Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
12 жылдық білім берудегі-тәрбие жұмысының

жоспарлануы мен ұйымдастырылуы
Қасенова Н. Ш.,

тәрбие орынбасары №24 «А» бастауыш мектебі


. «Бала ауру , зағип болса, баладан емес , тәрбиешіден;



бала тар ойлы ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі;

бала сұлулықтан ләззәт ала білмейтін мылқау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы.»

М.Жұмабаев.

Адам баласының қасиетті міндеттерінің бірі –дүниеге ұрпақ әкеліп, артына із қалдыру. Қазіргі күні білім беру саласында он екі жылдық білім беру жүйесіне көшу турасында көптенген ғалымдар мен білікті ұстаздар арасында әр түрлі пікірлер , қарқынды істер жасалуда.

Қазіргі заманғы он екі жылдыққа өтудегі тәрбие жұмысының мәні-жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті , өзін-өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалаулары мен қоғам талабына сай , өзін көрсете білетін жоғары білімді , ұлттық тьілді , тарихты жетік меңгерген , отанджық және әлемдік мәдениетті меңгерген , бәсекекге қабілетті , шығармашылығы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсаттан төмендегі міндеттер туындайды:

-тәрбиелеу және дамыту іс-әрекетін дамыту;

-құзыреттілікті қалыптастыру және дамыту;

-оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу;

-мақсат-мүдделері мен шығармашылық қабілеттерінің байқалуы мен қалыптасуына жағдай жасау.

Бұл мақсат ,міндеттерді іске асыру үшін тәрбие жүйесі тұлғаны әлеуметтендіру идеяларын іскеи асыра отырып, оқытудың жаңа әдістерін (технологиясын) , жеке тұлғалық қасиеттерге бағытталған оқытуды, зерттеу, жобалау әдістерін , денсаулық сақтаушы әдісін қолдана отырып, тәрбие жұмысын ұйымдастыру қажет.

Осы әдістерді ,технологияларды іске аксыру нәтижесінде мектептің түлек тұлғасында мынадай жетістіктер қалыптасатын болады.

-оқушының жеке тұлғалық қасиеттері қалыптасады, оның қазіргі заманға , қоғамға бейімделу мүмкіндіктері артажды;

-жеке ерекшеліктері ескерілген оқу –тәрбие берген нәтижелері түріндегі құзыреттіліктер жиынтығы игереді;

-өзін-өзі дамыту, өзін-өзі көрсету мүмкіндіктері жетіледі.

Ендеше, 12 жылдық мерзіммен оқытатын тәрбие беру мазмұндағы әрбір оқушының жеке ерекшеліктері ескерілген нәтижелер түріндегі құзіреттіліктер жиынтығы түзіледі.Ол құзыреттіліктер :



  1. Мәселені шешу құзыреттілігі.

  2. Ақпараттылық құзыреттілік.

  3. Коммункативтік құзыреттілік.

Негізгі құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелер осы тұрғыда болу керек.12 жылдық оқытудағы тәрбие жүйесі-жеке тұлғаны әлеуметтендіру процесін реттеу мен әлеуметтік рөлін игеруге ықпал жасайды. Тұлғаны әлеуметтендіру-мәдени элементтерді түсіндіру, мұраттар мен құндылықты игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру.


Білімнің қазіргі жағдайда жеке тұлғаны тәрбиелеу жүйесі.

Бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет- тәуелсіз мемлекетіміздің уығы боп қадалатын қоғам мүшелерін , яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу , тиянақты білім беру. Адам бойында ешқандай құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай тереңи білім толтыра алмайды. Сондықтан тұлғаға айналдыру үшін құндылық- бағдарлы тәрбиенің маңызы зор.

Құндылық- тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған мұраттар. Оларға шындық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, махаббат, шығармашылық жатады.

Құндылықтар – тек обьективті , яғни шынайы бола алады.

Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, ал сана арқылы оны түсінуге болады. Осының нәтижесінде тұлға құндылықты игереді, іс-әрекет етеді.

