Перейти на главную страницу
Энергетиканың баламасы.
Швейцарияда пиктік электрстанцияларды салмау үшін тракторлары бар фермерлермен келісімшарт жасалады. Сол келісімшарт бойынша фермер электрқуатын барынша жоғары мөлшерде пайдалану сағаттарында трактордың қуатын іріктеп алу білігіне желіге жұмыс істейтін электргенераторды жалғайды. Желілер бұл энергияны сатып алады және осындай екі сағат жұмысы кезінде фермер өзінің электр қуатына деген тәуліктік қажетін өтеп алады. Америка Құрама Штаттарында электр қуатын желіге сатуға болады. Оның үстіне желілер 1 кВт/сағ-ты 8 центке сатып алып, тұтынушыларға 3 центке сатады. Белоруссияда арнайы заң қабылданған, ол бойынша электр желілері баламалы энергетикадан электрқуатын олар өздері сататын бағадан 2 есе артық болатын бағаға сатып алуға міндетті. Германияда баламалы энергия көздерін (күн модульдері, күн суқыздырғыштар, жел генераторлары және т.б.) сатып алушыларға біржолғы өтемақы төленеді. Бұл өтемақы ол жүйе Германияда орналасқан ба әлде басқа жерде орналасқан ба онысына байланыссыз болып келеді. Еуропада экологиялық таза энергетика жөніндегі жаңа жобаларды қаржыландырудың көздері пайда болып жатыр. Мұнайдың бағасының 10-нан 30%-на дейінгі мөлшердегі дәл осындай «экологиялық» салық Швецияда, Финляндияда, Нидерландылар мен ЕЭО елдерінде енгізілген. Европалық одақ 2020 жылға қарсы орны толатын энергияның жалпы электрқуаты өндірісінің 20%-ын құрайтын болады деп жариялаған. Көптеген батыс елдерінде энергияны үнемдеу проблемасын шешудің себепкеріне 1973 жылғы дағдарыс айналды. Проблеманы барлық дамыған елдерде энергияны үнемдеу технологияларын ғылыми және техникалық әзірлеу мен игерудің арқасында және 24 елде мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың арқасында шешу мүмкін болды.
Энергияны үнемдеуші технологиялар мен дәстүрден тыс энергоресурстар мұнай мен газдың бай және қол жеткілікті қорларының барған сайын таусылып бар жатқандығына, экономиканың жандануы мен ішкі нарықтағы мұнай ресурстары мен энергияның алда келе жатқан қымбаттауымен ішкі сұраныстың артуы жағдайларында экспорттау мүмкіндіктерінің азаюына, сондай-ақ дамыған елдердегі деңгейден бірнеше есе асатын 90-шы жылдары өндірістің едәуір мөлшерде өсіп кеткен энергияны тұтыну мөлшеріне байланысты (Дүниежүзілік банктің деректері бойынша, 1997 жылы Қазақстанда энергияны орташа жан басына шаққандағы коммерциялық тұтыну мөлшері орташа әлемдік деңгейден 2,4 есе асты, ал СС>2 өнеркәсіптік шығарындылар 2,7 есес асты) алғашқы кезектегі мәнге ие болып отыр. Базалық болып жаңа энергия үнемдеуші технологиялар болып отыр (тиімділігі жоғары миниэнергетикалық қондырғылар, қаттардың мұнай бергіштігін арттыруға арналған жаңа технологиялар, энергияны берудің энергияны үнемдеуші әдістері және т.б.; дәстүрден тыс энергоресурстар және жаңа буындағы энергия генераторлары (тиімді гидростанциялар, жаңа буындағы атомдық генераторлар, жылу сорғыштары, күн, желдің энергисын, жерасты жылуын және басқ. пайдаланудың тиімді технологиялары); энергияны жұмсау мен шығындауды бақылау құралдары мен жүйелері.
Сурет6- Қазақстандағы энергияны пайдаланудың тиімділігін арттырудың потенциалы.
Керісінше, экономикалық дамудың жоғары қарқынын жоғары дәрежедегі энергия сыйымдылық тасымен тежеп отыру талпыныстары орасан зор капитал салымдарын экономиканың басқа секторларын дамытудан шеттетудың салдарынан ТЭК-ның тежегіш рөлінің жандану қаупін тудырады.
