Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Ф КГМУ 4/03/02

ПП КГМУ 4/02


Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы

Химия курсымен фармацевтикалық пәндер кафедрасы


Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау


Тақырыбы: Сутек, сутек асқын тотығы.


Пән: Бейорганикалық химия

Мамандығы: 5В110300 «Фармация»

Курс: 1
Құрастырушы: Ногаева А.Н.

Қарағанды 2012



Тақырып: Сутек, сутек асқын тотығы.
Мақсаты: Құрылысы, физикалық, химиялық қасиеттерін, сутегі және оның қосылыстарының медицинада және фармацияда қолданылуын оқыту.
Оқыту міндеттері:


  • Сутегі атомының құрылысын және оның изотоптарын оқу.

  • Сутегінің физикалық және химиялық қасиеттеріне сипаттама беру.

  • Сутегі пероксиді, сутегі-судың маңызды қосылыстарының құрылысын және химиялық қасиеттерін оқу.

  • Табиғатта кездесетін және зертханада алынатын суларға сипаттама беру.

  • Сутегі қосылыстарының биологиялық ролі, медицина және фармацияда қолданылуын қарастыру.

  • Лабораториялық жұмысты орындау.



Жүргізу түрі: көрнекті тәжірибенің орындалуы.
Тақырып бойынша тапсырмалар:

1. Сутегі атомының құрылысын және оның изотоптары.

2. Сутегінің физикалық қасиеттері.

3. Сутегінің химиялық қасиеттері.

4. Сутегі пероксиді, сутегі-судың маңызды қосылыстарының құрылысы және химиялық қасиеттері.

5. Дистилденген, апироген, табиғи, минералды сулардың сипаттамасы.

6. Сутегі қосылыстарының биологиялық ролі, медицина және фармацияда қолданылуы.
Таратылатын материал:

Лабораториялық жұмыс.

"Сутегі. Су. "

І Тәжірибе. Сутегінің алынуы және жануы.

Пробиркаға 1 гранула мырыш салып, НСІ құйяды, бөлінген сутегіні құрғақ пробиркаға жинап жағылады. Реакция теңдеуін жазыңыз.


ІІ Тәжірибе. Судың сілтілік металдармен әрекеттесуі. (демонстрациялық)

Кристаллизаторға су құйып, фенолфталеинді қосады, бір түйір натрий салады. Реакция теңдеуін жазыңыз.


ІІІ Тәжірибе. Судың оксидтермен әрекеттесуі.

3 құрғақ пробиркаға аздап СаО, MgO, P2O5 салады. Әр пробиркаға бірнеше тамшы су қосады. Содан соң тағы 5 мл су құйып, сілкілейді. Реакция ортасын анықтаңыз, реакция теңдеуін жазыңыз.

Взаимодействие воды с оксидами.
ІУ Тәжірибе. Су катализатор ретінде. (демонстрациялық)

Сағат шынысына шпатель ұшымен мырыш шаңы және сонша мөлшерде ұнтақталған иодтың кристалдарын салады. Шыны таяқшамен араластырылады. (Реакция жүрмейді). Аздап су қосу керек. Қандай құбылыс байқалады. Реакция теңдеуін жазыңыз.



УТәжірибе. Сутегі пероксидінің тотықтырғыш қасиеттері.

Пробиркаға 1 мл 3%-тік сутегі пероксиді құйылады, ерітіндіні күкірт қышқылымен қышқылдайды және калий иодидін қосады. Не байқалады. Реакция теңдеуін жазыңыз.



Әдебиеттер:

Ахметов Н.В. «Общая и неорганическая химия» М., ВШ, 1998г.

Огнесян Э.Т., Книжник А.З. «Неорганическая химия» М., 1981г.

Глинка Н.Л. «Общая химия» М.,ВШ, 1989г..

Угай Я.А. «Общая и неорганическая химия» М., ВШ, 1997г.

Глинка Н.Л. «Задачи и упражнения по общей химии» М., ВШ, 1988г.

Бірімжанов Б.А., Нурахметов Н.Н., «Жалпы химия» Алматы, 1998 ж.
Бақылау:

Практикалық сабаққа арналған тестлер.



1. Сутегіде неше изотоп бар:

  1. бір

  2. екі

  3. үш

  4. изотопы болмайды

  5. дұрыс жауабы жоқ

2. Сутегі 1Н изотопы қалай аталады ?

  1. протий

  2. дейтерий

  3. тритий

  4. притий

  5. дұрыс жауабы жоқ

3. Сутегі 2Н изотопы қалай аталады ?

  1. протий

  2. дейтерий

  3. тритий

  4. притий

  5. дұрыс жауабы жоқ

4. Сутегі 3Н изотопы қалай аталады ?

