Перейти на главную страницу
Әлемдік тәжірибеде шаруашылық жүргізуші субъектілерді шағын және орта кәсіпкерлікке жатқызудың жалпы критериилері ретінде персоналдар саны, жарғылық капиталының мөлшері, активтерінің шамасы, айналым көлемі және басқаларын айтуға болады. Алайда айтарлықтай жиі қолданылатын критериилерге келесілерді жатқызуға болады: кәсіпорындағы жұмыскерлердің орташа жылдық саны, кәсіпорынның жылдық айналымы және активтерінің мөлшері. Ал, дамыған елдердің барлығында дерлік негізгі критерии жұмысшылар саны болып табылады. Мысалы, құрамына дамыған елдер кіретін экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының анықтауы бойынша кәсіпорындағы персоналдар саны 19 адамға дейін «өте шағын», 100 адамға дейін «шағын», 100-ден – 499 адамға дейін «орта» және 500-ден жоғары «ірі» кәсіпорындар ретінде анықталған.
Жаңа жұмыс орындарын құру мен экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету басымдығы тұрғысынан шетелдерде шағын кәсіпкерліктің дамуына үлкен мән беріледі. Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы бойынша шағын кәсіпорындардың саны барлық кәсіпорындардың жалпы санынан 95 % - ға артық. Әлемдік экономикада мұндай кәсіпорындардың үлесіне жұмыспен қамтылғандардың 60 %-дан астамы келеді, ал олардың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 50 %-ға жетеді.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы кезінде әсіресе шағын кәсіпорындардың дамуы мен тиімділігіне мемлекеттік қолдау шамасы айтарлықтай ықпал ететіндігіне, ал кәсіпкерлер мұндай қолдауға мұқтаж болатындығына әлемдік тәжірибе куә. Бұл ретте, бизнесті бәсекеден қорғауға немесе ол үшін ерекше «жұмсақ» жағдайлар құруға емес, технологиялық жетілдірудің генерациясы фирмаішілік үрдісті үнемі ынталандыратын және фирманың бәсеке қабілеттілігін арттыру үшін оқытатын жағдайларды қамтамасыз етуге әкелуге тиіс шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік саясатының нысаны мен мақсаты шешуші мәнге ие. Мұны соңғы уақытта экономикада ілгерілік жасаған көптеген елдердің тәжірибесі көрсетеді.
Шағын кәсіпорынды қолдау шаралары:
Италия. Бірінші рет кластерлік – желілік ұстаным Италияда 70 жылдары қолданылған. Шағын және орта бизнеске кластерлік – желілік ұстаным тұрғысынан осы ұстанымның дамуы бастау алтын «үшінші Италия» деген атқа ие болған Италияның тәжірибесі қызық. 70 жылдардың соңында «бірінші» және «екінші» Италия экономикалық дағдарысты басынан өткізді, елдің солтүстік – шығыс бөлігі және орталық бөлігі экономикалық өсуідің жоғары түрін көрсетті. Негізінен шағын және орта кәсіпорындар әрекет ететін (тоқым өндірісі және былғары өндірісі, аяқ киім, керамика және жиһаз өндірісі) бірқатар салаларда қалыптасқан кластерлер шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тек қана жаңа жұмыс орындарын ғана құрып қана қоймай, экспорт нарығына да шыға алды. Сол уақытта Германия мен Ұлыбританияның ірі кәсіпорындары құлдырауды басынан өткізіп жатты, «үшінші Италияның » шағын және орта кәсіпкерлік кластері өндіріс пен экспортты арттырды. Бұдан басқа, шағын және орта кәсіпкерлік кластерлері өндірістік инновацияларды енгізуге қабілетті болып шықты.
