Перейти на главную страницу
Қала әкімінің аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады. 25.12.2012 жылғы жағдай бойынша қала халқының саны 18023 адамды құрайды, оның ішінде экономикалық белсенділері – 7032 адам, өз жұмысымен қамтылғандар – 2956 адам.
Көше жолдары қара жабынмен жөндеуді талап етеді: ағымдағы (шұңқыр) – 10 000 шаршы метр; орташа – 35 км, қиыршық тасты жабынмен – 60 км.
Астафьев, Семейге шыға беріс жолын, Калинин, Чапаев – Чкалов - М.Горький, Украинский – Пушкин, шағын ауданды, Набережный, Заречный, Казахстанский, Повстанческий, Уба өзенінің жағалауына дейін, Интернациональный – Аврора көшелерін жарықтандыру жоспарлануда.
2013 жылға арналған бағдарлама: 9524 мың теңгеге елді мекендерді тазалауды қамтамасыз ету.
Шемонаиха қаласында халық 100% сумен қамтамасыз етілген. Орталықтандырылған сумен 92,18%, жергілікті су көздерінен қамтамасыз етумен 7,82%. Шемонаиха қаласында сумен қамтамасыз етумен келесі ұйымдар айналысады: «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС – қаланың орталық бөлігін сумен, «Маракана» ЖШС – қаланың 1,3-шағын аудандарын, «Шемонаихинский водоканалы» КМК теміржолшылар ауданын сумен қамтамасыз етеді.
Қала абоненттерінен жылумен қамтамасыз ету қаражаттарын жинауды мемлекеттің қатысуымен «СпектрПлюс» ЖШС атқарады.
Қаланың 18023 тұрғындарының ішінде экономикалық белсенділері – 7032 адамды құрайды (39%). Қал бойынша нақты тіркелген жұмыссыздар саны 31 адам. Күнкөріс табысы төмен тұрғындар саны – 385 адам.
Зейнеттік жастағы зейнеткерлер саны 3724 адам, атаулы көмек алатындар саны – 15 отбасы, 52 адам, тұрғын үй көмегі – 440 отбасы, 572 адам, 18 жасқа дейінгі мемлекеттік жәрдемақы алушылар саны - 21 отбасы, 41 бала. Шемонаиха қаласында 111 жаңа жұмыс орындары ашылды. 15 адам «жастар тәжірибесі» бағдарламасына қатысты. 105 адам қоғамдық жұмыстарға қатысты. Қаланың 4 тұрғыны оқытудан және біліктілігін арттырудан өтті. әлеуметтік жұмыс орындарына 9 адам жұмысқа орналастырылды. Шемонаиха қаласы бойынша барлық 189 адам «Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ орналастырылған.
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш 1618-ден 1731 теңгеге дейін, ол әр түрлі зейнетақыларды, жәрдемақыларды, өзге де төлемдерді қайта есептеулерді жүргізеді.
Жас бойынша әлеуметтік жәрдемақылар алушылар 6 адам.
Қала бойынша мүгедектер саны – 475 адам.
Үйде мүгедек-балаларды күтушілер – 46 адам (мүгедек балаларды тәриелеуші әкелерге, аналарға жәрдемақылар)
ҰОС мүгедектер – 6 адам
ҰОС қатысушылары – 26 адам,
Соғыс-интернационалистері – 53 адам
Тыл еңбекшілері – 629 адам.
Шемонаиха қаласында тұрғын үй құрылысын дамыту
Шемонаиха қаласындағы тұрғын үй қоры 4429 жеке сектор аулаларынан және 105 көппәтерлі тұрғын үйден тұрады.
Көппәтерлі үйлерге 4 ПИК (Уба -42, Вега-5, ПИК-4, «Жуков, 21» ПИК) қызмет көрсетеді. ПИК құрамына кірмейтін шағын аудандағы көппәтерлі үйлерге «СтройМак» ЖШС қызмет көрсетеді.
2012 жылы 120 пәтерлі үйдің құрылысы аяқталды. Бірақ бүгінгі күнде Шемонаиха қаласының тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде проблемалар туындауда. Жуков көшесі, 14а 30 пәтерлік коммуналдық тұрғын үй салу құрылысы басталды. Сметалық құны 1207 000 мың теңгеге жаңа мектеп құрылысы салынуда. «Жастар» стадионын қайта салу аясында жабық мұз айдынын, жабық спорттық кешен және жасанды жабынмен қапталған ашық футбол алаңын салу жоспарлануда. 2013 жылы сметалық құны 440,646 млн.теңгеге 280 орынға арналған балабақша салу жопарлануда.
«ШҚО Шемонаиха қаласы әкімінің аппараты» ММ 2012 жылғы 25 жағдайда жеке тұлғалардан 548 өтініш, заңды тұлғалардан 35 өтініш түскен. Көтерілген мәселелер жерді пайдалану, көлік және байланыс, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы жөнінде. Мүмкіндігінше туындаған мәселелер шешілді, түсініктеме берілді, бас тартулар болған жоқ.
Барлық өтініштер заңмен белгіленген мерзімде қаралады, өз құзыреттілігінің шегінде тиісті шаралар қабылданады.
Қаржы-бюджеттік сала. «ШҚО Шемонаиха қаласы әкімінің аппараты» ММ 2012 жылы 114725,8 мың теңге бөлінген. «ШҚО Шемонаиха қаласы әкімінің аппараты» ММ 01.01.2013 жылғы жағдай бойынша бюджеттік қаражаттарды игеру 99,9% құрайды.
Салықтар: Шемонаиха қаласы бойынша 8814183 теңге салық аударылған, оның ішінде – 7224302 теңге мүліктік салық, 1589881 теңге жер салығы, 1116872 сома жәрдемақы алушылар. 01.01.2013 жылғы жағдайда қайта төлем 98% құрацды.
Қайрырымдылық және демеулік көмектер
«Туған жерге тағзым» акциясы аясында Шемонаиха қаласында жалпы сомасы 1417655 теңге бюджеттік емес қаражат есебінен іс-шаралар өткізілді. Әлеуметтік серіктестік аясында 27650500 теңге сомаға іс-шаралар өткізілді. Осы бағыттағы жұмыстар үнемі жалғасуда.
2012 жылдың 11 айында Шемонаиха қаласының аумағында әртүрлі баптар бойынша 215 қылмыстар болды. Ішкі істер әкімшілік полициясы бөлімімен криминалдық жағдайларды тұрақтандыру бойынша жедел-қызметтік тапсырмаларды шешу, қылмыс деңгейін төмендету және қала аумағында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша мәселелер шешілді. Жұмыстағы басым бағыттар қоғамдық тәртіпті сақтау, есепке алу-тіркеу тәртіптерін нығайту, азаматтардың конституциялық және заңдылық құқықтарын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары.2012 жылдың 11 айында спирттік сусындарды қолданатын 18 адам СЕПП емделуге жіберілді, 42 бірлік оқ дәрімет атылатын қарулар жойылды, 956 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, нақты шешім шығару үшін оның 516 адамы мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.
Первомайский округы саны 5403 адам болатын 4 елді мекеннен тұрады, соның ішінде Первомайский к.– 4300 адам, Барашки а.– 547 адам, Ново-Ильинка а.– 505 адам, Фестивальная станциясында – 51 адам. Округтың орталығы – Первомайский кенті. Округтың аумағы – 20 084 га, оның ішінде елді мекеннің жерлері 3492 га, ауыл шаруашылығына арналған жер - 12913га, оның ішінде жыртылатын жер – 8168га, жайылым – 1981 га.
