Перейти на главную страницу
Астананың дамуына жаңа ел орданың әкімі Аділбек Жақсыбеков зор үлес қосты. Қала инфрақұрылымы тіршілігіне байланысты болған қаланың барлық қызметі нақ соның арасында тиістідеңгейге жеткізілді. Камуналдық шаруашылықты, денсаулық сақтауды, сумен жабдықтауды, білім беруді, қаржы бөлуді және энергетиканы күн сайын, сағат сайын қадағалап, үйлестіре білді. 2003 жыыл ашылған Кардиохирургиялық орталық. Бұл обьект Сауд Арабиясындағы ханзада Сұлтанның жеке силығы. 2001 жылы Республикалық клиникалық аурухана ашылды. 2003 жылы 10-маусым жаңа астананың сол жағалауында Қазақ – Ресей университеті ашылды. Осылай-осылай жаңа Астана дами түсті. «Астана-жаңа қала» арнаулы эканомикалық аймағы 2002 жылдың 1- ші қаңтарынан жұмыс істей бастады. Бұл арнаулы аймақ Қазақстанның жаңа астанасын әлеуметтік эканомикалық дамудың ең пәрменді моделіне айналды, мұнда инвесторлардың нарықтық мүдделерімен ел үкіметінің мемлекеттік басымдықтары оңтайлы түрде ұштасты.2004 жылы Астананың мынадай әкімшілік обьектілері тапсырылды деп жоспарлаған:Резиденция, Мәжіліс ғимараты, Үкімет үйі Жоғарғы сот, Сыртқы істерминстірлігі, Ұлыттық академиялық кітапхана, Басты және Дөңгелек алаңдар мен жаңа әкімшілік орталықты Абылайхан даңғылымен жалғастыратын магистральды авто жол. Алтын күмбезді жаңа «Нұр-Астана »мешіті. Еске сала кетейік 1997-2004 жылдары Астанада 1 милн 600 мың шаршы метір тұрғын үйлер пайдалануға берілді. 2005 жылы тағы да 400 мың шаршы метр Астанада құрлысдүбірі толассыз жүріп жатыр. 2005-2007 жылдар ішінде Астанада бұған қосымша 1 млн 590 мың шаршы метр тұрғын үйлер салынды. Іс жүзінде 10 жыл ішінде жарты млн халыққа арнап 3 млн шаршы метрден астам мұнша жаңа үй салу бұрындары ешқашан болған емес /12,13/.
Сурет
Сурет
Тұрғын үй құрлысы-2002 жылдың басынан бері жалпы инвестиция көлемінің 2965, 9 млн теңгесі немесе 29, 2 % тұрғын үй құрлысына жұмсалды. Өткен жылға қарағанда тұрғын үй құрлысын қаржыландыру 23, 4%-ке өсті. Астана қаласының шаруашылық жүргізуші тұлғаларымен, тұрғын үйлерді пайдалануға бергеннен басқа, көлемі 1460 шаршы метр сауда кәсіпорындары, көлемі 1541 шаршы метр спорт залы, автогараждар, қуаттылығы сағатына 10 текше метр таза су өндіретін кешен, 50 орындық дәмхана, 9 мың номерге АТС, көлемі 37700 шаршы мерт «Алатау» спорт сарайы пайдалануға берілді. 2002 жылдың қаңтар - наурыз айында жалпы қала бойынша күрделі құрлысқа бағытталған инвестиция көлемінің басым бөлігі (66.6%) Сарыарқа ауданына келеді. 2002 жылдың басынан бері Алматы ауданы бойынша тұрғын үй құрлысына 1293, 8 млн теңге жұмсалды, жалпы көлемі 51990 шаршы метр 383 жаңа пәтер пайдалануға берілді.
Астанада құрылыс жүргізіп жатқан ірі фирмалар : ҚУАТ, БАЗИС-А, ТРАНССТРОЙМОСТ, ASAI-AS және тағы да басқа көптеген фирмалар мен корпорациялар жұмыс істеп жатыр. Мысалы менің өзім 2007 жылдың маусым- тамыз айларында Астанада ТРАНССТРОЙМОСТ фирмасында жұмыс істеп қайттым. Біз Қараөткел -2 мөлтек аданында, 2- қабатты катеж үйлерді тұрғыздық. Сонымен айтқым келіп отырғаны Астанада құрылыс өте қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі таңда жастардың көпшілігі сонда барып жұмыс ітеуде /8,9,14/.
