Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкiмдiгiнiң 2011 жылғы 23 желтоқсандағы N 938 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әдiлет департаментiнiң Аягөз аудандық әдiлет басқармасында 2012 жылғы 26 қаңтарда N 5-6-153 тiркелдi
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы 5) тармақшасы, 20 бабы, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 2 бабы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» қаулысымен бекiтiлген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережесi негiзiнде, жұмысқа орналасуда қиыншылық көрiп отырған халықтың әр түрлi топтарын қолдау мақсатында Аягөз ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған 2012 жылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзiмi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi, қаржыландыру көздерi және нақты жағдайлары бекiтiлсiн.
2. Қатысушылардың еңбекақысының мөлшерi жоғары радиациялық қауiптi аймақта тұрғаны үшiн қосымша төлеммен 2012 жылға белгiленген бiр ең төменгi еңбекақы мөлшерiнде бекiтiлсiн.
3. Ұйым басшыларына жұмыскерлердiң жекелеген санатына (кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге, көп балалы аналарға, он сегiз жасқа толмаған тұлғаларға, мүгедектерге) толық емес жұмыс күнмен жұмыс iстеуге мүмкiншiлiк беру, сондай-ақ жұмыс уақытын ұйымдастырудың икемдi түрлерiн қолдану ұсынылсын.
4. Аягөз ауданы әкiмдiгiнiң 2010 жылдың 12 қарашадағы № 224 «2011 жылға төлемдi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» (нормативтiк құқықтық кесiмдердiң мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 5-6-125 2010 жылдың 10 желтоқсанында тiркелген, «Аягөз жаңалықтары» газетiнiң 2010 жылғы 25 желтоқсандағы № 72 (9976) санында жарияланған) қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары М. Төлегеновке жүктелсiн.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
№ р/р
|
Ұйымдар аты
|
Қоғамдық жұмыс түрлерi
|
Атқарылатын жұмыстар көлемi
|
Сұраныс (жарияланған қажеттiлiк)
|
Ұсыныс (бекiтiлген)
|
Қаржыландыру көзi
|
1
|
Ақтоғай кенттiк округi мемлекеттiк мекеме
Айғыз ауылдық округi мемлекеттiк мекеме
Ақшәулi ауылдық округi мемлекеттiк мекеме
Ақшатау ауылдық округi мемлекеттiк мекеме
Ақши ауылдық округi мемлекеттiк мекеме
Байқошқар ауылдық округi мемлекеттiк мекеме
Баршатас ауылдық округi мемлекеттiк мекеме
Бидайық ауылдық округi мемлекеттiк мекеме
Емелтау ауылдық округi мемлекеттiк мекеме
Қарағаш ауылдық округi мемлекеттiк мекеме
Қопа ауылдық округi мемлекеттiк мекеме
Қосағаш ауылдық округi мемлекеттiк мекеме
Мәдениет ауылдық округi мемлекеттiк мекеме
Майлин ауылдық округi мемлекеттiк мекеме
Мыңбұлақ ауылдық округi мемлекеттiк мекеме
Малкелдi ауылдық округi мемлекеттiк мекеме
Мамырсу ауылдық округi мемлекеттiк мекеме
Нарын ауылдық округi мемлекеттiк мекеме
Сарыарқа ауылдық округi мемлекеттiк мекеме
Өркен ауылдық округi мемлекеттiк мекеме
Тарлаулы ауылдық округi мемлекеттiк мекеме
Тарбағатай ауылдық округi мемлекеттiк мекеме
|
