Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
2008 жылғы ауданның әлеуметтік–экономикалық дамуының қорытындылары туралы хабарлама      

Ауданның 2008 жылғы әлеуметтік - экономикалық дамуын өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда, оның негізгі көрсеткіштерінде өсу қарқыны бар.


2008 жылы ауданның жалпы өндірілген ішкі өнімі 5 млрд. 745,2 млн. теңгені құрап, 2007 жылмен салыстырғанда өсім 8,2 % болды. Жан басына шаққанда 98024,0 теңгенің өнімі өндірілді.

Ауыл шаруашылығы өнімі 5425,5 млн.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда өсім 8,6 % болды.


Өнеркәсіп өнімі қолданыстағы бағамен 319,7 млн теңге болып, өнім өндіру индексі 100,0 % құрады.
2008 жылы жалпы салық түсімдері 368,3 млн.теңге, болжам 104,3 % орындалып, 2007 жылмен салыстырғанда 13,5 млн.теңгеге азайды.

Бюджеттің орындалуы.
2008 жылы аудан бюджетінің кіріс жоспары 2310845 мың теңге, орындалуы 2311059 мың теңге болып, 100,1 % құрады. Оның ішінде меншікті кіріс жоспары 300551 мың теңге, нақтылы орындалуы 300813 мың теңге, жоспар 100,1 % орындалды.
Меншікті кіріс 2007 жылмен салыстырғанда 20973 мың теңгеге азайды. 2008 жылы бюджет бойынша шығындарын жабуға барлығы 2315614 мың теңге қаралған, орындалғаны 2297805 мың теңге, 99,2 % орындалды.
Субвенциялар мен трансферттер көлемі 2008 жылы 2010246 мың теңгені құраса, 2007 жылы 1608425 мың теңге болып, өсім 24,9 % құрады.

Инвестиция.
Аудан бойынша 2008 жылға барлық қаржы көздерінен негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 1574,4 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда (863,9 млн.теңге) 1,8 есеге өсті, оның ішінде: Республикалық бюджет қаржысы 667,9 млн.теңге, жергілікті бюджет қажысы 502,6 млн.теңге, меншікті қаражаттар 293,1 млн.теңге және кәріз қаражаттар 110,7 млн.теңгені құрайды.

Республикалық бюджет есебінен – 667,9 млн.теңге (2007 ж. – 508,8 млн.теңге) өсім 131,3 % оның ішінде:
-Білім беру саласына – 205,7 млн.теңге;
-Денсаулық сақтау саласына – 387,6 млн.теңге;
-Су құбырларына – 74,4 млн теңге.
-Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелерге – 268,0 мың теңге инвестиция тартылған.

Облыстық бюджет есебінен – 264,7 млн.теңге (2007 ж. - 174,1 млн.теңге) өсім 1,5 есе оның ішінде:
-Білім беру саласына - 92,9 млн теңге;
-Денсаулық сақтау саласына – 143,1 млн.теңге;
-Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелерге – 25,4 млн.теңге тартылған.

Аудандық бюджет есебінен – 237,8 млн теңге (2007 ж.- 80,9 млн.теңге) өсім 2,9 есе оның ішінде:
-Білім беру саласына – 70,1 млн.теңге;
-Мәдениет және спорт саласына -11,6 млн.теңге;
-Мемлекеттік мекемелерге – 6,9 млн теңге;
-Су құбырларына – 98,6 млн.теңге;
-Тұрғын үй құрылысына – 39,4 млн.теңге;
-Көлік инфрақұрылымына – 10,0 млн.теңге;
-Басқа да салаға – 1,2 млн.теңге инвестиция тартылған.

Жеке меншік қаражат есебінен – 293,1 млн.теңге (2007ж. – 100,0 млн.теңге)
өсім 2,9 есе.
Оның ішінде:

  1. Ауыл шаруашылығына 18,3 млн.теңге, «Көкжыра» ӨК ауыл шаруашылық техникасын сатып алды.

  2. Өңдеуші өнеркәсіпке 181,4 млн.теңге, «Казрыба» ЖШС, «Сыдық» Ш/Қ балық өндейтін цехқа құрал жабдықтар сатып алды., Ақсуат ауылынан «Элхон» ЖШС ғимарат салды;

  3. Шағын кәсіпкерлікті дамытуға 70,8 млн.теңге, 3 сауда дүкені, 1 тойхана, 1 асхана салынды;

  4. Қаржы саласына 1,5 млн. теңге, «Барқытбел несие» ЖШС автокөлік сатып алды.

