Перейти на главную страницу
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы.
Заң жобасы «Ақпараттандыру туралы» негізгі заң жобасы нормаларының қолданысын қамтамасыз етуге және мынадай негізгі мәселелерді шешуге бағытталған:
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 151-бабына сәйкес (бұдан әрі – ҚР АК) мәмілелер екі нысанда жасалады: ауызша немесе жазбаша. Әрбір нысанның түрлері бар, мысалы, ауызша нысан түрлері ауызшаның өзі, конклюдентті әрекет, үндемеу болып табылады; жазбаша түрлері жай жазбаша, жазбаша нотариалды куәландырылған; электрондық нысан болып табылады.
Қоғамды одан әрі ақпараттандыру мақсатында, сондай-ақ субъектілердің мәміленің электрондық нысанын пайдалануын көздейтін ақпараттандыру мақсатында әзірлеуші мәміленің электрондық нысанының мәні, мазмұны, оны жасау әдістері (электрондық құжат айналымы, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы, онлайн-мәмілелер, электрондық хаттар алмасу), электрондық мәміле тараптарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау туралы мәселелерді нақтылау қажет деп есептейді.
2) зияткерлік меншік құқығы объектісі ретінде электрондық ақпараттық ресурстарға авторлық құқық мәселелерін нақтылау.
Әзірлеуші ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ақпараттың таралып кетуінен қорғау және бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында бюджеттік қаражат есебінен құрылған мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарға мүліктік авторлық құқықтарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерге тапсырыс берушіге (меншік иесіне, иесіне) өтуін бекіту қажет деп есептейді.
Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін ақпараттың таралуына қарсы іс-қимыл мәселелерімен байланысты жағдайларды талдау Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде (бұдан әрі – ҚР ҚК) көзделген қылмыстық-құқықтық нормаларды нақтылау мен толықтыру қажеттігі туралы айғақтайды.
Сонымен, ӘҚтК-де:
- ақпараттық қауіпсіздік бойынша белгіленген талаптарды орындамағаны және (немесе) бұзғаны;
Бюджет шығыстарын жоспарлау кезінде бюджет бағдарламаларының әкімшілері, соның ішінде ақпараттық жүйелерді техникалық қаруландыруға, жаңғыртуға, әзірлеуге және басқа ақпараттандыру іс-шараларына қаражат қарастырады. Қазіргі кезде ақпараттандыру саласында өкілетті органмен мемлекеттік органдардың бюджеттік тапсырысының техникалық-экономикалық негіздемесінің келісілуі қарастырылады, алайда мемлекеттік органдардың ақпараттандырудың жаңа үлгісіне көшуіне орай функцияларды қайталауды болдырмау және мемлекеттік ақпараттық жүйелер шиеліністерінің алдын алу, ақпараттандыру үрдістері бойынша мемлекеттік органдардың қызметтерін тиімді жоспарлау, ақпараттық жүйелерді әзірлеу мен компьютерлік техника сатып алуға бюджет қаражаттарын үнемдеу мақсатында бірқатар бюджеттік тапсырыстар мен бағдарламаларды келісу мен сараптамадан өткізу кезеңдерін нақтылау қажет.
Аутсорсинг («outsourcing» ағылшын тілінен) – ресурстарды ұйымның сыртқы ортасынан іздеу, ұйымдық шешім, қандай да болсын нақты салада (құзырлы салада) тиісті техникалық құралдармен және (немесе) басқару білімдеріне ие тарапты ұйымдарға бейінді емес қызметтерді (үрдістерді, қызмет бағыттарын) келісімшарт негізінде беру.
Аутсорсинг жаңа технологияларды ендіруді қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың ғимаратары мен имараттарын басқару, кадрларды, байланыс қызметтерін, қаржы есебін басқару сияқты әкімшілік-басқару үрдістері тиімділігін артыруға мүмкіндік жасайды.
Мемлекеттік басқару практикасында «квази (жалған) аутсорсинг», яғни ашық (айқын) келісімшарттармен байланысты емес мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыруда бюджеттік сектор ұйымдары қатысатын прецеденттер қалыптасты.