2002жылдың қаңтар – наурызында жүк тасымалдаушы жол көлігі кәсіпорындарымен және кәсіпкерлермен 2960, 4 мың жүк тасымалданған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2, 2 есе жоғары. Автокөлік кәсіпорындарымен 103, 3 мың тонна жүк айналымы 7, 1 млн. Тонна шақырым құрады. 2002 жылдың қаңтар – наурызында қаладағы жол көліктерімен 15, 6 млн. Жолаушы, оның 13, 9млн.-ны автобустармен және маршрутты таксилермен (89, 1%) және 1, 7 млн. Адам (10, 9%) троллейбустермен тасымалданды.
АСТАНА МОТОРС-автомабиль және оның қосалқы бөлшектерін сататын, автомашиналар жөндеу мен күту қызметтерін атқаратын Қазақстандық компания Жапониядағы «Тойота Мотор Корпорейшн» компаниясының Қазақстандағы ресми делдалы. 1993-ші жылы Алматыда құрылған. Компанияның Қостанай Ақмола қалаларында филиалдары жұмыс істейді.
Әуе көлігі. Әуе көлігімен 2002 жылдың қаңтар-наурызында 3, 1 мың адам тасымалданды.Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейінен 1, 5 есе жоғары. Барлық көлік түрлерінің жолаушылар айналымы 803, 9 млн. жолаушы шақырым болды. Мемлекетке жатпайтын сектор 69, 3% құрамына теміржол көлігі кіретін мемлекеттік сектордікі 30, 71%құрады. Жалпы, жолаушы айналымының басым бөлігі автомобиль көлігінің үлесіне келеді.
Астана халықаралық әуежайы Еуропаны Қиыр Шығыс пен, Оңтүстіктік-Шығысты Кіші Азиямен жалғастырып жататын әуедегі « Жібек жолы» болмақ. 1998 жылы елбасы Жапонияға сапары кезінде Астана халықаралық әуежайын қайта жаңғырту жобасын іске асыру үшін несие бөлуге келісім алған еді. Қ.Р-мен JBICарасындағы заем туралы келісімге Токио қаласында 1998 жылы келісімге қол қойды. Заем сомасы шамамен 176, 5 млн. аұш доллары құрады. Өтеу кезеңі құрылыс бөліміне – жылына 2, 2 % мөлшерімен 30 жыл, ал консалтингтік шындарға жылына 0, 75% мөлшерімен 40 жыл. Жобаның кеңесшісі болып PCI Жапон косорциумы және ККААбас мәдігері болып құрамына Германияның «Siemens»Ұлыбританияның «John Laing» Жапонияның SMLA консорциумы белгіленді. Жаңа әуежайдың үлгісін Астана қаласының құрылысы бас жоспарының авторы Жапон сәулетшісі Кишо Курокава әзірледі. Әуежай құрылысы жүріп жатқан кезде 2, 5мың құрылысшы жұмыс істеген. Әуежайдың алаңы 20мың шаршы метр. Әуежай 6 қабаттан тұрады. Төменгі екі қабат жолаушыларға арналған. Бірінші қабатқа кірген бойда өзіңді қазақтың киіз үйі үлгісіндегі еңселі ордаға кіргендей сезінесіз.Оның биіктігі 34 метр, диаметрі 45 метр. Жоғары қарасаңыз –бес деңгейдің ұшар басындағы алып шаңырақ асқақ көрінеді. Екінші қабатта жолаушыларды ішкі және халықаралық рейстерге тіркеу алаңдары, ұшаққа шығушылардың күту залдары орналасқан. Үшінші қабаттың жобасы ресми тұлғаларға қызмет көрсетуге арналған.
Төртінші қабатта терминалдың бақылау диспечерлік пункттері бүгінгі заман талабына сай жабдықталған. Бесінші қабат-жолаушылардың ұшақтардың ұшыуы мен қонуын тамашалауға, әуежайдан әрі жалғасатын қазақтың кең байтақ даласына зер салуға арналған шолу алаңы. Әуежайдың өткізу қабілеті тәулігіне 750 жолаушы, жүк тасмалының қуаттылығы 600 тонна болмақ.
