Перейти на главную страницу
2.Қаржылар бөлімі бюджетті орындау бойынша уәкілетті орган болып табылады және бюджеттік ақшаларды басқарады, бюджет шығындарының орындалуын жүзеге асырады және қаржыландыру жоспарларының жылдық сомаларын айлан бойынша бөлінуін, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен қаржыландыру жоспарларына енгізілетін өзгерістердің негізділігін талдау және бағалау, қаржыландыру жоспарларының орпындалмау себептерін анықтау, бюджеттік бағдарламаларды орындау жөніндегі есептерді түзіп жасау арқылы бюджеттік қаражаттың игерілуіне мониторинг жүргізеді.
3. Қаржылар бөлімі коммуналдық мүлкін объектілеріне иелік ету, пайдалану және билік ету бойынша өклеттіктерді жүзеге асыру және коммуналдық мүлік объектілерін мақсатты және тиімді пайдаланылуын есепке алу және бақылауды заңнамамен белгіленген тәртіпте жүзеге асыру арқылы коммуналдық мүлікті басқарады.
4. Қаржылар бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясына, Заңдарына, Қазақстан Республикасы призидентінің, Үкіметінің актлеріне, Жаңаөзен қалалық маслихатының, әкімінің шешімдеріне, қала әкімдігінің қаулыларына, өзге де нормативтік- құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
5. Қаржылар бөлімі мемлекеттік мекеменің уйымдық құқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазнашылық органында шоты болады.
6. Қаржылар бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады (жалға алу, кеңсе керек-жарақтарын, жабдықтар сату-сатыпалу шарттарын жасайды, зиян келтіргені үшін міндеттемелер бойынша жауаптылықта болады, басқа да азаматтық-құқықтық әрекеттер жасайды).
Қаржылар бөлімінің, егер қолданыстағы заңнамамен осыған уәкілеттік берілсе коммуналдық мүлік пен бюджеттік қатынастар мәселелі бойынша қала әкімдігінің атынан азаматтық құқықтық қатынастардың бір тарапы болып кірісуге құқығы бар.
7. Қаржылар бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша белгіленген тәртіпте бұйрықтар шығарады.
8. Қаржылар бөлімінің штат сананың лимитін қала әкімдігі белгілейді.
9. Толық атауы:
Мемлекеттік тілде – Жаңаөзен қалалық қаржылар бөлімі мемлекеттік мекемесі;
Орыс тілінде – Государственное учреждение Жанаозенский городской отдел финансов
Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130200, Жаңаөзен қаласы, Сәтпаев көшесі, қала әкімдігінің ғимараты.
10. Қаржылар бөлімінің құрылтайшысы Жаңаөзен қаласының әкімдігі болып табылады.
11. Қаржылар бөлімінің құрылтай құжаты –осы ереже болып табылады.
12. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар қала әкімдігінің қаулысымен енгізіледі.
13. Қаржылар бөлімінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
2. Қаржылар бөлімінің қызметінің нысанасы мен мақсаты
14. Қаржылар бөлімінің қызметінің нысанасы қаржыны және қаладағы коммуналдық мүлікті басқару саласында мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
15. Қаржылар бөлімінің қызметінің негізгі мақсаты – жергілікті бюджеттің орындалуын және қаладағы коммуналдық мүлікті басқаруды қамтамасыз ету болып табылады.
1) Мемлекет мүддесінде коммуналдық мүлікті басқару;
2) бюджеттік аясатты іске асыруға, бухгалтерлік есепті, мемлекеттік қаржының бухгалтерлік есебін орындау, жүргізу, жергілікті және өз құзыретінің шегінде, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есептілікті жасау, салықтың және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толық және уақытылы түсуін қамтамасыз ету, бюджеттік несиелеу саласында мемлекеттікреттеу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен Қаржылар бөліміне жүктелген өзге де міндеттер.
