Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1



2012 жылғы 2 қарашадағы

344 бұйрығы


ҚР Әділет министрлігінде

2012 жылғы 10 желтоқсанда

8164 тіркелді



Қазақстан Республикасы

Спорт және дене шынықтыру

істері агенттігінің салалық көтермелеу

жүйесін бекіту туралы

«Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 4) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 244 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі туралы ережеге сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің салалық көтермелеу жүйесі бекітілсін.

2. Әкімшілік жұмыс департаменті (Ғ.Әбілова) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігі төрағасының «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің көтермелеу түрлерін бекіту туралы» 2001 жылғы 20 желтоқсандағы № 1-1-2/327 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1734 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2002 жылы, № 12, 559 б.) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшы Ә.Х. Пірметовке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төраға Т. Ермегияев
Қазақстан Республикасы

Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының

2012 жылғы 2 қарашадағы

№ 344 бұйрығымен бекітілген



Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің cалалық көтермелеу жүйесі
 

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің салалық көтермелеу жүйесі (бұдан әрі – Көтермелеу) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агентігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 244 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі туралы ережеге сәйкес, дене шынықтыру және спорт саласының қызметкерлерін Қазақстан Республикасында осы саланы дамытуға үлес қосқан ынталандыру мақсатында әзірленген.

2. Дене шынықтыру және спорт саласының қызметкерлерін көтермелеу мақсатында төмендегі көтермелеу түрлері белгіленеді:

1) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Құрмет грамотасы (бұдан әрі – Құрмет грамотасы);

2) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының алғысы (бұдан әрі – Алғыс).
2. Құрмет грамотасымен және Алғыспен көтермелеу талаптары
3. Мемлекеттік қызметшілер, Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, дене шынықтыру және спорт саласы ұйымдарының қызметкерлері, спорт ардагерлері және Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға үлес қосқан тұлғалар Құрмет грамотасымен көтермелеуге үміткер тұлғалар болып табылады.

4. Мемлекеттік қызметшілер, Агенттікке ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың, дене шынықтыру және спорт саласы ұйымдарының қызметкерлері, меценаттар, демеушілер және Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға үлес қосқан тұлғалар Алғыс жариялауға үміткер тұлғалар болып табылады.

5. Қызмет нәтижелерін сипаттайтын және Агенттіктің көтермелеуге құқық беретін негізгі көрсеткіштері мыналар болып табылады:

1) Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытуға қосқан үлесі, дене шынықтыру және спорт саласының білікті кадрларын даярлауға белсенді қатысу;

2) қызметтік міндеттерді үлгілі орындау, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

3) шығармашылық белсенділік, мінсіз қызмет, кәсіптік және еңбек қызметіндегі жетістіктер;

4) дене шынықтыру және спорт аясында өңірлік, республикалық және халықаралық бағдарламаларды және жобаларды іске асырудағы жетістіктер;

5) спортты дамытудың өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер;

6) халықаралық, республикалық, өңіраралық спорттық іс-шараларға белсенді қатысу.

6. Бір тұлға Құрмет грамотасымен марапаттауға бес жыл ішінде екі рет ұсынылмайды.

7. Агенттіктің құрылымдық бөлімшесінің, Агенттіктің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша Алматы және Астана қалаларының, облыстық жергілікті атқарушы органдардың, (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар), меншік нысанына қарамастан дене шынықтыру және спорт саласы мекемелерінің, қоғамдық бірлестіктердің, спорт түрлері бойынша федерациялардың басшыларының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың ұсынымдары негізінде Құрмет грамотасымен марапаттау, Алғыс жариялау жүзеге асырылады.

8. Көтермелеуге ұсынымдарды қарау мерзімі Агенттікке келіп түскен күннен бастап 30 жұмыс күнін құрайды.

9. Көтермелеу Агенттік Төрағасының немесе оның міндеттерін атқаратын тұлғаның бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
3. Қорытынды ережелер
10. Құрмет грамотасын табыстауды және Төрағаның алғысын жариялауды Төраға немесе оны алмастыратын тұлға, не болмаса ол болмаған кезде оның уәкілетті лауазымды тұлғалары салтанатты түрде жүзеге асырады.

11. Мемлекеттік органның немесе басқа да ұйымның кадр қызметі қызметкердің еңбек кітапшасына және жеке іс-қағазына бұйрықтың шыққан күні мен нөмірін көрсете отырып, көтермелеу туралы тиісті жазба енгізеді.




2012 жылғы 2 қарашадағы №344 бұйрығы ҚР Әділет министрлігінде

«Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы №244 қаулысымен бекітілген Қазақс

42.59kb.

25 12 2014
1 стр.


Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау ережесін бекіту туралы

Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2012 жылғы 15 маусымдағы №126 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әд

133.34kb.

25 12 2014
1 стр.


Табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсаттарға енгізу ережесін бекіту туралы

Азақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылғы 16 сәуірдегі n 112-Ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 2 мамырда Нормативті

25.36kb.

23 09 2014
1 стр.


Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесін бекіту туралы

Азақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2008 жылғы 22 тамыздағы n 01-08/142 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 18 қыркүйекте Нормати

171.57kb.

14 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №35 бұйрығы «Әділет органдары туралы»

Республикасы Әдiлет министрiнiң «Нотариаттық қызмет саласындағы тексеру парағының нысанын және тәуекел дәрежесiнiң бағалау өлшемдерiн бекiту туралы» 2011 жылғы 29 маусымдағы №245 б

129.16kb.

15 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №36 бұйрығы

Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасын бекіту және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

81.56kb.

04 09 2014
1 стр.


Өнеркәсiп саласындағы жеке кәсiпкерлiк аясында тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерiн бекiту туралы

Индустрия және жаңа технологиялар министрiнiң 2012 жылғы 28 қарашадағы №426 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрiнiң 2012 жылғы 5 желтоқсандағы №325 Бiр

311.6kb.

25 12 2014
1 стр.


Қарағанды облысының аумағында "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын белгілеу туралы

Арағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 2 қарашадағы n 56/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 26 қарашада n 1988 тіркелді

38.53kb.

25 12 2014
1 стр.