Перейти на главную страницу
№6. Ресми стиль жанрлары.
Ресми стиль |
Ресми құжаттар |
|
Күнделікті істер |
Дипломатия тілі |
|
Заңдар тілі |
|
Қызметтік тіл |
|
Іс қағаздар |
Әдеби тіл стилінің бұл түрі қарым-қатынастың бір формасы ретінде қолданылады. Ресми стильдің халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде, қарым-қатынасында маңызды роль атқарады. Яғни, бұл стильдің қалыптасуы белгілі бір қажеттіліктен келіп туған. Сондықтан ресми стиль адамзаттың қоғамдық өмірінің жоғарғы сатысында мәдени дәреженің жетілген кезінде пайда болды.
Ресми іс қағаздарының тілдік құралдарды қолданылуы да өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, құжаттар белгілі бір үлгіде орындалады, немесе құжаттардың өзіндік алдын ала дайындалған үлгісі болады. Бұл үлгі қағаздарда өзіндік ойын жазбаша жеткізу тәсілдері мен сөйлем құру реңктерін анықтайды. Мысалы, анықтама құжаттарында: «Осы анықтама талап еткен орынға беріледі», ал акт жасауда: «бір жағынан», «екінші жағынан», «акт тапсырушы», «акт қабылдаушы», «біз қол қоюшылар», «қабылдап алдым» деген штамп сөздер кездеседі.
Ресми стильдік екінші бір ерекшелігі көркемдегіш құралдар өте сирек қолданылады. Ресми стильде көбінесе лексикалық жағынан ауыспалы мағынада қолданылмайды, қолданылса да өте сирек қолданылады. Тұрақты тіркестер, фразеологизмдер де аз пайдаланылады. Қолданылатын жағдай ол ресми хабардың сипаттаушы емес, хабардың әсерін арттыру үшін ғана қолданылады.
Ресми стильдің грамматикалық жағынан ерекшелік әбден қалыптасқан, тілдік ерекшеліктері айқын көрінетін стильдің түрі болып табылады.
Құжаттар немесе іс қағаздар, баяндау немесе хабарлауға байланысты сай пайдаланылады. Көбінесе мұндай сөйлемдердің баяндауыштары бұйыру, шақыру, үндеу т.б. мәнінде болады. Мысалы: орындалу міндеттелінсін, баса назар аударылсын, мекемеге тапсырылсын. Әсіресе сөйлемнің баяндауышы немесе етістіктің өткен шақ формасында жиі кездеседі. Көбінесе іс қағаздардың көпшілігі келер шақтың формасы ырықсыз етіс түрлерінде кездеседі.
Іс қағаздар стилінің немесе ресми стилін мәтін құрауында өзіндік өзгешеліктер бар. Ресми мәтін тұжырымды, қысқа белгілі бір баяндау мазмұнынан гөрі, тілдің қатысымдық мазмұнымен жиі кездеседі. Мысалы: сенімхат, анықтама, өтініш, қолхат т.б.
Мәселен, мемлекеттік директивалық шешімдерді басқару іс қағаздарының көптеген түрлерінде, әсіресе, тарихи құжаттардың тілдік ерекшелігі айрықша. Мұндай іс қағаздарда қоғамның даму тарихы жайы жазылады да, мемлекеттік құрылыстың әр кезеңіндегі тарихын көрсетуде іс қағаздарының да алатын орны бар.
Ресми қарым-қатынаста лексикалық сөз байланысының мүмкінділігі шектеулі. Мысалы, қызмет хатта құралмайды (жазылмайды) және бағытталады (жіберілмейді), үкім хабарланады, бетке басып шығарылады, еңбек ақы тіркеледі. Немесе, мына сөздер белгілі бір құжатты ғана таңдап қолданылады: тілекке жету (пенсияны сұрап алу), қол қою, тыңдау (баяндама тыңдау), тиісті, қабылдамау т.б. Кейбір құжаттар мазмұнға құрылмайды, олар анкеталық сұраққа жауап беру, сан (цифр) арқылы кесте мәлімет т.б.