01.12.2012жылдағы мал басы:
ІҚМ – 1300 бас, Шошқа – 1375 бас, Жылқы саны 239 бас, Қой мен ешкі басы – 1410 бас, Құс саны – 5030, Омарта саны – 1095.
494 тонна ет өндірілген, сүт- 2019 тонна, жалпы жиналған астық – 3760 тонна дәнді дақылдар және 4374 тонна күнбағыс, дәнді дақылдардың өнімділігі 12,2 ц/га құраған, күнбағыстікі – 12,8ц/га.
- жолдарда1096 м2 асфальт төсеу арқылы ағымдағы шұңқырлы жөндеу 4 млн теңгеге жасалған;
-ұзақтығы 12 км электр сымдары желістеріне техникалық қызмет көрсету және сақтау жұмысы 360 мың теңгеге жасалған;
Қоғамдық-саяси жағдай. Үкіметтің атқарушы органдары қоғамдық бірлестіктермен бірігіп, округ азаматтарының моральды-психологиялық климатын, әлеуметтік жағдайларын жақсартуға бағытталған шаралар жүргізіп отырады, мемлекеттік және ұлттық мерекелер, қоғамдық-саяси, спорттық-бұқаралық шаралар өткізілген.
Құқықтық тәртіп сақтау. 2012 жылы ішкі істер органдарының қызметі келесі негізгі бағыттарда жүргізілген – қылмысқа, нашақорлыққа қарсы күресті нығайту, қылмыс пен әкімшілік құқықбұзушылықтың алдын алу, оларды болдырмау, қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Құқықбұзушылықты ескерту, тыю және оның алдын алу мақсатында, полиция қызметкерлерімен күнделікті көшелерде патрульдік бақылаулар жүргізіледі.
Шемонаиха ауданы әкімінің 2012 жылғы есебінде тұрғындардан түскен сұрақтар.
- елді мекендер көшелерін жарықтандыру. Соңғы үш жылда Первомайский кенті, Барашки ауылы, Ново-Ильинка ауылы көшелерін жарықтандыруды қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізілуде, елді мекендердің 45% көшелері жарықтандырылды. Жұмыс жалғасуда.
-ұзақ мерзім бойы иесі тастап кеткен пәтерлерде құжатсыз тұрып жатқан тұрғындардың құқығын анықтаушы құжаттарын ресімдеуге көмек көрсетуді жалғастыру.
Мәселені шешу. Құқығын анықтаушы құжаттарды ресімдеу мақсатында заң шебіне сәйкес кейбір категориядағы азаматтарға түсіндіру жұмысы жүргізіліп жатыр. 7 жылдан астам пәтерде тұрып жатқан азаматтар анықталған. Олар бойынша Шемонаиха аудандық сотының төрағалығымен тыңдалым өткен. Жұмыс жалғасуда.
2012 жылы 299 мың теңге жер салығы, 421 мың теңге мүлік салығы түскен.
Усть-Таловка кенті әкімшілік-аймақтық бірлігіне 7128 адам санымен 4 елді мекен кіреді. Усть-Таловка кенті – 6506 адам, Березовка селосы – 341 адам, Половинка селосы – 166 адам, Заречное селосы – 111 адам. Округтің көлемі – 7762 га, олардың 1667 га елді мекеннің жері, ауыл шаруашылыққа арналған жер 2170 га, олардың жыртылған жері 1430 га, мал жаятын жері 604 га.
Жыл басынан бері Николаевка байыту фабрикасын жабдықтауға 3 млрд. тг. инвестиция бөлінген және бөлінуде. Тамыз айында «Цикл аралық флотация»бірінші бөлігі іске қосылды, аталған бағытта жұмыстар жүргізілуде. Қайта құру кезінде металдың бөлінуінен, экологияны жақсартуға үлкен үлес қосады және де кептіру жүйесі алынады және прессүзгі орнатылғандығына байланысты ауаға орта антигидрид улы газы бөлінуін тоқтатады. Николаев кен орнының оңтүстік бортының геомеханикалық жағдайының қиындауына байланысты арнайы комиссия құрылып, аталған сұрақ қаралғаннан кейін жұмысты тоқтатуға байланысты шешім қабылданды. Қазіргі таңда жұмысшыларды басқа кен өндіру орындарына және «Қазақмыс корпорациясы» ұйымдарына жіберілуде. Жұмыс орнының қысқаруына байланысты сұрақтар қарастырылмаған.
2012 жылы ДШЕ 54 млн.тг. сомасында толық жөндеуден өтті және де МСБ бас корпусының шатыры ауыстырылды және МСБ 9,0 млн.тг сомасында терезе жақтаулары ауыстырылды.
2012 жылдың наурыз айында Шығыс Қазақстан облысы әкіміне корпорациядан хат жолданған болатын, 28.09.2011 жылдағы № 1103 ҚР Үкіметінің бекітілген қаулысына сәйкес мемлекеттік құқық бойынша мүлікті иемдену Ережелеріне сәйкес сыйлау келісім шарты арқылы жасау ұсынылған.
Аталған нысандарды коммуналдық иелікке өткізу 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүргізілетін болып шешілді.
Каменевский ауылдық округі 5 елді мекен құрайды жалпы адамдар саны 2326 адам, сонымен қатар: Рассыпное а – 849 адам. Коневка а -345 адам. Рулиха – 984 адам. Михайловка а -73 адам. Рулиха ст – 75 адам. Аудандық орталыққа дейін – 20 км, темір жол станциясына дейін – 20 км.Округ ауамғы -69090 га, оның ішнде елді мекендер жері -118,91 га,ауылшаруашылық тағайындау жері – 37580 га, шөп шабу 1940га, жайылым 11760 га, жыртатын жер 23880.
Округ аумағында 122 шаруа қожалық бар, 4 ЖШС, 1 ПК. Қазір 26 шаруақожалығы құжаттарын жойып «Шипулин С.В» шаруақожалығына бірігіп жатыр. Округ ауылшаруашылық тауар өндірушілерге 29501 га жер берілген, соның ішінде 20701 га егістік балл бонитеті 63. Округте шөп шабу 1568 га және жайылым 9416 га. 2012 жылы 12947 га астық себілді, егіннің жалпы түсімі – 14438 ц, 5755 га күнбағыс (егіннің жалпы түсімі 58792 ц) және 1,5 мын га жем көпжылдық шөптер себілді. 2012 жылы округ бойынша егін 16,9 ц/ га астық, күнбағыс 14,2 ц/га жиналды. Каменевский округінде мал шаруашылық пен Шипулин А.В шаруашылығы және Сердюков Н.И, Жуковский С.Н айланысады. Ш/Қ «Шипулин А.В» ірі қара мал 873 бас, 2011 жыл мен салыстырғанда 49 басқа көп. Сиырлардың басы жалпы салыстырып алғанда 350 бас (2011 жыл мен салыстырғанда 35 басқа көп). Шығарылған сұт – 10569 ц. Орта бір сиырдан сауылған 3061ц, ет -735ц. Ш/Қ «Сердюков Н.И» 333 бас шошқа ұстайды, 608 бас қой, ет 258 ц. ЖК «Жуковский С.Н» Ірі қара малдарының саны 15 бас, 240 бас қой бар, сатылған ет 297 ц.
Жеке меншік малдары сатылғанда 7682 ц еттей, 16800 ц сүт, жұмыртқа -880 мың дана. Бір сиырдың сүті – 3373 ц.
Округ аумағында 17 дүкен бар, 1 наубайхана бар.
Шағын бизнестегілердің саны – 58 адам.
Округ аумағында 18 дүкен бар, 2 наубайхана бар.
Шағын бизнестегілердің саны – 62 адам.