1) Жаңаөзен қаласының коммуналдық мүлкін тиімді басқару саясатын жүзеге асырады;
2) Жаңаөзен қаласы әкімдігінің жаңаөзен қаласы ның қаржы және коммуналдық мүлікті басқару саласында жүргізілетін мемлекеттік саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
3) Жергілікті бюджетті орындайды және барлық деңгейдегі жергілікті бюджеттердегі бюджет ақшасын басқарады;
4)Міндеттемелері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын және жергілікті бюджеттін түсімдердің және қаржыландырудың жиынтық оспарын түзіп жасайды, бекітеді және жүргізеді;
5) Жергіліктік бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік қаражат бойынша қаржыландыру жоспарларын орындау, тоқсандық және жылдық есептіліктерін қабылдау және тексеру туралы, ақылы қызметтің, демеуші, қайрымдылық көмек, уақытша ақша орналастыру мен шетелдік волюта шоттары бойынша болуын бақылау шоттары бойынша жүзеге асырады;
6) Жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есептілікті, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ұйымдардың мемлекеттік сатып алу бойынша есептілігін жүргізуде және түзіп жасауды қамтамасыз етеді;
7) Жергілікті бюджеттің орындалу мониторингін жүзеге асарады;
8) Бюджеттік қаражаттарды басқару бойынша жергілікті мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;
9) Жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік несиелігі мен борышының мониторингісі мен есепке алуды жүргізеді;
10) Өз құзыретінің шегінде қалалық коммуналдық мүлікті басқару саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
11) Коммуналдық мүлік объектілерінің тізбесіне енгізілген, коммуналдық мүліктерді жекешелендіру бойынша алдын-ала келісім жүргізеді;
12) коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
13) коммуналдық мүлікті жекешелендіруді ұйымдастырады және жүзеге асырады;
14) коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы, сондай-ақ акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестерге қатысуы, оларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату, акционерлік қоғамдардың өздеріне тиесілі акцияларын, жауапкершілі шектеулі серіктестердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеліктен шығару туралы ұсыныстар енгізеді;
15) жарғылық капиталында мемлекеттің қатысу үлесі бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың құрылтайшысы (қатысушысы) болады;
16) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерін қарайды, келіседі және бекітеді;
17) мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
18) коммуналдық мүліктерді коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп береді;
19) коммуналдық заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін құруына келісім береді;
20) коммуналдық мүлікті, сондай- ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақшаны жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамдардың акцияларын төлеуге беруді қамтамасыз етеді;
21) өз ведомствасына қарасты шаруашылық жүргізу құқығындағы қалалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бөлігі нормативін мемлекеттік органдармен келіседі;
22) коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге,жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешім қабылдайды;
23) қолданыстағы заңнама тәртібімен жеке меншіктен мүлікті ерікті және өтеусіз негізде қалалық коммуналдық меншікке қабылдайды;
24) жеке меншіктен қалалық коммуналдық меншікке ерікті және өтеусіз берілген мүліктердің есебін жүргізеді;
25) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жекелеген негіздерде мемлекет меншігіне өткізілген өтеусіз мүліктерді қабылдайды;
26) коммуналдық мүліктің пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді;
27) коммуналдық мүлікті есепке алуды ұйымдастырады,оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
28) коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады,оның ішінде жекешелендіру үдерісін ұйымдастыру үшін делдалды тартады,жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу -сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттарын талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
29) сенімгерлікпен басқарушының коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерін орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
30) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және өзге де заңнамамен өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
5. Қаржылар бөлімінің құқықтары
18) Қаржылар бөлімінің негізгі міндеттерін және өз функцияларын іске асыруы үшін белгіленген тәртіпте:
1) Қаржылар бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан және жеке тұлғалардан ақпарат сұратуға және алуға;
2) салық органдарынан қала бюджетінің салықтарының және басқа да міндетті төлемдерінің сомалары туралы Қазақстан Республикасының қаржы министірлігі белгілеген нысанда және мерзімде есептерін,барлық мемлекеттік заңды тұлғалардан бухгалтерлік баланстарын және салық салу объектілері мен құрамы,қаржы шаруашылық қызметі бюджеттің орындалуын ұйымдастыру үшін, сондай-ақ Қаржылар бөліміне жүктелген және құзыретіне кіретін басқа да функцияларды орындау үшін қажетті статистикалық және өзге де материалдарды алуға;
3) бюджеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп және есеп беру бойынша әдістемелік басшылық етуді жүзеге асыруға;
4) келісім бойынша бірлескен қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдармен бақылауды жүргізуге;
5) қаржылық тәртіптің сақталуында және өз құзыретінің өзге де мәселелерінде бұзушылықтар анықталған жағдайларда,тиісті органдарға жергілікті бюджеттен қаржылындырылатын мемлекеттік ұйымдарға,орылымды басқару және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға және коммуналдық меншік акцияларының мемлекеттік үлестері бар заңды тұлғаларға тексеру жүргізу туралы ұсыныстар енгізуге;
6) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінде, оралымды басқару және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда,коммуналдық меншіктің мемлекеттік үлесі мен акциялардың мемлекеттік пакеттері бар заңды тұлғаларда бақылау жүргізу актілерін,осыны жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардан сұратуға;
7) өз құзыретінің шегінде жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар үлестері мемлекеттік емес заңды тұлғалар органдарының қаралуына олардың лауазымдық тұлғаларының кандидатураларын енгізуге;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қаржы бөліміне жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
6. Қаржылар бөлімінің мүлкі
19. Қаржылар бөлімінде оралымды басқару құқығында, оның активтерінен құрылатын, құны Қаржылар бөлімінің балансында көрсетілетін оқшауланған мүлкі болады.