Жобалаушылар жобалаушыларға көрсетілетін қызметтің жоғары деңгейде болуын жан-жақты ескерген. Жаңа терминалда халықаралық телфон байланысы тәулік бойы жұмыс істейді. Интернет қызметі, қала қонақ үйлеріне алдын ала тапсырыс беру, такси шақыру сияқты қызметтер ұсынылады. Әрқайсысы 35 орынды 11 бар, 80 орынды мирамхана, тауарлар үстеме баға қосылмай сатылатын 2 кі магазин, валюта айырбастау пункті, ұлтық сувинирлер сататын дүкендер қызмет көрсетеді. Бұларға қоса жолаушылардың жұктерін қаптап беру оны, дәрігерлік пукті, анамен балаға арналған екі бөлме, діни рәсімдер өткізетін екі бөлме бар.
«Астана халықаралық әуежайын қайта жаңарту» жобасына сәйкес жалпы алғанда 33 нысан қайта жаңартылады және салынады. Солардың ішінде жаңа жолаушы және жүк терминалдары, мұнарасы бар әуе қозғалысын басқару орталығы, перрон, перрондағы әуе кемесіне жанрмай құятын орталықтандырылған жүйе, авиация қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелері, әуежай энергия жүйесінің орталық- тарату шағын станциясы, қазандық, Ж.Ж.М. қоймасы, аппараттық құтқару станциялары, техникалық бригадалар ғимараттары және тағы басқа заман талабына сай жабдықталуда. Қазіргі уақытта Астана халықаралық әуежайы АН-124, В-400, Ғ және В-747 кемелерін қоса алғанда барлық үлгідегі әуе кемелеріне, олардың ұшу салмағынада шектеу қоймай қызмет көрсетеді. Рейстің басым көпшілігі «Эйр-Астана» авиакомпаниясы жүзеге асырады. Жаңа әуежай болашақта тек қана Қазақстандағы ғана емес, сондай-ақ бүкіл Орталық Азиядағы авиатасымалдардың негізі орталықтарының біріне айналды.
Астана басшылығының көліктік жобалары мұнымен ғана шектелмейді. Жақын күндері Есіл өзенінде үлкен бір жаңалық болады. Яғни, енді Есілмен кеме жүетін болады. Өзенді қайта құрғаннан кейін, оның техникалық параметрлері игерілген учаскелерде кеме тасмалдауын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұл жобаны1998 жылдан бері арналар мен жағалауларда қайта құрып жатқан «Орта» ЖШС ұсынды. Баолық жұмыстар үш кезеңде жүзеге асады. Бірінші кезек Сарыарқа көшесінен Президент Резиденциясына дейін қамтиды. Арналарды біраз тереңдетіп жатқан жағада кемелердің қысқы, тұрағы, жолаушыларға арналған құрылыстар, ал өзеннің өзінде жүзу белгілері пайда болады. Ол жерлерде яхта клубтары, құтқару станциялары, қайық пен катараманды жалға беретін орындар, катер мен қайықтарды сақтау тұрақтары, жазғы дәмхана мен мейрамханалар және қажетті жабдықтар мен жағажай аймақтары орналасады.
Туристік инфрақұрылымды нысандары бар жаяу жұретін жол құрлысы, 2006-2008 жылдары хайуанаттар бағының құрлысы. Бос уақытын өткізетін нысандар, театрлар, кинотеатрлар, спорттық нысандар. Дүниежүзілік асханасы мейрамханалар желісін кеңейту. Қазірдің өзінде қалаға келіп жатқан туристіклектің бірнеше есе көбейді деп айтуға болады. 2001-2007жылдар аралығында Астана қаласына туристтік сапармен келгендер саны 13 339-дан 63.6 мың адамға көбейген. Ал сыртқа шыққандар саны 9451 -ден 19400–ке дейін, ішкі туризм 125145–тен 242200 ке дейін өскен. Туристік фирмалардың саны екі есе, яғни, 27-ден 54–ке көбейді.Сондай-ақ басқа өңірдің туристік фирмаларының 9-филиалдары мен өкілдіктері қызмет көрсетеді Астана қаласының қонақ жай кешені бір уақытта 2386 адам қабылдай алады. Жалпы туристерге Астананың қай жеріне баруға болады?
