Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 2страница 3страница 4страница 5страница 6страница 7

2.3. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңыз-ды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның төлем қабілеттігін талдау баланс өтімділігін талдаудан басталады.

Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтер-дің, баланстың және кәсіпорынның “өтімділігін” анықтап алу керек.

Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеті-лігі ұғынылады. Ал екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік – бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы.

Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойьшша да, келіп түсу уақы-ты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мә-нінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілі-гін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу ке-рек.

Баланс өтімділігін талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады.

Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді:



А1. Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.

А2. Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады.

А3. Баяу өткізілетін активтер. Бұларға тауарлы-материалдық қорлар жатады.

А4. Қиын өткізілетін активтер. Бұлардың құрамында ұзақ мерзімді актив-тер жатқызылады.

Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады:



П1. Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер. Бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттеме-лер, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көле-мінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады.

П2. Қысқа мерзімді міндеттемелер – қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.

П3. Ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.

П4. Тұрақты міндеттемелер. Бұған меншікті капитал жатқызылады.

Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топ-тар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынас-тарда саналады:



Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір то-бы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса ба-ланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.

Жоғарыда келтірілген жүйедегі алғашқы үш теңсіздіктің орындалуы төртін-ші теңсіздікті орындау қажеттілігін туғызады, сондықтан актив пен пассив бо-йынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады. Төр-тінші теңсіздікті “баланстау” сипатын алады, сонымен қатар терең экономика-лық мәні бар: оның орындалуын қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шарт-тарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының ба-рын дәлелдейді.

Баланстың топтастырылған баптарын 4-кесте түрінде көрсету орынды бола-ды.

Кесте-4

«Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының мәліметтері негізінде баланс активінің өтімділік дәрежесі және оның пассивінің мерзімінің шұғылдығы бойынша баптарының тобы.


Жалпы баланс өтімділігі мына формуламен анықталады:

К= (А1+0,5А2+0,3А3)/(П1+0,5П2+0,3П3)

Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:

жыл басында – 1,3;

жыл соңында – 1,07;

Бұл көрсеткіштің қолайлы мәні 0,9 болып табылады.

Алайда бұл көрсеткіш кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу жөніндегі мүмкіндіктерін көрсете алмайды. Сондықтан, осы көрсеткішпен қа-тар, кәсіпорынның төлем қабілеттігін бағалау үшін, өтімді қаражаттардың жиы-нымен ажыратылатын, өтімділік көрсеткіштерінің бүтіндей жүйесі қолданыла-ды.

Кәсіпорын жоғары немесе төмен дәрежеде өтімді болуы мүмкін, себебі ағымдағы активтердің құрамына әртекті төлем қаражаттары кіреді, бұлардың ішінде қысқа мерзімді міндеттемелерді жабуға арналған оңай өткізілетін де, қиын өткізілетін де қаражаттар болады. Қарастырылған жүйедегі маңыздылары болып үш көрсеткіш саналады: абсолюттік өтімділік коэффициенті, жабудың аралық коэффициенті және жабудың жалпы коэффициенті. Олар туралы төмен-де айтылады.

Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттігін анықтау анықтау үшін кә-сіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және да-йындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен қол-данылады.

Үш көрсеткіш жиі қолданылады:

-абсолютті өтімділік коэффициенті;

-аралық өтеу (жабу) коэффициенті;

-жалпы өтеу (жабу) коэффициенті.



Абсолютті өтімділік коэффициенті ақша қаражаттары мен тез өткізілетін бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы ретінде есептеледі.

Ол баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы қарыздар-дың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.

Осы көрсеткіштің дұрыс шектеуі келесі түрде болады:

Ка.ө 0,20,5

Бұл – ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі жедел өтелуі керек екендігін көрсететін төлем қабілеттілігінің қатаң белгісі.

Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:

жыл басында – 0,02;

жыл соңында – 0,1;

Аралық өтеу коэффициентін есептеу үшін (немесе оның басқа аталуы: қауіпті өтім коэффициенті, өтімділіктің дәл коэффициенті) ақша қаражатының құрамына алдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық борыш және басқа да активтер қосылады. Ол кәсіпорынның дебиторлармен өз уақытында есеп жүр-гізу жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер бойынша түсімдер есебінен өтелетінін сипаттайды.

Аралық өтеу коэффициентінің қалыпты төменгі шегін бағалау былайша өрнектеледі:



Кар.ө 1

Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:

жыл басында – 1,5;

жыл соңында – 0,98;



Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы өтеу коэффициенті) барлық ағымдағы активтердің жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне қатынасын көрсетеді. Ол ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді жіне дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, соны-мен бірге материалды айналым құралдарының басқа элементтері қажет болған кезде сату жағдайында бағаланатын кәсіпорынның төлемдік мүмкіндіктерін көрсетеді.