1. Анкета. Бұл әдістің трафаретпен ұқсастығымен қатар айырмашылығы да бар. Біріншіден, синтаксистік ұйымдастырылуы бірдей емес. Анкетада сұрақтар ерте дайындалады. Осы сұрақтар мен жауаптар мағынасы жағынан байланысып өздігінен сөйлем құрады. Олар бірдей формада болады. Анкета вертикальді орналасады.
2. Кесте. Бұл берілген сандық немесе сөздік форманың бірлігі, бір құжатта әр түрлі мәтіннің байланысы беріледі. Ұлттық жазба сөйлеумен байланысып кестелік материалмен түсіндірілуі мүмкін. Ал ол анкетаны болжамайды. Құжаттың мәтінмен көрсететін форма, ондағы хабардың мазмұнын анықтайды. Мәтінмен формаланған түрлі трафареттер, анкеталар, кестелер қызмет құжатының үндесу формасының басты амалы болып табылады.
Қызмет сөзінің өзі құжат немесе құжаттың бір түрі екенін көрсетіп тұр.
3. “Қызмет құжаты” түсінігі мыналарды қамтиды:
Құжат қысқа әрі нақты жазылып, кейбір “шындығында жұмыс істейді” т.б. білдіретін және т.б. артық сөздер экспрессивті-эмоциональді сөздер мен эпитет, метафора, гипербола қолданылмайды.
Құжатта айтылғанда сұрақтарға ешқандай күдік, түсінісу пікірлері болмай, бәрі айқын баяндалуға тиіс. Мәселен, бір азаматқа жұмыс орнына анықтама берілетін болса, онда қайда және қандай мақсатпен берілетіні туралы көрсетілуі керек. Егер қандай да бір бөлімнің қызметкеріне алғыс жариялау туралы бұйрық шықса, онда соған байланысты қандай жағдайда мадақтауға ие болған еңбегі көрсетілуі тиіс.
Мазмұнның түсініктілігі – құжаттағы барлық ойдың әдеби тілмен тұжырымды баяндалғанын дәлелдейді, әрбір адамның оңай түсінетіндігін білдіреді. Ұзақ көп цифрын, есімше, көсемше тіркестерінен аулақ болған жөн. Сөйлемдегі сөздерді грамматика ережелеріне сәйкес орын-орнына қоя білу керек.
Іс қағаздарын жүргізу әкімшілік және жалпы болып бөлінеді. Әкімшілік іс қағаздарын жүргізуге мекеме қызметінде бұйрық беру және оны жүзеге асыру үрдісінде туындайтын құжаттар жатады.
5. Мемлекет басқару ұйымдары және ведомоствоға қарасты мекемелерде қолданылатын құжаттар ұйымдастырушылық – бұйрық беру құжаттар деп аталады.
Бұларды шартты түрде үш топқа бөлуге болады.
Іс қағаздар мен құжаттардың өзіндік құрылымы болады. Мысалы:
Екіншіден, адамдарды басқару заңдар, ережелер, жарғылар негізінде, сондай моральдық-этикалық ұйғарымдар мен тыйымдар негізінде жүргізілетіндіктен іс жүргізу мәтінінің тілдік құралдарына жеке адам тіліндегі ерекшеліктер тән емес. Ресми іс жүргізу стилінің мағыналық ерекшелігі әлеуметтік сананың ерекше формасы – құқықтық санамен сәйкеседі. Соған орай, басқару тілінің стильдік белгісі, бағыты, бұйрық, жарлық, нұсқау түрлері міндеттілік, жауапкершілік негізінде сөйлем құрылымы да осы ерекшеліктерге сәйкес түрде жүзеге асады. Соған орай қажеттілік, міндеттілік мағынасындағы модаль сөзді күрделі етістік баяндауыштар тұрақты қолданылады.
Жазбаша тілде, көркем шығармаларда аса көп кездесе бермейтін, соның ішінде іс қағаздар тілінде сандық жағынан молынан қолданылатын, іс қағаздар тіліне тән стильдік сипат алған модальды күрделі баяндауыштар қолданысы іс қағаздар тілінде берік орын алған. Мысалы, іс қағаздар стиліне тән модаль сөзді күрделі баяндауыштар тұлғаларының мәнін ашып көрсету үшін –уға тиіс, -уға міндетті, -уы керек, -уі мүмкін тұлғалардың қолданыс ерекшелігін алайық.
