Перейти на главную страницу
2. Аймауытов Ж. Тап ақыны әзір қазақта жоқ. // Еңбекші қазақ. 4 cәуір. 1925.
3. Мұқанов С. Көркем әдебиет туралы. // Еңбекші қазақ. 14-15 қазан. 1926.
К.А. Тлегенова
Астана, Казахстан
АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕКТІҢ ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗ БЕТТЕРІНДЕ ЖАРИЯЛАНҒАН МАҚАЛАЛАРЫНЫҢ КОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бүкіл әдебиет атаулыны асқар биік тау бейнесінде көріп, ал поэзияны оның асыл шоқтығы ретінде таныған, оған бас иіп табына білген үлкен тартыс дауылы қанаттандырған жалынды күрескер ақын Ақселеу Сейдімбектің өмірлік, әсемдік сырлары мол талантты шығармалары қазақ әдебиеті тарихының төрінен ерекше орын алады. Туған халқының игі арманы мен өткір мақсатын ұштастыра білген Ақселеу ұйқысыз көз ілмей жазған дүниелері ұйқылы-ояу ұлтына әрқашан демеу болып, дарынды шығармашылық өсу жолында ұлы өнер қайраткерлерінің қатарына ерте көтерілді.
Жаңа өмірді, жаңа мәдениеті жасаудың ауыр жүгін көтеріп, тұтастай бір ұлттың өлгенін қайтып тірілтіп, ұмытылғанын қайта жаңғыртып бір ғана адамның қолынан келе бермейтін дүние екенін көрсете білді. Ендеше, қазақ әдебиетінде оның соны дәстүрін қалыптастыру, сөз жоқ, ұлы талант иесіне тән сипат деп ұғамыз.
Ақселеу Сейдімбекті еске алғанда, тұтастай қазақтың шежіресі, қазақ әдебиетінің негізін қалаған жазушы салтанатты сарайын да салысқан адам деп танимыз. Ақселеу Сейдімбек қазақ әдебиетінің жаңа дәуірі іспеттес ол әдебиеттің барлық жанрында да алдынғы, озық қатарда болып, барлығында ескірмес, өшпес үздік үлгілер жасады. Сол себепті Ақселеуді қазақ әдебиетіндегі жаңа адам ретінде көре аламыз. Жалпы айтқанда, Ақселеу Сейдімбектің басылым беттерінде жарық көрген мақалаларын есептемегенде, «Күй шежіресі» мен «Қазақтың күй өнері» атты екі бірдей кітабы жарық көрді және әдебиетіміздің тарихында күй аңыздары - Ақселеу Сейдімбек еңбегінің негізгі нысанасы. Өйткені бұл музыкадан гөрі фольклорға, әдебиетке жақын, күйдің тууына себеп болған жағдайларды, оның туу процесін таныта алатын аңыз-әңгімелер. Осы күнге дейін музыкалық фольклордың өзін ғана сөз етіп, оның филологиялық сыңарын сөз етпей келген болсақ, Ақселеу соның орнын толтыра зерттеген лирик-романтик ақын, көркем шебер тілді прозашы, драматург, көсем-сөзші, әдебиет сыншысы, әдебиет тарихын, фольклорды зерттеуші ғалым-педагог ретінде бағаланады.
- Сондай-ақ Ақселеу-қазақ баспасөзін ұйымдастырушы редакторлардың бірі, оқырманға алдымен қаламы жүйрік журналист ретінде танылды, оның публицистикалық еңбектері журналистиканы жаңа деңгейге көтерді. Жәнібек Кәрменов екеуінің қазақтың ән өнері туралы сыр-сұхбаттар сериясы қазақ телевизиясының алтын қорына кірді. Өз туындыларына көптеген әнмен, күймен біте қайнасып жатқан өлең, жыр, толғау шығарған композитор. Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында әдебиет тарихы мен фольклорынан дәріс оқып, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін бірыңғай ғылыми жұмысқа ауысып оқу орындарын басқарған ұстаз–тәрбиеші. Ы.Алтынсарин атындағы Білім проблемалары институтының директоры, Қазақ Білім академиясының президенті, Президенттің мәдени орталығы директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 2000 жылдан бастап Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі, профессоры болып істеді. Осындай сан қилы дарындылыққа ие болып, асыл қасиеттерге көмілген Ақселеу Сейдімбек тұлғасы болашақ үшін әрдайым биік болып қала береді.
Ақселеу Сейдімбек аса көрнектілікпен қызу күрес үстінде дамыған жазушылық қызметі өте-мөте қызықты. Өз дәуірінің шындығын үлкен ақындық шабытпен дер кезінде жырлауы-бұл ақынның қазақ әдебиетінің қалыптасу тағдырын шешкен күрделіде тың шығармашылығының, туындыларының тұңғиыққа енуі.
Өнер жолына ерте қанат қағып, биікке шарықтай өрлеген ақын Ақселеу Сейдімбек қашан да өз халқының бақыттылығын, азаттығын жастайынан өз көзімен көруін аңсады. Қайнаған қызу өмір оның ақындық жан-дүниесін билеп, жаңа шығармалар бірінен соң бірі туып, жігерлі сезімі бірте-бірте тереңдей түсті.
Ақселеу Сейдімбекті тек зерттеуші-ғалым ретінде тану аздық етеді. Оның қолына қалам алған күннен бастап баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары оның публицистикаға да етене жақын екендігін көрсетті. Жалпы, біздер Ақселеу Сейдімбекті ұлттық журналистиканың негізін қалаушылардың қатарына да жатқызатындығымыз сондықтан.
Ақселеу Сейдімбек тұлғасы қазақ елін өркениетке қалай жеткіземін, басқалармен терезесін қалай тең етемін деп ойлағандықтан дараланбақ. Ол өзінің өлең-жырларында, көркем шығармаларында ғана емес, әрбір істерінде де осы арманын көрсетіп, дәлелдеп отырды.
Ақселеу Сейдімбек - шынайы қоғам қайраткері. Бұл «лауазымды» үлгі өнегесі бар пенденің іс әрекетіне қарап, ешбір жарлықсыз халықтың өзі береді. Осының бәрі бір адамның бойынан табылуы-тарихтағы өте бір бақытты сәт. Міне, сондықтан Ақселеу Сейдімбектің талай асыл қырларымен дараланып, тарих бетінен мейлінше жарқырап көрінетіні де осыдан.
Осыншама үлкен парасат, атақ-даңқты өмір өткелдерінен аударып төңкермей өтуіне Ақселеу Сейдімбектің асыл қасиеттері, әсіресе адалдығы, қандай ауыр дүниеге түссе де, өкінбейтін табандылығы, бір сөзбен айтқанда, кімді болсада, сүйсіндіретін арлы азаматтығы екені баршаға аян. Сенгеніне құлай берілу, иман деп тапқанынан табан аудармау, көз жазбау, алданып қалмаймын ба деп ойланбау, –көзсіз табандылық. Осы принцип Ақселеу Сейдімбекті әр қилы өмірде бірде сүріндіріп, бірде жарқыратып көрсетіп отырды.
Ол, – әдебиеттанушы және этнограф ғалым ретінде ұлттық төлтумалықты айғақтауға елеулі үлес қосты, қазақтың қара өлеңдері мен күй аңыздарын жүйелеп, ғылыми айналымға түсірді. Қазақстанда этнографиялық және этнологиялық ізденістердің жандануына ықпал етті. Ақселеу Сейдімбектің есімі зерделі өнер зерттеушісі әрі өрісті өнер иесі ретінде халқымызға кеңінен танылды. Қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін тұғыр ете отырып, «Сарыарқа», «Дәурен-ай», «Толғау» сияқты ұлт рухын көтеретін тамаша әндер шоғырын дүниеге келтірді.
Ақселеудің баспасөз беттеріндегі ғұмырын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады.
1) Қазақ публицистикасындағы жаңғыру кезеңі (1957-1977 ж.ж.);
2) Тоқырау кезеңі (1978-1985 ж.ж.);
3) Жариялылық кезеңі (1985-1990 ж.ж.).
