Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
 № 36 орта мектеп

Саргелтаева К.Ш.

                                                                                                                                   

                                                                                                                                1- сабақ

 

Сабақтың тақырыбы: Атамекен 



Сабақтың эпиграфы: «Қайда жүрсең атамекен,

                                          Көкейіңде жатады екен...»



Сабақтың мақсаты: ұлттық идеологияны қалыптастыру,балалардың туған  тіліне, еліне,  туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың міндеттері:

-          атамекен, ел, туған жер ұғымдарының мәнін түсіндіру;

-          балалардың танымдық көкжиегін кеңейту, тілін дамыту, ойларын ауызша, жазбаша сауатты жеткізе білуге дағдыландыру.

 

Сабақтың түрі: факультатив;



Сабақтың типі: таным сабағы;

Сабақтың әдісі: әңгіме-сұхбат, түсіндіру, көрнекі және техникалық құралдар көмегіне    сүйену;

Сабақтың көрнекілігі: атамекен,туған жер туралы айтылған нақыл сөздер, слайд, бейнефильм.

 

      Құдай қазаққа қырын қарамаған: пейіліне сай етіп ұлан-ғайыр жер берген, астын-үстін толтырып кен берген, мейірбан, ақ көңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген.



 

                                                                                                                       Н. Назарбаев

 

     Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюуі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа! Өз халқын сүйген адам ғана оның тағдыры үшін күйе алады.



                                                                  (Н. Назарбаев. «Туған елім – тірегім»)

 

Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер қымбат.



Ат төбеліндей болса да, туып өскен ел қымбат.

                                                                  Халық мақалы

 

Туған жердің түйе жейтін жапырағы да дәрі, түйе аунайтын топырағы да дәрі.



                                                                                                                                (Мәтел)

Атамекен! Қандай қасиетті сөз. Оған сүйіспеншілік ананың әлдиімен, балалық шақтың аңыз-ертегілерімен, ойындармен, даланың жұпар иісімен, таудың құзымен, көлдің айдынымен, ұлттық мақтанышпен де сіңіседі екен.

                                                                                                            Ө. Жәнібеков 

 

Отанын ауыстырған адам жүрегін де ауыстыруға тиіс.



                                                                            Венгр халық мақалы

 

Өзінің Отанынан безінген адамдар сонысымен өзінің ар-ожданынан да безінеді.



                                                                                                                           Я. Галан

Ата жұрты бұқара,

Өз қолыңда болмаса,

Қанша жақсы болса да,

Қайратты туған ер ғаріп.

                                    Асан қайғы

                                                                                           

І. Сабақтың басында қазақтың кең даласы, байлығы және сол байлыққа қызығып жан-жақтан анталаған жауларымыздың әрекеті, осындай қиын-қыстай заманда еліміздің бірлігі мен жеріміздің байлығын сақтап қалу жолында өз өмірін сарп еткен дана қайраткер Абылай ханның ерлігін суреттейтін слайд көрсетіледі. Осы слайд көрсетіліп тұрғанда баяу күйдің аясында мұғалім мына өлең жолдарын оқиды:

 

Айдын шалқар, күміс сулы бұлағым,



Жасыл желек, ат көрінбес құрағым.

Мыңғырған мал даласында жайылған,  

Бабалардың болған сондай тұрағы.

 

Бұхар, Қохан бұл байлыққа қызықты,



Орыс патша арам ойлы бұзықты.

Қорған салып, жерін алып, қуса өзін,

Сонда көрген сорлы қазақ шыжықты.

 

Қазақта жер қалмады патша алмаған,



Елін, жерін, малын тегіс жалмаған.

«Қойға тиген қасқырдай» боп қазақтың,

Отаршылдыққыр соңынан қалмаған...

 

Абылай сегіз қырлы тарлан еді,              



Халқымның асқар таудай арманы еді,

«Беріңіз, ел мен жерді қорғаймын» деп,

Батасын бабалардың алған еді.

 

Ол кезде атаныпты хан Ғаламат,



Тәңірім берген ақыл һәм парасат.                          

Жан-жағы алабұртқан жау болса да,                    

Айласын табатұғын зор дипломат...

 

Жорыққа өзі бастап барған еді,



Осы жер содан бізге қалған еді

Тәуелсіз ел, ешкімге бодан болмай,              

Бірігіп өмір сүру арманы еді...