М.Балақаев “Қазіргі қазақ тілі”(синтаксис) оқулығында құрама баян-дауыштардың құрамындағы сияқты, секілді, тәрізді, керек, тиіс модаль сөздері есім баяндауыштарға көмекшілік қызметте жұмсалғанда, сөйлемдегі ойға айтушының әр түрлі көзқарасын білдіру үшін жұмсалатындығын көрсетеді [33].
Х.Неталиева қазіргі қазақ тіліндегі –у тұлғалы қимыл есімдері мен модаль сөз тіркесінің мағыналық қызметі жөнінде былай дейді: “-у тұлғалы етістіктер, көптеген көмекші шылаулар, модаль сөздерімен жиі қолданылады. Олар: керек, керек емес, үшін, тиіс, мүмкін, қажет т.б. –у тұлғалы етістіктермен айтылатын осындай сөз тіркестерінің бірсыпырасы (міндеттілікті) керек, қажет, тиіс т.б. білдіретіндігін айтады” [34,31].
К.Ищанов етістіктің модальдық құрылымын раймен байланыстыра қарады, -у тұлғасы кейбір модаль сөздермен тіркескенде, міндеттілік райы және қажет райы деп аталатын ерекше модальдық категория жасайтынын айта отырып, оның екі тәсіл арқылы жүзеге асатынын атап көрсетті:
Етістіктің модальдық құрылымдары субьектінің қимыл-әрекетінің ақиқат-шындыққа қатынасы жөніндегі көзқарасын білдіреді. Ал қимылға деген субьектінің көзқарасының түрлі болуы заңды. Ал іс қағаздар тілінің синтаксистік құрылымдардың қолданылу қызметінің бағыты, негізінен, бұйыру, әмір ету, үкім шығару т.б. реңдік мағыналарда болғандықтан, қажеттілк, міндеттілік мағынадағы синтаксистік құрылымдар іс қағаздар тілінің ерекшеліктеріне тән қасиетке ие болады. Мәселен, іс қағаздар стилінде бұл тұлғалардың көп қолданатыны оның функционалдық қызметімен байланысып жатқан ерекшелік деп айта отырып, -уға керек, -уға тиіс, -уға міндетті тұлғаның синонимдес мәнде жұмсалып міндеттілік мағынаны білдіруі арқылы ресми құжаттар бетінен жиі көрініс беруі іс қағаздар тіліндегі жазылу әдісінің бір түрі болып келеді.
Мысалы, “Еңбек келісімі” құжатынан: “Келісім мезгілінен бұрын тоқталатын болса, ол жайлы екі жақ бір-біріне 15 жұмыс күн бұрын жазбаша хабарлау керек”.
Телефонхаттан үзінді: “Ғимаратқа кіру үшін жеке басын растайтын құжат алу керек”.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінен үзіндіде: “Қылмыстар жиынтығы бойынша тағайындалған қосымша жазалар қосылуы мүмкін, жекелеп немесе толық қосылған жағдайда түпкілікті қосымша жаза осы кодекстің жалпы бөлімінің сол жазалау түрі белгіленген ең жоғары мерзімнен немесе мөлшерінен аспауы керек”.
Тұжырымдағанда, іс қағаздар тіліне тән жиі кездесетін бұл қайталаулардың қызметтік сипаты үнемі постпозицияда (соңында) келіп, бір жағынан, мәтін мазмұнын бірнеше компоненттерге бөліп, түйдекті түрде үстемелене қолданылып, айтылар ойды хабарлау, түсіндіру, нақтылау, түйіндеу секілді сан түрлі қызмет атқарып отырса, екінші жағынан, мәтінді тудыру, дамыту, тиянақты түрде аяқтау қызметімен қоса, айтылар ойдың, іс-әрекеттің міндетті түрде болуына қозғау салу, тіпті бұйыру бояуының реңін байқауға болады. Соған орай, бұл қайталама құрылымдар бүкіл мәтін бойынан кездесіп, мәтін мазмұнын жүйелі баяндайтын іс қағаздар тіліне тән сөйлем құрылысының тиімді баяндауышына айналады.
