Перейти на главную страницу
Мемлекеттік басқару дағдарысы – мемлекет басқару құрылымының тұрақсыздануымен, саяси институттардың ықпалының теңгерілмеуімен, қоғамдық-саяси қатынастардың басқару деңгейінің төмендеуімен, саяси қақтығыстардың ұшығуымен, көпшіліктің белсенділігінің артуымен сипатталатын қоғамның саяси жүйесінің өркендеуімен қызмет көрсетуінің ерекше өзгерген түрі.
Мемлекеттік басқарудағы дағдарыстың негізгі белгілері:
қарастырсақ.
Жанжал – адамзат қатынасындағы объективті элемент екені белгілі. Бұл қоғамдық қарым-қатынастарда өнебойы болып тұратын және мүлдем жойып жіберуге болмайтын, потенциалды мүмкіндіктер мен субъектілердің деректі қақтығыстары мүддесі мен мәнін жоғары қоюға дағдыланған динамикалық түрі.
45. Басқарушылық тәуекелдің сыныпталуының критериі.
Белгілері:
Тәуекелдің тағайындалуы: болжамды жоғалтулар немесе болжамды пайда.
Тәуекел процесінің функционалды ерекшелігі: маркетингтік, инновациялық, инвестициялық, өндірістік, сақтандыру, қаржылық.
Тәуекел нәтижесінің мазмұнына қарай: экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, ұйымдастырушылық, инновациялық, психологиялық.
Тәуекел шешімді өткізгеннен кейінгі зардап: әлеуметтік, саяси, экологиялық, демокрафиялық.
Тәуекел сыртқы факторларының деңгейі: халықаралық, макроэкономикалық, аймақтық.
Тәуекелдің нарықтық факторы: бәсекелестік, бағалық, коммуникациялық.
Тәуекел көзі болатын өндірістік факторлар нарығы: адам ресурстары, қаржы ресурстары, материалдық ресурстар, информациялық, уақытша.
Әсер ету құралдарына қарай: мақсатты, стратегиялық, тактикалық, болжамдық, жоспарлы, концепциялы, дәлелді (мотивациялық), ынталандырушы, құрылымдық.
Көрініс(проявление) сипаттамасына қарай: субъектілік, объектілік, құқықтық, құқықтық емес, ақталатын, ақталмайтын, криминалдық.
Әдістері: эксперттік, экономика-математикалық, дисконттау, статистикалық, интуициялық.
Әдебиетте инновациялық стратегияның екі негізгі түрін қарастырады:
Бейімделуші ұйымдар өздерінің үйреншікті жолын бәсекелік жағдай салыстылмалы тұрақты болғанға дейін жалғастыра беруі мүмкін. Бірақ, бұл шарттар күрт өзгергенде, бейімделген тәсілдеме проблеманы шешу әдісін сыни қайта қарап шығу мүмкіндігін бермейді, ол оның қауіпті жағы болып табылады.
Бәсекелік стратегия, шығармашылық тәсілдемеге негізделе отырып, инновациялық потенциял факторларынан тұратын ұйымның инновациялық ортасынталдау арқылы кері байланысты қамтамасыз етеді. Бұл стратегия ұдайы жаңашылдықты бағалау, мәселені талқылау және шешу әдістері аясында эксперимент жүргізу арқылы ұйымның өзін-өзі ұдайы жетілдіріп баруын талап етеді.
17 – билет.
24. Дағдарыс қауіптілігін сипаттайтын ұйым дамуының факторлары.
