Перейти на главную страницу
№ исх: 1064 от: 15.09.2011 |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы « » ___________ № қаулысымен бекітілген |
Астана, 2011
Алғысөз |
3 |
|
|
I бөлім. Жалпы мәліметтер |
|
|
|
1. Мемлекет және халық 2004 – 2010 жылдарда |
4 |
2. Жалпы саяси негіз |
13 |
3. Қазақстан Республикасында адам құқықтарының заңнамалық және институционалдық қамтамасыз етілуі |
14 |
4. Халықаралық нормалар негізінде адам құқықтарының қорғалуы |
15 |
5. Ақпараттандыру және адам құқықтарын насихаттау |
17 |
6. Әлеуметтік-экономикалық даму |
18 |
|
|
II бөлім. Конвенцияның орындалуы туралы ақпарат |
|
1-бап |
21 |
2-бап |
22 |
3-бап |
27 |
4-бап |
29 |
5-бап |
30 |
6-бап |
33 |
7-бап |
39 |
8-бап |
41 |
9-бап |
42 |
10-бап |
43 |
11-бап |
48 |
12-бап |
60 |
13-бап |
64 |
14-бап |
66 |
15-бап |
73 |
16-бап |
76 |
Қорытынды |
83 |
1-қосымша. Статистикалық деректер |
85 |
2-қосымша. Баяндамада аталған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі |
95 |
Осы БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенциясының (БҰҰ СИДО жөніндегі конвенциясы) іске асырылуы жөніндегі біріккен үшінші және төртінші ұлттық баяндамада 2004 жыл мен 2010 жыл аралығында Қазақстан Республикасында болған әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, сондай-ақ бұл Конвенцияны осы кезеңде іске асырудағы прогресс туралы деректер келтірілген.
Баяндама барлық министрліктер мен ведомстволар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялар ұсынған талдау материалының негізінде, Қазақстанның 2007 жылғы қаңтардағы екінші баяндамасының тұсаукесерінен кейін алынған БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою комитетінің (БҰҰ СИДО жөніндегі комитеті) қорытынды түсініктемелері мен ұсынымдары ескеріле отырып дайындалды. Баяндаманы әзірлеуге үкіметтік емес және халықаралық ұйымдар қатысты.
Баяндаманың жобасы мемлекеттік органдар, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде талқыланды. Олардың ескертулері мен ұсыныстары осы баяндаманы түпкілікті пысықтау кезінде ескерілді.
Баяндаманың І бөлімінде Қазақстан Республикасы, халқы, саяси негізі, адам құқықтарын қорғау жөніндегі заңнамалық органдар жүйесі және республикада адам құқықтары саласындағы ақпаратты тарату бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жалпы ақпарат беріледі.
ІІ бөлімде есептік кезеңде орын алған заңнамалық актілердегі өзгерістер, СИДО жөніндегі конвенцияға сәйкес Қазақстанның қабылдаған міндеттемелерін орындауы жөніндегі әкімшілік және басқа да шаралар, қол жеткен прогресс, қазіргі кедергілер мен оны одан әрі іске асыру жөніндегі межеленген қадамдар туралы ақпарат баптар бойынша ұсынылған.
2010 жылы «Дүниежүзілік экономикалық форум» халықаралық ұйымы өзінің «Жаһандық гендерлік айырмашылық – 2010» баяндамасын жариялады. Әлемнің 134 еліндегі ахуалды төрт көрсеткіш: экономикалық қатысу және мүмкіндік, білім деңгейі, саяси құқықтар, денсаулық және өмір сүру ұзақтығы бойынша бағалай отырып, ол Қазақстанды 41 орынға қойды. Осылайша Қазақстан Республикасы Еуропалық одақтың 14 елін, соның ішінде Франция, Италия және Венгрияны басып озып отыр.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасына осы баяндаманы дайындауда көрсеткен техникалық көмегі үшін алғыс айтады.
Қазақстан аумағы 2,7 млн.шаршы км құрайды, аумағының ауданы бойынша республика әлемнің ірі мемлекеттерінің ондығына кіреді.