Білім берудегі құндылық бағдар –сезім мен ақыл-ойға тең дәрежеде сүйену керек. Осы тепе-теңдіктің болмауынан білім жүйесінде сыңар жақты педагогикалық көзқарастар орын алып келгелі белгілі. Сондықтан да мектептерде құндылық-бағдарлы тәрбие үлгісін ұстанып, оны өмірге ендіру көкейкесті мәселерлердің бірі болып саналады.


Құндылық-бағдарлы тәрбиеде басшылыққа алынатын негізгі бағыттар:



  • тәрбиеге жалпы адамзаттық мәдениет тұрғысынан педагогикалық көзқарас қалыптастыру

  • педагогикалық үрдіс барысында жалпыадамзаттық мәдениетке енуді педагогикалық түсінік негізінде игеру

  • тәрбие үрдісінің мазмұнын анықтауда адамдық өмірге лайықты құндылықтар жүйесін белгілеу, ал білім мен білікті –адамның дүниеге қатынасын анықтайтын деп құрал деп қарау.

  • Баланың бүкіл өмірін тәрбиелік үрдіске айналдыру ;

  • Баланың даму деңгейіне лайықты өмірлік мәселелерді сатылы түрде анықтап, баланы өз субьектісіне айналдыру.

Тәрбиедегі басты мәселе- балалардың тұлға аралық қатынасын дамыту, өз құрбы-құрдастарымен , отбасы мүшелерімен қарым –қатынасын жасай білу, ол үшін өзге адамдарды түсінуі , қабылдауы, өзінің көңіл-күйі, атқарған іс-әрекетінің есебін түсініп, істеген ісінің нәтижесіне өзіндік баға беруі тиіс.
Оқушылардың интеллектуалдық қабілетін дамыту құндылығы.

Оқушылардың танымдылық түрткілерін дамытуда өздерінің артықшылығы мен кемшілігін көре білуге

және өздерінің жеке басының құндылығының , даралық сипатын саналы сезінуге тәрбиелеу көзделеді.

Бүгінгі бала тек мұғалім берген білімді игеріп қана қоймай, оны ары қарай өзінің белсенді , зерделі, дарындық іс-әрекетімен сабақтастыра білу қажет.

Оқушылардың интеллектуалдық , шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі:


  1. Психологиялық-педагогикалық жұмыстар

  2. Күнделікті сабаққа қатысу.

  3. Пән мұғалімдерімен байланыс жасау.

  4. Зерттеушілік қабілетін дамыту.

  5. Интеллектуалдық, танымдық қабілетін арттыратын іс-шаралар жүргізу.

Денсаулық сақтау құндылығы.
Денсаулық сақтауға құнды бағдар дегеніміз- ол адамның әрдайым түрлі жағдайларда өзінің ойлары мен мен іс-әрекеттерін денсаулығын сақтауға бағыттай алуы.

Ол құндылықтар:

-адамгершілік құндылықтан сақтану.

-зиянды әрекеттерден аулақ болу

-дене еңбегімен сақтану.

-күн тәртібінің болуы.

- тамақтану тәртібін қадағалау

- өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау.

-салауатты өмір салтын ұстау .

Мәдени қалыптарға құндылық .

Өмірдегі мәдени қалыптарға құндылық қатынас орнату оқушының өзін-өзі күту мәдениеті, экология мәдениеті, еңбек ету , экономикалық мәдениеті, құқықтық, рухани, адамгершілік арқылы тәрбиелеу жатады.

Оқушыларды мәдени қалыптарға құндылық негізінде тәрбиелеуде жұмыс түрлері мынадай бағытта жүргізіледі

-тәрбиелік іс-шараларға қатысу

-Үйірме жұмыстары

-Кітапханамен байланыс

-Мәдени мұра

-Табиғатқа саналы көзқарас



Әлеуметтік қатынасқа көзқарас

Адам өміріндегі әлеуметтік қатынасқа құндылық бағдар қалыптастыру – бала тәрбиесі үшін аса маңызды құндылық.

Өз ортасын , жолдастарын , ата-анасын, ұстаздарын сыйлау, қоғамдық қатынастар мәдениетін игеру, қоғамдық қызмет түрлерін түсіну, өз құқығын білу, қорғау- осы құндылық арқылы жүзеге асады.

