Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2 ... страница 5страница 6
1.Геотермиялық градиент — тау жыныстары қабаттарының әрбір 100 м-ге тереңдеген сайын темп-раның көтерілуін көрсететін шама. Тікелей темп-ралық өлшеулер жүргізуге қолайлы жер қыртысы үшін Геотермиялық градиенттің орта шамасы 3ӘС деп алынады. Жер бетінің пішініне, тау жыныстарының жылу өткізгіштігіне, жер асты суларының айналымына, жанартау ошағының қашықтығына, Жер қыртысында жүретін әр түрлі хим. реакцияларға байланысты Геотермиялық градиент әр жерде әр түрлі болады. Геотермиялық градиент жер қойнауынан оның бетіне қарай бағытталған жылу ағынының болатындығын көрсетеді. Бұл ағынның шамасы — Геотермиялық градиент пен жылу өткізгіштік коэффициентінің көбейтіндісіне тең.

2.

3. Қарашығана́қ мұна́й-газ конденса́т кені́ — облыстың Бөрілі ауданы жерінде, Орал қаласынан шығысқа қарай 150 км жерде орналасқан. 1979жылы ашылған. Көтерілім құрылғының биіктігі 1700 м, аумағы 16×29 км. Кен шоғыры мұнайлы, газды, конденсатты. Газконденсатты бөлігінің биікт. 1420 м, мұнай қабатының қуаты 200 м. Биогермдік және биоморфты-детритті әктас, доломит, т. б. әр түрлі ауыспалы жыныстары өнімді деп саналады. Коллекторлары кеуекті, кеуекті-ұралы типті. Кеуектілігінің орташа шамасы мұнайда 9,4%, газконденсат бөлігінде 10,7%. Газға қаныкқан резервуарлық бөлігінің орташа өткізгіштігі 0,08 мкм2, мұнайға қаныққан бөлігінікі 0,05 мкм2. Газға қаныққан коллекторының орташа пайдалы қалыңдығы 200 м, қаныққан мұнайдікі — 45,7 м. Пермьдік бөлігінің газбен қаныққан коллекторы 0,90, тас көмір бөлігінікі 0,89. Мұнайға қаныққан коэффециенті 0,92-ге тең. Кен орының жабындысы — кун-гур ярусының ирень свитасындағы галит қабатынан тұрады. Тұз-күмбезді тектоникалық өрекеті пайда болған беткі қабатын жоғары. пермьнің дара ярусының терригенді-галогенді қабаттары жапқан. Кен шоғыры шегі — 3526 м тереңдікте. Газды-мұнайлы жапсары 4950 м-де байқалған, сулы-мүнайлы жапсары 5150 м. Пермьдік бөлігіндегі газконденсаттың бастапқы орташа қысымы 53,8 МПа, тас көмірлі қабатында 56,7 МПа. Қабаттардағы температура 67—89°С. Пермь бөлігіндегі конденсттың орташа қысымы 486 г/м3, тас көмір қабатында 644 г/м3. Газдың дебиті тәулігіне 590 мың м3-ді көрсетгі, коңценсатга 500 мың м3, мүнайдікі 326 м3. Кен орнының мұнайлы бөлігін қасиетіне қарап оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс деп бәледі. Оңтүстік-батысының мұнайы ауыр (орташа тығыздық 861 кг/м3). Ондағы газдың орташа мөлшері 520 м3/м. Солтүстік-шығыс алаңындағы мұнай жеңіл (орташа тығыздық 830 кг/м3). Мұнда газдың құрам мөлшері 900 м3-ге жетеді. Конденсаттың тығыздық 778-ден 814 кг/м3. Конденсатта парафиннің мөлшері 1,8—3,0%, шайырлығы 1,0—1,7%, күкірттілігі 0,55—2,16%, меркоптандар үлесі 0,09—0,26%. 200°С-қа дейінгі температурада булануға ұшырайтын фракңиялар 39—52%-і құрайды, 300°С-қа дейінгілері 60—77,5%. Конденсаттағы нафтен мөлшері 21,0—44,77% және ароматтылығы 6,2—13,6% жағдайында көміртекті метан қатары 49—68%-і құрайды. Мұнайдың тығыздылығы 8—10-нан 888 кг/м3-ге ауытқиды. Онда күкіртгің мөлшері 0,54—1,98%, парафині 3,71—6,64%, асфальтендер 0,07—0,71%, 200°С-қа дейінгі температурада буланып кететін фракция мөлшері 20—43%, 300°С-қа дейінгісі 38—60%. Конденсаттығы сияқты мұнайда да метанды көмірсутектің үлесі басым. Қабатты газдың құрамы: метан — 70,6%, этан — 6,1%, пропан 2,9%, бутан 1,8%, пентан және т. б. ауыр көмірсутектер 8,5%, азот 0,7%, күкіртті сутек 3,5%, екі тотықты көміртек 5,6%, меркаптандар 0,07%. Мұнайдағы ерітілген газ құрамында метан 69,8%, этан 9,0%, пропан 4,2%, бутан 2,8%, пентан 1,5%, азот 0,9%, күкіртті сутек 5,0%, екі тотықты көміртек 6,1%, меркаптандар 0,03%. Кен орнының табан суы өте қатты минералданған, жоғары сульфатты қабаты түздықсулы хлоркальций типті. Құрамында сирек элементтер мөлшері жоғары. Минералдық 112—159 г/л. Негізгі кен шоғырларынан басқа Қарашығанақ мұнай-газ конденсат орындағы кунгур ярусының филиппин горизонты мен ирень свитасын жауып жатқан шөгінділерде де аз мөлшерде көмірсутек шоғырлары кездеседі. Олардың басым көпшілігі өндірістік іздестіру-барлау сатысында. Кен орнындағы газ қоры 1317,4 млрд м3-ді құрайды (1995). Мұнда бастапқы қордың 2%-ке жуығы ғана өндірілген. Кен орнында Қазақстандағы газконденсаттың 91%-і, газдың 66%-і шоғырланған[1].


