Перейти на главную страницу
1) жастардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету;
2) жастар еңбегі мен олардың жұмыспен қамтылуы саласындағы кепілдіктерді қамтамасыз ету;
3) жастардың кәсіпкерлік қызметіне жәрдемдесу;
4 ) жас отбасыларын мемлекеттік қолдау;
5) жастардың тегін орта білім алуына консультациялық құқығын іске асыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
6) жастарды тәрбиелеу және оларға жан-жақты білім беру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
7) балалар үйлерінің мүгедек және тәрбиеленуші жастарының құқықтары мен әлеуметтік қорғалу кепілдіктерін қамтамасыз ету;
8) жастардың патриоттық және азаматтық тұрғыда қалыптасуы үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
9) жастардың бойында ұлттық мәдениет пен тілді дамыту үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
10) жастардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, олардың салауатты өмір салтын қалыптастыру;
11) әлеуметтік қолдауға мұқтаж жастарға әлеуметтік көмекті қамтамасыз ету;
12) жастардың мәдени бос уақыты мен демалысы үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
13) талантты жастарды мемлекеттік қолдау;
14) жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың коммерциялық емес жастар ұйымдарымен ынтымақтастығы;
15) жастардың халықаралық ынтымақтастығына жәрдемдесу болып табылады.
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік медициналық мекемелерде тегін медициналық қызмет көрсетілуіне;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік оқу орындарында тегін жалпы орта білім және бастауыш кәсіптік білім алуға, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде тегін жоғары және орта кәсіптік білім алуға;
3) жергілікті мемлекеттік басқару органдарының шешімі бойынша жеңілдікті жағдайларда мемлекеттік спорттық-сауықтыру және мәдени-ағарту ұйымдарына баруға;
4) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, жастар арасынан орта және жоғары кәсіптік оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқитындар үшін қала аралық темір жол және автомобиль көлігінде (таксиден басқа) қысқы және жазғы каникулдар кезеңінде жеңілдікпен жүруге;
6) құқықтық, психологиялық, педагогикалық мәселелер, сондай-ақ отбасылық және жыныстық тәрбие мәселелері бойынша консультациялар түрінде әлеуметтік қызмет көрсетулерді; мүгедектерді, әскери қызметтен босатылған әскери қызметшілерді, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, мінез-құлқы девиантты кәмелетке толмаған адамдарға арналған арнаулы тәрбиелеу мекемелерінен оралған адамдарды, нашақорлық, құмарлық, маскүнемдік дертінен емделуден өткен адамдарды, адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауыратын адамдарды оңалту жөніндегі қызмет көрсетулерді тұтынуға;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға;
8) білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім гранты бойынша оқитындар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде және тәртіппен ай сайынғы мемлекеттік стипендия алуға;
9) оқитындардың жоғары оқу орындарында оқу кезеңінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен кәсіби білім ақысын төлеу үшін және тамаққа, тұруға және оқу әдебиетін сатып алуға жұмсалатын шығындарды ішінара өтеуге мемлекеттік білім кредиті мен студенттік кредитті алуға әлеуметтік құқықтары бар;
10) ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша оқуға түскен кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде қабылдау квотасы көзделеді.
7-бап. Жастардың саяси кұқықтары мен бостандықтары
Қазақстан Республикасының жастары Қазақстан
Республикасының Конституциясында және басқа да заң актілерінде көзделген Орталық саяси құқықтарға және бостандықтарға ие болады.
2) жастарды жұмыспен қамту бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
3) жастарға арналған жұмыс орындарын құратын шаруашылық субъектілерінің қызметін ұйымдастырушылық жағынан қолдау;
4) Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына сәйкес жастардың еңбек бірлестіктерін құру және қызметін ұйымдастыру, соның ішінде оқу орындарының базасында құру және қызметін ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
1) жұмысқа орналасуға, кәсіби даярлануға, біліктілігін арттыруға жәрдемдесуге;
2) мемлекеттік ұйымдарда немесе жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі елу проценттен асатын ұйымдарда жұмыс орнын беруге жәрдемдесуге;
3) мүгедек жас адамдар үшін жоғары оқу орындарында оқу, қайта даярлау және тағылымдамадан өту бағдарламаларына, соның ішінде дистанциялық оқыту арқылы қол жеткізуін қамтамасыз етуде жәрдемдесуге кепілдіктер беріледі.
3. Жастардың тұрғын үй проблемаларын шешу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
9-бап. Жастар жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік колдау
1. Жастар жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметке байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарымен және осы Заңмен реттеледі.
2. Қазақстан Республикасы жастардың кәсіпкерлік қызметін әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық қолдау жөніндегі шаралар жүйесін белгілейді.
3. Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын және жастар саясаты саласындағы мемлекеттік қолдауды пайдаланатын тұлғаларға:
1) заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жастар;
2) жастар ұйымдастырған шаруа (фермер) қожалықтары;
3) қызметкерлерінің жалпы санының кемінде жетпіс процентін өздерінің құрылтайшылары болып табылатын жастар құрайтын ұйымдар жатады.
4. Жастардың кәсіпкерлік қызметін мемлекеттік қолдау:
1) бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік және қосымша кәсіптік білім беруді іске асыратын оқу орындарының оқу-өндірістік базасында жастардың кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыруға Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының жәрдемдесуі;
2) жастар арасындағы халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарын кәсіпкерлік қызметке тарту;
3) жастарға кәсіпкерлік қызмет негіздерін оқыту, шарт негізінде оқу орындары мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықты дамыту;
4) жастар кәсіпкерлігін қолдаудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеу;
5) белгілі бір жұмыстарды (қызмет көрсетулерді) орындауға келісімдер жасасу мақсатында мемлекеттік органдардың осы баптың 3-тармағында аталған тұлғалармен ынтымақтастығы арқылы жүзеге асырылады.
5. Мемлекет жастардың өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының, ғылым мен техниканың, мәдениет пен өнердің, білім берудің, денсаулық сақтаудың түрлі салаларында жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуге жәрдемдесетін кәсіпкерлерді көтермелейді.