Халықтың саны 2011 жылғы 1 қаңтарда 16,4 млн. адамды құраған, соның ішінде әйелдер 8,5 млн. адам (52 %), ерлер – 7,9 млн. адам (48 %).
18 жасқа дейінгі балалар 4,8 млн. адам, соның ішінде қыздар - 2,3 млн. адам (48 %), ер балалар - 2,5 млн. адам (52 %).
Зейнеткерлер саны 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 млн. 695 мың адамды немесе ел халқының жалпы санының 10,2 % құраған. Зейнеткерлер арасында ерлер – 487 мың адам (28,8 %), әйелдер – 1 млн. 208 мың адам (71,2 %), яғни зейнеткерлік жаста айқын гендерлік асимметрия байқалады, әйелдер ерлерге қарағанда 2,5 есе көп.
Егде адамдардың (65 және одан үлкен жастағы) үлесі 2011 жылғы 1 қаңтарда 6,7% құрады, яғни Қазақстан халқы қартайып бара жатқан елдерге жатуы мүмкін 7%-дық шекке тікелей жақын.
Қазақстанның этностық құрамы халық санағының мәліметтері бойынша 140-тан астам ұлт пен ұлысты құрайды, соның ішінде қазақтар - 10 млн. адам (63 %), орыстар – 3,8 млн. адам (24 %), украиндар – 333 мың адам (2,1 %), өзбектер – 457 мың адам (2,9 %), ұйғырлар – 225 мың адам (1,4 %), татарлар – 204 мың адам (1,3 %), немістер – 178 мың адам (1,1 %) және басқалар.
2009 жылғы халық санағы бойынша отбасының орташа мөлшері 3,5 адамды құрайды. Екі адамнан тұратын отбасы көп тараған – 30 %, үш адамнан тұратындары – 27 %, төрт адамнан тұратындары – 22 %, бес және одан көп адамнан тұратындары – 21 %.
18 жасқа дейінгі балалардың 72 % ата-анасымен бірге, 15 % – тек анасымен, 6 % – тек әкесімен, 6 % – ата-аналарынсыз тұрады.
1209 мың үй шаруашылығының (29 %) құрамында 60 және одан үлкен жастағы адамдары бар. 395 мың үй шаруашылығы (9,5 %) тек 60 және одан үлкен жастағы адамдардан тұрады. Бұл үй шаруашылықтарында 545 мыңнан астам адам тұрады, оның 191 мыңы ерлер (35 %) және 354 мыңы әйелдер (65 %).
2009 жылғы халық санағының нәтижелері елдегі елеулі демографиялық өзгерістерді көрсетіп отыр. Халық санағының аралық кезеңінде (1999 – 2009 жылдар) туу артып, өлім-жітім төмендеді, халықтың өмір сүру ұзақтығы артып келеді, көші-қонның оң сальдосы байқалады. Нәтижесінде Қазақстан халқының саны 1 млн. астам адамға артты.
Еңбек және жұмыспен қамту саласы
Қазақстан Республикасында 2010 жылы экономикалық белсенді халықтың саны 8,6 млн. адамды құраған. Экономиканың әртүрлі салаларында 8,1 млн. адам жұмыс істеген, бұл 2004 жылға қарағанда 13 %-ға артық.
Жұмыс істейтін адамдардың ішінде жалданбалы қызметкерлердің саны 67 % құраған, өз бетінше жұмыс істейтіндер – 33 %. Жұмыссыз халықтың саны аталған кезеңде 25 % қысқарып, 496,5 мың адамды құраған. Жұмыссыздық деңгейі 2010 жылы 5,8 % құрады, 2004 жылы ол 8,4 % болған.
2010 жылы жұмыс істейтін адамдардың ішінде әйелдердің саны 3,9 млн. адамды немесе 49 % құраған. Жұмыс істейтін әйелдердің жалпы санының ішінде жалданбалы қызметкерлер 2,5 млн. адамды немесе 65 %, өз бетінше жұмыс істейтіндері – тиісінше 1,4 млн. адамды немесе 35 % құраған.
