Перейти на главную страницу
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпорындардың дамуы мен табысты жұмыс жасауына мүдделіліктің жоғары болуы олардың экономиканы дамыту мен экономикалық өсімге жетуде ғана емес басқа да әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудегі маңыздылығымен байланысты. Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18-ақпандағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттік кәсіпорындар мен мегахолдингтердің, ең алдымен ірі мемлекеттік компаниялар мен монополиялардың өздеріне үйлеспейтін міндеттерін шағын және орта бизнеске беру мәселесі қозғалды. Сонымен бірге, Қазақстан кәсіпкерлерінің конгресінде , үстіміздегі жылғы жолдауда да шағын кәсіпкерліктің маңыздылығына тоқталып, оны дамыту жөнінде нақты шаралар жүзеге асырылу қажеттілігі айтылды.
Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік» туралы заңына сәйкес, заңды тұлға құрмаған, қызметкерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын дара кәсіпкерлер және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, қызметкерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан, активтерінің орташа жылдық құны алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады . Көрсетілген талаптарға сәйкес келетін заңды тұлғалар шаруашылық серіктестіктер немесе өндірістік кооператив нысанында өз қызметін жүзеге асыра алады.
Еліміз экономиканы жедел дамытуда, жоғары экономикалық өсімге қол жеткізуде кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен кәсіпкерлікті қолдау экономиканы құрылымдық қайта құруды жандандыруға, таңдау еркіндігі мен қосымша жұмыс орындарын ұсынуға, шығындардың тез қайтымдылығын қамтамасыз етуге, тұтынушылық сұраныстың өзгерістеріне жедел бейімделуге мүмкіндік беретін шағын кәсіпорындар торабын құруды тездетуді талап етеді. Экономиканың даму қарқынын арттыруда шағын кәсіпорындардың маңыздылығы өте жоғары. Ал, осы шағын кәсіпорындар іс бастау үшін ірі көлемде инвестицияларды талап етпейді және ресурстар айналымының жоғары жылдамдығына кепілдік береді. Сол арқылы экономиканы қайта құрылымдау проблемаларын ұтымды шешуді, нарықты тұтыну тауарларымен толықтыруды, бәсекелік ортаны күшейту арқылы өндірілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер сапасын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын құра отырып жұмыссыздық мәселесін шешуге қол жеткізуге болады.
Шағын кәсіпорындар тиімділігінің басты факторы – олардың өнім өндіру облысында, сондай-ақ, қолданылатын еңбек құралдары бойынша тар мамандануы. Шағын кәсіпорындар шектеулі номенклатурада өнімдер өндіреді және бірмезгілде жоғары өнімділікпен ерекшеленетін тармамандандырылған құрал-жабдықтарды қолданады. Шағын кәсіпорындар инфрақұрылымдық бөлімшелер құруға көп шығын жұмсауды қажет етпейді, яғни, көлік шаруашылығын, арнайы коммуникациялар, жөндеу шаруашылығын және үлкен қоймалар ұстаудың қажеттілігі жоқ. Өндіріс көлемінің шағын болуы материалды-техникалық жабдықтауды, сондай-ақ, өнімнің дайындығына байланысты өткізуді жүзеге асыруды жылдамдатуға мүмкіндік береді. Шағын кәсіпорындар еңбек ресурстарын тиімді пайдалануда да ерекше мәнге ие болады. әсіресе, олар қосымша жұмыс орындарын құруға, адамдарға маман ретінде өздерінің шығармашылық қабілеттіліктерін жүзеге асыруға жағдай туғызады. Жалпы экономикалық көзқарас тұрғысынан шағын кәсіпорындардың дамуы өндірісті мамандандыру өсімін, ғылыми-техникалық прогрессті жеделдетуді, өнім өндіру мерзімін қысқартуды, шикізаттар мен дайын өнімдерді жеткізудің көлік шығындарын, жоғалтуларды азайту, еңбек және материал ресурстарын едәуір толық пайдалануды қамтамасыз етеді.