Осы үш кезеңде де жазушы қаламы мұқалған жоқ. Қайта тыңнан түре салған мақалалары мен зерттеу кітаптары осы кезеңдерде қазақ оқырманының қолына тиді. Әсіресе, тәуелсіздік алған жылдардан бастап ұлттық журналистиканың қарыштап дамуына сүбелі үлес қосты. Мысалы, тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ұлттық сарындағы публицистика туды. Алайда Ақселеу Сейдімбектің кеңестік кезеңнен бастап ұлттық сарында жазған дүниелері тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық публицистиканың дамуына өлшеусіз үлесін қосты. Күлтегін жазбаларында із қалдырған тарихтан бүгінге дейінгі тәуелсіздік идеяларын саралау бағытында «Тарих және тәуелсіздік» атты зерттеу мақаласы ұлттың жоғын жоқтап, мұңын мұңдады. Ұлттық сипаттағы көптеген публицистикалық ойлары біртіндеп басылым беттерінде шыға бастады. Негізінде Ақселеу Сейдімбектің көптеген мақалалары «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрді. Өйткені жазушы-ғалым өмірінің бір кездері аталған газетте меншікті тілші қызметін атқарса, кейінгі өмірін Астана қаласындағы Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінде өткізді. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап ұлттың басына төнген қатерді жазуымен түземек болған Ақселеу Сейдімбек бірнеше мақалаларын, очерктерін, хаттарын, зерттеу мақалаларын қазақ басылымдарында үзіліссіз жариялап отырды. Соның бірі 1994 жылы республикалық «Ана тілі» газетінде жарық көрген «Ұлт басына төнген қатер» атты көлемді мақаласы болатын. Мұнда автор Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесінің Конституциялық сотының ұлттық Қауіпсіздік комитетінің назарына ұлттық алалауды тоқтату, мемлекетті құрайтын негізгі ұлттың абыройын қандай жағдайда болмасын түсірмеуін өтінеді. Одан соң араға бір жыл салып 1996 жылы тағы да сол ұлт газеті атанған «Ана тілі» апталығында ҚР сол кездегі Мәдениет министрі Т.Мамашевке қаратып «Ұлт мүддесі мәңгілік серігіміз!» атты мақаласы жарық көреді. Мұнда қазақ ұлтының мәдениеті мен әдебиеті, өнері мен тарихына байланысты деректердің сыртқа шығарылып, халық санасына тікелей жету керектігі жайлы сөз қозғайды.
Ақселеу Сейдімбек отызға жуық көркем, ғылыми-көпшілік, монографиялық еңбектер жазып, соңына мол мұра қалдырған еңбегі лайықты бағаланып, ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанып, «Құрмет» орденімен марапатталды. Сөйтіп жауапты мемлекеттiк лауазымдарда атқарған қажырлы қызметiмен танылып, халық құрметiне бөлендi. Тiрлiктiң түрлi белестерiнде табиғат берген ширақтық пен ақыл-ойдың, парасат-пайымның арқасында қоғамымыздың белдi де белсендi мүшелерi қатарынан лайықты орынға ие болған мәртебелi жан.
Халықта «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген асыл сөз бар. Біз артта қалған шәкірттері Ақселеу Сейдімбекті әрдайым айналасына мейірім мен қамқорлық шуағын төгіп жүретін нағыз азамат ретінде құрметтейміз, мақтан етеміз.
Ол дарынды педагог-ғалым, жоғары мектепті ұйымдастырушы, белгілі қоғам қайраткері – осының барлығы оның жеке тұлғасының жан-жақты қырларын көрсетеді. Ақселеу Сейдімбектің белсенді өмірлік ұстанымы, терең патриоттық сезімі, ғылыми шеберлігі, іскер еңбегі Отанға қалай қызмет етудің нағыз үлгісі болып табылады.
Ақселеу Сейдімбектің 70 жылдық мерейтойының қарсаңында өздеріңіз оқып біліп жүргендей баспасөз бетінде Ақселеу Сейдімбектің бүгінгі үрдісі қалыптасуының куәсі болып отырсыздар.
Көріп отырсыздар өмірде бұралаң жолы көп болған, бірақ сенімінен айнымаған, адалдығымен, табандылығымен таң қалдырған және оның бәрін буы білініп тұратын сезімімен, сырын жасырмайтын ақындығымен жарқырата көрсеткен азамат туралы кейінгі ұрпақтың айтқан ой-пікірі, таным билігі мен көзқарасы шын дарынның тарихтағы ізін, өрелі іс әрекетін, қашаңда халқым, жерім деп соққан жүрегін ешкімде солай емес еді деп айта алмасы сөзсіз.
Ақселеу Сейдімбек – қазақ әдебиетінің бар жанрында алғаш күрделі шығарма берген жаңашыл да батыл суреткер. Бар өмірі идеялық шығармашылық тартысқа, қоғамдық күреске, жаңашылдық ізденуге толы Ақселеу Сейдімбектің суретшілдік жағынан кемелденіп жетпеген ой-қылығы оның өршіл, турашыл, алғыр ұлы ақындық тұлғасына көлеңке түсіре алмайды. Бір біріне қарама-қарсы қаншама айтыс, тартыс сындар туса да, Ақселеу Сейдімбектің қазақ әдебиетінің дамытудағы тарихи ролі асқақтай түседі.
Ақселеу Сейдімбекке деген халық махаббатында шек жоқ.
Ақселеу Сейдімбек шығармалары адамгершілік, көркемдік жағынан болсын, біздің кемеліне келген бүгінгі әдебиетіміздің асқар таудай аса зор тірегі саналады. Оның шығармаларын оқыған, толық түсінген бүгінгі және ертеңгі қауым өзінің Ақселеу Сейдімбек туралы жаңа ойын дамыта беретіні даусыз.
Ұлы ғұлама философ әл-Фарабидің: «Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып екеуі біріккенде – бұлардан адамшылық қасиеттер туындайды» - деген данышпандық ойы мақала арқауы болып отырған – Ақселеу Сейдімбек секілді ізгі жанға арналғанын түсіну қиын емес.
Ақселеу Сейдімбек – тылсым дүние, тұнып тұрған білім маржаны, ғылымның көкжиегіне көз жіберіп тұрған ғалым.
Қай заманда болсын, адамның адамшылық келбеті, ішкі болмысы, рухани жан дүниесі ең негізгі сұлулық болып қала бермек. Мен Ақселеу Сейдімбекті осындай жаны сұлу, бауырмал әрі қайырымды ел азаматы қатарына жатқызамын. Қажыр-қайраты мен ел тамсанған таланты, кішіпейіл міңезіңіз бен шәкірт сүйсінген «Ұстаздық тұлғасы» – бізге үлгі, өнеге. Осы арнауымда өз еліне, туғандарына, қоршаған ортасына өзінің жақсы қасиеттерімен пайдасын тигізіп, мейіріміне бөлеп жүрген біздер үшін, яғни шәкірттеріне ең қымбат, ең жақын адам – ұстазымыз Ақселеу Сейдімбек туралы аз да болса, шын жүрегімнен шыққан лебізімді білдіргім келді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Ұлылықтың үлгісіндей болған Ақселеу Сейдімбек – халқымыздың өр рухының, өнегелі салтының, өрелі қалпының аса көрнекті өкілі еді. Туған халқын, оның төл тарихын, салт-дәстүрін, тілі мен дінін жан-тәнімен сүйіп, бойындағы тәңірі берген бар қабілет-дарыны мен қайрат-жігерін ұлт игілігіне арнаған үлкен парасат иесі еді. Ел егемендігін алып, өз тізгіні өз қолына тиген кезге дейін-ақ Ақаң көп адам айта бермейтін, айтса да жаза бермейтін қазақтың көне мәдениеті мен рухани шежіресін шырылдай жүріп жаңғыртып, қызғыштай жүріп қорғай білді.
Көз майын тауысып «Күңгір-күңгір күмбездерді» жазды, мамырлатып «Мың бір маржанды» жазды, күмбірлетіп «Күй шежірені» жазды. Сөйтіп қазақи үрдіске тән көрнектi кесенелер мен сарайдай сағаналарамызды, қызыл тілге сүйенген сөз өнері мен шешендік мол мұраларымызды, қасиетті қара домбырамызды, одан туған кемеңгер туындыларымызды кілемдей тоқып, өрнектей өріп берді.«Даланың ауызша тарихын» жарыққа шығарып, қазақ шежіресін ғылымның шырқау шыңына көтерді.Сол арқылы қазақтың әдебиетін ғана емес, қалың тарихын да тереңдетті. Ілкіден іргелі ел, жоралы жұрт болғанын дәлелдеді.
Көрнекті әдебиеттанушы ғалым, этнограф, өнер зерттеушісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор, Ақселеу Сейдімбек 1942 жылы 12 желтоқсанда Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы Байдалы би ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген соң өмірінің әр кезеңінде «Жас Алаш», «Орталық Қазақстан», «Егемен Қазақстан» газеттері, «Зерде» журналы, «Әлем» альманағы редакцияларында түрлі шығармашылық басшы қызметтерде болды.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін бірыңғай ғылыми жұмысқа ауысып, Ы.Алтынсарин атындағы Білім проблемалары институтының директоры, Қазақ Білім академиясының президенті, Президенттік мәдениет орталығы директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 2000 жылдан бастап Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі, профессоры болып істеді.
Ақселеу Сейдімбек алдымен оқырманға журналист ретінде танылды. Оның публицистикалық еңбектері журналистиканы жаңа-деңгейге көтерді. Жәнібек Кәрменов екеуінің қазақтың ән өнері туралы сыр-сұхбаттар сериясы Қазақ телевизиясының алтын қорына кірді.
Ол әдебиеттанушы және этнограф ғалым ретінде ұлттық төлтумалықты айғақтауға елеулі үлес қосты; қазақтың қара өлеңдері мен күй, аңыздарын жүйелеп, ғылыми айналымға түсірді. Қазақстанда этнографиялық және этнологиялық ізденістердің жандануына ықпал етті.
Ақселеу Сейдімбектің есімі зерделі өнер зерттеушісі әрі өрісті өнер иесі ретінде халқымызға кеңінен танылды. Қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін тұғыр ете отырып, «Сарыарқа», «Дәурен-ай», «Толғау» сияқты ұлт рухын көтеретін тамаша әндер шоғырын дүниеге келтірді.