Қаржы –бюджеттік сала
2012 жылға жиналған салық
Жер – 272632 теңге, мүлік – 164734 теңге
Білім
Округте білім беру мектептері 3, оның ішінде екеуі орта. Орта мектептерінде екі шағын орталығы ашылған. Барлық балалар саны мектеп жасына дейінгі 184 бала, 275 оқушы.Мектептерде Михайловский, Рулихинский интернет жұмыс жасайды.
2012жылыбілім сапасы оқушылардың – 44%, орта бал ЕНТ -84.
Ең басты болып білім беру бағытында валеологизация болып қалды, ЕНТ және ПГК нәтижелерін жоғарлату.
Округ аумағында 3 медициналық мекемелер бар, оның ішінде СДА – екеу, Рассыпное және Рулиха селоларында, ФП – Коневка. Жылда ағынды жөндеу өткізіледі.
Рулиха СДА жалдау бөлмесінде орналасқан.Селолық дәрігерлік амбулаторияны аудандық бюджетке беру жұмысы жүріп жатыр. Соны мен қатар жер учаскесіне ЖСҚ жаңа СДА құрылысын жүргізуге құжаттар жоспарланды.
Мәдениет.
Округ аумағында Рулиха ауылында Мәдениет үйі бар оның иесі «Антропов Б.И» болған, қазір жергілікті бюджетке өтеусіз берілді, екі мектеп және екі ауыылдық кітапханалар бар, екі мектеп мұражайы бар,Қазақ ұлтық орталығы бар, екі спорт зал бар,бұл ауылдастардың бос уақытарын өткізетін орындар.
Рассыпное, Коневка ауылдарында клуб жоқ. Рулиха ауылындағы Мәдениет үйі күрделі жөндеу өткізуді қажет қылады, материалдық – техникалық қамтамасыз етуді қажет қылады.
Округтегі жалпы –саяси жағдай тұрақтылық.
2012 жыл ағынында негізгі сұрақтар халыққа тиісті орындалды:ауылдарды телфондар орнатылды, қосымша 39 телефон құрылды, «Мегалайн» жүйесіне қосу бойынша жұмыстар өткізілді проводсыз телефондарға. Ал енді мынадай проблемалар жарықтандыру, су, жолдарды жөндеу тағы басқада сұрақтарды этап бойынша шешіледі. Елді мекен ішіндегі жолдарды ұстауға бюджеттен 191 мың теңге қарастырылды. Негізгі бөлігі жолдарды жөндеу шаруақожалықтарға жатады.
Рассыпное және ст Рулиха су құбырлары «Шемонаихинский водоканал» КГКП комуналдық жеке меншікке берілген. Коневка ауылындағы сумен жабдықтау құрылысының сұрағы шешілу стадиясында. Мемлекеттік сараптама жасалды, жоба сметалық құжаттары әзірленуде. Жоба бағасы мөлшері 95,3 млн теңге құрайды. 2013 жылы құрылысты бастау жоспарланды.
Халықты әлеуметтік қорғау.
Өткен жылы есепте тұрған жұмыссыздықтар 11 адам.
Жылдың басында 8 адам қоғам жұмысна жіберілді.Мемлекеттік атаулы көмек алатындар саны – 47 адам, соммасы 924,7 мың теңге, тұрмыстық көмек – 41 адам соммасы 496,8 мың теңге, мемлекеттік жәрдем балаларға 18 жасқа дейінгі – 20 адам, соммасы 276,1 мың теңге.
2011 жылдан бері Рассыпное ауылында әлеуметтік қызметкер жұмыс жасайды, ол 6 адамға қызмет көрсетеді жалғыз тұратын зейнеткерлер .Каменевский округінде 18 меморандум бекітілді соммасы 5 млн 118 мың теңгеге, осы соммаға орындалды. Меморандумдарға сәйкес шаруақожалықтар үйымдастырды: жеке меншіктердің қоқыстарын шығарды, огородтарын жыртып берді, колорадский қоңыздарын жоюға көмек көрсеті, картоп отырғызуға жер учаскесін бөлді, обелисктерді жөндеуге көмек көрсеті.
Ауылдық округ әкімінің іс әрекеті «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы»заңымен, сонымен біргеҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен, облыс, аудан әкімінің өкімдерімен регламенттеледі.
Округте екі ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер –«Иртыш ТАНур плюс»ЖШС Зевакино ауылы және «ВК Житница»ЖШС Убинка ауылы суармалы өсімдіктермен шұғылданады: 2012 жылы–«Иртыш ТАНур плюс»ЖШС 150га 2013 жылғы жоспар 90 га қосымша, «ВК Житница»ЖШС 2013 жылға жоспар 232га қажетті қаржыландыру бар болған жағдайда немесе субсидия алған жағдайда қосымша 1000 га жер. Астық жинауда технологияны сақтауға, уақытында барлық агротехникалық іс—шараларды өткізуге көп көңіл бөлінген. Талдау жасау көрсеткендей осының барлығы қажетті техника саны бар шаруашылықтарда сақталған. Қазіргі уақытта барлық агротехникалық іс шараларды уақытында жүргізу үшін «ВК Житница»ЖШС, «Прииртышье+»ЖШС, «Сизиков иК» ЖШС, «Иртыш ТАНур плюс»ЖШС техника бар. Соңғы бірнеше жылда ірі қожалықтардың ауылшаруашылығы техникасы паркі жаңартылды. Барлық ылғал ұстағыш техникалары бар шаруашылықтарда осы аумақтарда өсетін дақылдар жақсы жиналды. Округтің барлық ірі шаруашылықтары ауылшаруашылығы дақылдарын өсіруде жаңа технологияларды, жаңа сұрыптар мен гибридтерді белсенді қолдануда, егістіктерді арамшөптерден, аса қауіпті зиянкестерден, аурулардан тазалауда жақсы жұмыс істейді. Өткен жылы ірі шаруашылықтар құрамына Убика ауылы бойынша «Вожова»ш/қ, «Дюсупов К.Х.»ш/қ, «Жанабаев С.Н.»ш/қ, «МусановҚ.Қ.»ш/қ, «Банников Ю.Н.»ш/қ, «МишенинН.П.»ш/қ, «Андронов Ю.Н.»ш/қ, Зевакино ауылы бойынша «Абеков Қ.»ш/қ, «Қонарбаев Т.М.»ш/қ, «БурахановМ.С.»ш/қ, «Чалгимбаева Н.Я.»ш/қ кірді..Барлығы 11 шаруа қожалығы.
ІҚМ басы-954, 2011 жылмен салыстырғанда,19 басқа артты;
Шошқа -550, 2011 жылмен салыстырғанда,130 басқа кеміді;
Қой-2024, 2011 жылмен салыстырғанда,74 басқа артты;
Жылқы -602, 2011 жылмен салыстырғанда,38 басқа артты;
Құс-3561, 2011 жылмен салыстырғанда,471 басқа кеміді
Бизнестің әлеуметтік серіктестік тақырыптарына қатысты кейбір сандарды атап өткім келеді.
2012 жылы жалпы сомасы 16 млн.849 мың теңге сомасына 10 меморандум жасалды, меморандумның орындалуы «Востоксельхозпродукт»ЖШС, «Сизиков и К.»ЖШС, «Прииртышье+»ЖШС, «ИртышТАНур плюс»ЖШС, «Журба Н.И.»ЖШС директорларының бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясына байланысты 23млн.965 мың теңгені құрады, Зевакино ауылында халықтың демалу орталығын ұйымдастыру үшін бұрынғы асхана ғимараты сатып алынып, күрделі жөндеуден өткізілді.
