Перейти на главную страницу
Мектепте немесе жазғы лагерьлерде болсын: "Әр оқушыға - қоғамдық іс" деген талап кең тараған. Осыны басшылыққа ала отырып, тәрбиешілер барлық балаларды қоғамдық пайдалы іске тартуы тиіс. Олардың жоспарларында окушыларды еңбектің алуан түрлеріне қатыстыру, еңбек қызметін ұйымдасгыру көзделуі керек. Қоғамдық пайдалы істі жоспарлағанда еңбектің негізгі түрлерін отрядтар немесе топ бойынша олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып білу қажет. Қоғамдық пайдалы еңбек процесінде балалар жолдастарымен, ұжымымен, тобымен еңбек қарым - қатынасқа қадам басады. Сонымен қатар өз еңбегіне, тапсырылған іске деген жеке жауапкершілік орнығады.
Жазғы лагерьлер өміріне эстетикалық тәрбие беру жұмыстарының түрлі формалары берік енген. Атап айтқанда, музыка кештері мен мерекелер, оқушылар шығармасы жұмысының көрмелері т.б.
Тәрбиешілер бұл процесті әр оқушының қабілетін, талабы мен бейімділігін ескере отырып, белгілі бip жүйеде ұйымдастыруы керек.
Тәрбие жұмысында қайта тәрбиелеуде елеулі орын алады. Бұл жұмыс оқушы жүріс-тұрысындағы ауытқулардың алдын алу және жеңуге бағытталады.
Тәрбиелеу әдістері сияқты, қайта тәрбиелеудің барлық әдістері белгілі бір жағдайға сай, оқиғаны тұлғасының дербес ерекшеліктеріне, оның жүріс-тұрыс тәсілдеріне, өмірінің жағдайлары мен күйлеріне тәуелді, тәрбиенің басқа әдістері және тәсілдерімен арнайы түрде үйлестіріле отырып қолданылады.
Тәрбие - педагогикалық процестің өте маңызды, әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін құрамдас бөлігі екендігі бәрімізге мәлім. Олай болса, балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың нәтижесін арттыру одан да күрделі мәселе. Лагерь жағдайында бұл жауапты мәселерді жүзеге асыру, тәрбиешілерге жүктеледі. Оны нәтижелі ұйымдастыру, тәрбиешілердің педагогикалық білім дeңгeйiнiң сапасы мен педагогтік шеберлігіне байланысты.
Әр адам сыртқы дүниенің сансыз тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап «реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп беки келе, сол адамның үйреншікті әдетіне, мінез-құлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп, әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым-қатынас жасауының нәтижесі болып табылады. Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.
Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез бітістерінің кейде оның сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес келмейтін кездері де болады. Мәселен, біреуінің қатал, не тымыр болуының негізінде адамды менсінбеу, тәкаппарсыну сияқты мінез-қатынастарының тұрақты жүйесі жатпай, оның темпераментінің жүйке жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал. Мінез-адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіңдік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Сондықтанда бала бойында, яғни мінез-құлқында байқалатын қиындықтарды дер кезінде анықтап, арнайы түзету жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Сонымен зерттеу барысында біз таңдап алған тақырып бойынша теориялық зерттеулер мен практикалық бақылау нәтижесінде жеткіншек жас оқушыларының мінез-құлқында қиыңдықтардың (дұрыс қарым-қатынас жасай алмаушылық, қорқақтық, жасқаншақтық, т.б.) бар екені анықталды. Зерттеу барысында оқушылардың жеке ерекшеліктеріне көңіл бөліңді. Бала бойындағы қиындықтардың пайда болу себептері біріншіден, отбасы тәрбиесінен десек, екіншіден мектептегі оқу-тәрбие жұмыстардағы кемшіліктермен сипатталатынын анықтадық.
Оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтарды дер кезінде анықтап, түзету жұмыстарын жүргізу тек қана мұғалімнің ғана міндеті емес, сонымен қатар ата-аналардың да міндеті болғандықтан ата-аналармен де жүргізілетін жұмыстарға тоқталдық.
