Перейти на главную страницу
Елдің Ішкі Жалпы Өнімі 16 еседен астам өсті. Жан басына шаққанда Ішкі Жалпы Өнім 1998 жылғы 1500 доллардан 2012 жылы 12 мың долларға жетіп, 7 еседен астам өсті.
Бүгінгі күні біздің әрқайсымыз «2030 Статегиясы іске асты, заманауи Қазақстан орнықты» деп айта алатынымызды Елбасы мақтанышпен атап өтті.
Осы маңызды құжатта көрсетілген межеге жету үшін ауданда бірқатар қарқынды істер атқарылды.
Аудан әлеуметтік – экономикалық дамуының 2012 жылғы рейтингтік қорытындысы бойынша жоғары деңгейлі даму динамикасы сақталған аудандар санатына жатып, 19 аудан мен қалалар арасында 5-орынға шықты.
2012 жылдың қортындысы бойынша ішкі жалпы өнім 19 млрд 195 млн теңгеге жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 17 пайызға көлемі артты.
Жыл көлемінде 1 млрд 665 млн теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, аудан экономикасына 2 млрд 600 млн. теңгеден артық инвестиция тартылды, соның ішінде нақты секторға тартылған инвестиция көлемі екі есе артты. Белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындар саны 9 пайызға артты.
Ұйымдар мен мемлекеттік органдар сатып алатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатып алу кезінде қазақстандық қамту мәселелеріндегі негізгі міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алудағы қазақстандық қамтуды ұлғайту, ұлттық өндірушілермен байланысты нығайту және отандық өндірушілерге қолдау көрсету бойынша атқарылған жұмыс нәтижесінде қазақстандық мазмұн 99,4 пайызды құрады
Аудан экономикасын дамытуда агроөнеркәсіп кешені ең негізгі сала болып табылады. Оның үлесіне аудан бойынша өндірілетін ішкі жалпы өнімнің 73 пайызы жатады.
Мал басының саны барлық түрлері бойынша өсіп, көбейді.
2013 жылдың 1 қаңтарына ауданда 55,7 мың ірі - қара мал бас саны тіркеліп, былтырғы жылдың деңгейінде қалды, оның ішінде сиыр басы саны 32,1 мың басты құрап, 2,5 пайызға, жылқы 15,2 мың басты құрап, 0,6 пайызға артты, қой мен ешкі 179,6 мың басты құрап, құс саны 39,8 мың басқа жетіп, былтырғы жылдың деңгейінде қалды.
Жыл көлемінде жеке меншік шаруашылығынды 16,7 мың тонна ет, 61,7 мың тонна сүт өндірілді, 5,9 млн дана жұмыртқа алынды. Жалпы ауылшаруашылық өнімінің көлемі 14 млрд тенгеге жетті.
Ел басы ауылшаруашылығы саласына ерекше көңіл бөліп, 2020 жылға қарай ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың көлемін 4,5 есе арттыруды тапсырды.
2012 жылы мал шаруашылығы саласы бойынша 117,5 млн теңге субсидия игерілді.
Мал шаруашылығы сияқты өсімдік шаруашылығы да ауданның ауыл шаруашылығының негізгі саласы болып табылады.
Пайдаланатын суармалы егістік жердің көлемі жыл сайын артып келеді, аудан бойынша егілген жер көлемі 14 мың 816,7 гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1282,2 гектарға, немесе 9,5 пайызға артық егілді, оның ішінде: 3 мың 33 гектары дәнді, 3 мың 781 гектары майлы, 741,6 гектары картоп, 631,1 гектары көкөніс және бақша дақылдары егілді.
3880 тонна астық, 2955 тонна күнбағыс, 16507 тонна картоп, 6548 тонна көкөніс, 17912 тонна бақша дақылдары жиналды.
Бюджетке 464,5 млн теңге меншікті түсім түсіп, болжам 105 пайызға артық орындалды. 2011 жылмен салыстырғанда 23,3 пайызға меншікті түсім артық түсті. Бюджеттің шығысы 99,9 пайызға орындалды.
«Еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету және еңбек төлемі саясатын жаңғыртуға тиіспіз»- деп атап өтті Елбасы өз Жолдауында. Әлемдік тұрақсыздықтың басты қатері – жұмыссыздықтың өсуі. Елде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік те, салалық та – барлық бағдарламалар, тек әлдебір бөліктері емес, барлығы нақты жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуі тиіс.
