2013 жылы І- тоқсанында кәсіпкерлік саласы бойынша
атқарылған жұмыстардың нәтижесі
Ауданда орта және шағын кәсіпкерлер саны
01.04.2012 жылға 1702 адам, 01.04.2013 жылға
1792 адам болып, өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 5,2 пайызға өсті.
Аудан кәсіпкерлеріне «Маңғыстау облыстық микрокредиттік ұйымы» ЖШС арқылы 2013 жылы 7 кәсіпкерге 12,8 млн. теңгеге шағын несие берілді. Ауданда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы ауданда кәсіпкерлікті дамыту бағытында жаңа жұмыс орындарын ашуға аудандық жұмыспен қамту орталығынан 35-тен астам адамға төмен пайызбен несие берілуге құжаттары қабылданды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын ауданға жеткізуге байланысты 2013 жылға жыл басында 3- наубайхана, жалпы саны
38- жеке кәсіпкерлермен негізгі азық – түлік тауарларына бағаның негізсіз өсірілмеуіне байланысты екі жақты меморандумға қол қойылды.
Аудан бойынша «Берекет» МКК-ның 6 сауда нүктесі бар, үшеуі аудан орталығында, үшеуі Жыңғылды, Ұштаған, Шебір ауылдық жерлерде орналасқан. Бірінші кезекте тұтынатын тауарлары арзан бағамен сатылуда.
Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімімен бірге ауданда ауыл шаруашылық өнімдерінің және азық-түлік тауарларының жәрмеңкелері өткізіліп отырылады.
Азық -түлік тауарларына әр апта сайын тексеріліп, мониторинг жүргізіліп отырылады.
ҚР Үкіметінің 1 наурыз 2010 жылғы «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» № 145 қаулысына сәйкес ауданда күн сайын сауда базары және дүкендердегі бағаларының күнделікті және ай сайынғы тауарларының қоры алынып отырылады.
ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына сәйкес аудан әкімінің 18.08.2010 жылғы № 157-Ө өкімімен ауданда аудан әкімінің орынбасарының төрағалығымен ауданда сауда нарығындағы бағалары конъюктурасының өзгеруіне әрекет ететін және бағаларға мониторинг жүргізетін жұмысшы тобы жұмыс жасайды.
ҚР Үкіметінің 1 наурыз 2010 жылғы «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» № 145 қаулысына сәйкес ауданда апта сайын сауда базары және дүкендердегі бағалардың негізсіз өсірілмеуіне байланысты күнделікті мониторингі жүргізіліп, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына, ауыл шаруашылығы басқармасына мәліметі беріліп отырылады.
Шебір селосында жеке кәсіпкер Қ.Бекеев халыққа қызмет көрсету орталығын (сәулет- құрылыс жобалары, бизнес- жобалар жасақтау) ашуға жұмыстарын жүргізуде.
Жыңғылды селосында жеке кәсіпкер Б. Сарина жылыжай құрылыс жұмыстарын бастап, жұмыспен жергілікті жердің тұрғындарын қамтамасыз етуде.
Шайыр селосы жеке кәсіпкер Б. Молдақадыров минералды су шығаратын цехтің құрылыс жұмыстарын бастап кетті.
Ауданда 1 коммуналдық, 1 әмбебеп базары жұмыс жасайды. Сауда базарларында сатумен айналысатын тұлғалар үшін бір жолғы талон негізінен өндіріп алуды жинау бойынша жергілікті салық органдары арқылы жүргізіледі және бір жолғы талон мөлшері төмендегідей:
азық –түлік өнімдері мен өндірістік тауарлар сату үшін- 70 теңге мөлшерінде, аудандық маслихаттың 11.12.2009 жылғы № 19/198 шешімімен бекітілген.
Жыл басынан бері шағын кәсіпкерлік объектілері Шетпе селосы Шетпе-1- ден жеке кәсіпкер Р.Дербісованың мейрамханасы, жас жеке кәсіпкер Г.Тұржанованың шаштараз.
Ұштаған ауылынан «Шыңғысхан» ШҚ «КазАгроФинанс» АҚ- арқылы 4 108,5 мың тенгеге лизингке ауыл шаруашылығы техникаларын алды, Шетпе селосынан жеке кәсіпкер Абдулаева Түймештің наубайханаға 5 млн. тенгеге кондитерлік құрал-жабдықтар алу үшін жобасы жеке қаражатымен іске асырылуда.