Әрбір ұйым өзіндік даму потенциалына оны жүзеге асыру жағдайына ие және барлық әлеуметтік экономикалық жүйеде циклдық даму заңдылығына бағынады.Дағдарыс қауіптілігін сипаттайтын факторлар ішкі,сыртқы, Жалпы және арнайы болып бөлінеді.Сыртқы факторлар ұйым қызмет ететін және тәуелді экономикалық жағдайды сипаттайды.Егер, экономика жүйелі дағдарыс жағдайында болса, жеке ұйым жағдайында көрініс береді.Бірақ әр қайсысында әртүрлі көрініс береді.барлығы ұйым сипатына, қызметіне (мемл. Жеке меншік, ірі,шағын,коммерциялық,өндірістік) және оның ішкі жағдайына (экономикалық потенциал, басқару профессионалдылығына, персонал,әлеуметтік атмосфера)байланысты.Әрбір ұйымда дағдарыстың ішкі,сыртқы факторына өз қатынасы болады.Ұйымда дағдарыс пайда болса, біреулер жойылу шегінде тұрса, басқалары ұзақ уақыт бойы дағдарыстық құбылыстарға қарсылық білдіреді, үшіншілері өз игілігіне қолданады.Бұлар себептермен түсіндіріледі.Олардың ішінде дағдарысқа қарсы потенциал, профессионалды басқару, жоғары экономикалық белсенділік.бұлардың барлығы факторлар.Сонымен бірге ұйым қолайлы сыртқы экономикалық жағдайда да дағдарысқа ұшырауы мүмкін.Себептері ішкі даму факторлары болуы мүмкін.(іскерлік және әлеуметтік психологиялық конфликтер,тиімсіз ұйым жұмысы, персоналдың төмен профессионалдылығы,технологияның ескіруі, экономикалық шешім қабылдауда қателіктер, табыссыз маркетинг)
Информациялық талдау – жаңа тәуекел көздерін табу үшін және белгілі тәуекел факторларына ішкі және сыртқы ортаға маниторинг жасау.
Жағдайды диагностикалау – зиянды бағалау үшін, тәуекелдің өзгеруін бағалау үшін қолданылады (математикалық, статистикалық, интуитивные).
Шешім нұсқаларын әзірлеу - барлық нұсқалары үшін шешімнің шегін анықтайды (экономикалық, әлеуметтік, экологиялық бағалаулар жүргізіледі).
Шешімді қабылдау (обоснование параметров допустимого риска, разработка системы ответственности).
Ұйымдастыру және өткізу (жоспарлау, реттеу, бақылау, тәуекел шешім жасау үшін каманда құру).
Тәуекелді басқару:
Стратегиялық басқару (ұйымның риск – менеджерінің стратегиясын, мақсатын, функциясын, міндетін әзірлеу)
Тәуекел шешімін қабылдау критерии (тәуекел шегін анықтау, жоғалтулар өзгерісінің динамикасы (өсу немесе төмендеу, сату көлеміне байланысты, шығын көлеміне байланысты, баға өзгерісі және инфляция).
Жоғалтуларды минимизациялау (тәуекелділікті сақтандыру)
Тәуекел деңгейін бағалау, тәуекел шешімінің нәтижелігіне оның әсерінің көлемі.
75. Қазіргі кездегі «реттеуіш теориясы» бойынша дағдарыстың классификациясы және дағдарыстың анықтамасы.
Тепе-теңдіктің бұзылуы дағдарысқа әкеледі – бұл өз мәні бойынша бұрынғы реттеу тәсілінің ішінде қарама-қайшылықтардың өзіндік шегі мен шиеленісуін көрсететін құбылыс.
Дағдарыс классификациясының жіктелуі:
1) «ішкі» талдырудың дағдарыстағы нәтижесі негізінде. Бұл жағдайда дағдарыс түсінігі, экономикалық-шаруашылық жалғасы, ол географиялық болып табылады.
2) Дағдарыс кезеңі: экономикалық көтерілу механизмі мен әлеуметтік процесс.
3) Құрылымдық дағдарыс: экономикалық және жалпы динамикашаруашылыққа кіру дағдарысында тұрақты импульс береді;
4) Өндірістік дағдарыс тәсілі қарама-қайшы дағдарыс сипаттарының шиеленісуі. Белгіді француз экономисті Добер Буайе 4 негізгі дағдарыс типологиясын тапты:
Дағдарыстың бірінші типі – сипатты бұзу
Екінші типі – жүйе реттеудегі ішінара бұзу
Үшінші типі – жүйе реттеу дағдарысы
Төртінші типі – жүйе реттеу және қор жинаудағы дағдарыс тәртібі.
Бұл типтік дағдарыстардың ішіндегілерін жіктесек: бірінші типі – «ішкі шоқ» дағдарыс нәтижесіне сәйкес; екінші типтік дағдарыс – құрылымдық кезеңге сәйкес; үш пен төртінші типтік дағдарыстары басқа да кезеңдерге сәйкес.
