Перейти на главную страницу
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы « » № Жарлығымен МАҚҰЛДАНҒАН
|
1995 жылғы 6 қаңтардағы Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының арасындағы Кеден одағы туралы келісімді, 1995 жылғы 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы келісімді, 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістік туралы шартты, 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартты, 2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кедендік одақты қалыптастыру туралы шартты негізге ала отырып,
Тараптардың экономикалық ынтымақтастығын дамыту және сауда-экономикалық байланыстарын кеңейту ниетін растай отырып,
экономиканы тиімді дамытуды қамтамасыз ету, инновациялық үдерістерді ынталандыру және сапалы өнім өндіру үшін бәсекелестікті қолдау қажеттілігін назарға ала отырып,
бірыңғай бәсекелестік саясатты жүргізу Тараптардың Біртұтас экономикалық кеңістігін қалыптастырудың және тиімді жұмыс істеуінің қажетті шарты деп санай отырып,
Тараптардың Біртұтас экономикалық кеңістігінің тауар нарықтарында бәсекелестіктің тең жағдайын қамтамасыз ету қажеттілігін, оның ішінде Тараптардың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің Тараптардың тауар нарықтарына кемсітушіліксіз қол жеткізуін ескере отырып,
төмендегілер туралы келісті:
I бөлім
Жалпы ережелер
1-бап
Келісімнің мақсаттары мен нысанасы
1. Осы Келісімнің мақсаты Тараптардың тауарлардың, қызметтердің және капиталдың еркін қозғалысын, экономикалық қызметтің еркіндігін және Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің бірыңғай кедендік аумақта тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуін, Тараптардың бәсекелестік саясат саласындағы заңнамасын үйлестіруді және Тараптардың өзара саудасына теріс әсер етуге қабілетті іс-қимылдарға жол бермеуді қамтамасыз ету үшін бірыңғай бәсекелестік саясатты қалыптастыру болып табылады.
2. Осы Келісімнің нысанасы Тараптардың аумағында бәсекелестікке қарсы іс-қимылдарды және екі және одан көп Тараптардың аумағында трансшекаралық нарықтарда бәсекелестікке теріс әсер ететін іс-қимылдарды анықтау және жолын кесуді қамтамасыз ететін бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен қағидаларын белгілеу болып табылады.
3. Осы Келісім Тараптардың аумағында бәсекелестік саясатты іске асыруға байланысты қатынастарға және Тараптардың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (нарық субъектілерінің) қатысуымен екі және одан көп Тараптардың аумағында трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестікке теріс әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін қатынастарға қолданылады. Кеден одағы комиссиясының құзыретін айқындау мақсатында нарықты трансшекаралыққа жатқызу өлшемдері Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесінің (Кеден одағының жоғарғы органының) шешімімен осы Келісім күшіне енген күнінен бастап 6 ай ішінде белгіленеді.
4. Тараптар осы Келісімнің ІІІ бөлімінде көзделген тыйым салуларға қатысты өз заңнамасында қосымша талаптар мен шектеулерді белгілеуге құқылы.
5. Осы Келісімде ештеңе де Тараптардың кез келгені үшін ол ел қорғанысының маңызды мүдделерін қорғау және мемлекеттің қауіпсіздігі үшін қажет деп санайтын кез келген шаралар қабылдауға кедергі ретінде түсіндірілуге тиіс емес.
6. Осы Келісім Тараптардың келісімдерінде көзделген табиғи монополияға қатысты ерекшеліктерді ескере отырып, табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылады.
