Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Алматы энергетика және байланыс университеті»

коммерциялық емес АҚ

Жылу энергетика факультеті

Физика кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»
АЭжБУ ЭЭФ деканы __________ В.И. Денисенко

«__»____________2012ж.


курс Бағдарламасы (Syllabus)

Физика 2
Мамандық 5В071800 – Электрэнергетика

Курс - 2


Семестр- 3

Кредит саны - 4

Жалпы сағат саны - 180

Дәріс - 2 кредит

Машықтану сабақтары - 1,5 кредит

Зертханалық сабақтар - 0,5 кредит

СӨЖ - 60 сағат

ОСӨЖ - 60 сағат

4 ЕГЖ - 3 семестр

Емтихан- 3 семестр


Алматы 2012


Курс бағдарламасын 5В0718–Электрэнергетика мамандығының жұмыс бағдарламасы негізінде техника ғылымдарының кандидаты,доцент Искаков Ж.,физика–математика ғылымдарының кандидаты, физика кафедрасының доценті Тонконогая Л.А. құрастырды.
Физика кафедрасының мәжілісінде қаралды

«_28_» маусым 2012 ж. №10 хаттама

Кафедра меңгерушісі ______________АЭжБУ профессоры Қарсыбаев М.Ш.
Пән: ФИЗИКА 2

Курс сипаты

«Физика 2» пәні 5В0718 –Электр энергетика мамандығының бакалаврларын даярлауда электрэнергетика саласындағы бакалаврлардың кәсіби іс-әрекетінің негізін қалай отырып және ғылыми көзқарасы мен құзырлығын қалыптастыратын базалық курс болып табылады.

«Физика 2» курсында: Максвелл теңдеулері; тербелістер мен толқындар физикасы; кванттық физика және атом физикасы; атом ядросы және элементар бөлшектер, қатты денелер физикасы оқытылады.

Курстың мақсаты - студенттерді классикалық және қазіргі заманғы физика мен физика теорияларын, физиканың негізгі заңдарын, сондай-ақ физиканың әр саласындағы теориялық және тәжірибелік-машықтану есептерін шешудің физикалық зерттеу әдістерін қолдануда дағдылары мен біліктерін қалыптастыру, өзіндік танымдық іс-әрекетінің дағдыларын қалыптастыру; олардың болашақта кәсіптік іс-әрекеттеріндегі нақты есептерді шешуге көмектесетін физикалық құбылыстарды ғылыми - тәжірибелік зерттеудегі әдістерді меңгеріп, қолдана білуін қамтамасыз ету.
Курстың пререквизиттері мен постреквизиттері

Пәннің пререквизиттері- пәнді оқып үйрену үшін жоғарғы математика, информатика, физика1 меңгерілу қажетті.

Пәннің постреквизиттері-«Физика 2» пәні бойынша білім келесі пәндерді оқып үйрену үшін қажет: электроника,электр аппараттары, электрмагниттік және электрмеханикалық процесстер,электрэнергетикадағы ауысапалы процестер.
Оқытушылар туралы мәліметтер:

Қызғарина Мейрамкүл Төлеубекқызы,Ph докторы, аға оқытушы, ғылыми-педагогикалық жұмыс стажы – 15 жыл.

Қалықпаева Раушан Серікқызы, ассистент, ғылыми-педагогикалық жұмыс стажы – 9 жыл.

Сарсенбаева Сұлуқас Низаматдинқызы, ассистент, ғылыми-педагогикалық жұмыс стажы – 3 жыл.


Сабақ кестесі:

ЭЭФ үшін сабақтар сұлбасы семестрдің бірінші жартысында төмендегідей: апта сайын 2 дәріс 2 байланыс сағаты ( әрқайсысы 100 минуттан), апта сайын 1 машықтандыру сабағы – 2 сағаттан (100 минут), екі аптада 1 зертханалық сабақ (әр сабақ 100 минуттан), оқытушының басқаруымен өзіндік жұмыс апта сайын (ОСӨЖ) – 2 сағат (кеңесберу және ЕГЖ тапсыру), өзіндік жұмыс апта сайын (СӨЖ)– 4 сағат, оған дәріске, машықтану және зертханалық сабақтарға дайындалу, ЕГЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындау кіреді.Сабақтар сұлбасы семестрдің екінші жартысында төмендегідей: апта сайын 2 дәріс 2 байланыс сағаты ( әрқайсысы 100 минуттан),екі аптада 1 машықтандыру сабағы – 2 сағат (100 минут), екі аптада 1 зертханалық сабақ (әр сабақ 100 минуттан), оқытушының басқаруымен өзіндік жұмыс апта сайын (ОСӨЖ) – 2 сағат (кеңесберу және ЕГЖ тапсыру), өзіндік жұмыс апта сайын (СӨЖ)– 5 сағат, оған дәріске, машықтану және зертханалық сабақтарға дайындалу, ЕГЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындау кіреді.



