Перейти на главную страницу
«Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды
1. Жалпы ережелер
1. «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес Алматы және Астана қалаларының білім басқармалары, қалалық және аудандық білім бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 124 – 125-баптарының негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет стандарты туралы ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің интернет-ресурсында (www.bala-kkk.kz, «Нормативтік құқықтық актілер» бөлімі);
2) уәкілетті органдардың орын-жайларында орналасқан стенділерде орналасады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама) беру не қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабын ұсыну болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік отыз күнді (құжаттарды қабылдаған күн және берген күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) құрайды;
2) өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күту уақытының барынша ұзақтығы 20 минуттан аспайды;
3) өтiнiш берген күнi сол жерде мемлекеттік қызметті алушыға көрсетiлетiн қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы 20 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет уәкілетті органға жүгінген кезде:
1) демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі.
2) қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органның ғимараттарында көрсетіледі. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну үшiн күтуге және қажеттi құжаттарды дайындауға жағдай жасалады (күтуге арналған зал, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттар тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стенділермен жарақталады). Ғимараттар дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандусы бар кiреберiспен жабдықталған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті орган мамандарының мемлекеттік қызметті алушыға қатысты іс-қимылы мына қағидаттарға негізделеді:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қызметтік міндетін атқару кезінде заңдылықты сақтау;
3) мемлекеттік қызметті алушылармен жұмыс кезінде сыпайылық;
4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;
5) өтініштерді қарау кезінде лауазымды тұлғалар қызметінің ашықтығы;
6) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
7) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты сақтау және құпиялылық.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Уәкілетті органның қызметі бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің тиісті бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Уәкілетті орган мамандарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiруді, сондай-ақ шағымды дайындауға жәрдем көрсетуді осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша уәкілетті орган жүзеге асырады.
21. Қызмет көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым мемлекеттік қызмет көрсететін орын бойынша уәкілетті орган басшысының атына немесе әкімдікке беріледі.
22. Қызмет тиісті деңгейде көрсетілмеген жағдайда шағым демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін уәкілетті органға беріледі.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
24. Уәкілетті органға шағым беру үшiн мемлекеттік қызметті алушы еркiн нысанда өз қолымен жазылған өтінішті береді.
25. Қабылданған шағым уәкілетті органның кіріс ақпаратын есепке алу журналында тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңындабелгiленген мерзiмде қаралады. Мемлекеттік қызметті алушыға күнi мен уақыты, өтiнiштi қабылдаған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген талон берiледi.
Шағымды қарау нәтижелері мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
26. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде 010000, Астана қаласы, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 11-кіреберіс, 939-каб. мекенжайынан, осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес білім бөлімдерінен, сондай-ақ комитеттің www.bala-kkk.kz сайтынан ала алады.
«Жетімдерді, ата-анасының
«Қала (аудан) әкімдіктерінің білім бөлімдері» мемлекеттік
Р/с№ |
Бөлімдердің атауы |
Орналасқан мекенжайы |
Байланыс телефондары |
1 |
2 |
3 |
4 |
Ақмола облысы | |||
1 |
«Ақкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов к-сі, 81 |
8(716 38) 228-47 |
2 |
«Аршалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Аршалы ауылы, Тәшенов к-сі, 47 |
8(716 44) 225-14 |
3 |