Энергияның тиімділігін арттырудың ең жоғары потенциалына тұрғын және қоғамдық үйлер ие болуда, олардың артынан өнеркәсіп пен жылумен қамту жүйелері және ақыры электрэнергетика ілеседі. Нарықты күштер мен энергияны пайдаланудың тиімділігін арттыру жөніндегі белсенді мемлекеттік саясаттың үйлесімі бастапқы энергоресурстарды тұтыну мөлшерін өсірусіз экономикалық дамуды энергетикалық қызметтермен қамтамасыз етуге қабілетті. Сонымен қатар, мұндай үйлесім газ экспорты потенциалының төмендеу қаупін блоктап, және, тіпті экспортқа арнап газдың елеулі мөлшердегі ресурстарын босатып беруге қабілетті. Тек нарықтық күштер ғана потенциалдың бір бөлігін іске асыра алады. Энергияны үнемдеудің іске асырылып жатқан потенциалының үлесін елеулі түрде арттыруға көмектесетін белсенді мемлекеттік саясат қажет. «Стратегияның» барлық нұсқаларындағы энергия тиімділігін арттыру тек қағаз жүзінде аса маңызды басымдылыққа ие болды. Алайда мұнай мен газ өндірісі өскен жағдайда энергияны тұтыну да жылдамдай түседі, демек, энегрияның сыйымдылығы төмендеп барады. 2005 жылы мұнай мен газдың өндірісі тоқтай салысымен, энергияның сыйымдылығы да азаюын тоқтатты. Мұнай өнеркәсібінің энергия сыйымдылығы 2003 жылы 1990 жылдың деңгейінде қалды, ол кезде ол батыс елдеріне қарағанда бірнеше есе жоғары болған.Кезінде елеусіз қалған басымдылықтың зардаптары энергияны ішкі тұтынудың және сонымен байланысты болатын жоғары тәуекелдердің жылдам түрдегі өсуінен байқалуда. Төмен дәрежедегі энергия тиімділігі энергия тасымалдаушыларды сыртқы нарықтарға жеткізудің кепілі ретіндегі геосаяси рөлді орындап отыруға мүмкіндік бермейді.Энергияны тасымалдаушыларға қатысты тарифтердің өсуін үкімет құнсызданудың ең негізгі қозғалтушы күші ретінде таныды. Егер де осындай өсу шығындардың азаюымен және энергоресурстарды пайдалану тиімділігінің артуымен өтеліп отырған болса, онда тұтынушылардың табыстарындағы коммуналдық қызметтерге төленетін шығындардың үлесі өспеген болар еді, ал құнсыздану әсері толықтай өтелген тоқтаған болар еді.Үкіметтің энергетика саласындағы стратегиялық құжаттарды әзірлеуге және «басымдылықтарды» жүзеге асыруға деген көзқарасы түбегейлі өзгеруі тиіс.
Сурет7- ЖІӨ электрсыйымдылығы (РФ қатысты %)
Еуропада енгізіліп жатқан IBM және STORM жүйелері автоматты түрде нақты уақыт режимінде әрбір тұтынушы бойынша электрқуатының шығындары жөніндегі деректерді есепке алып және өңдеуден өткізіп отыруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, FORIS мониторингке жұмсалатын шығындарды азайтады, сондай-ақ қызметтерді тарификациялау мен шоттарды ұсыну кезіндегі қателерді азайтады, сондай-ақ алаяқтық және электрқуатын ұрлау фактілерін бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Ресейде энергияны үнемдеу сәнге айнала бастады.Еуропада энергияны үнемдеу жөнінде ХХ ғасырдың екінші жартысында ойлана бастаған. Қазіргі уақытта өзін толықтай энергияны тасымалдаушылармен қамтамасыз ете алмайтын Еороодақ тұтынылатын газдың шамамен алғанда тең жартысы мен мұнайдың төрттен бір бөлігін Ресейден экспорттайды. Мұндай жағдай Батыс елдерін Ресеймен энергетикалық сұхбат жасауға мәжбүр етеді. Мұндай сұхбаттың нәтижелерінің бірі Ресейде де энергияны үнемдеу сәнге айнала бастағандығы болды.Газдың ішкі бағалары да өсетін болады. Мұндай жағдайда бізде энергияны үнемдеу ең алдымен құрал-жабдықты жетілдіруден байқалуы тиіс. Электрэнергетика саласында газды тұтынудың мүлде жаңа деңгейін қамтамасыз ететін жаңа станциялар салына бастады.
Энергияны үнемдеу сондай бір елеулі инвестицияларды қажет етпейтін шағын энергетикада тиімді болуы мүмкін. Мұндағы жаңашылдықтар кеңестік орталықтандырылған түрдегі үлестіру жүйесінің кемшіліктерін жеңуге негізделген. Бұл жүйеде энергия орасан зор ауқымдармен өндіріліп жатты, соның арқасында жоғары ПҚК-ға қол жеткізіліп отыратын, алайда оны үлкен қашықтықтарға тасымалдау жоғары мөлшердегі шығындарды тудыратын. Қазіргі кезде жаңа шағынаудандарды салу кезінде құрылысшылар өздерінің энергиямен қамту жүйелерін құруды артық көреді. Энергияны шағын көлемде өндірудің тиімділігі аз болғанымен, оның есесіне тасымалдау кезіндегі шығындардың азаюы ұтысты қамтамасыз етеді. Орталықтандырылған түрдегі жылытуға қарағанда құралдарды үнемдеу шамемен 35% құрайды. Сонымен қатар желілердің техникалық күйі мен олардың жерасты суларымен басылып қалу дәрежесіне байланысты болатын сыртқы желілердегі жылудың шығындары (15-30%) болмайды. Энергияны үнемдеудің потенциалды әсеріне қарамастан, ТМД елдерінде энергия тиімділігіне жұмсалып жатқан инвестициялар саяси тосқаулыдардың, жеткіліксіз дәрежедегі хабардар болудың және экономикалық стимулдардың тиімсіздігінен онша жоғары болмайтын деңгейде қалып отыр. Жергілікті үкіметте біртіндеп барған сайын көбірек дербестікке ие болып және энергетикалық қызметтер үшін үлкен жауапкершілікте болған сайын, бюджеттік қаражаттардың шектеулі болуы жағдайында тұрғын үй-коммуналды қызметтерді жақсартудың әдістері мен тираждалып жатқан тәжірибелік механизмдері туралы ақпаратқа сұраныс артып жатыр. Энергия тиімділігі жөніндегі муниципалды желі (MUNEE) Орталық және Шығыс Еуропада және ТМД елдерінде энергияның тиімділігін аймақтық деңгейде арттыруға ықпал ететін тұрақты институт болып табылады.