Дәрістер:

Дәріс/

апта

Тақырыбы


әдебиеттер

1/ 1

V Максвелл теңдеулері

1. Электрмагниттік индукция құбылыстары

Электрмагниттік индукцияның негізгі заңдары. Ленц ережесі.. Өздік және өзара идукция құбылыстары. Индуктивтік. Электр тізбегін тұйықтау және ажырату экстратоктары. Токтың магниттік энергиясы. Магниттік өрістің энергиясының көлемдік тығыздығы.



Ә. 1, 2, 3, 4, 5, 8, 24

2/2

2. Максвелл теориясының негіздері

Электрмагниттік индукция құбылысының максвелдік және фарадейлік тұжырымдаулары. Құйынды электр өрісі. Ығысу тогы. Максвелл теңдеулері жүйесі. Электр және магниттік өрістердің салыстырмалылығы.



Ә. 1, 2, 3, 4, 5, 8, 24

3/3

VI Толқындар мен тербелістер физикасы

3. Тербелістер

Гармоникалық тербелістердің жалпы сипаттамалары. Гармоникалық осцилляторлар. Осцилляторлардың гармоникалық тербелістерінің дифференциалдық теңдеулері. Серіппелі маятник және тербелмелі контур. Табиғаттағы кез келген тербелістерді түсіндірудегі ұқсастық.Гармоникалық тербелістердің энергиясы. Векторлық диаграмма. Тербелістерді қосу. Соғу.



Ә. 1, 2, 3, 4, 5, 24

4/4

4. Өшетін тербелістер және оның сипаттамалары. Мәжбүр тербелістер. Мәжбүр тербеліс фазасы және амплитудасы. Резонанс. Тербелістер үшін суперпозиция принципінің қолданылу шегі. Сызықты және сызықты емес жүйелер.

Ә. 1, 2, 3, 4, 5, 24

5/5

5. Серпімді толқындар

Толқындық қозғалыстың негізгі сипаттамалары. Толқын теңдеуі. Сфералық және жазық толқын. Фазалық жылдамдық. Толқындық теңдеу. Серпімді толқын энергиясы. Умов векторы. Толқын пәрменділігі. Толқындарды қосу: интерференция, дифракция. Толқындық түйдек. Топтық жылдамдық. Толқын дисперсиясы.



Ә. 1, 2, 3, 4, 5, 24

6/6

6. Электрмагниттік толқындар

Электрмагниттік толқындардың дифференциалдық тендеулері және олардың қасиеттері. Электрмагниттік өріс үшін толқындық теңдеу. Энергия және энергияның тығыздығы. Пойнтинг векторы. Дипольдің сәуле шығаруы.



Ә. 1, 2, 3, 4, 5, 24

7/7


7. Толқындық оптика

Жарық - электрмагниттік толқын. Жарық интерференциясы. Когеренттік. Жарық дифракциясы. Гюйгенс-Френель принципі. Френельдің аумақтар әдісі. Жарықтың заттармен әсерлесуінің физикалық негіздері. Жарық дисперсиясы.



Ә. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 24

8/8

VII Кванттық физика және атом физикасы

8. Жылулық сәуле шығару.

Жылулық сәуле шығарудың заңдары мен сипаттамалары. Абсолют қара дененің сәуле шығару мәселелері. Планктың кванттық гипотезасы және формуласы.



Ә. 1, 2, 3, 4, 7, 24

9/9


9. Электрмагниттік сәуле шығарудың корпускулалық қасиеттері.

Фотондар. Жарық кванттарының энергиясы және импульсі. Фотондар. Фотоэффект. Фотоэффект үшін Эйнштейн гипотезасы және теңдеуі. Комптон эффектісі. Электрмагниттік сәуле шығарудың корпускулалық-толқындық дуализмі.



