Перейти на главную страницу
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2009 жылғы 30 қарашадағы
№ 343-ө бұйрығымен
бекітілген
14-шығарылым
Астана 2009
БТБА «Жұмысшы мамандығы, экономиканың барлық саласына қатысты» тарауына нақты өндіріс түріне немесе жұмыс түріне жатпайтын жұмысшы мамандықтары да енгізілген.
Тарифтік-біліктілік сипаттамасының тәртібі, дәрежені беру және көтеру, өзгертулер мен толықтырулар енгізу Жұмыстардың және жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы 1-шығарылымының «Жалпы ережелерінде» көрсетілген.
БТБА тарауында төменгі дәрежелі жеке мамандықтардың жұмысы, өндіріс жағдайынан және орындалған жұмыс сипатынан, жұмыстың жеке түрін орындау жоғары дәрежелі жұмысшылардың басшылығымен орындалатыны жазылған. Мұндай жағдайда жоғары дәрежелі жұмысшылар осы мамандық бойынша төменгі дәрежелі жұмысшыларды басшылыққа алуы тиіс.
Тарифтік-біліктілік сипаттамалары, осы бөлімдерде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және ұйымдық–құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.
Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтыру кезінде, сондай-ақ тарифтік разрядты өзгерту кезінде оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.
«Металл электродтар өндірісі» бөлімі
2-разряд
Білуге тиіс: қызмет көрсететін көтергіш-көлік құралдары мен сомдама құралдарын; дайындалған электродтар маркасын; майлау массасын сақтау тәртібін; қолданатын құралдар мен жабдықтарды сайлау және қолдану тәртібін.
3- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жалпы және арнайы электродтар мен түсті металлды дәнекерлеуге және балқытуға арналған майлау массасынан, жоғары қысымды брикетті нығыздау брикеттерді дайындау.
Білуге тиіс: жоғары қысымды қызмет көрсетуші брикетті нығыздау қондырғыларын; шығарылған электродтар маркасына қатысты брикеттер технологиясын дайындауды; сылау массасын дайындаудың қасиеті мен материалдар құрамын, олардың сылау массасына әсерін және электродтарды жабу сапасын; сылау массасының әр түрлі компоненттерінің байланыстыратын материалдармен сәйкестігін.
4- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жалпы және арнайы электродтар мен түсті металлды дәнекерлеуге және балқытуға арналған майлау массасынан, жоғары қысымды брикетті нығыздау брикеттерді дайындау. Майлау массасының келуін реттеу. Брикеттер мен жұмыс цилиндрларын тиеу.
Білуге тиіс: түрлі құрастырылған брикеттелген пресстердің құрылғысын; жабдықтардың жұмыс түзімін; әр түрлі бағыттағы электродтарды жабу массасына массаны беруді реттеу тәртібін; электродтарды жабу үшін тағайындалған түрлі майлау массаларына қойылатын талаптарды; майлау массасының ауысымды жұмыс цилиндрін толтыру ережелерін.
4. Майлау компоненттерін бөлшектеуші
2- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құрғақ шихта мен майлау массасын қолдан дайындау. Түрлі құрылымды ұнтақтағыш, шойын тоқпақтар, ұнтақты сымдар, флюстер, жалпы белгіленген электродтардың жабындыларын дайындауда қолданылатын компоненттерді ұнтақтау, жуу. Қарапайым механикалық және қолдан жасалған елеулер компоненттерін орнату. Төмен қысымды брикеттелген сыққыштармен жалпы белгіленген электродтарды майлау массаларынан брикеттерді престеу. Жоғары квалификацияланған электродтаушының басқаруымен электрод майлау сыққыштарына түрлі маркадағы электродтар жабындысын жағу. Берілген тәртіп бойынша мерзімді жұмыс істейтін пештерде электродтарды қыздыру. Қызметтегі жабдықты жүтеу және түсіру. Жабдыққа материалдардың тура жүктелуін реттеу. Электродтарды қолдан сұрыптау. Электродтар жабындысының ақауларын жою. Жабдықдың жұмысы мен жылу тәртібін қадағалау. Қызметтегі жабдықтың жөндеу жұмыстарына қатысу, майлау және тазалау. Жұмыс орнын тазалау.