Нарықтық экономика жағдайында шағын кәсіпорындардың тиімділігін қамтамасыз ететін негізгі артықшылықтарының ең маңызды дегендерін келесі түрде бөліп көрсете аламыз:
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпорындардың дамуына әсер ететін келесі негізгі проблемаларды бөліп көрсетуге болады:
Қазақстанда шағын кәсіпорындардың даму перспективасына және қызмет тиімділігіне оң әсер ету үшін келесі шараларды жүзеге асыру қажет:
1. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.- Егемен Қазақстан, - 2005жыл, 18-ақпан.
2. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.- Егемен Қазақстан, - 2006жыл, 2-наурыз.
3. Кәсіпкерлік кемел келешек кепілдігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан кәсіпкерлерінің конгресінде сөйлеген сөзі.- Егемен Қазақстан, - 2006жыл, 2-наурыз.
4. Өндірістік кооператив туралы. Қазақстан Республикасының Заңы.1995 жылғы 5-қазан №2486. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік. Нормативтік актілер жинағы. - Алматы: ЮРИСТ, 2004. – 128б.
5. Шаруашылық серіктестіктер туралы. Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы. 1995 жылғы 2-мамыр №2255. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік. Нормативтік актілер жинағы. - Алматы: ЮРИСТ, 2004. – 140б.
6. Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы. Қазақстан Республикасының Заңы. – Егемен Қазақстан, - 1998жыл, 30- сәуір.
7. Жеке кәсіпкерлік туралы. Қазақстан Республикасының Заңы. – Егемен Қазақстан, - 2006жыл, 7-ақпан.
8. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі: 2000жылғы 1-сәуірге дейінгі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген нұсқасында.- Алматы: «Жеті жарғы», 2000.-75б.
9. Мамыров Н.К., Смагулова Н.Т. и др. Основы предпринимательства.- Алматы: Экономика,- 1997.- 66с.
10. Окаев К.О. и др. Предпринимательство в Республике Казахстан:Учебное пособие. / Алматы:Экономика, 1999.35с.
11. Блинов А. О. Малое предпринимательство. Организационные и правовые основы деятельности. Москва:Ось-89,- 2001.
12. Основы предпринимательской деятельности: Финансовый менеджмент. /под ред. В. М. Власовой / - М. , 2001.- 118с.
13. Индивидуальный бизнес в РК.-Алматы, 2002.-11с.
14. Экономика /под ред. А. С. Булатова. Изд. 3-е перераб. и доп. / .- Москва, 1999.
15.Экономика США /под ред. В. Б. Супяна/. – СПб.: Питер,-2003.
16. Экономика Европейского союза.- Москва,-2003.
17. Адамов В. Е. И др. Экономика и статистика фирмы.3-е изд. – М.,-2003.
18. Предпринимательство в РК. Сборорник нормативных актов.- Алматы: ЮРИСТ, -2004.
19. Хозяйственное товарищество: создание, реорганизация, ликвидация. Сборорник нормативных актов.- Алматы: ЮРИСТ, -2004.
20. Хозяйствующие субъекты вРК . Сборник законодательных актов. Алматы: ЛЕМ, 2002.
21. Карлик А. Б. И др. Управление экономикой предприятия: зарубежный опыт в деятельности предприятий России и Казахстана.- Алматы,1999.
22. Муравьев А. И., Игнатьев А.М. Малый бизнес : экономика, организация, финансы . – СПб.: «Бизнес-пресса» 1999.
23. Малое предпринимательство: теория, мировой опыт и Казахстан. /под ред. Е. Б. Жатканбаева/ Алматы, 2001
24. Асаул А. Н. Организация предпринимательской деятельности. Спδ:
Питер, 2005
25. Лапуста М. Г., Старостин Ю.Л. Малое предпринимательство: Учебник Москва, 2005
26. Оценка бизнеса: учебник / под ред. А.Г. Грязновой, М.А. Федотовой 2-е изд./ Москва: Маркет ДС, 2003
27.Рубе В. А. Институциональные аспекты организации малого бизнеса в развитых странах и в России. Москва: ИНФРА-М, 2004
28.Смагулова Н.Т. Планирование и организация предпринимательства. Алматы: Экономика, 2002
29.Эллиот Т. , Герберт Д. Интегрированные бизнес-системы: экспресс-курс. Москва, 2005
30.Сухова Л.Ф., Чернова Н.А. Практикум по разработке бизнес-плана и финансовому анализу предприятия. Москва, 2004
31. Р. А. Фатхутдинов Инновационный менеджмент. Москва, 2004
32. Казахстан сегодня. Информационно- аналитический сборник.- Алматы,- 2005.-с. 145.