Тиісті қызмет саласында барлық жұмыс істейтіндердің ішінде әйелдер басым түрде экономиканың денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету – 75 %, білім беру – 73 %, тұру және тамақтандыру қызметтерін көрсету – 66 %, қаржылық және сақтандыру қызметі – 65 %, сауда – 60 %, ауыл шаруашылығы – 47 %, мемлекеттік басқару – 40 % салаларында жұмыс істейді.
Тиісті салаларда барлық жұмыс істейтіндердің ішінде ерлер дәстүрлі түрде құрылыста – 77 %, көлік және қоймада – 77 %, өнеркәсіпте – 66 % жұмыс істейді.
Ауылды жерлерде 2010 жылы 3,9 млн. адам жұмыспен қамтылған, соның ішінде әйелдер 1,8 млн. адам немесе 47 %. Барлық ауылдықтардан әйелдердің жартысынан көбі (55 %) ауыл, орман және балық шаруашылығында жұмыс істейді. Ауылды жерлерге жеке қосалқы шаруашылығында (жеке шаруашылығында) жұмыс істеу тән – 1,2 млн. адам (32 %).
2010 жылы республикадағы орташа номиналды жалақы мөлшері 77,6 мың теңгені құрады, бұл 2004 жылмен салыстырғанды 2,7 есе артық. Жалақының жыл сайынғы өсуі экономикалық қызметтің түрлерінен және аймақтар бөлінісінде байқалады.
Бүгінде елдің жоғары заң шығарушы органы – Қазақстан Республикасының Парламентінде 21 әйел бар, бұл жалпы депутаттар санының 14 % құрайды. Бұрынғы шақырылыммен (2004 жыл) салыстырғанда олардың саны екі еседей өскен. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы өзінің партиялық тізімінде әйелдерді ұсына отырып, шешуші рөл атқарды.
Жергілікті деңгейде – мәслихаттарда 17 % әйел бар. Қазақстанның облыстарының бірінде – Қостанай облысында 30 %-дық межеге қол жеткізілген, бұл жақта барлық деңгейлердегі мәслихаттарда 89 әйел өзінің депутаттық міндеттерін атқарып жүр.
Қазақстан Үкіметінде 19 министрдің ішінде 3-і әйел (15 %), олар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Экономикалық интеграция істері министрлігі сияқты маңызды ведомстволарды басқарады. Сонымен қатар, 4 әйел министрліктерде жауапты хатшы (лауазымға ел Президенті тағайындайды) және 4 әйел вице-министр.
Облыстар әкімдерінің орынбасары лауазымында 5 әйел жұмыс істейді және 3 әйел аудан басқарады, аудан әкімдері орынбасарларының 17 % әйелдер, ауылдық және кенттік округтер әкімдерінің 11 % әйелдер. Мемлекеттік қызметте барлығы 46 мың әйел жұмыс істейді, бұл елдегі мемлекеттік қызметшілердің жалпы санының 53 % құрайды.
Қазақстанда жұмыс істейтін 2146 судьяның 958-і әйелдер (шамамен 45 %), соның ішінде Жоғарғы Сотта 10 әйел (27 %). 2010 жылы облыстық және соған теңестірілген соттар төрағалары лауазымына резервте 5 әйел болған, бұл резервшілердің жалпы санының 21 % құрайды.
Қазақстан Республикасында 2006 – 2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясында барлық шешімдер қабылдау деңгейінде әйелдердің 30 %-дық өкілдігіне қол жеткізу міндеті қойылған. Қазіргі таңда ел Президентінің Қазақстан әйелдерінің съезінде (2011 жыл) берген тапсырмасы бойынша Әйелдерді шешім қабылдау деңгейіне ілгерілету жөніндегі 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған іс-қимыл жоспары әзірленді.
Білім беру
Бұрынғы есепте атап өтілгендей, орта білім Қазақстандағы білім беру жүйесінің базалық деңгейі болып табылады және ол баршаға міндетті.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі 894 оқу орнынан – 309 кәсіптік лицейден және 494 колледжден тұрады және оларда 185 мамандық бойынша 604,2 мың адам оқиды.