  5. Жеке меншік 19 тұрғын үй құрылысына 20,8 млн. теңге.

  6. Электроэнергия, су, газ тарату және өндіруге 292,0 мың теңге инвестиция тартылды.

Қаржы қаражат есебінен – 110,7 млн.теңге оның ішінде:
-АТК «Сайболат» құрал жабдықтар сатып алды;
-ӨК «Көкжыра» лизингіге ауыл шаруашылық техникасын алды.
-«Тарбағатай мұнай» ЖШС-нен 89,1 млн.теңгеге инвестиция тартылды.

Өнеркәсіп. Аудан бойынша өнеркәсіп өнімі қолданыстағы бағамен 319,7 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Өнім өндіру индексі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 100,0 % орындалды.
Барлық өнеркәсіп өнімінің 36,3 млн. теңгесі (11,4 %) кен өндіру өнеркәсібі, өңдеуші өнеркәсіп 227,6 млн. теңгені (71,2 %), электр энергиясын және су таратын кәсіпорындар 55,8 млн. теңгені (17,4 %) құрады.
Өндеуші өнеркәсіп өнімінің 44,5 % (101,2 млн.теңге) балық және балық өнімдері құрап, өнім өндіру индексі 96,9 % болды. Өнім өндіру индексінің жоғарылауы өнімдер ассортиментінің көбеюінен болды.
12,2 млн.теңгенің ұн өнімдері өндіріліп, өнім өндіру индексі 103,6 % болды.
Электр энергиясын және су тарататын кәсіпорындар өнімі 55,8 млн.теңгені құрап, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда өнім өндіру индексі 101,4 % орындалды.

Ауыл шаруашылығы. Аудан экономикасы негізінен ауыл шаруашылығына, оның ішінде мал шаруашылығына негізделген.
Ауыл шаруашылығы саласын дамытып, әлеуметтік экономикалық жағдайды жақсарту, оны ғылыми жаңалықтармен ұштастыру, өнімнің өнімділігін арттыру, өңдеуші кәсіпорындарға қолдау көрсету, техникалық жағынан жарақтандыру, сөйте отырып азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – аудан экономикасының басты бағыты.
Ауыл шаруашылығы өнімі 5425,5 млн.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда өсім 108,6 % болды.
Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы саласында 2019 шаруашылық құрылым иелері бар, атап айтқанда, 2018 шаруа қожалығы, 1 өндірістік кооператив жұмыс істейді.
Мал шаруашылығында ірі қараның саны 108816 басты ( 2007 жылғы деңгеймен салыстырғанда өсім 1,2 %), қой мен ешкі – 340756 басты ( өсім 2,4 %), жылқы – 18559 басты ( өсім 3,3 %) құрады. Ет өндіру 18283,7 тонна (2007 жылғы деңгеймен салыстырғанда өсім 15,2 %),сүт– 53844,5 тонна (өсім 3,1 % ), жүн 505,6 тонна (өсім 6,0 %), жұмыртқа – 2217 мың дана болды.
Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша 1 асыл тұқымды мал шаруашылығын құру керек болса, бүгінгі күнде облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бұйрығымен «Қайнар» және «Дарабоз» шаруа қожалықтарына асыл тұқымды шаруашылық мәртебесі беріліп, 2 асыл тұқымды мал шаруашылығы құрылды.
Тұғыл ауылында орналасқан «Казрыба» ЖШС негізінде балық кластерін құруға бағыт бағдар беру жұмыстары жүргізілуде. Кластерге қатысушылар аудандағы балық шаруашылығымен айналысушы кәсіпорындар «Рыбаки Зайсана» ӨК, «Казрыба», «Зайсан Иртыш», «КМZ», ЖШС-тері және «Әйгерім» шаруа қожалығы. Оларда барлығы 204 адам жұмыс істейді.
2008 жылы өсімдік шаруашылығынан 1967,2 тонна астық, 4416,9 тонна картоп, 1735,3 тонна бақша өнімдері алынып, өндірілген өнім –  255 млн.теңгені құрады.