Бұл бағытта бірқатар істер атқарылды. Жыл көлемінде 655 жұмыс орны ашылды, 570 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілді, нысаналы топқа жататын 47 адам әлеуметтік жұмыс орындарына және 25 жас маман жастар іс-тәжірибесі бағдарламасымен жұмысқа орналастырылды.
«Қазақстан-2050» Жаңа бағытын ескере отырып, Үкіметке 2013 жылдан бастап халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз ету тапсырылды. Сонымен қатар Кәсіби-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керектігін Елбасы ерекше атап өтті. Бұл тапсырманы орындау үшін бірқатар бағдарламалар қабылданды, сол бағдарламаның бірі «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы. Осы бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 2012 жылы 72 адам тракторшы, тігінші, шаштараз, газэлектрдәнекерлеуші, аспазшы, электрик, «Е» категориялы жүргізуші мамандықтары бойынша қайта даярлаудан өтіп, жұмысқа орналасты.
Бағдарламаның екінші бағыты бойынша жаңа жұмыс орындарын ашуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге, кәсіпорындар жұмысын жетілдіруге айтарлықтай ресурстар бағытталды. 2012 жылы 113,5 млн.теңгеге 30 жобаға жүзеге асырылды. Жоспарланған 90 жұмыс орны толығымен ашылды. Бұл бағдарламамен техникалық байкау орталығын құру, ара, құс, шошқа шаруашылығын дамыту, тігін, май сығу цехтарын ашу, жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру, ауылшаруашылық техникаларын жөңдеу шеберханасын ашу, туризмді дамыту, ет,сүт өңдеу цехтарын, наубайхана ашу жобалары жүзеге асырылды.
Малды бордақылау алаңымен бірге мал сою қасапқаналары былтыр Қалжыр, Күршім ауылдарында ашылса, биыл Төсқайың, Боранда салуымыз керек. Құс фермасы Маралдыда ашылды, енді Теректі, Қалжыр, Боранда саламыз.
Осы екінші бағыт бойынша Теректідегі сүт өңдеу цехының, Қалжыр және Күршімдегі қасапқаналардың инженерлік инфрақұрылымы, суы, электр желісі, канализациясы бюджет есебінен жасалып берілді.
Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша экономикалық потенциалы төмен елді мекендер қатарына жатқан Шанағаты, Балықтыбұлақ, Жылтау және Қарағайлыбұлақ ауылдарынан 7 отбасы Зырян қаласына көшті.
Бағдарламаның төртінші бағыты бойынша Теректі ауылындағы су құбырларының ағымдағы жөндеу, Сарыөлең ауылындағы жолдарына ағымдағы жөндеу, Сарыөлең ауылындағы клуб ғимаратын жөндеу, Қалжыр ауылындағы кіре беріс жолдарды жөндеу жұмыстары атқарылды.
2012 жылдан бастап тірек ауылдарын дамыту бағдарламасы басталды. Тірек ауылдарды таңдау критерийлеріне сәйкес Сарыөлең, Боран, Теректі және Қалжыр тірек ауылдары болып анықталды.
2012 жылы елді мекендерді дамытуға 69 іс шара 342,5 млн. теңгеге жоспарланып, жобалар жүзеге асырылды, нәтижесінде 274 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде абаттандыру жұмыстары және инфроқұрылым саласы бойынша 26 жоба – 128,9 млн. теңгеге, ауыл шаруашылығы саласы бойынша 13 жоба – 86,1 млн. теңгеге, кәсіпкерлік саласын дамытуға 29 жоба – 82,5 млн. теңгеге, әлеуметтік саласын дамытуға 2 жоба - 45 млн. теңгеге жоспарланып, жүзеге асырылды.
Жолдауда көрсетілгендей, мемлекет, әсіресе, жаһандық дағдарыс жағдайында, азаматтарға ең төменгі әлеуметтік стандарт кепілдігін беруі тиіс. Басты міндет – кедейшіліктің өсуіне жол бермеу. 2012 жылы мемлекеттік атаулы көмек алушылардың саны 190 отбасыға немесе 67,8 пайызға, балалар жәрдемақы алушылардың саны 398 отбасыға немесе 31,6 пайызға, тұрғын үй көмегін алушылардың саны 395 отбасыға немесе 39,2 пайызға азайды. Жәрдемақы алушылардың саны ауданда жаңа жұмыс орындарын ашу кобею, жұмыссыздар тұрақты жұмысқа орналасу, өзін-өзі қамтитындар қосалқы шаруашылықтарын дамыту, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына белсенді қатысу, т.б. арқылы азайып отыр. Кедейшілік деңгейі 4,8 пайызды құрады (2012 жылдың 1 қаңтарына -5,0 пайыз).