Білуге тиіс: жуу үшін қолданылатын, жабдықтарды құруды; майлау массасын ұсақтауды; жуу процессінің тәртіптерін; сылау массасының құрауыш номенклатурасына қойылатын талаптарын; арнайы құралды қолдану ережелерін; электродтар жабыны мен флюстің сапасына құрауыштар тазалығының әсерін; жүк көтеруші механизмдерді қолдану және құрауыштарды жүктеу ережелерін.
3- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жалпы және арнайы тағайындалған электродтар жабдығын дайындауда қолданылатын мысты, минералдарды, тау жыныстарын құрғақ және дымқыл ұсақтау. Үздіксіз және мерзімді әрекет ететін диірмендердің, үккіш машиналардың, классификаторлардың ферроқорытпалар ымен басқа да компоненттерінің ұнтақты сымдар мен флюстерді дәнекерлеу мен балқыту. Қызмет көрсету жабдықтарын тиеу және түсіру. Механикалық електерді жасауда қолданылатын материалдардың құрылымын реттеу. Инертті қоспасы бар жарылғыш материалдарды елеу. Сынамаларды таңдау. Еленген заттың сапасын анықтау. Ферроқорытпаларды пассивтеу. Диірменді, тазалау машиналарын, жіктеушілерді қосу, қуат көздерін тоқтату және тұрақтандыру. Ұсақтау компоненттерінің түстері мен сапасын анықтау және оларды елеу мен араластыруға дайындау. Құралдың жарамсыздығын алдын-алу және табу. Торларды ауыстыру.
Білуге тиіс: үздіксіз және мерзімді әрекет ететін диірмендердің жөндеу әдістері мен құрылғыларын, жуу машиналарының классификаторларын; сылау массаларының құрылым қасиеттері мен атаулары, оның сапасына қойылатын талаптарды; ферроқорытпалардың пассивтенуі, жарылу қаупі бар материалдарды қолдану ережелерін; құрауыштардың төзу шарттары мен мерзімі, сақтау ережелерін; инертті қоспаларды жүргізу нормалары мен ережелерін; диірменнен материалдардың ұсақталып шығуына байланысты, ұсақталған денелерді жүктеу ережелерін; аспаптар мен арнайы құралдардың құрылғыларын.
4 – разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жалпы және арнайы тағайындалған электродтар жабдығын дайындауда қолданылатын мысты, минералдарды, тау жыныстарын құрғақ және дымқыл ұсақтау. Үздіксіз және мерзімді әрекет ететін диірмендердің, пневмотранспорт ауа тазартқыш құралдарын, үккіш машиналардың, классификаторлардың ферроқорытпаларымен басқа да компоненттерінің ұнтақты сымдар мен флюстерді дәнекерлеу мен балқыту. Пневмотранспорт желілерін қорғау аясы мен материалдардың ұсынылуын реттеу. Материалдарды кептіру және классификациялау. Инертті қоспасы бар жарылғыш материалдарды елеу. Компоненттерді өлшейтін автоматты таразыларға қызмет көрсету.
Білуге тиіс: классификаторлардың, дезинтеграторлардың, диірмендердің түрлі түрлерін жөндеу әдістері мен құрылғыларын; автоматтандырылған таразы мен газанализаторларының құрылғыларын; диірмендердің жұмыс тәртібі мен классификацияланған құрылғыларды; жарылу қаупі бар материалдардың қасиеттері және оларды қайта өңдеу ережелері; жабдықтарды бекіту ережелері мен тәсілдері; ферроқорытпалар мен минералдардың физико-механикалық қасиеттері; қауіпті жарылғыш материалдарды ұсақтау жүйесіне жіберілетін қорғаныс газын беруді реттеу ережелерін; пневмотранспорт тізбегіндегі қорғану ортасының құрамын реттеу ережелерін.
5- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Мысты, минералды, тау жыныстарын, басқа да компоненттерді ұсату процессін енгізу. Электродтардың жалпы және арнайы жабындыларын дайындауда қолданылатын міндеттемелерді тағайындау. Ұнтақты сымдар мен флюстерді балқыту мен дәнекерлеу, автоматандырылған және жартылай автоматтандырылған агрегаттар мен желілерді жөндеу Ұсатудың технологиялық түзімін реттеу.
Білуге тиіс: желіні басқарудың кинематикалық және электр сызбасын; желі агрегаттары жұмысының ақауын анықтау және оның алдын алу амалдарын; желідегі материалдарды ұсақтау түзімін анықтау тәртібін.
3- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Техникалық шарттарға мен мемлекеттік стандартқа сай электродтар мен флюстер жабындыларының майлау массасының құрамына кіретін шикізат, жартылай фабрикаттар, материалдар, флюстерді қабылдау және бақылау. Шикізат және құрауыш кептіргіштерінің, электрод тығындарының температура түзімін бақылау.
Білуге тиіс: материалдар мен техникалық жағдайын және материалдың, жартылай дайындалған өнімнің, шикізаттың, мемлекеттік стандартын, құрауыштары мен флюстерін; силикатты кесектерді езу технологиясын, компоненттер құрамын.
4- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Техникалық шарттар мен мемлекеттік стандартқа сай дайын электродтардың дымқылдығы, беріктігі, жабындының ылғал тұрақтылығы анықтамаларын қабылдау және бақылау. Карбоксиметилцеллюлоза және сұйық шыны, желілердің маркалы құрамдары, ұнтақты материалдардың ылғалдығы мен гранулметриялық құрамын бақылау.
Білуге тиіс: дайын электродтар мен ұнтақ материалдардың техникалық жағдайы мен мемлекеттік стандартты; бақылау-өлшеу құралдарымен жұмыс істеу тәртібін; дайын өнімдерді қабылдау тәртібін және техникалық құжаттарды дайындауды; желі, ерітінді сапасына қойылатын талаптарды.
2- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары классификацияланған сыққыштаушының басқаруымен электродтардың түрлі белгілерін электрод майлау массаларын сыққыштау және электродты жабудың жалпы белгісін қолдану. Тегістеу машиналары мен қабылдау конвейерінің жұмыстарын бақылау. Металл желілермен бункерлердің қуат көздерін жүктеу. Электродтарды жиектемеге салу және тегістеу. Поршеньдерді тазалау және цилиндр сыққышына брикеттерді жүктеу. Арнайы жабдықтар арқылы электродтардағы қыздырылған жабынды ақауларын жою. Жабдықты жөндеу кезінде қатысу, майлау және оны тазарту. Жұмыс орнын тазалау.
Білуге тиіс: тазалау машинасының, қабылдау конвейерінің, электрод майлау сыққышы жұмысының негіздерін; дайындалатын электродтар мен сымдардың маркаларын; сымдарды таңбалаудың ережелерін; электродтардың торцты тазалауының техникалық шарттары; электродтардың сыртқы түрінен ақауларының әдістерін; ақауы бар электрод жабындысын өшіруге арналған құрылғыларды; электродтарды жиектемеге салу және оларды сақтау; бақылау-өлшеуіш құралдарының және жай құрылғылардың қолдану ережелері мен белгілері.
3- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қолмен басқарылатын электрод майлау сыққыштарының жалпы белгілемесін электрод жабындыларын майлау массаларын 500кгс/см2 қысымға келтіру және арнайы міндеттеме әдістері арқылы электродтарды батыру. Электродтар жабындылары қалыңдығын және эксцентрлілігін өлшеу. Тазалауыш машиналар мен қабылдау-жіберу тасымалдағыш, желілерді жіберу қуат көздерін жөндеу. Дұрыстарды бұзу кезінде ақаулардың алдын алу.
Білуге тиіс: қолданылатын бақылау-өлшеуіш құралдардың және электрод майлау престерінің қызметі құрылғыларын; диаметрі мен жабынды электродтардың түрлі маркаларының қалыңдығын; жабындының салмағын анықтау ережелерін; жүк көтеру механизмімен қолдану ережелерін; дайындалатын электродтардың мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттарын.
4-разряд
Білуге тиіс: ұнтақты сымдар жасауға арналған табандар мен бөлек агрегаттардың лектік сызықтарын, қолмен басқарылатын түрлі құрылымды электрод майлау престерін жөндеу әдістері мен құрылғылары; электродты ленталар мен желілерді, ұнтақты сымдарды, дайындалатын электродтардың техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарттарын; бақылау- өлшеуіш құралдарын қолданудың дәл және қиын түрлерінің ережелері мен әдістерін.
5-разряд
Білуге тиіс: кинемакалық және электр сызбасын, үздіксіз желілердің басқару сызбасын; сылау массасына және оны нығыздауға қойылатын талаптарды, желілерді орналастыру және реттеу тәртібі мен әдістерін; электрод маркасын; сылау массасына әр түрлі технологиялық қоспалардың әсерін; электродтардың түрін бақылау-өлшеу құралдарын қолдану тәртібін.
