Перейти на главную страницу
Баяндауыш, оның ережелері туралы пікірлер көп. Сондықтан да біраз ережелерді келтіріп, сонан кейін оны талдап көрейік. Х.Басымов: «баяндауыш мүше шығаратын мағынасы жағынан бастауыштың болмыс ісін, жайын, сапасын, не екендігін айқын білдіреді – дейді.
І.Бәйтенов а) қара сөзде сөйлемнің аяғына, көбінесе тістіктен кейін тұрған сөзді «баяндауыш» - дейміз, ә) сөйлемнің ішіндегі барлық сөздің түсінігі онсыз шешілмей тұрған сөзді «баяндауыш» дейміз; б) бастауыштың күйін, жайын, қимылын көрсетіп тұрған сөз «баяндауыш» болады, - деп талдайды. С.Аманжолов: бастауыштың ісін, қимылын білдіріп, сөйлемдегі ойдытиянақтайтын сөйлемнің мүшесін баяндауыш дейміз және бастауышқа бағынып, онымен жақ жағынан жекеше, көпше түрде үйлесіпайтылатын тұрлаулы мүшені баяндауыш дейміз, дейді. М.Балақаев: бастауыштың жайын, ісін білдіретін сөйлем мүшесі десе, Х.Арғынов: баяндауыш бастауыштың қимылын, ісін, жайын, күйін, заттың сындық сапасын, санын, мөлшерін, мекенін, мезгілін білдіреді, - деген тұжырым айтады, Р.Әміров: Предикативтілік іс - әрекетті, сапаны білдіретін сөйлеммүшесін айтамыз десе, М.Серғалиев: бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, қасиетін көрсететін сөйлем мүшесі – деп қорытады.Ал, Ә.Нұрмаханова: Ол бастауышпен предикаттық байланысқа түсіп, оның қимылын, іс - әрекетін, күйін ілдіреді, - дейді. Сол сияқты кейбір түркітанушы – ғалымдардың да баяндауыш туралы мына пікірлерін келтірейік: Н.А.Кононов: баяндауыш грамматикалық жағынан бастауышқа бағынышты екі құрамды сөйлемнің бас мүшесі; А.Жапаров: сөйлем бастауышына грамматикалық жағынан бағынышты болып, оның қимыл - әрекетін, амалын, кім екендігін, белгісі мен сан ретін тағы солар сияқты қасиетін баяндап тұрған бас мүшесінің бірі – деген тұжырым жасаған. Баяндауышқа байланысты бұдан басқа да ережелерді беруге болады. Біз енді осы ережелердегі көтерілген мәселелер, олардың қайсысына өзіндік пікір айтуға болатынына назар аударалық:
Ең алдымен, осы ережелер бойынша нендей шарттар барын көрейік:
Әрине, баяндауыштың бастауыштың мұндай қасиетін көрсетуі, шындап келгенде, ол оның қай сөз табынан жасалғанымен, бәрібір бастауыштың әр түрлі қасиетін айқындауда басты тұлға.
Бір етістіктен болған баяндауыштар бастауыштың ісін, қимылын, іс - әрекетін, жайын, күйін, амалын, т.б. білдіреді. Түптеп келгенде, осылардың бәрі қимылға қатысты айтылатын сөздер. Осылардың ішінде етістік баяндауышқа тікелей қатысты, яғни етістіктен болған баяндауыш туралы « ісін, қимылын, іс-әрекетін» деген сөздер нақты дәлелдесе керек. Ал жайын, күйін, амалын сияқты сөздерді қолдану мәселесі абстрактылау ма деген пікірге келеміз.Баяндауыш ережесіне жайын, күін, т.б. сөздерді қолдану мағыналық та, стильдік те жағынан келе бермесе керек. Зат есімнің баяндауыш болуы арқылы бастауыштың кім, не екендігін, заттың мекенін, т.б. білдіреді дейтін де сөздерді кездестіреміз. Әрине, зат есімнен болған баяндауыштардың мағыналық қасиеті түрліше. Оның өзі баяндауыш болатын зат есімдердің қолданылуына байланысты.