Ал оқушыларға ресми мәтін құрастыра білу икемділігін арттыру үшін:
- ресми мәтіннің тілдік ерекшеліктері туралы білім, сол сыныпта оқытылатын грамматикалық форма мен категорияға байланысты берілуі нәтижелі болады;
- ресми мәтіннің түрлерімен таныстыруда оның мағыналық, мазмұндық мәніне орай жүрізіледі. Мәселен, ол құжат қайда қолданылады, мақсаты не? деген мәселелер анықталады;
Ғылыми-техникалық стильдің түрлі салада және оның жылдам дамуы осы стильдің өзінде көптеген жанр түрін әкелді. Мысалы, монография, оқулық, оқу құралы, мақала, реферат, каталог, диссертация, анықтамалық,т.б. Аталған жанрларға өзіндік стильдік ерекшеліктер тән, алайда оларды біртұтас ғылыми-техникалық стиль белгілері бойынша топтастырады.
Ғылым тілі лексикасын: 1) жалпы қолданыстағы сөздер; 2)жалпы ғылыми сөздер; 3) терминдік қабаттар құрайды.
Ғылыми мәтінді құрайтын жалпы қолданыстағы сөздер ауқымы мәтіннің қандай оқушыға, яғни қандай ғылыми ортаға арналғанына қарай өзгеріп,түрленіп отырады. Мысалы: 1. Адам проблемасы философия ғылымымен құрдас десе де болады; 2. Коммерциялық ұйым – өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда келтіруді көздейді; 3. Аң аулау үстем тап өкілдеріне көңіл көтеретін, ойын-сауық, тамаша болса, кедейлер үшін өмір сүрудің бір көзі болған. 4. Медицинаның атасы Гиппократ: табиғат – организмге дәрі, ал дәрі-дәрмек оны жолға қояды деп үйреткен. Келтірілген мысалдардан философия, экономика, тарих, медицина ғылым салаларының мәселелері екені оқушы мәтіндегі сөздердің мазмұндық қолданысына қарап түсінеді.
Қандай ғылыми еңбек болмасын, ол жалпы халықтық әдеби тілде жазылуға тиісті, бірақ ғылым саласына қарай тілдік тәсілдердің пайдаланылуы бірдей болмайды. Әр сөз ғылыми стильде өзінің лексикалық мағынасын сақтайды, өйткені бейнелілік, көп мағыналылық ғылыми стильге тән ерекшелік емес. Лингвистикалық ғылыми еңбектерде де термин көп қолданылады. Мысалы:
Мәтін
Бұл мәтіндегі сөйлемдердің баяндауыш формалары үшінші жақ жіктік жалғауымен келген, ғылыми стильге тән медициналық терминдер де көп алынған және біріңғай сөйлем мүшелері арқылы бір затты әр жақты сипаттау, бір затқа түсінік бере кету тәрізді стильдік, дәлдік ерекшеліктер сақталған, ғылыми стильге тән терминдер де жеткілікті.
Ғылыми стильдегі негізі зерттеу нысаны болатын зат пен құбылыс ғылыми негізінде дәлелдеп, түсіндіруді қажет етеді. Ол үшін дұрыс ойлау, логика заңына сүйенеді. Оқушы мен тыңдаушыға түсінікті, дәлелді, тұжырымды болу мақсат етіледі, тілдік тәсілдер ғылым мәселелеріне бағындырыла отырып пайданылады.
Г.В.Матвеева өз еңбегінде сөйлеу әрекеті теориясында сөйлеу актісінің үш құрамдас бөлігінің: 1) локутивті (фразаның айтылу факті); 2) иллокутивті (фразаның әсері); 3) перлокутивті (сөйлеу әрекетінің салдары) шегін айқындау қажеттігін айтады да, мәтін прагматикасын былай анықтайды: “Под прагматикой текста следует понимать аспект функционирования языковых единиц, выбор которых определяется интенциональными воздействующими задачами отправителя текста, учитывающего ситуативные условия акта общения и принятые в данном функциональном стиле нормативные способы употребления языка” [36, 24].
