Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1

Бекітемін Келісемін

Мектеп директоры: З.А.Ишмухамбетова Тәрбие ісінің меңгерушісі: З.М.Ескалиева

Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебі


Мерекелік сазды кеш
c:\users\асел\desktop\символы_rus.jpg
Дайындаған: тәлімгер А.С.Рамазанова

2012 жыл

«Тәуелсіздік жолы- үміт жолы»

(сазды кеш)

Мақсаты:

а) Желтоқсан оқиғасының арқасында тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрерменге жете ұғындыру,оқушылардың дүниетанымын кеңейту. 1986 жылы желтоқсан оқиғасын оқушыларға таныстыру.Желтоқсан оқиғасының неден бастау алып,оның не себепті қамды оқиғаға ұласқанын ашып көрсету.Өз отанын,туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,отаншылдыққа,елжандылыққа,еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу

ә) Желтоқсан оқиғасының 24 жылдығы жайлы, желтоқсан көтерілісінің құрбандары туралы мағлұмат беріп, білімін арттыру.

б)Отанды сүюге, құрметтеуге , желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір – қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.

2 ж:

Қайырлы күн қадірменді ағайын!

1 ж:

Армысыздар,құрметті өнер сүйер қауым! Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Тәуелсіздік жолы үміт жолы» атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялаймыз. 1986 жылы 16 желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп,шеруге шықты. Олар: «Тәуелсіздік керек!» қазақ елінің өз көсемі сайлансын!-деген тілек білдірді.Сол кездегі Қзақстан Компартиясының орталық комитетінің 18 минутқа созылған жиынында Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың орнына Генадий  Колбинді тағайындаған. 86 жылдың желтоқсандағы қазақ жастарының төгілген қанымен, бүгінгі тәуелсіздігіміздің тұңғыш парағы жазылған еді

2 ж:

Иә, халық көкірегін қанға бояп, ызғарлы желімен жанды тоңдырған желтоқсан оқиғасына биыл 26 жыл! Бір қаламның ұшымен жазылып, бар қазақтың жүрегінде шарлаған, қазақ жастарының қыршындай қанымен халық шаңырағына мәңгі орнаған тәуелсіздікке 21 жыл. Осыған орай өткізгелі отырған «Тәуелсіздік жолы үміт жол» атты кешімізге қош келдіңіздер! (Әнұран орындалады)



1 ж:

Құрметті көрермен! Бүгінгі салтананты мерекемен тұспа тұс келген Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» және «Жас қыран» қатары тағы да мектебіміздің білімді, үлгілі, өнерлі оқушыларымен көбеймек! Дәл бүгінгідей «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдануға арналған салтанатты шаралар республикамыздың түкпір-түкпірінде ұйымдастырылуда.

2 жүргізуші: Ортамызға республикалық «Жас ұлан», «Жас қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданатын мектепаралық, қалалық, облыстық, республикалық, жарыстармен байқауларда жеңіс туын жоғары ұстап, мектебіміздің мәртебесін биікке көтеріп жүрген оқушыларымызды шақырамыз!
(оқушылар саппен ортаға шығып тұрады.)
1 ж:Құрметті көрермендер! Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына өтуге тілек білдіруші ұландарға галстук пен төсбелгіні тағу құрметі және мерекелік құттықау сөз ауылымыздың әкімі Искалиева Любовь Меңдешқызына беріледі.

Келесі мерекелік құттықтау сөз кезегі_______________________________________________________________________________




  1. Жарасова Әдемі-оқу екпіндісі, мектеп оқушыларының өзін -өзі басқару ұйымының көшбасшысы, аудандық «Абай оқулары», «Махамбет оқулары» байқауының жүлдегері,облыстық «Оралхан бөкей оқулары» және «Атамекен» слетінің жеңімпазы, 2011 жылы жазған шығармасы республикалық «Ең үздік шығармалар» жинағына енген мектебіміздің мақтанышы.

  2. Бисенова Ақмарал- оқу екпіндісі, аудандық, облыстық «Абай оқулары» байқауының жеңімпазы, сынып белсендісі,

  3. Балташева Айзада- оқу екпіндісі, мектепшілік өткен іс шаралардың белсенді қатысушысы.

