Перейти на главную страницу
Жеткіншектік жаста адамның мінез - құлкы және басқа да жеке басының негіздері қалыптасады. Міне , осы кезеңде жеткіншектермен жасалатын тәрбие жұмысында кемшіліктер айқын көріне бастайды .Соңғы кездері жеткіншектер тәртібінің төмендегенін байқауға болады
. - Ата - анамен келіспеушілік жағдайда болу
- Мектептегі қиындық пен сәтсіздік
- Тәртібі қиын құрбы-достарымен байланыс орнату .
Отбасындағы жақсы қарым - қатынасты жоғалту , мектептегі сәтсіздік , келеңсіз топтағы құрбыларымен жақындық әр түрлі жолдарға итермелейді. Ендеше осы үш элемент : отбасы , мектеп , құрбы - құрдастар тобы – барлық жеткіншектердің нағыз табиғи ортасы. Олар кәмелеттік жасқа толмағандардың ең маңызды қоғамдық факторы болып табылады.
Демек , жас баланың мінез - құлқының қалыптасуына отбасы ерекше әсер етеді , солай болғандықтан оның көп қырлы , жан - жақты болуы отбасына байланысты. Ал педагогикалық әлеуметтік жағынан жіберілетін әлсіздік оқу жүйесіндегі сәтсіздің , аномалді мінез - құлықтың қайнар көзі болып табылады.
Жеткіншектің мінез - құлығындағы ауытқулар көбіне туа пайда болмайды , олар физиологиялық ауытқулардан емес , отбасындағы және мектептегі дұрыс тәрбие бермеуден пайда болады . Осы аталып көрсетілген ауытқу девиантты мінез - құлық деп аталады.
“Қиын бала”дегеніміз кім?Осы сұрақ көптеген ата-ана мен педагогтарды ,жалпы жұртшылықты жиі толғандырады және бір сөзбен жауап бере салу жеткіліксіз ,өйткені баланың “қиын” аталуы аз ғана уақыттың нәтижесі емес.
“Қиын бала” қатарына қосылуына не себеп ? Қазіргі таңдағы ғалымдардың ойы бойынша негізгі себеп мыналар:
- Көңіл аударғанға күрес.Тіл алмаушылық – бұл дегеніміз өзіне көңіл аударуға мүмкіндік береді.Көңіл аударған эмоциялық көңіл-күйдің жақсаруына қажет.
- Өз көзқарасы , билік үшін күрес.Жеткіншек ескертулерге , ережелерге өз қарсылығын білдіріп,барлығына қарсы шығады.Өз шешімдері,көзқарастарының болуына деген мүмкіндік –бұл деген өзінің өмірлік тәжірибесінің жинауына мүмкіндік.Қате тәжірибе болса да .
- Ақысын алуға деген ұмтылыс.Жеткіншек кек сақтайды :
* Оны іні,қарындастары мен ағаларымен басына тұрып салыстырғаны үшін
* Отбасы мүшелерінің алдында басынғаны үшін
* Ата-анасының ажырасуы немесе отбасында жаңа адамның пайда болдуы.
- Оның мектептегі,оқуындағы,мұғалім мен құрбыларымен қарым-қатынасындағы жетістігіне сенбеу,өзін-өзі бағалауының төмендігі.
Менің ойымша, мұндай қиын өтпелі кезеңде ата-ана тарапынан жеткіншекке дұрыс қарым-қатынас жасай білу.Дұрыс қарым –қатынас дегеніміз-дұрыс сөйлей білу.Яғни, “Мен саған сенемін” , “Мен сені жақсы көремін”, “Мен әрқашан сенімен біргемін” ,“Сенің жетістігіңе мен сенемін ” т.б.
Ата-ана тарапынан қолдау дегеніміз бұл :
Жеткіншекке қолдау көрсетуде ата-ана, өз іс-әрекет , қарым-қатынас стильін өзгертуіңіз мүмкін.Жеткіншекке қолдау көрсету-оған сену.Көптеген өмірлік қиыншылықтарды бірге бастан кешу.Жеткіншек өз күшіне деген сенімділігі пайда болу үшін,ата-ана шыдамды , қайратты әрі сабырлы болу керек .Бұл қасиеттер
Девиантты мінезді оқушыны қайта тәрбиелеу кезеңінде төмендегі факторларды есепке алмайынша істің табысты болмайтыны белгілі : отбасындағы жағдайы , досы кім , бос уақытын кіммен және қалай өткізеді , сабақ оқуды неден қиналады , сынып ұжымымымен және педагогтармен қарым - қатынысы қалай , оның өзінің тұлғалық ерекшіліктері . Осындай ерекшіліктері .Осындай ерекшіліктерін есепке алу – оған дұрыс диагноз қоюмен бірдей . Дұрыс қойылған диагноз аурудың дұрыс ем қабылдауына оң әсер ететіні – белгілі жәйт.
