Перейти на главную страницу
Мұқағали жырлары тақырып ауқымының кеңдігі, көркемдік қуатының өзгешелігі жағынан да оқшауланады. Ақындық табиғаты күрделі, шығармашылығының қыры да, сыры да мол. Ақындық болмысы мен ерекшелігіне, бейнелеу шеберлігіне көз жіберер болсақ, ол күшті ағысы мол, тау суындай тасқынды. Сан тармақтан табысып, дала төсіне бауырын жазып жөңкіле аққанда иірімі мол, жылым дарияға айналады да сусап, сұраныс жасағандарды қуатты ағыс құшағына алып, бауырына басады. Жыр дариясы жиһан кездіріп, қилы-қилы тағдырлармен табыстырып, сан қиырға саяхат құрғызады.
Мұқағали - тума талант. Шабытты шағында өлең нөсерін селдетіп, жыр топанын тұрғызады. Қиналып, өлерменденіп жазбайды. Арам тер боп тыраштанып, тыртаңдамайды. Жетінші дәптердегі он күнде 27 өлең жаздым дегеніне қарап-ақ өлеңсіз күні өтпейтінін, жұтқан ауа, ішкен ас пен барабар қорегіне, қажетіне айналғанын аңғару қиын емес. Оның өлеңдерін мектеп оқушысынан зейнеткерге дейінгі барлық буын басына жастанып оқиды, асабадан академикке дейін жаттап жанын азықтандырады. Үзінділер тыңдаушысын рухтандырады. Сөйтіп өзін де, өзгені де, авторын да биіктетеді.
Мұқағали – ұлт ақыны. Оның өлеңдерінде қазақ қаны атқақтап, қаракөздер жүрегі лүпілдеп соғып тұрады, ұлттық намыс отайлап көрініс береді. Бізге сонысымен құнды, сондайлығымен нәрлі. Ұлылығының - ариадна жібіндей алтын арқауы осында. Танымал талант Марат Қабанбай: ”ұлылар - өз ұлтының микроатом, микроклеткаларынан тұрады” деуінің мықты себебі бар [90.10 б]. Әрине жазушы мұнда бүтінді бөлшекпен, бөлшекті бөлекше кішірейтіп көрсеткен. Алайда ұлттық белгілер неғұрлым көп болса, соғұрлым сапалана түспек. Бірақ жадағай ұран салған жалаң ұлтшылдықтан сақтану қажет. Жаңағы М. Қабанбай: “Махамбет, Абай, Мұхтар , Мұқағалилар ұлт өкілі ретінде ары қарай өмір сүре береді, олардың шығармаларына ұлтымыздың өлмес коды жазылған, әлем бізді он ғасыр өтсе де сол кодтар арқылы тауып, танып алады“ [сонда] деуі білгір ой қорытындысы. Ұлт ақыны болу – ұлттың тарихына, ұлыстың шежіресіне жазылу. Оның мәңгіліке өлмесі, өшпесі мәлім.
Мұқағали - үлкен суреткер. Суреткерлік сегіз қырлы, сансыз сырлы болуы мүмкін. Соның бір ғана көрінісі кемел қайыру - Мұқағалиға тән. Мәселен “Мен күрсінсем, күңіреніп тау жылаған”. Қандай ғажап шендестіру. Адам мен табиғат бір-біріне әсер береді, ықпал етеді. Ақын күрсінісі мен таудың күрсінісі үйлесім тауып, үндесіп кеткен. “Қалауын тапса” дейтін шеберлік осындай- ақ шығар. Бірінен бірі зарядталып, бірінен–бірі рухтанып жасампаз күш пен құдіретке айналған поэзия падишалығы бұл.
Ығысыңдар ,
Ей , таулар!
Ығысыңдар!
Орын сайла ортаңнан жұмысым бар.
Ата болып не маған ұрысыңдар.
Адам болып немесе ығысыңдар.