2-разряд
Білуге тиіс: қыздыру пештерінің жұмыс негіздерін; диаметрі мен түрлі маркадағы электродтарды қыздыру технологиясын; бақылау-өлшеуіш құралдарын қолдану ережелері мен негіздерін; электродтарды тегістеу және сақтау ережелерін.
3-разряд
Білуге тиіс: қыздыру пештерінің жұмыс негіздерін; диаметрі мен түрлі маркадағы электродтарды қыздыру технологиясын; бақылау-өлшеуіш құралдарын қолдану ережелері мен негіздерін; электродтарды тегістеу және сақтау ережелерін; пештің температуралық тәртібі мен конвейердің қозғалу жылдамдығын реттеу ережелерін.
4 – разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі түсті металдарды және көпсекциялы индуктивті қондырғыларды балқыту, жоғары жиілікті токпен жұмыс істейтін тоннельді пештерде, қосарланған тоннельді қондырғыларды термоөңдеу, болат стерженьді электродтарды қыздыру және кептіру. Техникалық шарттарға сай түрлі маркалардың электродтарды қыздыру тәртібін реттеу, бақылау-өлшеуіш құралдарының көрсеткіш тәртібінің параметрлерін бақылау.
Білуге тиіс: түрлі маркадағы электродтарды, термоөңдеу тәртібін, қосарланған тоннельді пештердің, қуат көздерінің, көпсекциялы индуктивті қондырғылардың құрылғыларын; бақылау-өлшеуіш құралдарын қолдану тәртібі мен әдістерін; жиілігі жоғары генераторларды басқару әдістерін; қызудың рационалды тәртібін таңдау ережелерін; ақаудың себептері мен оларды алдын-алу әдістерін.
2-разряд
Білуге тиіс: қызметтегі автоклав әрекетінің негіздерін; силикатты кесектерді дәнекерлеу технологиясын; силикатты кесектер мен ерітіндіге қойылатын талаптар; автоклавқа құйылатын су мен кесектің нормаларын; дайын силикатты ерітіндіні құю тәртібін; бақылау-өлшеуіш құралдарын қолдану ережелері мен әдістерін; жүк көтеруші механизмдермен жұмыс істеу ережелерін.
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары квалификацияланған дәнекерлеушінің басқаруымен стационарлы автоклавтарда калий, натрий және құрамдастырылған кесектердің процесін жүргізу. Автоклавтағы қысым мен температуралы тәртіпті қадағалау. Талап етілген тығыздыққа дейін ерітіндіні булау және фильтрлеу. Жабысқақ және нығыз болуы үшін ерітінді мен сұйық шыныларды араластыру
Білуге тиіс: сорғы, араластырғыш, фильтрлер, булауыштар, қызметтегі автоклав құрылғыларын; дайын ерітінділердің тығыздығын және жабысқақтық әдістерінің анықтамаларын; тығыздық пен түрлі жабысқақтық ерітінділерін араластыру ережелерін; дайын ерітінділерді тасымалдау және сақтау, оларды құю әдістерін; дайын ерітіндінің сапасына қайылатын талаптарды.
4- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Калий, натрий және құрамдастырылған кесектердің араласу автоклавтағы процесін жүргізу. Пасивтеуіш қоспаларды (хромпика, марганецті-қышқыл калий) жүргізу. Ерітіндіні булау, фильтрлеу және айшықтандыру. Сілті ерітіндісін қосу арқылы сұйық шынының модулін түзету. Карбоксиметилцеллюлоза ерітіндісін, керекті қаттылығы бар суды, шайылған ерітіндіні дайындау. Фильтрлі тканді регенерациялау.
Білуге тиіс: жұмсартылған су мен автоклавтардың түрлі типтерінің құрылғыларын; сұйық шыны модулін түзету, автоклавқа жіберілетін су мен кесектердің мөлшері ережелерін; сүзу қабаты мен шайылған ерітінділерін, карбоксилметилцеллюлоза ерітіндісін дайындау әдістерін; сұйық шынының химиялық және электрлі қасиеттерін.
2- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Стерженьнің ұзындығын реттемей-ақ түрлі-түсті металдардан және болаттан ұшпа жүзді дұрыс-кескіш автоматтарымен минутына 150 стержень сым темір кесу. Түрлі диаметрлі сым темірлерді кесетін автоматты жөндеу. Кескіш жүздерді орнату мен егеу. Фильерді таңдау және оны дұрыс барабанға орнату. Жабдықтың жарамды қалпын қадағалау. Стерженьдерді ыдыстарына орналастыру, түрлі жүккөтергіш механизмдердің стерженьдерін және сымдарды тасымалдау, стерженьдерді таңбалау. Арнайы құрылғыда сымдардың қалдықтарын брикеттеу және жинау. Құралды жөндеу, майлау және тазалау. Жұмыс орнын тазалау.
Білуге тиіс: ұшпа жүзді дұрыс-кескіш автоматтарын жөндеу ережелерін, әрекет әдістерін; кеңінен таралған қосалқы құралдарды қолдану ережелері мен құрылғыларын; кесу жылдамдығын таңдау ережелерін; өзектердің сапасына қойылатын талаптарды; дайын өзектер мен сымдарды тасымалдау және қаттау, таңбалау ережелерін.
3- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Стерженьнің ұзындығын реттемей-ақ түрлі-түсті металдардан және болаттан ұшпа жүзді дұрыс-кескіш автоматтарымен минутына 150 стержень сым темір кесу және стерженьнің ұзындығын ретте п,минутына 350 стержень кесу. Түрлі диаметрлі сым темірлерді кесетін автоматты жөндеу. Қабылдау бункеріне стерженьдерді орналастыруды қадағалау.
Білуге тиіс: түрлі қосалқы құралдардың, гильотинді кесуге арналған жүзді дұрыс-кескіштерді жөндеу ережелері мен құрылғыларын, өзектерді ң ұзындығын реттейтін дұрыс-кескіш автоиаттарды; түрлі маркалы сымдардың механикалық қасиеттерін.
4- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Стерженьнің ұзындығын реттеп түрлі-түсті металдардан және болаттан дұрыс-кескіш автоматтарымен минутына 350 стержень сым темір кесу. Сүйреу станы желісімен сымдарды кесу. Түрлі диаметрлі және түрлі маркадағы сым темірлерді кесетін автоматты жөндеу. Кескіш жүздерді орнату мен егеу, фильерді таңдау және оны дұрыс агрегатқа орнату, торапдәнекерлеу машинасында сымдардың соңдарын дәнекерлеу.
Білуге тиіс: түрлі қосалқы құралдардың, торап дәнекерлеуші машиналар, қайрау және егеу станоктарының, түрлі құрылымдағы дұрыс-кескіш автоматтарын жөндеу ережелері мен құрылғыларын; сүйреу станымен жұмыс негіздерін, оның бөлек тораптарының өзара әрекетін.
2- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электродтарды сыртқы түріне байланысты сұрыптау және ақауларын түзету. 1-ші топты сапаның мемлекеттік стандартқа сай электродтардың жабынды сапаларының түрлі маркаларын және көлемдерін тексеру. Электродтарды таңбалау мен өлшеу.
Білуге тиіс: электродтар номенклатурасын; 1-ші топты сапаның мемлекеттік стандартқа сай электродтарды тазалау мен техникалық шарттарын; электродтардың ақауларын жоюдағы бақылау-өлшеуіш құралдарымен қолдану ережелері мен міндеттерін; электродтарды таңбалау мен өлшеу әдістерін.
3-разряд
Білуге тиіс: қолданылатын құралдар құрылғыларын; 2-ші және 3-ші санаттағы сапалардың электродтарды тазалау және төсемдеудің техникалық шарттарын; арнайы электродтарды таңбалау ережелерін.
2- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Майлау массаларын қолдан дайындау. Ерітінділерді жүктеу және түсіру. Электродтарды төсеу үшін қолданылатын ерітінділердің құрамындағы компоненттер мөлшері. Жұмыс орнын тазалау. Жабдықты жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: майлау массасына кіретін компоненттердің атауларын; майлау массасының компоненттерін сақтау ережелерін; қолдан дайындалған майлау массаларын дайындау ережелері мен әдістерін.
3- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электродтарды төсеу үшін қолданылатын түрлі типті араластырғыштарды майлау массаларын дайындау. Электродтардың рецептурасына байланысты талап етілетін майлау массаларын құру және шихта компоненттерін өлшеу. Ерітіндіге компоненттерді жүктеу, Шихтаны араластыру, шихтаны ыдысымен таңбалау. Сұйық шыны ерітіндісін майлау массасына қосу. Масса консистенциясын анықтау. Массаны жүктеу және оны брикет дайындайтын жерге тасымалдау. Жабдықтарды жуу.
