Перейти на главную страницу
(2012.30.01. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және қаржы ұйымдары мен «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының қаржылық есептілікті ұсыну тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қаржы ұйымдарының және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының қаржылық есептілігінің тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының осы қаулының қосымшасына сәйкес қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Г. Марченко |
Қазақстан Республикасының
№ 11 қаулысымен
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.30.01. № 8 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Нұсқаулық «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы ұйымдары мен «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының қаржылық есептілігінің тізбесін, нысандарын және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - уәкілетті мемлекеттік орган) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) орталық аппаратына ұсыну мерзімдерін белгілейді.
2-тарау. Жылдық қаржылық есептілікті ұсыну
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.30.01. № 8 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Өзара сақтандыру қоғамдары жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде уәкілетті мемлекеттік органға халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептілікті қағаз тасымалдауышпен ұсынады.
4. Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде Ұлттық Банкке халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда жеке және шоғырландырылған жылдық қаржылық есептіліктерді қағаз тасымалдауышпен ұсынады.
Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын, банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдар ұсынатын жылдық қаржылық есептілікке аудиторлық ұйымның растауы талап етіледі.
5. Екінші деңгейдегі банктердің және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының ақша қозғалысы туралы есебі халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес тікелей әдіс бойынша жасалады.
3-тарау. Ай сайынғы және тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті ұсыну
1) жинақтаушы зейнетақы қорлары осы Нұсқаулыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларда белгіленген нысандар бойынша:
3) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар осы Нұсқаулыққа 7 және 8-қосымшаларда белгіленген нысандар бойынша:
4) Ұлттық почта операторы осы Нұсқаулыққа 7 және 9-қосымшаларда белгіленген нысандар бойынша, есепті айдан кейінгі айдың жиырма бесі күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18-ден кешіктірмей ұсынады.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.30.01. № 8 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Уәкілетті мемлекеттік органға тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті:
1) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (Ұлттық почта операторын, Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүзеге асыратын ұйымдарды және қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда) осы Нұсқаулықтың 7 және 8-қосымшаларында белгіленген нысандар бойынша, есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18-ден кешіктірмей;
2) инвестициялық портфельді басқарушы осы Нұсқаулыққа 7, 8, 10 және 11-қосымшаларда белгіленген нысандар бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18-ден кешіктірмей;
3) сақтандыру брокерлері осы Нұсқаулыққа 5 және 6-қосымшаларда7 белгіленген нысандар бойынша, есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18-ден кешіктірмей ұсынады.
8. Қаржылық есептілікті жасаған кезде қолданылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүз теңгеден аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
9. Ай сайынғы және тоқсан сайынғы қаржылық есептілік ұсынылатын деректердің конфиденциалдылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдары бар ақпаратты кепілдік бере отырып жеткізудің тасымалдау жүйесін пайдалана отырып, электрондық тасымалдауыштармен ұсынылады.
10. Қағаз тасымалдауыштағы қаржылық есептілікке бірінші басшы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы тұлға) және бас бухгалтер қол қойып, мөрмен куәландырылады және ұйымда сақталады. Уәкілетті мемлекеттік органның және Ұлттық Банктің талап етуі бойынша қаржы ұйымы сұратуды алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей түзетілген және өшірілген жерлері болмауы тиіс қағаз тасымалдауыштағы қаржылық есептілікті ұсынады.
11. Электрондық тасымалдауышта ұсынылған қаржылық есептілік қағаз тасымалдауыштағы қаржылық есептілікке сәйкес келуі тиіс. Электрондық тасымалдауышта ұсынылған деректердің қағаз тасымалдауыштағы деректермен бірдейлігін ұйымның бірінші басшысы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы тұлға) қамтамасыз етеді.
12. Қаржылық есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда ұйым қаржылық есептілік ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті мемлекеттік органға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттігінің себептерін түсіндіре отырып жазбаша өтініш ұсынады.
13. Ұйым ұсынған қаржылық есептілікте толық емес және (немесе) шынайы емес ақпарат анықталған жағдайда уәкілетті мемлекетті орган ұйымға бұл туралы хабарлайды. Ұйым уәкілетті мемлекетті орган хабарлаған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей ескертулер ескеріле отырып пысықталған қаржылық есептілікті ұсынады.
14. Қаржылық есептілікті уақтылы ұсынбау, ұсынбау немесе қаржылық есептілікте шынайы емес мәліметтер ұсыну Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жауапкершілікке әкеліп соқтырады.
15. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Қаржы ұйымдарының және
Баптың атауы |
Жол коды |
Есепті кезеңнің аяғында |
Өткен жылдың аяғында |
1 |
2 |
3 |
4 |
Активтер |
|
|
|
Ақша қаражаты және ақша қаражатының баламалары |
1 |
|
|
олардың ішінде: |
|
|
|
кассадағы қолма-қол ақша |
1.1 |
|
|
банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттардағы ақша |
1.2 |
|
|
Тазартылған қымбат металдар |
2 |
|
|
Орналастырылған салымдар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде) |
3 |
|
|
Өзгерулері пайданың немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын бағалы қағаздар |
4 |
|
|
Туынды құралдар |
5 |
|
|
Сату үшін қолда бар бағалы қағаздар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде) |
6 |
|
|
«Кері РЕПО» операциясы |
7 |
|
|
Берілген аванстар |
8 |
|
|
Болашақ кезеңдердің шығыстары |
9 |
|
|
Комиссиялық сыйақылар |
10 |
|
|
оның ішінде: |
|
|
|
зейнетақы активтерінен |
10.1 |
|
|
зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кірістен (зияннан) |
10.2 |
|
|
Қорлар |
11 |
|
|
Өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде) |
12 |
|
|
Инвестициялық мүлік |
13 |
|
|
Басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар |
14 |
|
|
Дебиторлық берешек (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде) |
15 |
|
|
Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер (шығатын топтар) |
16 |
|
|
Материалдық емес активтер (амортизацияны және құнсызданудан болған зияндарды шегергенде) |
17 |
|
|
Негізгі құрал-жабдықтар (амортизацияны және құнсызданудан болған зияндарды шегергенде) |
18 |
|
|
Кейінге қалдырылған салық талабы |
19 |
|
|
Басқа дебиторлық берешек (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде) |
20 |
|
|
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетке талаптар |
21 |
|
|
Басқа активтер |
22 |
|
|
|
|
|
|
Активтердің жиынтығы |
23 |
|
|
|
|
|
|
Міндеттемелер |
|
|
|
Туынды құралдар |
24 |
|
|
«РЕПО» операциясы |
25 |
|
|
Алынған заемдар |
26 |
|
|
Кредиторлық берешек |
27 |
|
|
Алынған аванстар |
28 |
|
|
Резервтер |
29 |
|
|
олардың ішінде: |
|
|
|
номиналды кірістіліктің көрсеткіші мен кірістіліктің ең аз мәні арасындағы айырманы өтеу бойынша |
29.1 |
|
|
Акционерлермен акциялар бойынша есеп айырысулар бойынша есептелген шығыстар |
30 |
|
|
Қызметкерлермен есеп айырысулар бойынша есептелген шығыстар |
31 |
|
|
Болашақ кезеңдердің кірістері |
32 |
|
|
Кейінге қалдырылған салық міндеттемесі |
33 |
|
|
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджет алдындағы міндеттеме |
34 |
|
|
Теріс комиссиялық сыйақы бойынша кредиторлық берешек |
35 |
|
|
Басқа міндеттемелер |
36 |
|
|
|
|
|
|
Міндеттемелердің жиынтығы |
37 |
|
|
|
|
|
|
Меншікті капитал |
|
|
|
Жарғылық капитал |
38 |
|
|
оның ішінде: |
|
|
|
жай акциялар |
38.1 |
|
|
артықшылықты акциялар |
38.2 |
|
|
Сыйлықақылар (қосымша төленген капитал) |
39 |
|
|
Алынған капитал |
40 |
|
|
Резервтік капитал |
41 |
|
|
Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған резерв |
42 |
|
|
Басқа резервтер |
43 |
|
|
Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) |
44 |
|
|
оның ішінде: |
|
|
|
өткен жылдардағы |
44.1 |
|
|
есепті кезеңдегі |
44.2 |
|
|
Азшылық үлесі |
45 |
|
|
|
|
|
|
Капиталдың жиынтығы |
46 |
|
|
|
|
|
|
Капитал мен міндеттемелердің жиынтығы |
47 |
|
|
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 25 ақпандағы №11 Қаулысы
25 12 2014
8 стр.
«Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының қаржылық есептілігін жариялау мерзімдері туралы
25 12 2014
1 стр.
Ипотекалық ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы
25 12 2014
1 стр.
Республикасының Заңына сәйкес, екінші деңгейдегі банктердің тазартылған алтынмен және құйма күміспен экспорттық операциялары бойынша есептілікті ұсынуды реттеу мақсатында Қазақстан
25 12 2014
1 стр.
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі №174 Қаулысы
04 09 2014
1 стр.
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы
14 12 2014
4 стр.
Республикасының қаржылық нарық және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі Агенттігімен 2006 жылғы 12 қазанда № С29 тіркелген «Эксимбанк Қазақстан» Акционерлік Қоғамының
25 12 2014
1 стр.
Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі
25 12 2014
3 стр.