Ақселеу Сейдімбек — Қазақстан Республикасы Ұлттық Кеңесінің, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қоғамдық кеңесінің, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының, ПЕН-клубтың мүшесі. Ол — «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты он томдық толымды еңбек авторларының бірі.
Оның «Күй-шежіре», «Көшпелілер тарихы», «Қазақ әлемі», «Қазақ¬тың ауызша тарихы» сияқты іргелі еңбектері ұлт руханиятының бағалы қазынасына айналды. Ол ел бірлігін сақтау, мемлекет тәуелсіздігін нығайту, ұлт руханиятын ұлықтау тақырыбына көптеген тағылымды еңбектер жазды.
Отызға жуық көркем, ғылыми-көпшілік, монографиялық еңбектер жазып, соңына мол мұра қалдырған, Ақселеу Сейдімбектің еңбегі лайықты бағаланып, ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанып, «Құрмет» орденімен марапатталды.
Ақселеу Сейдімбектің қаламынан «Күзеуде», «Қыз ұзатқан», «Ақ қыз», «Біратым насыбай», «Ақиық», «Атамекен», «Алпамыс батыр» атты хикаяттар әдебиет әлеміне жол тартты. «Тауға біткен жалбыз», «Рамазан мерген», «Қақпаншы», «Көңіл шіркін», «Зерде», «Олжа», «Аңшы өтірік айтпайды», «Айқас» деген әңгімелер жазды. «Бақыт», «Бақ, Дәулет және Аман», «Әйел-Ана», «Махаббат», «Батпан құйрық», «Серілер мен перілер», «Қосаяқ», «Емші», «Бай, байғұс және би», «Бетпақдала»,»Бір түп жусан», «Ақ ешкінің шағымы», «Ағыбай батыр» деген ертегілерді туындатты. «Абылай хан», «Күннің қызы Күнікей», «Аққыз» атты киносценарийлер, «Солдаттың оралуы» деген либретто жазды. «Ойсылқара», «Қаныш берген қарындаш», «Жұлдыздар із тастап кетеді», «Сонар», «Шоқан Уәлиханов – публицист», «Батырдың анасы», «Күз ырғақтары» деген жиырма шақты очеркті өрнектеді. Ақселеу Сейдімбектің есімі зерделі өнер зерттеушісі әрі өрісті өнер иесі ретінде халқымызға кеңінен танылды. Қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін тұғыр ете отырып, «Сарыарқа», «Дәурен-ай», «Толғау» сияқты ұлт рухын көтеретін тамаша әндер шоғырын дүниеге келтірді. Өзі де күй тартқанда кез келген дәулескер күйшіден қалыспайтын жан еді.
Өзі айта беретіндей, оның өскен ортасы – көшпелі өмір салт-дәстүрі сақталған сақарадағы қазақ ауылы-тын. Сол көшпелі елдің сүт кенжесі болғандықтан да оның ой-санасы, адами болмысы – жан жаратылысы таза ұлттық – қазақы қалыпта қалыптасқан еді. Осынау қастерлі қазақы қасиет кейін жазушының күллі шығармашылығының алтын арқауына айналуының түпкі сыры осында жатыр. Рас, қазақ қаламгерлері мен зиялыларының баршасының да кіндіктері сол қазақтың қараша ауылдарына байланған. Алайда олардың бәрі бірдей сол қазақы ортаның үлгі-өнегесін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын тап Ақселеуше қан-жандарына сіңіре алмаған сынды. Жазушы-ғалым Ақселеудің өзгелерден артықшылығы дейсіз бе, ерекшелігі дейсіз бе, әйтеуір болмысында – бекзаттық, тұлғасында тектілік қасиет бар. Оның шығармаларындағы ұлттық бояудың қанықтығы, қазақы қасиет, мінез-құлықтың, түйсік-түсініктің қырдың саумал желіндей жан сарайыңды рахат сезіміне шомылдырып, үйіріп әкетуінің түпкі сыры да осында деген болжамымыз да бекер болмаса керек. Қорыта айтсақ, Ақселеудің жазушылығы мен ғалымдығының үндестігінің, үйлесімділігінің негізі бізді осындай тұжырым-түйін жасауға көндіріп те сендіріп отыр. Біздің бұл пікіріміздің ақиқаттығына Ақселеудің қазақтың жан дүниесін тереңнен тартып, адами қасиетінің асқақтығын жазбай танытып, жарқырата жазуы анық айғақ. Оған бұлтартпас мысал ретінде «Күзеуде» повесіне ой жүгіртіп көрелікші.
Тағы бір мысал: Торғын бір жолы Ршыман келгенде өзінің бойына бала біткенін айтқан. Сондағы Ршыманның ағынан ақтарыла имандай сырын жазушының көңіл сезінетін, жүрек тебіренетін сөздермен әдіптегеніне де сондай сүйсінесің: «…Осы жасқа келгенше дәл қазіргідей жар қызығын көріп, дәл қаіргідей пендеге лайық зор қуаныш кешкен емеспін. Түн жамылып отырмын ғой, Уәкиланы (кемпірі) жамандағаным емес, обалы нешік, ұзақ ғұмырыма серік болғанда «әй» дегізер қылығын көргем жоқ. Бірақ еркек үшін әйтеуір әйелім бар деп көңіл демдеу бір бөлек те, сол әйелмен өзіңді жарты сезінудің жөні бір бөлек екен. Нансаң, өзіңмен жарасқанға дейін жарты боп келіппін, адамға лайық рахаттан мақрұм халде жүре берген екенмін… Енді тағдырдың мұнысына да ризамын…» Осы бір сәтте «…сақал-шашы бозарса да, ботадай елпілдеген бұл не қылған асыл жүрек?! Мұндай да керемет болады екен-ау…» деген Торғын ойының төркіні де кештете оянған сүйіспеншілік сезім мен ғұмыры қысқа баянсыз бақыттың баяны көңілдегі көп түйткілдің түйінін шешкен.
Шығарманың ұзын ырғасындағы оқиғаларды тізбелеп баяндамай, сөздің тоқетеріне көшелік. Повестің соңына қарай Ршыман қой жайып, қыр асып кеткен кезде – бір күні, күзеудегі үйіне Торғынды біржолата кіргізіп алғанын құлағы шалған Уәкила келіп, көкірегі жарыла күңіреніп, жанын жаралаған зар-мұңын айтып, көз жасын көлдетіп, іштегі шерін ақтарып барып, әзер дегенде тоқтаған.
Бұл – Ақселеудің кейіпкерлерін тұла бойы тұнған ұлттық қасиеттерімен бейнелеуге ерекше мән бергендігіне бір мысқал мысал. Оңаша кездескен екі әйел бет жыртысып, былапыт сөздер айтып, шаш жұлысып шатыспайды. Уәкиланың уайым-қайғысын жан жүрегімен түсінген Торғын шапылдап ұрсысып, сөз қайырып көргенсіздік көрсетпей, санасын сабырға жеңдіреді. Өз басының күнәсін мойындап, Уәкиланың алдында бас ие кішірейіп, кісілік танытады. Уәкиланың да ашуын ақылға жеңдіріп, ауылға қайтар кезде өзінің бұл келісі қызғаныштан емес, ерінің ерсі қылығы үшін ел-жұрт алдында қысылып-қымтырылып ұялатынын айтып әрі ертең бір шаңырақтың астында тұрсақ ит көрген мысықтай болмай, алдын-ала көрісіп-білісіп қайтпақ ниетпен келгенін білеміз. Міне, ұлттық қасиетті қастерлеудің өнегелі үлгісі повесте осылай мүсінделген. Жазушы кейіпкерлерінің сөз саптауы, ұлттық ұғымдағы жөн-жобаны білуі, қазақы бірегей мінезі, адамгершіліктің тура жолынан таймауы – міне, осының бәрі қазақ жанының қисынды кескін-келбеті. Ұлт қаламгері қазақ болмысын осылайша суреттесе ғана шығармасының мән-маңызы арта түсетінін жанымен түйсінген.
Повестің аяқталуы әрі нанымды, әрі қисынды, солай бола тұра өзек өртердей өкініші де бар.
Уәкиланың сыр-мұңының артында өз өмір жолында асу бермес бір тосқауыл тұрғанын іштей сезінген, мойындаған Торғынды басқа жақта тұратын ағасы көшіріп әкеткен кезде Ршыман қой бағып қырда жүрген. Кешкілік үйінің қаңырап бос қалғанын көрген сормаңдай Ршыманның сондағы көңіл күйін суреттеген жерлерін оқыған сәтте сенің де жаның жаурап, діңкең құрып, күйзеліс күйігіне өртеніп, арпалыс сезімге бой алдырарың ақиқат. Ршыманның «…Көрген қызығымның бар ғұмыры осы ғана ма?! Тәңірім-ау, онда аз күнгі қызыққа несіне емексіттің?!.. Бұл өмірден бұрынғыдай қызусыз, сезімсіз өткенімнің өзі артық еді ғой!» – деген ойларға беріліп, таусыла сөйлеуінен еш оғаштық таппайсың, қайта өзің де оған қосыла өкініш өртіне шалынып, қараптан-қарап шала бүлінесің. Қарапайым адамдардың болмысындағы қазақы қасиеттің қайнар бұлағының көзін ашқан Ақселеуге риясыз риза боласың.