АҚШ. ЖҰӨ-нің 50 %-нан астамы, инновациялардың жартысынан астамы, ұлттық жұмыс күшінің 2/3 астамы шағын кәсіпкерлікке тартылған. АҚШ-та шағын кәсіпкерлік ел экономикасын оңалтуда шешуші рөл атқарды. Бұл үшін АҚШ-та аталған сектордың дамуына көмек беретін құрылым – АҚШ шағын бизнес әкімшілігі (1953 жылы құрылған) бар. Сапалы, клиентке бағытталған кең ауқымды бағдарламалар қалыптастыру және кәсіпкерлер қоғамдастығын барлық жаңалықтар туралы уақтылы хабардар ету – қызметтің мәні. Осы әкімшілік арқылы шағын кәсіпорындарға кепілдендірілген қарыздар беру арқылы үлкен қаржылық қолдау көрсетіп келеді. Атап айтсақ, бұл ұйым 155000 АҚШ долларынан аспайтын қарыз соммасына 90% ал, 750000АҚШ долларына дейінгі үлкен көлемдегі қарыз соммасына 75% кепілдік бере алады. Ол дегеніміз, егер қарыз алушы берілген қарызды қайтара алмаған жағдайда шағын бизнес істері жөніндегі әкімшілік қарыз соммасын қайтаруға міндеттенеді. Жапония. Шағын және орта кәсіпкерліктің барлық компаниялар санының 99,6 %-ын, ЖІӨ-нің 55 %-ын және өнеркәсіпке жұмыспен қамтылғандардың 80 %-ын құрайды. Шағын кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік саясатты іске асыру үшін шағын және орта кәсіпкерлікке қатысты мемлекеттік саясатты іске асыратын мамандандырылған органдар желісі құрылды. Жапония тәжірибесіне сүйенсек, жаңа жұмыс орындарын құру мен жаңа технологияларды дамытуда маңызды рол атқаратын жаңа кәсіпорындарды ынталандыруға ерекше мән беріледі. Осы мақсатта бекітілген шаралардың ішінен 10 млн. иенге дейін арнайы төмен пайыздық кредиттер мемлекет кепілдігімен беріледі.
Жапонияда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі шаралары:
Германия. Германдық кластерлік-желілік ұстанымды қолдаудың негізгі қағидаттары – бұл мынандай нарықтық тетіктерге:
Израиль. Қолдау нфрақұрылымының объектілері құрылған, олардың көпшілігі мемлекеттік. Кәсіпорындарды қаржыландыруға көмек беретін мемлекеттік және бірнеше жеке қорлар бар, ал мемлекеттік субсидия бизнесті жүргізу үшін қажетті қаражаттың ¾-ін құрайды, ¼-кәсіпкердің салған қаражаты.
Бизнес-инкубаторларды қолдайтын венчурлық қорлар бар, оларда алдымен жаңа инновациялық жобалар жасалады.
Осылайша, технопарктер мен бизнес-инкубаторлар мемлекет ғылыми-техникалық салалардың дамуын қолдайтын және мұндай саясаттың алдына шаруашылық жүйені оңтайландыру мен ғылыми-техникалық прогресс жетістіктеріне бейімдеу міндеті қойылған елдерде жақсы дамыған.
Ғылыми-өнеркәсіптік парктер болашақтағы технополистердің – озық технологиялар, ғылыми зерттеулер мен жобалау – құрастыру әзірлемелері қазіргі үлгілері болып табылады. Өтпелі экономикалы көптеген дамушы мемлекеттер мен елдер үшін ғылыми-өнеркәсіптік парктерді дамыту басымдығының стратегиясы – бұл жоғары технологиялық деңгейдің өңірлік орталықтар желісін дамыту, барлық ұлттық шаруашылықты зияткерлендіру негізінде қызметтің жаңа салаларында ілгерілеу.
Технополистерде ғылым, жоғары технологиялар, дәстүрлі ұлттық мәдениет үйлесім тапқан және шығармашыл, жан-жақты дамыған адамдардың жаңа қоғамы құрылады.