10-6ап. Жас отбасыларды мемлекеттік қолдау
1. Жас отбасыларды мемлекеттік қолдау мақсатында орталық және жергілікті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен салалық және өңірлік бағдарламаларды әзірлейді, бекітеді, іске асырады.
Жас отбасыларын мемлекеттік қолдау саласындағы салалық және өңірлік бағдарламаларды қалыптастыру мен іске асыру жас отбасыларына қатысты мемлекеттік қолдау шаралары белгіленетін олардың әлеуметтік қажеттіліктерін талдау негізінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес жүзеге асырылады.
Аталған шаралар жас отбасыларына әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуде материалдық және өзге де көмек көрсетуге, тиісті білім беру, медициналық, құқықтық, психологиялық-педагогикалық, ақпараттық, консультациялық, соның ішінде балалардың денсаулығын сақтауды, оларды тәрбиелеуді және дамытуды, жастлрды әлеуметтік қорғауды, бейімдеуді және оңалтуды қамтамасыз ету жөніндегі басқа да қызметтер көрсетуге бағытталған.
2. Жас отбасыларын дамытуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында мемлекеттік қолдау:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жас отбасыларына жеңілдікті кредиттер беру;
2) оқу орнының әкімшілігімен келісім бойынша студенттер мен оқушылар болып табылатын жастар арасындағы ата-аналар үшін оқу сабақтарына еркін қатысуға, баланың бір жарым жасқа толуы кезеңіне академиялық демалыс алуға құқық беру;
3) отбасылық өмірдің проблемалары, жас отбасылардың психологиялық-педагогикалық, құқықтық және басқа да мәселелері бойынша консультация беру жүйесін дамыту;
4) әлеуметтік қызмет көрсетулер, әлеуметтік көмек ұсынатын коммерциялық емес ұйымдардың жүйесін дамыту;
5) балалар мен жастардың жазғы демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру жүйесін сақтау және дамыту;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жас отбасыларына жоғары оқу орындары мен орта кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу кезеңінде білім беру ұйымының жатақханасында бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жай беру;
7) мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың жүйесін дамыту арқылы жүзеге асырылады.
11-бап. Талантты жастардың мемлекеттік колдау
1. Қоғамның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін сақтау және дамыту, Қазақстан Республикасының ғылыми, мәдени дәстүрлерінің сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында жастардың талантты және дарынды өкілдерін қолдау және олардың жемісті қызметі үшін жағдайлар жасау жөніндегі шаралар жүйесі жүзеге асырылады.
2. Талантты жастарды мемлекеттік қолдауды Қазақстан Республика-сының мемлекеттік органдары көрсетеді және ол:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен талантты жастар үшін сыйлықақылар, стипендиялар белгілеу, мемлекеттік білім гранттары мен мемлекеттік білім кредиттерін беру;
2) ғылымның, мәдениет пен өнердің аса көрнекті қайраткерлерінің шығармашылық шеберханаларын, мектептері мен бірлестіктерін құруға жәрдемдесу;
3) жалпы білім беретін мектептерде спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелердің қызметін ұйымдастыру;
4) аса дарынды және талантты жастарды анықтау жөніндегі орталықтарды құру және дамыту;
5) жастардың шығармашылық жетістіктерін анықтау және тарату мақсатында конкурстар, көрмелер, фестивальдар, байқаулар, концерттер, симпозиумдар, оқулар, конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру және өткізу арқылы, халықаралық жастар алмасуларын ұйымдастыру;
6) дарынды және талантты жастардың шетелдердің білім беру және ғылыми-зерттеу ұйымдарында оқыту, қайта даярлау және тағылымдамадан өту бағдарламаларына конкурстық негізде қол жеткізуін қамтамасыз ету;
7) ғылыми-мәдени жұмысты жүргізу үшін жас ғалымдарға, мәдениет, өнер мен білім қайраткерлеріне жағдайлар жасау, жас ғалымдардың әзірлемелерін нақты қолданысқа енгізуге жәрдемдесу, сондай-ақ жастар арасынан шыққан зияткерлік кадр ресурстарын сақтау және дамыту;
8) спорт мектептерінің, клубтарының желісін дамыту, спортта дарынды жас спортшыларды қолдау, жастар арасында спорт жарыстарын өткізу;
9) талантты жастарға қолдау көрсететін жеке және заңды тұлғаларды моральдық көтермелеу арқылы жүзеге асырылады.
12-бап. Жастардың халықаралық ынтымақтастығына жәрдемдесу
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары халықаралық жастар ынтымақтастығына:
1) халықаралық жастар алмасулары туралы келісімдерді жасасу және іске асыру, жастарды халықаралық бағдарламалар жүйесіне енгізу;
2) жастардың халықаралық ынтымақтастығы саласында халықаралық жастар алмасуларының ұйымдастырушылары мен қатысушыларына ақпаратты алуға, құжаттарды әзірлеуге және әріптестерді іріктеуге көмек көрсету жолымен жәрдем көрсетеді.
2. Жастардың халықаралық ынтымақтастығына жәрдемдесу Қазақстан Республикасының заңдары негізінде жүзеге асырылады.
3-тарау.
1) республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты;
2) жеке және заңды тұлғалардың ерікті мүліктік жарналары;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылады.
2. Республикалық және жергілікті бюджеттерде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үшін жыл сайын қаражат көзделеді.
Қаржы қаражатының есептік көлемі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік жастар саясаты саласындағы бағдарламаларды іске асыру үшін қажетті материалдық және қаржылық ресурстарды есепке ала отырып айқындалады.
3. Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберіндегі Іс-шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нысанында жүзеге асырылуы мүмкін.
14-бап. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға жасгардың қатысуы
1. Жастар Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және жүргізуге қоғамдық жағынан маңызды бастамаларды іске асыру, орталық және жергілікті атқарушы органдарға өтініш жасау, жастар үйымдарының аталған органдармен өзара іс-қимыл жасауы арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де нысандарда қатысады.
2. Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөнінде жастардың, жастар ұйымдарының мемлекеттік органдарға енгізетін ұсыныстарын мемлекеттік органдар өз өкілеттіктеріне сәйкес және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен қарайды.
Егер аталған ұсыныстарды қарау үшін қаржы қаражатының есебі, ақпарат жинау, құжаттардың жобаларын әзірлеу қажет болған жағдайда мемлекеттік органдар ақпараттық көмекті жүзеге асырады және аталған ұсыныстарды енгізген жастар мен жастар ұйымдарының уәкілетті өкілдерімен консультациялар жүргізеді.
3. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру және іске асыру саласында консультациялар мен іс-қимылдарды үйлестіру үшін жастар ұйымдарын олардың келісімімен тартуға құқылы.
Жастар ұйымдары мемлекеттік жастар саясаты саласындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың іс-шаралар жоспарлары шеңберінде белгілі бір жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету мақсатында мемлекеттік органдармен ынтымақтасуға, ал олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі консультациялық – кеңесші органдардың құрамына кіруге құқылы. Аталған мақсаттарды іске асыру үшін консультациялық-кеңесші органдар құрылуы мүмкін.
4. Жастарды мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға тарту мақсатында уәкілетті орган Қазақстан Республикасының жастар ұйымдарымен бірлесе отырып, екі жылда кемінде бір рет жалпы республикалық Қазақстан жастары форумын -Қазақстан Республикасының жастары мен жастар ұйымдарының уәкілетті өкілдерінің форумын шақырады.
Жалпы республикалық Қазақстан жастары форумын өткізу тәртібі, өкілдік нормалары уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жалпы республикалық Қазақстан жастары форумы туралы ережемен белгіленеді.
5. Жалпы республикалық Қазақстан жастары форумы өз құзыреті шегінде жастарға үндеу қабылдай алады, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру және іске асыру түралы ұсынымдар әзірлей алады.
2. Әлеуметтік қызметтер жұмысының бағыттары:
1. психологиялық - педагогикалық, медициналық - әлеуметтік, заңдық көмекті жүзеге асыру және кәмелетке толмағандар мен басқа да жастар өкілдеріне консультациялар беру;
2. өздерінің тәни кемістіктеріне байланысты ерекше қолайсыз жағдайларда қалған адамдарға әлеуметтік көмек;
3) жас отбасыларына әлеуметтік көмек;
4) еңбек және оқу ұжымдарында жастарды құқықтық қорғау;
5) мінез-құлқы девиантты кәмелетке толмағандарға, қадағалаусыз және панасыз қалған кәмелетке толмаған азаматтарға әлеуметтік көмек;
6) жастар арасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, сондай-ақ арнаулы тәрбиелеу мекемелерінен оралған адамдарды, нашақорлықтан, құмарлықтан, маскүнемдіктен емдеуден өткен адамдарды, адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауыратын адамдарды әлеуметтік қалпына келтіру (оңалту);
7) құқықтық насихат, жастардың жұмысқа орналасу, білім беру және кәсіптік даярлау, бос уақытын өткізу, туризм және спорт салаларындағы құқықтарын іске асыру мүмкіндігі туралы оларды хабардар ету;
8) жастардың тұрғылықты жері бойынша бос уақытын мазмұнды өткізуін ұйымдастыру, соның ішінде жасөспірімдер мен жастардың аула клубтарын ашу мен қолдау және жастарға көмек көрсету жөніндегі басқа да функциялар;
9) жастардың жұмысқа орналасуына және жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу болып табылады.
3. Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер жұмыстарын қаржыландыру мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үшін көзделген мемлекеттік бюджет қаражатының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен жүзеге асырылады.
4. Әлеуметтік қызметтердің жастарға арнап мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын қызметі шеңберінде көрсететін әлеуметтік қызмет көрсетулері тегін ұсынылады.
Бұл мақсатта жастарға арналған ақпараттық жүйелерді, ақпарат орталықтарын құру арқылы жастарға ақпараттық қызмет көрсетуді кеңейту үшін жағдайлар қамтамасыз етіледі, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен ынтымақтастық жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдар жастарды, жастар ұйымдарын мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі жоспарланатын және жүзеге асырылатын іс-шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етуге міндетті.
2. Мемлекеттік органдар өз құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының проблемалары бойынша ғылыми-зерттеулер ұйымдастырады. Аталған зерттеулер ұзақ мерзімдік негізде жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатты саласындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды әзірлеу кезінде ескерілетін міндетті шарт болып табылады.
3. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты саласындағы зерттеулердің нәтижелері негізінде уәкілетті орган жыл сайын Қазақстан Республикасындағы жастардың жағдайы туралы баяндаманы әзірлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне табыс етеді және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Қазақстан Республикасындағы жастардың жағдайы туралы баяндаманы орталық және жергілікті мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде тиісті шешімдер қабылдау үшін қарайды.
17-бап. Жастарға арналған әлеуметтік инфракұрылым
2. Мемлекеттік органдардың жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің арнаулы мақсатын өзгерту туралы, тарату туралы шешімдерді қабылдау тәртібі жастардың тіршілігін, білім алуы мен тәрбиесін, дене тәрбиесін, рухани және имандылық жағынан дамуын қамтамасыз ету үшін мұндай шешімдерді қабылдаудың салдарын тиісті мемлекеттік органның немесе органдардың арнайы құрылған сараптама комиссиясының бағалауы жөніндегі іс-шараларды көздейді.
3. Мемлекеттік меншік мүлкі болып табылатын, құрылуы, сатып алынуы немесе оқшауландырылуы жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге байланысты болатын мүлік (соның ішінде жер учаскелері, үйлер, құрылыстар, ғимараттар, жабдық) аталған мақсаттарына ғана сәйкес пайдаланылуы мүмкін.