33. Статистический ежегодник Казахстана 2005г.- Алматы,- 2006.
34. Бизнес регистр (основные показатели количества юридических лиц в Казахстане). Агентство Республики Казахстан по статистике. Алматы, - 2005.
35. Регионы Казахстана в цифрах: краткий статистический справочник.- Алматы, - 2004.
36. Основные показатели финансово-хозяйственной деятельности предприятий (организаций). Статистический справочник.-Алматы,- 2005.
37. Савицкая Г. В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. 2-е изд., исп. и доп. . –Москва,- 2003.
38. Ковалев В. В. , Волкова О. Н. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. –Москва,- 2004.
39. Протасов В. Ф. Анализ деятельности предприятия (фирмы): производство, экономика, финансы, инвестиций, маркетинг. – Москва,- 2003.
40. Гинзбург А. К. Экономический анализ.- СПб.: Питер,- 2004.
41. Экономический анализ. /под ред. Л. Т. Гиляровской 2-е изд. , доп. ) Москва, 2004.
42. Дүйсембаев К. Ш. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау.- Алматы: Экономика,- 2002.
43. Мухамеджанов Б. Динамика развития предпринимательства в Республике Казахстан. - АльПари №1, 2003
44. Мынбаев С. Большие перспективы малого бизнеса. – Промышленность Казахстана №2 , 2005
45. Устойчивым бизнесом сильно государство. – Промышленность Казахстана №1 , 2005
46. TERRA INCOGNITA. - National business №11, 2005
47. Аубакирава Ж. Поддержка малого и среднего бизнеса.- АльПари №2-3, 2004
48. Досанов Д., Курманов О. Малый бизнес : мировой опыт и казахстанская реальность. – Саясат № 12, 2004
49. Кононович Е. Большие перспективы малого бизнеса. – Казахстанская правда 22-январь, 2003
50. Ташенова С. О проблемах кредитования малого и среднего бизнеса. – Саясат №8, 2004
51. Н. Райхан Шағын кәсіпкерлік : кеше мен бүгін. – Ақиқат №5, 2005
52. Исахова П. Орта және шағын кәсіпкерлікті дамытудағы салық салудың рөлі. – Аль Пари №3, 2005
53. Ходов Л. О структуре малого бизнеса и особенностях его мотивации. - Вопросы экономики №7, 2004
54. Иванова М. Малый инновационный бизнес в странах с развитой рыночной экономикой. – Российский экономический журнал №12, 2004
55. Малый бизнес: методика и результаты анализа. – Вопросы статистики №8 , 2003
56. ҚР-да шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша жеделдетілген шаралардың 2005-2007жылдарға арналған бағдарламасы. – Астана 2005.
Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншіктің де қызмет етуі кәсіпорындарға жаңа талаптар қойды. Сонымен қатар, жеке меншіктің үлесінің жылдан-жылға арту
16 12 2014
5 стр.
Сондықтан бүгінгі таңдағы қалыптасқан жағдайларда еңбек ақыны реттеудің нарықтық механизмдерін қалыптастыру проблемасы нарықтық жағдайлардағы еңбек ақының мәнін және оның мөлшерін
15 12 2014
3 стр.
16 12 2014
4 стр.
Нарықтық экономика жағдайында ауыл шаруашылығындағы су пайдаланушылар каперетивінің алатын орны 6
25 12 2014
4 стр.
Кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметінің нысаны
14 12 2014
4 стр.
Еңбек ақы мөлшері өндірілген өнімнің саны мен сапасына, мекеменің, кәсіпорынның ақырғы жұмыс нәтижесіне қарай белгіленеді
25 12 2014
3 стр.
«ҚР нарық жағдайында шағын кәсіпкерлік дамуын жетілдіру» («Прогресс-см» жшс-ң мысалында) тақырыбына жазылған
16 12 2014
5 стр.
Банк жүйесі және оның қызметінің даму ерекшелiктерi
18 12 2014
8 стр.