Елорда мәртебесіне байланысты, Астанада туризм де дамуда. Экономиканың бұл саласына үкімет те қолдау көрсетуде Әсіресе, Қазір іскерлік туризи дамыды.Жаңа қала, біріншіден, жаңа мүмкіндіктер, бар күш пен қаражатты салатын жаңа қала болып табылады. Сарыарқаның төсінде орналасқан Қазақстанныңжаңа астанасы бҮгінде жер шарының түкпір түкпіріндегі бизнесмендердің қызығушылығын оятып отыр. Қазірдің өзінде Астанада жыл сайын отыздан астам халықаралық және республикалық көрмелер ұйымдастырылады. Қала іскерлік форумдары мен мәслихаттар өткізетін орынға айналды /13,14,17/.
Астана Қазақстанның жаңаруының нышаны, оның көпұлтты халқының жасампаз күш қуатының куәсі.
Астана қаласы еврозия материгінің орталығында орналасқан. Егеменді Қазақстан Республикасының астанасы. Ол Қазақстанның сыртқы өлкесінің орталығында есіл өзенінің оң жағалауында жоғары ағымында орналасқан. Оның территориясы Ақмаол облысының оңтүстігінде болып, жеке саяси әкімшілік бөлінуі болып есептелінеді.
1994 жылы шілдеде астананы Республиканың қиыр оңтүстігінде орналасқан Алматы қаласынан солтүстікке, 1000 шақырымнан астам жерде жатқан, далалық Ақмолаға шешім қабылданды.
Физика географиялық жағдайына қысқаша тоқталар болсақ, жерінің басым бөлігі – абсолюттік биіктігі 300-400 метрден аспайтын аласа белесті, ұсақ төбелі жазық. Облыстың оңтүстігін Сарыарқаның ұсақ шоқылары, орталық бөлігінде жазық даламен өзендер алабы және Көкшетау қыратының сілемдері алып жатыр. Ақмола облысынң аса ірі өзендері деп Есіл мен Нұраны бөліп көрсетуге болады. Территориясының үстіңгі жағы біркелкі емес, ұсақ шоқылы биік емес таулар, қыраттар, жазықтар көп және көп болып келеді.
Климаты тым континенттік, қысы ұзақ, суық, жазы қоңыржай ыстық. Қаңтардың орташа температурасы -16 -180С. Суық жазы 19-210С ысиды. Сонымен қатар облыс аумағы ендіктегі қара және күңгірт қоңыр топырақ енділікке жалғасқан болып кәдімгі және оңтүстік қара топырақ күңгірт, қызғылт қоңыр және ашық қызғылт қоңыр топырақтар зонасына бөлінеді. Ірі өзендері Есіл мен Нұра теңіз көлі Қарасор, Қорғалжын, Балықтыкөл және Қыпшақ көлдері де ірі көлдердің қатарына жатады.
Егеменді еліміздің астанасы Астана қаласы әуелде Қараөткел деп аталған. Патшалық Ресей қазақ даласын отарлау мақсатымен 1832 жылы Ақмола бекінісін салған. 1961 жылы қаланың есімі Целиноград болып өзгертілді. 1994 жылы Республика жоғарғы Советі ел астанасын Ақмолаға көшіо\руге шешім қабылданды. 1998 жылы 6-мамырда елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді. Бүгінде Астана әлемнің 20 қаласымен және Ресейдің алты аймағымен достық қарым-қатынаста. 1999 жылы ол әлем қаласы атанған. Астана қаласының шаруашылық құрылымы да өте жақсы дамыған. жалпы шаруашылық құрылымға: өнеркәсіп кешені, құрылыс кешені, көлік кешені, қызмет көрсету салалары жатады.