Мемлекет әлеуметтік қолдауды тек бұған мұқтаж топтарға ғана көрсетуі тиіс. Бір жолғы материалдық көмек 493 адамға көрсетілді. Оның ішінде 15 ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне, 17 Чернобль АЭС-індегі апатына қатысқандарға, 40 Ауған жауынгерлеріне, соғыс уақытында қаза тапқан ардагерлердің екінші рет тұрмысқа шықпаған 2 жесіріне, соғыс уақытында Ерен Еңбегі үшін марапатталған 41 тыл ардагерлеріне және соғыс уақытында арнаулы құрылымдарда жұмыс істеген 3 ардагерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек еткен 1929 жылға дейінгі 215 тыл ардагерлеріне, туберкулез бөлімдерінде есепте тұрған жалғастыру кезеңіндегі емін амбулаториялық тәсілде ауылдық округтерде медициналық қызметкерлердің қадағалауымен жүрген 37 науқастың күндік ас мәзірін күшейтуге , жетім және ата- анасының қамқорынсыз қалған 24 балаға, 53 мүгедекке қаржыдай көмек көрсетілді.
Жыл сайын ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне және оған теңестірілгендерге 5 мың теңгеден, Чернобль АЭС-індегі апаттың азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен аварилардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға 2 мың теңгеден және басқа санаттағы адамдардың – барлығы 94 адамға ай сайынғы коммуналдық шығындары өтелді.
2012 жылдың «Уба» шипажайына 44 адам, оның ішінде: 3 мүгедек, 2 Чернобыль апатын жоюға қатысушылар емделіп қайтты. Екі мүгедек «Бура» (Щучинск) шипажайында емделіп келді.
Бүгінгі күні 252 адамға 65 әлеуметтік қызметкер көмек көрсетеді, оның ішінде аудан көлемінде 57 жалғызілікті қариялар мен 24 мүгедекке, мүмкіншілігі шектеулі 36 балаға, 18 жастан асқан психоневрологиялық паталогиясы бар 140 адамға әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Қайырымдылық айлығы» іс-шаралырын өткізу бойынша барлық ауылдық округ әкімдеріне тапсырма берілді. Бүгінгі күні аудан бойынша 3736 адамға 10 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді. Соның ішінде 214 мекеме басшылары 1874 адамға 3,8 млн теңгенің көмегін көрсетті.
2007 жылдан бастап әкімнің гранты бойынша аз қамтылған отбасыларынан шыққан, қазіргі уақытта жоғарғы оқу орындарында оқып жүрген студенттер саны-73, 2012 жылы алғашқы 13 кадрлар мұғалімдер ауылға келіп, халыққа қызметін бастады.
2030 стратегиясында білім беру, денсаулық сақтау, елдің әл-ауқатын жақсарту басты назарға алынған болатын. Өткен 15 жылдың ішінде респубикада халықтың табысы 16 есеге артты. Орташа айлық жалақы 9,3 пайызға, зейнетақы төлемдері 10 есеге артып, Өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа дейін ұлғайды.
Соңғы 15 жылда халықтың саны 14 млн нан 17 млн. адамға дейін өсті.
Бұның өзі халқымыздың әл-ауқатының артқанын тағы бір мәрте дәлелдейді.
Туу көрсеткішінің жоғарылығын, жалғасып жатқан демографиялық өсімді ескере келе, ел басы «Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзартуға шешім қабылдағанын білесіздер.
2012 жылы Ақбұлақ орта мектебінің шағын орталығы қысқа мерзімдіктен толық мерзімдік күн тәртібіне ауысты. Ол жерде 20 бала тәрбиеленуде. Қ. Нұрғалиев атындағы гимназияда толықмерзімдік 50 орындық 2 топ ашылды. Сонымен қатар Ақши, Топтерек, №5 Күршім, Қарабұлақ, Шанағаты, Оңжаққалжыр мектептерінде қысқа мерзімді шағын орталықтар ашылды. Шағын орталықтарда барлығы 1183 бала қамтылған.
