Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
АЛАШ АЛЫПТАРЫ

(пікір алысу сағаты)



XX ғасырдың басындағы Алаш Орда үкіметінің астанасы – Семей қаласында және Қазақстанның басқа да қалаларында «Бүкіл қазақ қоғамының көшбасшысы болған Алаш – ұлт-азаттық қозғалысының, Алаш партиясының және оның үкіметі Алаш Орданың құрылғанына 95 жыл», «Қазақ тіл білімінің негізін салушы, Алаш қайраткері, ағартушы, лингвист-ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 140 жыл», «Қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш ұстаз, аудармашы, журналист, Абай мұрасын насихаттаушы Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанованың 125-жылдық мерейтойына» орай халықаралық, республикалық-ғылыми конференциялар ұйымдастырылып, «Алаш» апталығы аясында түрлі іс-шаралар өкізіліп жатқаны бәрімізге мәлім. Осы атаулы күндерді еске алу аясында 2013 жылдың 19 ақпан күні мектебіміздің 9 «Б» сынып оқушыларымен бірігіп пікір алысу сағаты өткізілді.

Кітапханашы ↔ оқушы: XX ғасырдың басы қазақ қоғамының, қоғамдық ой-сананың жаңғыру кезеңі болды. Осы кезеңде ұлтымыздың ағартушы тұлғалары, айтулы ақындары, қоғам қайраткерлерінің толғандырған негізгі мәселелері отаршылдық бұғаудан құтылып, өз алдына дербес ел болу еді. Солардың бірі және бірегейі ретінде халқымыздың ұлт болып қалыптасуына, саяси сана сезімінің оянуына, ұрпақ мүддесіне қызмет етуде Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Х.Досмұхаметов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев және т.б. қазақ зиялыларының қосқан үлестері зор екені анық. Тұғыры биік тәуелсіз мемлекет құруға ұмтылған Алаш қайраткерлері көтерген ұлттық мәселелербүгінгі күннің тәуелсіздік мұраттарымен сабақтасып жатыр. Осыдан 95 жыл бұрын құрылған Алашорданың бүгінгі бейнесі – Тәуелсіз Қазақстан. Ал бүгінгі Қазақстанның алып жері Алаш арыстарының аманаты. Ахмет Байтұрсынұлының сөзімен айтқанда "Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін",Мағжанның тілімен айтқанда "Мен жастарға сенемін" деп болашақ ұрпақ үшін тәуелсіздіктің алғышарттарын жасап кеткен. Азаттық пен бейбітшілік жолындағы Алаш істеріне өкінбеді. Себебі, аққан қан мен төккен тердің зая кетпесін сезді,соның айғағы – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан.


Ахмет Байтұрсынұлы – XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі,мемлекет қайраткері, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым. Ол Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағында топтың құрамында еді. II жалпықазақ съезінде Алаш Орда құрамын бекітуге байланысты Оқу-ағарту комиссиясы құрылып, оның төрағасы ретінде А.Байтұрсынұлын бекітті.

Семейдің бұрынғы Алаш қаласының сол жағалауындағы көше 1916 жылдан Уваковская, 1931 жылдан Интернациональная, 1992 жылдың 30 желтоқсанынан бері ұлы тұлғанының есімімен А.Байтұрсынов көшесі болып Семей қаласының әкімшілігі басшысының шешімімен өзгертілді.

1937 жылдың тамыз айында А.Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынып, алты айдан соң, желтоқсанның 8 күні «халық жауы» есебінде атылды.




Нәзипа ҚұлжановаСағызбайқызы – ХХ ғасырдың басында өз халқын ілімге, мәдениетке шақырып, жаңалықтың жаршысы болған халқымыздың көрнекті ағартушысы, алғашқы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізін қалаған тұңғыш педагог, әрі журналист-публицист. Көпке дейін Н.Құлжанованың аты аталмай, еңбегі толық зерттелмей келді. Торғай өңірінде туып, оқып, білім алған, кейін ерлі-зайыпты Нәзипа, Нұрғали Құлжановтар Семейдегі оқытушылар семинариясында мұғалімдік қызметте жүріп, талай Алаш арыстарын қанаттандырды.

Назипа Құлжанова 1923 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру аясында «Мектептен бұрынғы тәрбие» атты кітабын жазды. Бұл арнайы тапсырыспен жазылған алғашқы авторлық туынды еді.Автордың бұл еңбегінде Европа елдеріндегі балалар бақшаларының өмірін үлгі ете отырып, күншығыстағы Жапония мемлекетіндегі балалар тірлігін әңгімелейді. Аталмыш кітапқа алғысөз жазған Ахмет Байтұрсынұлы былай деген: «Заман амалының жарысынан, заман көшінің қатарынан қалмай өмір сүру үшін бүгінде адамға көп өнер – білім даярлау керек».

Н.С.Құлжанованың ағартушылық, ұстаздық еңбегінің тағы бір ірі көрінісі 1927 жылы Қызылорда қаласында 5000 данамен басылып шыққан – «Ана мен бала тәрбиесі» кітабы. Бұл кітап педагогтарға, тәрбиешілерге, ересектер мен балалар дәрігерлеріне анықтамалық кітап ретінде ұсынылды.