Орта білім жүйесінің ерекшелігі – мұғалім мамандығының әйелдердің басым болуымен ерекшеленеді, олар 81 % құрайды. Орта білім беруде басшы құрамдағы әйелдердің үлес салмағы – 80 %, кәсіптік-техникалық білім беруде – 33 %.
Жоғарғы білімді 149 жоғары оқу орнында (9 ұлттық, 2 халықаралық, 32 мемлекеттік, 13 азаматтық емес, 92 жеке меншік, соның ішінде 16 акционерлік) алуға болады. Оларда 620 мыңнан астам адам оқиды. Астана қаласында әлемдік деңгейдегі «Назарбаев Университеті» жоғарғы оқу орны ашылды.
Қазақстан Болон декларациясына (Еуропалық жоғары білім кеңістігі туралы) қосылған. Мамандарды үш деңгейлік дайындау енгізілген: бакалавр – магистр – PhD докторы. Жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы 60 %-ға әйелдерден тұрады. Профессорлардың – 28 %, доценттердің – 51 % әйелдер. Жоғары білім жүйесінің басшылық құрамындағы әйелдердің үлес салмағы – 25 %. Университеттер түлектерінің ішінде 60 % қыз-келіншектер.
Шетелде әлемнің 27 мемлекетінде 30 мыңнан астам қазақстандық оқып жатыр. Оның ішінде 3 мыңға жуық студент Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» стипендиясы шеңберінде білім алуда. Республиканың жоғарғы оқу орындарында 12 мыңнан астам шетел азаматы оқиды.
БҰҰДБ 2009 жылғы баяндамасына сәйкес халықтың сауаттылық деңгейі (99,6 %) бойынша Қазақстан әлемде 14 орында.
БҰҰДБ «Халықтардың нақты байлығы: адамды дамыту жолдары» Баяндамасының мәліметтеріне сәйкес 2010 жыл бойынша Қазақстан 169 мемлекеттің ішінде адам әлеуетінің даму деңгейі жоғары мемлекеттер тобына кіреді (66 орында).
ЮНЕСКО-ның (2011 ж.) мәліметтеріне сәйкес Қазақстан білімді дамыту индексі бойынша әлемде 4 орында (129 мемлекеттің ішінде).
2010 жылы Қазақстанда Математикадан 51-ші халықаралық олимпиада өтіп, Қазақстан командасы әлемнің 98 елі ішінде 5 орынды иеленді.
Қазақстанның білім беру жүйесінің жоғары бағалануы елдегі мектепке дейінгі дайындық пен 11 жылдық білім берудің міндетті және тегін болуымен байланысты.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының білім беруін дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасын іске асыру басталды. Сонымен қатар, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы іске асырылуда.
Бұл бағдарламаның мақсаты халықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда сапалы қызмет талаптарын қанағаттандыру болып табылады.
2015 жылға қарай қалалық жерлерде де, ауылдық жерлерде де мектепке дейінгі балаларды тәрбиемен және оқытумен қамту – барлық қажет ететіндердің 70 %, 2020 жылға – 100 % қамтитын болады. 2010 жылы 42 % қамтылған, бұл 2004 жылғымен салыстырғанда 2,5 есе көп.
2015 жылдан бастап орта мектептің жоғары сыныптарында екі бағыт: қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша «Бейіндік мектеп» (11–12 сыныптар) бейіндік оқыту бағдарламасы іске асырылатын болады. 2015 – 2020 жылдар ішінде барлық орта білім беру 12 жылдық оқу моделіне көшеді.
2015 жылға қарай және дайындаудың барлық деңгейлерінде білім беру ұйымдарының жартысын электрондық оқытумен қамту, 2020 жылға бұл көрсеткішті 90 %-ға жеткізу жоспарлануда. Мектепке дейінгі тәрбиеде компьютерлік оқыту ойындары, орта мектепте – электрондық оқулықтар, колледждер мен кәсіптік лицейлерде – виртуалды жаттықтырғыштар, жоғары оқу орындарында – электрондық ғылыми-зерттеу зертханалары пайдаланылатын болады.