  4. Сансызбаева Зарина- сынып белсендісі, мектепшілік өткен «Күз ханы мен ханшайымы» байқауының жеңімпазы.

  5. Абылхайырова Гүлалда- оқу озаты, 2010ж өткен Аймақтық олимпиаданың I орын иегері,Аудандық «Абай оқулары» байқауының қатысушысы, сынып белсендісі.

  6. Қуанышбекова Балауса- Оқу озаты, 2010 ж өткен ағылшын тілі пәнінен аймақтық олимпиаданың III орын иегері.

  7. Нұрболатова Салима- Оқу екпіндісі,мектепшілік өткен қазақ тілі пәнінен олимпиада жеңімпазы. Ақбота , кенгуру марафондарының қатысушысы, мектепшілік өткен «Көктем аруы», «Білгіштер» сайысының жеңімпазы, сынып көшбасшысы

  8. Баймұхамбетова Камила-оқу озаты, 2011 жылы өткен ағылшын пәнінен мектепшілік олимпиаданың жеңімпазы, аудандық олимпиаданың қатысушысы

«Жас Ұлан» ұйымының келесі мүшелеріне галстук пен төсбелгі тағу құрметі ауылымыздың

  1. Мейрамгалиев Ернар- оқу екпіндісі, дзюдо үйірмесінің қатысушысы.

  2. Сатаева Аружан- оқу озаты

  3. Қайыржанова Ботагөз- оқу озаты.

  4. Абдрахманова Асылым-

  5. Тельманов Ермахан-

  6. Мағажанов Мақсат-

  7. Сағындықов Есет-

  8. Кусанова Дильназ-



2 жүргізуші: Бүгінгі жас қырандар – ел бірлігін ойлайтын, өз Отанынын қорғайтын, ел өркениетін өрістететін, ата-бабаларымыздың ісін әрі қарай жалғастыратын, ел сенімін ақтайтын болашақ жас ұрпақ. Ендеше келесі кезекте «Жас ұлан» ұйымына қабылданушылардың ант беру рәсіміне кезек берсек.
1 жүргізуші: Ризамын деп осындай жастық шаққа, 
Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа. 
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп, 
Ашылып алдымыздан алтын қақпа. 

Бүгінгі республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанаты мектеп тарихында, ант қабылдаушылардың есінде мәңгі қалары анық. Тәуелсіздік туын қолда берік ұстау – баршамыздың абыройлы борышымыз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болсын, ағайын!



Ән. «Жаса қазағым» алдарыңызда Азамат Кеңесов
(Қайғылы музыка ойнап тұрады.Сахна безендірілген. Алаң. Төрде желтоқсан құрбандарына арналған ескерткіш тақта. Тақта алдында ақ жаулықты желбегей жамылған ару ана гүл қойып отыр. Осы кезде радиодан шуыл, иттің үргені , қыздардың шуы естіледі. Абдыраған ана жан жағына қарайды.)



Қайраттың рухы:

Елбең елбең жүгірген

Ебелек отқа семірген

Арғымақ мінген жаратып

Ақ сауыт киген темірден

Алатаудай бабалар

Аруағыңмен жебей көр!/деген Қайраттың даусы естіледі/

Ана:

Ойпырмай, биіктен құлаған тау суындай бұрқанған тасқынды бұл үн кімдікі еді? Жас тұлпар тұяғының дүбірі естілгендей ме өзінен? Оқыстан шыққан айқай шуды, сол шуға бүйірі қызған дарабоздың шабысындай мына үнді қайдан естіген едім? Ойпырмай, иә, сол дауыс қой мынау, Қайраттың дауысы ғой. Таныдым. Тоқыраудың тоғышарлары тобықтан қағып құлатқан Қайратымыздың үні ғой бұл. Иә,иә, дәл сол! Қалай болып еді өзі?!...

(Видео көрсетіледі Желтоқсан желі.)