Дамыған елдердің көпшілігінде экономикалық өсудің шешуші бір факторы шағын бизнесті жан-жақты дамыту болып табылады. Олардағы кәсіпорындардың жалпы санының ішінде шағын және орта фирмалардың үлесі 80-нен 90 %-ға дейінгі мөлшерді қамтып, елдің жалпы ұлттық өнімінің 50%-ға жуығын өндіруді қамтамасыз етіп отыр. Шағын кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуге икемділігі – ғылыми-техникалық прогресстің негізгі бір қозғаушы күшіне айналған. Мысалы, жапондық мамандардың есептеуінше екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде бұл елдің әлемдегі ең бай елдер қатарына қосылуына бірден-бір себепші болған нәрсе – шағын кәсіпорындарды дамыту. 1980 жылдардың 2-жартысында Жапонияның тек өңдеуші өнеркәсібінде ғана 6,5 млн. шағын және орта кәсіпорын қызмет еткен немесе бұл олардың жалпы санының 99 %-ға дейінгі бөлігін қамтиды деген сөз. Оларда 40 млн. адам жұмыс істейді, яғни бұл осы салада жұмыскерлердің 81%-ы болып табылады.
Концерндер мен басқа да ірі кәсіпорындар Жапония экономикасы «аисбергінің шыңы» ғана деп айтуға болады. Бұл жерде ірі және шағын бизнес өзара бәсекеге түсіп қана қоймай, сонымен қатар қызмет ету саласын бөлісу негізінде бірін-бірі толықтырып отырады. Жапонияда бірқатар салаларда, атап айтқанда, аяқ киім, тігін және гелантерия өндірісінде, дәрі-дәрмек, құрастырушы бұйымдар мен конструкциялар өндіруде, бөлшек саудада, қызмет көрсету саласында өндірістік және тұрмыстық техникаларды жинап, жөндеп, қалпына келтіруде шағын бизнес басым орын алды.
Әсіресе соңғы кезеңдерде АҚШ-та да шағын бизнес кеңінен дамып отыр. Ол жұмыскерлер саны 50 адамға дейінгі шағын және орта фирмалардың жиынтығы болып табылады. Бұл фирмалар американдық барлық фирмалардың 99%-ын құрайды. Бұлардың негізгі бөлігі ұсақ, көбінесе жанұялық немесе жеке кәсіпорындар. Мұндай фирмалардың 84%-ы саны жиырмадан аспайтын, ал 80 %-да оннан аспайтын адам жұмыс істеді. АҚШ-та шағын фирмалардың өсуі сандық және сапалық жағынан да ерекше байқалады. Мысалы, тек 1998 жылдың өзінде ғана 1 млн. шағын кәсіпорын пайда болса, ал 1999 жылы 1,3 млн. шағын фирмалар құрылды. Мұның алдындағы жылдары жыл сайын 600 мыңға жаңа кәсіпорын өмірге келіп отырған.
АҚШ-та шағын және орта фирмалар ЖҰӨ-нің 40%-ын өндіреді, өның ішінде өңдеуші өнеркәсіпте - 21%, құрылыста 80%, көтерме саудада - 86 %, қызмет көрсету - 81%.
АҚШ экономикасында олар ғылыми-техникалық прогресс саласына жататын барлық жаңалықтарды жасаудың, игерудің және өндіріске енгізудің тең жатысына жуығын қамтамасыз етеді.
Германияда шағын және орта кәсіпкерліктің басты сипаттамасы – ең алдымен меншік құқы мен кәсіпорынды тікелей басқарудың бірлігі болып табылады. Екінші сипаттама – кәсіпорын қызметінің айшықтылығы, оның көлемінің шектеулілігі, қожайын мен жұмыскер арасындағы өзіндік ерекше қатынас сипатын білдіріп, өндірістің түпкі нәтижесі үшін екі жақтың да бірдей мүдделілігін, ынталығын тудырады. Үшіншіден, кәсіпорын өмірінде басқарушы рөлдің ерекше маңыздылығы: ол шарушылықтың нәтижелігіне тек қана мүлік иесі болғандықтан ғана емес, сонымен бірге оның озінің де өндіріспен тікелей айналысып, оны ұйымдастыруға барлық жағынан қатысуынан көрінеді. Төртіншіден, істі жанұялық негізде жүргізу, яғни кәсіпорын қызметін нәтижелі ұйымдастыруға, жүргізуге атадан балаға мұра ретінде машықтану. Бесіншіден, шағын кәсіпкерліктің тағы бір сипатты белгісі ретінде кәсіпорынды қаржыландыру мәселесін айтуға болады. Егер алыптар қажетті ресурстарды негізінен капитал нарығы (қор биржалары) арқылы алатын болса, ал шағын және орта кәсіпорындар банктердің аздаған несиелеріне арқа сүйейді, сондықтан да олар үшін қаржыландыру мәселесі басты проблема болып табылады.