Зат есімдер жалқы есім, күрделі атаулар болып қандай тұлғаларда келуіне байланысты олар әр түрлі мағынаны білдіреді. Мысалы: Отаным – алтын бесігім.(«Социалистік қазақстан») дегендегі баяндауыш заттық мағынаға ие болса, ал колхозшылар – Бірлік колхозында. («Лениншіл жас») дегенде баяндауыш мекендік қасиетке ие болып отыр.Біздіңше, зат есімнен болған баяндауыштар бастауыштар заттық қасиетін білдіреді дей келіп, оның енді өзін іштей зат есімнің баяндауыш болу кезіндегі тұлғалық ерекшелігіне байланысты да, іштей қандай-қандай мағыналарда қолданылуы екінші дәрежелі мәселе демекпіз.Мәселен: Ол – студент,ол – Асан дегенде оның кім екенін, Мынау – қант дегенде заттықты, Олар ауылда дегенде мекенді білдіруі, т.б. олардың баяндауыш болу кезіндегі, біріншіден, ол сөздердің семантикасына да байланысты. Зат есімдердегі осы сияқты өзгеріс, шындап келгенде, әр түрлі заттану процесінде сын есім, сан есім, есімше де болатыны айқын.
Сонымен, баяндауыш бастауышқа бағынып, оның қимылын, іс - әрекетін, кім, не екенін, заттық, мекендік, сындық, қасиеттерін білдіретін сөйлемнің тұрлаулы мүшесі.
Баяндауыштың жасалуы
С ө з д е р д і ң т ү б і р к ү й і н д е б а я н д а у ы ш б о л у ы. Қай сөздің болса да сөйлемде баяндауыш қызметінде тұруы сол сөйлемдегі субъектілік, предикаттық қатынастан көрінеді. Сондықтан баяндауыштың қызметі басқа мүшелермен, әсіресе бастауышпен, қатар қойып айтқанда айқын болады: қара,керек сөздерін сен малға қара, мысыққа ойын керекдегендей тіркесте айтқанда болмаса, олардың баяндауыш екендігі белгілі болмайды.
Сондай дара тұрып, түбір күйінде көбірек баяндауыш болатын сөздер – етістіктер. Олардың түбір күйінде баяндауыш бола кетуінің себебі олардың ІІ жақтық грамматикалық мағынаны да білдіруімен байланысты болу керек. Сондай сөздердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы олардың айтылу жағдайымен де байланысты. Жападан жалғыз жайбарақаттанып отырған кісі қоңыр дауыспен өзінен-өзі шық, түс десе,сырттан тыңдаған кісі не айтып отырғанын түсінбес еді, айтып отырғаны қай шық, қай түс, - етістік мағынасындағы шық, түс пе не зат есім мағынасындағы шық, түс пе? Ал бір кісі екіншісіне есік жаққа бас изеп шық десе, не атты кісіге қарап жерде тұрған кісі түс десе, онда жоғарғы сөздердің баяндауыштық мағынасы айқын болады. Мен, рас деген сөздер жеке айтылса, баяндауыш болмас еді.ал Мені шақырған кім?дегенде: - Мен десе,осы айтып отырғаның рас па? дегенде: - Рас десе, олар толық мағыналы баяндауыш болар еді.
Есім сөздер де түбір күйінде, ешқандай баяндауыштық жалғау жалғанбай – ақ баяндауыш бола береді. Бірақ ол үшін бастауыш пен баяндауыш қатар айтылу керек. Сонда олардың сол қызметте жұмсалуына себеп болатын жағдай олардың сөйлемде белгілі орында тұруы болады. Жамал отызда. Ол тәртіпті. Сапар – доктор,т.б.
Етістіктің кел, ал, бер, отыр сияқты түбір күйі де сол қалпында, жіктік жалғауынсыз-ақ, сөйлемдер тұрған орнына қарай баяндауыш бола береді дедік. Бірақ олар ІІ жақтық мағынада айтылып қалыптасқандықтан, кейде бастауышсыз да жұмсалады, бастауышпен орын ауысып та айтылады: Кел, балалар, оқылық (Ы.Алтынсарин). Тыңда, дала, Жамбылды (Жамбыл).