Девиантты балаларға педагогикалық әсер ету жолдарына келсек , ойланып жоспарланған түзету шаралар оқу - тәрбие жұмысында “қиын” балаларды қайта тәрбиелеу кезеңінде аса маңызды болып табылады .
Біріншіден , мектеп жоспарында “қиын” балалардың барлығы үшін жүргізілетін іс - шаралар белгіленген болуы керек.
Екіншіден , әрбір “қиын” оқушымен жүргізілетін жеке жұмыс жоспарының болуы .Осындай жоспарларда “қиын” балаларға отбасы тәрбиесінің жағымсыз факторларын болдырмау , кездейсоқ топтарлардың жағымсыз әсерінен оларды қорғау , сабаққа қызығушылығын арттыру , қандай істерге оларды ынталандыру сияқты мақсаттар қойылуы тиіс.
Сондай - ақ “қиын” оқушылардың жағымды жақтарын анықтап , оны олардың өзін түзету ісіне ұтымды пайдалана білу - педагогтың нағыз ерлігі болып саналады . Әрине , тәрбиеші барлық кезде сабырлы болуы шарт , түзету жұмыстары өз жемісін тез арада қоймауын біз саналы ұғынуымыз керек.
“Қиын” балалардың сыныптастары және мұғалімдермен қарым -қатынасын өзгерту жолдары келсек , “қиын” балалардың басым көпшілігі өздерін өзі оқитын сыныптан оқшау ұстайды , оларды сыныптың тіршілігі қызықтырмайды , олардан қашқақтайды . Олар , әдетте , нашар оқығандықтан , сыныптастары оларды жек көреді , сондықтан оларға ұжымның жағымды әсері шамалы .
Сол себептен тәрбиеші , сынып жетекшісі “қиын” баланың өзін тәуір жағынан көрсете алатындай , сол арқылы сыныпта беделге ие бола алатындай жағдаят тудыруы керек.
Девиантты мінезді оқушылар өздеріне ұрысқанды ұната бермейді . Сондықтан мектеп мұғалімдері олармен қарым - қатынаста педагогикалық этиканы аса қатаң сақтауы қажет .
“ Қиын” оқушыларды әртүрлі жағымды істерге қатысуға тарту арқылы оларды табысқа жетелеу мәселесінде , “қиын” оқушыларды қайта тәрбиелеу дегеніміз оның жағымсыз әдеттерін жағымды әдептерден шығарып тастау.
Оқу жасындағы балалардың негізгі айналысатын істері – оқу , еңбек ету қызметі мен қызыққан ісімен айналысу , сондықтан “қиын” оқушыларды мектепке қайтару , оқуға қызығушылығын арттыру - аса қүрделі және педагогтің беделін де арттыратын іс . Себебі “қиын” балалардың 90% сабаққа ықыласы жоқ . Сондықтан , оларды сыныптан тыс іс - шараларға тарту арқылы , спортқа , техникаға , өнерге қызықтыру арқылы оқуға бірте - бірте тарту педагогтардың қасиетті ісі болып табылады. Себебі , аталған қызметтердің бірінде табысты болу оларды басқа да істерге жетелейді .
Ол үшін педагогтар адамның өзін - өзі дамытушылық қасиеті мен өзін-өзі тәрбиелеу мүмкіндігін есепке алуы керек.
Әрбір баланың жақсы болуға тырысатын кездері болады . Оның сондай белсенділігі мен энергиясына қолдау көрсету , демеп жіберу , сеніммен қарау балаға қанат бітіріп , басқаларға деген сенімін ұлғайтады .
“Қиын” оқушыларға әртүрлі жағдаяттар арқылы сыныпта оның беделін көтеруге мүмкіндік беру , ұжымдық шығармашылық істерге тарта отырып , оның қабілетін жақсы жағынан көрсете білуіне жәрдемдесу - әсер ететін бақытты сәттер болып есептеледі.
Педагог қиын оқушылармен жұмыс жүргізгенде осыларды іске асыруға міндетті.