Шағын кәсіпкерліктің жоғарыда аталғандай сапалық жақтарымен бірге сандық жағынан да сипаттамалары бар. Олар екі көсеткішке негізделеді: жылдық айналым соммасы мен еңбекпен қамтылғандар саны. Германияда қабылданған есептеу әдістемесіне сәйкес халық шаруашылығының бұл секторына мыналар жатқызылады:
Елдегі шағын және орта бизнестің экономикалық маңызы – біріншіден, барлық еңбекке жарамды адамның 2/3 – бөлігін қамтып отырған; екіншіден, елдің ЖІӨ-нің жартысына жуығын берген; үшіншіден, барлық инвестициялар мен тіркелген патенттердің жартысынан артығын өндіріске енгізуге септігін тигізген; төртіншіден, Германиядағы барлық өндірісті оқу орындарының 85 % -ын қамтитын кадрларды даярлау көзі ретіндегі рөлмен анықталады.
Шағын кәсіпкерліктің барлық кешенді ішкі және сыртқы проблемалары олардың өз күшімен шешілуі мүмкін емес. Қазіргі кезде Германияда бірқатар жағдайлар шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау жүйесінің қажеттігін көрсетіп отыр. Олардың ішінде:
Германияның федералды үкіметі құрылымдық-саяси шараларды іс жүзіне асырып отыр. Олар шағын фирмалар үшін қалыпты бәсеке жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл жердегі басты бағыт – 1957 жылы заңды түрде бекітілген, шағын және орта фирмалардың ұстанымдарын нығайтуға бірнеше рет қайта қаралған – картельді құқық. Картель қызметін қадағалаушы ведомство, біріншіден, ірі фирманың бір –біріне қосылып кетуін қатаң бақылап отырады; екіншіден, орынсыз тыйым салуларды алып тастап, шағын және орта кәсіпорындардың кооперациялануына жеңілдік жасайды.
Шағын кәсіпорынға қолдау жасаудағы құрылымдық-саяси шаралардың екінші бір құрамды бөлігі – мемлекеттік тапсырмаларды бөлуге қатысудағы олардың құқықтық жағынан олардың теңдігін қамтамасыз ету. 1976 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыстарды бөлуге шағын және орта фирмалардың да міндетті түрде қатысуын реттейтін ерекше ереже бар. Егер белглі бір жағдайларға байланысты өздеріне қысым көрсетілген болса, онда шағын фирмалар осындай мәселелерді заңды түрде ретке келтіру үшін тиісті орындарға шағым жасауына болады.
Салық салудағы жеңілдіктер.
Германияның жаңа аймақтарында қазіргі кезде кеңінен пайдаланып жүрген жұмыстың үш түрі бар:
Салықтан босатылған пайда резервтерін жасауға қолөнері өндірісінде, саудада, өнеркәсіпте, еркін мамандық секторында, сондай-ақ мүліктерді жалдау мен жалға беру қызметі саласында қолдануға рұқсат етілген. Резерв 1 жыл ішінде түскен пайданың 20 %-ға дейінгі мөлшерін құрауы мүмкін.
Қаржы жағынан қолдау. Федералды үкімет тарапынан берілетін салыстырмалы түрде пайыз ставкасы төмен және жағдайын пайдалана отырып, ақшаны қайтаруға мүмкіндік тудыратын несиелер шағын кәсіпорындар үшін айтарлықтай қамқорлық болып табылады. Қазіргі кезде бизнестің бұл түрін қаржыландырудың негізгі көзі федералдық бюджет, оның кадрлары «Кредитани – тольт фюр Видерауфбау», «Дойче аусглейхс банк» және «Берлинер Индустрибанк» сияқты арнайы үш банк арқылы бөлінеді. Шағын және орта фирмаларға несиелер тікелей емес, ақшаның дер кезінде қайтарылуына кепілдік беретін олардың өздерінің банктері негізінде іс жүзінде асырылады. Сонымен қатар, шағын және орта фирмалар федералды және жергілікті үкіметтің кепілдіктерін де пайдалана алады.