Егер туындаған мән-жайларға байланысты аталған мүлікті жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында пайдалану мүмкін болмаса, оны өзге мақсаттарда пайдалану туралы шешімді тиісті уәкілетті мемлекеттік орган жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектісінің шығынын өтеуге бағытталған шараларды алдын ала қолдану шартымен қабылдайды.
4. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен жастар ұйымдарына үйлерді, ғимараттарды және олардың жарғылық мақсаттарын жүзеге асыру үшін қажетті өзге де мүлікті өтеусіз пайдалануға беруге құқылы.
5. Жастарға арналған мемлекеттің меншігіндегі әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің жұмыс істеу тәртібі, оны материалдық және қаржылай қолдау шаралары Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
2005 жшідын 2-ші жарты жылдығында "Оңтүстік Қазақстан облысында жастар саясатының 2006-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының" жобасын әзірлеуге барлық аудан, қалалардағы жас азаматтар белсене қатысып, өз ұсыныстарын енгізді. Жоғары және орта арнаулы оқу орындарында "дөңгелек үстелдер", кездесулер ұйымдастырыльш, жастардың өздерінің катысуымен бағдарлама жобасына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын
Жастар саясатын тиімді жүзеге асыру барысында облыс әкімі жанынан кұрылған жастармен жұмыс жүргізу жөніндегі Кеңес жұмыс істейді. Облыстың барлық аудан, кала әкімдіктері жанынан жастармен жұмыс жөніндегі кеңестері құрылған.
Әр түрлі мәселелер бойынша Кеңестің арнайы мәжілістері өттіліп, жастар саясатын жүргізудің барысы, аудан, қалаларда атқарыльп отырған жұмыстар сарапталып, талданып отырады.
Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаменті жанынан "Жастар Орталығы" мемлекетгік коммуналдық қазыналық кәсіпорын жұмыс істейді. Аталмыш кәсіпорын қызметкерлерінің жалпы саны - 28. "Жастар Орғалығы" МКҚК облыстағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастармен жұмыс жөніндегі комитеттерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді, сонымен қатар, оқу орындарындағы студентгік жатақханалармен, жастар қоғамдық бірлестіктерімен, аудан, қалалардағы жастар саясатымен айналысушы мемлекттік мекемелерімен үздіксіз байланыстар орнатып, жұмыстар жүргізуде.
Обысымызда 2005 жылмен жұмыспен камту органдарына жұмыс іздеу жөнінде 19 мың 949 азамат өтініш берген болса, оның 4 мың 892-сін жастар құрайды. Жұмыс іздеп келген азаматтардың 14 мың 245-і тұрақты жұмысқа орналастырылған. Жұмысқа орналасқандардың 3 мың 537-сін жастар
Жастар арасында жұмыссыздық мәселесін шешуге ықпал ету мақсатында білімді, жоғары кәсіби, белсенді жас азаматтарды мемлекетгік қызметке тарта отырып, "Алтын қор" кадрлар резерві қүрылған болатын. Жыл сайын жоғары оқу орын бастыларымен байланыса отырып. қоғамдык жұмысқа белсене қатысушы, оқуда үздік студенттер туралы мәліметтер жинақталып отырады. 2004 жылы оқу орындары резерв құрамына 1 мыңға жуық студенттер ұсынып, олардың ішінен 31-і іріктелініп алынған болатын. Қазіргі танда олардын басым бөлігі Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет жөніндегі агентгігінің облыстық басқармасынан арнайы тесттен өтіп, мемлекетгік қызмет жақсаруда. Қалғандары әр түрлі салалар бойынша түрлі мекемелерде қызметте. 2005 жылы "Алтын қор" резервін жасақтау барысында мемлекеттік қызметткерлерді даярлау орталығынан 60 студент арнайы курстан тегін өтін, сертификаттармен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, резерв студенттер облыстағы департамент пен басқармалардан, аудан, кала әкімдіктерінен өндірістік іс-тәжірибеден өтіп, кәсіби тәжірибе жинақтады.
Елбасы Жолдауында арнайы аталып өткен студентгік құрылыс отрядтарын құру, олардың жұмысын жандандыру және студент жастарды "Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын" жүзеге асыру процесіне тарту мақсатында 2005 жылгы 8 сәуірде және 22 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі
Б.Жылқышиевтың стуенттік кұрылыс отрядтары командирлері және жоғары оқу орын басшыларымен 2- рет кездесуі ұйымдастырылып өткізілді.
Кездесу барысында құрылып жатқан студенттік кұрылыс отрядтары, ондағы негізгі пробемалар мен алдағы жұмыс жоспарлары талқыланып. Бірқатар мәселелер өз шешімін тапты. Аталмыш кездесуге сонымен қатар жүмыс беруші мердігер мекемелер мен осы саладағы құзырлы орган басшылары катысты. Кездесу барысында отряд мүшелерінің жұмыс мерзімі, жұмыс берушілер, жалақы мәселелері, жұмыс объектілері анықталды.
Жас құрылысшыларды жұмыска салтанатты түрде шығарып салу мақсатыңда 2005 жылғы 28 мамырда "Жастар сарайында" "Студенттік құрылыс отрядтарының облыстық слеті" өтті. Слетке облыс басшылығы, облыстық департамент пен басқарма басшылары, жоғары және орта арнаулы оку орындарының басшылары және студенттік құрылыс отрядтарының командирлері мен мүшелері қатысып, облыс әкімінің орынбасары Ә.Бектаев отряд командирлеріне арнайы жолдама тапсырды.
Студенттік құрылыс отрядтарының Штаб төрағасына облыс әкімінің ауыспалы туы тапсырылды. Слет соңында жас кұрылысшылар облыс жастарына арнаған Үндеу қабылдады. 2005 жылгы 1 сәуірде Республикалық Штаб төрағасы Н.Кәрімбаевтың облыстағы студенттік құрылыс отрядтарының командирлерімен кездесуі өтті.