Жалпы өтеу коэффициенті өтімді құралдар жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің сомасын өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және сонымен баланс құрылымының тұрақтылық дәрежесін ғана емес, кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді қарыздары бойынша тез есептесе алу қабілеттілігін дәлелдейді.

Берілген көрсеткіш үшін мына шектеу қалыпты мән болып табылады:

Кағ.ө 2

Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:

жыл басында – 2,6;

жыл соңында – 2,2;

Берілген шектеу кәсіпорынның өтімді құралдарға тиімді қажеттілік деңгейі ағымдағы міндеттемелерден 2 есе асуы қажет екендігін көрсетеді.

Жалпы алғанда соңғы екі өтімділік коэффициенттерінің шамалары талап етілген шектеуге жауап бергенімен, жыл соңында олардың мәндері азайып отыр. Сондықтан алдағы уақытта бұл құбылыстың қайталанбасы үшін, оның се-бептерін анықтаған жөн.



2.4. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау.
Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оны құ-рылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көр-сетеді.

Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбі-не өзін өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезең-дерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік ту-ғанда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциалық несиеле-рімен жабылады.

Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өз-геру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капи-талға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.

Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капитал-дың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсет-кіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген (тәуелсіздік коэффициенті, ав-тономдық коэффициенті), бірақ оның мәні бір ғана - бұл коэффициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффи-циентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтай-ды:



Ктс = Мк:Ак

Мұндағы: Ктс - тәуелсіздік коэффициенті;

Мк - меншікті капитал;

Ак - авансталған капитал (баланс валютасы жиыны, яғни қаржыландырудың жалпы сомасы).

Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екен-дігін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын көр-сетеді.

Батыс экономистері тәуелсіздік коэффициентінің неғұрлым жоғары деңгейде болғаны дұрыс деп санайды. Себебі бұл қаржы көздерінің тұрақты құрылымын сақтауға мүмкіндік береді. Инвесторлар, несие берушілер дәл осындай құры-лымды таңдайды, себебі ол кәсіпорынға өздерінің міндеттемелерінің кепілдігін жоғарылатады. Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты көп болса, соғұрлым үздік-сіз жұмыс қамтамасыз етіліп, нарық жағдайында алға шығуға көмектеседі. Сон-дықтан кәсіпкерлер әр түрлі резервтерді құру жолымен және жарғылық қорға бөлінбеген табысты тікелей қосу арқылы өзіндік капиталды көбейтуге тырыса-ды.

Қаржылық талдаудан кітаптардың бірқатар авторлары инвесторлар мен не-сие берушілерді қамтамасыз ететін, меншікті капиталдың оның жалпы сомасы-на қатынасының ең аз мәні 0,6 болып табылады деп есептейді [21,22].

А.Д.Шеремет, А.М.Ковалев; В.П.Привалов, О.В.Ефимова және тағы басқа-лар бұл көрсеткіштің 0,5 деңгейдегі мәні кәсіпорынның барлық міндеттемеле-рін өз қаражатымен жабуды қамтамасыз ете алатын ең теменгі көрсеткіш бола алады [2,18,6] деп санайды.

АҚШ және Еуропа елдерінде тәуелсіздік коэффиентінің жоғары жетерлік деңгейі болып, 0,5-0,6 тең болатын меншікті капиталдың баланс валютасына қатынасы саналады. Бұл жағдайда несие берушілердің тәуекелдігі төмен бола-ды: өз қаражаттарынан қалыптасты­рылған мүліктің жартысын сатып (қарызға алынған каражаттар салынған, екінші жартысы кейбір себептермен құнсыздан-ған болса да), кәсіпорын өзінің қарыз міндеттемелерін жабуына болады.

Жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы келісім-шарттық міндет-темелер қатаң сақталатын және фирманың атағына үлкен мән берілген нарық-тық экономикасы дамыған елдерде тәуелсіздік коэффициентіне мұндай жоғары талаптарды қоймайды (Жапонияда оны 0,2-ге дейін төмендетуге болады).

Жоғарыда келтірілген меншіктік коэффициентін 0,5-0,6 деңгейінде шектеуді орындау, қарызға берушілер үшін ғана емес, кәсіпорынның өзіне де маңызды. Сонтықтан талдаушыға, қаражат көздерін орналастырудың тиімділігін белгі-леуге мүмкіндік беретін, құрылымына зерттеу жүргізіп баға беру қажет. Нарық жағдайында ол акпарат ішкі және сыртқы пайдаланушылармен жүзеге асыры-лады.

Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер капиталдың аванс-талынған капиталдың жалпы сомасындағы үлесінің өзгеруін, келісім-шарттарға отырған кездегі қаржылық тәуекелдік жағынан баға береді. Меншіктік капитал-дың үлесі төмендегенде тәуекелділік өседі. Кәсіпорын капиталының құрылы-мын зерттеу оларға кәсіпорын қызметінің кеңейгені немесе қысқарғаны жайлы айтуына мүмкіндік береді. Қысқа мерзімдік несиелердің төмендеуі және мен-шіктік капиталдың өсуі кәсіпорын қызметінің қыскарғанын көрсетеді. Бірақ бі-рыңғай мұндай қорытынды жасауға болмайды, себебі бұл қаражаттардың үлесі басқа факторлардың несие үшін және дивидендке пайыздық мөлшерлемелер әсерінен болуы мүмкін. Егер несие үшін пайыздық мөлшерлемелер дивидент-тердің мөлшерлемелерінен төмен болса, онда тартылған қаражаты өсірген дұ-рыс, ал егер керісінше болса, онда меншікті капиталды пайдаланған дұрыс.

Әрине, авансталған капиталдың құрылымы жоғарыда қарастырылған жағ-дайларға тәуелді болады.

Каржылық есеп берудің активтерінің қалыптасу көздерінің құрылымын зерт-теу үшін келесідей талдау 5-кестесі құрылады.


Кесте-5

«Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының авансталынған капиталының құрамы мен құрылуы.

Көрсеткіштер

Сомасы, мың тг.

Құрылымы, %

Өзгеріс (+;-)




Жыл басында

Жыл соңында

Жыл басында

Жыл соңында

Мың тг.

Үлес салмағы%

Меншікті капитал



















Жарғылық капитал

13 395

13 395

3,63

3,72

0




Қосымша капитал

223 375

223 375

60,49

62,09

0




Резервтік капитал

3 225

3 225

0,87

0,90

0




Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)

60 480

59 415

16,38

16,51

-1 065

-1,76

Жиыны

300 475

299 410

81,37

83,22

-1 065

-0,35

Ұзақ мерзімді міндеттемелер

0

0

0,00

0,00

0




Қысқы мерзімді міндеттемелер



















Қысқы мерзімді несиелер және овердрафт

5 325

3 175

1,44

0,88

-2 150

-40,38

Кредитолық борыш

44 325

41 835

12,00

11,63

-2 490

-5,62

Алдағы кезең кірістері

3560

3 570

0,96

0,99

+10

+0,28

Баса да несиелік борыштар

15 565

11 775

4,22

3,27

-3 790

-24,35

Жиыны

68 775

60 355

18,63

16,78

-8 420

-12,24

Барлығы

369 250

359 765

100,00

100,00

-9 485

2,57

5-кестеден кәсіпорынның есеп беру жылындағы активтерінің қалыптасу көзі 9485 мың теңгеге немесе 2,57%-ға төмендегені көрініп тұр. Тәуелсіздік коэффи-циенті 0,814-ден 0,832-ге дейін немесе 0,018 пунктке өскен. Бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының (тұрақтылығының) аз да болса жақсарғанын көрсетеді. Бұны тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылатын қатысты-рылған капиталдың барлық авансталынған капиталдағы үлес салмағы да дәлел-дейді. Оны тәуелділік коэффициенті деуге де болады. Ол мына формулармен анықталады:

Кт = Қк:АК немесе Кт = 1 - Ктс

Мұндағы: Кт - тәуелділік коэффициенті;

Қк - қатыстырылған капитал;

Ак - авансталған капитал (баланс валютасы, жиыны);

Ктс- тәуелсіздік коэффициенті.

Бұл коэффициент авансталған капиталдың жалпы сомасындағы қарыздың

үлесін сипаттайды.

Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы каржыландыру көзде-рінен тәуелділігі жоғарылайды. Біздің кәсіпорынымызда оның деңгейі жылдың басында 0,186 (1-0,814), ал жыл соңында 0,168 (1-0,832) болды.

Келесі, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті ка-питалдың қатыстырылған капи­талға қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффициенті болып табылады.

Кқ = Мк:Қк

Мұндағы: Кқ - қаржыландыру коэффициенті;

Мк - меншікті капитал;

Қк - қатыстырылған капитал.

Бұл коэффициент жоғары болған сайын, соғұрлым банктер мен инвесторлар қаржыландыруға соғұрлым сенімді кіріседі.

Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетеді. Қаржы-ландыру коэффициенті <1 болатын жағдай (кәсіпорын мүлкінің көп бөлігі қарыз қаражатымен қалыптасқан) төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді. Біздің кәсіпорынымыз-да бұл көрсеткіш келесі берілгендермен сипатталады:

жыл басында – 4,37 (300475:68775);

жыл аяғында – 4,96 (299410:60355).

Батыс фирмаларында қаржыландыру коэффициентінің кері көрсеткіші кеңі-нен қолданылады, қатыстырылған капиталдың меншіктік капиталға қатынасы-мен анықталатын қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициен-ті:

Кқ/м = Қк:Мк

Мұндағы: Кқ/м - қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті;

Қк - қатыстырылған капитал;

Мк-меншікті капитал.

Бұл коэффициент кәсіпорын активтеріне салынған меншікті қаражаттың әр-бір теңгесіне қанша қарыз қаражатын тартқанын көрсетеді. Біздің кәсіпорыны-мызда бұл көрсеткіш келесі берілгендермен сипатталады:

жыл басында - 0,23 (68775: 300475);

жыл аяғында - 0,2 (60355: 299410).

Бұның мәні кәсіпорын есеп беру кезеңінің басында активтерге салынған меншіктік қаражаттардың әрбір теңгесіне қарыз қаражатының 23 тиынын тарт-қанын дәлелдейді. Есеп беру кезеңінің ішінде қарыз қаражаттары меншіктік са-лымдардың әрбір теңгесіне 20 тиынға дейін азайған.

Арнайы әдебиеттерде [2, 10] бұл көрсеткіш үшін қалыпты шектеу: Ккм<1. Егер оның мәні 1-ден асып кетсе, онда кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі мен тұрақтылығы қауіпті нүктеге (жағдайға) жетеді, бірақ жауап әр уақытта бір жақты бола бермейді. Қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффи-циенті салалы ерекшеліктерге, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сипаты-на және айналым қаражатының айналу жылдамдығына байланысты болады. Материалдық айналым қаражатының айналымдылығының жоғары көрсеткіш-тері және дебиторлық борыштың одан да жоғары айналымдылығы кезінде коэффициенттің қауіпті мәні бірден де асып кетуі мүмкін, ол сонда да кәсіпо-рынның қаржылық дербестігіне ешқандай әсерін тигізбейді. Кәсіпорынның ең төменгі қаржылық тұрақтылығын сақтау үшін бұл коэффициент ағымдағы және ұзақ мерзімді активтердің қатынас коэффициентінің мәнімен шектелуі қажет [10].

Кәсіпорынның тәуелсіздік (дербестік) дәрежесін сипаттайтын ең бір маңыз-ды көрсеткіштердің бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып табылады немесе оны басқаша инвестицияларды жабу коэффициенті деп атайды. Ол мен-шікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы (авансталған) капиталдағы үлесін сипаттайды және мына формуламен анықталады:



<предыдущая страница | следующая страница>


Бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі

1088.26kb.

17 12 2014
7 стр.


Экономиклық талдаудың теориялық негіздері

Дәрістің мақсаты: Бүгінде нарықтық экономикалық қатынастар орнаған жағдайда шаруашылық субъектінің өндірістік шаруашылық жағдайын талдаудың мазмұнынын, пәні мен міндеттерін ашып, о

317.69kb.

10 10 2014
1 стр.


1 бөлім. Жұмыссыздықтың теориялық негіздері
493.67kb.

25 12 2014
3 стр.


Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Қаржылық есеп беру және оның негізгі көрсеткіштерін талдау»

Жұмыстың мазмұны: Кіріспе бөлім, теориялық бөлім, дамыту жолдарын қарастыру бөлімі, қорытынды, қолданылған әдебиеттер, қосымшалар

1302.78kb.

25 12 2014
5 стр.


3 І бөлім. Табиғатты пайдалануды басќарудың теориялық негіздері
776.2kb.

17 12 2014
4 стр.


Мазмұны Кіріспе 1КӘсіпорынның Өндірістік бағдарламасын қалыптастырудың теориялық негіздері

КӘсіпорынның Өндірістік бағдарламасын қалыптастыруды жетілдірудің негізгі бағыттары

966.12kb.

25 12 2014
4 стр.


4 1 БӨлім. Психотерапиядағы арт-терапияға теориялық талдау

Арт-терапияның шығу тарихы, негіздері

846.96kb.

25 12 2014
4 стр.


Мазмұны 2 кіріспе 3 І бөлім мектеп пен жанұя бірлігі негізінде оқушыларды жан-жақты дамытудың теориялық негіздері 8

Оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұя бірлігінің педагогикалық негіздері 8

617.12kb.

25 12 2014
6 стр.