2ж:

Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бір күнде,

Қайғыға халық батқан күн

Әділдік пен шындықты

Өтірік жала еткен күн

Надан жасаған сұмдықтан

Адамдар азап шеккен күн

1 ж:
Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,
Бізге оны ешкім аяп бермейді.
Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың,
Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.
Міне,осындай ұмытылмас оқиғадан бері 26 жыл өтті.Өмір-өзен толқындары сол кезден бізді алыстатып бара жатса да жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды.Ол үшін дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына,ерлігіне деген тағзым,құрмет. Ендеше сол желтоқсан оқиғасындағы мыңдаған, боздақтардың рухын еске алайық. (1 минут үнсіздік)
2ж:Жүрекке сөзбен жетпеген дүние әнмен жетедi. Музыканың құдiретi де осында ғой. 1986 жылы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастар туралы елдiң арасында екiұдай пiкiр қалыптасып, билiк көтерiлiсшiлердi нашақорға, маскүнемге теңеп тұрған сәтте бiр ғана ән халықтың рухын көтерiп, iштегi бұғып жатқан ұлттық намысты қамшылады. Ол ән “Қара бауыр қасқалдақ” едi. Желтоқсан оқиғасынан тұп-тура бiр жылдан кейiн дүниеге келген әннiң авторы, белгiлi сазгер Лесбек Аманов. Алдарыңызға осы әнді орындау үшін әнші қыздарыңыз Айгерім Қалмағанбетова мен Жанаргүл Серікованы шақырамыз!

1 ж:
Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өркендер ақталады.
Ел намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады. «Желтоқсан құрбандарына тағзым» биімен алдарыңызда «Наз» би тобы.

2 ж:
Мен не етермін, не етермін, 
Мен келмеске кетермін. 
Көрмеген, қош бол, таңдарым, 
Көре алмай мен өтермін.

1ж:Желтоқсан оқиғасының Бас қаһарманы — Қайрат Рысқұлбеков небәрі жиырма екі жыл ғұмыр кешті. Есіл ер зұлым күштің құрбаны болды. Бірақ, өзі кеткенмен, артында мәңгі өлмес ерлік ісі, азаматтық асқақ даңқы қалды.
Қайрат Батыр ғана емес, Ақын да еді, Оның шындық деп шырылдаған дауысы абақтының тас қабырғасын қақыратып, құлағымызға жыр болып жетті.
2 ж:
Қайрат Рысқұлбековтың «Қапаста жазылған хаттар» кітабынан үзінді өлеңдер оқу үшін сахнаға көркем сөз оқу шебері жас әншіміз Тоқтар Серіковты шақырамыз.

2ж:

Болсын осы ар алдында сөз ақтық,


Қан мен намыс болса бойда қазақтық.
Қайтпас қайсар қасиетті күреспен,
Алыппыз біз мәңгі теңдік,азаттық.
1 ж:
Серпіп бұлтты басқан елдің бар мысын,
Туды күнім әділетті арлы шың.
Алыс жолдан зарықтырып, шаршатып
Келдің бе сен, Азаттығым, армысың!
Осы оқиғадан кейін арада 5 жыл өткенде 1991 жылдың желтоқсан айының 16-сы күні қазақ елі өз тәуелсіздігін алды. Бүгінде еліміз Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты. Егемендігімзге міне 21 жыл толып отыр.

  1. Ән «Қазақстан» сахна төрінде болашағынан үлкен үміт күттіретін жас әнші Аманбол Еламанов. Қарсы алыңыздар!

  2. «Айгөлек» би тобын тамаша қазақ биімен қарсы алыңыздар!

  3. Алдарыңызда аудандық «Балдәурен» байқауының жеңімпазы, жас әнші Әселхан Хамидуллиевтің орындауында «Қазақтай ел қайда »әні. Қошеметпен қарсы алыңыздар!
    1ж:

Көп ұлтпыз бірлігі зор, бір туысқан,
Шеңгелін сала алмас әрбір дұшпан.
Жасай бер еркіндікке қолы жеткен,
Тәуелсіз егеменді Қазақстан!

Туымыз бар, таңырқатқан шыңымен.

Ұл қызындай даламыз бар- Ұлы кең.

Алдарыңда басымды иіп өр халқым



Құттықтаймын. Тәуелсіздік күнімен!!!

