Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
10-дәріс тақырыбы: Нәрестелік сәбилік кезеңдегі балалардың психологиялық даму ерекшеліктері.

Өмірге келген нәресте өзінің анасынан оқшауланады. Ол бөтен жағдайға тап болады: суық, күшті жарық, ауа ортасы, көректену типін өзгерту қажеттілігі т.б. Бұл жаңа, бөтен ортаға бейімделуге балаға тұқымқуалаушылық арқылы бекітілген механизмдер – шартсыз рефлекстер көмектеседі. Бұл ең алдымен тамақтану рефлекстерінің жүйесі. Сонымен бірге шартсыз рефлекстер қатарына қорғану және бағытталу рефлекстері жатады. Есту анализаторлары 2-3 аптада пайда болады. Қатты дыбыс, мысалы, есіктің жабылуы бала қимылының тоқтауына әкеледі, бала қимылдамайды және үндемейді. Кейінен, 3-4 аптада мұндай реакция адам дауысына пайда болады. Бұл уақытта бала дауыс шыққан жаққа басын бұрады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, алғашқы эмоцияның пайда болуы айғайлау, тырысу, қызару, әртүрлі қимылдардан байқалады. 2-ші айда бала адам бетіне көз тоқтатып, күлімсірейді, қол-аяқ қимылдарын жасайды, дауыс реакциялары пайда болады. Бұл реакцияны жандану комплексі деп аталады.

Нағыз адамзат ерекшелігінен тұратын жандану комплексі күлу, алғашқа әлеуметтік қажеттілік-қарым-қатынасқа қажеттліктің туғандығын айқындайды.Ал баланың қарым – қатынасқа қажеттілігінің қалыптасуы, ол өзінің психикалық дамуында жаңа кезеңге өткендігін білдіреді. Нәрестелік кезең аяқталып сәбилік кезең басталады.

Бала өмірінің 2-ші жылының даму жетістігі- жүру. Бұл баланы дербестікке жетелейді және кеңістікті әрі қарай меңгеруге жағдай жасайды. Өмірінің 2-ші жылының соңында балаларда қимыл координациялары жақсарады, олар күрделі әрекет комплекстерін меңгере бастайды.

Бұл жастағы балалардың затты меңгеруі алғашқы ойлау формаларының дамуына шешуші әсер етеді.Бұл жастағы баланың ойлауы көрнекі - әрекеттік сипатта болады. Заттық әрекетті жетілдіру бала тілінің дамуына әсер етеді. Бала сөйлеуі диалогты сипатта болады, сұрақ және үлкендердің жауап мазмұндарынан құралады. 2 жылдың аяғында бала өз тілінде екі сөзден тұратын сөйлемді пайдаланады. Сөйлеуді баланың қарқынды меңгеруі фактісі ретінде баланың бір сөзді бірнеше рет қайталауды ұнатуы. Осының қортындысында бала сөзді дұрыс түсінеді және сөзді дұрыс айтады, сөйлем құрады. Бұл кезең баланың қоршағандардың тілін жоғары қабылдауы. Сондықтан, бұл кезеңді бала тілінің дамуының сензитивті (жағымды) кезеңі деп атайды. Бұл кезеңдегі тілдің қалыптасуы психикалық дамудың негізі болады.

Сәбилік жаста адамгершілік сезімнің белгілері қалыптаса бастайды. Бұл тек үлкендер балаларды басқалармен санасуға үйреткенде болады. Өмірінің 2-ші жылында балада бірге ойнайтын жолдастарына жағымды сезім пайда болады.Симпатияны көрсету формасы әртүрлі. Бұл күлу, жылы сөздер, жанашырлық, басқа адаммен қуанышты бөлісуге ұмтылу.

Үлкендермен қарым-қатынаста бала өмірінің 2-ші жылында мадақтауға жағымды эмоционалды реакция қалыптасады. Бұл өзін-өзі сүю, өзін-өзі бағалаудың дамуына ішкі жағдай жасайды. Сәбилік кезеңде баланың еркінің алғышарттарының іргетасы қаланады. Бұл алғышарттар даму үшін бала өмірінің жағдайын, қоршаған адамдармен өзара қарым-қатынас сипатын өзгерту қажет болады.

Мектеп жасына дейінгілердің психикалық даму ерекшеліктері.