1) «сатылас келісім» – бірі тауарды сатып алатын немесе оның әлеуетті сатып алушысы болып табылатын, ал екіншісі тауарды ұсынатын немесе оның әлеуетті сатушысы болып табылатын өзара бәсекелес емес шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) арасындағы келісім;
2) «бірін-бірі алмастыратын тауарлар» – өзінің функционалдық арналымы, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары, бағасы және басқа да параметрлері бойынша салыстыруға болатын, осылайша сатып алушы тұтыну кезінде (оның ішінде өндірістік мақсаттарда тұтыну кезінде) бір тауарды екіншісімен шынымен алмастыратын немесе алмастыруға дайын болатындай тауарлар;
3) «мемлекеттік бағалық реттеу» – тараптардың мемлекеттік билік органдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бағалар (тарифтер), бағаларға (тарифтерге) үстемелер, ең жоғарғы және ең төменгі бағалар (тарифтер), бағаларға (тарифтерге) ең жоғарғы және ең төменгі үстемелерді белгілеуі;
4) «мемлекеттік немесе муниципалды преференция» – тараптардың атқарушы билік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының көрсетілген органдардың функцияларын жүзеге асыратын өзге де органдардың немесе ұйымдардың жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне) мемлекеттік және муниципалдық мүлікті, азаматтық құқықтардың өзге де объектілерін беру жолымен немесе мүмліктік жеңілдіктер, мемлекеттік немесе муниципалдық кепілдіктер беру жолымен оларға қызметтің аса тиімді жағдайларын қамтамасыз ететін артықшылықтарды беруі;
5) «тұлғалар тобы» – мынадай белгілердің біріне немесе бірнешеуіне сәйкес келетін жеке тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтығы:
егер мұндай жеке тұлға немесе мұндай заңды тұлға өзінің осы шаруашылық қоғамға (серіктестікке) қатысу күші болса немесе алынған, оның ішінде келісім негізінде басқа тұлғалардан алынған өкілеттіктерге сәйкес осы шаруашылық қоғамның (серіктестіктің) жарғылық (қалыптаспа) капиталындағы дауыс беру акциясына (үлесіне) сәйкес келетін дауыстың жалпы санының елу пайызынан астамына ие болса, шаруашылық қоғам (серіктестік) және жеке тұлға немесе заңды тұлға;
егер мұндай жеке тұлға немесе мұндай заңды тұлға осы шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) дара атқарушы органының функциясын жүзеге асырса, шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) және жеке тұлға немесе заңды тұлға;
егер мұндай жеке тұлға немесе мұндай заңды тұлға осы шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) құрылтай құжаттары немесе осы шаруашылық жүргізуші субъектісімен жасалған шарттар (келісімдер) негізінде осы шаруашылық жүргізуші субъектіге орындау үшін міндетті тапсырмалар беру құқығы болса, шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) және жеке тұлға немесе заңды тұлға;
алқалық атқарушы органның және (немесе) директорлар кеңесінің (байқаушы кеңестің, қор кеңесінің) сандық құрамының 50 пайыздан астамын белгілі бір жеке тұлғалар құрайтын шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері);
жеке тұлға, оның жұбайы, ата-аналары (оның ішінде асырап алушылар), балалары (оның ішінде асырап алынғандар), ағалары мен апалары;
тұлғаның әрқайсысы осы тармақтың екінші-алтыншы абзацтарында көрсетілген қандай да бір негіз бойынша белгілі бір тұлғамен топқа кірсе, сондай-ақ басқа да тұлғалар осындай тұлғалардың кез келгенімен осы тармақтың екінші-алтыншы абзацтарында көрсетілген қандай да бір негіз бойынша топқа кірсе;
осы тармақтың екінші-жетінші абзацтарында көрсетілген қандай да бір белгілер бойынша бір тұлғалар тобына кіретін шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі), жеке және (немесе) заңды тұлғалар егер мұндай тұлғалар өзінің осы шаруашылық қоғамға (серіктестікке) бірлесіп қатысу күші болса немесе басқа тұлғалардан алынған өкілеттіктерге сәйкес осы шаруашылық қоғамның (серіктестіктің) жарғылық (қалыптаспа) капиталындағы дауыс беру акциясына (үлесіне) сәйкес келетін дауыстың жалпы санының 50 пайызынан астамына ие болса.
Тұлғалар тобы нарықтың біртұтас шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) ретінде қарастырылады. Осы Келісімнің шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне) қатысты ережелері тұлғалар тобына қолданылады.
