Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» жалпыұлттық жоспарының орындалу барысы бойынша 2013 жылдың I тоқсанына ақпарат
11-тармақ. «Инфрақұрылымдық орталықтар» құруды, көлік жүйесінің озық инфрақұрылымын көздейтін Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама әзірлеу
Бүгінгі күні жоғарыда аталған тармақты орындау барысында
2012 жылғы 28 желтоқсандағы Бағдарламаны әзірлеу жөнінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Орынбасарының басшылық етуімен Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдерінің қатысуымен аймақтық жиналыс өткізілді.
2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 17-5/И-2 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) «Қазақстан Республикасының инфрақұрылымын дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасын әзiрлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының құрамын бекіту туралы» Өкім жобасы әзірленіп 2013 жылғы
13 қаңтарында № 05-20/Д-18//17-5/И-2-и хатымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізілді.
Бағдарламаны әзірлеу кезеңінде жәрдем көрсету мақсатымен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрдің (бұдан әрі – Министр) 2013 жылғы 28 ақпандағы № 144 бұйрығымен сараптау тобы құрылып ведомствоаралық жұмыс тобымен бірлесіп инфрақұрылымның дамуының ағымдық жағдайына талдау жүргізіп, жетекшілік ететін саладағы күрделі мәселелерді айқындайды, Бағдарламаның жобасын әзірлеу кезінде ұсыныстарын және пікірлерін енгізеді.
Сонымен қатар, Бағдарламаны әзірлеу шеңберінде көмек көрсету үшін Дүниежүзілік Банкінің сарапшыларымен келіссөздер өткізілді. Румыния, Польша және Латвия Республикаларының инфрақұрылымды дамыту туралы ұқсас бағдарламаларды әзірлеу тәжірибесі қарастырылды.
2013 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Н. Ахметовтің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасының инфрақұрылымын 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасын әзірлеу мәселесі бойынша кеңес өткізілді. Жиналыс барысында Министрлікке Астана, Алматы қалаларының және облыстық әкімдіктерімен бірлесіп Бағдарламаны әзірлеу барысында қоғамның қалауын анықтау және оны есепке алу мақсатында инфрақұрылымдық объектілерді салу мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау өткізу туралы тапсырма берілген.
Бүгінгі таңда қоғамдық тыңдау Астана қаласының, Қарағанды, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктерімен және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі (бұдан әрі – Вице-министр) Қ.Б. Әбсаттаровтың қатысуымен Көкшетау қаласында өткізілген. Шығыс Қазақстан әкімдігінің және Министрліктен Вице-министр Р.В. Склярдың қатысуымен Павлодар қаласында өткізілді.
2013 жылғы 8 сәуірде Министр А.Қ. Жумағалиевтің, Алматы облысының әкімдігінің қатысуымен Алматы қалалық әкімдігінде және Министрліктің Жауапты хатшы Ж.М. Қасымбектің қатысуымен Ақтау қаласында Манғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау әкімдіктерінің қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізу жоспарланып отыр.
14-тармақ. 2030 жылға қарай Қазақстан арқылы әлемдік ақпараттық ағындардың кемінде 2-3 %-ын, ал 2050 жылға қарай кемінде 5 %-ын өткізуді қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық технологиялар саласындағы транзиттік әлеуетті дамытуды ынталандыру жөнінде ұсыныстар енгізу
Бүгінгі таңда негізгі әлемдік телекоммуникациялық транзитты маршруттар Солтүстік Америка және суасты кабелдік желілер Атлант және Үнді мұхиттары, Қытай және Ресей арқылы өтеді.
Біздің еліміз Қазақстанның қаларалық және халықаралық операторлардың желілерінің дайындығын ескере отырып қажетті деңгейдегі сапаны ұстай отырып трафиктерді үздіксіз жіберуде Еуропа-Орталық Азия (Өзбекстан, Тәжікстан, Түрменстан, Қырғызстан) және Еуропа – Оңтүстік – Шығыс Азия (Қытай, Сингапур, Малайзия және басқалар)бағытында әлемдік ақпараттық ағындар нарығында өз орнын ала алады.
Бұл мақсаттарды іске асыруда жоғары кепілдік беретін келесі негіздер бар – қысқа ара қашықтық (шамамен 9500 шақырым) суасты кабелдік желілері бағытымен салыстырғанда (шамамен 20000-30000 шақырым), дамыған кабелдік ақпаратқұрылымдарының болуы, айналмалы желі жүйесін салу мүмкіндігі.
Қазіргі кезде «Қазақтелеком» АҚ-ың қолданыста бар DWDM магистралды желісі шамамен 400Гбит/с құрайды. Компания Қазақстан Республикасымен ортақ шекаралас – ҚХР, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикаларының операторларының желілерімен телекоммуникациялық түйісулер 14 нүкте орнатты. 2013 жылы Түркіменстан және China Telecom халықаралық телекоммуникациялық түйілісу құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр.
Жолдауда ақпараттық технологиялар саласында транзиттік мүмкіндіктерді дамыту жөнінде, алға қойған міндеттерді орындау үшін Министрлік желілерде өткізу жылдамдығын арттыру және транзиттік ақпараттық ағындарды өтізуді қамтамасыз етуде DWDM технологиясын пайдалана отырып транспорттық желіні күшейту жұмыстарын жүргізуде.
2013-2014 жылдары жерүсті қысқа жолын қамтамасыз ету қажеттігіне орай, жобаланған төмен тоқтауды және жоғары өткізу мүмкіндігі үшін Ресей – Қытай, Ресей – Орталық Азия бағытында DWDM транзиттік желісі құрылысын екідеңгейде жүргізу жоспарланған
Негізінен DWDM желісі транзитті өткізу жылдамдығын 4Тбит/с жеткізуге мүмкіндік алатын болады.
Халықаралық транзит қызметі белгіленген SLA сапасымен көрсетілуі керек, бұл тапсырманың негізгі шешімі қызмет көрсетуге маршруттың барлығын толық резервтеу болып табылады
Бұған қоса, ресей және қытай операторларымен Еуропа – Қытай маршрутын Қазақстан аумағы арқылы қолданысқа енгізуде нақты келісімдер жүргізілуде.
Ақпараттық технологиялар саласында Қазақстан Республикасы арқылы әлемдік ақпараттық ағындардың ( 2012 - 2050 жылдары) транзиттік мүмкіндіктерін дамыту туралы ақпарат
Атауы
|
Өлшем бірлігі
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
2030
|
2040
|
2050
|
Халықаралық транзиттік ақпараттық ағындар (Еуропа/Ресей-Азия)*
|
Гбит/с
|
740
|
940
|
1180
|
1480
|
1840
|
2208
|
2650
|
3180
|
3815
|
9896
|
16120
|
26258
|
Оның ішінде ҚР арқылы өтетін халықаралық ақпараттық ағындар
|
%
|
2,9
|
3,72
|
4,24
|
5,07
|
5,11
|
4,53
|
4,15
|
3,77
|
3,41
|
2,53
|
4,03
|
5,33
|
Гбит/с
|
21.8
|
35
|
50
|
75
|
94
|
100
|
110
|
120
|
130
|
250
|
650
|
1400
|
* Ескерту: TeleGeography Research (telegeography.com) ақпараты бойынша
2013жылдың I тоқсанында «Қазақтелеком» АҚ-мен инфрақұрылымның объектілері зерттелінді, DWDM жабдығын сатып алуға техникалық талаптар әзірленді және бекітілді.