  1. «____________» биімен алдарыңызда мың бұралған биші Ұлдай Мұхамбетованы шақырамыз!

  2. «Қос қарлығаш» әнімен сахнада жас өнерпаздарымыз Тасқын Дүйсеков, Сүлеймен Хамидуллиев.

  3. Жас ұстаздарымыздың орындауында тамаша өзбек биі. Қарсы алыңыздар!


1ж: (сахна сыртында)

Тәуелсіз ел азаттығың құтты болсын!
Ынтымақ пен, бірлігің мықты болсын.
Өрлесін ұлылық пен қазақтығың,
Басыңнан арылмасын шуақты күн.

  1. Алдарыңызда көрініс «Бармысың бауырым»

  2. «Кәріс» биімен сахнада «Еркемай» бишілер тобы.

  3. Ән «Қазақ жігіттері» орындайтын Нұртай Таңқашев

  4. Әлия Серікованың орындауында «_____________________» биі

  5. ___________________________________________________________

  6. _____________________________________________________________



Өзге елмен теңсің сен қалауың бар,
Қоя алатын өзіндік талабың бар.
Азаттықтың белгісін білдіретін,
Желбіреген тұғырда жалауың бар.


Байлығы мол менің байтақ жерім кең,
Дүниедегі елу елмен теңбе тең,
Осы күнге жеткен ұрпақ еңселі
бірге: Құтты болсын тәуелсіздік мерекең!
«Туған жер» әні шырқалады. Рамазанова А.С. Маноли Н.С

2 жүргізуші:

Құрметті көрермен қауым, осымен «Тәуелсіздік жолы Үміт жолы» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп көп рахмет! Еліміз аман жұртымыз тыныш болғай!

2012 жыл «Тәуелсіздік жолы- үміт жолы»

Желтоқсан оқиғасының неден бастау алып,оның не себепті қамды оқиғаға ұласқанын ашып көрсету.Өз отанын,туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,отаншылдыққа,елжандылыққа,ел

81.79kb.

17 12 2014
1 стр.


2012 жыл «Тәуелсіздік жолы- үміт жолы»

Желтоқсан оқиғасының неден бастау алып,оның не себепті қамды оқиғаға ұласқанын ашып көрсету.Өз отанын,туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,отаншылдыққа,елжандылыққа,ел

77.3kb.

25 12 2014
1 стр.


Әок (удк) 940. 2 (574) отаршылдық саясаттың ТҮркі өркениетіне тигізген кері әсері

Еліміздің ұлттық тәуелсіздік алуы – қазақ халқының тарихи даму жолына қатысты жаңа көзқарастар туғызды. Бұл көзқарастардың негізі – қазақ қоғамы дамуының жолы да халықтар мен мемле

59.08kb.

18 12 2014
1 стр.


Дипломдық ЖҰмыс «астрономияның Қазақстанда даму жолы» мамандығы «010640 Астрономия»

Алғашқы қадамдар

541.77kb.

14 12 2014
3 стр.


С жамбыл Жабаев

«Абай жолы» романы үшін Мемлекеттік сыйлық алған көрнекті қазақ жазушысы. C м. Әуезов

1095.49kb.

25 12 2014
8 стр.


Үстірт керуен жолындағы сам қаласы ш. Б. Әзірханов Бейнеу лицейі, Бейнеу ауданы, Маңғыстау облысы

Тарим бассейнiне беттеген әйгiлi сапарына осы көне скиф жолының бойымен барып қайтқан», деп жазады. Кейiн Ұлы жолдың құрамдас бөлiгiне айналған бұл көне керуен жолдары «екi мың жыл

126.2kb.

17 12 2014
1 стр.


Решением Правления ао «Досжан темир жолы (дтж)»

Абтц-м, дц и мпц «Диалог», МиниКом dx-500 на железнодорожной линии «Шар-Новоустькаменогорск»

1104.91kb.

09 10 2014
7 стр.


Мемлекеттік мекемелерге, облыстық және қалалық мәслихат депутаттарына

«Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Маңғыстау жол бөлімшесі» филиалы

71.99kb.

17 12 2014
1 стр.