Бұлардың ішінде біздің басты назар аударатынымыз – “иллокутивті мақсат - өз ойын басқаның түсінгенін қалайтын мақсат”.
Автор өзінің мақсатына жету үшін әр түрлі қатысымдық тактикалар қолданылады. Мәселен, автор өз ойының дұрыстығын дәлелдеу үшін шындық фактілерінің бағалануының әлеуметтік нормаларына сүйенеді, ал өз кезегінде әлеуметтік норма мәртебесі (статусы) бұл құбылыстың дағдылы, үйреншікті екендігіне оқушының көзін жеткізеді. Демек, әлеуметтік норма мәртебесі мәтінді қабылдаушыға сенімділік, қостау мәнді әсер етеді. Мәселен, ол 1-жақтың көптік тұлға мәтінде есімдік, тәуелдік және жіктік жалғаулар арқылы беріледі.
“Олай болса, біз неге өте таза жартылай өткізгіштік шикізат алуға тырысамыз? Ол үшін тіпті ғарышта тәжірибе жасауға ғарышкерлерімізге тапсырма береміз. Оның себебі мынада. Белгілі бір сапалы электрондық аспап жасау үшін тек белгілі бір қасиетті қоспалы жартылай өткізгіш қажет. Оны алу үшін тек белгілі бір мөлшерде ғана қоспа қосуымыз керек”. Ал қанша қоспа қосқанымызды анық білу үшін бастапқы негізгі шикізатымыз өте таза болуы тиіс.
Бұл үзіндідегі “біз” жіктеу есімдігі мен соған сәйкес жіктелген “тырысамыз”, “тапсырма береміз” етістіктері көпше түрде келіп, әрекетке әлеумет өкілдерінің кез келгенінің қатыса алатынын аңғартса, тәуелдік жалғаулы “ғарышкерлеріміз”, “шикізатымыз” сөздері қабылдаушыны да бұл нысандарды өзіне меншіктей алатындай етіп, яғни ортақтаса алатындай етіп көрсетеді.
Жазба ғылыми мәтіндерде хабарлаушының оқиға ықтималдығын бағалауы бойынша әсер ету межелерін өзектендіру үшін модальды семантикалы лексикалық құралдар қолданылады. Оқиғаның болу мүмкіндігі межесін өзектендіру үшін мәтінде семантикалық және синтаксистік құралдар пайдаланылады да, ылғи да басқа межелермен қабаттаса қолданылады.
“Егерде есеп беру информациясы тек қана алғашқы информациядан тұратын болса, онда басқару жүйесінің осы буыны ешқандай міндет атқармайды, бұндай буынды алып тастауға болады”.
“Тристордың негізгі вольтамперлік шығыс сипаттамасы жоғарыда келтірілді. Оларға қосымша оның кірістік басқару сипаттамасын да атап өтуге болады”.
Енді ғылыми мәтіндерде жиі қолданылатын ырықсыз етіс категориясы туралы айтсақ, ырықсыз етіс тұлғасында айтылған етістіктің субьектісі арнайы айтылмайды да, іс-әрекет нысанына бағытталып, сабақты етістікті салт етістікке айналдырады . Мысалы:
“Екінші кодалаушы құрылғы – каналдық кодалаушы қосымша элементтерді пайдаланудың көмегімен берілетін информацияның дәлдігін жоғарылату үшін қолданылады. Қосымша элементтер каналдағы бөгеуліктердің пайда болу заңдылығына байланысты қосылып сол бөгеуліктердің әсерінен пайда болатын қателіктерді жою үшін пайдаланылады. Мұндай кодалар бөгеуліктерге төзімді немесе түзетуші кодалар деп аталынады”.
Бұл айтылымда “қолданылады”, “пайдаланылады”, “аталынады” деген баяндауыштар нысанның өзінен-өзі қолданысқа түсетіндігін, пайдаға асатынын, аталатынын емес, осы әрекеттерді міндетті түрде адамның атқаратынын көрсетеді. Сондай-ақ “тағылады”, “айналдырылады”, “салыстырылады”, “сақталады”, “қайта түсіріледі” деген ырықсыз етіс формасымен берілген іс-әрекеттер ашық берілмесе де, оның адам әрекеті екендігі, ал ол әрекетке сол қоғамның мүшесі ретінде әркімнің де, ең алдымен мәтінді қабылдаушының да қатыса алатынын көрсетеді.