Кездесуден кейін Н.Кәрімбаев "Жастар сарайында" облыстағы жастар қоғамдық ұйымдарының төрағаларымен кездесіп, жастар ұйымдарының басшылары өз пікірлерін ортаға салды.
2005 жылы жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 619 мүше саны бар 29 отряд кұрылып, олардың 457-сі түрлі кұрылыс нысандарында жұмыс атқарды. Жас құрылысшылар Шымкент қаласындағы "Нұрсәт" мөлтек ауданындағы тұрғын үй кұрылысы жұмыстарына, Төлеби ауданының "Бір көлік" Сарыағаш ауданында құрылыс нысандарындағы жұмыстарға белсене қатысып. атқарған жұмыс көлеміне қарай 13 мын теңгеден 25 мың теңге аралығында жалақымен қамтамасыз етілді. 2005 жылдың 21 қазанында құрылыс нысандарында өз белсенділіктерімен үздік деп танылған және "Жасыл ел" еңбек отрядтарының белсенді студенттері Астана каласында өткен студенттік қүрылыс және "Жасыл ел" еңбек отряд-тарынын республикалык слетіне қатысты.
Елбасы Жолдауында ерекше атап көрсетілгендей, студент жастарды демалыс кезінде көгалдандыру жұмыстарына тарту бастамасына сәйкес "Жасыл ел" багдарламасының аясында коғамдық жұмысқа белсене қатысатын студенттер қатарынан 507 адамнан тұратын студенттік жасақтар құрылған болатын.
Көгалдандыру жұмыстарына қатысқан студенттерге республикадан 12 мың теңге, жергілікті жерден 9 мың теңге, жалпы 20 мың теңгеден астам жалақымен қамтамасыз етілді.
Мемлекеттік "Жасыл ел" бағдарламасының аясьнда 2005 жылғы наурызда "Жасыл ел" атты сенбілік апталықтары ұйымдастырылып, ауқымды акция өтті. Студент жастардың қатысуымен Шымкент қаласының сыртқы аймақтарына 1000 ағаш көшеттері отырғызылып, бірқатар жерлер коқыстан тазартылды. Акцияға жоғары және орта арнаулы оку орындарыньң студенттері, жастар қоғамдық бірлестіктерінің мүшелері, БАҚ-ның өкілдері қатысты.
Сонымен қатар, 20 наурызда студенттік жасақтар мен жастар қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен Шымкент қаласындағы орталык көшелерде орналасқан 8 тұрғын үйлердің аулаларында сенбілік жұмыстары ұйымдастырлып өтті.
Облыстық ішкі саясат департаментінің қолдауымен жетекші жастар қоғамдық бірлестіктері облыстық, аймақтық және республикалық деңгейде бірқатар жұмыстар жүргізуде. Ұлтаралық карым-қатынасты нығайту мақсатында "Вера" жастар клубының Шымкент-Алматы бағытарындағы "Жаяу жүру маршы", "Парасат" жастар қоғамдық бірлестігінің бастамасымен табиғат апатындағы су тасқынына» зардап шегушілерге арналған "Қамқорлық" акциялары ұйымдастырылып, арнайы орнатылған жәшіктер арқылы жнналған қаржылар апат болған мекендерге жөнелтіліп отырды.
Жастар қоғамдық бірлестіктерінін; белсенділігін арттыру, инновациялық бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында 2005 жылдың маусым айында жыл сайьнғы "Әлеуметгік жастар жобалары" байқауы ұйымдастырылып еткізілдІ. 2005 жылы аталмыш байқауға келіп түскен үздік жобаларға 2 миллиоы 100 мың теңге каржы карастырылды.
Әлеуметтік жастар жобалары байқауына облыстың аудандары мен калаларынан 20 жұмыс ұсынылды, олардың ішінен 5 жоба үздік деп танылды. Олар:
1. "Үміт" қоғамдық бірлестігінің "Жастар еңбек биржасын" ашу атты жобасы. Қаржы көлемі - 1 000 000 теңге. Жоба бойынша облыстың Сайрам ауданындағы жұмыссыз 20 жас азамат арнайы оқу курсынан тегін өтіп, жұмыспен қамтамасыз етілді;
2. "Жалын" жастар коғамдық бірлестігінің "Жастардың жұмыс іздеу клубын" ашу жобасы. Қаржы көлемі - 500 000 теңге. Жобаны жүзеге асыру барысында Төлеби ауданының орталығы Ленгір қаласынан "Жастардың жұмыс іздеу клубы" ашылып, жұмыссыз жастарға әдістемелік, ақпараттық көмек көрсету қызметі ұсынылды, сонымен қатар, арнайы мамандармен жұмыссыз жастарға арналған даярлау курстары өтіп тұрады. Клубта тұрақты түрде 3 маман жұмыс істейді, арнайы кабинетпен, кұрал, жабдықтармен (компьютер, оқыту құралдары жэне т.б.) қамтамасыз етілген,
3. Қазақстан Жастарының Конгресі ОКО филиалының "Ауыл жастарына арналған маркетинг қызметін, бизнестік мектеп және жастардың коммерциялык құрылымын құру" жобасы. Қаржы көлемі - 200 000 теңге. Жоба бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт, Отырар, Ордабасы, Сайрам, Төлеби. Түлкібас аудандары мен Түркістан қаласында (жалпы 7 аудан мен 1 қалада) ауылды жерлердегі азаматтық бейімделу, жоспарлы бизнес, маркетинг салалары бойынша жылжымалы оқу курстары мен семинар тренингтер өткізілді.
4. Ұлттық мәдени орталықтарының жастар канаты Одағыньң "Жастар және жас жеткіншектер арасындағы қылмыстың, нашақорлық пен алкоголді ішімдіктің алдын алу, сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру" жобасы. Қаржы көлемі - 200 000 теңге. Жоба бойынша спорттык ойын (футбол, волейбол, баскетбол) түрлерінен жастар арасында жолдастык кездесулер өткізілді. Сонымен катар, облыстағы танымал спорт шеберлерімен кездесулер мен "дөңгелек үстелдер" ұйымдастырылып өткізілді.