Бұл аймақтағы қалалар энергияның тиімділігін арттырудың қажеттігін сезінгенімен, олардың энергетика мен сумен қамтуға қатысты проблемаларды шешу үшін потенциалы, ресурстары мен стимулдары әркез бола бермейді. Жергілікті өзін-өзі басқару деңгейінде жылыту, қоғамдық жарықтандыру, сумен қамту және ағынды суларды тазарту жүйелерінің энегриялық тиімділігін арттыруды мақсат етіп көздейтін жобаларды тиісті түрде әзірлеп және құрылымдаудың барған сайын артып бара жатқан қажеттігі байқалуда.Бұл жобаның нәтижесінде муниципалитеттердің жылу мен суға қатысты қажеттерді бұрынғысынан да тиімді қанағаттандыруға деген қабілеті муниципалитеттердің тұрғындардың алдындағы жайғасымдарын нығайтып және азаматтардың басқару органдарына деген сенімінің дәрежесін арттырады, сол арқылы анық және демократиялық басқарудың іргетасын құрады.Алғашқыда өзекті проблемаларды тікелей шешу мен энергияны үнемдеу жолымен өндірістік қуаттылықтарға, фабрикалар мен кәсіпорындарға арнап энергияны тұтынудың жылдам да қарапайым әдістерін әзірлеу деген ой орын алатын, бұл бағалардың көтерілуі мен нарықтық құлдырау кезеңдерін бірқалыпты күте тұруға мүмкіндік берген болар еді. Бағадарламаға қатысу үшін өтінімштерді беру фазасы жабылғанымен, әртүрлі кәсіпорындардан 200 ден артық өтініш алынған болатын және жылдың соңңына дейін энергетика саласындағы 75 сарапшы өзінің сол кәсіпорындардағы энергияны үнемдеу жөніндегі қосымша потенциалына баға беру мен анықтау жөніндегі жұмысын жалғастыруда. Жан-жақты энергетикалық баға берумен қатар АҚШ МЭ-ның әрбір сарапшысы кәсіпорынның жүйелерін қарастыру мен алғашқы кезектегі энергиялық тиімді шараларды іздестіруге жарамды қолданыстағы программалық қамтуды зерттеу жөнінде компьютерлік тренинг жүргізеді.Жобаға сәйкес энергияны үнемдеуші шараларды қаржыландыруға арнап бюджеттік және бюджеттен тыс қаражаттарды пайдалану ескерілген. Бюджеттік қаражаттар тек бюджеттік ортадағы энергия үнемдеуші шараларды орындауға арнап, ал бюджеттен тыс қаражаттар отын-энергетика кешеніндегі, өнеркәсіптегі, құрылыстағы және көліктегі шараларды қаржыландыруға арнап қатыстырылуы мүмкін деп көзделуде. Оның үстіне, дәстүрлі бюджеттен тыс көздер – несиелер мен лизингімен қатар электр және жылу энергиясына қатысты тарифтерді мемлекет тарапынан реттеудің, қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы үнемделген ресурстар мен жылу энергиясын тұтынуды аспаптық есепке алуды ұйымдастырудың арқасында бюджеттен тыс қаражаттарды пайдалану көзделуде.
2 МҰНАЙ ӨНДІРУ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАРЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
2.1 Мұнай және газ өнеркәсіп кәсіпорындағы өнімнің өзіндік құнын құрылым ерекшеліктері мен шығындарының топтамасы
Шығындардың экономикалық элементтер бойынша топтастырылуын тұтастай кәсіпорын бойынша шығындарды жоспарлау мен есепке алуға арнап қолданады. Бұл ретте шығындардың келесідегідей элементтері бөлінеді:
«Отын» және «энергия» элементтерінде сырттан келетін отын мен энергияның өндірістің негізгі технологиялық процестеріндегі, сондай-ақ қосалқы өндірістегі шығыны, сондай-ақ цех ғимараттарын, әкімшіліктік-басқару және мәдени-тұрмыстық панажайларды жылытуға, жарықтандыруға жұмсалатын шығыны көрсетіледі.
«Амортизация» элементі бойынша шығындарға негізгі қорлардың негізгі технологиялық жабдықтың, сондай-ақ тоғыту ұңғымалары мен құбырлардың, сорғыштардың, резервуарлардың, сондай-ақ цехтық және жалпы шаруалық ғимараттар мен құрылыстардың құнынан алынатын амортизациялық аударымдар жатады.