Әлемдік поэзияның інжу-маржандарында ұшырасар мұндай суреттеу – қазақ жырының қолынан келіп, қабілет қарымынан туындап тұр. Ұлықталар жетістігіміз, ұлттық ұтысымыз. “Ығысыңдар” деген сөз үш рет қайталанса да, өлең шырайына селкеу, сезік келтірмейді. Қайта лептілік, үстемелік дарытқан. Мұндай жайыт жиі ұшырайды, өйткені ол ақынның сүйікті тәсілі, ой айшықтар әдісі. “Тауыма сүйенемін, жоқ болса сүйенерім, келеді тауымды да күйелегім” - нағыз табиғатқа тартып туған, ұлылыққа, ұстаздыққа бой ұрған жолдар. Халқына арқа сүйеген, одан ұланғайыр нәр алып, қуат жинаған нар ақын ғана осылай айта алады. “Түйе баласын қауып сүйеді” демекші, тосын мінез- құлықпен, толағай рухпен еркелей білумен қатар, жек көруі де дүлей бұрқасын бұлтын үйірер , қарғыстауы да қайырылмастай қатал. ”Қымырандай іримін қырға шығып, Өзегімді жалайды өткен – кеткен“ бүгінгі бұрқыратып жазып жүрген жастар бойынан көрінбей жатқан ұлттық белгілеріміз. Бұл – нағыз мектеп, алар өрнек. Себебі “Өзегімді жалайды өткен-кеткені“ ащы ақиқат, ақындық тапқырлық. Абайдың: “ұлып жұртқа қайтқан ойымен” сабақтастық. Қоғамға, ортаға ашынуы, жан-дүниесі құлазып жабырқауы, алаңқай ашықта қалуы, “моласындай бақсының – жалғыз қалған тап шыны”. “Қымырандай ашимын қырға шығыбы “ да ұлттық сананың жемісі, ұлттық ұғыммен суғарылған қазақы образ, халықтық бейне. Лирикалық кейіпкердің азаматтық тынысы мен тіршілігі тұзақтап, тереңіне сүйреп, ішкі иріміне тартады. Қыр қазағының қылығы, мінезі. Өткен-кеткенге өкініші, қапалануы астарланған. Рухани мүгедектік, азғындау қоғам ағзасына аса қатерлі кесел, жазылмас жара. Оны пәрменді құрал поэзиясымен емдеуге Мұқағали ұдайы үлес қосады.
Мұқағали мұрасы – ұлттың қоймаға қосылған асыл қазыналардың көмбесі. Ол өзінің қысқа ғұмырында әдебиет игілігіне қомақты дүние жасап кетті. Халқынан алды, халқына бере де білді. Ендігі жерде ақынның “сыр сандығын” ақтарып өсу мен өркендеудің ұлағатты үрдісіне сай пайдалану міндеті еншімізге тиіп отыр. Мұқағали мұрасына біршама баға берілді десек те әлі жеткіліксіз. Алдымызда Мұқағалитануды қалыптастыру міндеті тұр. Жоғары деңгейде ғылыми тұрғыда зерттеп, зерделеуге мүмкіндік ашылды. Кемімізді толтырып, төрт құбыламызды түгендеуге қазір жағдайымыз жетеді. Мұқағалиды дәріптеу қазақ әдебиетін, күллі қазақ өнерін, ұлттық құндылықтарымызды санада сақтау, қадіріне жетудің бір үлгісі болмақ.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қуандық Ж. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік “ЭКО” ҒӨФ, 2007 ж.,442 б.
2. Боранбаева Ж. М.Жұмабаев поэзиясының көркемдік жүйесі. (Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясының авторефераты), Астана, 2003 ж.
3. Тұржан О. Махамбет поэзиясының көркемдік ерекшелігі. (Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясының авторефераты), Астана, 2005 ж.
4. Алпысбаев Қ. Мұқағали өрнегі. Алматы, қазақ университеті, 2001ж. 187 б.
5. Мұқағалидастан. Құрастырған А. Әбдіқалов - Алматы: Шартарап, 2001.- 192б.
6. Қазанбаева А. З. Мұқағали Мақатаев лирикасының лексика– грамматикалық ерекшеліктері . (Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты.) Алматы. 1999 ж.
7. Бекеева Н. Қазақ поэзиясындағы қаһармандық рух пен трагедиялық ахуал. (Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты ) Алматы. 2002.
8. Хамидуллаев К. Мұқағали Мақатаевтың ақындық шеберлігі. (Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты) Алматы 1993. 187 б.
9. Бегманова Б. С. М.Мақатаев лирикасының ұлттық сипаты. (Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясының авторефераты), Алматы, 2006
10.Абишева С.Д. Поэтическая система “Мир природы “ структура и семантика. (Автореферат диссетаций на соискание ученой степени доктора филологических наук.) Алматы. 2003.
11. М. Мақатаев. Күнделік. Алматы: Жалын, 1991ж., 48 б.
12. Абай. Энциклопедия. – Алматы:Атамұра, 1995 .- 720 б.
13. Сейдімбеков А. // Жас алаш. 1997 ж.
14. Музыкадағы этномәдени дәстүрлер (Материалы международной конференций Алматы,2000 ж.).
15. Қара өлең ( Құрастырған Оразақын Асқрар) жазушы. 1989ж. 320 б.
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер
1. Мұқағалитану дәрістерінің бағдарламасы.// Қазақ тілі мен әдебиеті және “Ұлағат” жабық акционерлік қоғамының ай сайын шығатын ғылыми–педагогикалық әдістемелік журналы. 2000,№5, 26-30 беттер. 2000 №6, 26 – 29 беттер.