«ВК Житница»ЖШС-2млн 450мың теңге
«Валентина»ӨК-265 мың теңге
«Қалиев С.М.»ш/қ-192 мың теңге
«Кноблох иК»ЖШС-2млн.587 мың теңге
«Востоксельхозпродукт»ЖШС-1млн.939 мың теңге
«Прииртышье+»ЖШС-3млн 859 мың теңге
«ЖурбаН.И.» ЖШС-972 мың теңге
«Иртыш ТАНур плюс»ЖШС-3млн 963 мың теңге
«Дисюпов А.А.»ш/қ-210 мың теңге
Округ аумағында 13 кіші бизнес нысандары тіркелген, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны13.Кіші бизнес нысандарының санына 19 дүкен кіреді. Кіші бизнесте жұмыспен қамтылған адамдардың саны -25адам. Шаруашыл нысандармен инфляциялық рәсуаларды сақтау үшін тауарларға 10 пайыз үстеме жасауға меморандум жасалған. Сонымен бірге алғашқы қажетті тауарлар бағасына мониторинг жүргізіліп тұрады.
2012 жылы Зевакино ауылдық округі әкімі аппаратының жұмыс істеуіне және әлеуметтік мәселелерді шешуге аудан бюджетінен 15млн.594 мың теңге бөлінді.
Ауылдық округтің іс әрекетін қамтамасыз ету бойынша қызмет 12млн 903 мың теңге, бұл бабқа аудармаларымен еңбек ақы шығыны 8 378 000 теңге, ғимаратты ұстау (байланыс қызметі, жылу, жалға алу) 497 мың теңге, 1млн 021 мың теңге (автомобильді пайдалану және қызмет ету, оргтехникалармен компьютерлерге қызмет ету, кеңсе тауарларын сатып алу).
Автомобиль сатып алу- 1млн 570 мың теңге.
Елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге 127,0 мың теңге бөлінді.
Автомобиль жолдарын және елді мекендердің ішінде көшелердің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 391,0 мың теңге бөлінді
Елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға 403,0 мың теңге бөлінді.
Барлық бюджеттік қаражаттар толығымен қолданды.
10 254 000теңге округ әкімдігі аппаратының жұмыс істеуіне, соның ішінде еңбек ақысы 8 509 000теңге. Әлеуметтік мәселелерді шешуге келесі қаржы бөлінді: тазалықпен қамтамасыз етуге 136 000 теңге. Елді мекендерді жарықтандыруға 645 мың теңге, осы қаражаттан 473 мың теңге елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға байланысты шығынның орнын толтыруға, 172 мың теңге көше жарығының қызметіне жұмсалады. Қыс кезінде жолдың жұмыстарына 350 000 мың теңге бөлінді. Көше жарығын қайта қалпына келтіруге 2 млн. 450 мың теңге.
Есепте тұрған жұмыссыздар саны 11 адам. Жұмысқа орналастыру бойынша -24 адам өтініш берді, жұмысқа тұрғызылғандары -24 адам, жұмысқа орналастыру бойынша өтініш берген жалпы санның 100% құрайды.
Мемлекеттік атаулы көмек 2012 жылы 574 900 теңге (10 отбасы) сомасында 28 адамға көрсетілді. 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы-159 100 теңге сомасында (7 отбасы)13 адам, тұрғын үй көмегі-26 адам, 320 100 теңге сомасында көрсетілді.
Білім
Зевакино ауылдық округінің аумағында 2 орта мектеп бар: «Зевакино жалпы білім беретін орта мектебі»КММ және «Убинка жалпы білім беретін орта мектебі»КММ- бұл мектептерде 256 оқушы оқиды. Зевакино орта мектебінде 127 оқушы, соның ішінде 9 мектеп бітіруші, соның ішінде ЖОО және колледждерге түскендер-5, соның ішінде грант бойынша-1, білім сапасы-49,6%, ҰБТ-81%
Убинка орта мектебінде 129 оқушы, соның ішінде 4 мектеп бітіруші, соның ішінде ЖОО және колледждерге түскендер-2, соның ішінде грант бойынша-0, білім сапасы-40,4%, ҰБТ-85,5%. Округ мектептерінде медициналық қызмет және ыстық тамақ ұйымдастырылған. Мектептер компьютерлік сыныптармен толық көлемде жабдықталмаған. Мектеп жанындағы шағын орталыққа баратын мектеп жасына дейінгі балалардың саны 38адам. 2012 жылы Шемонаиха қаласында Үбі өзеніне таяу жерде мектеп жасындағы балаларға жазғы еңбек және балалардың демалу ы үшін киіз үй лагері ұйымдастырылыды. Зевакино ОМ 28 бала, Убинка ОМ 26 бала дем алды.
Медициналық қызмет
Округте 2 медициналық мекеме бар: медициналық пункт.Округ аумағындағы халыққа медициналық қызмет көрсетумен 4 медициналық қызметкер айналысады, соның ішінде 2 фельдшер және 2 орта медицина қызметкері. 2012 жылы Зевакино ауылындағы медициналық пункттің төбесі мен шатырын жөндеуге3 млн теңге бөлінді, жөндеу жұмысы жүргізіліп, қаражат толығымен игерілді.
Туды-Зевакино ауылы-11адам, -Убинка ауылы-11 адам
Қайтыс болды- Зевакино ауылы-15адам, -Убинка ауылы-15 адам
Онко науқастанғандар -Зевакино ауылы-10адам, -Убинка ауылы-3 адам
Құрт ауруы -Зевакино ауылы-6адам, -Убинка ауылы-0 адам
Флюрографиядан өткендер (жылжымалы) Зевакино ауылы-172адам, -Убинка ауылы-206 адам.
Азаматтар қабылданды Зевакино ауылы-1235адам, -Убинка ауылы-780 адам.
Зевакино ауылдық округінде ҚҚБ УПИ полиция лейтенанты Жүнісов Асхат Исатайұлы қызмет етеді. Қызмет ететін учаске аумағында 2 249 адам тұрады.
Зевакино ауылдық округінде 3 ауыл бар: Зевакино ауылы (1294адам),Убинка ауылы (819адам), Новая Убинка ауылы (136адам). 2012 жылдың 12 айының ағымында учаскелік инспектормен нысаналы бағытталған алдын алу және қылмыспен құқықбұзушылықты ескерту бойынша жедел алдын алу іс шаралары жүргізілді.
Қазіргі уақытта 09.07.2004 жылғы № 590 ҚР «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы»Заңына сәйкес учаскелік инспекторға көмек көрсететін әлеуметтік алдын-алу кеңесі жұмыс істейді. Округте қоғамдық тәртіпті күзету бойынша 1 қоғамдық құрылымда 3 адам жұмыс істейді. Зевакино ауылдық округінде АІІБ басқа қызметімен бірлесіп тұрғындар арасында алдын алу және қылмыспен құқықбұзушылыққа бағытталған 14 жедел-алдын алу іс шаралары жүргізілді. Сонымен бірге 2012 жылы өткен уақытта мал ұрлауға байланысты 1 факт орын алды.
Өтініш саны-55, оның 3-уі заңды тұлғалардан,52 жеке тұлғалардан(жазбаша өтініш-40, ауызша-15)
Өтініш сипаттары:
Жер және жерді пайдалану-29
Жылжымайтын мүлік-10
Кәсіпкерлікмәселелері-1
Халықты еңбек және жұмыспен қамтамасыз ету-2
ТҮКШ мәселесі-4
Басқада өтініштер-9
2011 жылы Шемонаиха ауданы әкімінің есебінде және 2012 жылы облыс әкімімен кездесуде тұрғындардың қойған сұрақтары.