2012 жылы Күршім ауылынан «Болашақ» балабақшасы ашылып, 6 топқа 140 бала қабылданып жұмысын жүргізуде.
Мектепке дейінгі оқу және тәрбиемен аудан бойынша барлығы 1623 бала қамтылды. Ол жүз пайызды құрайды.
Ауданымызда 926 педагогикалық қызметкер қызмет атқаруда. Оның ішінде 776–жоғары, 136-техникалық білімі бар, 12-жалпы орта білімді. 87–жоғары санатты, 347-1 санатты, 305-2 санатты.
2012 жылы 69 жас маман келіп жұмысқа орналасты
Ел Президенті орта білім жүйесіндегі оқу-тәрбие процесін түбегейлі өзгертуге ерекше көңіл бөліп отыр. Бұл бағытта нақты шаралар қабылдауда. Аудандық әдістемелік кабинеттің жанынан аудандық пән мұғалімдері шығармашылық тобы құрылды. Шығармашылық топ жалпы білім беретін мекемелердің ҰБТ қорытындысы бойынша туындаған маңызды проблемаларын шешу үшін педагогтардың бастамасымен құрылды. Және ҰТБ қорытындысы бойынша ақырғы орындарда тұрақтаған мектептерге білім берудің жаңа технологияларын, әдістерін, педагог техникасының тәсілдерін енгізуді ашық сабақ беру арқылы жүзеге асырады.
Білім саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше көңіл бөлінуде. оқулықтар, оқу-әдістемелік кітаптары мен әдеби кітаптар сатып алынуда, 15 693 дана кітап алынды. 4 химия кабинеті, мүмкіндігі шектеулі 8 бала үшін компьютер, оқушылар тасымалдауға 2 автокөлік, 2 мектепке 2 өзін-өзі тану кабинеті, 2 медициналық кабинет, 13 мектепке компьютер жабдықтары алынды.
Әлеуметтік жетімдіктің алдын-алу, отбасылық құндылықтар мен отбасылық тәрбиені насихаттау мақсатында бүгінгі күні Маралды орта мектебінде 11 бала, Үшбұлақ орта мектебінде 17, Қыстау-Күршім орта мектебінде 2 бала (біреуі қорғаншылықта), Күршім №4 орта мектебінде 1 бала, Күршім №1 орта мектебінде 1 бала, Ақши негізгі орта мектебінде 1 бала балалар үйінен, барлығы 32 бала патронаттық тәрбиеде тәрбиеленуде. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету, баспанамен қамтамасыз етуге арналған «Мейірім» акциясын қолдау бағытында білім беру ұйымдарына Серебрянск қаласының мектеп-интернатының 6 баласы және ауданымыздағы патронаттық тәрбиедегі 28 бала 37 білім беру ұйымдарына бекітілді.
2012 жылдың жаз айларында ауданның оқушылары толығымен 100% демалыспен және сауықтырумен қамтылып, еңбекке тартылды. 2011 жылы демалу және сауықтырумен қамту 76 пайызды құраған. Сонымен қатар, биыл, оқушылардың күзгі, қысқы демалыс кезінде „Балдаурен“ сауықтыру лагерінде 200 балаға арналған демалысы ұйымдастырылып, өткізілді. Биыл Бурабай ауылында осындай лагерь ашу бойынша шаралар қабылданды.
Ыстық тамақ делдалсыз 21 мектепте типтік, 27 мектепте бейімделген асханаларда ұйымдастырылған.
Аудан мектептеріндегі 1840 оқушысы аз қамтылған жанұя балалары. 1-4 сыныптардағы барлық 1850 бала, 5-11 сыныптарда 1035 аз қамтылған жанұя балалары толығымен ыстық тамақпен қамтылған. Соңғы 2 жылда тегін тамақтанатын оқушылар пайызы 59 құрап отыр. Қалған - 2038 оқушы демеушілер арқылы қамтылған. Сонымен, аудандағы барлық 4923 оқушы түгелдей ыстық тамаққа тартылған. Оқушыларды дәруменді, балы бар, рационы бай ыстық тамақпен қамтамасыз ету үнемі назарда.
Биыл Жанаауыл, Қойтас, Ақсуат, Шенгельді ауылдарындағы авариялық жағдайдағы мектептердің құрылысын бастау жоспарланып отыр.