5. "Республикалық Брейк Данс Федерациясы" қоғамдық бІрлесгігі Оңтүстік Қазақстан облысы филиалының "Ауыл жастарының және студент жастардың бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру" жобасы. Қаржы көлемі - 200 000 теңге. Жобада көзделген іс-шараларды жүзеге асыру барысында, өнер мамандарынан жасақталған арнайы топ Оңтүстік Қазақстан облысынын Сарыағаш ауданы, Арыс, Түркістан, Кентау қалаларындагы талантты жас азаматтарды тауып, өнер жастары шоу бизнес бойынша оқу курстарынан тегін өтті. Сонымен қатар, ауындардағы өнерпаз жастардың фестивальдері мен жарыстары ұйымдасттырылып өтті.
Жастарды ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін құру, жастар саясатының жүргізілуіне ақпараттық қолдау, жас журналистердің шығармашылық деңгейін көтеру максатында 2005 жылгы 1 сәуірде электронды және баспалык бұқаралық ақпарат құралдарының арасында дәстүрлі "Жастар айдары" байқауы ұйымдастырылып өтті. Байқауға жалпы 12 жоба ұсынылып, ең үздік деген 7 басылымның жобалары қаржыландырылды.
Олар: "Оңтүстік Қазақстан" газетінің "Жасын" қосымшасы 150 мың теңге, "Южный Казахстан" газетінің "Молодежка" қосымшасы 100 мың теңге, "Жастар дауысы" газеті 50 мың теңге, "Рухани қазына" газеті 50 мың теңге, "Аққиқат-Истина" газетінің "Жас қайың" косымшасы 75 мың теңге, Сайрам аудандық "Мәртөбе" газетінің
"Өркен" қосымшасы 50 мың теңге, Шардара аудандық "Шартарап-Шарайна" газетнің "Жастар бегі" қосымшасы 50 мың теңге қаржымен камтамасыз етілді.
Білім-ғылым саласында жастарға пікір-сайыс бағдарламасын кеңінен түсіндіру және насихаттау жұмыстарын жүргізе отырып, 2005 жылғы қаңтар айында облыстың Түлкібас, Төлеби, Бәйдібек, Шардара, Сарыағаш аудандарында пікір-сайыс теорияларын оқыту-семинарлары ұйымдастырылды.
Семинарға аудандардағы белсенді студент жастар қатысып, пікір-сайыс теорияларын, ел алдында еркін сөйлеу, шешендік өнер дағдысын жетілдірді.
Семинарға әр ауданнан 30-40 студент жастар, жалпы 190 адам қамтылды.
Облыс әкімінің қолдауы бойынша асыраушысынан айрылған мектеп бітіруші оқушыларға облыс әкімінің тегін гранты мен стипендиялар тағ айындалды.
Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықка қарсы күрес жүргізу мақсатында 2005 жылғы 25 маусымда Шымкент қаласының "Техно" саябағында "Нашақорлық - індет" атты акция өтті. Акцияға облыс басшылығы, департамент пен басқарма басшылары, жоғары және орта арнаулы оқу орыңдарынын студенттері мен жастар қоғамдық ұйымдарының мүшелері қатысты. Ұлттық мәдени орталықтарының жастар қанаты концерт қойылып, студент жастардың ұйымдастырумен нашақорлыққа қарсы арнайы көріністер көрсетілді. Акцияның соңы дискотека мен ұласты.
2005 жылы 27 қазанда облыстық жастар форумы ұйымдастырылып өтті. Арнайы 2 бөлімнен туратын форум жұмысының 1-ші бөлімі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде секция жұмыстарымен басталды. "Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру", "Ауыл жастарының жұмысқа орналасуы". "Жастарды білім мен ғылымға ынталандыру" және т.б. маңызды тақырыптардан секция жұмыстарында жастардың көкейтесті мәселелері каралды.
Жастар өкілдері атынан қорытынды ұсыныстар мен талап-тілектер облыс әкіміне жолданып, қолдауларға ие болды. Форумнын 2-ші бөлімі С.Сейфуллин атындағы Халықтар достығы үйінде облыс әкімінің катысуымен жалғасты. Форумға қатысқан аудан, қалалардағы ауыл жастары мен студенттер өз ойларын ортаға салып, соңында облыс жастарына арнаған Үндеу қабылданды.
Қазақстан Республикасынын Президенті Н.Ә.Назарбаев 2005 жылғы казанда Оңтүстік Қазастан облысына жасаған сапарында жоғары оқу орындарындағы студенттермен кездесті. Кездесу барысында студент жастарды Астана қаласын тамашалауға өзінің ыстық ықыласын білдірді.
Осы орайда, жоғары оқу орындарыыдагы үздік, белсенді деген 500 студент жастардың кұрамы анықталып, Елордамыз Астана қаласына саяхат жасап қайтты. 500 студенттің "Астанаға саяхат" іс-шарасы облыс жастарының арасында зор әсер қалдырды.
2005 жылғы қараша айында облыс әкімдігінде ең белсенді деген 15 жас азамат ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қабылдауында болды. Елбасымен тікелей жүздесу арқылы өз ойларын білдіре отырьп, көптеген мәселелерді алға тартты.
2005 жылды корытындылай келе, жыл бойында облысымызда жастар саясатын жүргізуге ерекше үлес қосып, өздерінің іскер белсенділіктерімен танылған бірқатар жас азаматтар облысттық ішкі саясат департаменті және "Жастар сарайы" мемлекеттік кәсіпорнының басшыларымен қорытынды кездесуі өткізілді. Кездесу барысында белсенді жастар жетекшілері алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Оңтүстік Қазақстан облысында жастар саясатының 2006-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының іс-шаралар жоспарында көзделген негізгі бағыттар бойынша мемлекеттік жастар саясаты жүзеге асырылуда.