Жастайынан өжеттігімен, қайсарлығымен танылған Нәзипа Семейде өзінің белсенділігін, қабілет-қарымын байқатып, 1914 жылы 26 қаңтарда Абайдың қайтыс болғанына 10 жыл толуына орай мәдениет қайраткері, өмірлік серігі Нұрғали Құлжанов екеуі Абай Құнанбаевты еске алу кешін өткізді. Қазақ, орыс тілдерінде жасаған баяндамасында «Абайды туғызған қазақ даласы тағы да талай Абай секілді, бәлкім одан да артық данышпандар туғызады» деп түйіндеп, тыңдаушыларын тәнті етті.

Бұл пікір алысу сабағында ұлтын сүйген ұлы тұлғаларға арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолулар жасалынды.Атаулы тақырыптар бойынша сынып оқушыларына алдын ала үйге шығармашылық-зерттеу тапсырмалары берілген. 1-топқа:Алаш қозғалысы және Алаш қаласы, 2-топқа:А.Байтұрсынов және Семей қаласы, 3-топқа: Н.Құлжановтар отбасы. Әр оқушы сабаққа дайындықтарын байқатып, Пікір алысу сабағы төмендегі «Алаш алыптары» атты сауалнамаларымен бекітілді.


  1. «Қазақтың бас ақыны – Ұлы Абай» деген көлемді мақаланың авторы кім? (А.Байтұрсынов)

  2. А.Байтұрсыновтың «Әліп-би» оқу құралы қай жылы басылып шықты? (1928 ж.)

  3. Семей қаласының қай жағалауы, қай жылдары «Алаш қаласы» деп аталды? (1918-1920 ж. Сол жақ жағалау, Жаңасемей ауданы)

  4. Нұрғали мен Нәзипа Құлжановтар Семей қаласында ұлы Абайдың қайтыс болғанына он жыл толуына орай әдебиет кешін қай жылы ұйымдастырды? (1914 ж.)

  5. Қазіргі А.Байтұрсынов көшесі бұрын қалай аталды? (Индустральная көш.)

  6. Қайым Мұхамедханов пен Алаш арыстарынаарналған Абай атындағы орталық кітапхананың жанынан қай жылы ескерткіш –мемориал ашылды? (2010 жыл, 6 қазан)

Сабақтың соңы А.Алимжановтың сөзіне жазылған өлеңмен қорытындыланды:

Алаштың арыстары наркескендер,

Ту ұстап тұлпар мініп арда өскендер.

Ақырған арыстанға қарсы шауып,

Аянбай ата жаумен белдескендер.

Алыптар арпалысып ел қорғаған,

Қазақтың Азаттығын армандаған,

Алдында ұрпағының ары таза,

Айнадай жарқыраған шаңқонбаған.

Алаштың арыстары,

Қазақтың данышпаны,

Байрағын Бостандықтың,

Халқына табыстады,

Ұрпағы ұмытпайды,



Қайралған намыстары.

c:\documents and settings\bubluoteka\рабочий стол\алаш алыптары\img_0057.jpg


c:\documents and settings\bubluoteka\рабочий стол\алаш алыптары\img_0050.jpgc:\documents and settings\bubluoteka\рабочий стол\алаш алыптары\img_0048.jpg

Алаш алыптары

«Алаш» апталығы аясында түрлі іс-шаралар өкізіліп жатқаны бәрімізге мәлім. Осы атаулы күндерді еске алу аясында 2013 жылдың 19 ақпан күні мектебіміздің 9 «Б» сынып оқушыларымен бір

46.09kb.

25 12 2014
1 стр.


Алаш қОЗҒалысының соңҒы түйіні – МҰстафа шоқАЙ

Алаш қозғалысының тарихы көбінесе Алаш Орда үкіметінің тарқауымен байланыстырылып 1918 жылға дейін келіп аяқтатылады. Алайда бұл мәселеге тереңнен үңілгенде, оның ауқымының одан әл

123.17kb.

04 09 2014
1 стр.


«Руханият» Партиясының партиялық тізімі

«Алаш» журналының бас редакторы, «Алаш» Тарихи-зерттеу орталығының президенті, «Компания Құрылыс» жшс бас директоры, Алматы қ

15.5kb.

25 12 2014
1 стр.


Ұлт дамуының жаңа кезеңі және Алаш мүддесі

Алаш мұраты. Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Алматы «Сардар», Сардар үйі, 2008ж. 3-5 бет

45.73kb.

25 12 2014
1 стр.


Алаш көсемінің Арқадағы іздері

Сталинді мақтап-мадақтаудан жаңылмайтын бір ақсақал мінберге шығып алып, менің Қарқаралының бір көшесін алаш көсемі Әлиханның есімімен атау туралы бұрынырақта газетте шыққан ұсыныс

96.51kb.

25 12 2014
1 стр.


Бөкетов Х. Тау жотасының алыптары / Хамзабай Бөкетов // Орталық Қазақстан. 2000. 29 наурыз.

Тау жотасының алыптары / Хамзабай Бөкетов // Орталық Қазақстан. 2000. 29 наурыз

95.23kb.

16 12 2014
1 стр.


1 «Алаш» партиясының құрылуы
1208.83kb.

14 12 2014
5 стр.


Қоғам қайраткері А. Байтұрсынұлының 140 жылдығына орай «Алаш қозғалысы: кеңестік және қазіргі көзқарас» тақырыбына ғылыми-практикалық конференцияның баспасөз баяны

А. Байтұрсынұлының 140 жылдығына орай «Алаш қозғалысы: кеңестік және қазіргі көзқарас» тақырыбына ғылыми-практикалық конференцияның

23.57kb.

14 10 2014
1 стр.