Ршыманның кеш келген, еш балаңдығы, жаза басуы жоқ, кіршіксіз, таза, аяулы сезімінің – сүйіспеншілік тағдырының мезгілсіз мерт болу хикаясын осылайша қара сөзбен жырлаған Ақселеудің аса талантты жазушы екендігіне осы бір ғана шығармасы күдік-күмәнсіз көз жеткізіп тұр емес пе?!
Ақселеудің біз әңгімелеп отырған повестері түгелдей өткен заман оқиғаларынан желі тартқан, кешегі қаймағы бұзылмаған көшпелі қазақ жұртының өмір-тұрмысы, салт-санасы, жалпы жаратылысы қандай ұлт еді, қазір сол рухани мұрадан өмірлік өнеге алып жүрміз бе деген көкейкесті ойларды ортаға салып, сырласуға арналған.
Жаза берсе, талай жауһар дүниені өмірге әкелетін еді. Неге осы бір жазушылық кәсіптен күрт бұрылып, зерттеушілікті, ғалымдықты таңдады? «Ұлт алдындағы парызымды өтеудің өзге жолын таңдадым»,– деп ағынан жарыла айтқан сырын Ақаңның бұдан кейінгі қазаққа берген толымды туындыларын қолға алған кез келген қазақ терең түсінеді деп ойлаймын.
Ақселеу ағаның үзеңгілес серігі, жан жалауы Қойшығара Салғариннің мына бір сөзі Ақселеу Сейдімбектің бүткіл өмірлік қағидасын мейлінше аша түсетіні анық.
– Ақселеу Сейдімбектің азамат ретіндегі болмысын айғақтайтын айқын қасиеттерінің ең бастысы – оның жалтақсыз ұлтжандылығы. Бұл ұлтжандылық – әйтеуір, бір ұлтқа тиесілі болғандықтан қиқуға ілесетін пендешіліктен ада, халқының қадір-қасиетін терең танып-түсінуден туындаған құрбаншыл ұлтжандылық. Содан да болуы керек, ол өзінің ғылыми-шығармашылық ізденістерінде ұдайы ұлттың рухани дәулетін еселеп, бұрын із түспеген соныға құлаш ұрып, жаңалыққа жаршы болып, әсіресе, халық мұрасының еленбей жатқан сырларын түгендеп отыруға айрықша құштар. Ол үшін қазақ ұлтының тарих аясындағы болмыс-бітімі біртұтас киелі жаралым. Содан да болар, оның ғылыми-зерттеу еңбектері бүтін қалпында парықтауға арналып отырады. Бұл ретте Ақселеу Сейдімбек еңбектерінің ұдайы «қазақ» деп басталып отыратыны да көп жайтты аңғартса керек: «Қазақ әлемі», «Қазақтың қара өлеңі», «Қазақтың күй өнері», «Қазақтың ауызша тарихы», «Қазақтың эротикалық фольклоры», т.б. Сөз жоқ, осы аталған еңбектердің қай-қайсысы да тегеурінді де тың ой-тұжырымдарымен қазақтануға олжа салған, ешқашан ғылыми-танымдық мәнін жоймайтын өміршең дүниелер.
Ақаңның жазушылықтан ғылым саласына дендеп бет бұруы ұлт үшін үлкен олжа болғаны айқын. Көркем дүние де керек әрине. Әйтсе де бар ғұмырын қазақтануға арнаған Ақселеу Сейдімбектің «ешқашан ғылыми-танымдық мәнін жоймайтын» салаға саналы түрде білек сыбана кірісуі тегін таңдау емес-ті.
Қанаттас, қаламдас серігінің шығармашылық және ғылыми еңбектерінің бедерлі тұстарын Қойшы-екең былайша жүйелейді: Ақселеу Сейдімбек бұрын жиналмаған да зерттелмеген қара өлең мен күй аңыздарын алғаш рет рухани айналымға түсірді; алғаш рет қазақ эпостарының қара сөзбен насихатталуына мұрындық болды; алғаш рет Гомер туындыларын қазақ оқырмандарына таныстырды; алғаш рет тарихты жеке тұлғалар арқылы зерттеу идеясына ден қойды; Қазақстанда этнографиялық және этнологиялық ізденістердің жандануына ықпал етті; сөйтіп, көшпелілердің төлтума мәдениеті деген категориялық ұғымның орнығуына тегеурінді үлес қосты; қазақтың музыкалық мәдениетінде бес мектептің барын алғаш рет саралап танып, олардың даралық сипаты мен типологиялық тұтастығын айғақтап берді; қазақтың ән өнерінің тарихи-эстетикалық қасиетін алғаш рет кешенді қалпында танытуды мақсат еткен телехабарлар сериясын жасады; қазақтың ру-тайпалық жүйесін алғаш рет тарихи-этнологиялық, әлеуметтік-саяси және мәдени-рухани аяда зерделеп, қазақ шежіресінің қазақ тарихына қатысты түпдеректемелік мән-маңызын ашып берді; әр қилы пікір-бағаға қарамастан, халық мұрасы ретінде алғаш рет қазақтың бейпіл сөздерін жинап, оның ғылыми басылымын жарыққа шығарды; белгілі тұлғалар өмірінің ғибратты сәттерін жинақтауға себепші болған «…деген екен!» айдарын бастап берді. Сөз жоқ, мұның бәрі де халықтың рухани дәулетін сабақты жібіне дейін түгендеуді мұрат тұтқан ұлтжанды азаматтың қам-қарекеті екені кім-кімге де күмән келтірмесе керек. Осындай қасиеттерінің арқасында оның есімі халық арасында айрықша құрметке ие.
Қойшығара ағаның осы пікіріне ден қоя отырып, біз Ақселеу Сейдімбектің жалғыз өзі тұтас бір ғылыми-зерттеу институтының шаруасын атқарғанына куә боламыз. Халық Ақаңды айрықша қастерлеп, ардақ тұтса, ең алдымен оның өз ұлтын өлгенше сүйгені үшін, халқының мол мұрасын шыр-пыры шығып қорғағаны үшін, өшкенді жандырып, өлгенді тірілтуге деген жанкешті еңбегі үшін ардақтап, әспеттейді. Көркем сөздің зергері Әбіш Кекілбайұлының Ақселеу дүниеден өткенде: «Ұлан-ғайыр сахарамызды түгел шолып, ұлан-асыр сыр-сипаттарымызды тегіс қамтып, қат-қабат тарихымызды терең қаузап, дүлдүл оймен, ділмар тілмен толғайтын ғұлама ғалым, сұңғыла білімпаз, сүлей суреткер – қайран Ақселеу, енді жоқ.
Атар таңның жарығы жаңа-жаңа себездеп, айналаны толтыра бастағанда ай маңдайы жарқырап, аққан жұлдыздай көзден ғайып болады деген ой үш ұйықтасақ түсімізге кірмепті.
Алапат төсін айқара жайып, күректей саусақтарын салалай тарақтап, әр сөзін саралай салмақтап, шалқая қарап, шабыттана сөйлеп тұрғаны күні кеше ғана емес пе еді?! Қашанғы қара домбыра мен иірімі мол қыл қобыздың көмейіндегісін, құймақұлақ кәриялардың көкейіндегісін төгіп-шашпай түгел жинап, енесінің бауырына сүңгіген ашқарақ қошақандай қомағайлана бас сұғып, күрпіте сораптап, талмай еміп, жебей сауып, ештеңе қалдырмай, ақтап-қақтап, әбден сарыққан соң байыппен пайымдап, саралай салмақтап, әбден сораптап еді-ау шіркін!… Тілімен бал емізгендей еді. Жүрегінен күн көрінгендей еді. Оның кең қарымды, тың серпінді, тынымсыз ізденіске толы тарихи зердесі өзімізді дүние танып, өзгелерді дұрыс бағамдаудың асқаралы шыңдарына шығып, бұрын-соңды батылымыз бармаған ұшы-қиырларын еркін самғай бастап еді. «Қазақтың күй өнерін», «Қазақтың ауызша тарихын» аяқтағалы бері мойнынан батпан жүк түскендей болып, ешкісі тауға жайылғандай емін-еркін жүр еді… Ойдағысына жеткендей еді, ел алдындағы парызын, ақтағандай еді!.. Маңғыстаудың қалғып жатқан қара ойы мен сағым шалып, мұнарға батқан ақ шыңдарын селт еткізіп, өзіне қаратып, көсілте жөңкіліп, талайды көріп, талайды біліп үлгерген тарлан басын сәндене шайқап, сырбаздана күлімсіреп еді-ау сабазың.
Алаш аруағы мен қазақ рухының қайта тіріліп, қайта оянып, қайта қалыптасып келе жатқан шағында ұлпа сезімімізге қаяу түсірген қаза болды ғой бұл!
Есімізден тандырып кетті. Жер жастандырып кетті. Өкініште қапы жоқ.
Жер бетіне келіп-кеткеніне, аз күн дәмдес, мұңдас-мүдделес болғанымызға, бірге жүріп, бірге тұрғанымызға тәубе дейміз.