Түбір етістіктердің ішінде жақтық мағынасы екі түрлі болып келетіндері: тұр,отыр,жатыр,жүр.Бұлар осы қалпында дара тұрып ІІ жақтық та, ІІІ жақтық та баяндауыш болуы мүмкін.
С ө з д е рд і ң г р а м м а т и к а л ы қ т ұ л ғ а л а р а р қ ы л ы б а я н- д а у ы ш б о л у ы .Баяндауыштардың морфология – синтаксистік тұлғасы – ж і к т і к жалғаулары. Жіктік жалғаулар әрі баяндауыштық тұлға, әрі бастауыш пен баяндауышты өзара байланыстыратын синтаксистік тұлға. Олар тек етістікке ғана емес, баяндауыш қызметіндегі I, II жақтық есімдерге де жалғанады. Егер жіктік жалғаулар етістіктердің отыр, тұр, жүр, жатыр деген төрт етістіктен басқаларының түбіріне тікелей жалғанбай, көсемше, тұйық рай қосымшаларынан кейін ғана жалғанатын болса, есімдердің негізгі, туынды түбірлеріне де, тіпті, жатыс, шығыс септіктеріндегі сөздерге де жалғана береді: Мен қырықтамын; Біз бәріміз колхозданбыз.
Бұдан жіктік жалғаудың сөздерге жалғаудың мүмкіншілігі үлкен, синтаксистік қызметі әрі орнықты екенін әрі бастауыштың тұлғасын бастауыштан көруге мүмкіндік беретін грамматикалық форма екенін аңғарамыз.
Түркі тілдерінің бір қатарларында ( мысалы: өзбек, құмық, т.б.) есімдерден болған баяндауыштарға кейде дүр, дир, дыр, тұр тұлғасы жалғанады. Қазақтың қазіргі әдеби тілінде ол баяндауыштық тұлға жұмсалмайды десе де болады. Оны фольклордан, өткен ғасырлардағы әдебиеттен ғана кездестіруге болады.
(Мақал).
Б а я н д а у ы ш т а р д ы ң н е г і з г і т ү р л е р і.
Сөз табының бәрі де баяндауыш бола алады. Дегенмен көбінесе баяндауыштық қызметте жұмсалатын сөздерді жіктегенде, олар мынадай басты – басты негізгі екі салаға бөлінеді:
1. Е т і с т і к б а я н д а у ы ш т а р: 2. Е с і м б а я н д а у ы ш т а р.
Етістік баяндауыштар да, есім баяндауыштар д а р а к ү р д е л і және ол екі түрі аралас айтылған қ ұ р а м а болуы мүмкін.
Етістіктердің сөйлемдегі негізгі қызметі –баяндауыш болу. Олардың баяндауыш болу қабілеті өте күшті. Сондықтан қазақ тілі сөйлемдерді баяндауыштарының дені –етістікті баяндауыштар. Айттым, болды. Кестім, үзілді!.. Тараңдар!.. Жүр ( Ғ.Мүсірепов) дегендегідей олар дара күйінде-ақ баяндауыштық қызметте бір құрамды тиянақты сөйлем болып та келеді немесе Тереңге мені сал, биікке мені жұмса (Ғ.Мүсірепов) дегендегідей, өзіне басқа сөйлем мүшелерін ілестіре көп құрамды сөйлемнің жетекшісі болып та кездесе береді.
Етістіктердің сөйдемдегі басқа қызметінен гөрі баяндауыш қызметінде жұмсалуынан олардың өздеріне тән мағыналық, грамматикалық ерекшеліктері айқын көрінеді. Мысалы, салт, сабақты етістіктердің баяндауыш болу амалы бірдей, бірақ олар қатысқан сөйлемнің құрамы бірдей емес. Мысалы:
Кәрі Каспий қара көк көзін ашты, жылы жүзбен Терекке амандасты (Абай). Амантайдың жүрегі аттай тулады... Ол түтіннің исі жерге жоламайды (С.Мұқанов)
Осы мысалдардағыдай, салт етістік баяндауыш болған сөйлемде тура толықтауыш болмайды ( мысалы: ... амандасты, ... тулады), ал сабақты етістікті онымен байланысты тура толықтауыш болуға тиіс ( мысалы: көзін ашты).