«Астрахан ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Астрахан ауылы, Әл-Фараби к-сі, 50 |
8(716 41) 236-84 |
4 |
«Атбасар ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Атбасар қаласы, Уәлиханов к-сі, 11 |
8(716 43) 242-72 |
5 |
«Бұланды ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Макинск қаласы, Некрасов к-сі, 19 |
8(716 46) 213-87 |
6 |
«Егіндікөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Егіндікөл ауылы, Жеңіс к-сі, нөмірі жоқ |
8(716 42) 213-51 |
7 |
«Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Степняк қаласы, Ленин к-сі, 68 |
8(71639) 216-20 |
8 |
«Ерейментау ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Ерейментау қаласы, Әл-Фараби к-сі, 10 |
8(716 33) 216-64 |
9 |
«Есіл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Есіл қаласы, Дружба к-сі, 1 |
8(716 47)214-86, 215-69 |
10 |
«Жақсы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Жақсы ауылы, Дружба к-сі, 3 |
8(716 35)217-04 |
11 |
«Жарқайың ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Державинск қаласы, Ленин к-сі, 30 |
8(716 48 929-43 |
12 |
«Зеренді ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Зеренді ауылы, Ленин к-сі, 43 |
8(716 32) 226-02 |
13 |
«Қорғалжын ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Қорғалжын ауылы, Болғанбаев к-сі, 14 |
8(716 37) 221-98 |
14 |
«Сандықтау ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Балкашино ауылы, Ленин к-сі, 120 |
8(716 40) 917-01 |
15 |
«Целиноград ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Ақмола ауылы, Гагарин к-сі, 15 |
8(716 51)312-06, 311-33 |
16 |
«Шортанды ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Шортанды ауылы, Абылай хан к-сі, 2 |
8(716 31)215-04, 211-44 |
17 |
«Щучье ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Щучинск қаласы, Абылай хан к-сі, 3 |
8(716 36)458-88 |
18 |
«Степногор қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Степногор қаласы, 4-шағын ауданы, 1 |
8(716 45) 619-09 |
19 |
«Көкшетау қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Көкшетау қаласы, Құдайбердиев к-сі, 57 |
8 (7162) 401-364 |
Ақтөбе облысы | |||
1. |
«Алға ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Алға қаласы, 4-шағын ауданы, 7 «а» |
8(713 37)318-76, 333-46, 541-95 |
2. |
«Әйтеке би ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Комсомол ауылы, Жүргенов к-сі, 52 |
8(713 39) 215-35, 216-80 |
3. |
«Байғанин ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Байғанин ауылы, Қонаев к-сі, 36 |
8(713 45) 225-56, 228-50 |
4. |
«Ырғыз ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Ырғыз ауылы, Әбілхайыр хан д-лы, 52 |
8(713 43)213-77, 215-63 |
5. |
«Қарғалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Бадамша ауылы, Цыбульчик к-сі, 2 |
8(713 42)215-33, 230-02 |
6. |
«Қобда ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Қобда ауылы, Достық к-сі, 53 |
8(713 41)215-33, 214-39 |
7. |
«Мәртөк ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Мәртөк ауылы, Сейфуллин к-сі, 36 |
8(713 31)216-33, 215-49 |
8. |
«Мұғалжар ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Қандыағаш ауылы, Гагарин к-сі, 6 |
8(713 33)362-01, 367-22 |
9. |
«Темір ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Шұбарқұдық ауылы, Кереев к-сі, 4 |
8(713 46)227-48, 227-84 |
10. |
«Ойыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Ойыл ауылы, Жолмырзаев к-сі, 3 |
8(713 32)217-44, 217-32 |
11. |
«Хромтау ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Хромтау қаласы, Спортивный тасжолы, 2 |
8(713 36)216-51, 216-52 |
12. |
«Шалқар ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Шалқар қаласы, Көтібарұлы к-сі, 84 |
8(713 35)213-36, 231-93 |
13. |
«Ақтөбе қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Ақтөбе қаласы, Алтынсарин к-сі, 2 |
8(7132) 211605, 211580 |
Алматы облысы | |||
1. |
«Алакөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Үшарал қаласы, Қонаев к-сі, 50 |
8(728 33)210-33, 225-64 |
2. |
«Ақсу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Жансүгір кенті, Желтоқсан к-сі, 5 |
8(728 32)215-80, 222-90 |
3. |
«Балқаш ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Бақанас ауылы, Қонаев к-сі, 72 |
8(728 73)913-70, 918-53 |
4. |
«Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Есік қаласы, Алматы к-сі, 312 |
8(728 75)453-57, 415-50 |
5. |
«Ескелді ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Қарабұлақ ауылы, Оразбеков к-сі, 31 |
8(728 36)312-00, 307-74 |
6. |
«Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Ұзын ағаш ауылы, Мәжитов к-сі, 4 |
8(728 70)228-51, 233-48 |
7. |
«Іле ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Өтеген батыр кенті, Титов к-сі, 33 |
8(728)52-235-05, 236-94 |
8. |
«Қаратал ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Үштөбе қаласы, Молдағұлова к-сі, 67 |
8(728 34)215-36, 213-82 |
9. |
«Қарасай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Қаскелең қаласы, Қабанбай батыр к-сі, н/ж |
8(728 71)210-80, 220-37 |
10. |
«Кербұлақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Сарыөзек кенті, Тимирязев к-сі, 1 |
8(728 40)320-68, 314-34 |
11. |
«Көксу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Балпық би кенті, Мырзабеков к-сі, 38 |
8(728 38)217-61, 202-95 |
12. |
«Панфилов ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Жаркент қаласы, Розыбакиев к-сі, 22 |
8(728 31)507-69, 517-75 |
13. |
«Райымбек ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Кеген ауылы, Момышұлы к-сі, 19 |
8(728 77)212-52, 214-50 |
14. |
«Сарқант ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Сарқант қаласы, Тынышбаев к-сі, 8 |
8(728 39)227-39, 213-04 |
15. |
«Талғар ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Талғар қаласы, Қонаев к-сі, 65 |
8(728 74)214-00, 236-89 |
16. |
«Ұйғыр ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Шонжы ауылы, Ысмайылов к-сі, 70 |
8(728 78)228-25, 217-04 |
17. |
«Қапшағай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Қапшағай қаласы, Жамбыл к-сі, 13 |
8(728 72)422-65, 411-76 |
18. |
«Текелі қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Текелі қаласы, Абылай хан к-сі, 34 |
8(728 72)425-24, 447-70 |
19. |
«Талдықорған қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Талдықорған қаласы, Абай к-сі, 256 |
8(728 22)710-00, 707-08 |
Атырау облысы | |||
1. |
«Атырау қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Атырау қаласы, Азаттылық д-лы, 65 «а» |
8(712 23)548-47, 328209 |
2. |
«Жылыой ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Құлсары қаласы, Әбдірахманов к-сі, 47
|
8(712 37) 214-85 |
3. |
«Индер ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Индер ауылы, Қонаев к-сі, 18 |
8(712 34) 210-50 |
4. |
«Махамбет ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Махамбет ауылы |
8(712 36) 210-21 |
5. |
«Исатай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан к-сі, 7 |
8(712 31) 204-57 |
6. |
«Мақат ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Мақат кенті, Орталық алаң, 2 |
8(71239)300-13 |
7. |
«Құрманғазы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Ганюшкино ауылы, Күшікбаев ауылы, 25 |
8(712 33) 204-99 |
8. |
«Қызылқоға ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Миялы ауылы, Қарабалин к-сі |
8(712 38) 211-75 |
Шығыс Қазақстан облысы | |||
1. |
«Абай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Қарауыл ауылы, Кұтжанов к-сі, 1 |
8 (722)52-918-17 |
2. |
«Аягөз ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Аягөз қаласы, Момышұлы к-сі, 58 |
8(722 37)315-34 |
3. |
«Бесқарағай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Большая Владимировка ауылы, Сейфуллин к-сі, 162 |
8(722 36) 914-44 |
4. |
«Бородулиха ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Бородулиха ауылы, Түсіпжанов к-сі, 39 |
8(722 51) 291-77 |
5. |
«Глубокое ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Глубокое кенті, Пирогов к-сі, 6 |
8(722 31) 215-33 |
6. |
«Жарма ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Георгиевка ауылы, Ленин к-сі, 101 |
8(722 47) 619-74 |
Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республ
25 12 2014
1 стр.
25 12 2014
1 стр.
«Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы №943 қаулысына толықтыру енгізу турал
25 12 2014
1 стр.
«Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы №1229 қаулысында
25 12 2014
4 стр.
Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық саясаттың 2013 жылға арналған негізгі бағыттары туралы мәлімдемесі туралы
14 12 2014
1 стр.
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялды-инновациялық дамуының Мемлекеттік б
16 12 2014
18 стр.
Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 маусымдағы №508 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮаж-ы, 2007 ж., №19, 225-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін
29 09 2014
1 стр.
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы №1061 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
25 12 2014
1 стр.