Қазақ санасында оның өлмес-өшпес іздері жатыр жосылып…
Қиырға шарлатып, қияға самғатып…Қазақта сал қандай болады? Ақселеудей болады. Сері қандай болады? Ақселеудей болады. Би қандай болады? Ақселеудей болады. Батыр қандай болады? Ақселеудей болады. Пір қандай болады? Ақселеудей болады. Қазақтың жақсысы мен жайсаңының бәрі қандай болады? Ақселеудей болады. Қазақтың қатепті қызыл нары қандай болады? Ақселеудей болады. Бәрінің орнына бір ғана Ақселеу жүре алады. Ал Ақселеудің орнына кім жүре алады? Ешкім де емес, тек Ақселеудің өзі жүре алады», – деп күңірене сөйлеуінің мәнін енді ұғынғандаймыз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Белгілі қаламгер және этнограф ғалым, халқымыздың үлкен жүректі, ұлтжанды азаматы, Ақселеу Сейдімбектің кенеттен өмірден озуына байланысты, орны толмас ауыр қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Ол жан-жақты дарын иесі ретінде өзінің бүкіл білімі мен қажыр-қайратын туған халқының мүддесіне бағыштап, мейлінше мақсатты әрі жемісті еңбек ете білген аса айтулы тұлға еді. Сол себепті, төл мәдениетіміздің жаңғырып, өсіп-өркендеуіне мол үлес қосып, өзінің айшықты ізін қалдыра білді. Еңбегімен халқымыздың зор құрметі мен сүйіспеншілігіне бөленді. Онымен жастай танысып, өзара сыйлас, пікірлес болғанымды ұмытпаймын. Ұлт руханиятының үлкен жанашыры әрі шынайы жоқтаушысы болған ардақты азаматтың еңбегі мен жарқын дидарын халқымыз әрдайым жүрегінде сақтайды деп сенемін», – деген көңіл айту сөзінде де дара болмысты текті тұлғаны тану мен мойындау, халық үшін қаламгерлік, зерттеушілік, ғалымдық дарынын сарқа жұмсаған Сейдімбекұлының өлшеусіз еңбегін бағалау жатқаны айдай анық. Еуразия университетіндегі азалы жиынға Елбасының арнайы келіп, жастайынан таныс, сырлас болған досын ақтық сапарға шығарып салуы кездейсоқтық емес. Ақселеу аға жазушылыққа журналистикадан келді. Ақселеу Сейдімбек Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған соң, республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан», «Социалистік Қазақстан» (қазіргі жалпыұлттық «Егемен Қазақстан») газеттерінде, сондай-ақ түгел елге тараған «Зерде» журналы мен «Әлем» альманағында жұмыс істеген болатын. «Лениншіл жастың» тілшісі, «Орталық Қазақстан» газетінің қызметкері болып жүргенде Теміртаудағы металлург Нұрсұлтан Әбішұлымен танысып, кейіннен таныстығы елдік мұраттар тұрғысында тізе қосып жұмыс істеуге себеп болған достыққа ұласқан еді. Елбасының «Онымен жастай танысып, өзара сыйлас, пікірлес болғанымды ұмытпаймын», – деуінің үлкен мәні бар. Елордасы Астанаға ауысқанда алты алаштың төбе биіндей үш тұлғаға Елбасы ерекше ілтипат білдіріп, батагөй ақсақалдардың қатарына қосса, халқымыздың аяулы ұлдары Мырзатай Жолдасбеков, Әбіш Кекілбайұлымен бірге Ақордада аяғын алшаң басқан Ақселеу Сейдімбек еді.
«Қазақтың ауызша тарихы» деп аталатын ақырғы еңбегін жазуға Ақаң барлық күш-жігерін, қабілет қарымын, білімі мен білігін жұмсады. Бірде Астанаға жол түсіп, Ақаңа сәлем беруге барғанымда кабинетіндегі компьютерге бар ынты-шынтысымен төне түсіп отыр екен.
– Осы кітап мені жеп қоя ма деп қорқамын. Жаным ұяда болса, мынау Иманғали берген үйде отырып, осы бір дүниені аяқтап тастауға ниет етіп отырмын. Бұны мен істемесем, кім істейді? Қаншама дерек жинақталды. Соның бәрін жүйе-жүйесімен ретке келтіріп, тәптіштеп шығу орасан күшке түсіп жатыр. Кез келген туындыны жазу үшін өзімнің арнайы қолданатын әдісім бар. Ол «кілт» деп аталады. Мысалы, «Қазақтың күй өнерін» жазуды осы әдіс арқылы бітірдім. Ал оны мен марқұм Лев Гумилевтен үйрендім. Бір жолы Мәскеуге барып, өзімнің ғылыми жұмысымды көрсеткенімде, оның есі шығып кетті. «Ой, батыр-ау, осылай да адам өзін қинауына бола ма? Мына деректерден адам адасады ғой. Тіпті, жынданып кетуге де болады ғой. Әй-әй, ай! Осылай да бола ма екен? Мынау не деген бейнет!», – деп басын шайқап-шайқап отырды да өзінің қалай жұмыс істейтінін көрсетті. Міне, қара. Мынау «Қазақтың күй өнері». Енді мынау кілтті қара», – деп ағатайым маған мұқият түптелген қолжазба кітапты көрсетті. «А» деп басталады. «Абай» деген сөзден кейін кілең шифр. Нақ бір барлаушының дәптері сияқты. «Ал енді не түсіндің?» – деді Ақаң. Мен еріксіз басымды шайқадым. «Міне, мен болмасам мынаның бәрі әшейін цифр болады да қалады. «Қазақтың ауызша тарихы» да тап осы сияқты. Бұны мен бітірмесем, басқа ешкімнің де тісі батпайды», – деп еді.
Президенттік мәдени орталықтың директоры болып қызмет атқарған Мырзатай Жолдасбеков те Ақаңның ақырғы еңбегі туралы сөз ете келіп:
– Осы кітаптан кейін Ақселеу маған айтып еді, Мырзеке, қазір тіпті саусағым да жауыр болды. Енді тіпті қалам да ұстағым келмейді, қағаздың да бетіне қарағым келмейді деп жүретін. Ойпырым-ай, ол кезде мән бермейміз, енді ойлап қарасақ, тіпті соның бәрін бітіріп кетейін деп жанталасып осыншама қыруар еңбекті жазған сияқты, – деп сыр ақтарған болатын.
Қолға алған ісіне жанын сала кірісу, бастаған жұмысын аяқтау, әрбір дерекке мұқият болу, жалпы қағаз атаулыға деген құнттылықты қай-қайсымыз да Ақселеу аға Сейдімбектен үйренсек абзал.
Ақаңның рухани інілерінің бірі Сауытбек Абдрахманов Ақаңның қағазға ұқыптылығы туралы былай әңгімелеп бергені бар: «Сырт көзге сал-серінің салтымен салқам жүргендей көрінетін Ақселеудің қағазға ұқыптылығы да бөлекше еді. Өткен жылы Орталық мұрағатта Ақселеу Сейдімбек өзі көзі тірісінде өткізіп кеткен құжаттардың көрмесі ұйымдастырылды. Ақаң мұрағатқа 3 мыңнан астам құжат тапсырған екен, соның 700-ден астамы жазысқан хаттары. Жиналған жұрттың назарына 250 құжат ұсынылды. Үйіне барсаңыз кітап сөрелерінің үлкен бір бөлігі қаз-қатар тізілген папкалар болатын. Тақырып-тақырыпқа бөліп, үлкен әріптермен таңбалап тастаған. Газеттен қажет мақала көрсе де, кітаптан керек дерек тапса да тап-тұйнақтай етіп соған тігіп не жазып қояды. Мақала не зерттеу еңбек қолға ала қалса, жаңағы папканы ашады да әлгі материалды қалауынша пайдалана береді. Дүниеден өтерінен бір жылдай бұрын үйіне барғанымда кітаптың көптігінен ауызғы бөлме жаққа арнайы сөрелер жасатқанын көрдім. Еденнен төбеге дейін тірелген жаңағы сөрелердің бәрі ру-тайпаларға арналған папкалармен толтырылған. Қазақ шежіресіне қатысты мың-мың парақ қағазды жылдар бойы ерінбей-жалықпай жинағанының, соның бәрін жүйелеп отырғанының арқасында Ақаң «Қазақтың ауызша тарихы» атты кәдуілгі кітап көлемімен мың беттей болатын ең соңғы, ең басты еңбегін аз уақыттың аясында жазып тастаған».
Ақселеу аға Алматыда, Серке Қожамқұлов көшесіндегі үйде тұрғанда «Талай дүниемді мынау Есентай өзеніне жыртып-жыртып ағызып жібердім. Басыма пәле болатын болды. Қайтейін, одан басқаға амалым қалмады ғой. КГБ-ның қыспағы мына жүректі құртып кетті ғой…», – деп оңашада ағынан жарылып, сыр ақтарғаны бар-тын.