Мұғалім еңбегін мемлекеттік қолдау және ынталандыру айтарлықтай күшейеді. 2015 жылға педагогтардың орташа жалақысы жеке сектордағы еңбекақы деңгейіне жақындайтын болады, қазіргі таңда ол елдегі орташа деңгейдің 60 % құрайды.
Денсаулық сақтау
2010 жылы Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аяқталды және Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілді.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру нәтижесінде туу 25 %-ға артып, жалпы өлім-жітім 11 %-ға төмендеді. Ана мен бала денсаулығының көрсеткіштері жақсарды. Ана өлімі бір жарым еседен артық (әрбір тірі туған 100 мың нәрестеге 2004 ж. – 36,9, 2010 ж. – 22,7) азайды. 2004 жылы нәресте өлімі көрсеткіші әрбір тірі туған 1000 нәрестеге 14,5 құрады, Қазақстанда ДДҰ-ның өлі туу және тірі туу бойынша әдістемесінің енгізілуіне байланысты 2008 жылы нәрестелер өлімінің көрсеткіші 15 %-ға төмендеп, 2010 жылы әрбір тірі туған 1000 нәрестеге 16,5 құрады.
Бірқатар әлеуметтік маңызы бар сырқаттанудың тұрақты төмендеуі байқалады. Туберкулезбен сырқаттану 1,5 есе, өлім-жітім – екі есе төмендеді. Қан айналымы жүйесі ауруларынан өлім-жітім – 20 %-ға, онкопатологиядан –11%-ға, жарақаттан – 26 %-ға төмендеді. Нәтижесінде 2010 жылы өмір сүрудің күтілетін ұзақтығы 2004 жылмен салыстырғанда 2,2 жылға артып, 68,4 жасты құрады, соның ішінде әйелдерде 1,3 жылға ұзарып, 73,3 жасты құрады, ерлерде – 2,9 жылға ұзарып, 63,5 жасты құрады.
Бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде әйелдерді әрі қарай қарқынды бақылап және сауықтыра отырып, жыл сайынғы профилактикалық медициналық тексерулер, жатыр мойны мен сүт бездерінің рак алдындағы сырқаттарын айқындау үшін әйелдерге скринингтік тексерулер жүргізіледі. Шалғай ауылдық елді мекендерде әйелдерді тексеру үшін барлық өңірлерде жылжымалы цифрлық қондырғысы бар маммографтар жұмыс істейді. Тек 2010 жылдың өзінде сүт безі рагін анықтау мақсатында 400 мыңнан астам әйел тексерілді, 698 әйелде ауру анықталып, олардың барлығына тиісті медициналық көмек көрсетілді.
Денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасы едәуір жақсарды. 400-ден астам нысан, соның ішінде 7 қан орталығы салынды, 5 мыңға жуық медициналық ұйым жөнделді. Тек республикалық бюджеттің есебінен жалпы сомасы 75 млрд.теңге медициналық құрал-жабдық сатып алынды. Халықаралық стандарттарға сәйкес медициналық көмек көрсету үшін барлық жағдай жасалған.
Республикалық маңызы бар жолдарда жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге уақтылы қазіргі заманғы медициналық көмек көрсету үшін жыл сайын реанимобильдер сатып алынады (2010 ж. – 14 бірлік, 2011 жылға 15 бірлік жоспарланған). Жалпы сомасы 757 млн.теңге болатын 2011 жылы – 6, 2012 жылы – тағы 6 жол медициналық-құтқару пункттерін ашу жоспарлануда.
Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі медициналық қызмет көрсетудің тұтынушыларына дәрігер мен ауруханалық ұйымды еркін таңдау құқығын берді, өңірлерде жоғары мамандандырылған көмектің қол жетімділігін қамтамасыз етті. Мемлекет саясатының маңызды тұсы Қазақстан азаматтарын тегін медициналық көмектің кепілді көлемімен қамтамасыз ету болып табылады, ол жедел медициналық, амбулаториялық-емханалық (бастапқы медициналық-санитарлық және консультативтік-диагностикалық), стационарлық және стационарлық-алмастырушылық жәрдемді қамтиды. Жүкті әйелдерге, 5 жасқа дейінгі балаларға қажетті дәрілік заттар тегін бөлінеді.