Аудан бойынша 30 клуб, 23 кітапхана халыққа мәдени қызмет көрсетуде. Осы мәдениет ошақтарында барлығы 88 көркемөнерпаздар үйірмесі жұмыс істейді. Соның ішінде 36 үйірме балалар мен жасөспірімдерге арналған.
Ағымдағы жылы Ақсуат, Шеңгелді ауылдық клубтарының төбелері мен ғимараттың іштері қайта жөндеуден өткізіліп, халыққа заман талабына сай мәдени қызмет көрсетілуде. Алғабас ауылдық клубының төбесі және Қыстау-Күршім ауылдық клубының төбе жабындысының бұлінген жерлері қалпына келтірілді, 1995 жылы жабылып, қираған Сарыөлең ауылдық ғимараты толық жөндеуден өткізілді. Биыл Боран ауылндағы клубты жөндеу және аудан орталығында типтік мәдениет үйін салуды бастау жоспарлануда.
2012 жыл көлемінде 1361 мәдени-көпшілік шаралар өткізіліп, 181105 көрерменді қамтыды.
Биылғы байқаудың бірден-бір ерекшелігі ауылдық округтер арасында өзара мәдени іс-шаралар өткізу, гастрольдік сапарларға шығу, тәжірибе алмасу жұмыстарын белсендіре түсу мақсатында ауылдық округтердің мәдени күндері өткізілді. Әр округ өздерінің жетістіктерін айтып, көгалдандыру, абаттандыру бойынша округте жүргізіліп жатқан жұмыстарды басшылыққа алып, халыққа насихаттау жұмысын жүргізіп, әрбір ауылдық округ концерттік бағдарлама, қолөнер бұйымдарын және өздері өндірген өнім түрлерінен жәрмеңке ұйымдастырып, округтің жетістіктері жайлы халыққа баяндады. Байқауға барлық 12 ауылдық округ өнерпаздары қатысып, мыңнан аса адам тартылды.
Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі.
Негізгі басымдық- сапалы және қолжетімді медициналық қызметтер көрсетумен қамтамасыз ету. Ауданданның емдеу, алдын алу мекемелері жүйесін: Күршім ауданының № 1, 2 медициналық бірлестіктері, 9 дәрігерлік амбулатория , 2 фельдшерлік- акушерлік , 38 медициналық пункттер құрайды. Тентек және Жылтау елді мекені тұрғындарына аптасына екі рет Теректі ,Қаратоғай дәрігерлік амбулатория қызметкерлері медициналық қызмет көрсетеді.
Емдеу мекемелері төсек-орын қорының саны -125. Күршім аймағы бойынша -75,Теректі аймағы бойынша -50.Тұрғындарды төсек қорымен қамтамасыз ету көрсеткіші 10 мың тұрғынға санағанда 39,0 -ді құрайды.(2011 ж -36,1).
Стационаралмастырушы технологияларды дамыту негізінде тәулік бойы емделетін стационардан басқа 200 төсек-орындық ауруларды күндізгі емдеу стационары жұмыс істейді.
2012 жылдың 2-ші жартыжылдығынан бастап балалар мен терапия бөлімшелері біріктіріліп, соматика бөлімшесі тұрғындарға қызмет атқаруда.Бөлімшеде ересектер мен балаларға жағдай жасалған.
Материалдық-техникалық база және медициналық жабдықтармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен жабдықталу жақсарды, бірақ жеткіліксіз болып қалуда. Аудан бойынша қамтамасыз етілу пайызы 74,26 пайыз. 2012 жылы стационарлық рентген аппараты ,жылжымалы рентген аппараты, науқастарға арналған жеке монитор,ультрадыбысты зерттеу аппараты, 2 қанды зерттеу құралы,хирургиялық сорғыш сатып алынды .
Есепте тұрған науқастарға тегін және жеңілдікпен дәрі дәрмектер 2011 жылы 16 ,1млн теңгеге таратылып берілсе, 2012 жылы 19,9 млн теңгенің дәрісі берілді.
Ауданда жұмыс істейтін барлық дәрігерлер саны – 63. Дәрігермен қамтамасыз ету көрсеткіші 62,7-ні құрайды, ал орта медициналық қызметкерлер саны -273 .Қамтамасыз етілу пайызы -93,4%. Дәрігерлердің 73,4 пайызында ,орта медициналық қызметкерлердің 62,7 пайызында біліктілік санаты бар.