Ә. 1, 2, 3, 4, 7, 24

10/10

10. Заттың корпускулалық-толқындық дуализмі матеряның әмбебап қасиеті ретінде . Шредингер теңдеуі

Де Бройл гипотезасы және оның тәжірибелік расталуы. Микробөлшектердің толқындық қасиеттері және Гейзенбергтің анықталмағандықтар қатысы.Анықталмағандық принципі-кванттық механиканың іргелі принципі;кванттық механикалық есептерді сапалық деңгейде шешу. Кванттық механикадағы бөлшектің күйі. Толқындық функция. Шредингердің уақыттық және стационар теңдеулері.



Ә. 1, 2, 3, 4, 7, 24

11/11

11. Шредингер теңдеуінің шешімі.

Қарапайым кванттық жүйе үшін Шредингер теңдеуінің шешімі:тік бұрышты бір өлшемді потенциалдық шұңқырдағы бөлшек. Бордың сәйкестік принципі. Бөлшектердің потенциалдық тосқауыл арқылы өтуі. Кванттық гармоникалық осциллятор.Сутегі атомы. Сутегі атомының энергетикалық спектрі. Кеңістіктік квантталу. Электронның спині. Бірдей кванттық бөлшектердің ажыратылмаушылығы .Паули приципі.



Ә. 1, 2, 3, 4, 7, 24

12/12

VIII Қатты денелер, атомдық ядро және элементар бөлшектер физикасы.

12. Кванттық статистика және оны қолдану

Конденсацияланған күй. Бозе-Эйнштейн және Ферми – Дирак кванттық статистикалары туралы түсінік. Жүйенің химиялық потенциалы (Ферми деңгейі). Металдардағы электрондық өткізгіштік.Электрондардың айныған күйі. Металдардың электр өткізгіштігі.



Ә. 1, 2, 3, 4, 7, 24

13/13

13. Қатты денелердің аумақтық теориясы

Кристалдардағы электрондардың стационар күйі. Кристалдардағы электрондық энергетикалық спектрдің аумақтық құрылымы. Аумақтық теориядағы металдар, диэлектриктер мен шалаөткізгіштер. Шалаөткізгіштердегі ток тасымалдаушылар. Кемтіктік өткізгіштік түсінігі. Қоспалық және өзіндік шалаөткізгіштердің электрөткізгіштігі, p-n-ауысу.



Ә. 1, 2, 3, 4, 7, 24

14/14



14. Кванттық электроника элементтері. Жарықтың заттармен әсерлесуінің кванттық табиғаты. Тосындық және мәжбүр сәуле шығарудың қасиеттері.

Кванттық генератордың жұмыс істеу принципі. Кванттық электрониканың қолданылуы.Төменгі өлшемді жүйелер.



Ә. 1, 2, 3, 4, 7, 24


15/15


15. Ядролық физика. Атом ядроларының радиоактивті айналуы.

Атом ядросы. Ядролық күштер. Байланыс энергиясы. Ядролық күштердің алмасу сипаты.

Альфа-, вета-, гамма- сәуле шығаруының пайда болуы мен заңдылықтары және олардың затпен әсерлесуі. Атом ядроларының радиоактивті айналуы.

Күшті, әлсіз, электрмагниттік, гравитациялық өзараәрекеттесу. Қазіргі физика мен астрофизиканың өзекті мәселелері жөнінде түсінік.









Машықтану сабақтары:

Машық. сабағы/ апта


Тақырыбы

Әдебиеттер



1/1

Электрмагниттік индукция құбылысы

*Магниттік өрістегі өткізгіштің және тогы бар контурдың орын ауыстыру жұмысы.

*Электрмагниттік индукция құбылысы.Фарадей-Максвелл заңы.*Өздік және өзара индукция. *Индуктивтік және өзара индуктивтік. Олардың физикалық мағыналары. *Электр тізбегін тұйықтау және ажырату экстратоктары. *Магниттік өрістің энергиясы және тығыздығы.

//11 25-8, 25-11, 25-15, 25-25, 25-29,25-45//



Ә. 1, 2, 3, 4, 5, 8, 24

2/2

Максвелл теңдеулері

*Құйынды электр өрісі. *Ығысу тогы. *Максвелл теңдеулері жүйесі. *Электр және магниттік өрістердің салыстырмалылығы.

// 10, 18.41, 18.46, 18.48,18-49,18-47,18-50//


Ә. 1, 2, 3, 4, 5, 8, 24

3/3

Еркін гармоникалық тербелістер

*Еркін гармоникалық тербелістердің дифференциалдық теңдеулері. * Гармоникалық осцилляторлар: физикалық және математикалық маятниктер, тербелмелі контур. * Гармоникалық тербелістерді графикалық кескіндеу. *Векторлық диаграмма әдісі. * Бағыттас және өзара перпендикуляр тербелістерді қосу. Соғу.