1.Зевакино МП ғимаратын жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжаттарды дайындау. «Жұмыспен қамту 2020» Бағдарламасы бойынша нысаналарды қаржыландыру туралы мәселені шешу(4 бағыт бойынша «Ауылдың елді мекендерін дамыту»).
2.Убинка ауылын жолдарды жөндеу және ауылдың көше жарығына қаражат жетіспейтіндіктен «Тірек ауылдар» бағдарламасына енгізу.
3. Жер суару үшін құралдар сатып алуға өздерінің қаражаты жетпетіндіктен округті «Ауылшаруашылығы жерлерін суару» бағдарламасына енгізу.
4.Зевакино ауылында пошта байланысын салу.
5.Құрылыс бағдарламасына барлық санитарлық нормалармен талаптарға сәйкес жеке тұрған МП және ФАП модульдік жобасын енгізу.
6.Бала бақшаны толық жұмыс күніне ашу.
2012 жылға Зевакино ауылдық округінің даму мәселелері:
1.Өскемен қаласына дейін жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз ету.
2013 жылға міндеттер:
Бекітілген кестеге сәйкес 2013 жыл 22 қаңтарда Вавилон ауылдық округінің әкімі Николай Викторович Кузнецовтың Камышинка ауылының тұрғындарының алдында есептік кездесуі өтті. Өз сөзінде әкім округ аумағындағы барлық меншік нысанындағы ұйымдардың қызметі бойынша ақпарат берді. Баяндамада ауыл шаруашылық құрылымдарының экономикасын арттырудың негізгі қорлары атап өтілді, ол: ІҚМ басын арттыру, өнімділікті арттыру мен ауылшаруашылық дақылдарын өсіруде жаңа технологияларды қолдану, осының нәтижесінде ауылдарды абаттандырудың инфрақұрылымын дамытуға қаражат салуға мүмкіндік береді. 2011 жылы округке бюджеттен бөлінді: абаттандыруға – 6 млн. 466 мың теңге, 2012 жылы 148 млн. теңге бөлінді, оның ішінде Шемонаиха – Сугатовка жолын жөндеуге 74 млн.теңге, Кенюхово ауылындағы апаттық көпірін жөндеуге 4 млн. теңге, Сугатовка ауылында балалар спорттық алаңшасына 102 млн. теңге. 2012 жылы Камышинка ауылы «Ауылдарды дамыту» мемлекеттік бағдарламасына еңгізілді.
Жаз мезгілінде осы ауылда бюджет есебінен 18587 м2 алаңда асфальт салынды. 3,9 км – көше жарықтандыруын монтаждау жүргізілді, 8 млн. теңге сомасына жаңа саябақты жабдықтау және обелискке күрделі жөндеу жүргізілді.
2,6 млн. теңге сомасына балалар ойын кешені орнатылды. Тірек ауылдарын дамыту бағдарламасымен меншік капиталдың, сонымен қатар халықтың қатысуы көзделіп отыр. «Камышинское» Ш/Қ тірек ауылының негізгі кәсіпорны болып табылады. Әлеуметтік серіктестік туралы жасасқан меморандумға сәйкес, 41 млн. 620 мың теңге жоспарда, атқарылған жұмыстар көлемі 53 млн. 865 мың теңгені құрады.
Жаз мезгілі барысында кіре беріс арка, саябақтың металл қоршаулары, шағын зоосаябақ қондырғысы орнатылды, Мәдениет үйінің жөнделуі жүргізілді. Шаруа қожалықтары есебінен 7 млн. теңге сомасына ауыл көшелері асфальтпен төселді және баннерлер үшін металл құрылыстар жасалып орнатылды. Бұдан басқа «Камышинское» ш/қ Пруггерово ауылының су құбырын қайта жөндеуге және жаңа мектептің құрылысына жоба – сметалық құжаттаманы дайындады. «Камышинское» ш/қ басшылығы тірек ауылының негізгі бағыты – тұрғын үйлердің құрылысын орындайды. Бүгінгі күнге, Камышинка ауылы - тірек ауылының барлық талаптарына сәйкес келеді.
Халық ауыз сумен қамтамасыз етілген, тұрғын үйлер салынуда, жұмыс орындары пайда болуда, көше жарықтандырылуы мен көшелердің асфальтпен төселуі жүз пайыз. Орта мектеп, балабақша, ауылдық мәдениет үйі, кітапхана, ауылдық дәрігерлік амбулатория, наубайхана бар, жеті дүкен қызмет етеді. Камышинка ауылының тұрғындары ауылды абаттандыруға белсенді қатысуда. Жаз мезгілінде иеліктегі үйлердің және үй-жайлары қоршауларының жөндеулері бойынша 7 млн. теңге сомасына жұмыстар жүргізілді.
2013 жылға округ бойынша келесі міндеттер қойылды:
- Сугатовка ауылында су қорлары бойынша іздестіру жұмыстары жүргізілді (мемлекеттік бағдарламаға еңгізілді).
- Камышинка ауылында жаяу жолдарды орнату (10 млн. теңге бөлінді)
- Сугатовка ауылында көше жарықтандыруын монтаждау (2,6 млн. теңге бөлінді)
- «Заря» ш/қ ІҚМ басын арттыру (200 бас)
- Пруггерово ауылында мектеп құрылысы
- Пруггерово ауылында су құбырын қайта жөндеу.
- Камышинка ауылында спорт алаңшасының құрылысы (8 млн. теңге)
- Сугатовка ауылында ауылдық дәрігерлік амбулаторияның құрылысы
(2013-2014 ж.ж.).
Камышинка ауылы тұрғындарының сөздері бойынша бір ауыздан ұсыныс түсті – ауылдық округ әкімі аппаратының жұмысын қанағаттанарлық деп танылсын. Сондай-ақ «Камышинское» ш/қ басшысы В.И. Акуловқа алғыс сөздері айтылды.
Алайда оң көзқарастармен қатар, бірқатар ұсыныстар мен мәселелер айтылды:
Верх-Уба ауылдық округі Шемонаиха ауданының шығыс бөлігінде орналасқан. Округ аумағы - 108 264 га құрайды. 2013 жылдың 1 қаңтарына тұрғындардың саны 2302 адамды құрайды, оның ішінде экономикалық белсенді 1320 адам. Ауылдық округтің әкімшілік орталығы –Верх-Уба ауылы. Округ құрамында 2 елді мекен бар (Верх-Уба ауылы, тұрғындар саны 2284 адам) және Зауба селосы, тұрғындар саны 18 адам.
Құрметті округ тұрғындары!
Мемлекет басшысының 2005 жылғы 6 сәірдегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының тұрғындар алдында есептік кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес халық алдында жыл сайын есеп берулер өткізіліп тұрады, ол тек қана проблемалық мәселелер ғана емес, оларды шешу үшін басымдылық міндеттерді де белгілейді. 2012 жылы Верх-Уба ауданын әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша атқарылған жұмыстар Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының ережелерін, Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту- Қазақстанның дамуының басты бағыты» Жарлығын іске асыруға бағытталған.
2012 жылы тұрғындармен есептік кездесуде тұрғындардан 3 сұрақ түскен болатын (пошта бөлімшесінің ғимаратын салу туралы; Верх-Уба а.– Предгорное а. жолының бөлігін қалпына келтіру туралы; округ аумағында электроэнергия, телефон, салық және басқа төлемдерді төлеу бойынша терминал орнату туралы), оның ішінде шешілгендері – 1, бір сұрақ бойынша түсініктеме берілді, 1 мәселе бақылауға алынды және 2014-2015 жылдары шешілетін болады.