«Еңбекақы» элементі бойынша жұмысшылардың, инженерлік-техникалық қызметкерлердің, қызметкерлердің, кіші қызмет көрсетуші персоналдың және негізгі, сондай-ақ қосалқы бөлімшелерде, сондай-ақ кәсіпорынды басқаруда жұмыс істейтін, оқушылардың, былайша айтқанда олардың орны мен жұмысының арналуына байланыссыз солардың еңбекақысына жұмсалатын шығындар жоспарланып және ескеріледі.
«Басқа ақшалай шығындарға» өнеркәсіптік қызметтер мен сырттай жұмыстардың ақысын төлеуге жұмсалатын шығындар, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, геологиялық-іздестіру және геологиялық барлау жұмыстарына жұмсалған шығындардың орнын жабуға арналған аударымдар, байланыс қызметтеріне жұмсалатын, іссапарлық және өрлеу шығындары, ведомстволық және ведомстводан тыс күзетке жұмсалатын және басқа да шығындар жатады. Кәсіпорындарға төленген айыппұлдардың сомалары, сндай-ақ материалдық құндылықтарды талан-таражға салу мен табиғи апаттардан болған шығындардың сомалары жоспарланбайды, алайда ескеріледі.Шығындардың экономикалық элементтер бойынша топтастырылуын өнімдер мен қызметтерді өндірудің бүкіл көлеміне жұмсалатын шығындарды ғана емес, сондай-ақ айналымдық қаражаттарды жоспарлау мен нормалау үшін, өзіндік құн жөніндегі жоспарды техникалық өнеркәсіптік қаржылық жоспардың басқа бөлімдерімен сәйкестендіру үшін қолданады. Мысалы, еңбекақыға жұмсалатын шығындардың сомасы еңбек және еңбекақы жөніндегі жоспардың еңбекақы қорымен сәйкестендірілуі тиіс, шикізатқа, материалдарға, отынға жұмсалатын шығындардың сомасы – материалдық-техникалық қамту жоспарымен сәйкестендірілуі тиіс.Алайда, шығындардың элементтері бойынша топтастыруды пайдалана отырып өнімнің бірлігінің өзіндік бағасын анықтау мүмкін емес. Бұл мақсатқа шығындарды олардың калькуляциялық баптары бойынша топтастыру арналған. Шығындардың элементтеріне қарағанда шығындардың калькуляциялық баптары олардың пайда болу орнын, арналуын, өндіріс технологиясы мен ұйымдастырылу ерекшеліктерін ескерумен қалыптастырылады. Соңғысы әртүрлі өнеркәсіп салаларында, соның ішінде мұнай және газ өнеркәсібі салаларында шығындардың калькуляциялық баптарының атаулығына елеулі түрде әсер етеді. Мысалы ретінде 33-кестеде ұңғымалар құрылысы калькуляциялары мен мұнай мен газ өндірісі калькуляциясының шығындық баптарының атаулығы келтірілген. Осы кестеден көріп отырғанымыздай, ұңғымалар құрылысы калькуляциялары мен мұнай мен газ өндірісі калькуляциясының шығындық баптарының атаулығы елеулі түрде айырмашылықтанады. Бұл ұңғымаларды қазу мен мұнай және газды өндіру техникасы, технологиясы мен ұйымдастырудың айрықша ерекшеліктерімен байланысты болып келеді.
Кесте1- Мұнайды бұрғылау мен өндірудегі калькуляциялық шығындардың атаулығы
Ұңғымалардың құрылысы |
Мұнай мен газ өндірісі |
Ұңғымалардың құрылысына даярлану жұмыстары Жерүсті құрылыстарын салу және бөлшектеу, жабдықты монтаждау және шешіп алу Ұңғымаларды бұрғылау: а) материалдар б) жұмысшылардың негізгі еңбекақысы в) бұрғылау жабдығы мен құрал-сайманды пайдалануға жұмсалатын шығындар г) көліктік шығындар д) энергетикалық шығындар е) қосалқы өндірістердің басқа қызметтері және басқа да шығындар Ұңғымаларды өнімділікке қатысты сынақтан өткізу Кәсіптік-геофизикалық жұмыстар Үстеме шығындар |
Мұнайды алу энергиясына жұмсалған шығындар Қатқа жасанды түрде әсер ету жөніндегі шығындар Өндірістік қызметкерлердің аударымдармен қоса алғандағы еңбекақысы Ұңғымалардың өтелімі Мұнай мен газды жинау мен тасымалдау жөніндегі шығындар Мұнайды технологиялық даярлау жөніндегі шығындар Құрал-жабдықты күтіп ұстау мен пайдалануға, соның ішінде ұңғымаларды жерасты ағымдағы жөндеуге жұмсалатын шығындар Жалпы шаруашылықтық шығындар Басқа да өндірістік шығындар, соның ішінде геологиялық-барлау жұмыстарына аударымдар Өндірістен тыс шығындар |