Аумақ тазалығы, қоғамдық науқандық жұмыстар, экологиялық сауықтыру, мекеме тазалығы, құрылысқа қатысу, жол жөндеу, әлеуметтiк мәдени объектiлердi жөндеуге қатысу, мерзiмдi жылыту, шаруашылық жұмыс
- / / -
- / / -
- / / -
- / / -
- / / -
- / / -
|
1332 шаршы метр, бокс 50 шаршы метр, аумақ 512 шаршы метр, газон 464 шаршы метр, шырша ауданы 1160 шаршы метр, 500 шаршы метр, 968 шаршы метр
- / / -
- / / -
- / / -
- / / -
- / / -
- / / -
|
6
6
12
6
6
6
6
6
6
6
6
6
6
6
6
6
6
6
12
6
12
6
|
6
6
12
6
6
6
6
6
6
6
6
6
6
6
6
6
6
6
12
6
12
6
|
жергiлiктi бюджет
|
2
|
«Қалалық үйкомшарқұрылыс» коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын
|
Қала тазалығы, әлеуметтiк мәдени объектiлердi, құрылыс жұмыстарына қатысу, сәулет, ескерткiштер, кешен аумақтарын қалпына келтiруге қатысу, мәдени шараларды ұйымдастыруға көмек көрсету, шаруашылық жұмыстар, жол жөндеу
|
1868 мың шаршы метр, мерекелерге алаңды дайындау, қала бойынша күл-қоқыс шығару
|
245
|
245
|
жергiлiктi бюджет
|
3
|
«Аягөз су» коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын
|
Су құрбылары, канализация жүргiзу жұмыстарына байланысты қосалқы жұмыстар, бас каналдардың көздерiн, арық, өзендердi тазалау жұмыстары, көпiрлер құрылысына қатысу
|
300 құдықтың жөндеу жұмыстары
|
20
|
20
|
жергiлiктi бюджет
|
4
|
«Аягөз қаласының қорғаныс iстерi жөнiндегi бiрiккен бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi (келiсiм бойынша)
|
Әскерге шақырушылардың құжаттарын хаттау
|
20 iстен, 20 әскерге шақырылушыны шақыру
|
4
|
4
|
жергiлiктi бюджет
|
5
|
Аягөз аудандық салық басқармасы (келiсiм бойынша)
|
Хабарламаларды тарату, сұраныстарды таратып, жауабын алу, мұрағат құжаттарын түгендеуге қатысу, салық төлеу нөмерi мағлұматтарын салыстыру жұмысы
|
700 хабарлама, 200 салық iсi, 800-ден астам хат, хабарлама
|
15
|
15
|
жергiлiктi бюджет
|
6
|
Аягөз ауданы әкiмiнiң аппараты
|
Көгалдандыру жұмыстары, киiм iлгiш қызметi, хат-хабарларды жеткiзу
|
50-60 құжат
|
6
|
6
|
жергiлiктi бюджет
|
7
|
«Ақтоғай коммуналдық шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын
|
Аумақ тазалығы, құрылыс жұмыстарына, әлеуметтiк мәдени объектiлердi жөндеуге қатысу, шаруашылық жұмыстар, жол жөндеу
|
620 мың шаршы метр, мерекелерге алаңды дайындау, кент бойынша күл-қоқыс шығару
|
16
|
16
|
жергiлiктi бюджет
|
8
|
Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
Барлық түскен өтiнiштердi тiркеуге көмектесу, науқандық жұмыс
|
1000 өтiнiш, 2000 балалар жәрдемақысына өтiнiш, өтiнiштердi тiркеу
|
14
|
14
|
жергiлiктi бюджет
|
9
|
Аягөз қаласы әкiмiнiң аппараты
|
Жеке тұлғаларды тiркеу базасына арналған әдiлет басқармасынан мәлiметтердi жинауға қатысу, тұрғындарға хабарлама тарату, жәрдемақы алушыларды журналға тiркеу, мал басы санын республикалық базаға енгiзуге қатысу, мекеме тазалығы, аумақ тазалығы
|
Хабарлама 150,
журналға тiркеу 400,
базаға енгiзу 1000
|
12
|
12
|
жергiлiктi бюджет
|
10
|
Аягөз ауданының iшкi iстер бөлiмi (келiсiм бойынша)
|