Сәукең Ақселеу Сейдімбектің басына бұлт үйірілген Желтоқсан оқиғасының кезіндегі бірталай сырды жақсы біледі. «Егеменде» жазған еске алу мақаласында Сауытбек Абдрахманұлы сол бір шетін жайттың бүге-шігесіне дейін жазған екен. «Еркін ойлылығы, азаматтық асаулығы Ақаңның алдынан талай рет тор құрғызды. Сақтанбай жүретін серілігі, секемсіз сөйлейтін ерлігі өзіне сойыл болып тиіп жатқанда да сағы сынбайтын Ақаңның. Әйтсе де, әміршіл жүйенің әншейіндегі әкіреңдеуі Колбиннің тұсында қанқұйлы қиянатқа ұласқаны қатты соқты. Өткен тарихты боямалап көрсетті, ескішілдікті дәріптеді, ұлтшылдық сарындарға жол берді деген сияқты айыптармен «Білім және еңбек» журналының бас редакторлығынан босатқанымен қоймай, желтоқсан оқиғасына желік бергендердің, «қазақ ұлтшылдығын дайындаушылардың» бірі ретінде қоңырау байланып, қадағалауға алынды, жүрісі аңдылып, сөзі тыңдалды, ақыр аяғында үстінен іс қозғауға дайындық жасалды. Бұған Мемлекет қауіпсіздігі комитетінің кезінде баспасөзде жарияланған құжаттарындағы «По делу проходили известные писатели Шона Смаханулы, Акселеу Сейдимбеков…» деген жолдар дәлел. Шона ағамыздың ол тізімде жүретіні Алматыда қазақ мектептерін ашқызуға атсалысып, үйді-үй кезіп жүріп, тұрғындардың қолын жинағандығы екендігі белгілі.
Іс қозғауға дайындық жасалды деп кесіп айтатыным – соған көзім анық жеткендіктен. 1987 жылдың көктемінде бізге (ол кезде Орталық комитеттің насихат және үгіт бөлімінің нұсқаушысымын) бір мақала келіп түсті. Мемлекет қауіпсіздігі комитеті арқылы дайындалған. Тақырыбына дейін қойылған: «Ржавчина» («Тат»). Халықтың кіршіксіз санасына тат түсіруге, халықтар достығына сына қағуға әрекет еткен бір топ жазушыларды әшкерелейтін мақала. Негізгі кейіпкерлері – Шона Смаханұлы мен Ақселеу Сейдімбеков. КГБ тіпті бір редакцияға алдын ала құпия жіберіп, мақаланы қазақшаға аудартып та қойыпты. Тек қол қоятын адам табу ғана қалған. Ол адамның ұлты қазақ болуға тиісті. Бөлімнің «таңдауы» сол тұста «Ленинская смена» газеті редакторының орынбасары қызметіндегі Әділ Ыбыраевқа түсті. Әділ сонда бір азаматтық жасады. Бөлім меңгерушісі орынбасарының кабинетінде мақалаға қол қоюдан бас тартқанымен тоқтамай, сол жерде кәдімгідей шу шығарды. Ол әңгіме біраз адамның құлағына жетті. Мұны аппаратта «утечка» дейді. «Утечка» шыққаннан-ақ мен бір тәуекелге кірістім. «Лениншіл жаста» жұмыс істейтін курстасым Ерғали Сағатовты екі кештің арасында оңаша шақырып алып, осылай да осылай, сондай бір мақала дайындалып жатыр, ол шықса жағдай шындап қиындайды, ағаңа айт (Шона мен Ерғали бір ауданнан ба, тіпті бір совхоздан ба, әйтеуір жақындығы барын білетінмін), бізге телеграмма салсын, қарсылығын білдірсін, қалғанын көрерміз дедім. Әңгімені құпия ұстауын қадап тапсырдым. Жеделхат жетіп келді. Орталық комитет хатшысының алдынан қайтыпты. Бөлімдегілер опыр-топыр болды да қалды. Ондай мақала бары рас еді деп қағаз жүзінде қалай айтарсың? Шона Смаханұлын шақырып (қазақтілді газет-журналдардың кураторы ретінде бұл шаруа маған тапсырылды), «Мына әңгімені қайдан шығарып жүрсіз? Жеделхатты неге сүйеніп жаздыңыз? Сіздер туралы ешқандай редакцияда ешқандай мақала жоқ екенін анықтадық» деп «қыспаққа» алып жатырмын. Ол кісі: «Қайдан білейін? Біреу телефонмен айтып еді, кім екенін де сұрап үлгермедім», – деп күмілжиді. «Өзіңіз коммуниссіз, өзіңіз соғысқа қатысқан адамсыз, сөйтіп жүріп өсекке сүйеніп ЦК-ға жеделхат жібересіз. Ұят емес пе?» – деп тағы қысамын. Шөкең қателігін мойындайды, ендігәрі олай етпеуге уәде береді. Содан Орталық комитет хатшысының атына қызметтік жазба дайындап, ондай мақала жазылмағанын, жалған ақпаратқа сеніп, жеделхат жіберген КПСС мүшесі Ш.Смаханұлы өз қателігін мойындағанын айтып, құжатты бақылаудан алдырттық. Сөйтіп, жеме-жемге келгенде ол мақаланы бастырудан Орталық комитеттің өзі тартынды. Мақала басыла қалғанда, сонда аты аталатын басқаларды қайдам, нақты айыпталатын Ш.Смаханұлы мен А.Сейдімбековтің желтоқсандағы қазақ ұлтшыл-дығының идеологиялық негізін дайындаушылар ретінде істі болуы әбден-ақ мүмкін еді».
Ұлт мүддесін жанын шүберекке түйе жүріп қорғау қазақтың талай азаматының өмірін келте етті. Ақаң да сондай қыспақ пен құқайды көп көрді. Соның тікелей зардабы деуге де болады, нағыз кемеліне келген, болған-толған, деген шағында, 67-ге қараған тұсында ұлтын сүйген ұлы жүрек тоқтады. Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбе-тов қоштасу рәсіміне жиналғандар алдында сөз сөйледі.Ұлылықтың үлгісіндей болған Ақселеу Сейдімбек – халқымыздың өр рухының, өнегелі салтының, өрелі қалпының аса көрнекті өкілі еді. Туған халқын, оның төл тарихын, салт-дәстүрін, тілі мен ділін жан-тәнімен сүйіп, бойындағы тәңірі берген бар қабілет-дарыны мен қайрат-жігерін ұлт игілігіне арнаған үлкен парасат иесі еді. Ел егемендігін алып, өз тізгіні өз қолына тиген кезге дейін-ақ Ақаң көп адам айта бермейтін, айтса да жаза бермейтін қазақтың көне мәдениеті мен рухани шежіресін шырылдай жүріп жаңғыртып, қызғыштай жүріп қорғай білді. Сол арқылы қазақтың әдебиетін ғана емес, қалың тарихын да тереңдетті. Ілкіден іргелі ел, жоралы жұрт болғанын дәлелдеді.
…Ұлт ұстазы атанған алғашқы Ақаң – Ахмет Байтұрсынұлы болса, қазақтың екінші Ақаңы – Ақселеу Сейдімбек болатын», – деп ардақты ағасын ақтық сапарға өзі бастап шығарып салды. Ақылман – Ақселеу, ғалым – Ақселеу, этнограф – Ақселеу, күйші – Ақселеу, сері – Ақселеу, қазақтың жоқшысы болған Ақселеу қасиетті Қадір түнінде дүниеден өтті. Бір басына қаншама өнер мен қасиет-қабілетті сыйдыра білген қайран Ақаң қазақтың сайын даласына сыймады…
«Өз ғасырым өзімнің иінімде,
Өле берсін күншілдер күйігінде,
Ақ жаңбырлар тоздырған тау секілді,
Мен өлемін өзімнің биігімде» –
деп арқалы ақын Төлеген Айбергенов жырлағандай, Ақселеу Сейдімбек өзінің ұлы даласында, Сарыарқаның Жаңарқасында, ел-жұрт «Ақселеу биігі» деп атап кеткен қасиетті топырақта мәңгіге тыным тапты.
Ақселеу әлемі – қазақ әлемі. Қазақтануға асығатын ұрпақ Ақселеу әлеміне міндетті түрде қайырылатыны анық.
Аяулы азамат Ақселеудің өмірі мен шығармашылығы туралы толғанысқа түскенде, алдымен ойға оралатын бір аталы сөз бар. Ол қазақтың жақсы-жайсаңдарының ұлтының ұлына сүйсінген сәтін бейнелейтін «сегіз қырлы, бір сырлы» дейтін текті теңеуі. Осы тұжырым тікелей Ақселеуге қарата айтылған сыңайлы. Неге десеңіз, дәлелі даяр. Соны тізбелеп шығар болсақ:
Алдымен: Ақселеу ой-қиялы, қаламы жүйрік жорналшы. Оған дәлел келтіріп, уақыт шығындаудың қажеті шамалы. Ол үшін қазақ баспасөз беттерін, әсіресе «Лениншіл жас» тігінділерін ақтарып шықсақ болғаны. Оның бірсыпырасы өз қолынан құрастырып, қайтыс болғаннан кейін, ұлтымыздың көкірегіне қайырым-мейірім ұялаған қазақтың айтулы азаматтары Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Иманғали Тасмағамбетовтің қамқорлығымен жарық көрген алты томдығына кіргізілген.
Ал екінші қыры – көрнекті жазушы екендігі. Оның жарық көріп, жұртшылықтан жақсы бағасын алған төрт кітабы – көркем шығармалары.