//11, 6-11, 6-24, 6-18, 27-6//


Ә. 1, 2, 3, 4, 5, 8, 24

4/4

Өшетін және мәжбүр тербелістер. Тербеліс энергиясы.

*Өшетін және мәжбүр тербелістердің теңдеулері.

*Амплитуда, өшу коэффициенті, өшудің логарифмдік декременті, сапалылық. * Резонанс. Резонанстық қисықтар. *Гармоникалық тербелістер энергиясы

//10, 19.14, 19.21,19-17////10,6-58, 6-61, 6-66, //



Ә. 1, 2, 3, 4, 5, 8, 24

5/5


Серпімді толқындар

*Серпімді толқындар және олардың сипаттамалары.

*Серпімді толқындардың энергиясы және энергия тығыздығы. Умов векторы. //11, 7-3, 7-9, 7-11,7-16,7-21,7-43,7-45,7-48//10,27-8,27-10,27-11//


Ә. 1, 2, 3, 4, 6, 24

6/6


Электрмагниттік толқындар

*Электрмагниттік толқындар және олардың сипаттамалары.*Электрмагниттік толқындардың энергиясы және энергия тығыздығы. Пойнтинг векторы. //10,19.43-49 //



Ә. 1, 2, 3, 4, 6, 7, 24

7/7

Толқындық оптика

*Жарық - электрмагниттік толқын. *Жарықтың интерференциясы, дифракциясы және үйектелуі. //11,30-4,30-16,30-29,31-11,31-15,31-18,32-4,32-12, //11,20-2621-34//



Ә. 1, 2, 3, 4, 6, 7, 24

8/8

Сәуле шығарудың кванттық қасиеттері. Жылулық сәуле шығару.Фотоэффект және Комптон эффектісі.

*Жылулық сәуле шығару және оның сипаттамалары. *Абсолют қара дене, оның моделі. Абсолют қара дененің сәуле шығару заңдары. *Планк формуласы және гипотезасы.

*Фотондар. Фотон энергиясы және импульсі. * Фотондар. Фотон энергиясы және импульсі. *Фотоэффект. Эйнштейн теңдеулері. * Комптон эффектісі. *Электрмагниттік сәуле шығарудың корпускулалық-толқындық дуализмі.

//11, 34-11, 34-18, 34-22,35-2, 35-6, 36-7, 36-10,37-4//



Ә. 1, 2, 3, 4, 6, 24

9/10

Микробөлшектердің толқындық қасиеттері.

Де Бройль толқындары. Гейзенбергтің анықталмағандықтар қатысы. Шредингер теңдеуі.

*Микробөлшектердің толқындық қасиеттері. Де Бройль гипотезасы және формуласы. *Гейзенбергтің анықталмағандықтар қатысы.

*Толқындық функция, оның статистикалық мағынасы. * Шредингер стационар теңдеуі.

*Бір өлшемді тік бұрышты «потенциалдық шұңқырдағы» бөлшек.

//11, 40-5,45-11,45-15, 46-14, 46-21, 46-71//





10/12

Кванттық статистика элементтері және қатты денелер физикасы

*Кванттық статистика туралы түсінік. Үлестірілу функциясы. *Ферми – Дирак және Бозе-Эйнштейн статистикалары.Ферми деңгейі.Металдардағы электрондық газ. *Металдардың өткізгіштігі. Кристалдардағы энергетикалық аумақтар.Шала өткізгіштер.Шала өткізгіштердің өзіндік және қоспалық өткізгіштігі. *Металдардағы азғындалған электрондық газ.Металдардағы және шала өткізгіштердегі түйіспелік құбылыстар.

//11,50-6,50-7,50-14,50-19,51-48,51-50,51-63//


Ә. 1, 2, 3, 4, 6, 24

11/14

Ядро физикасы. Радиоактивтік. Ядролық реакциялар.

*Атом ядросының құрылымы. *Радиоактивтік. Радиоактивтік ыдырау түрлері. Радиоактивтік ыдырау заңы. *Ядролық реакциялар.

//11, 41-6,41-7,41-12,41-20, 43-6,44-9, 44-21//


Ә. 1, 2, 3, 4, 6, 24


Зертханалық сабақтар:

Зерт. саб./ апт.

Тақырыбы

Әдебиет


1/1-2

Максвелл теңдеулері

ЭМК-23 Құйынды электр өрісін оқып үйрену

ЭМК-24 Шарғының индуктивтігін анықтау


Ә. 1-4


2,3/3-4

Тербелістер мен толқындар физикасы

ЭМК-17 Осциллограф көмегімен тербелістерді қосып үйрену.