Симптомалар көрсеткіштерден көрінеді.Дағдарыс симптомы болып көрсеткіштер жағдайында,сонымен қатар, оның өзгеру тенденциялары да табылады.Көрсеткіштер жағдайы бекітілген нормативті көлемінен салыстырылып бағалануы мүмкін.Дағдарыстың даму симптомы болып көрсеткіштердің заңды қатынастарқа сәйкессіздігі табылады.Мыс, еңбек өнімділігінің өсу қарқыны, еңбекақы өсу қарқынынан өсу керек.Егер ондай болмаса, дағдарыс қауіптілігі өседі.Симптом бұл шын дағдарыс себептерін сипаттамайтын, дағдарыс құбылыстарының алғашқы сыртқы көрінісі.Дағдарыстарды симптомы бойынша ғана емес, сонымен бірге себептері және нақты факторлары бойынша бағалау қажет.Дағдарыс факторы дағдарыстардың төнгендігін нақтылайтын, жағдай немесе бекітілген тенденция.Дағдарыс себептері дағдарыс факторы көрініс беретін жағдай немесе құбылыс.Мыс, инфляция дағдарыс факторлары болып табылады.Инфляцияның себебі ақша массасының көп болуымен байланысты.Дағдарыс симптомы болып мыс, долларды есеп операцияларында қолдану, еңбекақының өсімі және ақталмағандығы, бағаның өсімі.Ұйымда өнім сапасының төмендеуі, технологиялық тәртіптің бұзылуы, техникалывқ құралдардың ескіруі, несиелер бойынша үлкен берешек дағдарыс факторы болып қарастырылуы мүмкін.Ал себебіне экономиканың жалпы жағдайы, персоналдың төмен біліктілігі, ынталандыру жүйесінің кемшіліктері жатады.Дағдарыс симптомына кері тенденцияның тұрақтылығы, іскерлік кенліспеушіліктер , қаржылық проблемалардың өсуі жатады.
Өнімнің өмірлік айналымын зерттеу инновациялық үрдістің стратегиясын анықтауда ескеретін келесідей бірнеше қорытындыға әкеледі:
Инвестицияның қажеттігіне себепші болатын жағдай әр түрлі, оларды былай топтауға болады: жаңа іскер түрін игерумен байланысты, жаңа құрылыс, өнеркәсіптерді техникалық қайта жабдықтау және реконструкциялау, күшті өнеркәсіпті күшейту.Дағдарысқа қарсы инвестициялық саясатта жетістікке жету үшін инвестиция саласындағы стратегиялық және тактикалық мәселелер байланысын қамтамасыз ету қажет.Мемлекеттің дағдарысқа қарсы инвестициялық стратегиясының мақсаты құрылымдық экономиканы қайта құру.Тактикалық инвестиция мәселесінің мақсаты өнеркәсіп қызметінің нәтижелілігін қолдау, ақша төлеуге мүмкіншілігі жоқ өнеркәсіптердің ақша төлеу мүмкіншілігін көтеру.Тактикалық және стратегиялық инвестиция мәселелері қаражат бөлу масштабымен және қабылданған шешімдердің нәтижесін нақтыламау, әр түрлі қаржылық тәуекелге себепші болуымен ерекшеленеді.Мемлекеттік дағдарысқа қарсы стратегияны жүзеге асыру үшін бірқатар алғышарттарға сүйенеді.Олар:қоғамдағы саяси және әлеуметтік –экономикалық тұрақтылық
Дағдарыс қауіптілігі және өсу ықтималдылығы фирма дамуының ауыспалы кезеңінде туындайды. Мұндай кезеңдерді фирманың бір жағдайдан басқа жағдайдан ауысу процесінің кезең аралық түрінде қарастыруға болады.
Бірінші ауыспалы кезең. Даму потенциалының туындауы.Бұл кезең жаңа фирманың туындау процесімен сипатталады.Даму потенциалының пайда болуы дағдарыс қауіптілігін тудырады.Жаңа фирма потенциалының пайда болуы аймақтағы және елдегі жалпы экономикалық жағдаймен байланысты. Бұл кезең шағын бизнестегі кәсіпкерлікке, идеяның туындауы, және оны өткізудегі алғашқы қадамдар, жоғары кәсіпкерлік белсенділікке кері дағдарыстық әсерге ұқсас.