Елдің денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бастапқы медициналық көмекті дамытуға, озық медициналық технологияларды әзірлеу мен енгізуге, мобильді және телемедицинаны, санитарлық авиацияны одан әрі дамытуға басты мән береді. Медициналық көмекті ұйымдастыруды, басқаруды жетілдіру, қаржыландыру, соның ішінде медициналық қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің түпкілікті нәтижеге бағытталған жаңа тетіктерін енгізу жалғасады.
Әйелдерге қатысты қылмыстылық пен зорлық-зомбылық
Бас прокуратураның мәліметтері бойынша 2010 жылы Қазақстанда 132 мың қылмыс тіркелген, соның ішінде 42,5 мыңы әйелдерге қатысты (32 %), оның ішінде зорлау – 1,4 мың. Қылмыстардың жалпы саны 2004 жылмен салыстырғанда (143,5 мың) қысқарған, бірақ әйелдерге қатысты біршама өскен (36 мың). Бұл 2007 жылдан бастап тек жәбірленушілердің өтініштері ғана емес, сонымен бірге жеке және заңды тұлғалардың өтініштері де тіркеліп, қаралатынына байланысты.
Қылмыстар құрылымында барынша көп үлес салмағы (66 %) меншікке қарсы қылмыстарға – ұрлыққа, алаяқтыққа, қарақшылыққа тән. Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстардың қысқаруы байқалады, олардың үлесі 7,5 % құрады. Бұл топтағы қылмыстар негізінен есірткілермен байланысты, олардың саны да төмендеуде. Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың үлесі 6,7 %, тұлғаға қарсы қылмыстар - 5,6 % құраған.
Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күрес мақсатында Ішкі істер министрлігінің аудандық бөлімдеріне дейінгі құрылымында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы бөлімшелер жұмыс істейді. Олардың жалпы штат саны 126 бірлікті құрайды. Қызметкерлердің міндеттеріне әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық фактілерін анықтау, жеке және заңды тұлғалардың әйелдердің конституциялық құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы туралы шағымдары мен өтініштерін қарау кіреді.
2010 жылы ішкі істер органдарына 23 мыңнан астам әйел жүгінген. Бұрынғы есепте атап өтілгендей, Қазақстан Республикасының заңнамасында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлерін жасағаны үшін – Қылмыстық кодекстің 96, 98, 99, 101-107, 115-117, 120-130-баптарында және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 79-бабында жауапкершілік көзделген. Барынша жоғары қылмыстық жаза – мүлкін тәркілей отырып 7-ден 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру, әкімшілік жаза – айыппұл не 15 тәулікке дейін әкімшілік тұтқындау (ұрып-соғу, байқаусызда денсаулығына ауырлығы орташа залал келтіру, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер).
Сексуалдық сипаттағы қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-122 және 124-баптарында көзделген. Мысалы, 121-бап бойынша (сексуалдық сипаттағы күш қолдану әрекеттері) 8-ден 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Зорлау туралы қылмыстық істер бойынша жәбірленушілер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 100-бабының «Жәбiрленушiлердiң, куәлардың, сезiктiлердiң, айыпталушылардың және қылмыстық процеске қатысушы басқа да адамдардың қауiпсiздiгi шаралары» нормаларына сәйкес қорғалуға құқылы.
2007 жылы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс «Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер» атты 79-5-баппен толықтырылды. Ол айыппұлдарды немесе 15 тәулікке дейінгі әкімшілік тұтқындауды көздейді. Іс жүзінде жағдайлардың жартысында соттар санкцияларды қолданады. Бап елдегі тұрмыстық қылмыстың жағдайына елеулі ықпал етті. Үш жыл ішінде 75 мың құқық бұзушылық анықталған және де 2008 жылы мұндай 16 мың құқық бұзушылық анықталса, 2010 жылы – 37 мың анықталған. Соттар 516 адамға қатысты 509 істі қараған, оның ішінде 391 адамға қатысты 379 үкім шығарған.
Зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмысы үкіметтік емес ұйымдармен тығыз байланыста жүргізіледі.
Әйелдерге олардың зорлық-зомбылықсыз өмір сүру құқығын қорғауда 28 дағдарыстық орталық нақты көмек көрсетеді, оның 7-де паналайтын баспана бар. Оның 20-сы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және басқа да әлеуметтік-маңызды бағдарламалар арқылы грант бөлу жолымен мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылады. 6 дағдарыстық орталық қызметінің негізгі бағыты адам саудасы құрбандарына көмек көрсету, 12-нің бағыты – тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету, 10-ның бағыты – зорлық-зомбылықтың барлық мәселелері бойынша консультация беру болып табылады. Барлық дағдарыстық орталықтарда сенім телефондары жұмыс істейді, олар арқылы құқықтық және психологиялық көмек қызметкерлері 20 мыңға дейін адамға қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдар республиканың дағдарыстық орталықтары жоқ 4 облысында осындай орталық құру туралы мәселені пысықтауда. 2010 жылы дағдарыстық орталықтардан 22 мыңнан астам адам, соның ішінде 18,5 мың әйел көмек сұраған, уақытша баспаналар қызметін 1 мыңнан астам адам пайдаланған.
Тек 2010 жылы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау жөніндегі 60-тан астам профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) Әкімшілік полиция комитеті мен Дағдарыстық орталықтар одағы арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау жөніндегі іс-қимыл жоспары әзірленді.
2009 жылдың аяғында Қазақстанда «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» заң қабылданды (БҰҰ СИДО жөніндегі комитеті Қорытынды ескертулерінің 15 тармағы орындалды). Осы заңмен ішкі істер органдарының қызметкерлері жәбірленушілерді қорғауға бағытталған құқық бұзушылыққа жол беретін адамдарға қатысты қорғау ұйғарымын шығару құқығына ие болды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі қорғау ұйғарымын бұзғаны үшін жауапкершілікті көздейтін нормамен толықтырылды (2010 ж.). Сонымен қатар, ішкі істер органдарының қолдаухаты бойынша соттар құқық бұзушылардың мінез-құлқына 3 айдан бір жылға дейінгі мерзіммен ерекше талаптар белгілейді. Заңның қабылданған сәтінен бастап 26 мың қорғау ұйғарымы шығарылды. Қорғау ұйғарымын бұзғаны үшін 20 мыңнан астам адам 3 сағаттан екі тәулікке дейін сот шешім шығарғанға дейін ұсталған, 500 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қабылданған шаралардың арқасында соңғы 6 жылда елде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстардың орнықты төмендеу үрдісіне қол жеткізілді.
Сонымен бірге 2010 жылы шамамен 22 мың отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы зорлық-зомбылық фактілері туралы өтініштер мен хабарламалар бойынша қылмыстық істі қозғаудан бас тартылды. Негізгі себеп тараптардың белгілі бір уақыт өткен соң татуласуы және бастапқы арыздан бас тарту болып табылады. Қылмыстық істі қозғаудан бас тартудың басқа себептері жеке адамдардың медициналық куәландырудан өтуден бас тартуы немесе кінәлілердің іс-әрекеттерінде әкімшілік жауапкершілік белгілерінің жоқтығы, сондай-ақ олардың әрекеттерін жеке және жеке-көпшілік кінәлау істеріне жатқызу болып табылады.
Көбінесе әйелдер жұбайы немесе балалары тарапынан болған тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары болғандарын жасырады. Полицейлерге кейде қажетті материал жинау қиын болады. Сондықтан шынайы өмірде зорлық-зомбылық фактілері құқық қорғау органдары мен жұртшылыққа мәлім болғаннан әлдеқайда көп болады.