Жастар саясатын ақпараттық-сараптамалык қамтамасыз ету бағытында жастарға пікір-сайыс багдарламасын кеңінен түсіндіру және насихаттау жұмыстарын жүргізе отырып, 2006 жылдың қаңтар айынан бастап, жергілікті «Қазақстан-Шымкент» жэне «Отырар» телеарналарында телевизиялық пікір-сайыс ойындары өтті. Пікір-сайыс ойындарының түсірілімі әр айдың жұма күндері облыстық телеарналарда жарыққа шығарылды.
«1916 жылғы Қазақстан мен Орта Азядағы Ұлт-азаттык көтеріліске 90 жыл атты» ғылыми-теориялық конференция өткізу үшін 2006 жылғы наурыз айынан бастап жоғары жэне орта арнаулы оқу орындарындағы жас ғалымдардың еңбектері жинақталды. Қыркүйек айында жас ғалымдар өз еңбектерін қорғап, ең үздік авторлар арнайы басып шығарылған жинаққа ие болды.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңының 16-бабының 1 тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысындағы БАҚ-да бірқатар жастарға арналған айдарлар мен бағдарламалар жұмыс істеуде. Олар, "Оңтүстік Қазақстан" газетінің жастарға арналған "Жасын" қосымшасы, "Южный Казахстан" газетінің "Молодежка" қосымшасы, "Жастар дауысы" газеті және т.б. аудандық, қалалық газеттерде, оқу орындарында жастарға арналған баспасөз басылымдары жарық көріп отырады. Бұдан басқа, облыс аумағында жастар мен жасөспірімдерге арналған жергілікті "Отырар" телеарнасында "Жас толқын", "На самом деле", "Қазақстан-Шымкент" телеарнасында "Ақ желкен" бағдарламалары эфирге шығуда.
Жастарды әлеуметтік қолдау, жұмысқа орналасуына ықпал жасау мақсатында «Жас маман» атты жоғары және арнаулы орта оқу орнын бітіруші жастардың резюме кітапшасы шығарылды. Сонымен қатар, департамент тапсырысымен «Оңтүстік Қазақстан жастары» атты әдістемелік құрал шығарылып, жастар ұйымдарына, жоғары және орта оқу орындарындағы жастар ісі жөніндегі комитет төрағаларына және аудан, қалалардағы ішкі саясат бөлімдеріне таратылды.
2006 жылғы қарашада облыс әкімінің жастармен кездесуі өтті. Кездесу барысында жастар тарапынан айтылған ұсыныс тілектер назарға алынып, жүзеге асыру барысында жоспар - тапсырма түзілді. Түзілген жоспарға сәйкес, арнайы тапсырмалар беріліп, орындалуы бақылауға алынған.
2006 жылдың мамыр айында жоғарьт оқу орындарын үздік бітірген, мемлекеттік қызметке орналасуға тілек білдіруші студенттер қатарынан "Алтын қор" кадрлар резерві жасақталып, 60 студент мемлекеттік қызметкерлерді даярлау орталығынан арнайы оқу курсынан өтті. Оларға сертификаттар тапсырылып, облыстағы департаменттер мен басқармалардан, аудан, қала әкімдіктері және т.б. мемлекеттік мекемелерден іс-тәжірибеден өтті.
Жастардың жұмысқа орналасуына ықпал ету мақсатында қазіргі таңда жұмыс істейтін облыс әкімінің «Веб-сайтында» жастардың электронды еңбек биржасын ашу жоспарлануда. Сонымен бірге, жастарды бос жұмыс орындары туралы ақпараттандыруда «Южный Казахстан» газетінің «Ярмарка вакансий» қосымшасы жарық көруде.
Қазіргі таңда қазақ жастарының арасында техникалық мамандықтарды оқуға деген немқұрайлылық бар екендігі жасырын емес. Міндетті түрде жоғары оқу орнын бітіру керек деген түсінік калыптасқандығы - ішкі саясат департаменті тарапынан жүргізілген сауалнама нәтижесінде анықталды.
Сауалнама қорытындысы бойынша мамандық таңдаушы жастардың басым бөлігі кәсіптік-техникалық мектептерде оқығысы келмейтіні, кәсіптік-техникалық мектептердің жағдайынан, оларда қандай мамандықтар дайындалатындығынан және жастардын еңбек нарығынан да хабарсыз екендігі анықталды.
Ішкі саясат департаменті бос жұмыс орындары жөнінде мэлімет жинақтап, жастарға бағыт-бағдар, құқықтық-психологиялық кеңес беретін жобаларға мемлекеттік тапсырыс арқылы қаржы бөліп, бұл бағытта жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстарын ынталандыруды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат қүралдарында «Сіз қандай мамандық таңдайсыз» атты айдарлар, бағдарламалар ашып, дұрыс мамандық таңдау, техникалық мамандықтарды насихаттау мақсатында ақпараттық материалдар циклін шығару көзделген.
Жастардың азаматтық қалыптасуына, оларға әскери-патриоттық жэне рухани-адамгершілік тәрбие беруге жағдай жасау бағытында 2006 жылғы 15 қыркүйекте облыстық ішкі саясат департаменті, «Қазақстан студенттерінің Альянсымен» бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15 жылдығына орай жастар арасында мемлекеттік рәміздерге деген құрметін насихаттау мақсатында Шымкент қаласының Әл-Фараби алаңында «Бұл біздің Әнұранымыз» атты ауқымды акция ұйымдастырып өткізді. Акцияға жастар қоғамдық бірлестіктерінің төрағалары, БАҚ өкілдері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының 7 мыңнан астам студент жастары қатысты.
Ағымдағы жылы Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуының 18 жылдығына орай 5-15 ақпан аралығында «Ерлікке тағзым» атты акция ұйымдастырылды. Акция аясында барлық жоғары және арнаулы орта оқу орындарында кездесулер, жатақханаларда бейне фильмдер көрсетілді. Ж.Шанин атындағы қазақ сазды драма театрында жазушы М.Байғұт пен режиссер Е.Оразымбетовтің «Бозтарғайдың ұясы» атты қойылымы студент жастарға ұсынылды. Сонымен қатар, жергілікті БАҚ-да арнайы фильмдер көрсетіліп, 2 жерге билборд орнатылды.