Екінші ауыспалы кезең.Қалыптасу. Ол жаңа фирманың экономикалық ортада жеке ұйым ретінде құрылуын сипаттайды.
Үшінші ауыспалы кезең. Бекіту.Ол нарықта фирманың позициясын нақтылауын сипаттайды.Бұл кезеңде фирма нарықта өзін бекітеді. Виоленттер ірі болып саналады және нарықтық жағдайға маңызды әсер ететін фирмалар болып саналады.
Төртінші ауыспалы кезең.Құлдырау кезеңі.Ол фирманың өмір сүруіне қажет маңызды көрсеткіштердің төмендеуін сипаттайды.Негізгі көрсеткіштердің құлдырауы бұл қауіптілік емес, дағдарыстардың белгілері.
Бесінші ауыс.кезең.Шығу кезеңі.Бұл кезең фирманың толық құлдырауы , жабылуымен сипатталады.
53. Шумпетер жіктеуіне сәйкес «жаңалық енгізу» түсінігі.
Мамандардың пікірінше инновацияның теориясын дамытуға көп үлес қосқандардың бірі Й. Шумпетер болды. Ол ғасыр басында өзінің экономикалық даму теориясын жасаған. Оның ойынша, экономикалық өсудің негізін жаңашылдықтар құрайды. Й. Шумпетердің жіктеуіне сәйкес , «жаңашылдық» түсінігі келесідей болып қарастырылады:
Мемлекеттік басқарудың дағдарысқа қарсы аспектілері әртүрлі формада көрінеді. Мысалы, АҚШ-та бұл жұмыспен қамту заңнамасын жетілдіру, жастар үшін жұмыс орындарын көбейту, аймақтық құрылым бағдарламаларын әзірлеуден көрінеді. АҚШ-та жұмыспен қамту мәселелері бойынша дағдарысқа қарсы саясат заңды белгіленген. Бұның өткізілу аясында мемлекетпен құрылым жұмыстарын қаржыландыру, мемлекеттік салаларда жұмыспен қамтуды күшейту, жұмыссыздық бойынша сақтандыру төлемдерінің көлемін кеңейту, жеке және мемлекеттік секторларда экономиканы жалпы сауықтыру шаралары мен жұмыссыздықты сақтандыруға қосымша ретінде кәсіптік оқыту. АҚШ-тағы 2-ші бір дағдарысқа қарсы мемлекеттік басқаруды жетілдіру бағыттарының бірі болып экономикалық саясатты жүргізу мен әзірлеу бойынша әртүрлі мемлекеттік ведомостволарының әржақты ғылыми негізделген координациясы табылады. Японияның экономикалық саясатын күшейту нарықтық бәсекелестік үшін шарт құруға бағытталған. 1947 жылы жеке кәсіпкерлік ұйымдарды, фирмаларды қайта ұйымдастыру мен жеке кәсіпкерлік туралы экономикалық қуаттылықтың шоғырлануын жою туралы заң қабылданды. Япониялық бизнестің осы кезеңдегі маңызды проблемасы япониялық тауарлар сапасының қанағаттанарлықсыз деңгейде болуында болды. Мемлекеттік елдер қатарындағы органдар жекешелендіру бағдарламасын әзірлейді және олардың іске асырылуы экономиканың барлық салаларында және жеке кәсіпорындардың дағдарыстан шығу жолдарынмен алдын алу шараларына бағытталған дағдарысқа қарсы шаралар бойынша жүргізіледі. Жекешелендіру әр елде өз ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Мысалы, Италияда - аса ерекшеленген прагматизм. Чехияда жекешелендіру меншікті иеленуде мемлекеттің үлесін азайту және мемлекеттік меншіктің үлесін 10-15 пайызға дейін жеткізу. Чехияда жекешелендіру екі кіші және үлкен формада жүрді. Сонымен қатар экономикасы дамыған елдерде макро және микро деңгейдегі дағдарысты жағдайларды алдын алу мен болдырмаудың бай тәжірибесі жинақталды. Әрине көптеген елерде дағдарыстың туындауының тарихи әлеуметтік шарттары көптеген позициялармен сәйкес келе бермейді.