Сондай-ақ айта кететін нәрсе, еңбекақыға, амортизация мен қызметтердің ақысына төлеуге жұмсалатын шығындарды санамағанда, шығындардың калькуляциялық баптары белгілі бір өндірістік процесті тікелей жүзеге асырумен, немесе өндірісті ұйымдастыру мен басқарумен және өнімді сатумен байланысты болатын бірнеше элементтік шығындарды біріктіретін кешенді баптар болып келеді. Сол себептен және экономикалық элементтер бойынша топтастыруға қарағанда өндіріске жұмсалатын шығындардың сметасында шығындардың жекелеген элементтері әртүрлі калькуляциялау баптарында орын алуы мүмкін.Егер де мұнай мен газ өндірісі өзіндік құнының калькуляциясына қарасақ, онда «энергияға жұмсалатын шығындар» бабында мұнай ұңғымаларындағы сұйықты көтеруге жұмсалатын энергияға қатысты шығындар ғана жоспарланып және ескерілген. Энергияға жұмсалатын шығындардың қалған бөлігі басқа баптардың құрамына енгізіледі (қатқа жасанды түрде әсер ету жөніндегі шығындар, мұнайды технологиялық даярлау жөніндегі шығындар, мұнай мен газды жинақтау мен тасымалдау жөніндегі шығындар, жалпы шаруашылықтық шығындар және т.б.).МГӨМ-ның өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлерінің еңбекақысына қатысты шығындар да әртүрлі калькуляциялау баптары бойынша бөлінеді. «Өндірістік қызметкерлердің еңбекақысы» баюы бойынша мұнай мен газды өндіруге тікелей қатысатын бригалардың құрамына кіретін өндірістік қызметкерлер мен ИТҚ-ның еңбекақысы жоспарланып және ескеріледі. Қаттарды суландыру жүйесін күтімге алатын қызметкерлердің еңбекақысы «қатқа жасанды түрде әсер ету жөніндегі шығындар» бабына, ұңғымаларды жөндеуге даярлау және ұңғымаларды жөндеу бригадаларының еңбекақысы «құрал-жабдықты күтіп ұстау мен пайдалану шығындары» бабына жатады.
Прогрессивті шығындар өнімнің өндірілу көлемінің өсу қарқындарынан жылдам артып отырады (еңбегі кесімді-сыйақы жүйесі бойынша төленетін жұмысшылардың еңбекақысы; өнімнің сапасын арттыруға жұмсалатын шығындар), ал дегрессивтік шығындар одан баяу артып отырады, мысалы, құрал-жабдықты ағымдағы жөндеуге қатысты шығындар өндірістің көлемінің артуына қарағанда баяу өсіп отырады. Шығындардың өндіріс көлемдерімен байланыстарының жоғарыда аталған ерекшеліктері үлкен мәнге ие болады және өнімнің өзіндік құнын болжамдау және талдау кезінде ескерілуі тиіс. Өндірістің көлемі өскен сайын өнім бірлігінің өзіндік құны тұрақты шығындардың абсолюттік бірлігінің өзгермеуінің арқасында төмендеп отырады, ал өнімнің көлемі азайған жағдайда – артып отырады.
Пропорционалды шығындардың есебінен өнімнің өзіндік құны өзгермейді, регрессивтік шығындардың есебінен өнімнің өндірулі көлемі артқан жағдайда тұрақты шығындардың есебінен азаюға қарағанда баяу төмендейді, прогрессивтік шығындардың есебінен – артады.Егер де өзіндік құндағы прогрессивтік шығындардың меншікті салмағы аса елеусіз болып келетіндігін ескерсек, өндіріс көлемінің артуы, әдетте, өнім бірлігінің өзіндік құнының төмендеуіне әкеледі.Технологиялық процеске қатысты болуына қарай шығындар негізгі және үстеме деп бөлінеді. Негізгілеріне өнімді өндірудің технологиялық процестерімен тікелей байланысты болып келетін шығындар жатады (шикізат, технологиялық отын мен энергия, өндірістік бригадалардың еңбекақысы, технологиялық жабдық пен ұңғымалардың амортизациясы, оларды ағымдағы жөндеу және т.б.). Үстеме шығындарға өндіріс процесін ұйымдастырумен, басқарумен және қамсыздандырумен қатысты болатын шығындар жатады (цехтық, жалпы кәсіби шығындар).Сонымен қатар шығындардың олардың пайда болу уақыты мен өнімнің өзіндік құнына жатқызылуымен байланысты болып келетін түрлерін көрсетіп кеткен дұрыс. Бұл ұстаным бойынша олар ағымдағы кезеңдегі, келешек кезеңдегі шығындарға және алдағы уақыттағы шығындарға бөлінеді.
Ағымдағы кезеңнің шығындарына сол жоспарланып отырған немесе есептік кезеңде өнімді өндірумен және өткізумен қатысты болатын шығындар жатады (соның ішінде сол кезеңдегі өнімнің өзіндік құнына жатқызылатын келешек кезеңдердің резервтелетін шығындарын қоса алғанда).