 

-          Балалар, мына слайдтарды көріп отырғанда өздерің қандай ойда болдыңдар?



-          Өлең жолдарынан не ұқтыңдар?

-          Мына тақтада жазулы тұрған ел ағаларының айтқан сөздеріне, халқымыздың мақал-мәтелдеріне назар аударайықшы. Онда не туралы айтылып тұр?

-          «Атамекен» сөзінің мағынасын кім қалай түсінеді?

-          Сенің атамекенің қай жер, өз атамекенің туралы не айта аласың?

 

Осындай сұрақ бере отырып, балалардың назарын бүгінгі сабақтың тақырыбына аударған соң, мұғалім атамекен, ел туралы балаларға кеңірек мағлұмат береді.

 

      Атамекен – адамның туып-өскен жері, ата жұрты, табиғи байлықтары, халқы, қоғамдық және мемлекеттік құрылысы, тіл, мәдениет, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып ерекшеліктері бар белгілі бір халықтың тұрағына айналған аумақ. Тар мағынада – біреудің туған ауылы, ауыспалы мағынада – адамның қалыптасқан, дүниедегі өнер мен мәдениетке кенелген жері.



      Ертеде көшпелі қазақ ауылдары жерді ру-ата болып пайдаланғандықтан, олардың әрқайсысының жеке-жеке қоныстары: қыстауы, көктеуі, жайлауы, күзеуі болған. Осы жерлер әр елдің (рудың, атаның, ауылдың, т.б.) атамекені деп есептелген.

       Қазақ елінің атамекені – көне замандардан қалыптасқан жер көлемінің батыс жағы Каспийге, шығысы мен терістігі – Сібірге және Ақтау тауларына, күнгейі Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан республикаларымен шектеледі. Жері қасиетті, құдіретті мекен.

       Бұл күндері осы мекенде халқымыз сан ғасыр армандаған тәуелсіз қазақ мемлекеті дүниеге келді. Көлемі бес Францияға, тоқсан екі Бельгияға пара-пар қазақ жерінде алуан түрлі қазба байлық, өсімдіктер, жан-жануарлар бар.

      Атақты орыс ғалымы Д. Менделеев кестесінде көрсетілген элементтердің бәрі қазақ даласынан табылады.

      Осындай байтақ та бай даламызға кім қызықпады дейсіздер!? Қара құйындай қайта-қайта соғып, халқымыздың ұйқы-тұйқысын шығарған жоңғар шапқыншылығы, Сыр бойының сұлу сымбатын ойрандап, баса көктеп кірген Қохан бектері, Цин империясының ызғарлы лебі де қазақ жеріне жеткен еді.

      Ел басына осындай қиын-қыстау заман зары туған шақта, қазақ қауымының бас көтерген батыр да ержүрек перзенттері елдің елдігін, ердің ерлігін сақтап қалар кезеңге тірелгенде қол бастаған Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай сияқты батыр, ерлерінің жау жолатпас қасиетін басқарған хан Абылай сияқты дана бабаларымыз болды.

 

Слайд «Жеріне қарап елі туады, еліне қарап ері туады».

     Абылай бастаған батырлар халқының басын қосып, күшін танытты, мәртебесін көтеріп, қазақ елін аса іргелі елге айналдырды. Жауын торғайдай тоздырып, тарыдай шашып, ірімшіктей іріткен, қоқаңдап қоңқылдаған Қоханмен де, қалың қара қытаймен де, ормандай орыспен де тіл табысқан бабаларымыздың даналығының арқасында, осы Қазақстан жері    бізге ата-бабамыздан асыл мұра болып қалды.     

 

«Көшпенділер» фильмінен үзінді көрсетіледі.

    Аталарымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап бізге жеткізген ұлан-байтақ жерімізді қастерлеп, келешек ұрпаққа аманат етіп қалдыру – біздің қасиетті парызымыз.

       Атамекен, туған жер жайлы жыр да, қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде молынан кездеседі. Бұдан біз әр халықтың туған жерін ардақ тұтып, анасындай қастерлейтінін байқаймыз. Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен-ақ сіңіруге ұмтылғандығын туған жер жайлы мақал-мәтелдерден, аңыздр мен батырлық жырларынан көреміз. «Ит – тойған жеріне, ер – туған жеріне» немесе «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп, ерекшелеп көрсетеді. Туған жерін сағынғанда патшалығын да тастап, елге тартқан Бейбарыс баба туралы аңыз да жүрекке жылы.