ЭМК-18 Тербелмелі контурдағы еркін өшетін тербелістерді оқып үйрену.

ЭМК-19 Айнымалы токты қолданып мәжбүр тербелістерді оқып үйрену.

ЭМК-20 Айнымалы ток қуатын өлшеу және қуат коэффициентін анықтау.

ЭМК-21 Физикалық маятник көмегімен гармоникалық тербелістерді оқып үйрену.

ЭМК-22 Маятниктің еркін тербелісін оқып үйрену.

ЭМК-25 Мәжбүр тербелістерді оқып үйрену. Кернеу резонансы



Ә. 23

4/5-8

ОТТ-1 Ньютон сақиналарының көмегімен линзаның қисықтық радиусын анықтау.

ОТТ-2 Лазер сәулесінің толқын ұзындығын анықтау.

ОТТ-3 Тар саңылаудағы жарық дифракциясын оқып үйрену.

ОТТ-4 Малюс заңын тексеру.

ОТТ-6 Фотоэлемент сипаттамаларын зерттеу.


Ә. 21

5,6/

9-12

Кванттық физика және атом физикасы

ОТТ-7 Стефан-Больцман тұрақтысын анықтау

ОТТ-8 Стефан-Больцман заңын тексеру

ОТТ-9 Жұтылу спектрі бойынша Планк тұрақтысын анықтау.

ОТТ-10 Мыс ионының дифракциясын бақылау.


Ә. 20


7/13-14

Қатты дене, атом ядросы және элементар бөлшектер физикасы

ОТТ-11 Шалаөткізгішті диод жұмысын оқып үйрену.

ОТТ-12Шалаөткізгіштердің жарықөткізгіштік құбылысын оқып үйрену.

ОТТ-13 Шалаөткізгіштердің кедергілерінің температураға тәуелділігін оқып үйрену.



Ә. 20



СӨЖ мазмұны

СӨЖ / апта




Тақырыбы

Әдебиет


1/1




Столетов әдісімен магнит өрісінің индукциясын анықтау. Фуко тогы.

Ә. 1-5, 8, 24

2/3




Гармоникалық осцилляторлар: физикалық және математикалық маятниктер,

Ә. 1-5, 8, 24

3/5





Жарық интерференциясын бақылау әдістері. Саңылаудағы жарық дифракциясы. Дифракциялық және кеңістіктік тор. Голография.

Жарықтың заттармен әсерлесуі: жарықтың заттарда таралуы. Жарықтың жұтылуы. Жарықтың үйектелуі.



Ә. 1-6, 24

4/10




Бор теориясы. Сутегі атомында электрондардың күй бойыншаүлестірілуі. Жұтылу және шығару спектрі.

Ә. 1-5, 7, 24

5/12




Асқын өткізгіштік құбылысы.

Ә. 1-5, 7, 24

6/12




Металдар мен жартылай өткізгіштердегі түйіспелі құбылысы ( Зеебек, Пельтье құбылыстары).

Ә. 1-5, 7, 24

7/14




Атом ядросының құрылысы. Ядро моделі.


Ә. 1-5, 7, 24

8/14




Радиоактивтік. Радиоактивті ыдырау заңы.


Ә. 1-5, 7, 24

9/14




Ядроның бөліну реакциясы. Тізбекті реакция. Ядролық реактор . Синтездеу реакциясы. Энергия көздерінің мәселелері.

Ә. 1-5, 7, 24

10/15




Элементар бөлшектер.



Ә. 1-5, 7, 24


Өзіндік жұмыстар тапсырмалары:

ЕГЖ тапсырмалары Ә. 25-те келтірілген



ОСӨЖ кестесі:

Деканат және кафедра хабарлама тақтасында ілінген.



Аралық бақылау кестесі:

ЕГЖ тапсыру – 4, 7, 12 және 15-ші апталар.

Коллоквиумдар – 6 және 14 апталар.

Минибақылау жұмыстары –2 ,7,10,14 апталар.

Студенттер үшін оқу процесінің кестесі деканат және кафедра хабарлама тақтасында ілінген.
5В0718 – Электрэнергетика мамандығының 2-курс студенттері үшін

оқу үрдісінің кестесі

2012– 2013 оқу жылы

Апталар

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15

ЕГЖ
*№1-№4

Δ ЕГЖ
№1

¨

ЕГЖ
1

Δ

ЕГЖ
№2

¨

ЕГЖ
№2

Δ ЕГЖ
№3

¨ ЕГЖ
№3

Δ ЕГЖ
№4

¨

РГР
№4

Коллоквиум
№ 1
№ 2
К. мБ.ж.