Шағын кәсіпкерлік. Аудан көлемінде халықты күнделікті қажетті азық-түлік және басқа тауарлармен қамтамасыз етуде 351 сауда дүкені, 40 қоғамдық тамақтандыру орыны (асхана, дәмхана, мейрамхана), 21 диірмен, 32 шағын наубайхана, 4 базар, 45 әртүрлі қызмет көрсету орындары, 23 жанар-жағар май станциялары жұмыс істейді. Шағын бизнес саласында жұмыспен 3835 адам қамтылды.
2008 жылы жаңадан 6 сауда дүкені, 7 кафе, 1 наубайхана, 3 қызмет көрсету орындары, барлығы 17 шағын кәсіпкерлік субъектілері ашылды.

Білім беру. Ауданда 38 орта, 1 гимназия, 1 негізгі, 10 бастауыш мектепте 9808 оқушы, 63 даярлық сыныбына 814 бала қамтылды.
50 мектеп толық компьютерлік сыныптармен жабдықталған. Аудан бойынша оқушы санына шаққанда 25 оқушыға бір компьютерден келеді.
Қазіргі уақытта 11 орта мектепте мультимедиялық лингафон кабинеті, 7 мектепте интерактивтік тақта жұмыс істейді.
2008 жылы мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға жергілікті бюджеттен 36,6 млн.теңге, республикалық бюджеттен 30,1 млн.теңге, оқулықтар сатып алуға жергілікті бюджеттен 22,9 млн.теңге бөлінді. 2008 жылы 7 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына 17,8 млн.теңге қаралып, игерілді.

Денсаулық сақтау. Ауданда халыққа 4 аурухана, 19 ауылдық дәрігерлік емхана, осы емханаларға бекітілген 2 ФАП, 30 ФП және 6 ғимаратсыз мейірбике қызмет көрсетеді. 2008 жылы 7004 адам ауруханада және күндізгі стационарда емделсе, 22901 адамға жедел жәрдем көрсетілді.
Ақсуат ауылында салынып жатқан 75 төсекті аурухана (қайта есептеуден кейінгі құны 1 млрд 56 млн 849 мың теңге) құрылысына 2008 жылы республикалық бюджеттен 271 млн 881 мың теңге, Ақжар ауылындағы 50 төсектік туберкулез ауруханасына (құны 1 млрд 101 млн 520 мың теңге ) 126 млн 165 мың теңге бөлініп, толықтай игерілді.

Мәдениет. Ауданда 21 кітапхана, 18 клуб және мәдениет үйлері халыққа қызмет көрсетеді. Аудан бойынша 256329 дана кітап қоры, биылғы жылы 3343 дана кітаппен толықтырылып, 457 мың теңгенің 48 түрлі мерзімдік басылымдарына жазылды. Ауылдық округтер бойынша 1390 мәдени-көпшілік шараға, 291153 адам қамтылды. Кітапханалар бойынша 15299 оқырман қамтылды.
2008 жылға жергілікті бюджет есебінен Ақсуат мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарын жалғастыруға 1,0 млн.теңге, автоклуб алуға 1,3 млн.теңге қаралып толық игерілсе, республикалық бюджеттен бөлінген 4,5 млн.теңге қаржыға видеомобильді автоклуб алынды.

Спорт. Дене тәрбиесі мен спорттың бұқаралығын арттыру, спорттық резервтер әзірлеу мақсатында жыл басынан 50-ден астам спорттық-көпшілік шаралары ұйымдастырылып, бұл шараларға 10000-жуық адамның қатысуы қамтамасыз етілді.Облыс әкімінің жүлдесі үшін XІ – халықтық спорт ойындарында жүлделі ІІІ – орынға ие болды.

Халықты әлеуметтік қорғау. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес 558 отбасының 2091 мүшесіне 26237,0 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек, балалы отбасыларға төленетін жәрдемақы 4117 отбасына, бала санымен 10330 адамға 132373,0 мың теңге тағайындалып, ақшасы төленді.
2008 жылдың 1 қаңтарына кедейшілік деңгейінен төмен 4935 адам есепте тұрады, жыл басымен салыстырғанда 3056 адамға немесе 38,2 % азайды.
2008 жылдың 1 қаңтарына жұмыссыздар саны 320 адам, жұмыссыздықтың деңгейі 1,0 % құрады.
2008 жылы 523 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 65 адам кәсіптік мамандыққа даярлауға жіберілді. Жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған 122 адам әр түрлі саладағы жұмыстарға орналастырылып, жыл басынан бері жаңадан 816 жұмыс орны ашылды.