Ұйым таңдаған кезде, сондай-ақ әкімшілік үрдістердегі деректерді билік органдары шеңберінен шығару тиімділігінің қаржы-экономикалық негіздемесі жүргізілмейді; осы сияқты қызметтерге қатысты баға қалыптасу шарасы мүлдем айқын емес. Аутсорсинг практикасын ендіру жоғары аталған жағдайларда билік органдары мен контрагент-ұйымдарының өзара қатынастарын реттеуге бағытталған, ол қызметтерді орындаудың үлкен айқындығына, олардың орындалуын оңтайландыруға, жекелеген әкімшілік үрдістер сапасын бақылау мүмкіндігіне әкеледі.
7) ақпараттандыру саласында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын нақтылау.
Ақпараттық қауіпсіздік түсінігі Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі ретінде мазмұны да (ақпараттың өзіне) сияқты, (ақпараттық технологияларды қолдану) нысанына да қолданылуы тиіс болғанымен, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы заңнамасы ақпараттандыру саласында да ақпараттық технологияларды қолдану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне тиісті көңіл бөлмейді.
Әзірлеуші бұл олқылықтардың орнын толтыру мен мынадай мәселелер шеңберін: ақпараттандыру саласында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мақсаттарды, субъектілерді, тәсілдерді, шараларды, талаптарды айқындау керек деп жобалайды.
8) компьютер ойындарына қатысты жасы бойынша шектеу саясатын ендіру.
«Баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамызындағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
1) әрбiр бала өзiнiң жасына, денсаулығына және қажеттерiне (19-бап.) қарай демалуға және бос уақытын пайдалануға құқылы;
2) мемлекеттiк органдар, жеке және заңды тұлғалар баланы оның денсаулығына, адамгершілік жағынан және рухани дамуына (36-б., 1-т.) зиян келтiретiн әлеуметтiк ортаның, ақпараттың, насихат пен үгiттiң терiс ықпалынан қорғауға мiндеттi;
3) балаларға арнап нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк және дiни өшпендiлiктi өршiтуге бағытталған, тектiк-топтық ерекшелiктi, соғысты насихаттайтын, конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге және Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзуға шақыратын үндеулерi, порнографиясы бар немесе баланың рухани және имандылық жағынан дамуына өзгеше зиян келтiретiн ойыншықтарды, кинофильмдердi, дыбыс- және бейнежазбаларды көрсетудi, сатуды, сыйға тартуды, көбейтудi және прокатқа берудi жүзеге асыруға, әдебиеттердi, газеттердi, журналдарды және басқа бұқаралық ақпарат құралдарын таратуға тыйым салынады (39-б., 1-т.).
Баланың құқығын, оның рухани, адамгершілік денсаулығын қорғау компьютер ойындары сияқты қазіргі мәдениет құбылысын қолданған кезде негізгі міндет болу керек.
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсанындағы «Мәдениет туралы» заңының (бұдан әрі – Мәдениет туралы заң) 1-бабының 4) тармақшасынан туындап отырғандай, мәдениет - адамзат жасаған әрi жасайтын және жеке адамның жарасымды дамуына, Қазақстан Республикасы азаматтарының отаншылдығын тәрбиелеуге және эстетикалық қажеттерi мен мүдделерiн қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы.
Қазақстанда мәдениет анықтамасы мәдениеттің құрамдас бөліктерінде (элементтерінде) көрсетілмегенін, мәдениеттің дәстүрлі түрі өнер1 болып танылатынын ескере отыра, демек, компьютер ойындарын - өнер бөлігі ретінде осы саладағы қызметті реттеуді мәдениет саласындағы уәкілетті орган құзырына жатқызған жөн.
Компьютер ойындарын бұқаралық мәдениет құралдарына жатқызу туралы мәселені шешу кәмелетке толмағандарды зорлық, қатыгездік, моралға жат жүріс-тұрыс элементтері бар ойындарға қол жеткізуді шектеу, және де бала санасына кері әсер етуді төмендету бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыру үшін қажет етіледі.
Қазақстандағы осы сияқты мемлекеттік саясат негізінде, мысалы фильмдерге қатысты (Мәдениет туралы заңның 28-3-бабы) жасы бойынша шектеу қағидасы бар.
Заң жобасы ұсынып отырған Қазақстандағы IT-саласын дамытуды мемлекеттік қолдаудың іс-шаралар жүйесінде, балалар қолдануға рұқсат ету деңгейі бойынша жіктестірілу қажет жергілікті компьютер ойындары мен басқа да бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу мүмкіндігі алынып тасталмайды.
Қазақстанда фильмдерді жалға алу куәліктерін беру бойынша заңнамалық база бар, онда басқа да ақпараттан тыс фильм индексі (Мәдениет туралы заңның 28-2-бабы), сондай-ақ жас бойынша шектеу бойынша заңмен бекітілген фильмдер индексі көрсетіледі.