Тұжырымдай келгенде, ғылыми стильдегі мәтіннің өзіндік құрылымдық ерекшелігі болады. Біріншіден, мәтіннің мазмұны нақты, белгілі бір тақырып, мәселені хабарлайды. Екіншіден, хабарлау тек баяндау сипатында емес, дәлелдеу, дәйектеу, пікір білдіру сипатында болады. Үшіншіден, әрбір құрылымдағы пікір белгілі оймен тұжырымдалып, дәлелденіп отырылады. Яғни сөйлемдер екі топқа бөлінеді: бірі – теориялық пікір, яғни белгілі бір пікір хабарланады, екіншісі – сол пікірді дәлелдеп тұжырымдайды немесе түсіндіреді. Ал бұл ерекшеліктің бәрі мәтіннің мазмұнына, мәселенің тақырыбына сәйкес топтастырылады.
Сондықтан оқушыларды ғылыми мәтін құрастыруда пәнаралық байланысты, яғни сол сыныпта оқытылатын пәндер: физика, биология, химия, география, тарих т.б. бойынша мәтін құрастыруға жаттықтырылады.
3.3. Публицистикалық мәтін бойынша. Қоғамдағы әлеуметтік және саяси жағдай, тұрмыстық мәселелер сияқты толып жатқан заман құбылыстары әр дәуірдің өз тарихы ретінде хатқа түсіп қатталып қала береді. Қай кезде болмасын олар публицистикадан көрініс табады. Қоғамдық мәселелерді сөз етуіне қарай, публицистика көркем әдебиетке де ұқсас келеді. Оның да жанрлық ауқымы кең, көркемдік қуаты мол.
Қазақ публицистика стилінің пайда болып, қалыптасып, дамуында газет тілінің, олар атқарған, атқарып отырған әлеуметтік-қоғамдық қызметтері түрлерінің (ағартушылық, ақпараттық, әдеби тілді жетілдіру) әсер-ықпалы мол екенін білеміз. Ал публицистикалық стильдің негізін құраушы газет тілінің арнаулы ғылыми зерттеу нысаны болуының себептері мынадай:
1.Түрлі оқиға, факті мен жағдаят туралы оқырманға тыңдаушы мен көрерменге хабар жеткізу арқылы танылатын информациялық-ақпараттық қызметі;
2. Белгілі бір факті, дерек туралы хабардар етіп, түсінік-коментарийлер, баға беруге, талдау жасауға ұштасып жататын коментарийлық-бағалауыштық қызметі;
3.Қандай да бір мәдени, тарихи, ғылыми сипатты информациямен таныстыру барысында сол информацияны қабылдаушының таным-түсінігін, білім-біліктілігін арттыруға септесетін – ағартушылық-танымдық қызметі;
4.Қоғамдық пікір тудыру, оны қалыптастыру, адамдардың көзқарасын кеңейту және қоғамда болып жатқан инверсиялық өзгерістер мен науқандық, әлеуметтік-саяси акцияларды ұйымдастыру, өткізу кезінде, қайта құрулар мен ірі саяси оқиғалар, төңкерістер тұсында қоғам мүшелерінің дүниетанымына әсер ету функциясы:
Осы сынды мәліметтерді негізге ала отырып, газет мәтіндеріне де жиілікпен қолданылатын сөздерді іштей екі топқа бөлуге болады:
1. Репортаж тура автордың көз алдында болған оқиғаны айту, жеткізу десек, ондағы оқиғаға өз жеке көзқарасы мен авторлық бағалау қоса беріледі.Мысалы:
2. Очеркте оқиға мен дерек тек жай баяндалып қана қоймайды, мұнда жазылған мәселеге орай, автор оқиғаны дамытып жалпылама ой түйеді. Мысалы:
Очерктің кейіпкері мен оқиғасы құжаттық дәлелі бар нақты дерекке негізделеді. Мұнда әңгіме жанрындағыдай әлдебір ойдан шығарылған дүниелер емес, очеркті өмірде бар адам және оның іс әрекеті суреттеледі.