Мен білетін Ақселеу сонау «Лениншіл жаста» тілші болып жүрген кезден бастап қазақ елін аралай жүріп, ұлтымыздың көмбеде жатқан, елеусіз қалған көне ескерткіштерін зерттеп, қара өлеңдерін жинастырып, кейін оларды кәдеге жаратып, «Күмбір-күмбір күмбездер» (2-том), «Мың бір маржан», «Қазақ әлемі. Эмномәдени пайымдау» деген атпен кітап болып шықты. Бұл оның білгір де білімді мәдениеттанушы болғандығының жарқын мысалы.
Бертін келе Ақселеу өнердің өзекті мәселелерін қозғап, пікір-пайым, тосын да тың, жаңалығы шаш-етектен ұлттық күй өнерінің алтын қазынасына айналған еңбегін жариялады. «Қазақтың күй өнері» оны теңдессіз өнертанушы қатарына қосты.
Тәуелсіздік туы тігілген жылдары Ақселеу ұлтымыздың ұпайын түгендеуге аянбай атсалысып, қазақтың ежелгі елдігін, байырғы мемлекеттігін, қабырғалы халық болғандығын бұлтартпай, дәйекті деректер арқылы баяндаған ғылыми мақалаларын үзбей жариялап, артынан атақты ғалым-әріптестері Мырзатай Жолдасбеков пен Қойшығара Салғараға қосылып «Елтұтқа» деген кітап жазып шықты. Жекелеген тарихи тұлғалар арқылы ел тарихын тасқа таңбалаған бұл еңбек зәру тақырыпты қозғауымен құнды. Рас, оның қайсыбір пікір, дерек қайшылықтары болса, ол жүре келе түзелетін кемшілік. Ал Ақселеудің төл тарихымызға қосқан сүбелі үлесі зерделі зерттеушінің жемісі, оған дейін батылы жетіп ешкім түп тамырын тереңнен тартып, жинақтап, жаңаша, халықтық көзқараспен пайымдамаған, ой-тұжырымдары тың еңбегі «Қазақтың ауызша тарихы». Ендеше, Ақселеудің Ел, Ұлт, Мемлекет болуымыздың бастауы бағзы замандарда жатқандығына ерекше қымбат, ерекше қазыналы үлес қосқан тарлан тарихшы екендігіне талас бар ма?!
Ақселеудің айрықша атап өтуге тиіс қыры – оның ұлтымыздың барын базарлауға қоса жоғымызды іздеп, тауып, қазақтың арман-аңсарына ақ жол ашылып, тезірек көшін түзеп, ынтымақ-бірлігі, тіршілік-тынысы жарасқан іргелі ел болу жолындағы жанқиярлық еңбегін – қайсар қайраткерлігін әрқашан есте ұстап, есімін әрдайым қастерлеп жүру бүгінгі және болашақ ұрпағымыздың парызы. Бұл орайда ұлтымыздың мұратты мәселелерін қозғаған, байыпты, сарабдал, парасатты пікірлерімен бөлісіп, билік басшыларына арнап, шешімін табуын тікелей солардың жауапкершілігіне жүктеп, өзі және есімдері елге сыйлы азаматтарға қосылып республикалық баспасөз беттерінде сандаған үндеу хаттар, сұхбаттар жариялағаны да күні кеше еді ғой.
Бір мақалада Ақселеудің қыры мен сырын түгел айтып тауысу мүмкін емес. Бұл оны мақтап-мадақтап, атын асқақтату үшін айтыла салған көпірме, қыздырманың қызыл сөзінің бірі демессіз. Ақселеу жаратылыс-тумысынан бекзат азамат. Оның домбыра шауып, шақша жасап, қамшы өретін қолөнер шебері, қоңырлата ән айтып, күмбірлете күй тартатын өнерпаздығы, кеудесі алтын сандық кәрі құлақ, ескінің көзі – қарияларша күнді түнге ұластырып, ұзақ таңға майын тамызып айтатын әңгімеші-шежірешілігі ше?
Иә, қайсыбірін айтып тауысайын. Ақселеудің біз шола тоқталып, өткен әр қырын зерттеп-зерделеуге арнайы ғылыми еңбектер жазылса, докторлық диссертациялар қорғалса артық болмас еді және бұл Ақселеу үшін емес, еліміз, ұрпағымыз үшін қажет тірлік. Ұлтының әдебиетін, мәдениетін, тарихын түгендеу арқылы туған халқының қадір-қасиетін арттыруға аянбай атсалысқан ардақты азаматымыз Ақселеу Сейдімбектің өзі жоқ болса да, ұлым деген ұлты тойлайтын жетпіс жасқа толу қарсаңында жазушы-ғалымның ғұмырын ұзартқан шығармашылық-қайраткерлік ерен еңбегі елі-жұрты барда естен шықпасы шыққан күндей шындық.
…Ұлт ұстазы атанған алғашқы Ақаң – Ахмет Байтұрсынұлы болса, қазақтың екінші Ақаңы – АқселеуСейдімбек болатын.
Ақселеу – ұлан-ғайыр сахарамызды түгел шолып, ұлан-асыр сыр-сипаттарымызды тегіс қамтып, қат-қабат тарихымызды терең қаузап, дүлдүл оймен, ділмар тілмен толғайтын ғұлама ғалым, сұңғыла білімпаз, сүлей суреткер.
Қыр қазағының бар болмысын – қазақы қадір-қасиетін қаны мен жанына терең сіңірген ұлттың ұлы еді ғой Ақселеу!
АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕК ЖӘНЕ ҚАЗАҚТЫҢ АУЫЗША ТАРИХЫ…………………………………...
КӨШПЕЛІ МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢАША ПАЙЫМДАУ
ЗНАНИЕ ШЕЖЕРЕ И ИДЕНТИФИКАЦИЯ НА УРОВНЕ РОДО-ПЛЕМЕНИ – ВАЖНЕЙШИЕ ЧАСТИ СТРУКТУРЫ ЭТНО-НАЦИОНАЛЬНОЙ ИДЕНТИЧНОСТИ БАШКИР И КАЗАХОВ……………………………………………………………………….
KAZAKH-MAGYAR SEZHERES AND LEGENDS OF ORIGIN
(Details from the results of the common Kazakh-Magyar expeditions to Torghay (2002)
and Western Siberia (2006)……………………………………………………………………
ҚАЗАҚТЫҢ АУЫЗША ДӘСТҮРІ: ҰҒЫМ ЖӘНЕ ТӘПСІРЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
О КЛАНОВОЙ СТРУКТУРЕ В СИБИРСКОМ ХАНСТВЕ……………………………….
ИСТОРИКО – КУЛЬТУРЫЙ ОПЫТ И ТРАДИЦИИ УСТНОЙ ИСТОРИИ КАЗАХСТАНА...........................................................................................................................
НЕКОТОРЫЕ ЭТНИЧЕСКИЕ ОСОБЕННОСТИ ЛАКАЙСКОЙ НАРОДНОСТИ……...
ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕЛЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ......................................................
Ауызша дәстүрдегі, шежіредегі түсіндіру құрылымдары және
ҚАЗАҚ ЭПОСТАРЫ-ТАРИХИ ДЕРЕК РЕТІНДЕ.................................................................
КАЗАХСКОЕ ИСТОРИЧЕСКОЕ СКАЗАНИЕ О ТОЛЫБАЙ СЫНШЫ, РОДОНАЧАЛЬНИКЕ ПЛЕМЕНИ КАНЖЫГАЛЫ (КАНГЛЫ, ХАНГАЛАСОВ)……….
НЕКОТОРЫЕ ВОПРОСЫ ИЗУЧЕНИЯ И СОСТАВЛЕНИЯ
ШЕЖЕРЕ БАШКИР…………………………………………………………………………..
Ж. Бейсенбайұлы
ШЕЖІРЕТАНУ ЖӘНЕ ДНК-ГЕНЕАЛОГИЯ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ РУ-ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ЭТНОТЕКТІК НЕГІЗДЕРІ....................................................................
АУЫЗША ТАРИХ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ..........................
ҰЛТ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДЕ АУЫЗША ТАРИХ ДЕРЕКТЕРІН ПАЙДАЛАНУ: МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР.....................................................................................
СЛЕДЫ КИМАКСКОЙ ГЕНЕАЛОГИЧЕСКОЙ ЛЕГЕНДЫ В ОДНОМ ИЗ
ВАРИАНТОВ ШЕЖИРЕ КАЗАХОВ МЛАДШЕГО ЖУЗА………………………………..
Қ.А. Еңсенов
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАРИХИ ЖАДЫ ЖӘНЕ АУЫЗША ТАРИХ АЙТУ ДӘСТҮРІ........................................................................................................................
ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІНІҢ ДЕРЕКТЕРІ МЕН МАТЕРИАЛДАРЫ ЖӨНІНДЕ
(Табын тайпасының шежіресіне қатысты материалдар негізінде)………………………..
Қ. Кемеңгер
«ҚАЗАҚТЫҢ АУЫЗША ТАРИХЫНЫҢ» БҮГІНГІ ҚАЗАҚ ҮШІН ҚАДІРІ ХАҚЫНДА..................................................................................................................