№ 1
№ 2
№ 3
№ 4


Ескерту: * тапсырманы беру


Δ – тапсырманы қабылдау

¨ - тапсырманы қорғау



Әдебиеттер тізімі

1. Савельев И.В. Жалпы физика курсы.- М.: Наука, 1989. - т. 2, 3

2. Детлаф А.А. , Яворский Б.М. Курс физики. -М. : Высш. шк., 2002

3. Трофимова Т.И. Курс физики. - М. : Высш. шк., 2004

4. Курс физики. Под ред. Лозовского В.Н. – СПб.: Лань, 2001. – т.1, 2

5. Савельев И.В. Жалпы физика курсы: 2 –ші кітап: Электр . –М.: «Издательство АСТ», 2004

6. Савельев И.В. Жалпы физика курсы: Кн. 4:Толқындар. Оптика. –М.: «Издательство АСТ», 2004

7. Савельев И.В. Курс физики: Кн. 5:Квантовая оптика. Атомная физика. Физика твердого тела. Физика атомного ядра и элементарных частиц. –М.: «Издательство АСТ», 2004

8. Иродов И.Е. Электромагнетизм. Основные законы. - М. : Лаборатория Базовых Знаний, 2000

9. Волькенштейн В.С. Сборник задач по общему курсу физики. – М.: Наука, 1981

10. Физика. Задания к практическим занятиям. Под ред. Ж.П. Лагутиной.– Мн.: Высш.шк., 1985

11. Чертов А.Г., Воробьев А.А. Задачник по физике. - М.: Высш. шк., 1981

12. Савельев И.В. Сборник вопросов и задач по общей физике. - М.: Наука, 1988

13. Иродов И.Е. Задачи по общей физике. - М.: Физматлит., 1988

14. Трофимова Т.И. Сборник задач по курсу физики для втузов. - М.: Оникс 21 век, 2003

15. . Физика. Тест сұрақтары- 2 бөлім. ЭлектромагнетизмМеханика. – Алматы: АИЭС, 2002.

16. Физика. Тест сұрақтары- 2 бөлім. Тербелістер мен толқындар. – Алматы: АИЭС, 2004

17. Физика. Тест сұрақтары- 2 бөлім. Кванттық физика. Атом ядросының физика – Алматы: АИЭС, 2004

18. Электромагнетизм. Методические указания к выполнению лабораторных работ для студентов всех форм обучения всех специальностей. - Алматы: АИЭС, 2007

19. Тербелістер. Оқытудың барлық бөлімінің және барлық мамандық студенттері үшін зертханалық жұмыстарды орындауға арналған өдістемелік нұсқау. - Алматы: АИЭС, 1999

20.Кванттық физика. Оқытудың барлық бөлімінің және барлық мамандық студенттері үшін зертханалық жұмыстарды орындауға арналған өдістемелік нұсқау. - Алматы: АИЭС, 1999

21. Толқындық оптика. Оқытудың барлық бөлімінің және барлық мамандық студенттері үшін зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау. - Алматы: АИЭС, 2008

22.. Электромагнетизм. Методические указания к лабораторным работам. Лабораторный практикум с использованием компьютера. - Алматы: АИЭС, 2001

23. Колебания. Лабораторный практикум с использованием компьютера.- Алматы: АИЭС, 2002

24. Физика 2. Конспект лекций (для студентов специальностей 050718 – Электроэнергетика, 050717 – Теплоэнергетика). – Алматы: АИЭС, 2009

25. Физика 2. Физика курсын меңгеруге арналған әдістемелік нұсқау (электр энергетика маманғының күндізгі бөлім студенттері үшін). – Алматы: АИЭС, 2006.