Тұрғын үй иелерiне кiрiп аралау, сұраулар жүргiзу, құжаттармен жұмыс жасауда көмек
|
Қала тұрғындарына қызмет көрсету
|
20
|
20
|
жергiлiктi бюджет
|
11
|
Аягөз көшi-қон полиция бөлiмi (келiсiм бойынша)
|
Ағымдағы құжаттармен жұмыс iстеуге көмектесу, статистикалық есептi енгiзуде және дайындауда көмектесу, хат-хабарларды жеткiзу
|
300 өтiнiш, 400 парақ, 150 iс құжаттары, 50 әкiмшiлiк хаттамалар
|
8
|
8
|
жергiлiктi бюджет
|
12
|
Аягөз ауданының статистика басқармасы (келiсiм бойынша)
|
Ағымдағы құжаттармен жұмыс iстеуге көмектесу, статистикалық есептi енгiзуде және дайындауда көмектесу, хат-хабарларды жеткiзу
|
Ағымдағы құжаттармен жұмыс iстеу 40 құжат, статистикалық есептi енгiзу және дайындау 200 құжат, хат-хабарларды жеткiзу 50 құжат
|
8
|
8
|
жергiлiктi бюджет
|
13
|
Мемлекеттiк зейнетақы төлеу орталығы (келiсiм бойынша)
|
Зейнетақыны қайта есептеу үшiн құжаттарды iрiктеуде көмектесу, зейнетақы iстерiмен жұмыс iстеуге көмектесу, экология бойынша макет iстерiн өңдеуде көмектесу, ағымдағы және мұрағат құжаттармен жұмыс iстеуде көмектесу, хат-хабарларды жеткiзу
|
400 зейнетақы iсi, 10 макет, 60 құжат
|
8
|
8
|
жергiлiктi бюджет
|
14
|
Аягөз аймағы бойынша қаржы полициясы (келiсiм бойынша)
|
Мекеме тазалығы, аумақ тазалығы
|
Тазаланатын аула көлемi 100 шаршы метр
|
4
|
4
|
жергiлiктi бюджет
|
15
|
Аягөз аудандық экономика және қаржы бөлiмi
|
Iс қағаздарды номенклатура бойынша жинауда және өңдеуде көмектесу, хат-хабарларды жеткiзу
|
70 құжат, хаттар 200 дана
|
8
|
8
|
жергiлiктi бюджет
|
16
|
Аягөз ауданының әдiлет басқармасы (келiсiм бойынша)
|
Электрондық базасына арналған құжаттарды өңдеуге қатысуда көмектесу
|
400 құжат
|
8
|
8
|
жергiлiктi бюджет
|
17
|
Аягөз аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi
|
Құжаттармен жұмыс жасауға көмектесу
|
50-60 құжат
|
4
|
4
|
жергiлiктi бюджет
|
|
Барлығы
|
|
|
550
|
550
|
|
Жұмыс аптасының ұзақтығы 5 күндi құрайды, екi демалыс күн берiледi, 8 сағаттық жұмыс күнi, түскi үзiлiс 1 сағат, жұмыс уақытын есептеу табелiнде көрсетiлген дәлелдi жұмыс iстеген уақыты арқылы жұмыссыздың жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады және орындалатын жұмыстың мөлшерiне, сапасына, күрделiлiгiне байланысты; еңбектi қорғау және қауiпсiздiк техникасы бойынша нұсқаулық, арнайы киiммен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша әлеуметтiк жәрдемақы төлеу, денсаулыққа мертiгу немесе басқа зақымдану салдарынан келтiрiлген зияндардың орнын толтыру, зейнетақы және әлеуметтiк ақша аударулар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргiзiледi. Қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн (кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге, көп балалы аналарға, он сегiз жасқа толмаған тұлғаларға, мүгедектерге) қоғамдық жұмыстардың шарттары сай келген санаттың еңбек шарттарының ерекшелiктерiн ескерумен анықталады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлер мен жұмыс берушiлер арасында жасалатын еңбек шарттарымен қарастырылады.