Күні бүгінге аудан әкімінің аудан кәсіпкерлерімен кездесуі барысында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында инвестициялық жобаларды іске іске асырылуы бойынша ауданда жүзеге асырылып отырған жылына 2,0 млн. тн. цемент өндіретін «Каспийцемент» ЖШС-нің зауыты мен «МырзабекАлтынтасгрупп» АҚ-ның және аудандағы тағы басқа қиыршық тас өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың өнімдерін пайдаланатын тың жобаларды дайындау ұсынылған болатын.
Осы орайда «Техносистемс» ЖШС-нің (басшысы И.В.Иркналиевтің) ұсынған жалпы құны 234,0 млн теңгені құрайтын жергілікті жердің өнімдерін пайдалана отырып, аудан экономикасының қарыштап дамуына өз әсерін тигізетін темір- бетон өнімдерін шығаратын инвестициялық жобасы құптарлық.
Осыған байланысты іске асырылатын құны 234,0 млн. теңге құрайтын инвестициялық жобаны «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына енгізіп «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы қаржыландыруға аудан әкімі атынан облыс әкімдігіне ұсыныс берілді.
«Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы аясында Маңғыстау ауданы бойынша барлық ауылдық (селолық) округтер әкімдеріне және Бұқаралық Ақпараттық Құралдарында (БАҚ-да) арқылы аудандық «Жаңа-өмір» газетінде ағымдағы жылдың 02 сәуірінде жариялануға берілді. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша ауданда кәсіпкерлерді толыққанды жұмылдыру бағытында төмендегі бағытта жұмыстар жүргізілуде:
-
Бірінші бағыт бойынша Бизнестің жаңа бастамаларын қолдау
бағытында 2013 жылдың 26 ақпанында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Маңғыстау облысы бойынша аймақтық филиалының өкілдерінің қатысуымен Облыстық кәсіпкерлік басқармасы, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ, «Қазагрофинанс» АҚ, «Шағын несие ұйымы» ЖШС, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Атамекен» қоғамдық бірлестігі өкілдері аудан кәсіпкерлерімен жүрмелі мәжіліс өткізді. Ауданда «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша бизнес-жобаларды екінші деңгейдегі банкілер арқылы несиелендіру, қаржыландыру мәселелері, инвестициялық жобаларды «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына енгізу мәселелері қаралды. Ауданда күні бүгінге «Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасына енгізу үшін төмендегі жобалар іске асырылуда:
1. Жеке кәсіпкер Абдулаева Түймеш (Шетпе селосы)- кондитер цехін ашуға 5,0 млн. теңгеге жабдықтар алуға (жеке қаражатына).
2. «Шетпе сулары» ЖШС Молдақадыров Бәйімбет (Шайыр селосынан)- минералды су цехын ашуға коммуникация желілерін тартуға (жылу, су, тоқ, жол) құны 30,0 млн. теңгеге.
3. «Техносистемс» ЖШС И.В Иркиналиев (Шетпе селосы)- құны 234 млн. теңге темір- бетон технологияларының зауытын алуға
4. «Стройдеталь» ЖШС Р.Б. Нұрғалиев (Шетпе селосы)- құны 300,0 млн теңге темір- бетон зауыт салуға темір жол тұйықтамасы мен кіре беріс жол салуға, жер телімі алынған.
5. Жеке кәсіпкер А. Гамзаев (Шетпе селосы)- құны 48 млн. теңгеге жылыжай шаруашылығын салуға;
Бизнес– жобаларын жасақтап екінші деңгейдегі банктерге сараптамадан өтуге тапсырылған.
Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаның төртінші бағыты аясында жұмыс істейтін бизнесті сервистік қолдау 2 тармағына жиырма бір кәсіпкерлердің 1-нысандағы өтінімге сәйкес сондай-ақ шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту 3 тармағына сәйкес екі кәсіпкерлердің 3-нысандағы өтінімдері облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына жолданып, бағдарламағаға қатыстырылуға құжаттары жолданды.
2013 жылғы 26- ақпанда Шетпе селосында аудан кәсіпкерлерімен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Маңғыстау өкілдігінен берілетін «Селолық шағын несие», «Егінжай» бағдарламасы бойынша берілетін несие семинар өткізілді. Аталған кезеңде аудан кәсіпкерлерімен шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөнінде дөңгелек үстел өткізілді.
