Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
 № 36 орта мектеп

Саргелтаева К.Ш.

 

Сабақтың тақырыбы: Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл.



Сабақтың мақсаты: топта жағымды психологиялық жағдай қалыптастыру,топ     мүшелерінің ана тіліне, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін    арттыру.

Сабақтың міндеттері:

-    бүгінгі таңдағы тіл мәселесінің өзектілігін дәлелдеу;



-    таныстыру рәсімінің шарттары арқылы балалардың тілін дамыту, қазақ 

     тілінде әдемі сөйлеуге үйрету;

-    өз ойын сауатты жеткізе білуге дағдыландыру.                    

 

Сабақтың түрі: факультатив;



Сабақтың типі: кіріспе сабақ;

Сабақтың әдісі: әңгіме-сұхбат, көрнекі және техникалық құралдар көмегіне сүйену;

Сабақтың көрнекілігі: тіл туралы айтылған нақыл сөздер бойынша дайындалған слайд.

 

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.



                                                               Н. Назарбаев

      


Қазақ тарихында қазақ ұялатын ештеңе жоқ. Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!

                                                                                                                 Н. Назарбаев

 

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту. Ана тілімізге мән бермеушілік, оны құрметтемеушілік – шынайы патриоттарды тәрбиелеу жұмысына үлкен зиян.



                                                                                              Бауыржан Момышұлы.

Ана тілін ұмытқан адам - өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.                                              

                                                                                                               Ғ. Мүсірепов

Өз тіліңді қадір тұтпай тұрып, ел-жұртыңды сүйе алмайсың.

                                                                                       К. Паустовский

Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік.

                                                           К. Паустовский

                                                                                         

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!                     

                             Қадыр Мырза Әлі

 

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,                                           



Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін!

                                                 Ә. Тәжібаев

 

...Ал екінші бақытым - тілім менің,



Жас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім...

                                           М. Мақатаев

 

Ана сүті бой өсіреді,



Ана тілі ой өсіреді (мақал)

 

І. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар, өздерің көріп отырғандай біздің бүгінгі сабағымыз күнделікті сабақтарымыздан ерекше болмақ. Бүгінгі сабаққа бабаларымыздың ғұмыр тәжірибесі, дүниетанымы, мінез-құлқы, өзіндік болмыс бітімі қаттаулы жатқан - қазақ тілінің болашағына немқұрайды қарай алмайтын, оның кең қанат жайып өркендеуіне барынша өз үлесін қосатын, еліміздің нағыз патриоттары жиналып отыр десем артық айтпаспын. 

     «Ана сүті бойыңды өсіреді, ана тілі ойыңды өсіреді», - дейді. Тіл – құрал. Ол – ойды жеткізудің құралы. Тіл даму үшін әуелі ой дамуы керек. Тілді дамыту мәселесі бесіктен басталатыны сөзсіз. Тіл өмірге араласып, заманға тірі күйінде қызмет ету үшін, ең әуелі, тілдің өшпейтін өмірі болуы керек. Ал тілдің қолданылатын ортасы - өмір, қорғаны қоғам. Ендеше, қазақ тілі – мемлекет тілі, ол өз топырағында қағажу көрмей, ауыз ашқан сөзге, қия басқан қимылға емін еркін араласатын ең елгезек, ең ұрымтал тіл болуы тиіс. Сонда ғана қазақ тілі мемлекеттік тіл екендігін ішке де, сыртқа да мойындатып, еркін самғайды. Осыны іске асыруды еліміздің нағыз патриоттары мына сіздер мен біз және де намысы бар бүкіл қазақ ойлауымыз керек.

        Қай ұлт болмасын сол мемлекеттің, сол ұлттың ортақ қазынасын иемденуші болғандықтан, сол елдің тілін қастерлеп, тілін үйренуге міндетті. Сондықтан да біз еліміздегі басқа ұлт өкілдеріне, өмір сүріп отырған мемлекеттің тілі – қазақ тілін үйретуге атсалысуымыз керек.

       Халықтың сақталуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі.

 

Слайд «Ескірмейтін есті сөз».

      Өздеріңің көріп отырғандай халқымыздың ұлы тұлғаларының айтқан сөздері мен өлең жолдары әрқайсыңызға ой салар деген үміттемін.

Мына сіздер бүгінгі күннің баласы болғандарыңызбен, келешек ұрпақтың атасысыздар. Сондықтан да ана тілі үшін күрес - болашақ ұрпақ үшін күрес дегім келеді. Сондық тан да қазақ тілінің тамырын қиып алмау үшін бәріміз бірге атсалысайық демекпін. Бүгінгі біздің жиналып отырғандағы басты мақсатымыз да осы.