ШҰБАРТАУ ТӨЛЕҢГІТТЕРІНІҢ АҢЫЗ-ШЕЖІРЕЛЕРІНДЕГІ ҒАЖАЙЫП ДЕРЕКТЕР……………………………………………………………………..
ҚАЗАҚ ТАРИХЫ АУЫЗША ДЕРЕКТЕРІН
ЖҮЙЕЛЕУ ЖӘНЕ ТАЛДАУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ................................................
А.К. Кушкумбаев
МАДЬЯРЫ В КОНТЕКСТЕ УСТНО-ИСТОРИЧЕСКОЙ ТРАДИЦИИ
И ШЕЖИРЕ КАЗАХОВ……………………………………………………………………..
И.А. Мамбетов
устная история (Oral History): становление научного направления………………………………………....
ИСТОРИОЛОГИЯ, ИЛИ УСТНАЯ ИСТОРИЯ КАЗАХОВ В ДИСКУРСЕ МЕЖДУНАРОДНЫХ ОТНОШЕНИЙ, НОВОЕ ВРЕМЯ…………………………………
АҚСЕЛЕУ ЖӘНЕ ТАРАҚТЫ ТАЙПАСЫНЫҢ ШЕЖІРЕСІ.............................................
КАЗАХСКОЕ ШЕЖИРЕ КАК ИСТОЧНИК ПО ИСТОРИИ КАЗАХОВ………………..
УСТНАЯ ИСТОРИЯ И НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ В ИЗУЧЕНИИ ИСТОРИИ КАЗАХСТАНА………………………………………………………………………………
ПОНЯТИЕ «ЖУРТ» В УСТНОЙ ТРАДИЦИИ КАЗАХСКОГО НАРОДА……………..
ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ ТУРАЛЫ………………………………………………………………
АУЫЗША ТАРИХТЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ................................................................
РОЛЬ УСТНОЙ ТРАДИЦИИ В ФОРМИРОВАНИИ И ФУНКЦИОНИРОВАНИИ ИНСТИТУТА АСТАНА У СИБИРСКИХ ТАТАР………………………………………...
УСТНАЯ ИСТОРИЯ НАРОДА САХА……………………………………………………..
ҚАЗАҚТЫҢ РУ-ТАЙПАЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚОҒАМНЫҢ
ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ РӨЛІ.....................................................
И.М. Сулейманов
МАЙКЫ-БИ - СОРАТНИК ЧИНГИСХАНА, ИДЕОЛОГ «ЧИНГИЗИЗМА»....................
ТРАДИЦИОННЫЕ ПРЕДСТАВЛЕНИЯ И ИННОВАЦИИ В МИРОВОЗЗРЕНИИ
КАЗАХОВ ЗАПАДНОЙ СИБИРИ…………………………………….................................
К.И. Искакова
АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕК: ТАРИХШЫ -ЭТНОЛОГ..............................................................
АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕК ЖӘНЕ САРЫАРҚА ЖЕРІНІҢ
КӨНЕ ЕСКЕРТКІШТЕРІ.........................................................................................................
Attila Mátéffy
“THE DEEDS OF THE MAGYARS” – COMPARATIVE STUDY ON THE LEGEND
OF THE ORIGIN OF THE MAGYARS……………………………………………………...
Б.А. Бичеев
Исторические предания калмыков, записанные
Номто Очировым в начале XIX века…………………………………………….
Г.И. Кульдеева
К ВОПРОСУ ОБ ЭТИМОЛОГИИ ОДНОГО ТЮРКИЗМА В РУССКОМ ЯЗЫКЕ….....
ЭТНОЛИНГВИСТИЧЕСКИЙ АНАЛИЗ ЗАИМСТВОВАННЫЙ ХОЗЯЙСТВЕННО-БЫТОВОЙ ЛЕКСИКИ СИБИРСКИХ ТАТАР……………………………………………..
ВОПРОСЫ СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКОГО ОБУСТРОЙСТВА
ОГУЗСКИХ ПЛЕМЕН (IX-XIII вв.) В ДРЕВНИХ РАССКАЗАХ
«КНИГИ МОЕГО ДЕДА КОРКЫТА»……………………………………………………...
ДРЕВНЯЯ ИСТОРИЯ МАДЬЯР В КОНТЕКСТЕ ВЕНГЕРСКИХ ИСТОЧНИКОВ…….
О РОДОПЛЕМЕННОМ СОСТАВЕ КАЗАХОВ И БАШКИР……………………………...
О БАШКИРСКОМ ВАРИАНТЕ ТУРЕЦКОГО ХИТРЕЦА ХОДЖЕ НАСРЕДДИНА.........
ВОЕННЫЕ СЮЖЕТЫ ИЗ ИСТОРИИ УЛУСА ДЖУЧИ ПО ДАННЫМ
“ЧИНГИЗ-НАМЕ” УТЕМИША ХАДЖИ…………………………………………………...
Г.К. Кульмаганбетова
НАСЛЕДИЕ КАЗАХСКИХ КУРАКОВ……………………………………………………..
ФЕНОМЕН ЭТНИЧЕСКОГО НАСЛЕДИЯ КАЗАХСКОГО НАРОДА…………………..
«АЙМАН – ШОЛПАН» ЖЫРЫ ЛЕКСИКАСЫНЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТЫ
АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ШЫҒАРМАЛАРЫ-ТАРИХИ ДЕРЕККӨЗІ РЕТІНДЕ.....................
ҒЫЛЫМ МЕН ӨНЕР ШЕЖІРЕСІ...........................................................................................
ИЗ ИСТОРИИ СИБИРСКИХ МУРЗ КУЛЬМАМЕТЕВЫХ В XVII - XIX ВВ. ...............
САМООПРЕДЕЛЕНИЕ ИДЕНТИЧНОСТИ: ОТ РОДОСЛОВНЫХ
К АЛЬТЕРНАТИВАМ ГЕОКУЛЬТУРНОГО ВЫБОРА……………………………………
Л.Х. Самситова
СЕМАНТИЧЕСКОЕ ПРОСТРАНСТВО КОНЦЕПТА «ТУЙ/ТОЙ» (СВАДЬБА) В БАШКИРСКОЙ И КАЗАХСКОЙ ЯЗЫКОВОЙ КАРТИНЕ МИРА………………………
ҚАЗАҚТЫҢ АС БЕРУ ДӘСТҮРІНІҢ САЯСИ МАҢЫЗЫ
АУЫЗША ДЕРЕКТЕРДЕ……………………………………………………………………
Т. Мәми
ҚОРҚЫТ АТА ЖАЙЛЫ ЭТНОМӘДЕНИ ЗЕРТТЕЕУЛЕР……………………………….
«ЕЛТҰТҚА» КІТАБЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСНАМАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ........................
ТӨРТ АНАҒА МАХАББАТ.................................................................................
СЕКСЕН ТӨРТ МЫҢ КИІЗ ҮЙМЕН
БАРАҚ ОҒЫЗ ТҮРІКТЕРІ АНАДОЛЫДА ОРЫН АЛДЫ..................................................
III секция
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА. АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕК ЖӘНЕ ҰЛТ МҮДДЕСІ
Б.С. Абдуова
СӨЗ ТАҢДАУ ЖӘНЕ СӨЗ ҚҰБЫЛТУ (АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІ МЫСАЛЫНДА).............................................
«ЖАМИ-АТ-ТАУАРИХ» ПЕН ТАРИХИ РОМАНДАР ТІЛІНІҢ САБАҚТАСТЫҒЫ.....
ТАРИХИ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ЕСІМШЕ ФОРМАЛАРЫНЫҢ АРИБУТ
ҚЫЗМЕТІНДЕ ЖҰМСАЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ....................................................................
А. Әбсадықов, А. Тажина
Тұтқын дауынан жесіпр дауына дейін
АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕК – ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫН ЗЕРТТЕУШІ.....................................
СӘКЕН СЕЙФУЛЛИННІҢ «КӨКШЕТАУ» ПОЭМАСЫНДАҒЫ
АҢЫЗДАР ТУРАЛЫ СЫР......................................................................................................
А.К. Ишанова
ЛЕЙТМОТИВЫ РАССКАЗА «ГОРНЫЙ ШАЛФЕЙ» А. СЕЙДИМБЕКА………………
ШЫҒЫС ЖӘНЕ ЕРЛІК ТАҚЫРЫБЫ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫНДА.........................
25 12 2014
44 стр.
Ж. Ж. Молдабеков, философия ғылымдарының докторы, профессор; Л. К. Керімов, педагогика ғылымдарының докторы, профессор
17 12 2014
6 стр.
Тарих ғылымдарының докторы, Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессоры
23 09 2014
1 стр.
М. Алдабергенов – тарих ғылымдарының докторы, профессор, журналистика кафедрасының меңгерушісі
12 09 2014
1 стр.
Тр фәннәр Академиясе Г. Ибрагимов исемендәге Тел, әдәбият һәм сәнгать институтының баш фәнни хезмәткәре, профессор Д. Б. Рамазанова
17 12 2014
20 стр.
Олардың ішінде жоғары санатты хирург Байырханов Орал, дәрігер Хасанова Сара, профессор, медицина ғылымдарының докторы Рақыпбеков Төлебай, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент О
15 10 2014
1 стр.
Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев — Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
04 09 2014
1 стр.
25 12 2014
1 стр.