Білуге тиіс: арнайы кұралдар мен дозаторлардың, қызметтегі араластырғыштардың құрылғыларын; шихтаны дайындаудың рецептурасы мен электродтарды жабындау үшін жалпы тағайындалған майлау массаларын; сұйық шынылар ерітінділерінің жабысқақтығы мен тығыздығын бақылау әдістері мен қасиеттерін, жүргізу ережелерін; майлау массаларының дайындығын анықтаудың органолептикалық әдістерін; қышқыл қосылған массалардың компоненттерінің белсенділігін төмендету тәсілдерін; жабынды сапасына тазалық компоненттерінің әсері; жүк көтеру механизмін қолдану ережелерін; майлау массалары компоненттеріне техникалық шарттарын.
4-разряд
Білуге тиіс: автоматтандырылған және механикаландырылған мөлшерленген желілерді, автоматтандырылған таразыларды, түрлі типтегі араластырғыштарды, дозаторлар құрылғыларын; шихта компоненттерінің қасиеттерін; шихта компоненттерінің гранулметрленген құрамына қойылатын талаптар; белсенді компоненттер мен пластификацияланған қоспаларды шихтаға енгізу ережелерін; бақылау-өлшеуіш құралдарын қолданудың дәл және күрделі ережелерін және міндеттемелерін, құрылғыларын.
2-разряд
Білуге тиіс: қызметтегі кептіру пештерінің әрекет негіздерін; флюстер мен түрлі майлау массаларының компоненттерін кептіру тәртібін.
1-разряд
Білуге тиіс: мерзімді әрекет ететін қызметтегі кептіру пештерінің жұмыс негіздерін; диаметрі мен түрлі маркадағы электродтарды кептіру технологиясын; бақылау-өлшеуіш құралдарын қолдану ережелері мен міндеттемелерін; электродтарды сақтау және төсеу ережелерін.
2-разряд
Білуге тиіс: мерзімді әрекет ететін қызметтегі кептіру пештерінің жұмыс негіздерін; диаметрі мен түрлі маркадағы электродтарды кептіру технологиясын; бақылау-өлшеуіш құралдарын қолдану ережелері мен міндеттемелерін; конвейердің қозғалу жылдамдығын реттеу ережелерін.
2-разряд
Білуге тиіс: электродтардың номенклатурасын; түрлі маркадағы дайын электродтарды орау және тегістеу ережелерін; қораптарды таңбалау ережелерін; электродтар қаптамасын бояу және буу әдістерін; қаптама материалдарын дайындау ережелерін.
3- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Автоматтар мен жартылай автоматтарда электордтарды орау. Автоматтар мен жартылай автоматтарды материалдармен орау. Автоматтар мен жартылай автоматтарды әр түрлі размерлер мен диаметрлерге бөлу. Жабдықтарды жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: автомат және жартылай автоматтарды жөндеу ережелерін; қаптама материалдарының техникалық шарттары мен номенклатураларын; автомат және жартылай автоматтарының қаптама материалдарын түзету тәсілдерін.
2- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электр балқыту пештерінде электрдәнекерлеуге жалпы белгіленген флюстерді балқыту процесін дәнекерлеу. Берілген рецепт бойынша флюстерді балқытуға шихтаны дайындау. Балқытылған флюстерді түйіршіктеу. Флюс қорытындыларын электр пешіне тиеу. Пешті ағымды жөндеуге қатысу. Жұмыс орнын тазалау.
Білуге тиіс: қызметтегі электрбалқыту пештерінің жұмыс негіздерін; көтеру-тасымалдау құралын және қызметтегі грануляцияланған қондырғылардың құрылғыларын; түрлі маркадағы флюстердің шихта құрамын; флюстердің ылғалдық мүмкіндігі мен балқыту тәртіптерін; бақылау-өлшеуіш құралдарын қолдану ережелері мен міндеттемелерін; флюстарды сақтау және төсеу ережелерін.
3-разряд
Білуге тиіс: флюстерді балқыту және кептіру үшін қызметтегі пештердің құрылғылары; түрлі маркадағы флюстерді балқыту технологиясын; электробалқыту сапасына флюстер құрамының әсерлерін; флюстер құрамына кіретін компоненттердің номенклатурасын; флюстерді дайындау рецептурасын; флюстер компоненттерінің қасиеттерінің сапасына қойылатын талаптар; қышқылдар мен шихта материалдарының құрамы мен физика-химиялық қасиеттері; флюстердің гранулметриялық құрамына қойылатын талаптар.