Баланың алғашқы адами құндылықтары , әрине , отбасыда қалыптасады . Алайда, қанша дегенмен ешбір ата-ана өз баласының жаман болғанын қаламайтыны анық. Егер, әртүрлі себептермен баласы тура жолдан шығып кеткеннің өзінде , ол ата-аналарды кінәләй бермей , бірлесіп жұмыс істеу үшін олармен дұрыс қарым-қатынас орнату керек, бұл біріншіден , ал, екіншіден ол отбасының барлық жағдайын зерттеу керек, “қиын” балаға айналу себептермен әртүрлі жолдармен анықтау, тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыруға оң әсерін тигізеді. Ол үшін: “Менің отбасым ”, “Мен не үшін ата-аналарымды жақсы көремін (сыйлаймын)”, “Мен бос уақытымды қалай өткіземін? ” деген тақырыптарға шығарма жаздырып, содан көп нәрсені білуге болады.Үшіншіден, істелген жұмыстың бәрі алдын-ала, терең , жан - жақты ойластырған болуы керек.Ата-аналармен,олардың тәрбиесі қиын балаларымен жүргізілетін жұмыс сол отбасының жеке ерекшіліктерін ескере отырып жоспарланған болуы керек .
Осы аталған жағдайлардың бәрін ескере отырып тәрбиеленуі қиындардың әрқайсысына әр түрлі қатынас жасау,оларды жеке-жеке бақыланып ,әрқайсысына арнап жасалған жүйелі тәрбие жұмысын жүргізу қажет.Тәрбиесі “қиын” жасөспірімдерді тәрбиелеу – ділгірлігі мол факторлы құбылыс,оны іс жүзінде асыруға ата-анаға көмектесу , психологиялық жағынан бақылау педагогтер мен психологтерге , заң қызметкерлеріне жүктеледі.Өйткені , біздің ойымызша , “қиын ” бала тәрбиені ұйымдастыруға икемі жоқ отбасылардан шығады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қ.Р.Ата заңы .Алматы,1995.Толық тарауларымен 21.05.2007 ж.
2. Қ.Р. Президенті Н.Назарбаевтың жыл сайынғы дәстүрлі Қазақстан халқына жолдауы ;
3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030.Алматы.Білім.1998ж.
4. Қ.Р Білім беру заңы 7.06.1999 ж.
5. Қ.Р Білім туралы заңы ( толықтыру,өзгерту енгізілген) 15.08.2007 ж.
6. Гурко Т.А. Особенности развития личности подростков в различных типах семей // Социол.исслед. – М .№ 3. 1996 . С . 81 – 90 .
7. Двойметный И.А., Лелеков В.А Влияние семьи на преступность несовершеннолетних // СОЦИС № 10 , Моссква . 1993 . С . 54 - 59
8. Дементьева И .Ф Негативные факторы воспитания детей в неполной семье // Социс . М ., 2001 . № 11 С. 108 – 113
9. Личко А.Е. Психопатии и акцентуация характера у подростков .М.,1982
10. Иванова Л.Ю. Агрессивность,жестокость и отношения старшеклассников к их проявлениям. Сб: Проблемы личности ,профилактика отклонений в ее развитии,1993.
11. Степанова В.Г Психология трудного школьника .М.,1998.
12. Учителям и родителям о психологии подростка. / Под.ред Г.Г Аракелова .М,.1991
13. Мир детства.Подросток . / Под.ред. А.Г Хриповой.М., 1989.
14. Карпухин О.И. Самооценка молодежи как индикатор ее социокультурной идентификаций // Социол . исслед. “ Социс ” М. : 1998 № 12 С . 91 .
15. Корпилова Т.В. , Смирнов С.Л. , Григоренка Е.Л Факторы социального неблагополучия подростков в покозателях методик стандартизованного интервью и листов наблюдения // Вопросы психологии 2001 .№ 1 С .107 – 122.
16. Курек Н.С. Эмоциональное общение матери и дочери как фактор формиравания аддиктивного поведения в подростковом возросте // Вопросы психол № 2. 1997. С . 48 – 60 .
17. Курек Н.С. О взаимосвязи эмоциональной экспресси и потреблении психоактивных веществ в диадах мать-дочь // Психол.журн. Т . 17,№ 1 . 1996.
С 128 – 137 .
18. Мангутова И.Ю.Психосоциальные аспекты конфликтов в диаде “мать-дочь”В период становления секуальности девочек-подростков ( в связи с задачами психопрофилактики) автореферат.Санкт-Петербург.2001
19. Москаленко В.Д., Милгрэм Г.Г Факты употребления алкоголя // Вопр.наркол. 1993. № 2 С.94-96.