Етістіктің сабақты және салт болуы сияқты, брлымды және болымсыз болуы да етістік атаулыға ортақ болғандықтан, оның баяндауыш қызметінде жұмсалуында да ерекшелігі жоқ. Дегенмен солар арқылы б о л ы м д ы, б о л ы м с ы з сөйлемдер жасалатындықтан, олардың баяндауыш болуын ерекше атау керек болады. Оның үстіне айтпаймын, жазбаймын деген сияқты, ашық райлы болымсыз етістікті баяндауыштың кейде айтпан, жазбан болып айтылуында стильдік айырмашылық болады.Мысалы, бір істі істеуден үзілді – кесілді бас тартқанда, соңғы формалар қолданылады. Бұл көбінесе ауыз әдебиетінде жиі ұшырасады:
Тәуекелге келгенде, алдымда тау тұрса да, тайынбан (Ғ.Мұстафин). Өлеңім – оқ, ол алдымда. Мен де жаудан шегінбен (Жамбыл).
Алдыңа келіп тұрмын деп,
Ар-намысымды қашырман
Бұлтқа жетпей шартсынбан,
Айта келген сөзім бар,
Не қылсаң да жасырман
(Махамбет).
Етістіктер етіс тұлғаларына да баяндауыш қызметінде жұмсалады:
Көсемше тұлғалы етістіктер дара күйінде құрмалас сөйлемдердің баяндауыштары болып келе береді. (Жаңбыр жауып, жер көгерді), бірақ кейбір өлеңде болмаса, жай сөйлемнің тиянақты баяндауышты бола алмайды.
Есімшелердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы басқа есімдердей: І, ІІ жақта баяндауыштық жіктік жалғауда айтылып, етістікпен қиысып тұрады, ІІІ жақта жіктік жалғау жалғанбайды.
Етістіктерден болған
күрделі баяндауыштар
К ү р д е л і е т і с т і к т і б а я н д а у ы ш т ы ң қ ұ р а м ы. Қазақ тілінде де әлденеше етістіктер түйдекті топ құрып, баяндауыш қызметінде жиі кездесетіні белгілі. Олардың көп құрамды болудағы баяндауыштық негізгі қызметі – қимыл процесінің құбылмалы нәзік реңктерін білдіру.
Қазақ тілінде көмекші етістіктер көп, олар аса жиі қолданылады: арнаулы көмекші етістіктерден басқа негізгі етістіктердің де бірталайы көмекші болып жұмсала береді. Олардың өзара көсемше, есімше тұлғалар арқылы байланысқан түйдекті тобының құрамы екі я үш, кеде төрт я бес етістікті болып та келеді.
К ү р д е л і б а я н д а у ы ш қ ұ р а м ы н д а ғ ы е т і с т і к т е р д і ң қ ы з м е т і . Көмекші етістіктер жоғарғыдай синтаксистік тіркеске түсіп, баяндауыштың ш а қ т ы қ, т ұ р п а т т ы қ (в и д т і к), м о д а л ь д ы қ , т.б. мағынасын түрлендіріп, кейде бір қалыптан екінші қалыпқа түседі. Ондайда кез келген етістік қатар қойылып, оның алдыңғысы негізгі, соңғысы көмекші қызметте жұмсала берілмейді, олардың біріне – бірі үйлес келетін, бірін – бірі толықтыратын, кейде біріне екіншісінің мағынасына қарсы келетін етістіктерден құралып, синтаксистік бірлік жасалады.