4-разряд
Білуге тиіс: флюстерді балытудың жоғары тазалықты технологиясын; түрлі басқа құралдардың балқытуға, кептіруге және флюстерді қыздыруға арналған электрбалқыту пештерінің құрылымдық ерекшеліктері мен құрылғыларын; дайын флюстердің сапасына қойылатын талаптар; флюстерді балқытуды үдету; электротехника мен электрониканың негіздерін.
2-разряд
Білуге тиіс: қызметтегі құралдың және майлау массалары компоненттерін елеу, бөлшектеу негіздерін; қыздыру пештерінің әрекет негіздерін; электродтар мен майлау массасының компоненттерінің номенклатурасын; майлау массасын қолдан дайындау, электродтарды қыздырудың технологиясын; электродтар мен брикеттерді, майлау массаларын сақтау ережелерін; электродтардың жабындылары мен флюстердің сапасына тазалық компоненттерінің әсері; материалдарды жүктеу және түсіріп алу ережелерін; қолданылатын құралдар мен жабдықтарды, жүк көтеруші механизмдерді қолдану ережелерін; электродтарды сыртқы түріне қарай ақауларын жөндеу әдістерін; майлау массаларының сапасына қойылатын техникалық талаптар.
3-разряд
Білуге тиіс: үздіксіз және мерзімді әрекет ететін диірмендердің, қыздыру пештерінің, майлау массаларының, брикеттелген пресстер мен автоклавтардың, араластырғыштардың, арнайы және әмбебап құралдардың құрылғыларын; электродтарды қыздырудың техникалық шарттарын; араластырғыштардан майлау массасын дайындайтын технологияларды және шығарылатын электродтардың маркасына байланысты брикеттерді дайындау; майлау массалары құрамының компоненттері мен қасиеттері және оның электродтар жабындысының сапасына әсері; майлау массаларының түрлі компоненттерінің байланысқан материалдармен әрекеттестігі; жарылғыш материалдарды жою ережелерін; ферроқорытпаларды пассивтендіруді; диаметрі мен түрлі маркалы электродтардың жабынды қалыңдығын; дайындалатын электродтардың мелекеттік стандарты мен техникалық шарттары; дайын силикатты ерітінділердің тығыздығын және жабысқақтық әдістерінің анықтамаларын; тығыздық пен түрлі жабысқақтық ерітінділерін араластыру ережелерін.
4-разряд
Білуге тиіс: түрлі маркадағы электродтарды, термоөңдеу тәртібін, қосарланған тоннельді пештердің, қуат көздерінің, көпсекциялы индуктивті қондырғылардың құрылғыларын; бақылау-өлшеуіш құралдарын қолдану тәртібі мен әдістерін; жиілігі жоғары генераторларды басқару әдістерін; қызудың рационалды тәртібін таңдау ережелерін; ақаудың себептері мен оларды алдын-алу әдістерін; жұмсартылған су мен автоклавтардың түрлі типтерінің құрылғыларын; сұйық шыны модулін түзету, автоклавқа жіберілетін су мен кесектердің мөлшері ережелерін; сүзу қабаты мен шайылған ерітінділерін, карбоксилметилцеллюлоза ерітіндісін дайындау әдістерін; сұйық шынының химиялық және электрлі қасиеттерін.
5-разряд
Білуге тиіс: желіні басқарудың кинематикалық және электр сызбасын; үздіксіз желілердің басқару сызбасын; сылау массасына және оны нығыздауға қойылатын талаптарды, желілерді орналастыру және реттеу тәртібі мен әдістерін; электрод маркасын; сылау массасына әр түрлі технологиялық қоспалардың әсерін; электродтардың түрін бақылау-өлшеу құралдарын қолдану тәртіптерін.