Тараптардың заңнамасында Тараптар аумағында бәсекелестік саясатты іске асыру мақсатында «тұлғалар тобы» деген анықтама, оның ішінде бір тұлғаның акцияларын (үлестерін) екінші тұлғаның жарғылық (қалыптаспа) капиталында иелік ету (қатысу) мөлшерінің мәні бөлігінде нақтылануы мүмкін, мұндай кезде бұлай иелік етуді (қатысу) тұлғалар тобы таниды;
6) «кемсітушілік талаптар» – тараптардың жекелеген келісімдерінде көзделген шарттарды, шектеулерді және ерекшеліктерді есепке ала отырып, шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) немесе бірнеше шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) екінші шаруашылық жүргізуші субъектісімен (нарық субъектісімен) немесе басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілермен (нарық субъектілерімен) салыстырғанда тең емес жағдайға қойылған кезде тауар нарығына кіру шарты, тауарларды өндіру, айрбастау, тұтыну, сатып алу, сату, өзге де беру шарттары;
7) «үстем жағдай» – тиісті тауар нарығында мұндай шаруашылық жүргізуші субъектіге (нарық субъектісіне) не мұндай шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне) тауар айналысының жалпы жағдайына елеулі шешуші ықпал етуге және (немесе) осы тауар нарығынан басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерді (нарық субъектілерін) жоюға және (немесе) басқа шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) осы тауар нарығына кіруін қиындатуға мүмкіндік беретін белгілі бір тауар нарығындағы шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) не шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) жағдайы;
8) «бәсекелестік» – шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) әрқайсысының дербес жасаған іс-қимылдары тиісті тауар нарығындағы тауарлар айналымының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының біржақты ықпал ету мүмкіндігі жойылатын немесе шектелетін жарыспалылығы;
9) «құпия ақпарат» – тараптардың нормативтік құқықтық актілерімен қорғалатын (қызметтік, коммерциялық, банктік, кәсіби, жек бастың құпиясын құрайтын ақпаратты қоса алғанда) ақпараттың барлық түрлері;
10) «экономикалық қызметті үйлестіру» – шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектісінің) іс-қимылын мұндай шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) бірімен де, бір тұлғалар тобына кірмейтін және шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) келісілген іс-қимылдары жүзеге асырылатын тауар нарығында (тауар нарықтарында) қызметін жүзеге асырмайтын үшінші тұлғамен келісу;
11) «жанама бақылау» – заңды немесе жеке тұлғаның өздері арасында тікелей бақылау бар немесе бірнеше заңды тұлғалар арқылы заңды тұлға қабылдайтын шешімді айқындау мүмкіндігі;
12) «бәсекелестік туралы модельдік заң» – Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесі (Кеден одағының жоғарғы органы) бекіткен, Тараптардың бәсекелестік саясат саласындағы экономикалық қарым-қатынастарды құқықтық реттеуді жақындастыруға бағытталған ұсынымдық сипаттағы заңнамалық акт;
13) «монополиялық жоғары баға» – үстем жағдайға ие шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) белгілеген баға, егер осы баға осындай тауарды өндіру және өткізу үшін қажет шығыстар мен пайда сомасынан асып кетсе, сондай-ақ Кеден одағы шеңберінде немесе оның шегінен тыс жерлердегі бірыңғай кедендік аумақта мұндай нарық болған кезде тауарды сатып алушылар немесе сатушылар құрамы, тауар айналымының шарттары, тауар нарығына кіру шарттары, салық салу және кедендік-тарифтік реттеуді қоса алғанда, мемлекеттік реттеу бойынша салыстырылатын тауар нарығындағы (бұдан әрі – салыстырмалы тауар нарығы) бәсекелестік жағдайларда қалыптасқан баға немесе осы тауар нарығында бұрын белгіленген баға, егер мұндай баға бәсекелес жағдайда қалыптасқан болса. Тараптардың заңнамасына сәйкес айқындалған осындай тауар тарифі шегінде табиғи монополия субъектісі белгілеген баға монополиялық жоғары баға болып танылмайды.