Адам бойындағы таза қасиеттердің пайда болып қалыптасуына отбасылық ықпалдық алар орны ерекше екендігі ежелден мәлім қағида. Отбасының рухани тірегі ата - ана.Өкінішке орай кейбір реттерде мектептегі тың жаңалықтар мен бағдарламаларды еркін меңгеріп, өмірдің барлық кедергілерінен сүрінбей өтуге бейімділігі бар оқушыларға рухани және материалдық қолдау көрсету ой-өрісі, шамалары жетпейтін ата-аналар да кездесіп қалары сөзсіз. Мектепке балалалар көбінесе отбасынан мінез-құлқы қалыптасып келеді де, бұдан кейінгі оқу — тәрбие ісі оларға ата-анасы берген қабілеттерін шындау үшін бағытталады. Міне, осы орайда оқушылардың бойындағы жағымды қасиеттерді оятып, жағымсыз мінез-әдеттерді жою талабы психологиялық, педагогикалық іс-әрекеттердің тиімділіктеріне байланысты. Ұстаз мамандардың балалармен тиімді қарым-қатынаста болуы, әсіресе мінез-құлқында қиындығы бар оқушыларға ерекше көңіл бөлуі қажет деп ойлаймыз.
Зерттеу жұмысымызда жеткіншек жастағы оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтардың теориялық негіздері қарастырылды. Оқушының мінез-құлқында қиындықтарды (2 кесте) анықтап, оларды белгілі бір топтарға ж:іктедік. (3 кесте)
Сонымен жеткіншек жас оқушыларында пайда болатын қиындықтар:
Психолог, әрі педагог Жүсіпбек Аймауытовтың «Дәрігер адамның денесін саулықтыратын болса, мұғалім адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады» деген қағидасын жадымызда ұстап, зерттеу жұмысымыз бойынша анықталған киындықтарды дер кезінде түзету жұмыстарын жүргізу керек.
Сонымен жұмысымызды қорытындылай келе, оқушыда тұрақты жағымды қасиеттер, дұрыс мінез қалыптасуы үшін мына негізгі шарттарды орындау керек деген ұсыныс береміз:
Оқушының өз қолынан келетін іске толық ерік беру. Басқаның күшіне, көмегіне сеніп кетпей, өз қолынан келмейтін істе ғана ата-ана көмек көрсетіп жіберуге міндетті.
М., 1968
44. Левис Ш. "Ребенок и стресс" СП., 1997.
47. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании М., Владос, 1996.
48. Запорожец А.В. Избранные психологические труды в 2т М., Н986.
56.Рояк А.А. Психологический конфликт и особенности индивидуального развития личности ребенка. М.: Педагогика, 1988
57. Шерьязданова Х.Т., Суркова Т.И. Педагогу о стиле общения с детьми. Алматы, Рауан, 1996.
58. Гоноболин Психология. Алматы, Мектеп 1976.
59.Галиев. /Тәрбие құралы 2003, № 3
60.Е.Батталханов //Қиын оқушылармен жұмыс жүргізу //Тәрбие құралы 2004 №1,2
61. Мұсырманов А. //Қиын балаға тәрбие беру жолдары. Болашақ 2004 №5
62. Еникеев М.И. "Общая психология" Москва, 2000
63. Павелкив Р.В. Психологические особенности осознания младшими школьниками своего поведения. Киев, 1990.
64.Венгер А.Л., Цукерман Г.А. Психологическое обследование
младших школьников. Москва, Владос пресс, 2003
65. Владос ИМПЭ им. А.С.Гриболдова 2001. (Психологические тесты Под.ред. А.А.Каремена: в 2 т. - М,:
66. Жарықбаев Қ.Б. Психология, Алматы 2004
67. Жарықбаев Қ.Б. Психология, Алматы 1993.
67. Елисеев О.П. "Практикум по психологии личности". Москва, 2000
68. Климов Е.А. Общая психология. Москва, 1999
69.Петровский А.В., Ярошевский М.Г. "Психология". Москва 2000.
2) Оқушының өзіне деген сенімін арттыру.
3)Өз жұмыстарын үлкендердің көмегінсіз өз бетінше (самостоятельно) орындауға дағдыландыру.
I бөлім. Өзіне деген сенімсіздікті жою және дұрыс қарым - қатынас
жасауға арналған тапсырмалар.
І.Өзіне деген сенімділікті арттыру.
2.Өзіндік «Менін» дұрыс қалыптастыруға үйрету
3.Өзінің жетістіктерін бағалай білуге дағдыландыру
1. «Сенің есімің» (метод идентификации со своим имением).
1.Оқушыларға жағымды әдеттерді қалыптастырып, жағымсыз әдеттерден арылту.
2.Дұрыс шешім қабылдай білуге үйрету;
1. «Туған күн» ойыны
4. «Сұрақ - жауап» тренинг
1. Балаларға қорқыныштарын жеңе білуге үйрету.
2.Өзін басқалармен қарым - қатынас кезінде қалай ұстау керек екендігін үйрету.
«Менің қорқынышым қандай түстің?
- Балалар сендердің қорқыныштарың қандай түсті? - деп сұрайды.