4. Шөгінді тау жыныстары — құрлықта немесе су бассейндерінде шөгетін материалдан пайда болатын тау жыныстары. Материалдың бөлшегі, салмағы, үлкендігі оның сортталу дәрежесімен сипатталады және қабатты болады, жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары кездеседі. Шығу жағынан химиялық (гипстас тұзыоолитті ізбестас және басқалары), органогендік (қараңыз), жануарлар мен өсімдіктердің өмір сүруінің салдарынан пайда болады (маржандық және қабыршақтық ізбестасшымтезектас көмір) және кесек шөгінді тау жыныстарына бөлнеді.

Шөгінді тау жыныстары жер бетінің 75%-н жауып жатыр. Шөгінді тау жыныстарының түзілу процесі литогенез деп аталып, үш сатыда өтеді:



  1. қатты (түпкі) тау жыныстарының мүжілуі, бұзылуынан бастапқы материал пайда болады;

  2. осы материал су ағыны, жел, мұздыққа байланысты құбылыстар әсерінен көшеді де құрлық немесе су түбіне тұнады;

  3. әр түрлі бөлшектерден құралған, суға қаныққан борпылдақ тұнба түзіледі.

Әлі тепе-теңдік күйге келмеген, бірақ уақыт өте келе біртіндеп Шөгінді тау жыныстарына айналатын осы тұнба күрделі физика-химиялық жүйе болып саналады. Осы жүйенің тау жыныстарына айналу процесі гипергенезседиментогенездиагенезкатагенез, т.б. даму сатыларында жүзеге асады. Шөгінді тау жыныстары бұрын болған эндогендік тау жыныстарының үгілу өнімдерінен пайда болғандықтан олардың химиялық құрамы бір-біріне ұқсас. Айырмашылығы Шөгінді тау жыныстарында темір мен кальций тотығы және су мен көміртектің көбірек болуында. Шөгінді тау жыныстары құраушыларына байланысты аутигендік және аллотигендік деп бөлінеді. Аутигендік Шөгінді тау жыныстары – шөгу процесі кезінде түзілген минералдар тобы. Оларға: каолинитгидрослюдамонтмориллонитгиббситбемитдиаспоргетитгематитпиролюзитпсиломеланманганитапатитколлофанкварц,халцедонопалкальцитдоломит, сидерит, родохрозит, гипсангидритгалитсильвинкарналлит жатады. Аллотигендік шөгінді тау жыныстарына – магмалық және метаморфтық тау жыныстары мен олардың минералдары, ғарыштық тозаңдар, организм қалдықтары, жанартау өнімдері (пирокластар) жатады. Шөгінді тау жыныстарының бітімі қалыптасу жағдайына қарай: көлбеу, арналық, теңіз-жағалық, эолдық, тасқындық, толқындық, қабаттастық, су асты көшкіндік, ұсақ қатпарлы, биогендік, тасберіштік, т.б. болып келеді. Олардың құрылымы да жаралу түріне қарай әр түрлі: псефиттік, псаммиттік, алевриттік, пелиттік, литокластық, кристалкластық, витркластық, пизолиттік, оолиттік, сферолиттік, биоморфтық, детритустық, кристалл түйірлі, жасырын кристалды, аморфты, т.б. болады. Шөгінді тау жыныстары түзілуі бойынша 3 класқа бөлінеді: сынықты, сазды және химмя-биохимиялық Сынықты Шөгінді тау жыныстары тегіне байланысты екі қатарға ажыратылады: жанартаулық және нақты шөгінді. Жанартаулық-сынықты тау жыныстары жанартау атқылауы кезінде түзіліп (пирокластар), мөлшер қатынасы бойынша туфтар, туффиттер және туфогендік болып үшке бөлінеді. Туфтарда пирокласт 90%, ал туффиттерде 50 – 90%, туфогендік тау жыныстарында 10 – 50% болады. Нақты шөгінді-сынықты тау жыныстары өлшемі бойынша ірі (2 мм-ден үлкен), орташа (0,1 – 2 мм) және ұсақ (0,01 – 0,1 мм) болып жіктеледі. Ірілері физикалық күйіне байланысты жақпартас, дөңбектас, малтатас, қиыршықтас, конгломераттарбрекчиялар деп ажыратылады. Орташа сынықты тау жыныстары құм және құмтасқа, ал ұсақ түйірлілері құмайт және құмайттасқа бөлінеді. Сазды Шөгінді тау жыныстарының болбыр, жұмсақ түрлерін саздар, ал тасқа айналғандарын сазтастар деп атайды. Олар гидрослюда, монтмориллонит, т.б. сияқты сазды минералдардан тұрады. Химиялық және биохимиялық Шөгінді тау жыныстары химиялық құрамына қарай алюминийлітемірлімарганецтіфосфатты,кремнийлікарбонатты, тұзды тау жыныстары болып бөлінеді. Шөгінді тау жыныстарының ең көп таралғандары сазды тау жыныстары (53%), құмды тау жыныстары (25%), карбонатты тау жыныстары (20%).[1]

следующая страница>


1. Геотермиялық градиент

Геотермиялық градиент әр жерде әр түрлі болады. Геотермиялық градиент жер қойнауынан оның бетіне қарай бағытталған жылу ағынының болатындығын көрсетеді. Бұл ағынның шамасы — Геотер

491.83kb.

16 12 2014
6 стр.