Мектепке дейінгілердің психикасының дамуының қозғаушы күштері қарамақайшылықтар, яғни олар баланың қажеттіліктерінің дамуына байланысты болады. Олардың маңыздылары: қарым-қатынасқа қажеттілік, сыртқы әсерлерге қажеттілік, қимыл қозғалысқа қажеттілік т.б.

Үлкендермен және құрбыларымен қарым-қатынасқа деген қажеттілік баланың жеке басының дамуын анықтайды. Бұл жастағылардың қарым-қатынасының негізгі құралы- сөйлеу. Кіші мектеп жастағылар « 1000» сұрақтар қояды. Мысалы: жұлдыздар неден жасалған, сиыр неге мөңірейді, ит неге үреді т.б.Берілген жауаптарды тыңдай отырып, бала үлкендердің онымен жолдас, әріптес ретінде санасуын талап етеді. Балалардың үлкендермен мұндай ынтымақтастығын танымдық қарым-қатынас деп атайды.

Баланың жеке басының қалыптасуында маңызды рольді баланың құрбыларымен қарым-қатынасы алады. Балалардың арасында өзара қарым-қатынасының әртүрлі формалары пайда болады, кездеседі.

3 жастағылардың өзара қарым-қатынасы ойыншықтармен, заттармен әрекет негізінде қалып тасады.Балалары өзара іс-әрекет процесіңде басқа балаларға жетекшелік, бағыну тәжірибелерің менгереді .

Қарым-қатынастың генетикалық алғашқы формасы болып еліктеу алынады. А.В.Запорожец көрсеткендей , баланың ырықты еліктеуі оның қуғандық тәжірибені меңгеруінің алғашқы жолы.

Баланың іс әрекетінің әр түрлерін меңгеру деңгейінде мәнді рольді оның өмір жағдайы мен тәрбиесі алады мектепке дейінгілердің іс-әрекеті әртүрлі ойын, сурет салу, құрастыру,еңбекпен оқыту элементтері, яғни бала белсенділіғінің көрінуі.

Мектеп жасына дейінгілердің жетекші әрекеті –ойын. Ойынның жетекші әрекет ретіндегі мәні – ойында бала өмірінің әртүрлі жақтары бейнеленеді, іс-әрекет ерекшеліктері және үлкендердің өзара қарым-қатынасын, қоршаған шындық туралы білімді алады және бекітеді, өзі тәуелді іс-әрекет субъектісінің позициясын меңгереді.

Ойын іс -әрекеті ырықты зейін мен ырықты естің дамуына көмектеседі.Зейінді жинақтау, есте сақрау және еске түсіру,яғни саналы мақсат балаға ойын үстінде ертерек және оңай ажыратылады.Қарым-қатынас жасауға, эмоциялық мадақтауға деген қажеттілік балаларды мақсатты түрде зейінді жинақтауға және есте сақтауға мәжбүр етеді.

Тілдің дамуына ойын үлкен әсерін тигізеді. Ойын жағдайы оған енген әр баладан белгілі қатынас жасау қабілетін талап етеді. Егер бала ойын барысына қатысты өз тілектерін түсінікті етіп айта алмаса, еге ойын үстіндегі жолдастарының сөздік нұсқауларын ұқпайтын болса, онда құрбылары оны жақтырмайды. Бұл жағдайдағы эмоциялық қолайсыздық тілдің дамуына себепкер болады.

Ойын ақыл-ой дамуына да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды үйренеді. Рольдік ойында ой жүзінде іс-әрекетжасау қабілеті дами бастайды. Алғашқыда, әрине, ойша әрекет жасау нақты заттарға сүйене отырып жүзеге асады.

Рольдік ойынның психикалық іс-әрекеттің басқа формаларын дамыту үшінде үлкен маңызы бар.

Ойынмен қатар мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуында елеулі рольді сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру алады. Оның әрқайсысы белгілі берілген сапалары бар нәтиже алуға бағытталуымен сипатталады. Нәтиже алуға бағыттылық іс-әрекетті игеру барысында біртіндеп қалыптасады. Міне, осы бағыттылықтың қалыптасуына қарай бала қажетті сыртқы, практикалық және ішкі әрекеттер түрлерін меңгереді, онда эстетикалық тебіреністер мен шығармашылық қабілеттер қалыптасады.

