4 Курстың саясаты
Қатысу: Сабаққа міндетті түрде қатысу қажет. Егер де Сіз қандайда бір себеппен сабаққа қатыса алмасаңыз, онда жіберілген барлық материалдар үшін жауап бересіз.
Үй жұмысы: Үй жұмысын міндетті түрде орындау қажет және әр аптада сабақ біткеннен кейін тапсырылуы қажет. Үй тапсырмасы өткен материалды бекіту үшін арнайы әзірленген.
Емтихан: Қорытындысы бойынша бағалау баллдары қойылады. Емтихан кезінде дәріс дәптерін және кез-келген кітаптарды пайдалануға тиым салынады.
Студенттің тәртібі: Сабаққа кешікпеу, сабақ үстінде ұялы телефондарын, пейджерлерді өшіріп тастау қажет, сабақ кезінде сөйлеспеу керек, орынсыз себептерсіз сабақты босатпау, босатылған сабақтарды оқытушы белгілеген уақытта өтеуі қажет, тапсырманы орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.
Ұсыныстар: Оқу үрдісіне белсенді қатысу, үй тапсырмасын ынтамен орындау, сабақта қарама-қарсы байланысты қолдау, ұжымдық жұмысқа жәрдемдесу, ұқыпты және міндетті болу қажет. Курстастарына және оқытушыларға ашық, шыдамды және мейірімді болу қажет.
2.ПӘН БОЙЫНША ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
2.1 Курстың тақырыптық жоспары
Барлығы: 2 кредит
№
|
Тақырыптың атауы
|
Сағаттар
|
Дәріс
|
Сем.
|
СОӨЖ
|
СӨЖ
|
1
|
Конституциялық құқық – Қазақстан Республикасы ұлттық құқық жүйесінің жетекші саласы.
|
2
|
1
|
3
|
3
|
2
|
Қазақстан Республикасы конституциялық құқық ғылымының түсінігі, пәні және әдістемесі.
|
2
|
1
|
3
|
3
|
3
|
Конституцияға тарихи, саяси-әлеуметтік және құқықтық сипаттама.
Қазақстан Республикасының 1995 ж. Конституциясына жалпы сипаттама.
|
2
|
1
|
3
|
3
|
4
|
Адам және азамат: конституциялық дәрежесінің енгізі.
|
2
|
1
|
3
|
3
|
5
|
Қазақстан Республикасының сайлау құқығы мен сайлау жүйесі.
|
2
|
1
|
3
|
3
|
6
|
Қазақстан Республикасының Президенті және оның конституциялық дәрежесі.
|
2
|
1
|
3
|
3
|
7
|
Қазақстан Республикасының Парламенті және заң шығару билігінің конституциялық негізі.
|
2
|
1
|
3
|
3
|
8
|
Үкіметтің және ҚР атқару билік органдарының конституциялық дәрежесі.
|
2
|
1
|
3
|
3
|
9
|
ҚР сот билігінің конституциялық дәрежесі.
|
2
|
1
|
3
|
3
|
10
|
ҚР жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін басқарудың конституциялық негізі.
|
2
|
1
|
3
|
3
|
|
Барлығы
|
20
|
10
|
30
|
30
|
2.2 Лекция сабақтарының тезистері – Конституциялық құқық кафедрасында (201 кабинет).
2.3 Семинар сабақтарының жоспары.
1 семинар
№1 тақырып Конституциялық құқық – ҚР-сы ұлттық құқық жүйесінің жетекші саласы.
-
Саланың анықтамасы мен пәні, түсінігі.
-
Конституциялық құқық әдістемесі: заңдық сипаттамасы, түрі, түсінігі.
-
Конституциялық-құқықтық қатынастар: түсінігі, түрі, ерекшелігі.
-
ҚР-сы конституциялық құқық жүйесі көпшілік құқық саласы ретінде: түсінігі, негізгі бөлімдері.
-
Конституциялық-құқықтық институттар: түсінігі, тағайындалуы мен ерекшеліктері.
-
Конституциялық-құқықтық нормалар: түсінігі, мазмұны, ерекшелігі.
Тапсырмалар:
1 тапсырма Әр бір сұрақты жазбаша түрде конспектілеп, сауалнамаға дайындалу.
2 тапсырма Конституциялық құқық бойынша оқулықтардан саланың анықтамаларын жазып, оларды өзара салыстыру.
3 тапсырма Конституциялық құқық өзінің пәні мен әдістері жағынан құқықтың басқа салаларынан қалай ерекшеленеді?
4 тапсырма Тесті орындаңыздар
Тесті орындау бойынша ұсыныстар:
-
ұсынылған әдебиеттер жұмыс істеңіздер;
-
әр тесте 1 дұрыс жауапты көрсетіңіздер.
Ұсынылатын әдебиеттер: 7,8,14,15,28,37,49.
2 семинар.
№1 тақырып Қазақстан Республикасы конституциялық құқық ғылымының түсінігі, пәні және әдістемесі.
Тапсырмалар:
1. Конституциялық құқық ғылымының түсінігі, пәні, функциялары.
2. Отандық конституциялық құқық ғылымының өзекті мәселелері.
3. Конституциялық құқық ғылымында қолданылатын ғылыми таным әдісі.
1 тапсырма Әр бір сұрақты жазбаша түрде конспектілеп, сауалнамаға дайындалу.
2 тапсырма Қазақстан Республикасының конституциялық дамуына үлес қосқан Қазақстандық ғалымдарды ата.
3 тапсырма Тесті орындаңыздар
Тесті орындау бойынша ұсыныстар:
-
ұсынылған әдебиеттер жұмыс істеңіздер;
-
әр тесте 1 дұрыс жауапты көрсетіңіздер.
Ұсынылатын әдебиеттер: 7,8,13,14,15,19, 28,37,49.
<предыдущая страница | следующая страница>