Жаңа жұмыс орындарын ашу мен экономиканың аймақтық құрлымын жақсартуға ынталандыратын арнайы несиелерді жергілікті үкіметтер береді.
Инновациялық салаға көмек. Бұл мақсатқа федералды үкімет 1990 жылдың басында бір жыл ішінде 750 млн. маркаға дейінгі мөлшерде қаржы бөліп отырды. Бұл көмектің ұйымдық нысандары әралуан: индустриялды және ғылыми парктер, жұмыс бабына қарай бөлмелер бере алатын, ақпараттық банктерге енуге, капиталдарға қатысуға рұқсат беретін мүмкіндіктері бар инновациялық орталықтар. Шағын және орта бизнес саласында инновацияны мемлекеттік қолдау олардың ғылыми мекемелерін бірлесіп жұмыс істеуіне көмектесу, қажетті ақпараттық және еңес берушілік инфрақұрылымды жасау, технологияны алуды жеңілдету, ғылыми қызметкерлерді даярлауға жәрдемдесу жұмыстары арқылы іс жүзіне асырылады.
Сонымен жоғарыда аталған шетелдік озық тәжірибелердің ұтымды жақтарын Қазақстан жағдайында пайдалану шағын кәсіпорындардың дамуы мен қызмет тиімділігіне оң ықпал етеді деп есептеуге болады.
Қазіргі кездегі жаһандану жағдайында кез-келген мемлекеттің негізін бәсекеге қабілетті экономика мен табысты кәсіпкерлік құрайды. бұл мәселелерге Елбасының өзі ерекше назар аударып отыр. Соның нәтижиесінде айтарлықтай жақсы жетістіктерге қол жеткіздік, атап айтқанда:
Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік» туралы заңында шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мәселесіне бір тарау (4-тарау) арналған және мұнда индустриялық аймақтар құру, шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтары, шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалары жөнінде айтылған.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мыналарды:
Сонымен қатар кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында елімізде индустриялық аймақтар құру көзделіп отыр. Индустриялық аймақтардың міндеттері:
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамытудың мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалары өндірісті бәсекеге қабілетті өнімдермен қамтамасыз ету, сондай-ақ инновациялық, білім беру қызметі, қаржылық және құқықтық консалтинг саласындағы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық, оқу-әдістемелік көмек көрсету үшін әзірленеді.
Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншіктің де қызмет етуі кәсіпорындарға жаңа талаптар қойды. Сонымен қатар, жеке меншіктің үлесінің жылдан-жылға арту
16 12 2014
5 стр.
Сондықтан бүгінгі таңдағы қалыптасқан жағдайларда еңбек ақыны реттеудің нарықтық механизмдерін қалыптастыру проблемасы нарықтық жағдайлардағы еңбек ақының мәнін және оның мөлшерін
15 12 2014
3 стр.
16 12 2014
4 стр.
Нарықтық экономика жағдайында ауыл шаруашылығындағы су пайдаланушылар каперетивінің алатын орны 6
25 12 2014
4 стр.
Кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметінің нысаны
14 12 2014
4 стр.
Еңбек ақы мөлшері өндірілген өнімнің саны мен сапасына, мекеменің, кәсіпорынның ақырғы жұмыс нәтижесіне қарай белгіленеді
25 12 2014
3 стр.
«ҚР нарық жағдайында шағын кәсіпкерлік дамуын жетілдіру» («Прогресс-см» жшс-ң мысалында) тақырыбына жазылған
16 12 2014
5 стр.
Банк жүйесі және оның қызметінің даму ерекшелiктерi
18 12 2014
8 стр.