14) «монополиялық төмен баға» – үстем жағдайға ие шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) белгілеген баға, егер осы баға осындай тауарды өндіру және өткізу үшін қажет шығыстар мен пайда сомасынан төмен болса, сондай-ақ Кеден одағы шеңберінде немесе оның шегінен тыс жерлердегі бірыңғай кедендік аумақта мұндай нарық болған кезде салыстырмалы тауар нарығындағы бәсекелестік жағдайда қалыптасқан бағадан төмен болса;
15) «жосықсыз бәсеке» – Тараптардың заңнамасына, іскерлік айналым дәстүріне, қайырымдылық, парасаттылық және әділеттілік талаптарына қайшы келетін және басқа бәсекелес шаруашылық жүргізуші субъектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін не олардың іскерлік беделіне зиян келтірген немесе келтіруі мүмкін шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) немесе бірнеше шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) кәсіпкерлік қызметтегі артықшылықтарды иеленуге бағытталған кезкелген іс-қимылдары;
16) «бәсекелестікті шектеу белгілері» – тауар нарығында бір тұлғалар тобына кірмейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) санын қысқарту, тауар нарығында тауар айналымының өзге де жалпы жағдайының тиісінше өзгерулеріне байланысты тауар бағаларының өсуі немесе төмендеуі, бір тұлғалар тобына кірмейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) тауар нарығындағы дербес іс-қимылынан бас тартуы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) арасындағы келісіммен немесе олардың орындауы үшін міндетті өзге тұлғаның тапсырмаларына сәйкес не бір тұлғалар тобына кірмейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) тауар нарығындағы өз іс-қимылдарын келісу нәтижесінде тауар нарығында тауар айналымының жалпы жағдайын айқындау, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектіге (нарық субъектісіне) немесе бірнеше шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне) бір жақты тәртіппен тауар нарығындағы тауар айналымының жалпы жағдайына әсер етуге мүмкіндік беретін өзге де жағдаяттар;
17) «тікелей бақылау» – заңды немесе жеке тұлғаның мынадай бір немесе бірнеше іс-қимылдар арқылы заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындау мүмкіндігі:
оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыру;
заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу шарттарын айқындау құқығын алу;
заңды тұлғаның жарғылық (қалыптаспа) капиталын құрайтын акциясына (үлесіне) сәйкес келетін дауыстың жалпы санының 50-ден астам пайызына иелік ету;
18) «келісім» – құжаттағы немесе бірнеше құжаттардағы жазбаша нысандағы уағдаластық, сондай-ақ ауызша нысандағы уағдаластық;
19) «тауар» - сату, айырбастау және айналымға өзге де өтемді жүргізуге арналған (оның ішінде жұмыс, қаржы қызметін қоса алғанда, қызмет) азаматтық құқықтар объектісі;
20) «тауар нарығы» – экономикалық, техникалық немесе өзге мүмкіндіктерге не орындылыққа сүйене отырып, шекараларында (оның ішінде географиялық) сатып алушы тауар сатып ала алатын және мұндай мүмкіндік не орындылық оның шегінен тыс жерлерде жоқ, басқа тауармен алмастырылмайтын тауар немесе бірін-бірі алмастыратын тауарлар айналымының саласы;
21) «шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі)» – өзіне табыс әкелетін қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйым немесе коммерциялық емес ұйым, жеке кәсіпкер, сондай-ақ Тараптардың заңнамасына сәйкес кәсіби табыс әкелетін қызметі мемлекеттік тіркелуге және (немесе) лицензиялануға тиіс жеке тұлға;
22) «экономикалық шоғырлану» – мәмілелер, жүзеге асыру коммерциялық ұйымдарды кұруды және қайта ұйымдастыруды (біріктіру немесе қосу) қоса алғанда, бәсекелестіктің жай-күйіне әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін өзге де іс-қимылдар, коммерциялық ұйымдардың акцияларымен (үлестерімен), мүлкімен, коммерциялық ұйымдарға қатысты құқықтармен жасалатын мәмілелер.