Негізгі етістіктер мен көмекші етістіктер түйдекті топ құрып күрделі баяндауыш болғанда, субъектінің қимыл процесінің әр түрлі құбылыстарын, мысалы: і с т і ң, қ и м ы л д ы ң б і т к е н і н, б і т п е г е н і н, о л а р- д ы ң қ а р қ ы н ы н, т ы ң ғ ы л ы қ т ы ғ ы н, т ы ң ғ ы л ы қ с ы з д ы - ғ ы н, б а с т а у, а я қ т а л у к е з е ң д е р і н б і л д і р е д і. Мысалы, Оқушылар клубқа кіріп жатыр дегенде, баяндауыш жаңа ғана басталған қимыл процесінің ұласпалы қалпын білдіреді. Ол жүгіріп келеді дегенде, баяндауыш бастауыштың аяқталмаған әрекетін білдіреді.Ондайдың әлі де көпке созылғандығын білдіру үшін қазақ тілінде баяндауыш қайталанып та айтылады:
Жапан далада жан –жағына алақтап жалғыз әйел жортып барады, жортып барады. Кең далада жалғыз адам жүзіп келеді, жүзіп келеді. Өзгеше бір күй кең даланы күңірене шайқай береді, шайқай береді (Ғ.Мұстафин).
Баяндауыштардың осылайша қайталанып айтылуы да қимылдың созылыңқылығын білдіруі – күрделі етістік баяндауыштардың жұмсалуындағы стильдік ерекшеліктің бірі. Бұлай айтудың тағы бір қызметі бар. Ол – баяндауыш арқылы айтылған ойды бекемдей, нығздай түсу;
Қазақ тілінде зат есімді, сол сияқты басқа есімдерді түбір күйінде баяндауыш қызметінде қолдану үшін, бастауыш пен баяндауыш белгілі орындарда тұрады: баяндауыш бастауыштан кейін тұруы керек: Ол – студент, Рәбиға – инженер, Абай – ақын, т.б. Бірақ ондайда қатар айтылған тұрлаулы мүшелерді өзара байланыстырып, олардың мүшелік қызметін айқындауға себеп болатын – дауыс ырғағы.
Зат есімдер көлемдік септіктерде, әсіресе жатыс, шығыс жалғауларында бяндауыш қызметінде айтылады;
Жатыс жалғауда тұрған баяндауыш шығыс, барыс жалғаулардағыдан гөрі жиі ұшырайды. Сонда жатыс жалғаудағы баяндауыш қай сөзден болғанына қарай бастауыштың мекенін, орнын қалыпты күйін, қимылдың дүркінділігін білдіреді.
Тәуелді жалғаулы зат есімдер басқа жағдайда өзі ілік септікті заттың меншігі болып тұратын болса, баяндауыш қызметінде ол екеуі не тәуелдеулі сөздің бір өзі баяндауышты өзіне меншіктеп тұрады (Мысалы: Алматы – астанам, Райхан – қарындасым). Ал бастауыш та, баяндауыш та тәуелдеулі сөздер болса, ол екеуінің бұл айтылғандай мағыналық қатынасы болмайды.
Сапалық есімдер мен есімдіктерден
болған баяндауыштар
Сапалық есімдер мен есімдіктердің бәрі де баяндауыш қызметінде жұмсала береді. Бірақ олардың баяндауыш болу дәрежесі де, баяндауыштық қызметі де бірдей емес.
Сапалық есімдер (сын есім, сан есім) әдетте зат есімдердің әр алуан сындық, сандық сапасын білдіріп, көбінше анықтауыш болумен қатар, баяндауыштық та қызметте көп айтылады. Олар анықтауыш болғанда, анықтайтын зат есімнің алдында келсе, баяндауыш болғанда, бастауыштан соң тұрады, оның қандай, қанша екенін, қандай күйде екенін білдіреді. Ай жарық; Қар қалың; Ауа райы жақсы; Оқушылар тәртіпті. Білгенің –бір тоғыз, білмегенің – тоқсан тоғыз.
Сапалық есім баяндауыштар бастауыштардан оқшауланып, айырым интонациямен айтылады. Ондайда бастауыштардың айтылу әуені көтеріңкі болады да, баяндауыштардың айтылу әуені одан төмен болады.