Мектепке дейінгі шақ – баланың сезімдік тәжірибесінің орасан зор молайып, ретке келу, қабылдау мен ойлаудың адамға тән формаларын игеру, қияддың күшті дамуы, ырықты зейін мен мағыналы естің бастамалары қалыптасу кезеңі болып саналады.

Мектепке дейінгі балалық шақта қабылдаудың дамуы үшін А.В. Запорожец пен оның қызметкелерінің еңбектерінде көрсетілгендей, балалардың сенсорлық эталондар жүйесін игеруінің ерекше маңызы бар. Сенсорлық эталондар балалар қабылдау әрекеттерін орындағанда қолданылып, тексерілуге тиісті заттардың ерекшеліктерін анықтауға мүикіндік беретін өлшем қызметін атқарады. Қабылдауды дамыту әсіресе арнайы ұйымдастырылған сенсорлық тәрбие болған жағдайда тиімді өтеді. Сурет салуға,үйреткенде, музыка сабақтарында, дидактикалық ойындар процесінде мектепке дейінгі балаларды сенсорлық эталондар жүйелері мен жоспарлы түрде таныстырады, заттарды тексеру тәсілдеріне, олардың қасиеттерін игерілген эталондармен салыстыруға үйретеді. Бұл бала қабылдауының толық, дәл және бөлшектенген болуына жетелейді.

Қабылдаудың жетіле түсуімен байланысты баланың ойлауы да дамып отырады. Егер сәбилік шақта ойлау заттық іс - әрекет процесінде жүзеге асса, мектеп жасына дейінгі балада ол практикалық әрекеттің алдын алады.Ойлауды қалыптастыруда шешуші рольді оқыту алады. Оқытудың тиісті формаларында балалар ойлаулың толық түсініктері мен тәсілдерін игереді.

Мектеп жасына дейінгі баланы бақылау оның қиялының бай екенін көрсетеді. Баланың қиял бейнелері айқын, көрнекі, эмоциялық жағынан бай , бірақ басқарылуы жағынан әлсіз болып келеді. Қиялды дамытудың негізгі бағыты – оны біртіндеп саналы ниетке бағындырып, белгілі түпкі ойларды жүзеге асырудың құралына айналдыру.

Мектепке дейінгі шақта ырықсыз зейін мен естің басым болатын шағы. Бала өзі үшін тікелей қызықты саналып, эмоциялар қоздыратын нәрсеге зейінді келеді және назарын аударып есінде сақтайды.Сөздік пікірлерден гөрі көрнекі бейнелер оңай есінде сақтақталады. Есті дамытудағы үлкен өзгеріс –бала алдына есте қалдыру мақсатын қойып, тиісті тәсілдерді қолдануды бастайтын арнайы мнемикалық іс - әрекеттің пайда болуы. Балалардың мінез-құлық нормалары мен ережелерін шын мәнінде игеруі педегогтың олардың орындалуын тексерудің жақсы жетілген әдістер мен тәсілдер жүйесінің бар екендігін білдіреді. Осы нормалар мен ережелерді айқын тұжырымдау, орындаушылықты міндетті түрде мадақтау, ұқыпсыздық пен тәртіпсіздікке тиісті шараларды қолдану – кіші мектеп оқушыларының тәртіптілігі мен ұйымшылдығын тәрбиелеудің маңызды шарттары. Балада осы жаста қалыптасқан осындай моральдық қасиеттер жеке адамның ішкі табиғи жетістігі болады.

Біріккен оқу процесінде балалардың жаңа өзара қарым-қатынастары қалыптасады. Мектепте өткен бірнеше аптадан соң 1-ші класс оқушыларының көпшілігінің ұялшақтығы мен абыржуы жойылады. Балалар бір партада отыратын көршілерінің мінез-құлқына байыппен қарайды, өзін ұнататын немесе мүдделері сәйкес келетін балалармен қарым-қатынас жасайды.