Ұйымда болатын барлық процестерді екі топқа бөлуге болады: басқарылатын және басқарылмайтын процестер. Басқарылатын процестер белгілі бір бағытта өзгертуге келетін процестер. Басқарылмайтын процестер белгілі бір себептермен өзгертуге келмейтін процестер.Олар өз заңдарымен жүреді.Басқарылатын басқарылмайтын процестер белгілі бір арақатынаста және динамикалық өзгеру жағдайында тұрады.Басқарылатын процестер б.б. жағдайда басқарылмайтын процестер болуы мүмкін және керісінше.Сонымен қатар, басқарылатын процестер ұйым дамуының және қызмет ететін процестердің жартысын ғана көрсетеді, яғни олар б.б деңгейде ғана басқарылатын болып табылады.Бұдан мынандай қорытынды шығады: барлық процестер басқарылатын болып табылмайды.Басқарылатын процестер абсолютті басқарылатын процестер болмайды. Бұл жағдай дағдарысқа қарсы басқару мен дамуға тікелей қатысты. Дағдарысқа қарсы даму бұл дағдарысты тоқтатып, жеңетін ұйым мақсатына жауап беретін және оның объективті даму тенденциясына сәйкес келетін басқарылатын процесс.
Тәуекелді басқару стратегияларын әзірлеу, ұйым тәуекел менеджерінің мақсаты, міндеті, функциясы.
Тәуекел құқығының шегарасын анықтау керек.
Тәуекел жоғалтуларды минималдау үшін құралдарды және жолдарды анықтау, қорғаныс әдістерін анықтау, резерв ресурстарды сақтау.
Тәуекел шешімдердің жағымсыз салдарына компенсация шараларын әзірлеу.
Тәуекел деңгейін бағалау және тәуекел шешім нәтижесіне әсерін анықтау.
Бүгінгі таңдағы ең басты мақсат қаржылық-спекулятивінің үстінен нақты экономикалық секторды қалыптастыру, яғни қаржылық-спекулятивтік операцияға қаражат бөлуден гөрі нақты өндірістің дамуына инвестициялық жағдай жасау қажет.Белгілей кететін нәрсе әртүрлі мемлекеттік билік деңгейдегі қаржылық басқару қызметін шектеу, аймақтардың қаржы саясатының дербестігінің күшейуі, мемлекет экономикасында қаржы рөлін күшейтпеді.Инвестициялық әрекетті талдауда капитал құрушы инвестицияны және қаржылық инвестицияны шектеу қажет.Сонымен қатар , материалдық емес актив инвестицияларын айтуға болады(патенттер,лицензиялар, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық өңдеу тағы басқа).
Дағдарысқа қарсы басқарудың мәні келесі жағдайлармен анықталады: дағдарысты алдын ала болжауға, күтуге , шақыруға болады; дағдарыстарға дайындалу қажет; дағдарыстарды жеңілдетуге болады; дағдарыс жағдайында басқару ерекше көзқарасты, арнайы білімді, тәжірибені талап етеді; дағдарыстық процестер б.б. шекке дейін басқарылатын болуы мүмкін.Дағдарыс әртүрлі, және оларды басқаруда әртүрлі болуы мүмкін.Бұл әртүрлілік жүйеде, басқару процестерінде, басқару механимінде көрінеді.Дағдарысқа қарсы басқару жүйесі мынандай ерекшеліктерге ие болуы мүмкін: икемділік және бейімділік; шыдамдылық, сенімділік; басқаруды әртараптандыру;
Дағдарысқа қарсы басқару процесінің ерекшеліктері: ресурстарды қолдануда, инновациялық бағдарламаларды жүргізуде; технологиялық өңдеуде бағдарламалы мақсаттық көзқарастарды жүзеге асыру; басқару процесінде уақыт факторына жоғары сезімталдық; шешім сапасының критериі.
Дағдарысқа қарсы басқару механизмінде басымдылықтар мынаған беріледі: ынталандыруға; қызметтің әлеуметтік психологиялық тұрақтылығына; профессионалдық құндылық бойынша интеграцияға; инициативаға; инновацияны іздеу, қолдануға.
Инвестициялық процестерді қаржыландыру көздері мыналар:
-жекеменшік қаржы құралдары (пайда, амортизациялық бөлініс, сақтандыру органдарының шығынға төлеген ақшасы т.б)
- қордың негізгі жер учаскелері мен басқа да актив түрлерінің сатылуы.