2010 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі еліміздің әртүрлі өңірлерінде әйелдерге отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын зорлық-зомбылықтардың себептерін зерделеу тұрғысынан сауалнама жүргізді. 32 мың респондентке сауалдама жүргізілді, оның ішінде ішкі істер органдарына немесе дағдарыстық орталықтарға көмекке немесе консультацияға жүгінген әйелдер; отбасылық жанжалқойлар ретінде есепте тұратын әйелдер, сондай-ақ ата-аналары ата-аналық құқығынан айрылған балалар бар. Сауалнама нәтижелеріне сәйкес респонденттердің 34% зорлық-зомбылық жасаудың себептері мүліктік даулар, 26% – қызғаныш, 25% – маскүнемдік, 12% – өзге адамдардың отбасылық өмірге араласуы, 7% –келіспеушілік деп атап өткен.
Ішкі істер органдарының отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы жөніндегі жұмысын жандандыру мақсатында 2010 жылғы тамызда «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» апталық республикалық акция өткізілді. Оған 12 мың полиция қызметкері, 4 мыңнан астам білім беру, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарының, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері жұмылдырылды. 11 мыңнан астам сәтсіз отбасылары тексеріліп, ересектерге қатысты 3 мыңнан астам және балаларға қатысты 300-дей зорлық-зомбылық фактісі айқындалды. Айқындалған фактілер бойынша 800-ден астам қорғау ұйғарымдары шығарылды, әкімшілік жауапкершілікке 1,5 мыңнан астам құқық бұзушылар тартылды. Жергілікті атқарушы органдарға сәтсіз отбасыларға көмек көрсету туралы 1,5 мыңнан астам қолдаухат жолданды.
2010 жылғы қазанда «Сіздің қорғалу құқығыңыз» атты республикалық акция өткізілді, оның мақсаты бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) арқылы жаңадан енгізілген заңнама нормалары туралы түсіндіру жұмысын жүргізу болды. Бір аптаның ішінде 500 мыңнан астам жаднама таратылып, 120 мыңнан астам плакат көпшілік демалатын орындарға ілінді, кәсіпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде 10 мыңнан астам кездесу өткізілді.
Сауалнама нәтижелері бойынша ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы мен олардың жолын кесудің нысандары мен әдістерін жетілдіру жөніндегі ұсынымдар әзірленді.
Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күніне орай 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасында жыл сайын «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өткізіледі. Іс-шараны өткізуге 2010 жылы 25 мың адам жұмылдырылған, оның 17 мыңы полиция қызметкерлері және 8 мыңнан астамы мүдделі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері. Акция барысында халыққа 240 мың буклет, жаднама, плакат таратылды, Қазақстан Республикасының тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы саласындағы заңнамасын түсіндіру жөнінде 6 мыңнан астам маңдайшалар мен билбордтар орнатылды. 41 мыңнан астам пәтерлер мен үйлерді аралап, соның барысында тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі шамамен 112 мың жадынама мен буклеттер таратылды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарына өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдерді жұмыспен қамту туралы 3 мыңнан астам қолдаухат жіберілді.
Акция шеңберінде «Құрбылар» және «Қамқорлық» дағдарыс орталықтары Алматы қаласында Жібек жолы, Абылайхан және Фурманов даңғылдары бойынша Гендерлік зорлық-зомбылықпен күресті қолдау маршын өткізді, оған жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Іс-шараның атрибуттары «Біз зорлық-зомбылықсыз өмірді жақтаймыз» атты жазуы бар қолшатырлар мен әуе шарлары болды.
Акция қорытындысы бойынша ІІМ Дағдарыстық орталықтар одағымен бірлесіп, АҚШ елшілігі мен ЮНИФЕМ-нің қолдауымен Алматы қаласында «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және балалардың құқықтарын қорғау: стратегиялық ұстанымдар әзірлеу және ынтымақтастықты нығайту» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізді.
Республикасында адам құқықтарының заңнамалық және институционалдық қамтамасыз етілуі
25 12 2014
10 стр.
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган
12 10 2014
1 стр.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабы 1 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 16 қара
15 10 2014
1 стр.
Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесі
25 12 2014
14 стр.
Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Бола
14 12 2014
8 стр.
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығы және Қазақстан Республикасы
25 12 2014
3 стр.
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы №95 қаулысына мынада
15 10 2014
1 стр.
Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республ
25 12 2014
1 стр.