20. Москаленко В.Д. Резенция по книгу Б.Робинсона “Работа с детми больных алкоголизмом ” // Вопр.наркол.1993 № 3 С.89-95
21. Л.И. Божович. Личность и ее формирование в детском возросте .
22. А.С.Славина. Трудные дети . Воронеж ,1998.
23. И.М. Юсупов. Психология взаимопанимания. Казань, 1991. 24. А.В.Панасюк. Адаптированный вариант методики Д.Векслера. М. 1973
25. Конфликтология. Под. ред. проф. В.П. Ратникова . М , 2002 .
26. Социальные конфликты . М , 1999.
27. Н.В.Крогиус . Личность в конфликте . Саратов , 1976 .
28. Керимов Л.К. Трифонов В.В Трудный подросток .Алма-ата .1989. -43с .
29. Методика психодиагностика в спорте : Учебное пособие для студентов пед .институтов . – М ., 1990. - 256 с
30. Бондыревская Е.В Смысль “ стратегий личностно оринтированного воспитания ” // Педагогика , 2001 № 1 , С . 17 – 24 .
31. Тугаринов В.П Избранные философские труды . – Ленинград : Изд. Ленинградского университета , 1988 .- 344 с
32. Төлеубекова.Р Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика : әдістемелік құрал. – Алматы : РБК , 1994 . - 140 бет.
33. Р.Қыпшақбаева .Бала тәрбиесі бір күндік іс емес. // Бала тәрбиесі №4, 2005,35-бет.
34. Б.Жолмаханов. “Қиын”оқушыны тәрбиелеу // Бала тәрбиесі № 5 , 2005, 40-бет.
35. Г.Аязбекова. “Қиын ”баланы тәрбиелеу жолдары .// Білімдегі жаңалықтар №1, 2005, 30-бет.
36. Қалиева Г. “Қиын” оқушы тәрбиесі // Қазақстан мектебі 2007, № 1 ,61-62 бет
37. Юсупова И. “Қиын” оқушы қайдан шығады // Қазақстан мұғалімі 2006 қараша,5-бет.
38. Қалиева Г .Тәрбиесі қиын баламен жұмыс // Қазақстан мектебі 2006,№ 11. 39. Шамұратова Х. “Қиын ” бала қайдан шығады // Алтын Орда 2006, 21 - 27 шілде 23-24 бет.
40. Оразбаева Е “Қиын” оқушылармен педагогикалық қарым-қатынастағы белсенді спорттың рөлі // Бастауыш мектеп 2006 № 11 , 18-20 бет.
41. Қазбеков Ж . “ Қиын ” бала тәрбиесі // Валеология 2007 № 3 ,18
42. Өтеген Қ. “Қиын” оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу // Бастауыш мектебі 2007 № 3, 3-6 бет .
43. Дүйсенбиева С .“Қиын” баланы қайта тәрбиелеу жолдары.// Болашақ 2007 наурыз.
44. Сұлтанбекова А . , Малдыбаева А. Агрессивті мінез-құлық //Қазақстан мектебі 2005 №5-6 мамыр-маусым , 27 бет.
45. Қалыбаева Р .Мектеп психологының “ қиын ” балалармен жұмыс әдісі. // Мектептегі психология 2007 № 1
46. Қойжігітов А. Девиантты іс-әрекетті балалар мәселесі. // Ұстаздар пайымы 2007 № 3 , 2-9 бет
Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлық ерекшіліктерінің айқындау әдіс-тәсілдері
25 12 2014
2 стр.
25 12 2014
3 стр.
Жастардың девианттық мінез-құлық даму классификациясы, тенденциялары мен түсініктері
16 12 2014
4 стр.
Республикасының тәуелсіздік алғанына биыл 20 жыл толды. Еліміз егемендігін алып, дүниежүзілік өркениетке ұмтылу барысында өскелең ұрпаққа дұрыс тәлім тәрбие беру халықтың жарқын бо
25 12 2014
1 стр.
Му «Организация методической работы в соответствии с госо 2006 года» от 04. 07. 2007 г
25 12 2014
1 стр.
КМҚК «Мейірім»спорт және сауықтыру демалыс лагерінің девиантты мінез-құлықты балалармен 22. 08-26. 08 күндер аралығында жасөспірімдерімен «Жаз 2011»лагерінің ашылуына арналған «Бар
17 12 2014
1 стр.
«Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру және оның жұмысын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының
08 10 2014
1 стр.
Бөлім Кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқыту барысындағы өз бетімен жұмыс жасауға үйретудің теориялық мәселелері
25 12 2014
5 стр.