Бұл жұмыстың бағыттары:

-Отбасы және оның әлеуметтік орны.

-құрбылармен қатынас.

Қоғамдық қатынас мәдениетін игеру.

Құқық негіздерін үйрену.

Қорыта айтқанда , құндылық-бағдарлы тәрбие жас ұрпақты жеке тұлға етіп қалыптастыруға қызмет етеді.

Мектебіміздегі енгізілген инновацияның тақырыбы « Балаға бағдарланған сынып ортасы». Тәрбиенлік қолдануда мыныдай технологиялар қолданылады:



  1. Ұжымдық шығармашылық іс технологиясы.

  2. Ойын технологиясы.

  3. құрастыру технологиясы.

  4. Жобалау технологиясы.

  5. еркін даму технологиясы.

Тәрбие –жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы. Іс-әрекеттің кез-келген түріне деген анатомиялық-физиологиялық бейімділіктер арқылы жеке тұлғаны дамуы мен қалыптасуына ерекше орын алады. Бұл ретте , сынып жетекшісі-пән мұғалімдері иен ата-ананың әрбір оқушыға ықпалын үйлестіретін тәрбиені ұйымдастырушысы болып табылады. Сынып жетекшісі оқушылардың 12 жылдық оқытудың тұжырымын ұғынып, тәрбие міндеттерінің шешімі нәтижелі болмақ:

  1. тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы.

  2. жүйелік сипатта болуы.

  3. мақсаттарының бірлігі, өзара әрекеттестігі.

  4. тәрбие процесі –жеке тұлғалық қасиеттерге бағытталуының іс-әректіне , құндылығына сүйенуі қажет.


Елбасы Н.Назарбаевтың «Қ Р-ның болашағы- қоғамның идеялық бірлігінде» еңбегінде «Біз құрып жатқан қоғамның ең жоғарғы құндылығы- адам,бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр» деп, көрсетілген. Ендеше, оқушының өз өмір жолын таңдай білу қабілетін дамытуда- оқушылардың өмірлік ұстанымын , адам өміріндегі ең жоғарғы құндылық екенін санаға сіңіруде құндылық-тәрбиенің маңызы зор.

12 жылдық білім берудегі-тәрбие жұмысының жоспарлануы мен ұйымдастырылуы

Адам баласының қасиетті міндеттерінің бірі –дүниеге ұрпақ әкеліп, артына із қалдыру. Қазіргі күні білім беру саласында он екі жылдық білім беру жүйесіне көшу турасында көптенген ға

59.47kb.

25 12 2014
1 стр.


3 І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері

Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері

650.9kb.

17 12 2014
4 стр.


Мазмұны кіріспе I. Тарау. ӘЛемдік және отандық ТӘжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі

Жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты мен күтілетін нәтижелері

782.07kb.

18 12 2014
6 стр.


Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру ТҰжырымдамасы

Республикасындағы 12 жылдық орта жалпы білім беру Тұжырымдамасы (бұдан әрі Тұжырымдама) жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттары б

224.58kb.

17 12 2014
1 стр.


АҚпараттық хат қазақстанның педагогикалық Ғылымдар академиясы «білім берудегі инновациялар: бағдарлар мен үрдістер»

Білім беру саласындағы халықаралық және отандық салыстырмалы зерттеулердің болашағы

28.29kb.

25 12 2014
1 стр.


І. кіріспе. 2011-2012 ОҚу жылындағы атқарылған тәрбие жұмысының барысына талдау

Республикасының Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы №521 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үздіксіз білім беру жүйесіндегі т ә р б и е т ұ ж ы р ы м д

295.74kb.

01 10 2014
1 стр.


І тарау. Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім және тәрбие беру мазмұн

Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беруді ұйымдастыру формалары

580.9kb.

17 12 2014
4 стр.


1. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудит жұмысының Ұйымдастырылуы

Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірбиесінде түбегейлі өзгерістер

1446.03kb.

16 12 2014
8 стр.