Анықтама: Пошталық бөлімше ғимаратын салу туралы - жайдың алаңы кішкентай, күту залы жоқ, келушілер жылытылмайтын тамбурда тұрады. 2012 жылғы 13 ақпанда жауап берілді, есептік кездесуге «Қазпошта» АҚ аудандық филиалының директоры Артамонова Т.Г. қатысқан, құрылыс 2014-2015 жылдарға жылжытылды, үлкен алаңды жайды жалға алуға дайын.
Верх-Уба ауылы –Предгорное ауылы бойынша жол бөлігін қалпына келтіру туралы – жол бойындаға бұталар кесілді және тегістей отырып, құм-тас аралстырып, жолға төселінді және 2 км жол жөнделді.
Округ аумағында электроэнергия, телефон, салық және басқа төлемдерді төлеу бойынша терминал орнату туралы – терминалды орнату үшін жылына 15 млн. теңге ақшалай қаражат айналымы қажет. Округ аумағында ақшалай қаражат айналымы 3,7 млн.теңгені құрайды.
Бюджет
Мемлекеттік бюджетке округтің салық төлеушілерінен 23 млн. теңге түсті, ол 2011 жылға қарағанда 4,6 млн. теңге артық.
Шығыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 66 қаулысына сәйкес Верх- Уба ауылы облыстың тірек елді мекендер тізбесіне қосылған.
2012 жылы тірек ауылын дамытуға барлық көздерден 59,7 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:
1. Бюджет – 36,7 млн. теңге (61 %), оның ішінде:
Республикалық бюджет – 28,8 млн. теңге
Облыстық бюджет – 6,3 млн. теңге
Аудандық бюджет – 1,6 млн. теңге
2. Шаруашылық субъектілердің меншік қаражаты – 9,0 млн. теңге (15 %)
3. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі– 14,0 млн. теңге (24 %)
Шынайы секторда 12 жоба жоспарланған, оның ішінде 11 Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының екінші бағыты аясында. 12 жобадан толық орындалғаны- 5: «Айтас» ЖШС «Май зығырын өсіру» жобасы іске асырылды, 3 жаңа жұмыс орны ашылды, Данилова Т.Н. ЖК мал шаруашылығын дамытуға 1,5 млн. теңге сомасына шағын несие алды, 1 жаңа жұмыс орны ашылды, Акатова О.В. ЖК мен Акатов Г.Г. ЖК картоп өсіруді дамытуға 3,0 млн. теңге сомасына әрқайсысы шағын несие алды, 4 жаңа жұмыс орны ашылды, ЖК Балацкий А.В. омарта шаруашылығын дамытуға 2,0 млн. теңге сомасына шағын несие алды, 1 жаңа жұмыс орны ашылды.
Ауылдың инфрақұрылымын дамыту бойынша 2 жоба жоспарланған және орындалды: көшелерді жөндеу және жарықтандыру.
Абаттандыру аясында 4 жоба жоспарланған және орындалды.
1. санитарлық тазалау – санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша айлық аясында сәуір – мамырда 58 апатты үйінділер жойылды, 720 куб. метр қоқыс шығарылды.
2. саябақты абаттандыру - 500 көшет отырғызылды, аумақты жоспарлау жүргізілді .
3. Шаруашылық субъектілердің күшімен көшеттер егілді, мемлекеттік мекемелер- қарағайлы ағаштардың 1170 көшет отырғызылды .
4. Хоккей қораптарын орнату
Тұрғындардың және шаруашылық субъектілердің күшімен 2 жалпы ауылдық сенбілік өткізілді, 45 жаңа қашалар орнатылды.
Бағдарламаны іске асыру аясында 9 жаңа жұмыс орны ашылды.
Тәжірибені пайдалана отырып, біз Верх-Уба ауылының экономикалық әлеуетін және инфрақұрылымын дамуының проблемалық мәселелерін есепке алатын, шынайы ісшаралар жоспарын әзірледік.
Шынайы секторда өткен жылдағы 5 жобаға қарағанда, 2013 жылы 6 жобаны іске асыру жоспарланып отыр (мал шаруашылығын, құс шаруашылығы мен омарта шаруашылығын дамыту, жаңа ауылшаруашылық техникасын сатып алу), оларды іске асыруға 60,0 млн. теңгеден кем емес қаражат бөлінетін болады, 2012 жылдың қорытындысы бойынша 18,5 млн.теңге құрады.
Өткен жылы ауылда кәсіпкерлікті дамыту саласында бір де жоба болған жоқ. Ағымдағы жылы 5,0 млн. теңге сомасына, оның ішінде 3,0 млн. теңге - қарыздық қаражаттарына 2 жобаны іске асыру жоспарланған (жабайы шырмауықты дайындау және демалу орны мен туристік бағыттарды ұйымдастыру)
Жыл қорытындысы бойынша ауылды дамытуға салынған бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің қаражаты 14,0 млн. теңгені құрады, ағымдағы жылы 29,5 млн. теңгеден кем емес салым жоспарланып отыр, оның ішінде 19,0 млн. теңге – балабақша ғимаратын қайта жөндеу.
Верх-Уба ауылын тірек ауылы ретінде дамыту бағдарламасының аясында ағымдағы жылға барлық көздерден 131,7 млн. теңге бөлу жоспарланып отыр, оның ішінде:
1. Бюджет – 63,3 млн. теңге (48 %), соның ішінде:
Республикалық бюджет – 54,1 млн. теңге
Облыстық бюджет – 0 млн. теңге
Аудандық бюджет – 9,16 млн. теңге .
2. Шаруашылық субъектілердің меншік қаражаты – 40,0 млн. теңге (30 %)
3. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – 25,5 млн. теңге (19 %)
4. Қарыз қаражаттары – 3,0 млн. теңге (3%)
Верх-Уба ауылын тірек ауылы ретінде дамыту бойынша күтілетін нәтижелер
«Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты «Қазақстан-2050 Стратегиясында»: мемлекет басшысы ауылшаруашылық өнімдерді өсіру, егіс алаңдарын арттыру, өнімділіктің біршама артуын қамтамасыз ету, мал шаруашылығын дамыту Қазақстанның әлемдік сауда нарығының көшбасшысының бірі ретінде міндет қойып отыр.
Округтің басты саласы ауылшаруашылығы болып табылады. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ауылшаруашылық жұмыстың басымды бағыты болып табылады.
Округте 42 шаруашылық тіркелген, оның шінде 24-і өз бетінше қызмет етеді, қалғандары - бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша жұмыс істейді.
Округ шаруашылықтарына 19 га жер бекітілген, оның ішінде 11 мың гектар – егістік жер және 7 мың - жайылым мен шабындық. Жер бонитетінің орта балы– 64.
Егістік жердің құрылымында астық және астық бұршақ дақылдар – 71%, күнбағыс үлесі 17%, азық дақылдары егіс алаңдарының 4% орналасқан, егіс жердің 5% жуығы күзде күзеу астық дақылдарымен себілген таза буда қалып отырды.
Окургтің ауылшаруашылық тауар өндірушілері 13,4 ц/га орта өнімділігімен 10,5 мың тонна астық және астық бұршақ дақылдарын жинады. Күнбағыстың өнімділігі 14,5 ц/га құрады, осы дақылдан 3 мың тонна жиналды.
Астық және астық бұршақ дақылдардың ең жоғары өнімділігі – гектардан 14,0 центнер, күнбағыс – 17,5 центнер. Алайда, жерге деген жауапсыз қатынас деректері бар: банитеттеің жоғары балында кейбір шаруашылықтар бір гектардан 11 центнер астық алды, күнбағыс – 4,5 центнерден.
