Өтінім қарау үшін қажетті құжаттар тізбесі
|
1
|
Қаржыландыру алуға өтініш (белгіленген нысанда – 1 Қосымшамен бірге) - түпнұсқа.
|
2
|
Сауалнама (белгіленген нысан бойынша – 2 Қосымша) - түпнұсқа.
|
3
|
Несие бюросына ол туралы ақпарат беруге және несие бюросынан ол туралы ақпарат алуға заңды тұлғаның несие тарихы субъектісінің келісімі (белгіленген нысанда – 3 Қосымша) – түпнұсқа.
|
4
|
Қарыз алушыда салық берешегінің, міндетті зейнеткерлік салым мен әлеуметтік жарналар бойынша берешектерінің болмауы (болуы) туралы анықтама және (немесе) өтініш беретін күннің алдындағы ақырғы үш ай бойынша қарыз алушының салық және бюджетке басқа міндетті төлемдер бойынша берешектерінің болмауын (болуын) растайтын салық қызметі органдары берген салыстыру актісі – түпнұсқа.
|
5
|
Қызмет көрсетуші қаржы ұйымдарының (банктердің, лизингілік компаниялардың, несие серіктестіктері мен несие ұйымдарының) берген анықтамасы
- несие берешегінің болуы (болмауы) туралы және несие берешегі болса – несие тарихы (несие түрі, несие сомасы, мақсатқа сай пйдаланылуы, берілу мерзімі, ай сайынғы төлем мөлшері, кепілдікке салынған мүлік, төлем тәртібі, қайта құрылу мен мерзімін ұзарту) – түпнұсқа.
Несие берешегі болған жағдайда, несие тарихы бойынша құжаттардың көшірмесі беріледі.
- өтінім берер алдында ақырғы 12 ай бойынша банк шоттары бойынша айдың басына және аяғына кіріс және шығыс ақша қалдығын көрсете отырып, шоттарының болуы, айналымдар туралы (қажет болған жағдайда, есеп шотынан үзінді талап етілуі мүмкін) – түпнұсқа (қажет болғанда тапсырылады).
|
6.
|
«ҚазАгроҚаржы» АҚ талаптарына сәйкес жасалған бизнес-жоспар немесе Техникалық-экономикалық негіздеме (оған кіруге тиісті: табыстар мен шығыстар болжамы, сонымен қатар ақша қозғалыстарының болжамы ақырғы 6 ай бойынша нақты ақша қозғалыстарын көрсете отырып) 4 Қосымша – бірінші басшының қолтаңбасымен және мөрімен расталған түпнұсқа.
|
7.
|
Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік – өтініш берген күнге дейін 1 ай бұрын нотариуспен расталған көшірме.
|
8.
|
Жарғы және құрылтай шарты (енгізілген өзгертулерімен бірге) - өтініш берген күнге дейін 1 ай бұрын нотариуспен расталған көшірме.
|
9.
|
Салық төлеушінің куәлігі (СТН берілу туралы) – көшірмесі.
|
10.
|
Атқарушы орган құру және Атқарушы органның басшысын сайлау туралы Жалпы қатысушылар жиналысының шешімі (егер Атқарушы орган алқалы болған жағдайда) – заңды тұлғаның мөрімен расталған көшірме.
|
11.
|
«ҚазАгроҚаржы» АҚ-нан қаржыландыру алу туралы уәкілетті органның шешімі – түпнұсқа (белгіленген нысан бойынша).
|
12.
|
Жер телімдеріне (егістіктерге) құқығын белгілейтін құжаттар
(сатып алу-сату және жалдау (жер пайдалану) шарты немесе Әкімнің тиісті шешімі, сондай-ақ, жерге құқығын тіркеу туралы куәлік) – «ҚазАгроҚаржы» АҚ өтінішті қабылдап алатын жұмыскері растаған көшірме.
|
13.
|
Соңғы екі жыл бойынша және өтініш беретін күннің алдындағы күнтізбелік айдың соңғы күніне 5, 6, 7 және 9 Қосымшаларға сәйкес нысан бойынша қаржылық есептілік - бірінші басшы мен бас бухгалтердің мөрлерімен және қолтаңбаларымен расталған түпнұсқалар - болса; 9 Қосымшаға сәйкес талаптардың, міндеттемелер мен тауарлық-материалдық қорлардың расшифровкалары - бірінші басшы мен бас бухгалтердің (болса) мөрлерімен және қолтаңбаларымен расталған түпнұсқалар – болса.
|
14.
|
Салық декларациясы – соңғы есеп беру жылы бойынша көшірме.
|
15.
|
Бірінші басшылар мен жалғылық капиталда 15% астам үлесі бар қатысушылардың жеке бас куәліктері мен салық төлеуші куәліктері (СТН) – көшірме.
|
16.
|
ҚҚС төлеуші ретінде есепке қою туралы куәлік– көшірме.
|
17.
|
Соңғы 2 (екі) жыл ішіндегі статистика жөніндегі уәкілетті органның нысаны бойынша статистикалық есептілік – статистикалық органның белгісімен көшірме немесе аудандық (қалалық) статистика бөлімінің анықтамасы – түпнұсқа.
|
18.
|
Шарттар мен қаржы құжаттарына қол қою құқығы бар лауазымды тұлғалардың қолтаңба үлгілері мен мөртаңба оттискісі бар карточка – нотариалды түрде расталған түпнұсқа.
|
19.