2007 жылдың 9 ақпанда «Қазақстан студенттер альянсы» мен «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесіп, «Елтаңба - ел елдігі» атты мүшайра ұйымдастырылды.
Мемлекеттік тілді қолдау, оның қолданыс аясын кеңейту мақсатында 2007 жылғы 21 ақпанда облыс әкімінің мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдері - жастармен кездесуі үйымдастырылды.
Жастар мәселесі бойынша жастар қоғамдық ұйымдарымен бірлесіп «дөңгелек үстелдер», іс-шаралар, облыстық ішкі саясат департаменті директорының жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттерімен кездесуі ұйымдастырылып тұрады. Сондай-ақ облыс әкімдігі жанындағы жастармен жұмыс жөніндегі кеңесі бекітілген жоспарға сәйкес өз жұмысын жүргізуде.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар арасында бұқаралық спортты дамыту, жастарға құқықтық тәрбие беру бағытында 2006 жылдың қазан айында мемлекеттік "Жасыл ел" бағдарламасының аясында қоршаған ортаны қорғау, табиғи орындарды көріктендіру мен жер-жерде тазалық жүмыстарын жүргізу, жастардың Отанға деген патриоттық сезім қалыптастыру мақсатында Шымкент каласының сыртқы аймақтарында және Сайрам ауданының Мәртөбе төбесінде экологиялық сенбіліктер ұйымдастырылды. Сенбіліктерге жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, БАҚ өкілдері, жастар қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, ұлттық мәдени орталықтарының жастар қанаты Одағы және т.б. әр түрлі саладағы жастар қатысты.
Облыс аумағындағы БАҚ-да салауатты өмір салтын насихаттау барысында телеарналарда бейнероликтер, бағдарламалар дайындалып эфирге шығарылса, жергілікті БАҚ-ның осы тақырыпта мақалалар жариялануына ішкі саясат департаменті тарапынан сараптама жасалынып, бағыт-бағдар беріліп отырады.
Қоршаған ортаны қорғау, қаланы тазарту мақсатында Ішкі саясат департаментінің бастамасымен үстіміздегі жылы «Таза қала» акциясы ұйымдастырылып, акция аясында арнайы кұрылған топ 10 ақпан күні жұмысын бастады.
Топтың негізгі мақсаты - қала тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, тазалау жұмыстарын үйлестіру, ластанған және қоқыстанған аймақтарды анықтап, тиісті мемлекеттік органдарға мәлімет ұсыну. Топ құрамындағы студент жастар жобаға сәйкес айына 15 теңге еңбекақы мен, арнайы көлікпен, киіммен және қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.
Жастар қоғамдық бірлестіктерін дамыту жэне оларға қолдау көрсету бағытында бірқатар мақсатты іс-шаралар қолға алынуда. Оңтүстік Қазақстан облысында әділет департаментінен тіркеуден өткен 36 жастар қоғамдық бірлестіктері бар. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеғе асыру мақсатында ақпан айында жастар ұйымдарының үздік жобаларына байқау жарияланды.
Облыстағы жастар қоғамдық бірлестіктерінің қызметін дамыту және ақпараттық қолдау көрсету мақсатында департамент тарапынан «ОҚО жастар қоғамдық бірлестіктері» және «ОҚО жоғары оқу орындары» атты брошюралар шығарылды.
«Білімді жастар - еліміздің жарқын болашағы» атты Республикалық пікір-сайыс турнирі ұйымдастырылып, турнирге қатысушылармен кездесу, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, 18 ақпанда «Жасыл Ел» өңірлік бағдарламасының 3 жылдығына орай облыстық пікір-сайыс ойындары өткізілді.
Облыстық ішкі саясат департаменті тарапынан жүргізілген социологиялық зерттеулердің нэтижесінде жастар арасында тұрғын үй, жеңілдетілген жол жүру билетінің өзекті мәселе екені анықталған болатын.
Жастар арасында түрғын үй мәселесін шешуге ықпал ету үшін түрғын үймен қамтамасыз етуші құзырлы мекеме өкілдерімен кездесу өткізу наурыз айына жоспарлануда.
Бүгінгі таңда жеңілдетілген жолда жүру билетімен қамтамасыз ету мэселесі шешімін тауып, Шымкент қаласының бюджетінен 50 млн. қаржы бөлініп, 50 пайыз жеңілдікпен жүретін 40 мың дана билет шығарылды.
Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру облыстық ішкі саясат департаментінің бақылауында.
ОҢТҮстік қазақстан облысындағы ішкі саясат бағытындағы жастардың Әлеуметтік және экономикалық МӘселелерін шешу
25 12 2014
5 стр.
Республикасында мемлекеттік жастар саясатын дамытуды пайымдау мен ағымдағы жағдайды талдау
15 10 2014
1 стр.
КӘсіпорынның Өндірістік бағдарламасын қалыптастыруды жетілдірудің негізгі бағыттары
25 12 2014
4 стр.
Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жастар саясатының тұжырымдамасы туралы" 1999 жылғы 28 тамыздағы n 73 N990073 өкiмiмен бекiтiлген Қазақстан Республ
14 12 2014
1 стр.
Пәннің негізгі мақсаты – тұрақты дамудың теориялық негіздері облысында білімдерін шыңдау және тәжірибелік машық алу
16 09 2014
1 стр.
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру мен iске асырудың құқықтық негіздерiн анықтайды
25 12 2014
1 стр.
Бұдан басқа коммерциялық банктердің өтімділігін қамтамасыз етуден тұратын қабылданған шаралар осы саясаттың қисынды қорытындыларына, көбіне инфляцияны ынталандыруға әкеледі
25 12 2014
1 стр.
Екіншіден, бұл сала тек коммерциялық банктердің пайдасына қолайлы. Негізі, Қазақстанның Ұлттық банк жүйесі еліміздің ұлттық экономикасына тән, қолайлы болуы қажет. Ал бізде солай м
25 12 2014
4 стр.