2. Жылап қайтқан өмірдің базарынан..
Мұқағалидастан.Ақын шығармалары туралы ойлар, зерттеулер. Құрастырған А.Әбдіқалов. Алматы: Шартарап. 2001 жыл, 78-84 б.
3. Жыр жампозы. Алыптар тобының асылдары. // Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. Халықаралық ғылыми–теориялық конференция материалдары, 2005 жыл, 24-25 наурыз, 303-307 бет.
4. Замана сырын толғаған Қабай–жырау, Қабай–кейіпкер. // Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Алматы облыстық әкімдігі, “Райымбек батыр” республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған Республикалық ғылыми–теориялық конференция материалдары. Талдықорған қаласы, 2005 жыл, 4 тамыз, 113-117 беттер.
5. Райымбекпен рухтанамыз, Мұқағалимен мақтанамыз // Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университеті Қазақстан Республикасы Ата заңының 10 жылдығына арналған “Менің Отаным – Қазақстан” атты Республикалық ғылыми–практикалық конференцияның материалдары Талдықорған 2005жыл, (7-8 сәуір) , 338-345 беттер .
6. Мұқағали поэзиясындағы Абай тағлымының көрінуі.// Әл–Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. Әдеби мұра және қазақ әдебиеті тарихын оқыту мен зерттеу мәселелері Халықаралық ғылыми–теориялық конференция материалдары. 2005 жыл, 24 ақпан, Алматы, 167- 170 беттер.
7. Па шіркін, Махамбеттер, Абайлар – ай! // “Жұлдыз“, 2005 ,№1, 120 -132 беттер.
8. Тоты құстай түрленген өлең. // “Ақиқат”, 2006,№2 80-83 беттер.
11. Образ – көркем ойдың көкжиегі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті. Көкейкесті әдебиеттану. 6-кітап. Астана, 2006, 90-95 беттер.
12. Абай жаққан бір сәуле // “Мұқағали“ 2006, №1, 632-34б.
13. Білмеймін сүйдім бе мен, сүймедім бе? //“Мұқағали“, №3, 2007, 51-54 б.
- открыть своеобразии художественную систему пэозий М.Макатаева;
- доказывая с точки зрения науки гармонию и художественность, определить степень вклада художественного стиля, совершенствование языка, полноты создания образа;
- определить степень силы художественной мысли на пути поиска образа казахского народа, затронуть национальное самосознание, создать образ национальной психологии;
- в произведениях Мукагали обратить внимание на богатое мастерство – чистоту и богатство языка, глубину мысли;
- изучение мастерства поэта превратившего эпические произведения поэта в художественный реализм;
- творчество поэта, воспевающее свой народ, родину, родной край.
Научная новизна диссертаций заключается в том что художественная система Мукагалия Макатаева до сегодняшнего дня не был изучен как самостоятельное творчество. Даже если изучался, то в рамках обще известных тем, либо вокруг некоторых авторов. На этот раз исследование проводилось со специальной целью. Поэтому научная новизна диссертации определяется значимостью и актуальностью поднятых тем.
- У творчества Мукагали есть три связных стержня:
- Если исследуемая тема открывается всесторонне, то на примерах поэзии Мукагали доказывается огромноая значимость влияния и место литературы в глубоком пробуждении национального духа и подводятся итоги.
Благодаря своим поэмам и стихам из образцов классики он преувеличил казахские песни изумрудами и кораллами и пополнил золотой фонд литературы, отличился новыми художественными поисками.
Mukagali’s heritage is akin with music and song. It’s overflowing spring for creation of the composers, uncountable treasury for music. Verses of Mukagali revive our language, learn us to respect our religion, to keep faith, to be patriots.
25 12 2014
2 стр.
Жылғы, Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз аулы – 27 1976ж. Алматы қаласы –ақын
16 12 2014
1 стр.
М. Мақатаев өз шығармашылығының алғашқы кезеңінде-ақ тамаша өлеңдерімен, жырларымен қазақ халқына танымал болды
14 12 2014
4 стр.
Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») 1963-1965,
09 09 2014
1 стр.
Кілт сөздер: байланыс жүйесі, цифрлық коммуникациялық жүйесі, электрстансасы, диспетчерлік байланыс
25 12 2014
1 стр.
Тәрбиелігі: Ұлттық қолөнерімізді құрметтеуге тәрбиелеу,эстетикалықталғамын ұштау
16 12 2014
1 стр.
Жалпы ережелер (1 5 баптар) 2-бөлiм. Сот жүйесі (6 22 баптар)
13 10 2014
3 стр.
Осы «Жаңадан түскендер тізімінде» 2012 жылдың 1 тоқсанында Павлодар қ. орталықтандырылған кітапханалар жүйесі кітапхана-филиалдарына түскен әдебиеттер ұсынылған
18 12 2014
1 стр.