|
Салалық құжаттар болса:
-
сертификаттар, санитарлық төлқұжаттар, лицензиялар, қолданыстағы бизнес туралы және «ҚазАгроҚаржы» АҚ-на кепілдікке салынған мүлік туралы фото есеп, электрондық нұсқада;
-
Егер мал шаруашылығын (құс шаруашылығын) жүргізу Өтініш берушінің негізгі қызмет түрлерінің бірі болып табылса, келесі құжаттарды ұсынуға тиісті:
-
1-аш «Ауыл шаруашылық құрылымдарының қызметі туралы есеп» нысан бойынша соңғы 2 (екі) жыл бойынша статистикалық есептілік - бірінші басшы мен бас бухгалтердің мөрімен және қолтаңбасымен расталған көшірмелер, немесе аудандық (қалалық) статистика бөлімінің анықтамасы – түпнұсқа;
-
Соңғы 2 (екі) жыл және өтініш беретін күннің алдындағы соңғы 3 (үш) ай бойынша «Мал шаруашылығының жағдайы туралы есеп» 24-аш нысан бойынша статистикалық есептілік - бірінші басшы мен бас бухгалтердің мөрімен және қолтаңбасымен расталған көшірмелер, немесе аудандық (қалалық) статистика бөлімінің анықтамасы – түпнұсқа
-
Cоңғы 2 (екі) жыл бойынша 10-аш «Жемшөп шығындары» нысаны бойынша статистикалық есеп - бірінші басшы мен бас бухгалтердің мөрімен және қолтаңбасымен расталған көшірмелер, немесе аудандық (қалалық) статистика бөлімінің анықтамасы – түпнұсқа
- Егер өсімдік өнімдерін өндіру негізгі қызмет түрі болып табылатын болса, ұсынуға тиісті:
-
1-аш «Ауыл шаруашылық құрылымдарының қызметі туралы есеп» нысан бойынша соңғы 2 (екі) жыл бойынша статистикалық есептілік - бірінші басшы мен бас бухгалтердің мөрімен және қолтаңбасымен расталған көшірмелер, немесе аудандық (қалалық) статистика бөлімінің анықтамасы – түпнұсқа;
-
Соңғы 3 (үш) жыл бойынша «Барлық жерлерден ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау туралы есеп» 29-аш нысан бойынша статистикалық есептілік. - бірінші басшы мен бас бухгалтердің мөрімен және қолтаңбасымен расталған көшірмелер, немесе аудандық (қалалық) статистика бөлімінің анықтамасы – түпнұсқа;
-
Несие берешегі болған жағдайда несие тарихы бойынша құжаттардың көшірмелері тапсырылады: несие желісін ашу туралы шарттар немесе келісімдер, несие шарттары, лизинг шарттары, несие (лизинг) бойынша төлемдер кестесі, кепілдік шарттарының көшірмелері).
- Оперативтік басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар (қазыналық кәсіпорындар) мемлекеттік басқару органының жазбаша келісімін беруге тиісті (қаржы лизингі түрінде инвестиция алған жағдайда) - түпнұсқа.
|
Қаржыландыру туралы оң шешім қабылданған жағдайда – қосымша келесі құжаттар тапсырылады:
-
Оперативтік басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар (қазыналық кәсіпорындар) мемлекеттік басқару органының жазбаша келісімін тапсыруға тиісті (қаржы лизингі түрінде инвестиция алған жағдайда) - түпнұсқа.
-
өтініш берушінің қосылма компаниялары болған жағдайда қосылма компаниялар бойынша осы Тізбенің 4, 5 (түпнұсқа), 7, 8, 9, 13 Қосымшаларында көрсетілген құжаттарды тапсыру қажет, сонымен қатар:
-
бірінші басшылардың және жарғы капиталында 15% артық үлесі бар қатысушылардың немесе акциялардың 15% астамына ие акционерлерінің жеке бас куәліктерінің көшірмелері мен салық төлеуші куәлігінің көшірмелері (СТН).
-
29-аш және 1-аш нысандары бойынша соңғы 3 (үш) жылға, соңғы 4 (төрт кварталға) 2-аш нысандары бойынша статистикалық есептілік - бірінші басшы мен бас бухгалтердің мөрімен және қолтаңбасымен расталған көшірмелер, немесе аудандық (қалалық) статистика бөлімінің анықтамасы – түпнұсқа;
-
қосылма тұлға мал шаруашылығында қызметін жүзеге асырған жағдайда: соңғы 2 (екі) жыл бойынша және өтініш беретін күннің алдындағы күнтізбелік айдың соңғы күніне 24-аш нысан бойынша статистикалық есептілік - бірінші басшы мен бас бухгалтердің мөрімен және қолтаңбасымен расталған көшірмелер, немесе;
- Егер өтініш берушінің қосылма тұлғасы жеке тұлға болып табылса, жеке бас куәлігінің және салық төлеуші куәлігінің (СТН) көшірмелері тапсырылады.
|
Көңіл аударыңыз! Өтініш берушілердің назарына:
-
Толық тапсырылмаған және талаптарға сәйкес келмейтін, соның ішінде ұқыпсыз ресімделеген (қол қойылмаған, мөрсіз және т.б.) құжаттар пакеті қарауға қабылданбайды.
-
Аталмыш құжаттар тізбесі түбегейлі болып табылмайды және қажет болған жағдайда «ҚазАгроҚаржы» АҚ өзіне ықтимал қарыз алушының/лизинг алушының несие төлеу қабілеттілігін бағалау үшін қажетті қосымша құжаттарды сұрату құқығын қалдырады.
|