Мақала жазу үшін оқушылар айналасында болып жатқан сан түрлі оқиғаны, құбылысты,өзгерісті тақырып етіп алуларына болады. Мысалы, музейге, табиғат аясына жасалған экскурсияларды, еңбек сабағы, үлкендерге көмегі, достық, жолдастық, адамгершілік қарым-қатынастарын, мектеп өмірі, жастар ұйымдарының жұмыстарын т.б. алуға, жаздыруға болады.
Мұндай тақырыпта мақалалар жаздыру, оқушылардың сөз қолдану, сөйлем құрау шеберлігін шыңдай түсіп, тіл стильдерін түсінуге баулиды. Сондықтан да тіл стильдеріне байланысты жиі мақала жаздыру қажет.
Мақала жазып үйрету, жаттықтыру арқылы оқушылардың білімін күнделікті жұмыстарымен байланыстырып отыруға болады. Әсіресе, газеттеріне мақала жаздыру, радиоторабы арқылы хабар беруде мақала жаздыру т.б. ал оларды жаздыруда олардың қалай жазылуына, тілдік құралдарына, стильдік ерекшеліктеріне көңіл аударылып отырылады. Нәтижеде оқушылар өз ойын тұжырымды, нақты беруге төселе бастайды.
Мақала жаздыру арнаулы сабақ ретінде де үйретіліп отырылған грамматикалық тақырыптарға байланыстырыла ұйымдастырылады. Мысалы, лексиканы өту кезінде оқушыларға тірек сөздер беріп, ол бойынша шағын мақала жазуға тапсырма беруге болады. Мақала жазу грамматикалық материалдармен байланыстыру мақсатымен синтаксисті өту кезінде жиі ұйымдастырылады. Онда жай сөйлемнің түрлеріне, құрмалас сөйлемнің түрлеріне сай етіп құру талап етіледі. Мақаланы берілген бір мәселе бойынша жазуға төселдіруде төмендегіше жұмыстарды ұйымдастыруға болады. Мысалы, тірек сөздер беру арқылы, картиналар арқылы, мектепте өткізілген, өздері қатысқан оқиғалар бойынша, арнаулы тақырып бойынша т.б.
Қорыта келгенде, публицистикалық мәтін құрастыру олардың тілдік құралдарының ерекшеліктері бойынша жаттықтырылады.
Тақырыптың өзектілігі зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері, зерттеу әдістері, зерттеу материалдары
17 12 2014
3 стр.
«тіл мәдениетін қалыптастыру ауызекі сөйлеу, жазу, тыңдау мәдениетінің қалыптарына сай дағдыларды жетілдіру» міндетін қояды [3, 4]
14 12 2014
6 стр.
Ол негізінен, социалистік және дамушы елдердегі өндірістік кәсіпорындар мен басқа да объектілердің құрылысына жоғары білікті жұмысшылардың іссапарлары түрінде жүзеге асты
25 12 2014
4 стр.
Осындай еліміздің біртуар ақыны, жазушы әрі саясаткер ел қалаулысының мемлекеттік және қоғамдық қызметімен, оның қаламгерлік шығармаларынан тысқары қалу қателік деп білемін
14 12 2014
3 стр.
Бүгінгі білім саласында республикалағы білім кеңістігін әлемдік деңгейге жеткізуге ұмтылыс байқалады және мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді
25 12 2014
4 стр.
Фронталь зертханалық жұмыс және физикалық практикумда ол оқушылардың өз беттерімен жұмыс істеуін ұйымдастырып, теориялық алған білімдерін практикада қолдануға зор үлесін тигізеді
16 12 2014
2 стр.
Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романы қазақ әдебиеті тарихындағы әскери тақырыпқа жазылған алғашқы шығармалардың бірі. Бұл роман 1941-1945 жылдары неміс басқыншыларына қарсы күресте
16 12 2014
3 стр.
14 12 2014
4 стр.