2012 жылы аудан бойынша 24 адамға 23,8 теңгеге несие берілді. Биыл аудан бойынша 16 азамат құжаттарын тапсырды. Биыл «Маңғыстау облыстық микрокредиттік орталығы» ЖШС арқылы 11 адамға 12,8 млн. теңгеге несие берілді. Биыл «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры АҚ «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша «Бизнес-кеңесші» жедел курсы сәуір- мамыр айына өту жоспраланып оған 17 жеке тұлға тізілді, Өткен жылы 26-28 қазан айында семинар-тренинг өткізілді, оған 98 адамға сертификаттар берілді.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының төртінші бағыты аясында бизнестің әлеуетін күшейту мақсатында «Тұран» халықаралық кәсіптік академия өкілдерінің оқытуымен «Бухгалтерлік есеп, салық және аудит», «құқық және заң» бойынша сервистік қызмет 38 кәсіпкерге көрсетілді.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 1- бағыты бизнестің жаңа бастамаларын қолдау бағытында а.ж. 21 қараша айында Облыстық әкімдігіне жеке кәсіпкерлер А.Өтеуова, Н.Таңбай, Д.Төралиев, Б.Әділ облыстық іріктеу комиссияға 4 жоба ауылшаруашылық, өнім өндіру бизнес- жобалары қатысып, Шайыр селосы Н.Таңбайдың наубайхана іріктеуден өтіп, комиссияның сараптамасының оң шешімі шығарылып мемлекеттік грант берілді.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының аталған бағыты аясында ауылдық (селолық) әкімдеріне мемлекеттік бағдаламаға қатысу үшін ауыл (село) бойынша кем дегенде бір-екі бизнес- жобалар түсіру ұсыну таспсырылған болатын, әлі де жалпы құны 629,0 млн. теңге бизнес- жобалардың жұмысын аяқтау шегіне жеткізу сонымен қатар алдағы уақытта осы бағытта жұмыстарды жандандыру алға қойылады.
Аудан бойынша 3 жанар-жағар май бекеті бар. Барлық ЖЖМ бекет иелеріне «Мұнай өнімдерінің жеке түрлерін өндіру мен айналымына мемлекеттік ден қою туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдесіндегі № 463-IV Заңы 14 бабының 3 тармағына сәйкес, мұнай өнімдерін сату кезінде және газ министрлігімен мемлекеттік ден қою белгіленген, мұнай өнімдерін, атап айтқанда ЖЖМ-ға , АИ-80, АИ-92/93 маркалары мен дизель отынын бөлшектеп сатуда белгіленген шекті бағадан асырмауы тиіс. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 147-142 бабының 1 тармағында осы заңнама нормалары бұзылған жағдайда, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар үшін – мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде жауапкершілік шаралары қарастырылған.
2012 ж. шілде айынан бастап жанар-жағар май бағасы төмендетіліп Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігімен келесі деңгейде бөлшек (шекті) сауда бағасы белгіленген:
-Аи-92/93 - 110,0 теңге/литр;
-Аи-80 - 89,0 теңге;
-дизель отыны - 102,0 теңге/литр бағалармен сатылады.
Маңғыстау ауданы «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы №532-4 Заңына сәйкес сұйытылған газ бөлшек саудада сату талаптары өзгерді. Заңның 28 бабының 1 тармағының 1,2,3 тармақшасына сәйкес аталған қызмет түрлерімен тек газ желі ұйымдары стационарлық газ толтыру пунктері, газ құю станциялары айналыса алады. Осыған байланысты, аудан орталығында сұйытылған газды сататын Шетпе селосында 10 кәсіпкер, Жыңғылды, Тұщықұдық, Шебір, Ақшымырау, Қызан, Жармыш елді мекендерінде 6 кәсіпкер стационарлық АГҚС құрылысын аяқтап, жұмыстарын бастап кетті, ал ауданға қарасты елді мекендердегі жекелеген кәсіпкерлер стационарлық АГҚС жұмыс жасап тұр. Сұйытылған газ бағасы белгіленген 40 теңгеден сатылуда. Күнделікті газ бағасы аудандық кәсіпкерлік бөлімі мен село әкімдерінің қадағалауында.