Ауданда әйелдер мен балаларға сапалы медициналық көмек көрсету бойынша барлық шаралар жасалуда.Ана өлімі тіркелген жоқ, бала өлімі көрсеткіштері төмендеп отыр. 2012 жылы өлім көрсеткіші 1000 мың туған балаға шаққанда 12,2. 2011 жылы көрсеткіші 19,8 болған..
2012 жылы:жүрек-қан тамырлары, қант диабеті ауруларына 6472 адам, глаукомаға 5560 адам, онкоцитологиялық тексеруге 1418 адам, маммографиялық тексеруге 1233 адам, тік ішек қатерлі ісігі ауруларына 3068 адам, 0 жастан 18-ге дейінгі 8341 бала скринингтік тексеруден өтті.
Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік-маңызды көрсеткіштердің реттелуі қадағаланады. 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда туберкулезбен ауыру деңгейі 80 пайыз, бала туу көрсеткіші 94 пайыз, өлім деңгейі 98 пайыз, бала өлімінің көрсеткіші 63 пайызды құрады.
Спортпен тұрақты айналысатын халық саны 2012 жылы 11050 адамды құрап, 37,3 % артты.
Ауданда ел Президентінің алға қойған «Салауатты өмір салтын» насихаттау бағытындағы жұмыстар 2013 жылы да жалғасын табады.
Күршім ауданы бойынша «Туған жерге тағзым» акциясы аясында 431 млн. теңгеге 51 шара іске асырылды. Бұл акцияға ерекше өз үлестерін қосқан кәсіпкерлер- Е.Скаков, Н.Қасымқанов, А.Сексембаев, Е.Солтанбеков, Ж.Бижанов, С.Рахимов, Ж.Азимбаев, К.Мұқанов ,Қ.Бату, Қ .Терлікбаев.
Қоғамдық тәртіп сұрағы үнемі бақылауда. 2012 жылы 181 қылмыс тіркеліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 1 қылмысқа азайды. Қылмыстың ашылу деңгейі 101,7 пайызды құрады.
Экономиканы дамыту үшін инфроқұрылымдардың дамуының маңызы өте зор.
Жыл көлемінде 5880 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Күршім ауылында спорттық модуль салынды, 64 пәтерлік үйдің қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды, үйге бір орталықтан жылу, су, кәріз жүйесі тартылды.
Бүгінгі күні аудан бойынша 14 шақырым кәріз жүйелері, 41 шақырым орталықтандырылған су құбырлары, 2,5 шақырым орталықтандырылған жылу жүйелері пайдалануда.
Күршім ауылының Бауыржан Момышұлы және Барақ батыр көшелерінде 4,5 шақырым су құбырлары жаңартылды, ал Теректі ауылының көшелеріне 2,2 шақырым су жүйесі салынып, 5 қосымша колонка орнатылды. Құйған ауылы су жүйесінің ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.Қаратоғай, Егіндібұлақ, Ақсуат, Аманат ауылдарындағы су жүйелері ағымдағы жөндеуден өтті.2012 жылы Күршім ауылының әбден тозығы жетіп, жиі істен шығатын кәріздер желісінің 2 шақырым құбырға жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Күршім ауданы бойынша 301 шақырым аудандық маңызы бар, 551 шақырым облыстық маңызы бар, 76 шақырым республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бар.
Күршім ауылының Б.Момышұлы мен Первомай көшелеріне, Барақ батыр көшесіне – 4,0 шақырым қара қиыршық тасты жол жамылғысы салынды. Абай көшесінде 2,0 шақырым жол төсемесі салынды.
Қалжыр ауылының. 2 шақырым кіреберіс жолдары және көше жолы жөндеуден өтті. Ал Сарыөлең ауылының 1 шақырым көшесіне қара қиыршық тасты жол жамылғысы салынды. Биыл Теректі, Сарыолен, Боран, Бурабай, Қаратоғай, Қалжыр, Маралды, Төсқайың ауылдарында көше жолдарына ағымдағы жөндеу өткізу жоспарланып отыр.
Ауылдарды аббаттандыру жұмыстары жалғастырылды. Қалжыр ауылында балалар ойын алаңы және демалыс алаңы, Теректі ауылында Крахмаль көшесін қоршау және жарықтандыру, кіші футбол алыңын салу, балалар ойын алаңын абаттандыру жұмыстары атқарылды.Сарыөлең ауылында демалыс паркін абаттандыру және темір қоршау орнату жұмыстары жүргізілді.
