Тәуелсіз мемлекетімізде ана тілінің деңгейін көтеру, оның қолдану аясын кеңейту-қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне жарқын жол ашпақ.
Жалпы халықтық тіл негізгі қатыс құралы ретінде өмірдің барлық саласында пайдаланылады. Сондықтан да адамдарды күнделікті тіршілігінде жазба тілдің қалпына түскен бір көрнекті ретінде іс қағаздардың немесе ресми құжаттардың маңызы айрықша. Өйткені, әр адамның қоғамнан өз орнын табуы, өз мүддесін еркін қоғамның өзге мүшелерімен жеке адамдармен, мекемелермен, өндіріс орындарымен байланыстыра алуы негізінен осы іс қағаздарына байланысты.
Ресми құжат немесе іс қағаздар дегеніміз-адамдар мен қоғамдық мекемелерді өзара байланыстырып, олардың тіршілігі үшін қажетті мәселелер мен мақсат-мүдделерді шешуге көмектесетін қажеттілік материалдар.
Іс қағаздарының қоғамдық барлық мүшелері үшін ортақ, қолдануға лайық қалыптасқан тілдік нормасы, өзіндік белгілері бар.
Іс қағаздарының әрқайсысында нормалар мен белгілер әр түрлі болады. Сондықтан іс қағаздар сол белгілері бойынша бір-бірінен ажыратылады, өзіндік тиісті орындарына жұмсалады.
Мысалы: өтініш, хабарландыру, қолхат, анықтама, сенімхат, хаттама, міндеттеме, тағы да басқа іс қағаздарының белгілері - қалыптасқан стилі (өлшемдік, жүйе, схеманың болуы).
Іс қағаздарының алдына қойған міндеті-қазақ тілінде іс жүргізу мәселесіне тұрақты да тұрлаулы сипат беру, ұлт тағдыры, оның бірегей төлтума мәдениеті үшін түбегейлі маңызы бар мәселенің кері кетуіне жол бермеу мен ресми қарым-қатынас жасау.
Бұл оқу құралының мақсаты-қазіргі өмірімізде ең жиі қолданылатын ресми құжаттар туралы мәлімет беріп, оны тиісті орындарда өз тәжірибелерінде қолдана білуге жаттықтыру болып есептеледі. Ол үшін тұрмыс пен тіршілікте тілдік қатысымдағы ресми құжат мәтіндердің тілдік құралдарын, оның құрылымын таныстырып, жазу үшін үлгі жаттығулар берілді.
Ауызша және жазбаша түрде әр түрлі жанрдағы диалогтық және монологтық мәтіндердің өз ойын ұтымды жеткізе білуге, ғылыми мәтінді баяндама жасай білу қабілетті болу.
|