Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Сіздерді, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті 15-16 мамыр 2013 жылы Семей қаласында өткізілетін «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ЛАҢКЕСТІК ПРОБЛЕМАЛАРЫ» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы жұмысына қатысуға шақырамыз.
Ғылыми конференцияның мақсаты:

Әлемде ерекше үрейді тудыратын эстремизм мен лаңкестіктің қарқынды өсуі - XXI ғасырдың қатері. Бұл әсіресе көп ұлтты мемлекеттер үшін уақыт өткен сайын үлкен проблемаға айналып отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан-2050» Стратегиясы» Қазақстан халқына: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауында тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздік жаңа саяси бағыттың жүзеге асуының басты шарты ретінде айқындайды: «Мемлекет пен азаматтар бірлесе отырып радикализмнің, экстремизм мен лаңкестіктің барлық түрлеріне қарсы шығуы қажет. Бұл еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қарсы жасалынған шабуыл. Бұл біздің мемлекетіміздің беріктігі мен азаматтық толысуына сын. Біз діни радикализм мен экстремизмнің кез келген көрініс табуын жою мақсатында өз заңнамаларымызды үнемі жетілдіріп отыруымыз қажет. Сондай-ақ біз антитеррорлық (лаңкестікке қарсы) заңнамаларды да қайта қарастырып, жетілдіруіміз қажет. Шығу төркіні қай жақтан және қандай болмасын экстремизм мен радикализмге мемлекет тосқауыл қоя білуі керек».

Осыған орай, ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты – ғалымдар мен сала мамандардың терроризм және лаңкестіктің өзекті мәселелерін талқылау.


Ғылыми конференция форматы:

– бірінші бөлім – пленарлық баяндамалар;

– екінші бөлім – «сұхбат алаңы» форматында пікірталас пен талдау жұмысы.
Баяндамаларды ұсыну мен талқылаудың жүргізілуі келесі ғылыми бағыттар бойынша жоспарлануда:


  • Діни радикализм мен экстремизмнің көрініс табуын жою мемлекеттік механизмдері.

  • Қазіргі Қазақстандағы экстремизм мен лаңкестікке қарсы жүйе: саяси аспектілері.

  • Экстремизм мен лаңкестіктің алдын алудың пәлсапалық және діни негіздері.

  • Экстремизм мен лаңкестік: қаржылық-экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық өлшемдер.

  • Діни-саяси экстремизм мен лаңкестіктің алдын алудың медика-биологиялық және психологиялық негіздері.

  • Экстремизм мен лаңкестікке қарсы әрекеттер мен алдын алудың құқықтық әдіс-тәсілдерін жетілдіру.

  • Экстремизм мен лаңкестікке қарсы әрекеттер жүйесіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Конференцияға Қазақстанның көрнекті саясаткерлерінің, Қазақстан Республикасының діндер ісі жөніндегі Агенттігі өкілдерінің, діни қызметкерлердің өкілдерінің, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік құрылымдар қызметкерлерінің қатысуы жоспарлануда.
Республикалық ғылыми конференция жұмыс тілдері: қазақ және орыс.
Конференция жұмысына қатысу үшін 2013 жылдың 25 сәуіріне дейін ұйымдастыру комитетіне жіберу қажет:

1. Ұсынылып отырған үлгіде тапсырыс жасау (Қосымша 1);

2. Баяндама мәтіні.
Баяндама мәтіні келесі талаптарды қанағаттандыруы шарт:

1) Баяндаманың көлемі толық 7 беттен аспауы; MS Word (*.doc немесе rtf) форматында жасалуы қажет; автордың тегі файл атауы болып табылады.

2) Парақ форматы: А4. Беттің барлық шеттері – 2 см. Шрифт: Times New Roman, KZ Times New Roman; кегль – 14. Жол арасындағы интервал – бір (1). Жаңа жол шегінісі: 4 жол тастау. Кестелер, сызбалар мен суреттер арнайы атауға ие болып, Windows шеңберінде терілген болуы керек.

3) Алдымен баяндама атауы теріледі: жоғарыда беттің ортасынан үлкен әріптермен қалың шрифтпен жазылады. Бір жол тастап дәл осы баяндама атуының астынан автордың (авторлардың) аты-жөні жазылады. Астынан – ғылыми атағы, лауазымы, мекеменің толық атауы, автор қызмет ететін орын, ел, электронды пошта мекен жайы жазылады. 1 интервал төмен жаңа жолдан бастап баяндаманың мәтіні беріледі.