- акцияны сатудағы тартылған қаражат, қаржылық өндірістік топтардың қайтарымсыз ,қайтарымдылық негізде бөлінген қаржы және басқа да төлемдер.
- федералдық бюджеттен және жергілікті бюджеттен қаржы бөлу.
-қаражылай немесе серіктес өнеркәсіптің уставтық капиталына қатысу арқылы қаржы бөлу, сонымен қатар халық аралық ұйымдармен қаржы институттарына , мемлекетке, жекеменшік өнеркәсіптерге және жеке адамдарға тікелей қаражат бөлу негіздегі шетелдік инвестиция.
- әр түрлі формадағы несие ақшалар, мемлекет қайтарылым негізде берген несиелер, шетелдік инвесторлар несиесі, қарыз облигациялары, вексель, банк несиелері т.б.
Маңызды талдау жасау үшін инвестициялық ресурс көздерінің 4 тобын көрсетуге болады.:
Дағдарысқа қарсы басқарудың функциялары бұл басқару пәнін және оның нәтижелерін анықтайтын қызмет түрі. Ол жай сұрақтарға жауап береді.Тиімді басқару үшін не істеу керек? Мұндай жағдайда алты функцияны бөліп көрсетуге болады: дағдарыс алдында басқару; дағдарыс жағдайында басқару; дағдарыстан шығу процесін басқару; тұрақсыз жағдайды тұрақтандыру; жоғалтуларды азайту; уақытылы шешім қабылдау.
Дағдарысқа қарсы басқарудың маңызды сипаттамаларының бірі болып ресми және бейресми басқарудың сәйкестігі жатады. Дағдарысқа қарсы басқару үшін маңызды болып перспективалық рационалды даму стратегиясын таңдау мүмкіндігі жатады.
22 – билет.
43. Банкроттықтың баламасы ретіндегі санацияның мәні мен түсінігі..
Қайта ұйымдастыру процесінің бір түрі - сотқа дейінгі санация. Санация – борышкер мүлкі иесінің (ол уәкілеттік берген органның), несие берушілердің немесе өзге адамдардың дәрменсіз борышкерге қаржылық көмек көрсетуі, сондай – ақ борышкердің резервтерін жұмылдыру мен оның қаржы шаруашылық жағдайын жақсарту жөніндегі шаралардың өзге кешенін іске асыру барысындағы оңалту шарасы. Кәсіпорын санациясы үш негізгі жағдайда жүргізіледі:
Даму фактісі болып – еңбек өнімділігінің жоғарылауы, оның мінез-құлқының өзгеруі, жаңа технологияның п б/ы, қызметті ынталандыруды күшейту табылады
17 12 2014
5 стр.
Салық салу механизмі кез келген экономикалық жүйедегі күрделі мәселенің бірі. Салық салу мемлекеттік реттеудің маңызды әдісі болып табылады және оның тиімді жүргізілуі әлеуметтік-э
18 12 2014
4 стр.
Бұл дағдарыс өндірістің құлдырауы мен сауда – экономикалық қатынастардың жаппай бұзылуының, бағалардың қарқынды өсуі мен инфляцияның өршей түскінің салдары, мұның нәтижесінде инвес
16 12 2014
7 стр.
Экономикалық саясаттың, оның ішінде салық-бюджет саясатының мақсатталы мен міндеттері, Қазақстан Республикасының әлеуметтік- экономикалық дамуының нысаналы индикаторлары
12 10 2014
1 стр.
Ауданның 2008 жылғы әлеуметтік экономикалық дамуын өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда, оның негізгі көрсеткіштерінде өсу қарқыны бар
12 10 2014
1 стр.
Салықтардың экономикалық мәні олардың езінің функцияла-ры мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жүмылдыратын үлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында
25 12 2014
10 стр.
Ең алдымен инвестициялар бұл экономикалық маңызды фактор, оның көмегімен алдыңғы қатарлы технологиялар меңгеріледі, нарықтардың отандық тауарлармен толуы жүреді, экспорттық өнімнің
16 12 2014
5 стр.
Осы Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесі (бұдан әрі – Ереже) мемлекеттік басқарудың орталық және жергілікті деңгейлерінде әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзі
25 12 2014
1 стр.