26. Қойшыбаев Н.Қ. Шарықбаев А.О. Физика.-Алматы, 2001.-т.2

27. Жұманов К.Б. Оптика негіздері. .-Алматы, 2004.-т.2

28. Қойшыбаев Н.Қ. Жалпы физика курсы.-Алматы, 2001.-т.4
Оқытушының талаптары және бағалау критерилері:

Кесте 1


Әріп бойынша бағалау жүйесі

Ұпайлары

Ұпайлары

%-тік

мазмұны


Дәстүрлік жүйе бойынша бағалау

А

4,0

9

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

8

90-94

Өте жақсы

В+

3,33

7

85-89

Жақсы

В

3,0

6

80-84

Жақсы

В-

2,67

5

75-79

Жақсы

С+

2,33

4

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

3

65-59

Қанағаттанарлық

С-

1,67

2

60-64

Қанағаттанарлық

Д+

1,33

1

55-59

Қанағаттанарлық

Д-

1,0

0

50-54

Қанағаттанарлық

F

0

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

Кесте 2


Параметр

%


Максимал ұпай

Дәрістік сабақтарға қатысу

5 %

5

Студенттің өзіндік жұмысы

5%

5

Машықтану сабақтарындағы жұмыс,минибақылау жұмыстары

20 %

20

ЕГЖ қорғау

20 %

20

Аралық бақылау,коллоквиумдар

30 %

30

Зертханалық жұмыстар

20 %

20

Жіберілу рейтингі келесі формуламен есептеледі:


Кесте 3

Параметр

%


Максимал ұпай

Жіберілу рейтингі

60

60

Емтихан

40

40

Қорытқысы : 0,6  жіберілу+0,4 емтихан

100

100


Ұпай қою саясаты:

2,3 кестелердегі көрсетілген бағалау ұпайлары ең жоғарғы болып саналады. Олар жұмыстың орындалу сапасына қойылады. Тестілеу және дәріске қатысуды бағалау ұпайлары дұрыс жауаптар санына және дәріске қатысу күндерімен есептелінеді.



Курс саясаты:

- сабақты жібермеу және кешікпеу;

- машықтану және зертханалық сабақтарға дайындалу;

- кестеге сәйкес есептеу графикалық жұмыстарды орындау және тапсыру;

- зертханалық жұмыстарды орындау, сабақты тек себепті жіберу;

- үйде және кітапханаларда өздігінен дайындалу.


Академиялық этика нормалары:

- ұқыптылық;

- тәрбиелілік;

- қайырымдылық;

- турашылдық;

- жауаптылық;



- аудиторяда жұмыс жасалганда телефон өшірілуі керек.
Қайшылық жағдайларда оқу тобында оқытушымен немесе эдвайзермен, күрделі жағдайда деканат қызметкерлері ашық талқылануы қажет.
Емтихан сұрақтары:
Максвелл теңдеулері

  1. Электрмагниттік индукция құбылыстары Электрмагниттік индукцияның негзгі заңдары. Ленц ережесі.

  2. Өздік және өзара индукця құбылыстары Индуктивтік. Ұзын соленоид индуктивтігі.

  3. Электр тізбегін тұйықтау және ажырату экстратоктары.

  4. Токтың магниттік энергиясы. Магниттік өрістің энергиясының көлемдік тығыздығы.

  5. Электрмагниттік индукция құбылысының максвелдік және фарадейлік тұжырымдаулары. Құйынды электр өрісі. Ығысу тогы. Максвелл теңдеулері жүйесі. Электр және магниттік өрістердің салыстырмалылығы


Толқындар мен тербелістер

  1. Гармоникалық тебелістердің жалпы сипаттамалары.. Табиғаттағы кез келген тербелістерді түсіндіру аналогиясы.

  2. Векторлық диаграмма. Тербелістерді қосу.

  3. Гармоникалық осциллятолар: маятниктер,серіппедегі жүк және тербелмелі контур. Осциллятолардың гармоникалық тебелістерінің дифференциалдық теңдеулері.

  4. Өшетін тербелістер және олардың сипаттамалары. Өшу коэффициенті, өшудің логарифмдік декременті, сапалылық.

  5. Мәжбүр тербелістер. Мәжбүр тербеліс фазасы және амплитудасы. Резонанс.Резонанс қисықтары.

  6. Толқындық процестер. Бойлық және көлденең толқындар. Толқын теңдеуі. Фазалық жылдамдық, толқын ұзындығы, толқындық сан.

  7. Толқындық теңдеу. Серпімді толқын энергиясы. Умов векторы.

  8. Толқындардың суперпозиция принципі. Топтық жылдамдық. Фазалық және топтық жылдамдық арасындағы байланыс. Қалыпты және аномальды дисперсия.

  9. Толқындардың интерференциясы.

  10. Электрмагниттік толқындардың дифференциалдық тендеулері және оның қасиеттері. Электрмагниттік өріс үшін толқындық теңдеу. Энергия және энергияның тығыздығы. Пойнтинг векторы. Дипольдік сауле шығару.