20. Қаржылар бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
21. Қаржылар бөлімі,егер заңнама актісінде өзгеше белгіленбесе,өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға құқылы емес.
Қаржылар бөлімінің бастығы мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әркет бойынша жеке дара жауапкершілік артады.
23. Қаржылар бөлімінің бастығы Қаржылар бөлімінің жұмысын басқарады және ұйымдастырады, Қаржылар бөліміне жүктелген міндеттерінің орындалуына және онымен өз функцияларын іске асырылуына жеке дара жауапкершілік артады.
24. Осы мақсатта Қаржылар бөлімінің бастығы:
1) өз орынбасарларының, бөлім бастықтарының міндеттерін және өкілеттіктерін анықтайды, басшылық қызметтерге әйелдер мен ерлерді ұсынған кезде гендерлік теңгерімді сақтауды қамтамасыз етеді;
2) қолданыстағы мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес Қаржылар бөлімінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамамен белгіленген тәртіпте, Қаржылар бөлімінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар береді, көтермелеу мен материалдық көмек мәселелерін шешеді;
4) Қаржылар бөлімінің бұйрықтарына қол қояды;
5) Қаржылар бөлімінің штат кестесі мен құрылымын бекітеді;
6) барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдарда,қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қаржылар бөліміне уәкілдік етеді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
25. Қаржылар бөлімінің бастығымен қабылданатын шешімдер бастықтың немесе оның міндетің атқарушы адамның бұйрығымен ресімделеді.
26. Мемлекеттік қаржылық саясатты жүргізу бойынша функцияларын іске асыру үшін, Қаржылар бөлімінің, олардың құрамына келісім бойынша мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың өкілдерін, сондай- ақ жекелеген мамандарды енгізу арқылы уақытша жұмыс топтарын құруға құқығы бар.
27. Қаржылар бөлімінің қызметін ұйымдастырудың, басқа да мәселелері, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері,оның қызметін ететін бөлімшелерінің құзыреті мен өкілеттіктері, белгіленген тәртіпте бекітілетін, Қаржылар бөлімі жұмысының регламентімен белгіленеді.
28. Қаржылар бөлімінің жұмыс режимін Қазсқстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес айқындап белгілейді.
Қаржылар бөлімі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген басқа да негіздер бойынша таратылады.
Жаңаөзен қалалсы әкімдігімен бұдан әрі- қала әкімдігі қаланың коммуналдық мүлкін басқаруға және бюджетті орындау, жергілікті бюджетті орындау бойынша бюджеттік есепті және есеп бер
25 12 2014
1 стр.
«Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі Бөлім) құрылыс саласындағы қызметті жүзеге асыру және өткізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады
25 12 2014
1 стр.
«Жаңаөзен қалалық білім болімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі бөлім) білім аясында басқару жөніндегі уәкілетті орган, мемлекеттік басқару мен бақылау қызметін атқаратын мемлектті
16 12 2014
1 стр.
«Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламенті
25 12 2014
1 стр.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
17 12 2014
1 стр.
Осы «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі – Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады
16 12 2014
1 стр.
Сәйкес келетін сала (орта) қызметінің даму беталысы және ағымдағы жағдайдың талдауы
25 12 2014
3 стр.
Осы «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі – Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады
16 12 2014
1 стр.