда ұстап, өрт қауіпсіздігі шаралары орындалуы тиіс. Еңбекті қорғау мен өндірістік, өнеркәсіптік санитарлық үрдістер кафедра лабораториялары жұмыстарында қолданылады.
№3 Тәжірибелік жұмыс. Жаңалықтардың сипатталуын
Аналогтарға талтау мен және ғылыми-техникалық міндеттер
шешу икемдерін қалыптастыру.
3.1 Жалпы мәліметтер
Жаңашыл еңбектерді сипаттау негізгі құжат болып есептеледі. Жаңашыл тұрғысындағы дүниелер деп – халық шаруашылығының кез-келген арнасындағы техникалық шешімдердің іске алу үрдісі, әлеуметтік-мәдени құрылыс немесе елді қорғау саласында қалыпты нәтижелерге қол жеткізу.
Шешімдер жаңа деп танылуы да оның мерзімінің жағдайына да қатысты. Шешім қабылдану барысында түрлі өлшемдер нысанға алынады, ғылым мен техника саласында белгілі жұмыстардың өзі жаңа белгі – ерекшеліктерімен толықтырылса, қарастырылады. Жаңалық, жаңа тұрпатты дүниелер нысаны болып есептелінеді: жаңа құрылымдар, амал-тәсіл, зат, бұрынғы қолданылған құрылым жаңа ерекшелік ыңғайында болса. Жаңа мәндегі еңбектер деп есептелмейтіндер қоғамдық қызығушылық тудыра алмаса, адамгершілік принциптеріне қайшы келсе және ешбір пайдасы болмаса. Негізгі белгілері бойынша әртүрлі жіктелімге бөлінумен қоса қабат, жаңа дүниелер негізгі, қосымша, бір нысанға тән немесе топтық болып бөлінеді; сызбалық шешімге сай түрлері болады.
3.2 Тапсырма
Жаңа тұрпатты дүние сипаттамасымен танысу, сипаттамада негізгі құрамдас бөліктерін ерекшелендіріп, талдау түрін жүргізе білу.
Жаңашылдық сипаты келесі тараулардан тұрады:
қолданыста қол жеткізген жетістіктеріне қатысты.
мәні.
Жұмысқа қатысты әдістемелік нұсқаулармен танысу және
жаңашыл дүние сипаттамаларын білу.
3.5 Есептің мазмұны
Есепте жаңалық формуласы орын алады, жаңалықтың қалыпты
кездері мен оның кемшіліктерін бөле көрсетуге болады. Кемшіліктерді жою, болдырмау жолдары қарастырылады.
3.6 Қауіпсіздік шаралары
Жұмысты орындауда міндетті түрде техника қауіпсіздігінің
жалпы ережелері сақталады, еңбекті қорғау мен кафедра лабораторияларындағы өнеркәсіптік санитарлық акуалды сақтау назарға алынады.
Бақылау сұрақтары
№4 Тәжірибелік жұмыс. Жаңашылдық прототипі талдауы
Жаңашыл дүние – интеллектуалды меншіктің бір түрі, оларда
1 Аналогты анықтау, прототипті нақтылау оқытушы тарапынан
cоның басшылығымен іске асады.
2 Нақтыланған аналог пен прототипке талдау жүргізу.
Жұмыс облыстық патентті қорда өткізіледі.
Қолданылған дерек көздер жаңалықтың сипаттамаларында
келтіріліп, сипаттау соңында. Оларды міндетті түрде қарастыру керек, бастапқы дерек көздері ретінде оларда міндетті түрде мәнді белгілерді іріктеп, сыни тұрғыда назар аударған жөн.
4.5 Есептің мазмұны
Есепте жаңалық дүниесі прототипі формулаларын ұсынып, осы дүниенің жетістіктері мен кемшіліктеріне назар аудару керек.
4.6 Қауіпсіздік шаралары
Жұмыстарды орындауда міндетті түрде техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі ережелері сақталып, еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік санитарлық ахуал, кафедра лабораториялары мен кітапханаларда сақталынады.
Бақылау сұрақтары
3 Сипаттаудың ерекше бөлімі ерекшелігі.
4 Жаңашыл дүниенің прототипі ерекшелігі.
Әдебиет
Н.А. Спирин, В.В. Лавров, В.С. Шаврин. – Екатеринбург: УГТУ, 1996. – 188 с.
Мазмұны
№ 1 Тәжірибелік жұмыс.............................................................................4
№ 2 Тәжірибелік жұмыс.............................................................................7
№ 3 Тәжірибелік жұмыс...........................................................................10
№ 4 Тәжірибелік жұмыс...........................................................................12
Әдебиет...............................................................................................14
Оқу жұмысының
проректоры
___________Н.Э.Пфейфер
« ___ » __________200 __ж.
Құрастырушы: магистр, аға оқытушы Кеңпейлова С.Ж.
Металлургия кафедрасы
Кафедра меңгерушісі __________________М.М.Сүйіндіков
Металлургия, машина жасау және көлік факультетіның әдістемелік кеңесі қолдады « __» _______2006 ж., № __ хаттама
ОӘК төрағасы __________________ Н.С.Дудак
КЕЛІСІЛГЕН
ММЖжКФ деканы ____________Т.Т.Токтаганов « __» ______2006 ж.
МжС бөлімінің
нормабақылаушысы_____________Г.С.Баяхметова « __» _____2006 ж.
ОӘБ бастығы ___________Л.Т.Головерина « __» _______2006 ж.
Республикасының жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында ғылым негiздерiн оқыту ерекшелiктерi туралы әдiстемелiк нұсқау хат. –Алматы, 2009
25 12 2014
7 стр.
Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
25 12 2014
1 стр.
Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
25 12 2014
3 стр.
Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
25 12 2014
1 стр.
Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
16 12 2014
1 стр.
Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
17 12 2014
1 стр.
Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
25 12 2014
8 стр.
Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
16 12 2014
1 стр.