Бастауыш мектеп оқушыларының санасы әзірше құрдастарының пікірі өзін-өзі шын бағалаудың критерийі болатындай деңгейге жетпейді. Әрине 9 – 10 жастағы балалар оларға бірге оқитын балалар ептілігі, зеректілігі, батылдығы үшін берген бағаға өте ынталы және егер бұл баға өз қалағанынан басқаша болса, қатты қынжылады. Бірақ мұндай қынжылыстар ұзаққа бармайды, және бастысы оларды мұғалімнің немесе басқа үлкендердің тарапынан берілген бағалаумен алмастыру оңай. Бастауыш мектеп оқушысы үшін мұғалімнің пікірі мейлінше елеулі және үзілді-кесілді болып табылады. Бастауыш мектеп оқушылары мұғалімнің беделін сөзсіз мойындайды. Олар мұғалімдермен әр түрлі кездейсоқ та қарапайымынан бастап өте маңызды да дара себептермен сөйлеседі. Балалар өздерінің қам-қарекетін, қынжылыстарын, үйдегі оқиғаларымен мұғаліммен ашық сөйлеседі, бөліседі. Ренжіген жағдайда кіші мектеп оқушысы мұғалімге айтады, өйткені мұғалім барлығының адамгершілік төрешісі ретінде көрінеді.

Баланың ойлауы педагогикалық процесте қалыптасуы және баланың жетілуі адаптацияларында емес индиуалды түрде өмір сүру жағдайларына бейімделуі, ал баланың танымдылық әрекеттері мен практикалық әдісте активті түрде үйренуі пайда болуында әлеуметтік бар жағдайлар жатады. А.В. Запорожец айтуы бойынша мұндай әдістерді үйрену абстрактілі, сөз логикалық ой ойлаудың күрделі түрлерінің қалыптасуында ғана емес сонымен қатар мектепке дейінгі жастағы балаларға тән қарапайым бейнелік ойлауда қалыптастыруда маңызы зор. А.В. Запорожец балақы ойлаудың формалары (қарапйымдық әрекеттік, қарапайым бейнелік, сөз логикалық) оның жастық даму сатсына қатысы жоқ. Бұл әрекеттің кейбір мазмұндары мен кейбір жақтарының үйрену сатысы. Сондықтан да олар толығымен анықталған жас мөлшер топтарына жағымды және қарапайым әрекеттік ойлау ерте танылғанымен, қарапайым бейнелікке қарағанда, бұл формалар жас мөлшермен қатысты емес. Қарапайым әрекеттіктен қарапайым бейнелікке және сөздік ойлауға өту А.В. Запорожецтің, Н.Н. Поддьякованың, Л.А. Венгераның және тағы басқа эксперименталдық зерттеулерде көрсетілгендей орентациялы зерттеушілік әрекет сипатының негізінде бағытталған қозғалысты танып қателесу негізіндегі арентировканы айырбастау және көруді, сонымен қатар ойлау арентировкасын айырбастау негізінде болады. Айта келе мұны кейінірек Н.Н. Поддьяков «балалық экспеементация» деп атап кетті. Мектеп жасына дейінгі баланың ойлауының жетілуінде сол немесе басқа құбылыстарды қарапайым модельдеу әдістерін үйрене алады (Л.В. Венгер, О.Н. Дьяченко) т.б.



Негізгі әдебиеттер:

  1. Абрамова Г.С. Возрастная психология.- М.,1997.

  2. Возрастная и педагогическая психология./ Под ред. Петровского А.В.- М.,1979.

  3. Возрастная и педагогическая психология./ Под ред. Гамезо М.В. и др.- М.,1984.

  4. Выготский Л.С. Педагогическая психология.- М.,1991.

  5. Зак А.К. Развитие умственных способностей младших школьников.- М.,1994.

  6. Кле Мишель. Психология подростка: психосексуальное развитие. М.,1991.

  7. Кон И.С. Психология ранней юности.- М.,1990.

  8. Кон И.С. Психология старшекласников.- М., 1984.

  9. Крайг Г. Психология развития (перевод с английского).- СПб., 2000.

  10. Кравцова Е.Е. Психологические проблемы готовности детей к обучению в школе. М.,-1991.

  11. Немов Р.С. Психология: психология образования.- М.,1994.

  12. Немов Р.С. Психология: экспериментальная педагогическая психология и психодиагностика.- М.,1995.

  13. Обухова Л.Ф. Детская психология: теории, факты, проблемы.- М.,1995.

  14. Практикум по возрастной и педагогической психологии/ Под ред. Щербакова А.И.- М.,1987.

  15. Психология современного подростка/ Под ред. Д.И.Фельдштейна.- М.,1995.

  16. Райс Филипп. Психология подросткового и юношеского возраста.- СПб.,2000.