  1. протий

  2. дейтерий

  3. тритий

  4. притий

  5. дұрыс жауабы жоқ

5. Сутегіні қалай сипаттауға болады:

  1. ғарыштың кең таралған элементі

  2. ғарыштың кең таралмаған элементі

  3. ғарыштың аз таралған элементі

  4. ғарыштың таралған элементі

  5. дұрыс жауабы жоқ

6. Сутегіні қалай сипаттауға болады:

  1. барлық газдардың ішінен ең жеңілі

  2. сирек элемент

  3. жақсы еритін газ

  4. ең ауыр газ

  5. дұрыс жауабы жоқ

7. Сутегі атомы неге қабілетті ?

  1. тек электронды беруге

  2. тек электронды қосып алуға

  3. электронды беруге және қосып алуға

  4. инертті

  5. дұрыс жауабы жоқ

8. Сутегінің металдармен қосылысы, қалай аталады ?

  1. гидридтер

  2. гидриттер

  3. гидроксидтер

  4. пергидридтер

  5. дұрыс жауабы жоқ

9. Сутегі пероксидіне сәйкес формула:

  1. Н2О2

  2. Н2О

  3. НҒ

  4. Н3

10. Сутегі пероксиді берік емес зат, қандай заттарға ыдырауға бейім:

  1. су және оттегіне

  2. сутегі және оттегіне

  3. су және сутегіне

  4. ыдырамайды

  5. дұрыс жауабы жоқ

11. Сутегі пероксиді берік емес зат, сонымен қатар:

  1. көп мөлшерде энергия бөледі

  2. көп мөлшерде энергия сіңіреді

  3. жарық шашады

  4. ыдырамайды

  5. дұрыс жауабы жоқ

12. Сатуға арналған 30% сутегі пероксидін қалай атайды ?

  1. пергидроль

  2. пероксид

  3. перит

  4. пиррол

  5. дұрыс жауабы жоқ

13. Сутегі пероксидінің «ізін» қайдан көруге болады

  1. мұзда

  2. озонда

  3. ауада

  4. сутегіде

  5. дұрыс жауабы жоқ

14. Сутегі пероксидін ыдыратуда қолданатын катализатор:

  1. S

  2. Na

  3. Cu

  4. Zn

  5. дұрыс жауабы жоқ

15. Сутегі пероксидін ыдыратуда қолданатын катализатор::

  1. C

  2. CI

  3. Fe

  4. Co

  5. дұрыс жауабы жоқ

16. Сутегі пероксидін ыдыратуда қолданатын катализатор::

  1. Ni

  2. Ba

  3. Mn

  4. Zn

  5. дұрыс жауабы жоқ

Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Химия курсымен фармацевтикалық пәндер кафедрасы
69.26kb.

14 12 2014
1 стр.


Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Химия курсымен фармацевтикалық пәндер кафедрасы

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау

69.08kb.

04 09 2014
1 стр.


Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Химия курсымен фармацевтикалық пәндер кафедрасы

Оңтүстік аймақтарындағы дәрілік өсімдіктер, олардың ботаникалық сипаттамасы, таралуы, медицинада қолданылуы тақырыбы

42.54kb.

15 10 2014
1 стр.


Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Химия курсымен фармацевтикалық пәндер кафедрасы

Анатомиялық және морфологиялық белгілері бойынша Шығыс Қазақстанда таралған дәрілік өсімдіктерді анықтау тақырыбы

35.94kb.

15 10 2014
1 стр.


Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Химия курсымен фармацевтикалық пәндер кафедрасы

Дәрілік өсімдіктердің экологиясы. Экологиялық таза дәрілік өсімдік шикізаттар жинау ережелері тақырыбы

41.55kb.

04 09 2014
1 стр.


Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Химия курсымен фармацевтикалық пәндер кафедрасы

ДӨ әртүрлі морфологиялық бөлшектерін: шөбі, жапырағы, гүлдері, тұқымы, жемісі, тамыры, тамырсабағы жинау ережелері бойына білімін тереңдету

45.53kb.

10 10 2014
1 стр.


Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Химия курсымен фармацевтикалық пәндер кафедрасы

Анатомиялық және морфологиялық белгілері бойынша Оңтүстік және Батыс Қазақстанда таралған дәрілік өсімдіктерді анықтау тақырыбы

34.29kb.

25 12 2014
1 стр.


Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Химия курсымен фармацевтикалық пәндер кафедрасы

Термолабильді заттар ерітінділерін жылумен стерильдеусіз дайындайды. Бұл топқа: акрихин ерітіндісі, барбамил, натрий барбитал, гексаметилентетрамин, физостигмин салицилат, опоморфи

59.69kb.

25 12 2014
1 стр.