 

ІІ. Танысу рәсімі. Ал,  енді «Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл», - демекші таныса отырайық. Бүгінгі сабағымыз күнделікті сабақтардан ерекше болғандықтан, біздің танысу рәсіміміз де ерекше жағдайда өтпек. Ойынның шарты мынандай. Қазір өзін таныстырған оқушы тек қана өз атын айтып қоймай, өзін-өзі мақтау түрінде таныстыруы керек. Ол мақтау жәй сын есім түрінде бола ма, жоқ әлде мақал-мәтел түрінде бола ма, немесе тұрақты тіркестер түрінде бола ма ол сіздердің шығармашылықтарыңызға байланысты, тек ол мақтау сіздің есіміңіздің алғашқы әрпінен басталуы керек. Мысалы, сіз айтасыз: «Мен айдай сұлу Айсұлумын», екінші оқушы бірінші оқушыны және өзін таныстырады: «Менің қасымдағы айдай сұлу Айсұлу, ал мен – қарапайым Қанатпын». Үшінші оқушы бірінші оқушыны, екінші оқушыны және өзін таныстырады: «Мына отырған айдай сұлу Айсұлу, оның қасындағы қарапайым жігіт Қанат, ал мен қиғаш қас – Қарлығашпын». Осылайша топтағы балалардың бәрі топ мүшелерін және өздерін таныстырып шығады. Алғашқы сабақта пайдаланылған бұл ойын бірінші күннен бастап топта жағымды психологиялық жағдай қалыптастырып, балалардың бір-бірімен тез тіл табысуына жағдай жасайды. Сонымен бірге бір-бірінің аттарын да тез жаттап алады.

 

ІІІ. Атадан қалған асыл сөз. Тіл туралы мақал-мәтелдерді жатқа айту.



ІV. Өлең – сөздің патшасы. Тіл туралы өлең оқу.

V. Құлақтан кіріп бойды алар

     Әсем ән мен тәтті күй.   Тақырып бойынша ән, күй тыңдау, ән үйрену, ән айту.

 

VІ. Сөйлемді аяқта. Бұл тапсырма дәптерге жазбаша орындалады. Әр балаға бір-бір сөйлемнен таратылып беріледі. Балалар тапсырманы орындап жатқанда баяу күй қоюғаболады. Тапсырманы орындап болған соң балалар жазғандарын дауыстап оқиды.Мұндай тапсырмалар балаларды ойларын ауызша, жазбаша сауатты жеткізе білуге дағдыландырады.

 

Менің ана тілім...



Ана тілімнің өркендеп, қанат жаюуы ...

Мен ана тілімде таза сөйлеу үшін...

Мен осы сабақтардан...

Өзінің ана тілін сыйламаған адам...

Біздің тіліміздің болашағы...

«Нағыз қазақ» болу үшін...

Тілге бай болу...

Ана тілі...

Қасымдағы орыс баласына қазақ тілін үйрету...

 

VІІ. Рефлексия. Бүгінгі сабақтан түйген ойым. Балалар сабақтан түйген ойларын бір- екі     сөйлеммен қорытындылайды.



 

VІІІ. Үй тапсырмасы: Тіл туралы өлең, мақал-мәтелдер жазып, жаттау.

Орта мектеп бітірушілерді Ұбт-ға дайындау туралы

Орта мектеп бітірушілердің ұлттық бірыңғай тест тапсыруға сапалы дайындығын ұйымдастыру мақсатында

74.5kb.

12 10 2014
1 стр.


Конкурс арқылы мемлекеттік сатып алудың қортындылары туралы

А. А. Барманбекұлы атындағы орта мектеп гимназиясы және Тасашы орта мектеп жанындағы интернат үйінде тәрбиеленушілерге пайдаланатын тағам түрлерін конкурс арқылы мемлекеттік сатып

732.96kb.

17 12 2014
4 стр.


Семинарға міндетті түрде жоғарыда көрсетілген орта мектеп әдіскерлері қатысулары керек

Ақтөбе облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты 2008 жылдың 11 қаңтар күні Хромтау қаласы №2 мектеп-гимназия базасында Оқу-тәрбие үрдісінде И. П

47.9kb.

23 09 2014
1 стр.


Бекітiлген «Алтынсарин орта мектебі»

«Алтынсарин орта мектебі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мектеп) заңды тұлға мәртебесі бар, жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін құрылған

315.71kb.

25 12 2014
1 стр.


«Бекітемін» Мектеп директоры: Қ. Тоқмұханбетов №142 орта мектептің 2010-2011 оқу жылына арналған айлық жоспары №1 Педагогикалық кеңесте қаралды

Сапалы білім, саналы тәрбие, сауықтыру және әлеуметтендіру біртұтас жүйесін қамтамасыз ететін, нәтижеге бағытталған мектеп моделін құру

475.06kb.

25 12 2014
3 стр.


Касенбаева Айгүл Касенбаевна «№3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешен» кмм

Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы педагогигалық қана емес мемлекеттік мәселе. Қазақстан Республикасында педагогикалық ынтымақтастық негізінде тәрбиеде дамытушылық міндетін ойдағы

102.43kb.

14 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі №86 жалпы білім беретін орта мектеп

Бүгінде тек сауатты, белсенді, жақсы оқушыларды оқытып шығару жеткіліксіз. Мектеп қабырғасынан өз бетінше өмір сүре алатын шығармашыл – азаматтар шығару басты мақсат

42.87kb.

15 10 2014
1 стр.


«Мұғалім және инновация» атты мұғалімдердің байқауы

«Мұғалім және инновация» атты мұғалімдердің байқауы наурыздың 13-14 күні №16 орта мектеп базасында өткізілді. Байқауға №№1,3,5,9,11,13,16,17,21,22,24 орта мектептерден мұғалімдер қ

10.03kb.

04 09 2014
1 стр.