  11. Жарық -электромагниттік толқын. Жарық интерференциясы. Когеренттік. Интерференция бақылау әдістері.

  12. Жарық дифракциясы. Гюйгенс-Френель принципі. Френель әдісі.

  13. Саңылаудағы жарық дифракциясы. Дифракциялық және кеңістіктік тор. Голография.

  14. Жарықтың заттармен әсерлесуінің физикалық негіздері. Жарық дисперсиясы. Жарық дисперсиясының классикалық және электрондық теориясы.

  15. Жарықтың үйектелуі. Екі диэлектрик орта шекарасындағы жарықтың шағылу, сыну кезіндегі үйектелуі.


Кванттық және атомдық физика

  1. Жылулық сәуле шығару сипаттамалары. Абсолют қара дене. Абсолют қара дененің сәуле шығару заңдары. Кирхгоф заңы.

  2. Абсолют қара дененің сәуле шығару спектріндегі энергия үлестірілуі. Планктың кванттық гипотезасы және формуласы.

  3. Фотоэффект. Сыртқы фотоэффект заңдары мен кванттық теориясы.

  4. Фотондар. Жарық кванттарының энергиясы және импульсі. Комптон эффектісі.

  5. Электрмагниттік сәуле шығарудың корпускулалық-толқындық дуализмі.

  6. Зат бөлшектерінің корпускулалық-толқындық екіжақтылығы. Де Бройль гипотезасы және оның тәжірибелік расталуы.

  7. Гейзенбергтің анықталмағандықтар қатысы. Гейзенбергтің анықталмағандықтар қатысын кванттық механика есептерін шығаруға қолдану.

  8. Толқындық функция және оның статистикалық мағынасы. Кванттық және классикалық механикадағы бөлшектің күйін анықтаудың принципті айырмашылықтары.

  9. Шредингердің уақыттық және стационар теңдеуі. Қарапайым кванттық жүйе үшін Шредингер теңдеуінің шешімі. Тік бұрышты бір өлшемді потенциалдық шұңқырдағы бөлшек. Бордың сәйкестік принциптері

  10. Кванттық гармоникалық осциллятор. Нөлдік энергия. Бөлшектердің потенциалдық тосқауыл арқылы өтуі.

  11. Сутегі атомы үшін Шредингер теңдеуінің шешімі. Кванттық сандардың толық саны. Паули принципі.

  12. Тосындық және мәжбүр сәуле шығару. Лазер физикасының элементтері.


Қатты денелер, атомдық ядро және элементар бөлшектер физикасы


  1. Кванттық статистика және оны қолдану. Ферми – Дирак және Бозе-Эйнштейн кванттық статистикалары туралы түсінік. Бозондар мен фермиондар. Ұқсас бөлшектердің ажыратылмаушылық принципі.

  2. Жүйенің химиялық потенциалы (Ферми деңгейі). Металдардағы электрондық өткізгіштік. Металдардың электр өткізгіштігі. Асқын өткізгіштік. Асқын өткізгіштікті ғылым мен техникада қолдану.

  3. Қатты денелердің аумақтық теориясы. Аумақтық теориядағы металдар, диэлектриктер мен шалаөткізгіштер. Қоспалық және өзіндік шалаөткізгіштер. Фотоөткізгіштік.

  4. Металдар мен шалаөткізгіштердегі түйіспелік құбылыстар

( Зеебек, Пельте құбылыстары). Электрондық кемтіктік байланыс(p-n-ауысу).

37. Атом ядросы. Атом ядросының құрылысы және негізгі қасиеттері. Ядролық күштер.

38. Ядроның байланыс энергиясы. Ядроның бөліну реакциясы. Энергия көздерінің мәселелері.

39. Радиоактивтік. Радиоактивті ыдырау заңы. Ыдырау түрлері мен заңдылықтары.



40. Элементар бөлшектер. Іргелі өзараәрекеттесулер.




Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы

Бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы»

12466.61kb.

25 12 2014
76 стр.


Саран қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №41/07 қаулысы «Білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы»

Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын

200.66kb.

25 12 2014
1 стр.


Ф 06-32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
1743.16kb.

13 10 2014
12 стр.


Ф 06-32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
1838.96kb.

11 10 2014
10 стр.


Ф 06-32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
1652.88kb.

15 10 2014
9 стр.


Ф. 06. 32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
1926.73kb.

15 10 2014
13 стр.


Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
612.2kb.

05 09 2014
3 стр.


Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
202.62kb.

30 09 2014
1 стр.