     Туған жер, өскен елді құрметтеу, оған барып тұру – азаматтықтың белгісі. Алтын бесік деп әсеттеп айтатын жеріне келген баладан бастап ересек адамдарды туған жеріне аунатып алатын қазақтың ырымы бар. Бұл бала отаншыл болсын, үлкендердің ауру-сырқауы, шер-шемені кетсін деген ұғымнан туған.

     Жоғарыда айтып кеткендей атамекен, туған жер туралы шығармалар әр халықтың әдебиетінде көптеп кездеседі. Сол сияқты біздің қазақ халқында да туған жерге жыр арнамаған ақындарымыз, ән арнамаған сазгерлеріміз жоқ шығар. Осындай керемет, халықтың  әнұранына айналып кеткен әннің бірі Қадыр Мырзалиев ағамыздың сөзіне жазылған Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әні.

Қазір осы әнді Ескендір Хасанғалиев ағамыздың орындауында тыңдайық.

-          Қандай керемет ән!  Бүкіл еліне, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігі Ескендір ағамыздың тұла бойынан көріп тұр емес пе!? Ал осы әнді тыңдап отырғанда өздерің қандай күйде болдыңдар? Бұл әнді жәйбарақат отырып тыңдау мүмкін бе, өз ойларымызды ортаға салайықшы.

-          Енді осы атамекен, туған жер туралы өздерің қандай мақал-мәтелдер, өлеңдер, әндер білесіңдер?

-          Балалар, бүгінгі сабақта ештеңе айта алмағандарың келесі сабақта мақал-мәтелдерді де, өлеңдерді де, әндерді де жақсылап жаттап келерсіңдер деген үміттемін. Өйткені ата-бабаларымыздың бізге қалдырған аманаты, асыл мұрасы бізге оңай жеткен жоқ. Осы жолда қаншама қан төгіліп, халқымыз небір нәубетті басынан кешірді. Ал енді бүгінгі ұрпақтың адам баласы үшін ең қасиетті деп саналатын -   атамекені, туған жері туралы білмеуі,    өзін қазақпын деп санайтын әр азаматтың атына сын.

 

ІІ . Сөздікпен жұмыс. Балалар тақырып бойынша синоним сөздерді дәптерлеріне жазып, осы сөздермен бірнеше сөйлемдер құрастырады.

 

Атамекен – туған жер, ел, жұрт...



Батыр – ер, қаһарман, өжет...

Парасатты – ақылды, байсалды, көреген, ұстамды...

Отаршылдық – бодандық, құлдық, тәуелділік...

Тәуелсіз – азат, еркін...

 

ІІІ. Рефлексия. Балалар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін бір-екі сөйлеммен   

                             қорытындылайды.



ІV. Үй тапсырмасы:

  1. Тақырып бойынша өлең, мақал-мәтелдер  және «Атамекен» әнін жаттау.

  2. Қазақ хандары мен батырлары туралы тарихи деректер жинау.

 

                                                                                                                            2- сабақ

 

Сабақтың тақырыбы: Атамекен 

Сабақтың эпиграфы: «Қайда жүрсең атамекен,

                                          Көкейіңде жатады екен...»



Сабақтың мақсаты: ұлттық идеологияны насихаттау,балалардың туған  тіліне, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың міндеттері:

-          балаларды мәнерлеп оқуға, өз ойларын жазбаша сауатты жеткізе білуге, қазақ әндерін  орындауға жаттықтыру;

-          хандар мен батырлардың ерлік істерін әңгімелете отырып, балалардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.  

Сабақтың түрі:

Сабақтың типі: жаттығу;

Сабақтың әдісі: әңгіме-сұхбат, түсіндіру, мәнерлеп оқу, көрнекі және техникалық    құралдар көмегіне сүйену;

Сабақтың көрнекілігі: атамекен,туған жер туралы айтылған нақыл сөздер, слайд,   бейнефильм.

І. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар, бұның алдындағы сабақтарымызда үйге тіл, туған жер туралы мақал-мәтелдер, өлеңдер, әндер жаттап келу,  сондай-ақел басына қиын-қыстау заман туып, елдің елдігін, ердің ерлігін сақтап қалар кезеңде  Үш жүздің басын біріктіріп, халқымыздың тәуелсіздігі мен дербестігі үшін өз өмірлерін сарп еткен хандарымыз  мен батырларларымыз   туралы тарихи деректер жинау тапсырылған болатын. Бүгінгі сабақта біз осы тапсырмаларымызды қандай деңгейде орындағанымызды көрсетіп, бір-бірімізбен мәліметтер алмасамыз. Сабағымызды бастамас бұрын сендерді бүгінгі сабақтың бөлімдерімен таныстырып өтейін. Біздің бүгінгі сабағымыз мынандай бес бөлімнен тұрады:

ІІ. Атадан қалған асыл сөз. Бұл бөлімде тіл, туған жер туралы жаттап келген мақал-мәтелдерімізді айтамыз.

ІІІ. Өлең – сөздің патшасы. Ал сабағымыздың екінші бөлімінде, өздерің де байқап отырған шығарсыңдар, өзіміз жаттап келген өлеңдерімізді мәнерлеп тұрып жатқа айтып береміз.

ІV. Тарихи тұлғалар. Өздерің жинаған тарихи деректер бойынша халқымыздың хандары мен батырлары туралы әңгімелейсіңдер.

V. Құлақтан кіріп бойды алар

     Әсем ән мен тәтті күй.   Бұл бөлімде әрине, өзіміз білетін тіл, туған жер, ата мекеніміз туралы әндер тыңдап, сол әндерді өзіміз де айтып үйренеміз.



VІ. «Менің атамекенім». Эссе.

VІІ. Үйге тапсырма:

  1. «Ауылым» әнін жаттау.

  2. Өлеңдерді мәнерлеп оқуға жаттығу.

Орта мектеп бітірушілерді Ұбт-ға дайындау туралы

Орта мектеп бітірушілердің ұлттық бірыңғай тест тапсыруға сапалы дайындығын ұйымдастыру мақсатында

74.5kb.

12 10 2014
1 стр.


Конкурс арқылы мемлекеттік сатып алудың қортындылары туралы

А. А. Барманбекұлы атындағы орта мектеп гимназиясы және Тасашы орта мектеп жанындағы интернат үйінде тәрбиеленушілерге пайдаланатын тағам түрлерін конкурс арқылы мемлекеттік сатып

732.96kb.

17 12 2014
4 стр.


Семинарға міндетті түрде жоғарыда көрсетілген орта мектеп әдіскерлері қатысулары керек

Ақтөбе облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты 2008 жылдың 11 қаңтар күні Хромтау қаласы №2 мектеп-гимназия базасында Оқу-тәрбие үрдісінде И. П

47.9kb.

23 09 2014
1 стр.


Бекітiлген «Алтынсарин орта мектебі»

«Алтынсарин орта мектебі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мектеп) заңды тұлға мәртебесі бар, жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін құрылған

315.71kb.

25 12 2014
1 стр.


«Бекітемін» Мектеп директоры: Қ. Тоқмұханбетов №142 орта мектептің 2010-2011 оқу жылына арналған айлық жоспары №1 Педагогикалық кеңесте қаралды

Сапалы білім, саналы тәрбие, сауықтыру және әлеуметтендіру біртұтас жүйесін қамтамасыз ететін, нәтижеге бағытталған мектеп моделін құру

475.06kb.

25 12 2014
3 стр.


Касенбаева Айгүл Касенбаевна «№3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешен» кмм

Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы педагогигалық қана емес мемлекеттік мәселе. Қазақстан Республикасында педагогикалық ынтымақтастық негізінде тәрбиеде дамытушылық міндетін ойдағы

102.43kb.

14 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі №86 жалпы білім беретін орта мектеп

Бүгінде тек сауатты, белсенді, жақсы оқушыларды оқытып шығару жеткіліксіз. Мектеп қабырғасынан өз бетінше өмір сүре алатын шығармашыл – азаматтар шығару басты мақсат

42.87kb.

15 10 2014
1 стр.


«Мұғалім және инновация» атты мұғалімдердің байқауы

«Мұғалім және инновация» атты мұғалімдердің байқауы наурыздың 13-14 күні №16 орта мектеп базасында өткізілді. Байқауға №№1,3,5,9,11,13,16,17,21,22,24 орта мектептерден мұғалімдер қ

10.03kb.

04 09 2014
1 стр.