Өсімдік шаруашылығының төмен нәтижесінің негізгі себептері:
Ауылшаруашылық құрылымдардың 50% өз бетінше жұмыс істемейді, сондықтан, олардың жерлері тиімсіз пайдалынылып келеді: оңтайлы мерзімдерін бұза отырып себіледі, дақыдарды кезектеп себу сақталмайды (ауыспалы егістер), осы себулер дұрыс күтілмейді.
Соңғы 5 жылда округтің шаруашылығы («Защита Верх-Уба» ЖШС басқа) бір тонна да минералдық тыңайтқыштар сатып алған жоқ, сондай-ақ, органикалық тыңайтқыштарды да пайдаланбайды, себулерді қатты ластауға жол беріледі, соның ішінде грибицидтерге шыдамды арамшөптер (овсюг, лозалы молочай, осоттардың әртүрлі түрлері, қызылсары бодяк).
Бердібек Мәшбекұлы, жерді үнемді пайдалану, өсімдік шаруашылығының өнімділігін арттыру тапсырмаңыз бойынша 2012 жылы ұсақ ауылшаруашылық бірлестіктерінің басшыларымен ірілендіру мәселесі бойынша жұмыс жүргізілді. 2013 жылы 8 шағын және орта шаруа қожалықтарының ірі шаруа қожалықтарымен бірлесу жоспарланып отыр.
Округте 1360 тонна сүт өндірілді (өткен жылғы деңгейге қарағанда 101%), 220 тонна ет (111%). Саумалы сиырдың орта сауылымы округте есеп беру күнінде 3510 кг (101%) құрап отыр.
Шаруашылықтарда 983 бас ІҚМ (өткен жылғы деңгейге 116%), оның ішінде 380 сиыр – 380 бас(100%), шошқа – 1254 бас (107%), жылқы – 125 бас (74%), қой мен ешкі – 587 бас (197%), құстар– 3,0 мың бас (74%).
Мал шаруашылығы саласында ұсақ тауарлы өндіріс басым, қолда бар әлеуетке қарамастан, (шабындықтар мен жайылымдардың болуы) мал басы негізінде тұрғындардың шаруашылығына бағытталған.
2013 жылға округтің ауыл шаруашылығын дамытуға біздің алдымызға мына міндеттер қойылған:
Президент «Қазақстан - 2050» Стратегиясында елімізде мемлекет барлық проблемаларды шешуін күтіп отырмай, өтіп жатқан экономикалық жаңарулардың толымды қатысушысы ретінде адам өзін бизнесте байқап көруге қажетті жағдайлар жасалатынын атап айтты. Округте кәсіпкерлік қызметпен 43 адам айналысады. Округте 16 дүкен, 2 наубайхана, шаштараз, май зауыты, еттің жартылай дайын өнімін дайындау жөніндегі цех, және дәріхана мен мал дәріханасының филиалдары жұмыс істейді.
Шағын бизнес саласында 194 –тен астам адам жұмыс істейді, округ аумағында жұмыс істейді: - ЖК «Шевченко» - еттің жартылай дайын өнімін дайындау жөніндегі цех.
Анықтама: 2012 жылы 10 млн. 146 мың теңге сомасына 20,88 тонна дайындалды- жұмысшылардың саны 18 адам. 2 млн. 051 мың теңге сомасына - 23,76 тонна нан пісіру. Жыл сайын шығарылатын өнімнің түрлері артып келеді: нан өнімдері, еттің жартылай дайын өнімін.
- ЖК «Усыпенко» - нан пісіру.
-Май зауыты. 2012 жылы пастерленген сүт дайындау бойынша жаңа желі іске қосылды, айран, қатты ірімшіктер. Округ тұрғындары күн сайын сүт сатып алады. 2013 жылы май өндіру бойынша технологиялық желі сатып алу жоспарланып отыр.
Инфляциялық үдерістерді ұстау үшін, шаруашылық субъектілермен 10 пайыздық сауда үстемесі туралы 11 меморандум жасалды. Алғашқы қажеттілік тауарларына баға мониторингісі апта сайын жүргізіліп тұрады.
Мемлекет басшысының тапсырмаларының бірі тұрғындарды сапалы ауыз суымен қамтамасыз ету.
Округте "Шемонаиха водоканал" КҚМК теңгерімінде тұрған 25 км су құбырлар желісі бар. Су құбырын 224 аула 492 адам пайдаланады. Су құбырларының желісінің ұзақтығы 25 км құрайды. Тозуы 99 %, барлық су құбырлары 1960-70-жылдары салынған және 40 жылдан астам істеп келе жатыр. Қазіргі кезде жер астындағы су қоры есептеліп жатыр. Су құбырларын ауыстыруға жобалық сметалық құжатнамаларды дайындау 2014 жылға жоспарланып отыр.
Анықтама: Суға төлем 1 м3 үшін. 132 теңгені құрайды. 2013 жылғы ақпаннан бастап ауыз су құны 1м3 үшін 40 теңге, қосалқы шаруашылыққа су алуға 1м3 үшін 132 тенге құрайтын болады.
Бір жылда есептелген төлем сомасы– 3млн. 125мың теңге, 3млн. 0,29 тыс теңге жиналды (93%), 2012 жылдың оңындағы қарыз 299 мың теңге құрады.
Жолдың жағдайы: округ аумағында 36 км жол, оның ішінде қатты жол төсемі - 6 км.
500 абонементке қызмет көрсетуге есептелген АТБ филиалы жұмыс істейді, 455 телефон мен 6 радиотелефондар орнатылды.
Тұрғындарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту
Округ аумағында зейнеткер жастағы 437 адам тұрады, оның ішінде 80 жастан асқандар -70 адам, мүгедектер -72 адам, оның ішінде 7 бала. Аудандық әлеуметтік көмек бөлімшесінің үш әлеуметтік жұмысшысы жұмыс істейді. 3 мүгедек балаға, 14 ересек тұрғындарға қызмет көрсетіледі, 2012 жылы «Хоспис» ЖШС 1 адам ресімделді.
2012 жылы 664,8 мың теңге сомасына 17 отбасына мемлекеттік атаулы көмек көрсетілді (48 алушылар). Округте 575,5 мың теңге сомасына 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы алатындар – 18 адам, 260 мың 112 теңге сомасына тұрғын үй көмегін алатындар – 33 адам. Еңбекке қабілетті тұрғындардың саны 1320 адам. Округ аумағында Ұлы Отан Соғысының 25 қатысушысы және 78 тыл еңбеккерлері тұрады.
2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының бас бағыты» Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында оқытудың тиімді жүйесін құру қжеттілігі және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу атап өтілді.
Маусымға, жылға байланысты, округ аумағында 350-ден 650 –ге дейін адам жұмыс істейді, өз бетінше жұмыс істейтін тұрғындардың саны 800-ден астам адам, 2012 жылы жұмыспен қамту орталығынан 11 адам жұмыс істеді. Жаз кезінде «Ауылдың гүлденуі –Қазақстанның гүлденуі» атты бағдарламасы жастар қозғалысы бойынша 9 адам жұмыс істеді, тракторшы механизатор мамандығы бойынша 18 адам оқып шықты. Еспеке алынған жұмыссыздар саны 7 адам. Еңбекке орналастыру мәселелері бойынша екі адам жүгінді, екеуі де жұмысқа орналасты.
2020 жұмыспен қамту бағдарламасының бірінші бағыты аясында 2013 жылы "Защита Верх-Уба" ЖШС негізінде (Е, Д) санаттағы жүргізушілердің біліктілігін арттыру жоспарланып отыр – жұмыспен қамту орталығынан 10 адам. Жұмыссыз және аз қамтамасыз етілген отбасыларын кедейшіліктен шығару мақсатында 2000 дана балапанды тегін беру үшін меморандум жасауға Өскемен құс фабрикасымен жұмыс жүргізіліп тұрады. 2013 жылға 20,0 млн.теңге сомасына шағын несие алу және 5 жаңа жұмыс орнын құру.