Компьютер ойындарына рұқсат етудің жас шектеулігіне және көрермендердің жас цензі бойынша фильмдерді индекстеу бойынша қатысты ұқсас қатынастарға байланысты әзірлеуші Мәдениет туралы заңның компьютер ойындары үшін жас бойынша шектеу рейтингін бекіту, компьютер ойындарына рейтинг тағайындау бойынша мемлекеттік органдардың құзырлығы бөлігінде өзгертулер енгізуді ұсынады.
Әзірлеуші жасы бойынша компьютер ойындарын ретімен қою жұмысын рейтинг тағайындаудың жалпы тәртібін әзірлей отырып, мамандандырылған қоғамдық ұйымға беруге болады деп есептейді.
Заң жобасын қабылдау мақсаты Қазақстан Республикасының заңнамасын әзірленіп жатқан «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жаңа редакциясына сәйкестендіру болып табылады.
Заң жобасын реттеу мәні мемлекеттік органдарды ақпараттандырудың жаңа үлгісін, мемлекеттік қызметтің бағыттарын ақпараттандыру және IT-саласын дамытуды қолдау бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асырумен, сондай-ақ ақпараттық ресурстарға құқықтарды қорғау мен ақпараттық технологиялар қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар болып табылады.
Заң жобасы екі баптан тұрады.
- электрондық мәміле нысаны ұғымы;
- «Компьютерлiк ақпаратқа заңсыз кiру, ЭЕМ үшiн зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату» деген 227-бабында көзделген қылмыстар құрамын дербес қылмыстық құрамдарға оңтайландыру;
- ақпараттандыру саласында қауіпсіздікке қол сұғатын құқыққа қарсы әрекеттерді қылмыс қатарына жатқызу;
- ақпараттық технологияларды қолдану - жасау тәсілі бөлігінде жекелеген қылмыс құрамын жасаудың саралау белгілерін енгізу;
- ақпараттық технологиялар – қылмыстық қол сұғушылық объектісі белгісі бойынша ҚР ҚК дербес тарауын бөліп шығару;
3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне:
- ақпараттық технологиялар саласында жаңа қылмыс құрамы дәйектілігін анықтау;
- электрондық қызмет көрсетудің жекелеген мәселелерін реттеу;
- зияткерлік меншік құқығы объектілері реті электрондық ақпараттық ресурстарға авторлық құқық мәселелерін нақтылау;
5. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне:
- автор (құқық иесі) мемлекеттік органдардан ЭЕМ бағдарламаларына құқықты жеңіп алған сот шешімдерін орындаудың ерекше мерзімін бекіту;
6. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне:
- ақпараттандыру саласындағы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік институтын жетілдіру;
- мемлекеттік органдардың бюджет бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ олардың орындалуын бағалау кезінде ақпараттандыру саласында уәкілетті органның рөлін күшейту;
- «электрондық үкіметтің» төлем шлюзы операторының рөлін анықтау;
- зияткерлік меншік объектілері ретінде электрондық ақпараттық ресурстарға авторлық құқық мәселелерін нақтылау;
- интернет-ресурс нысанында бұқаралық ақпарат құралдары жауапкершілігінің кейбір мәселелерінің регламенттелуі;
- егер ондай тіркелім ЭВМ-ға арналған бағдарламаларға авторлық құқықты бұзатын болса, ЭВМ-ға арналған бағдарламаларға тауарлық белгі ретінде тіркелуге тиым салу;
- мемлекеттік электрондық қызметтерді жүзеге асыру шараларын нақтылау;
- компьютерлік және бейнеойындарға қатысты «жасы бойынша шектеу» саясатының құқықтық негіздерін белгілеу;
- «электрондық құжат» және одан шығатын ережелер ұғымын нақтылау;
- байланыс арналарында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін регламенттеу;
- стандарттау қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелерін реттеу;
- компьютер және бейнеойындарына қатысты «жасы бойынша шектеу» саясатын бекіту;
- электрондық лицензия берудің жалпы тәртібін айқындау;
- мемлекеттік органдарға IT-аутсорсинг енгізу тетігін регламенттеу;
- ақпараттандыру саласында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын нақтылау;
- ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органдардың құзыретін бөлу;
21. «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына:
- IT-секторы дамуын мемлекеттік қолдауды реттеу.