Келешек кезеңдердің шығындарына сол кезеңде туындағанмен, алайда бірқатар себептермен белгіленгенмерзім бойы өнімнің бірлігіне қатысты өтеу нормасына сәйкес бұдан арғы кезеңдердегі өнімнің өзіндік құнына жатқызылуы тиіс болатын шығындар жатады. Бұл, мысалы, өзіндік құнның есебінен шығарылатын жаңа өнім түрлерін игеруге, геологиялық-іздестіру және барлау жұмыстарына жұмсалатын шығындарды өтеуге қатысты аударымдарға жұмсалатын шығындар.Алдағы уақытта көзделіп отырған шығындарға резервілеу арқылы сметалық-қалыпты тәртіппен жоспарлық және есептік кезеңдердің өзіндік құнына енгізілетін шығындар жатады. Оларға еңбек демалыстарының еңбекақысына қатысты шығындар, ауысымдық өндірістердің тұрақты шығындары және т.б. жатады. Ұңғымалардың құрылысына жұмсалатын шығындардың тобы бұрғылау технологиясы мен оны ұйымдастырудың ерекшеліктерімен байланысты болатын өзіндік ерекшеліктерге ие. Мысалы, ұңғыманың оқпанын үңгілеудің технологиялық процесімен туындалатын шығындар үңгілеудің уақытына байланысты болатын, және үңгілеудің метріне байланысты болатын шығындарға бөлінеді.Уақытқа байланысты болатын шығындарға көлемі ұңғыманы бұрғылау жұмыстарының ұзақтығына тікелей пропорционалды болатын шығындар жатады. Оларға бұрғылау бригадасына еңбекақыны төлеу, бұрғылау жабдығын күтіп ұстау мен амортизациялау, забойлық қозғалтқыштардың илемденуі, көлікке, электрқондырғыларды және жоғары вольтті желіні күтіп ұстауға жұмсалатын және т.б. шығындар жатады. Үңгілеудің метріне байланысты шығындарға көлемі салынатын ұңғымалардың тереңдігіне байланысты болатын шығындар жатады. Бұл қоршағыш құбырларға, цементке, қашауға, бұрғылау құрылғыларын салу мен монтаждауға және т.б. жұмсалатын шығындар.
Өнімнің өзіндік құнының құрылымы және оның ерекшеліктері. Өнімнің өзіндік құнының құрылымы ретінде жекелеген шығын түрлерінің өнімнің өндірісіне жұмсалатын шығындардың жалпы жиынындағы пайыздық қатынасы түсініледі. Өнімнің өзіндік құнынының құрылымын зерттеу өнімнің өзіндік құнын азайтудың жолдарын іздестіру ісінде, оны жоспарлауда үлкен мәнге ие. Әртүрлі өнеркәсіп салаларындағы өнімнің өзіндік құнының құрылымы бірдей болып келмейді (34-кесте).
Кесте2−Кейбір салалар бойынша өнеркәсіптік өнімнің өндірісіне жұмсалатын шығындардың шамамен алынған құрылымы (қолданыстағы бағалармен, өндіріске қатысты шығындардың жиынына %-пен)
Шығындардың элементтері |
Бүкіл өнеркәсіп |
Соның ішінде салалар бойынша | ||||||
мұнай өндіру |
газ |
көмір өндіру |
қара металлургия |
Химиялық және мұнай химиялық |
машина жасау және металл өңд |
жеңіл | ||
Шикізат пен негізгі материалдар |
64,2 |
- |
31,0 |
- |
56,4 |
56,7 |
57,6 |
85,3 |
Қосалқы материалдар |
4,5 |
5,3 |
5,1 |
16,1 |
6,1 |
6,8 |
4,1 |
2,8 |
Отын |
3,8 |
2,2 |
1,5 |
1,1 |
10,3 |
1,7 |
1,3 |
0,4 |
Энергия |
2,6 |
9,9 |
4,0 |
5,0 |
4,1 |
9,0 |
2,2 |
0,7 |
Негізгі қорларды амортизациялау |
5,4 |
36,0 |
17,0 |
18,3 |
7,7 |
8,1 |
4,9 |
1,1 |
Әлеуметтік сақтандыруға қатысты аударымдармен қоса алғандағы еңбекақы |
15,2 |
9,8 |
6,2 |
48,3 |
11,2 |
12,8 |
24,6 |
8,9 |
Басқа да ақшалай шығындар |
4,3 |
36,8 |
35,2 |
11,2 |
4,2 |
4,9 |
5,3 |
0,8 |
Өнімнің өзіндік құнының құрылымын біле тұрып оны азайтудың негізгі, аса маңызды іздестіру бағыттарын белгілеуге болады, себебі жекелеген шығын түрлерінің азаюының оның жалпы деңгейіне тигізетін әсері әртүрлі болып келеді.Өздерінде шикізаттың өзіндік құнындағы ең жоғары меншікті салмақты шикізат пен материалдар алатын салалар материалды көп қажет ететін салалар болып табылады. Оларға өңдеу салалары жатады – жеңіл өнеркәсібі, машина жасау және металл өңдеу, химиялық және мұнай химиялық өнеркәсібі. Еңбекақының көмір өнеркәсібі өнімінде алатын үлкен меншікті салмағының салдарынан оны көп еңбекті қажет ететін слаларға жатқызады. Мұнай өндіру өнеркәсібі өнімнің өзіндік құнындағы амортизациялық аударымдардың алатын елеулі меншікті салмағының салдарынан капиталды көп қажет ететін салаларға жатады. Оған мұнай ұңғымаларының жоғары құны мен олардың өтелуінің салыстырмалы түрдегі қысқа мерзімдері, шикізат пен негізгі материал шығындарының жоқтығы тән болып келеді.