Тұрғын үй құрылысы. 1 қаңтар 2009 жылға аудан бюджеті есебінен 31,2 млн.теңгеге 1-пәтерлі 6 коммуналдық тұрғын үй, 19 тұрғын үй құрылысы жеке адамдардың есебінен салынып, пайдалануға берілген жалпы алаңы 2292 шаршы метр болды. Тұрғын үй құрылысын салуға жергілікті бюджеттен 31,2 млн.теңге жеке адамдардың 20,8 млн.теңге жиыны 52,0 млн.теңге қаржы жұмсалды.

Жолдар. Жергілікті маңызы бар жолдарды ағымдағы жөндеуден өткізуге және күтіп ұстауға 2008 жылға жергілікті бюджеттен 88271 мың теңге бөлініп, игерілсе, Ақсуат ауылының ішкі көше жолдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 38841,0 мың теңге жұмсалынды.
«Кіндікті-Қарасу» автомобиль жолы құрылысының ЖСҚ дайындауға 20000,0 мың теңге, «Шыбынды-Бәкей-Қарасу» автокөлік жолын қайта жаңғырту жұмыстарының ЖСҚ дайындауға 2000,0 мың теңге бөлініп, игерілді.

Сумен қамтамасыз ету. «Таза су» бағдарламасы негізінде Ақжар, Құйған және Жамбыл ауылдарындағы су құбыры үйесін күрделі жөндеуден өткізуге жергілікті бюджеттен 7734,0 мың теңге қаралып, игерілді.
Тұғыл ауылындағы су құбырын қайта жаңғырту жұмыстарына – 12000,0 мың теңге, Ақжар, Ақсуат, Қызыл-кесік ауылындағы су құбырын қайта жаңғырту жұмыстарына ЖСҚ дайындауға – 18158,0 мың теңге бөлінді.
Көкжыра ауылындағы су құбыры жүйесін жаңғыртуға республикалық бюджеттен 2008 жылға 90134,0 мың теңге бөлініп, 74381,0 мың теңгесі игерілді.

 

2008 жылғы ауданның әлеуметтік–экономикалық дамуының қорытындылары туралы хабарлама

Ауданның 2008 жылғы әлеуметтік экономикалық дамуын өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда, оның негізгі көрсеткіштерінде өсу қарқыны бар

67.28kb.

12 10 2014
1 стр.


Шу ауданының әкімі І.Ә. Тортаевтың ауданның 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есебі
154.02kb.

15 10 2014
1 стр.


Аудан әкімі А. Сеитовтың тұрғындармен кездесудегі ауданның 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есебінен тезисте р

Аудан әкімі А. Сеитовтың тұрғындармен кездесудегі ауданның 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есебінен

170.98kb.

17 12 2014
1 стр.


Хабарлама Әлеуметтік-еңбек саласының өткен жылдағы дамуы оң серпінмен сипатталады. Еңбек рыногындағы ахуал

Республикасының 2003 жылғы әлеуметтік –экономикалық дамуының қорытындылары және 2004 жылға арналған міндеттері туралы” баяндаманың жобасына

189.35kb.

15 10 2014
1 стр.


Темір ауданы әкімі Б.Қаниевтің ауданның 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы тезисі

Темір ауданы жер көлемі 12,6 мың шаршы шақырым, бұл облыс территориясының 4,2 құрайды. Аудан орталығы Шұбарқұдық кенті болып 1972 жылы құрылды. Ауданның жер қойнауы қазбаларға бай,

87.7kb.

16 12 2014
1 стр.


Ауданның 2010 жылғы 1 жарты жыл ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы Бюджет

Жылғы 1 шілдеге аудан бюджетіне түскен салықтар мен басқа да төлемдер 110,9 млн теңге немесе 110,1 пайызға орындалды, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 104,1 млн теңгені немесе 118,1 п

99.22kb.

10 09 2014
1 стр.


2012 жылдың 9 айы ішінде Бесқарағай ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындылары туралы Анықтама

Рейтингтік баға бойынша 14 орынды иеленіп, 2012 жылдың тамыз айының рейтингтік көрсеткіштердің деңгейінде

67.96kb.

25 12 2014
1 стр.


«2012 жылдың 1 тоқсандағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының рейтингтік көрсеткіштерін орындау туралы» облыс әкімдігінің мәжілісіне

Жылдың қорытындысы бойынша облыстың қалалары және аудандары рейтингінде аудан әлеуметтік-экономикалық дамуы ұстанымында 17 орында

56.41kb.

25 12 2014
1 стр.