2004 жылы шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымы мен бөлімі бойынша атаулары көрсетілген, осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауының тізбесі
№ р/с
|
Аталған бөлімде қарастырылған мамандықтар атауы |
Дәреже диапазо ны
|
2004 жылы шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымы бойынша атаулар |
Дәреже диапазоны |
БТ БА бас. № |
Бөлімнің қысқартылған атаулары
|
1. |
Брикеттеуші |
2-4 |
Брикеттеуші |
2-4 |
14 |
Металл электродтар |
2. |
Майлау компонент терін ұсақтаушы |
2-5 |
Майлау компонент-терін ұсақтаушы |
2-5 |
14 |
-//- |
3. |
Электрод өндірісін бақылаушы |
3-4 |
Электрод өндірісін бақылаушы |
3-4 |
14 |
-//- |
4. |
Майлау пресін престеуші |
2-5 |
Майлау пресін престеуші |
2-5 |
14 |
-//- |
5. |
Пештерді қыздырушы |
2-4 |
Пештерді қыздырушы |
2-4 |
14 |
-//- |
6. |
Силикатты кесектерді дәнекерлеуші |
2-4 |
Кесектерді дәнекерлеуші (шыны дәнекерлеуші) |
2-4 |
14 |
-//- |
7. |
Сымдарды кесуші |
2-4 |
Сымдарды кесуші |
2-4 |
14 |
-//- |
8. |
Электродтарды сұрыптаушы |
2-3 |
Электродтарды сұрыптаушы-ораушы |
2-3 |
14 |
-//- |
9. |
Майлау құрауыштары |
2-4 |
Майлау құрауыштары |
2-4 |
14 |
-//- |
10. |
Флюстер мен майлау компоненттерін кептіруші |
2 |
Флюстер мен майлау компоненттерін кептіруші |
2 |
14 |
-//- |
11. |
Электродтарды кептіруші |
1-2 |
Электродтарды кептіруші |
1-2 |
14 |
-//- |
12. |
Электродтарды ораушы |
2-3 |
Электродтарды сұрыптаушы-ораушы |
2-3 |
14 |
-//- |
13. |
Флюстеуші |
2-4 |
Флюстеуші |
2-4 |
14 |
-//- |
14. |
Электродтаушы |
2-5 |
Электродтаушы |
2-5 |
14 |
-//- |
Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші
№ рс |
Кәсіптердің атауы |
Разрядтар диапазоны |
Беті |
1. |
Брикеттеуші |
2-4 |
2 |
2. |
Майлау компоненттерін ұсақтаушы |
2-5 |
3 |
3. |
Электрод өндірісін бақылаушы |
3-4 |
5 |
4. |
Майлау пресін престеуші |
2-5 |
5 |
5. |
Пештерді қыздырушы |
2-4 |
7 |
6. |
Силикатты кесектерді дәнекерлеуші |
2-4 |
8 |
7. |
Сымдарды кесуші |
2-4 |
9 |
8. |
Электродтарды сұрыптаушы |
2-3 |
11 |
9. |
Майлау құрауыштары |
2-4 |
11 |
10. |
Флюстер мен майлау компоненттерін кептіруші |
2 |
12 |
11. |
Электродтарды кептіруші |
1-2 |
13 |
12. |
Электродтарды ораушы |
2-3 |
13 |
13. |
Флюстеуші |
2-4 |
14 |
14. |
Электродтаушы |
2-5 |
15 |
Мазмұны
«Металл электродтар өндірісі» бөлімі.................................................................. 3
2004 жылы шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымы
мен бөлімі бойынша атаулары көрсетілген, осы бөлімде көзделген
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі бтба) (16- шығарылым) «Медициналық құралдар, аспаптар мен жабдықтар өндірісі» бөліміне
29 09 2014
3 стр.
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (27-шығарылым) «Полимерлі материалдар өндірісі және одан жасалған өнім» бөлімінен тұрады
07 10 2014
10 стр.
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі бтба) (28 шығарылымы): «Шыныталшық, шыныталшық материалдар, шыныпластик, химиялық талш
15 12 2014
10 стр.
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (63-шығарылымы) (бұдан әрі бтба) «Қала, ауыл және елді мекендердегі газ шаруашылығы», «Су құбыры-
17 12 2014
3 стр.
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі бтба) (50-шығарылым) «Балық және теңіз өнімдерін аулау және өңдеу» бөлімінен тұрады
07 10 2014
1 стр.
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (62-шығарылымы) (бұдан әрі бтба) «Тұрмыстық қызметтер саласындағы жұмыстар» бөлімінен тұрады
06 10 2014
2 стр.
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығы (бұдан әрі бтба) (33 шығарылым) «Жасанды тері жасау өндірісі» бөлімінен тұрады
12 10 2014
1 стр.
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығының (бұдан әрі бтба) 39 шығарылымы: «Целлюлоза, қағаз, картон және олардан бұйым өндіру» бөлімінен тұрады
17 12 2014
13 стр.