Шығындардың элементтері |
Геологиялық-барлау жұмыстары |
Ұңғымалардың құрылысы |
Мұнай мен газды өндіру |
Материалдар |
21,0 |
40,9 |
5,3 |
Сырттан әкелінген отын |
11,0 |
0,8 |
2,2 |
Сырттан әкелінген энергия |
4,8 |
9,9 | |
Әлеуметтік сақтандыруға қатысты аударымдармен қоса алғандағы еңбекақы |
46,0 |
22,3 |
9,8 |
Негізгі қорлардың өтелуі |
10,0 |
12,2 |
36,0 |
Басқа да ақшалай шығындар |
12,0 |
19,0 |
36,8 |
Жиыны |
100,0 |
100,0 |
100,0 |
3-кестедегі деректер мұнай өндіру өнеркәсібі салаларындағы өндіріске жұмсалатын шығындардың құрылымындағы айырмашылықтарды көрсетіп отыр, олар өндірістік процестердің айрықша ерекшеліктерімен негізделген. Еңбекті аса көп қажет ететіндеріне геологиялық барлау жұмыстары жатады, ұңғымалардың құрылысы – материалды аса көп қажет ететін салы, мұнай мен газ өндірісі – капитал мен энергияны аса көп қажет ететін сала.3-кестеден көруге болатындай, геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізуге жұмсалатын шығындарда еңбекақы мен материалдық-энергетикалық шығындар басым келеді. Еңбекақыны төлеуге жұмсалатын шығындардың жоғары меншікті салмағы геологиялық барлау жұмыстарының еңбекті аса көп мөлшерде қажет етуі мен сондай-ақ өздерінің тұрақты жерінен едәуір қашықтықта орналасқан партиялар мен барлаулардың қызметкерлеріне далалық үлестерінің елеулі сомаларын төлеумен түсіндіріледі. Ұңғымалардың құрылысының өзіндік құнындағы ең жоғары меншікті салмақ материалдық-техникалық құралдардың елеулі шығындарымен байланысты болып келетін материалдық шығндардың үлесіне, және бұрғылау станцияларын салу, ұңғымалардың оқпанын бекіту кезіндегі жұмысшылардың еңбекақсыны төлеуге жұмсалатын шығындардың үлесіне тиюде.Мұнай өндірісінде өндіріске жұмсалатын барлық шығындардың шамамен алғанда 40%-ы мұнай ұңғымалары бағасының жоғары болуына байланысты негізгі қорлардың өтелу үлесіне тиіп отыр. Энергетикалық шығындардың меншікті салмағы бірқатар факторларға байланысты болады, олардың бастысына кенішті үңгілеу сатысы (мұнайды өндіру әдісі) жатады. Жоғарыда біз өнімнің шығындардың экономикалық элементтерінің қимасындағы өзіндік құнының құрылымын қарастырып кеттік. Өзіндік құнның құрылымын шығындардың калькуляциялық баптары бойынша зерттеу маңызды болып табылады.Шығындардың баптарына қатысты құрылымның шығындардың элементтеріне қатысты құрылымға қарағандағы айырмашылығы калькуляциялық шығындардың көптеген баптарының кешенді сипатымен түсіндіріледі, сол себептен экономикалық элементтерге қатысты шығындар шығындардың осындай кешенді баптары бойынша үлестіріледі.Алайда меншікті салмақтардың абсолютті түрде айырмашылықтануына қарамастан, мұнай өнеркәсібінің жоғарыда келтірілген ішкі салалары бойынша өзіндік құн құрылымының ерекшеліктері сақталуда. Өзіндік құнның құрылымын шығындардың баптары қимасында қарастырған кезде геологиялық барлау жұмыстарының өзіндік құнындағы еңбекақының меншікті салмағы сол сияқты жоғары болып келеді (36,8%), ұңғымалар құрылысының өзіндік құнындағы материалдар шығынының меншікті салмағы аса жоғары болып келеді (жалпы жиынның 21%-ы).Мұнай өндірісінің өзіндік құнында ең жоғары меншікті салмаққа сол сияқты ұңғымалардың өтелуі, қатқа жасанды түрде әсер ету жөніндегі шығындар ие болуда, олардың жартысын электрқуатын шығындау құрайды.