Заң жобасын қабылдаудың салдарлары Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасында көрсетілген.
Осы заң жобасын қабылдау ақпараттандыру саласындағы мынадай:
1) ақпараттандыру саласындағы бюджеттік процесспен, авторлық құқықтармен, Интернеттің қазақстандық сегментін дамытумен, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі операторының өкілеттігін жүзеге асырумен және басқа қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды жетілдіру;
2) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің, мемлекет мүдделерінің:
- электрондық қызметтер, электрондық мәмілелер саласындағы қатынастардың реттелмеуінен;
- ақпараттық кауіпсіздікке қауіп-қатерден;
- ақпараттандыру саласындағы киберқылмыспен және әкімшілік құқық бұзушылықтардан қорғалу деңгейін көтеру;
3) ақпараттық технологиялар саласындағы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау институтын одан әрі (салалық) дамыту, сондай-ақ осы саладағы техникалық реттеу түрлердегі оң құқықтық салдарға алып келеді.
Заң жобасын қабылдаудың оң әлеуметтік-экономикалық салдары мынадай:
1) мемлекеттік органдардың бейінді емес қызметін ІТ-аутсорингке беру, кәсіпкерліктің осы саласындағы субьектілерге мемлекеттік қолдау шараларын көрсету есебінен ІТ-бизнестің белсенді дамуы үшін алғышарттар жасау;
2) ІТ-аутсорингті және бұлттық есептеулерді енгізуге байланысты адамдық, әкімшілік, техникалық ресурстарды босатып алу және соның нәтижесінде бюджет қаржысын үнемдеу түрлерінде көрініс береді.
Заң жобасын қабылдаумен басқа заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу болжанбайды.
Заң жобасы Қазақстан Республикасының Конституциясына және электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді пайдаланудың және қорғаудың қағидалары мен тәртібін қамтитын өзге де нормативтік құқықтық актілеріне негізделеді. Қазіргі кезде заң жобасының бірқатар мәселелері Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы «Ақпараттандыру туралы» заңымен, жекелеген заңнамалық актілермен және бірқатар заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен регламенттеледі.
2002 ж. қарашасында ақпараттық қызмет пен «Азаматтар үшін үкімет» (G4C) э-қызметі екі сервисін біріктірген «Корея электрондық үкіметі» интегриалды порталы жұмыс істей бастады. Портал азаматтарға 400 жуық интерактивті қызметтер және 4 мың санаттар бойынша ақпарат ұсынады. Порталдың ашылуы Оңтүстік Кореяны 2001 жылы 45 орыннан бірден «электрондық үкімет» жобасын жүзеге асыруда әлемдік көшбасшылар тобына шығарды.
Интернетке мектептерді, университеттерді, кітапханаларды жаппай қосу электрондық білім беру (e-learning) жүйесін енгізуге себебін тигізеді. Тележұмыс, телемедицина сияқты кеңжолақты қосымшалар таралуда.
1997 ж. 5-жылдық «Бастауыш және орта мектептерде білім беруді ақпараттандырудың жалпы жоспары» қабылданды. Цифрлық бөлінуді жеңу мақсатында мектептерге компьютер жабдықтары тегін жеткізілді. Цифрлық бөлінуді жеңу бойынша шаралар «КиберКорея» (1999–2002) бағдарламасында, сондай-ақ Цифрлық бөліну туралы заңда (2000 ж.) көрсетілген. Көптеген күш-жігер сандық қызметтерді бәріне, әсіресе әлеуметтік әлжуаз халық: үй шаруашылығындағы әйелдер, мүгедектер, әскери қызметкерлер мен қамаудағы адамдар тобына пайдалануға беруге жұмсалды. Барлық бастауыш және орта мектептердің сыныптары жоғары жылдамдықты интернетке қосылған.
Кореяның ақпараттық қоғам тұжырымдамасының маңызды элементі электрондық экономиканың дамуы болып табылады. 2001 ж., оңтүстік корея желісіндегі электрондық сату көлемі АҚШ-тың 80 млрд. долл. асып түсті. 2002 ж. ақпанында ұлттық желіде 2 276 сауда сайты болды. 2001 ж., жазында корейлердің 9% биржалық келісімдерді ғаламтор желісі арқылы жүзеге асырған, 2002 ж., көктемінде халықтың 25% е-банкинг қызметтерін пайдаланды, бұл Оңтүстік Кореяны е-банкинг пайдалану бойынша Швеция (29%) мен Норвегиядан (28%) кейін үшінші орынға шығарды.