Астанада жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ең көбі сауда, автомобиль, тұрмыс бұйымдарын және жеке пайдаланатын заттар жөндеу және құрылыс саласында келеді. Әрине Астананы айтқанда құрылыс кешеніне тоқталмай өту мүмкін емес. Астананың құрылысына шетелдіктердің тікелей инвестициялары туралы ұмытуға болмайды. Астана құрылысына аздай емес, көптей 200 млн.доллар жинай алады. Оған Астананың көптеген сәулет құрылысы мен кешені салынды. Ол елдер: Катар, Сауд Арабиясы, Б.А.Ә., АҚШ, Кувейт сияқты елдер бірінші кезекте өтемсіз көмек көрсетті. Сонымен қатар Астанада көлік кешені де өте жақсы дамыған. темір жол кешені – 1920 жылдан бастап салына бастады. Жүк тасмалының 60% автокөлік кешені құрайды. Автокөлік жолының ұзындығы 4761 км құрайды. Әуе көлік саласы да жақсы дамыған. астана халықаралық әуежайы еуропаны Қиыр Шығыстан, Оңтүстік-шығысты Кіші Азиямен жалғастырып жататын әуедегі «Жібек жолы» болып отыр.
Астана қаласының қызмет көрсету саласына көз жүгіртіп өтіп көрейікші. Қызмет көрсету жүйесі, демалысорындары, көлік көтеретін орындар, ғылыми, мәдени, тарихи, сауда орталықтары, спорт кешендері көптеп ашылуда. Астанада туризм саласы да жақсы дамып келеді. Көз тартарлық әдемі ғимараттар, Астаналық саябақ. «Аквапарк», «Президенттің мәдени орталығы», «Астана-Бәйтерек» монументі, «Тұлпар», және «Құлагер» ат спортының клубы, цирк, кинотеатрлар, спорт сарайлары және де Қазақстан үшін тың ойын-сауық, танымдық бағыттағы орталықтар – «Атамекен» Қазақстан картасы тарихи-экнографиялық кешені және «Думан» океанариумы бар. Жылдан жылға келуші туристер саны асуда. Жалпы Астана қаласы болашағы жарқын, зор үміт күттіретін, өте қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан Республикасының астанасы.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. Абдиева. К. С. Реионы Қазақстан статистически сборных тоо «Куренов» 2003ж
2. Асанбай. Р.
«Қазақстан: табысқа жету тарихы әлемдік қоғамдастық көзімен» Алматы «Таимас» Баспа үйі 2005ж.
3.Аяған Бүркітбой «Көркем суретті Қазақстан тарихы» Қазақстан энциклопедиясы Аламаты 2007ж.
4. Әбсеметов Марат Ертеңі ертедегідей Елорда Егемен Қазақстан 2007 ж – 15 желтоқсан – 6. бет.
5. Браун А.Г. «Алматы «Атамұра» 1995 ж.
6. Әсембекұлы Ерғазы. Астана халықаралық әуежайы Астана 2005 №1 -12 бет.
7. Қосымбаев Н.К, Азубаев Н.Ж. «История Ақмола» Алматы «Жеті жарғы» 1998 ж.
8. Қабдоладанов Н. Молдағұлов Т. Ахметжанов О. Камзанов Д. «Астана 10 жыл» Алматы 24 желтоқсан 2004 ж.
9. Құланбай Ә. Арйбай салынған Астана Егемен Қазақстан 2008ж - 1 қаңтар 3 бет.
10. Қосмамбетов. С. Блашағы ғажап қала Егемен Қазақстан 2005 ж– 10 маусым.
11. Мажитов Марат Ақмола – Астана Ақиқат 1998ж №5 – 3 – 21 бет.
12. Назарьаев Н.А. Евразия жүретінде 2006 ж.
13.Саухат Жұмагүл «Астана» 2006ж №3. 28 – мамыр – 29 бет.
14. Ервинский О.Е.»байтерек» №4 желтоқсан 2003 ж.
15.Астана қаласының статистика басқармасы Астана қаласының әлуметтік экономикалық жағдайы. Астана ақшамы 2002ж. 30 мамыр – 3бет
16. Астана қакласының статитика басқармасы. Өнеркәсіптік іргерлеу даму бағдарламасы. Астана хабары 2006 ж – 4 мамыр
18. Қазақ ұлттық энциклопедиясы.
17 12 2014
8 стр.
13 12 2014
4 стр.
17 12 2014
5 стр.
Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
25 12 2014
4 стр.
Алғашқы қадамдар
14 12 2014
3 стр.
25 12 2014
3 стр.
14 12 2014
6 стр.
23 09 2014
1 стр.