Мұғалім оқушыларға:
- Балалар алдарыңдағы ақ қағазға қорқыныштарың қандай түсті
Сурет дайын болған соң мұғалім оқушыларға:
суретте өзінің қазіргі кезін, ал екінші суретке өзін келешекте қандай болғысы келетіндігін суреттеуі тиіс.
• «Мен және менің денем. Бұл тапсырмалар психогимнастика негізіне бағытталған жаттығулар: Қонжықтар, насос және доп, үш 3 жолдас этюд т.б. Бұл жаттығуларды жүргізгенде бөлмеде жаттығуға сәйкес әуен болуы керек.
• «Мен және менің тілім
1.«Сөзсіз қалай қарым-қатынас жасауға болады» тақырыбында
әңгіме»
2.«Терезе арқылы». Балаларға бір-бірімен терезе арқылы сөйлесіп
3.«Сөзсіз тақпақ айтып бер».
Оқушылармен ойындарды жүргізіп болған соң, олармен алған әсерлері жайында, адам өмірінде қарым-қатынастың қаншалықты маңызды екендігі жөнінде әңгіме жүргізу тиімді әдістердің бірі.
• «Мен және менің эмоциям».
Парақтың бірінші бетіне оқушы: «Мені қандай қасиеттерім үшін жақсы көруге болады?» деген сұраққа жауап жазады, екінші бетіне «маған қандай қасиеттерім үшін ұрысуға болады?», деген сұраққа жауап жазады.
2.«Өзіндік қабылдау »
Қағазды екіге бөліп сызып, сол жағына «Менің кемшіліктерім», оң жағына «Менің жетістіктерім» деп ойларын ашық жаздыру.
Менің кемшіліктерім Менің жетістіктерім
1.
2.
3.
5.
6.
Тренинг барысында баяу әуен ойнап тұрады. Ол оқушылардың ойлануына әсерін тигізеді.
2. «Мен қандай адаммын». Ақ қағаз алып, «Мен қандай
адаммын» деп жазып, мына сұрақтарға жауап берілуі тиіс: 1.Менің өмірім: қандай жетістіктерім мен кемшіліктерім бар? 2.0тбасы әсері: ата-анам, аға-іні, сіңілі-қарындасым т.б.
Бұл тапсырманы жиі өткізуге болады, оқушы әр сабақ сайын өзінің жетістігі мен кемшілігін біліп отырады, өз ісіне қорытынды жасап, кемшіліктерді болдырмауға тырысады.
• «Мен және басқалар».
1.Ұжымдық сурет.(ұжымдағы орнынанықтауға бағытталған).
2.«Біз кімді сыпайы деп айтамыз» әңгіме
1.Ата-ананы жақсы көру дегеніміз не?- әңгіме барысында
мынандай сұрақтарды қоюға болады: «Отбасында бірі-бірі
жақсы көрудің қаншалықты маңызды екендігі жөнінде, ата-
анаға деген өз сенімін, махаббатын қалай жеткізуге болады?»
т.б.
3.«Мейірім». Жақсы сөз жаныңды жадыратады. Қуаныш
сезімі билейді. Ендеше өзгелерге де жақсылық силап
көрейік. Өзіңнің жақын туыстарың, танысың туралы қандай
жақсы сөз айтар едің.
Дайындыққа 5 минут уақыт беріледі.
17 12 2014
4 стр.
«Қиын» балалардың пайда болу себептері және олардың негізгі ерекшеліктерінің теориялық мәселелері
25 12 2014
4 стр.
Жеткіншек жастың негізгі мазмұны балалық кезеңнен ересектік кезеңге өтумен суреттеледі. Дамудың барлық жақтары сапалық қайта құрылудан көрінеді, жаңа психологиялық білім қалыптасад
25 12 2014
1 стр.
Бөлім. Бастаушы сыныптағы оқушысындағы эмоционалдық жағдайының көрініс табу ерекшеліктері Эмоционалдық жағдай психологиядағы зерттеу пәні ретінде
14 12 2014
5 стр.
Еңбекке баулу пәнін оқыту арқылы оқушылардың еңбек әрекетіне қызығушылығын арттыру
25 12 2014
3 стр.
Р. Т. Бисекенова (1-бөлім, 2-бөлім, 6-бөлім, 7-бөлім, пайдаланған әдебиеттер тізімі, жалпы жинақ, компьютерлік теңшелеу)
16 12 2014
10 стр.
Жарнама бейнесін қалыптастыруда психикалық процестердің ролі
25 12 2014
8 стр.
Жарнама бейнесін қалыптастыруда психикалық процестердің ролі
25 12 2014
8 стр.