Күршім ауылындағы «Қазақ елі» монументінде қақпа, қоршау, орындықтар орнатылды, жарықтандыру жүргізілді, кіші футбол алаңы салынды, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
«Жасыл ел» бағдарламасы және санитарлық тазалық бойынша барлық елді мекенде көгалдандыру, көріктендіру, санитарлық тазалық жұмыстары өз деңгейінде өткізілді.Күршім ауылы Б.Момышұлы көшесіне 1 шақырым, Барақ батыр көшесіне 2,5 шақырым , Қайыңды ауылына шақырм 0,75 жарықтандыру желісі орнатылды. Биыл Теректі, Боран,Сарыолен, Күршім ауылдарында көше шамдарын орнату жұмыстары жалғастырылады.
Күршім аудандық пошта байланыс торабы 55 елді мекенге қызмет көрсетеді. 2012 жылы Компьютерлік техникалар 50 пайыз жаңартылды, Теректі пошта байланыс бөлімі толығымен автоматтандырылып, халықтың ыңғайына еңбекақылары карточка жүйесіне ауыстырылып, банкомат орнатылды, Баспасөз басылымдарына жазылу аудан бойынша 2011 ж қарағанда 25% артты, «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша акция жүргізілді.
Күршім аудандыќ телекоммуникация торабында 2012 жылы байланыс желісінде процессі жүргізілді. Егіндібұлақ ауылында ССС Sky Edge қондырғысы орнатылды. Күршім аудандық телекоммуникация торабы абонентеріне сапалы байланыс қызметін көрсету үшін, Казнаковка-Күршім аралығында көл астымен "Талшықты оптикалық байланыс желісі" тартылып іске қосылды. "Талшықты оптикалық байланыс желісі" қосылуына байланысты, "Кең жолақты қатынау" Мегалайн қызметін пайдаланушылар санын 343 абонентке көбейтуге мүмкіндік туды. Бүгінгі күні бұл қызмет түрін 685 абонент пайдалануда. Сымсыз байланыс қызметін пайдаланатын абонентерге, Интернетке қосылу жылдамдығын арттыру үшін, пайдалануға жаңадан EV-DO қызметі көрсетілуде. Бұл жаңа қызмет түрімен Күршім, Бурабай, Теректібұлақ, Алғабас, Қойтас, Топтерек, Құйған, Сарыөлең, Барақ-Батыр, Бірлік, Мульковое ауылының абонентері пайдалана алады. Бүгінгі күні осы қызмет түрін 85 абонент пайдаланып отыр. Бұл қызмет түрін ары қарай өркендету жұмысы жоспарлануда
Аудан өмірінің қай саласында болмасын атқарылып жатқан жұмыстарға қоғамдық ұйымдардың, «НұрОтан» халықтық демократиялық партиясының қосып отырған үлестері қомақты. Ауылдық округтердегі әйелдер мен ардагерлер кеңестері, ақсақалдар алқасы жастар тәрбиесі мен қоғамдық тәртіп, отбасылық қатынастар мәселелерін шешуге өз үлестерін қосып, Елбасы Жолдауын насихаттайтын ақпараттық топ жұмысына белсенді араласуда.
Бүгінгі күнге 12 ауылдық округтің елді мекендерінде болып, халықпен кездесулер өткізді. Жолдаудың негізгі міндеттері мен бағыттарын түсіндіріп, халықпен кездесулер өткізіліп, кездесу барысында барлығы 14600 адам қамтылды
Қоғамдық-саяси «Рауан-Заря» газеті аптасына 2 рет екі тілде шығып отырады. Барлық тиражы 3374, оның ішінде «Рауан» - 2725, «Заря» - 649 дана. Аудандық «Рауан-Заря» газетімен бірге 2002 жылдан бастап айына екі рет «Болашақ» қосымшасы жарық көруде.
2011 жылы 507 «OTAU TV» сандық телеарнасы орнатылса, бүгін саны 1330 ға жетіп отыр, яғни екі жарым есе көбейді..
Жастар -жаңа бағыттың қозғаушы күші, қазір мемлекеттік жастар саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленуде. Жастар саясатын жергілікті жерде іске асыру бойынша ауданда көптеген шаралар атқарылуда. 2012 жылы 7 акция, 26 кездесу, 3 дөңгелек үстел отырысы, 2 фестиваль, 2 семинар-тренинг, слет өткізілді.
