Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Қазақ филологиясы кафедрасы


«ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» ПӘНІ БОЙЫНША СЫРТТАЙ БӨЛІМ СТУДЕНТТЕРІНІҢ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН ОРЫНДАУЫНА

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

ПАВЛОДАР


2010-05-12

БЕКІТЕМІН

ФЖжӨ факультетінің деканы

____________Ж.Т. Сарбалаев

200__ж. «___»_____________


Құрастырушы: доцент Түсіпова Қ.Д.
Қазақ филологиясы кафедрасы
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәні бойынша

021240 «Қазақ тілі мен әдебиет», 521231 «Қазақ филологиясы» мамандықтың (-тарының) студенттері үшін оқу түрі сырттай

жалпы орта білім және екінші жоғарғы білім базасы негізінде

Әдістемелік нұсқау мамандықтың Мемлекеттік стандарты ҚР МЖМБС 3.08.017-2004, КР МЖМБС 3.08.025-2004 және типтік оқу бағдарламасы, жұмыс бағдарламасы негізінде әзірленді


Кафедра мәжілісінде ұсынылған № ____ хаттама 200_ж. «___»_____________
Кафедра меңгерушісі ___________________ Жүсіп Қ.П.
________________________________ факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
№ ____ хаттама 200_ж. «___»_____________
КЕЛІСІЛДІ
ОӘК төрағасы ___________________ Аронова Г.А.
МАҚҰЛДАНДЫ
ОӘ ісі жөніндегі декан орынбасары _____________Сүйінбаева А.Т.


  1. Пәннің мақсаты мен міндеттері, оқу процесіндегі орны

Нарықтық қоғам талабына сай оқыту жүйесін құрудың жетекші бір талабы қазақ тілі пәніне де қатысты. Қазақ тіл пәні–мемлекеттік қалыптың мүддесі, ізгілікті жас жеткіншектердің санасына ұялатар субстанция.


Орта мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесін оқытудың басты мақсаты:

«Орта мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәні бойынша студенттерге жан-жақты тарихи-әдеби, теориялық толық мәліметтер мен практикалық дағдылар туралы түсінік беру.

Қазақ тілінің оқытылу тарихының жүйесін, ерекшелік сипаттарын көрсету.

Жалпы білім беретін орта оқу орындарындағы өзге пәндер арасындағы қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің алатын орны мен тілін оқыту әдістемесі жөніндегі ілімнің мән-мазмұнын әрі қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасу кезеңдерін меңгерту.


Міндеті:

Қазақ тілін оқыту әдістемесі курсының құрылымы мен мазмұнын ондағы теориялық және педагогикалық-психологиялық мәселелері көзделеді.

Қазақ тілі теориясын оқытудың жалпы маңызы мен оның негізгі принциптерін меңгереді.

Тілдік білім беруде оқу процесін ұйымдастыру түрлері, әдеби шығарманы оқып-үйренудің жолдары мен амалдарымен танысады.

Көркем шығармаларды жанрлық сипатына қарай оқыту тәсілдері көзделеді.

Әр айтылған пікірді нақты мысалдармен бекітіп отырады.

Студенттердің өздеріне мысал тергізу және келтірген оқу бағдарламаларын, оқулықтарды талдай білуге дағдыландыру.

Студент пікірінде жүйелілік, нақтылық, дәлелдеу болуын талап ету.


Пәнді игеруде студенттер білуге тиіс

Бағдарлама негізінде жұмыс жасай білуі тиіс.

Күнтізбелік жоспар жасай білуге төселуі тиіс.

Сабақтық жоспар жасау тәжірибесін меңгеруі тиіс.

Тілдік жазу жұмыстарын ұйымдастырып жүргізуді игеруі тиіс.

Жетекші әдіс-тәсілдерді меңгеруі тиіс.

Пән игеруде студенттер істей білуге тиісті

Бағдарлама негізінде жұмыс жасай алады.

Күнтізбелік жоспар жасай білуге төселеді.

Сабақтық жоспар жасау тәжірибесін меңгереді.

Тілдік жазу жұмыстарын ұйымдастырып жүргізуді игереді.

Жетекші әдіс-тәсілдерді меңгерту.


Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша бақылау жұмысын орындауға жалпы нұсқаулар
Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша бақылау жұмысын орындауға пән бойынша бақылау жұмысының негізгі міндеті - болашақ мамандардың оқушыларда қазақ әдебиетін оқытудың негізгі маңызды мәселелерін меңгеру сапасын тексеу. Оның орындалуы студенттің өзіндік іс әрекетін нақтылы ұйымдастыруға ықпал етеді және білімдердегі ақаулықтарды анықтауға мүмкіндік береді.