«Әлемдік экономикалық форум» деректері бойынша Сингапур АКТ пайдалану деңгейі бойынша 138 елдің арасында 2-ші орынға ие. Waseda (Жапония) университетінің зерттеуінің қорытындысы бойынша соңғы үш жыл бойы бұл мемлекет электрондық үкіметті дамыту саласында көшбасшы болып келеді. Сингапурдың барлық АКТ-нарығы 2010 ж. 12,2 % өсуі кезінде Gartner АҚШ-тың 70 млрд. долл. бағаланды. Сингапурдың мемлекеттік секторының АКТ-ға шығыны жыл сайын АҚШ-тың шамамен 1,3–1,6 млрд. долл. жетеді.
Электрондық үкімет құру тапсырмасын Сингапур жүйелі 30 жылдан астам шешуде.
Бұл бағыттағы бірінші бастама 80-ші және 90-ші жылдары жүргізілген жаппай компьютеризациялау бағдарламасы болды.
Сосын, 2000–2006 жж., электрондық мемлекеттік қызметтерді қосуға екі кезеңінің дайындығы жүрді. Қосылудың өзі 2006-2007 жж., келесі бағдарлама— iGov2010 шеңберінде жүргізілді. Оның шеңберінде үкіметтік құрылымдармен 50 астам жүйе енгізілді, бизнес пен азаматтар үшін 1600 астам онлайн-сервистер іске қосылды.
Мемлекеттің өзі жүйелерді, үрдістерді және деректерді тиімді бірлесе қолдану арқасында 5 жылда АҚШ-тың 140 млн. долл. астам үнемдеді.
Ұтқыр үкімет (mGov) жобасын параллельді жүзеге асыру сәті түсті — бүгінде Сингапурда 300 астам ұтқыр сервистер жұмыс істеуде. Ұтқыр транзакциялар көлемі 2010 ж., АҚШ-тың 4 млн. долл. дерлік құрады.
Әлеуметтік белсендіруден басқа жаңа бағдарлама — data.gov.sg деректер алмасу үшін порталды дамытуға бағытталған. Мұнда 50 үкіметтік құрылымдардың деректер базасының 5 мың. астамы жинақталды. Жоба АҚШ, Ұлыбритания мен Австралия сияқты бастамаға ұқсас әзірленуде. Деректердің ашықтығы, оларды бірлесе пайдалану мүмкіндігі сияқты – қағидалы аспект.
IDA үкіметтік агенттіктің басқа өзекті бастамасы — iN2015 («Зияткерлі ұлт»). Оның маңызды мақсаттарының ішінде — АКТ даму деңгейі бойынша әлемде № 1 ел болу, экономикада АКТ үлесін екі есе арттыру және АКТ экспортын үш есе ұлғайту (АҚШ-тың 60 млрд. долл. дейін). 80 мың қосымша жұмыс орындарын құру, үй шаруашлықтардың 90 % кеңжолақты қол жеткізумен және мектеп жасындағы балалар бар отбасын 100% компьютерлермен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Сингапурды ақпараттандыру шеңберінде жеке назар бұлттық есептеулерге бөлінуде. Жалпы «мембұлт» (Central G-Cloud) жобасы және жекелеген халықта және ішкі де ведомстволық «бұлттар» параллельді дамуда. Келешекте өздерінің мезгіл-орталықтары дамуымен Сингапур жаһанды сервис-провайдер болуды көздейді.
Сингапурдың жаңа мемлекеттік бағдарламасы қазір елдегі экожүйелер қалыптастырудағы маңызды элемент болып табылатын шетел құрылымдарын белсенді тартуды жобалайды. Бұлттық есептеу дәуірінде үкімет аймақтық ғана емес, жаһанды деңгейде сервистік және инфрақұрылымдық «хаб» сияқты істеуге дайын және қабілетті мемлекет имиджін құрайды.
9.2 Ақпараттық технологиялар саласындағы қылмысқа қылмыстық жауапкершілік
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңы жобасының тұжырымдамас
14 12 2014
3 стр.
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларын Қаз
25 12 2014
1 стр.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
25 12 2014
1 стр.
Бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
16 12 2014
3 стр.
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
25 12 2014
17 стр.
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
25 12 2014
1 стр.
Бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
16 12 2014
1 стр.
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
14 10 2014
5 стр.