Сондай-ақ жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында «Жастар орталығын» құру жұмыстары жүргізілуде.
Жастарды патриоттық тәрбиелеу, бос уақытын ұйымдастыру мақсатында ұйымдастырылып отырған «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты жастардың марафон-эстафетасы аясында ауылдық жерлерді абаттандыру, тазалау, сырлау, әктеу, күтіп-баптау, аумақтарды арамшөптерден тазалау, қашаларды жөндеу, суғару жұмыстары атқарылды.
30 қараша күні аудандық Мәдениет үйінде жас мамандар слеті ұйымдастырылды. Слет барысында жас полицей, әскери қызметкерлер, қаржыгерлер, дәрігерлер, тілші, өнерпаздар, әлеуметтік сала қызметкерлері, ұстаздар, спортшылар, тұрмыстық қамту қызметкерлері, құрылысшылар, механизаторлар, мектептің өзін-өзі басқару ұйымдары, авторлық бағдарлама авторлары, мемлекеттік қызметкерлер тиісті номинациялар бойынша сайысқа қатысып, жеңімпаздар анықталып, арнайы лента, сыйлық және дипломмен марапатталды.
2012 жылы жеке тұлғалардан 546, заңды тұлғалардан 85 өтініш түсіп, барлығына уақытында жауап берілді.
Халықпен жыл басында өткен кездесулерде айтылған ұсыныс, арыз-шағымдар бойынша іс-шаралар жоспары жасалып, орындалуы жыл бойы бақыланып отырылды. Олардың орындалуы туралы ақпарат тоқсан сайын газет бетінде жарияланды.
Сол сияқты әр ауылдық округ әкімі елді мекендерде берген есептері бойынша іс-шаралар жоспарын жасап, олардың орындалуы бағытында жұмыстар жүргізді.
Болашақты алыстан болжайтын стратег саясаткер Нұрсұлтан Әбішұлы мемлекетіміздің 2050 жылға дейін әлемдегі ең жоғары дамыған 30 мемлекет қатарына енуін ұлттық саяси даму стратегиясына негіз ете отырып, осы уақыт ішінде бағындырылуға тиісті жеті басымдықты белгілеп берді. Олар: жаңа бағыттың экономикалық саясаты, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері, білім және кәсіби біліктілік, мемлекеттілікті, қазақстандық демократияны дамыту, салиқалы сыртқы саясат, жаңа қазақстандық патриотизм.
Осы стратегияларды орындауға барлық күш-жігерімізді саламыз.
Баршаңызға ел игілігі, мемлекет мүддесі жолындағы абыройлы істерде мол табыс тілеймін. Мерекелі күндерге жеткізген берекелі тірлігіміз баянды болсын, ағайын!
Аудан әкімі А. Сеитовтың тұрғындармен кездесудегі ауданның 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есебінен
17 12 2014
1 стр.
15 10 2014
1 стр.
Ауданның 2008 жылғы әлеуметтік экономикалық дамуын өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда, оның негізгі көрсеткіштерінде өсу қарқыны бар
12 10 2014
1 стр.
Темір ауданы жер көлемі 12,6 мың шаршы шақырым, бұл облыс территориясының 4,2 құрайды. Аудан орталығы Шұбарқұдық кенті болып 1972 жылы құрылды. Ауданның жер қойнауы қазбаларға бай,
16 12 2014
1 стр.
Жылдың қорытындысы бойынша облыстың қалалары және аудандары рейтингінде аудан әлеуметтік-экономикалық дамуы ұстанымында 17 орында
25 12 2014
1 стр.
Жылғы 1 шілдеге аудан бюджетіне түскен салықтар мен басқа да төлемдер 110,9 млн теңге немесе 110,1 пайызға орындалды, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 104,1 млн теңгені немесе 118,1 п
10 09 2014
1 стр.
Кездесулері өтті. Оған аудан бойынша 8 мыңнан аса адам қатысып, 185 адам сөз алды. Есеп беру кезінде көтерілген мәселелер бойынша сараптама жасалып, 21 мәселе бақылауға алынды, оны
09 10 2014
1 стр.
Рейтингтік баға бойынша 14 орынды иеленіп, 2012 жылдың тамыз айының рейтингтік көрсеткіштердің деңгейінде
25 12 2014
1 стр.