Бақылау жұмысы курста оқылатын материалдың негізгі тақырыптары бойынша тапсырмаларды қамтиды.

Бақылау жұмысына кіріспес бұрын студенттер өз тапсырмаларына байланысты қажетті теориялық материалдарды оқып білуі керек.

Егер теориялық материалды оқыған соң студент бақылау жұмысын орындауға қиыншылықтарға кездессе, оған оқытушыдан ауызша немесе жазбаша кеңес алуға болады.

Бақылау жұмысын орындаған студент қана емтихан немесе сынақ тапсыруға рұқсат алады. Егер де жұмыста студенттің курстың негізгі мәселелерін меңгермегендігін көрсететін қателіктер болса, онда жұмыс есептелмейді.

Орындайтын нұсқаның номерін студент өз фамилиясының бірінші әрпіне сәйкес тандап алады (кестені қараңыз).


Бақылау жұмысын орындауға қойылатын талаптар


Бақлау жұмысы ақ А-4 форматты парақтарда орындалады.

Өз нұсқаңызды көрсетіңіз.

Тапсырмалар оқытушы ұсынылған ретпен орындалады.

Бақылау жұмысы таза орындалуы керек.

Егер бақылау жұмысы студентке толықтырылуға қайтарылса, онда қателермен жұмыс сол талаптарды ескеріліп орындалуы қажет.

Бірінші бетте тақырып баспа әріптерімен толық жазылады, тақырыптан кейін жоспар жазылады.

Бақылау жұмысының мәтіні келесі беттен басталып жызылады.

Әр сұрақ жаңа беттен басталып жазылады.

Мәтіннің соңында қолданылған әдебиеттер тізімі жазылады.

Әдебиеттер тізімі қолдану реті бойынша емес, алфавит реті бойынша жазылады.

Бақылау жұмыстарының тақырыптары
1.Қазақ тілін оқыту әдістемесі курсының мазмұны.оқыту әдістерінің жүйесі.


  1. Қазақ тілін оқыту формалары мен түрлері.

  2. Қазақ тілінің практикалық сабақтары.

  3. Қазақ тілі сабағында өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыру.

  4. Модульдік технология.

  5. Бағдарламалық және дистанциялық оқыту технологиясы.

  6. Дебат технологиясының ерекшеліктері.

  7. Қазақ тілі сабағында жеке тұлғаны дамыта оқыту.


Ұсынылған әдебиеттер
Негізгі


  1. Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисі мен пунктуацмясының методикасы. – А. Мектеп, 1974

  2. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. –А. Санат, 1995

  3. Әлімжанов Д. Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. – А. 1965

  4. Әдбікәрімова Т. Әбдіғалиева Т. Шаймерденова К. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Практикалық және лабораториялық жұмыстар – А. Ана тілі, 1999

  5. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы – А. 1992

  6. Балақаев М. Тіл мәдениеті және мектепте қазақ тілін оқыту –А. Мектеп, 1982

  7. Бейсенбайқызы З. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. –А. 2001

  8. Жапбаров А. Стилистиканы оқыту әдістемесі – А, 1995

  9. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. – А. Қазақ университеті, 1993

  10. Катембаева Б, Нұрғалиева М. Морфологияны оқытудың методикасы.- А. Мектеп 19975

  11. Қараев Ж. Ешеева Ж. Программалап оқыту және оның компьютерді оқытуға пайдалану мен байланысы. – А. 1991

  12. Құрманова Н, Мухлис К. Текст теориясы және тексті талдау әдістемесі. – А. АлМУ, 2000

  13. Ломизов А. Выразиельное чтение при изучении синтаксиса и пунктуации М.1986

  14. Мусабекова Ф. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері –А. Мектеп, 1959

  15. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары –А. 2001

  16. Рахметова Р. Сөз тіркесі синтаксисі және оны оқыту әдістемесі. – А. 2003


Ќосымша:

17. Зейманова Л.М. Нагляность в преподавании русского языка М. 1984



18. Напольнова Т. Активизатция мыслительной деятельности учащихся на уроках русского языка М. 1983

19. Панов В. Типы и структуры о уроков русского языка М. 1986

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы

Бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы»

12466.61kb.

25 12 2014
76 стр.


Саран қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №41/07 қаулысы «Білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы»

Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын

200.66kb.

25 12 2014
1 стр.


Ф 06-32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
1743.16kb.

13 10 2014
12 стр.


Ф 06-32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
1838.96kb.

11 10 2014
10 стр.


Ф 06-32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
1652.88kb.

15 10 2014
9 стр.


Ф. 06. 32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
1926.73kb.

15 10 2014
13 стр.


Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
612.2kb.

05 09 2014
3 стр.


Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
202.62kb.

30 09 2014
1 стр.