ІІ бөлім
Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары
3-бап
Бәсекелестік заңнама нормаларын қолданудағы теңдік қағидаты
Тараптардың өзінің бәсекелестік (монополияға қарсы) заңнамасының нормаларын Тараптардың шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне) қолдануы біркелкі түрде және тең шамада мұндай шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) ұйымдық-құқықтық нысандарына және тіркелген орнына қарамастан тең жағдайда жүзеге асырылады.
4-бап
Билік органдарының бәсекелестікке қарсы іс-қимылдарға жол бермеу қағидаты
Талаптар осы Келісім күшіне енгеннен кейін 30 күн ішінде өздерінің уәкілетті органдарының толық атауы туралы бірін-бір хабардар етеді.
санкциялардың тікелей қолданысы және тікелей бәсекелестікке қарсы іс- қимылдарға жасағаны үшін қолданылуы тиіс;
айыппұл санкциялары қолданылған жағдайда одан жоғары айыппұл санкциялары бәсекелестік үшін аса үлкен қауіп төндіретін (бәсекелестікті шектейтін келісімдер, шаруашылық жүргізуші субъектілердің немесе нарық субъектілерінің үстем жағдайын теріс пайдалануы) бұзушылықтарға белгіленуі тиіс, бұл ретте құқық бұзушылық жасалған нарықта құқық бұзушының тауарды өткізуден түскен сомадан саналатын айыппұл санкциясы құпталады.
8-бап
Ақпараттық ашықтық қағидаты
Тараптар өздері жүргізетін бәсекелестік саясаттың ақпараттық ашықтығын, оның ішінде Тараптардың уәкілетті органдарының қызметі туралы мәліметтерді Тараптар заңнамаларының ережелерін есепке ала отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында және Интернет желілерінде орналастыру арқылы қамтамасыз етеді.
9-бап
Тиімді ынтымақтастық қағидаты
Тараптардың уәкілетті органдары өз заңнамаларының нормаларын есепке ала отырып, ақпаратты беру, консультациялар жүргізу туралы хабарландыруларды, сұрау салуларды жіберу, екінші Тараптың мүдделерін қозғайтын тергеулер (істерді қарау) туралы хабарлау, бір Тараптың уәкілетті органының сұрау салуы бойынша тергеулер жүргізу (істерді қарау) және оның нәтижелері туралы хабарлау арқылы өзара іс-әрекетті жүзеге асырады.
ІІІ бөлім
Бәсекелестіктің бірыңғай қағидалары
10-бап
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) бәсекелестікті шектейтін келісімдеріне тыйым салу
саудаларда бағаларды көтеру, төмендету немесе ұстап тұруға;
тауар нарығын аумақтық қағидаты, тауарларды сату және сатып алу көлемі, өткізілетін тауарлар ассортименті не сатушылардың немесе сатып алушылардың (тапсырыс берушілердің) құрамы бойынша бөлуге;
тауарлар өндірісін қысқартуға және тоқтатуға;
белгілі бір сатушылармен не сатып алушылармен (тапсырыс берушілермен) шарт жасасудан бас тартуға әкелетін немесе әкелуі мүмкін келісімдерге тыйым салынады.
мұндай келісімде сатып алушының сатушының бәсекелесі болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектінің («нарық субъектісінің) тауарын сатпау міндеттемесі көзделсе (осы Келісімнің 11-бабының 3-бөлігіне сәйкес жол беріледі деп танылатын сатылы келісімдерді қоспағанда) шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) арасындағы сатылы келісімдерге тыйым салынады. Мұндай тыйым салу сатып алушының тауар белгісімен тауарларды сатуды ұйымдастыру туралы келісімдерге не сатушы немесе өндірушіні дараландырудың өзге де құралдарына қолданылмайды.
Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республ
25 12 2014
1 стр.
Республикасы Конституциясының нормаларын іске асыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметін жетілдіру мақсатында Қаулы етемін
25 12 2014
1 стр.
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
12 10 2014
10 стр.
Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №958 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республик
25 12 2014
3 стр.
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығы және Қазақстан Республикасы
25 12 2014
3 стр.
Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №958 Жарлығы
14 12 2014
3 стр.
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының к
25 12 2014
14 стр.
Төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы
25 12 2014
1 стр.