Мұнай мен газ өндірісінің өзіндік құнының құрылымына шартты-тұрақты шығындардың жоғары меншікті салмағы тән болып келеді (шамамен 50%). Осыдан мұнай мен газ өндірісі өзіндік құнының деңгейін белгілейтін шешуші факторлардың біріне ұңғымалардың өнімділігі жатады деген қорытынды жасауға болады. Соңғысы өз кезегінде қабылданған ұңғылау жүйесіне, өнімді қаттардың геологиялық-физикалық параметрлеріне, мұнай мен газ өндірісінің техникасы мен оны ұйымдастыруға, кеніштерді ұңғылау сатысына байланысты болады. Бұл факторлар мұна мен газ өндірісі өзіндік құнының деңгейіне ғана емес, сондай-ақ оның құрылымына да әсер етеді. Мысалы, мұнайды механикаландырылған түрде өндіру үлесінің артуы қаттық қысымның төмендеуіне байланысты энергетикалық шығындардың, ағымдағы жөндеуге жұмсалатын және басқа да шығындардың өсуін тудырады. Кенішті ұңғылаудың бұрынғысынан кейінгі кезеңіне кірісу және сонымен байланысты ұңғымалардың өнімінің сулану деңгейінің артуы мұнайды технологиялық әзірлеуге, қатқа жасанды түрде әсер етуге, сұйықты айдауға және т.б. жұмсалатын шығындардың көбеюін тудырады. Мысалы, соңғы ұңғылау сатысына түскен және бүріккіш ұңғымалары жоқ кеніштерді пайдаланатын Туймазамұнай МГӨМ-да энергетикалық шығындар 10%-дан асады, қатық қысымды ұстауға жұмсалатын шығындар 20%-ды құрайды, эмульсиязыдандыруға қатысты шығындар 11%-ға жетеді. Бұл сандар сала бойынша орташа көрсеткіштерді едәуір мөлшерде асып түседі.
Кесте 4 - Шығындардың калькуляциялық баптары бойынша өнімнің өзіндік құнының құрылымы (жиынына қатысты %-пен)
Ұңғымалардың құрылысы (пайдаланушылық ұңғылау) |
%
|
Мұнайды өндіру |
%
|
Шығындардың баптары |
Шығындардың баптары |
Әзірлену жұмыстары |
5,1 |
Мұнайды алуға арналған қуатқа жұмсалған шығындар |
6,4 |
Құрал-жабдықты монтаждау-шешіп алу |
7,6 |
Қатқа жасанды түрде әсер етуге қатысты шығындар |
13,7 |
Ұңғымаларды бұрғылау, барлығы |
67,3 |
Өндірістік қызметкерлердің аударымдармен қоса алғандағы негізгі және қосымша еңбекақысы |
1,6 |
Соның ішінде: а) материалдар соның ішіндегі қоршағыш құбырлар
|
20,8 10,7
|
Ұңғымалардың өтелімі |
21,7 |
б) негізгі еңбекақы |
4,6 |
Мұнай мен газды жинау мен тасымалдауға қатысты шығындар |
7,6 |
в) бұрғылау жабдығы мен құрал-сайманды пайдалануға қатысты шығындар олардың ішінде бұрғылау жабдығының өтелуі |
20,6 7,4 |
Мұнайды технологиялық әзірлеуге қатысты шығындар |
6,9 |
г) көліктік шығындар |
9,2 |
Құрал-жабдықты күтіп ұстау мен пайдалану жөніндегі шығындар |
16,9 |
д) энергетикалық шығындар |
7,3 |
Соның ішінде ұңғымаларды жерасты ағымдағы жөндеуге қатысты шығындар |
5,6
|
е) қосалқы өндірістердің қызметтері |
4,8 |
Жалпы өндірістік шығындар |
13,2 |
Ұңғымаларды өнімділікке қатысты сынау |
4,2 |
Басқа да өндірістік шығындар |
11,3 |
Геофизикалық жұмыстар |
3,9 |
Соның ішінде геологиялық барлау жұмыстарына аударымдар |
10,0 |
Үстеме шығындар |
11,9 |
Өндірістен тыс шығындар |
0,7 |
Жиыны |
100,0 |
Жиыны |
100,0 |
КӨмірсутек шикізатын өндіруге жұмсалатын пайдалану шығындарын азайту жолдарын жетілдіру
15 10 2014
11 стр.
Кәсіпорының жалпы сипаттамасы
17 12 2014
3 стр.
Тұтқырлығы жоғары және тез қататын мұнайлар мен мұнай өнімдерін айдаудың негізгі тәсілдері
15 10 2014
4 стр.
Алгомерация үрдісінің ауа – газдық режимімен басқарудың автоматтандырылған жүйесінің математикалық үлгісін жасау және құрылымын таңдау
15 10 2014
4 стр.
Кіріспе – маинажасау саласында технологиялық қүрал-жабдықтардың орны және мәні; машинажасау бакалаврдарды оқытудағы осы пәннің орны мен мазмүны-2-3 бет
16 09 2014
1 стр.
Кіші мектеп жасындағы балаларда бейнелеу өнерін оқыту арқылы эстетикалық тәрбиені қалыптастырудың ерекшеліктері
17 12 2014
2 стр.
17 12 2014
8 стр.
Баспада орындалатын технологиялық үдерістер, олардың кезеңдері. Баспада орындалатын технологиялық үдерістердің ерекшеліктері мен маңызы
04 09 2014
1 стр.