Верх-Уба ауылдық округінің аумағында «Верх-Уба жалпы білім беретін орта мектебі» КММ бар, онда 274 оқушы оқиды . Мектепте шағын орталық ашылған, оған 26 адам барады, 30 бала мектепалды даярлық дайындығынан екі бала мектепалды даярлық тобының екі тобында оқиды. Өткен оқу жылында меткепті 17 түлек бітірді. ЖОО-1 колледжде – 13 оқиды, жұмысқа оналсақандар- 3 тәрбиеші. Округ бойынша ҰБТ орта балы 76,3 (көрсеткіш 80,3 құраған орта аудандықтан төмен)
Бүгін төмен сыныптың барлық оқушылары ыстық тамақтандырумен қамтамасыз етілген, рационға міндетті түрде бал, көкөніс енгізілген. Барлығы 274 оқушы ыстық тамақтандырумен қамтылған, немесе оқушылардың 100% , оның ішінде аз қамтамасыз етілген отбасынан - 38 бала.
«Сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсету, аурулардың кең тараған спектрін диагностикалау және емдеуді» денсаулық сақтау саласында басымдылық бағыт деп есептейді мемлекет басшысы .
Ауылдық дәрігерлік амбулатория Верх-Уба ауылдық округ орталығында орналасқан. Амбулаторлық қатынас көлемі - 4939 адам, ауруларға үйге бару - 369 адам, күндізгі стационар жұмысы - 40 адам. 2012 жылы округте туберкулез және онко ауруларының төмендеуі белгіленген. Округ тұрғындарына қызмет көрсету үшін санитарлық автомобиль бекітілген. Өткен жылы 23 адам туылды, қайтыс болғандар - 44. Туберкулезбен созылмалы аурулар жоқ. Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына сәйкес ұсынылған. Медициналық қызметкерлермен шұғыл медициналық көмек көрсету жүргізіледі, дәрілік қаматамасыз ету толық көлемде бар. ҚР 20114-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтау бағдарламасында салауатты өмір салтын бұдан әрі енгізуге, азаматтардың өз денсаулығын сақтауға және тәртібінің өз сақтануына акцент жасалған. Округте бұл жұмыс жалғасатын болады. Біз ағымдағы жылы ауылдық дәрігерлік амбулаторияға дәрігер жұмысқа орналасады деп үміттенеміз.
Анықтама: Штат саны- 1 акушерка, 3 медбике, 1 жүргізуші, 1 санитар ыдыс жуғыш 1 тұрғындардың әлеуметтік қабатына қызмет көрсетуге лаборанттың 0,25 ставкасы.
Верх-Уба СДА электр жылуы мен және орталықтандырлған сумен қамтамасыз етілген бейімділген ғимаратқа орналасқан. СДА нормативтерге сәйкес жарақтандырылған.
Верх-Уба Дәрігелік Амбулаториясында қажетті көрнекі ақпараттарымен әлеуметтік медициналық көмек жазылған. Округ мектебінде СӨС қалыптастыру бойынша «дөңгелек үстелдер» әңгімелесулер өткізіліп тұрады.
Мәдениет
Қазақстанның даму Стратегиясында мемлекет басшысы біздің ұлттық мәдениетіміз бен салт-дәстүрлерімізді сақтауға акцент жасалған.
Верх-Уба ауылдық округінің аумағында ауылдық кітапхана және ауылдық мәдениет үйі бар. Кітапхана ауылдық мәдениет үйінің үлгілі ғимаратында орналасқан. Ғимараттың теңгермдік ұстаушысы "Защита- Уба" ЖШС . Мәдениет жұмысшыларының штат жүктемесі - 4 бірлік (мәдени ұйымдастырушы, ән-күй басшысы , хореограф, кітапханашы). Бюджет қаражатынан аппаратура сатып 1 млн. теңге берілді. Ғимаратты жылытуға 500,0 мың теңге бөлінген. 30 сахналық костюмдер сатып алынды.
2012 жылғы қазанда селолық МҮ күрделі жөндеу жүргізілді (15 млн. теңге өз қаражаты есебінен) ескерткіштің аумағын абаттандыруға 4,0 млн. теңге бөлінді.
Қазақстан-2050 Стратегиясында ұлт көшбасшысы салауатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті екенін атап өтті. Біздің алдымызда дене шынықтыруды дамыту, жаппай спортты және дене шынықтыру сауықтыру нысандарын салу.
Округ аумағында спорт залы мектеп ғимаратында орналсқан. Округет жаз кезінде жазғы ойындар үшін ойын егісі бар– футбол,волейбол және т.б. Волейбол , баскетбол, жеңіл атлетика және үстел теннисі бар. Мұғалімдер – Cергеев А. Тютюньков В.Г. Тұрғындардың демалуы, округте спортпен шұғылдану округтің ЖК, шаруа қожалықтардың күшімен мектеп аумағында оналасқан хоккей қорабы, құрылысқа ЖК Гусляков А.Г., Гусляков П.Л., Валитов Д. ш/қ Усыпенко қатысты. Округте аудандық балалар жастар спорт мектебінен дзюдо жұмыс істейді. Жаттықтырушы В.Лищук үй-жай мектеп ғимаратынан бөлінген. Округ спортшылары ауданның жалпы білім беретін мектептерінің дәстүрлі спартакиадасына, аудан және облыс әкімінің сыйлығына халық спорт ойындарына қатысады.
Құқық бұзушылықтың алдын алу
құқықтық көзқамандықты жою және қоғамдық тәртіп ісіне қоғамның қосылуы бойынша еліміздің Президенті біздің алдымызға міндеттер қояды.
2012 жылы округте 76 оқиға мен қылмыс тіркелген, 16 бойынша қылмыстық іс қозғалған, қалғандары бойынша заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданған.
Округте құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша Кеңес жұмыс істейді ( 7 адам), «Сарбаздар» қоғамдық құрылымы (учаскеліктің қоғамдық 3 көмекшісі).
М – 486 бас, імб (қой, ешкі) – 1060, жылқы – 104, шошқа – 909, құс – 6552. 2870 центнер ет, 9650 центнер сүт, 830 мың дана жұмыртқа шығарылды. Қаланың аумағында 3 мал сою цехі, «Ар
16 12 2014
3 стр.
«Ты – песнь моя, ты боль моя, ты – счастье! Отчизна предков, колыбель отца,…»…Ақын, «Ленинское знамя» газеті редакторының орынбасары Кобзев Юрий Михайлович Шемонаиха қаласы туралы
17 12 2014
1 стр.
Округтің 2012 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі және 2013 жыл міндеттері туралы баяндауға рұқсат етіңіздер
14 12 2014
1 стр.
Шемонаиха ауданы әкімінің 2012 жылғы есеп беру кездесуінің қорытындылары бойынша халықтың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі
25 12 2014
1 стр.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын облыс тұрғындары арасында түсіндіру және насихаттау мақсатындағы Ақтөбе облысы әкімі жанындағ
09 10 2014
1 стр.
«Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
10 10 2014
1 стр.
Бүгінгі күні біз еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы жетістікеріміз туралы мақтанышпен айта аламыз. Біздің елімізде экономикалық, әлеуметтік-саяси сала дамып келеді
25 12 2014
1 стр.
Бекітілген критерилерге сәйкес ауданның тірек елді мекендері болып Камышинка, Верх-Уба, Выдриха анықталды. Ағымдағы жылы Шемонаиха ауданы бойыншатірек елді мекендерді дамыту аясынд
15 10 2014
1 стр.