  17. Реан А.А., Коломинский Я.Л. Социальная педагогическая психология.- СПб.,2000.

  18. Хрестоматия по возрастной и педагогической психологии./ Под ред. Ильясова И.И, Ляудис В.Я.-М.,1986.

  19. Хрестоматия по возрастной психологии./ Под ред. Д.И.Фельдштейна.-М.,1994.

  20. Шевандрин Н.И. Социальная психология в образовании.- М.,1995.

  21. Ярошевский М.И. История психологии.- М.,1976.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Баркан А.И. Его величество ребенок какой он есть. Тайны и загадки.- М.,1996.

  2. Безруких М.М. Знаете ли вы своего ученика?- М.,1991.

  3. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте.- М.,1968.

  4. Бреслав Г.М. Эмоциональные особенности формирования личности в детстве.- М.,1990.

  5. В мире подростка/ Под ред. Бодалева А.А.- М.,1982.

  6. Возрастные особенности психического развития детей/ Под ред. Дубровиной И.В., Лисиной М.И.- М.,1992.

  7. Илешева Р.Г. Аффективные психозы в позднем возрасте.- Алматы.1981.

  8. Курганов С.Ю. Ребенок и взрослый в учебном диалоге.- М.,1999.

  9. Лешли Д. Работать с маленькими детьми.- М.,1991.

  10. Маркова А.К. Формирование мотивации учения.- М.,1990.

  11. Миславский Ю.А. Саморегуляция и активность личности в юношеском возрасте.- М.,1991.

  12. Овчарова Р.В. Справочная книга школьного психолога.- М.,1996.

  13. Орлов А.Б. Методы современной возростной и педагогической психологии.- М.,1982.

10-дәріс тақырыбы: Нәрестелік сәбилік кезеңдегі балалардың психологиялық даму ерекшеліктері

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, алғашқы эмоцияның пайда болуы айғайлау, тырысу, қызару, әртүрлі қимылдардан байқалады. 2-ші айда бала адам бетіне көз тоқтатып, күлімсірейді, қол-а

98.56kb.

25 12 2014
1 стр.


9-дәріс тақырыбы: Жеткіншек жас кезеңіндегі психологиялық өзгерістер

Жеткіншек жастың негізгі мазмұны балалық кезеңнен ересектік кезеңге өтумен суреттеледі. Дамудың барлық жақтары сапалық қайта құрылудан көрінеді, жаңа психологиялық білім қалыптасад

188.34kb.

25 12 2014
1 стр.


4-дәріс тақырыбы: Э. Эриксонның эпигенетикалық даму теориясы

Және адамда өсу мен даму процесінде өтетін өзгерістерге қарамастан өзінің «Меннің» үзілместігін және табандылыққа, беріктілік сезімі субъектіде пайда болады. Эго – біртектіліктің қ

114.09kb.

25 12 2014
1 стр.


Фк-03-3к2 тобының студенті Қошқарова Алияның «Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің эмоционалды-ерікті аумағының психологиялық ерекшеліктері»

«Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің эмоционалды-ерікті аумағының психологиялық ерекшеліктері» деген тақырыбындағы дипломдық зерттеу жұмысына

892.87kb.

25 12 2014
6 стр.


4-5 I. Бастауыш сынып математикасын оқытудың педагогикалық– психологиялық ерекшеліктері

Бастауыш сынып математикасын оқытудың педагогикалық- психологиялық ерекшеліктері

914.02kb.

17 12 2014
6 стр.


Мектеп жасына дейінгі балалардың психофизиологиялық ерекшеліктері

Зерттеу мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дайындығын қалыптастыру үшін танымдылық процесстерін дамыту

416.54kb.

25 12 2014
3 стр.


Психология кафедрасы

РТҮрлі жас шамасындағы балалардың Қарым-қатынас ерекшеліктерінің психологиялық-педагогикалық негіздері

1068.63kb.

18 12 2014
5 стр.


Қазіргі заманғы мектептегі сапалы білімді жетілдіру шарттарын және білім беру процесінің субъектілерін дамыту

Олай болса дарынды балалардың қабілеттерін дамыту үшін, алдымен олардың дара ерекшеліктерін танып білуіміз қажет. Осы орайда мені: «Дарынды балалардың ерекшеліктері қандай?», «Олар

113.15kb.

23 09 2014
1 стр.