4) Пайдаланған әдебиеттер тізімі мәтіннің соңынан ұсынылады. Мәтіндегі сілтемелер төртбұрышты жақшаларда мәтін соңынан ұсынылған пайдаланылған әдебиеттер тізіміндегі реті мен көрсетілген беті бойынша өңделеді, мысалы: [6, 2 бет]. Әдебиеттер тізімі библиографиялық сипаттау стандарты талаптарына сәйкес өңделуі тиіс (МЕМСТ 7.1.–2003).

5) Баяндамаларды іріктеуге ұйымдастыру комитеті құқылы. Белгіленген мерзімнен (2013 жылдың 25 сәуірінен) кешіктіріліп жіберілген материалдар талқыланбайды және қабылданбайды.

6) Баяндама мәтіні өңдеуге жатпайды және түпнұсқа болып табылады. Конференция материалдары жинағы тікелей көшіріп алу әдісі арқылы терілетін болады.

Баяндамалар жинағын ғылыми-тәжірибелік конференцияға дейін шығарылу жоспарлануда.
Ұйымдастыру төлемі 2000 теңге мөлшерінде.
Баяндамаларыңызды электронды пошта арқылы жіберулеріңізді сұраймыз: [email protected]
Байланыс ақпараттары

Ұйымдастыру комитетінің мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қ., Абай көш., 94, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті.

Байланыс телефондары: 8 (722 2) 565 999, 562 423.

Электронды пошта Е-mail: [email protected]; semey_urist@mail.ru.

Қаржылық реквизиттер (конференцияға деген белгісімен):

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті

БИН 980440002042

Кбе 17


РНН 511700061447

ИИК KZ249260301112931003

БИК KZKOKZKX

АҚ Казкомерцбанк Семей қаласы



Жауапты тұлғалар:

Қайшатаева Әсел Қуандыққызы: +77017301570; [email protected].



Құрманбаев Ербол Асылханұлы: +77017528768; [email protected].
Қосымша 1

Тапсырыс формасы
«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ЛАҢКЕСТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ» ғылыми конференциясына қатысуға

ТАПСЫРЫС

15-16 мамыр 2013 жыл, Семей қ.


1

Аты-жөні, тегі (толықтай)





2

Баяндама тақырыбы





3

Жұмыс орны (ел, мекеме немесе ұйымның, кафедрасының толықтай атауы)





4

Лауазымы





5

Ғылыми атағы, қызметі





6

Байланыс телефондары: жұмыс/ үй





7

Электронды пошта (E-mail)





8

Пошталық мекен жай





9

Конференцияға қатысу формасы (тікелей, сырттай)





10

Баяндама жасауға қажетті техникалық құрал-жабдықтар





11

Қонақүйден орын даярлау және келу мерзімі





АҚПараттық хат құрметті әріптестер!
65.78kb.

25 09 2014
1 стр.


АҚПараттық хат құрметті әріптестер!
29.22kb.

25 12 2014
1 стр.


АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
53.76kb.

15 10 2014
1 стр.


АҚПараттық хат құрметті әріптестер!

Бұл әсіресе көп ұлтты мемлекеттер үшін уақыт өткен сайын үлкен проблемаға айналып отыр

54.39kb.

17 12 2014
1 стр.


Ақпараттық Хат 1 Құрметті әріптестер!

РЖҒҰА академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор ажар ахметқызы жұбанованың 70-жылдық мерейтойына арналған «Биотехнологиялық зерттеулердің қазіргі жағдайы және жетістіктер

34.66kb.

25 12 2014
1 стр.


Ақпараттық хат Құрметті әріптестер!

«Өрлеу» біліктікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

61.65kb.

25 12 2014
1 стр.


АҚПараттық хат құрметті әріптестер!

«Қазақ» газетінің 100 жылдығына және қоғам қайраткері, публицист А. Байтұрсыновтың туғанына 140 жылдығына орай «Қазақ журналистикасы тарихын зерттеу мен даму үдерісінің өзекті мәсе

28.51kb.

25 12 2014
1 стр.


ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты ақпараттық хат халықаралық ғылыми онлайн-конференция Құрметті әріптестер, студенттер, магистранттар!

«Профессор Ә. Байтанаев және М.Әуезов әлемі» атты онлайн-режиміндегі дөңгелек үстелге көрермен және тыңдарман ретінде қатысуға шақырамыз

26.17kb.

25 12 2014
1 стр.