Сапалық есімдерден болған баяндауыштар І, ІІ жақтық жіктік жалғауларда айтылғанда олар бастауыштан онша оқшауланбайды, мұндайда екі бас мүше бір сыдырғы әуенмен айтылады:
Сапалық есімдер тәуелдеулі зат есімнен бастауышы бар сөйлемдердің баяндауышы болып жиі кездеседі:
Есімдіктер қай сөз табына қатысты сөздердің орнына жүрсе, сол сөзге тән синтаксистік қызмет атқарады. Солай болатындықтан, есімдіктердің бәрі де баяндауыш бола алады. Дегенмен бұл қызметте жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктері жиі кездеседі:
Бұл кім өзі? (Ғ.Мұстафин). – Ол сенсің ғой, Абай! Жидебайдағы қыстаудың ең үлкен бөлмесі – осы (М.Әуезов).
«Бар», «Жоқ» сөздерінің баяндауыш
қызметінде жұмсалуы
Арада тау бар, тас бар, өзен бар, теңіз бар, ит мұрны өтпейтін қалың орман бар, олардан қалай өттің? (Ғ.Мүсірепов).
Бұл сөйлемдерде бар сөзі бастауыштармен қатар тұрып, баяндауыш қызметінде жұмсалған: тау бар, тас бар, өзен бар,орман бар.
Сол сияқты, жоқ сөзі де баяндауыш болып жиі қолданылады: - Жоқ, жоқ! Нағыз сұлу, нағыз ақылды бала менікі еді... Сенде ол да жоқ (Ғ.Мүсірепов).
Бар, жоқ сөздері баяндауыш қызметінде жұмсалғанда, бастауыш болған заттардың қайда, кімде, неде екенін, бар – жоқтығын факт ретінде баяндайды.Ондай сөйлемнің құрамында жатыс жалғаулы пысықтауыш не толықтауыш жиі кездеседі.
Алматыда Омарбек деген жолдасым бар. Жылқыда өт жоқ (Мақал).
Бар, жоқ сөздерінен болған баяндауыштар ІІІ жақта әр уақытта сөйлемнің соңында, көбінесе, бастауыштармен қатар тұрады.
Жоқ сөзі өткен шақтық есімшемен тіркесіп, сөйлемнің күрделі баяндауышының құрамында да қолданылады.
Н. Сауранбаев, Ғ. Бегалиевтердің еңбектерінде сөйлемнің бас мүшелері әртүрлі дәрежеде сөз болады. Олар, негізінен, сөйлем мүшелеріне анықтама беріп, оның тілдегі қолданысына мысал
25 12 2014
4 стр.
Дипломант жұмысын жүйелі жазған. Әрбір тармақшасы өзіндік ойға, пікірге негізделген. Әр тарауда алдына қойған мақсатына толық жеткен. Диплом жұмысы қорғауға дайын, біткен жұмыс
17 12 2014
5 стр.
Оның айқын дәлелі өткен ғасырдан бастау алатын сан салалы зерттеулер мен күні бүгінге дейін жарық көріп жатқан еңбектердің барлығында да сөйлемнің осы түріне қатысты күрмеуі қиын м
16 12 2014
4 стр.
Бірыңғай қатаң дауыссыз дыбыстары бар сөзді көрсетіңіз. А пеш, қасық. В жылқы, сабыр. С өзен, ыстық. Д халық, қымыз. Е керек, күміс. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін тап
25 12 2014
1 стр.
25 12 2014
7 стр.
Кәсіпкерліктің теоретикалық-экономикалық мәні
14 12 2014
7 стр.
Жалпы дипломдық жұмыс қойылған барлық талаптарға сай келеді және жұмысты қорғауға жіберуге болады деп есептеймін
17 12 2014
5 стр.
Диплом жұмысы: «Экономикалық өсу қоғамның әл-ауқаты мен өндірістің тиімділігін арттыру ретінде» тақырыбы жүйесінде орындалған. Жұмыс көлемі 55 беттен құралған, кіріспе, 2 негізгі б
18 12 2014
4 стр.